Саяси билікке келуі


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Л. Н. Гумилев атындағы Евразия Ұлттық Университеті
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Д. А. Қонаевтың саяси қоғамдық қызметі
Жетекшісі:
Жазған:
Астана қаласы 2007
Д. А. Қонаевтың саяси қоғамдық қызметі
Жоспары:
Кіріспе . . .
І-тарау. Д. А. Қонаевтың саяси тұлға ретінде қалыптасуы . . .
1. 1. Д. А. Қонаевтың еңбек жолының басталуы . . .
1. 2Д. А. Қонаевтың саяси билікке келуі . . .
ІІ-тарау. Д. А. Қонаев - Қазақстанның бірінші басшысы . . .
2. 1. Партиялық басшылығы . . .
2. 2. Қоғамдық қайраткерлігі . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланған әдебиеттер . . .
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Ел тарихын әйгiлi тұлғалар арқылы зерделеу - қазақтың дәстүрлi таным-түсiнiгiнде ертеден қалыптасқан үрдiс. Қазақтың қария сөздерiнде, яғни, шежiрелiк зердесiнде тарих ұдайы жеке тұлғалардың өмiр дерегi арқылы танылып отырады. Қоғамның саяси-әлеуметтiк, мәдени-рухани ахуалы ұдайы жеке тұлғалар болмысы арқылы көрiнiс табады. Содан да болу керек, қазақтың дәстүрлi философиялық пайымдауында өмiрдi өзгертуден бұрын, алдымен, адам сапасын шыңдауға көбiрек мән берiледi. Дәстүрде де қоғам дамуының жалпы ахуалынан бұрын, алдымен адам туралы мағлұмат беру басты нысана болып отырады.
Қазақтың саналық зердесiнде адам-тарихтың негiзгi тұлғасы, ал адам сапасы-тарихтың қозғаушы күшi. Әрбiр адам әкесi мен шешесiнiң ғана перзентi емес, сонымен бiрге этностың да бiр бөлшегi. Яғни, зердеде этнос тарихы жеке адамнан тыс қарастырылмайды, керiсiнше адам әулетiнiң өмiрбаяны ретiнде қарастырылады. Бәлкiм, осы дәстүрдi тарихты танудағы қазақстандық мектеп деуге де болар. Мұның өзi тарих ғылымында мойындала бастаған «жаңаша әлеуметтiк тарих»», «тарихи анртопология» деп аталатын соны iзденiстермен (әсiресе, француз тарихшыларының арасында) үндес екенiн атап өткен жөн.
Тарихи тұлға дегенiмiз - жағдайға байланысты және жеке басының сапасына орай танылғандар деп келетiн жалпылама анықтама белгiлi. И. А. Ильиннiң сөзiмен айтқанда, халық шашырап жатқан ұлы тобыр. Ал, оның күш-қуаты шоғырланып, өзiн-өзi халық ретiнде айғақтауы үшiн тұтастануы қажет, хұқық еркi мен мемлекеттiк рух белгiлi бiр тарихи тұлғалар арқылы көрiнiс табуы керек. Халық та бiр нөсер жауынды аңсаған шөл дала сияқты, дана көсемге қашан да зәру. Платон айтқандай, дана тұлға патшалық құрғанда немесе патша дана тұлға болғанда дүние шырайнала түспек.
Қазақ халқының ұзына тарихы небiр қым-қуыт оқиғаларға толы. Сол қым-қуыт оқиғалардың басында болмыс-бiтiмi алуан түрлi тұлғалар болғаны аян. Тарих толқыны дарындылар мен дарынсыздарға, данышпандар мен ақылсыздарға, табандылар мен тайғанақтарға, жаңашылдар мен кертартпаларға кенде болмаған. Тағдырдың жазуы мен мемлекеттiң, әскердiң, халықтық қозғалыстың, саяси партияның тiзгiнiн қолға алған тұлғалар өздерiнiң қабiлет-қарымына орай тарихи ахуалға кейде жағымды, кейде жағымсыз әсер етуi мүмкiн. Тарих жүзiнде әрi жағымды, әрi жағымсыз iз қалдырған тұлғалар да аз емес. Сондықтан да саяси және мемлекеттiк билiк кiмнiң қолында болатыны қоғам үшiн аса мәндi.
Рас, тарихи дамуға халық болмысы негiз болады. Жеке тұлғаның өзi халық арасынан шығады. Антейдiң күшi қара жермен байланысып жатса, әйгiлi тұлғалардың да барша болмысы халық өмiрiмен кiндiктес. Қандай бiр айбынды әмiршi болса да, халық деп аталатын құдырет айдынның бетiндегi қалтқы сияқты, сол халықпен бiрге көтерiлiп, сол халықпен бiрге төмендейдi деген ойды А. И. Герцен айтқан. Қазақтың дуалы ауыз ақыны Әбубәкiр Кердерi де: ‘‘Жiгiтке бақыт та оңай, дәулет те оңай, Болса егер қабырғалы халқы оның’’ деген. Яғни, тарихи тұлға қаншалықты данышпан болса да оның барша болмысы қоғамдық өмiр жиынтығымен шендесiп (детерминденiп) жатады.
Қазақстан тарихының жаңа кезеңі де дүрбелеңге толы болған заман. Оның ішіндегі Кеңестік кезең, яңғни КСРО-ның билеп-төстеп тұрған кезі тарихи фактілерге бай. Қазіргі кезде тарих саласын зерттеушілер алдында өте күрделі, қызықты, қиында көптеген міндеттер тұрғаны мәлім. Ол Қазақстан тарихындағы жеке тұлғалар тарихы, олардың қазіргі кезбен салыстырмалы түрде зерделейтін көзқарастары, тарих ғылымының ұстаған позицияларының бірі болады. Бұрын КСРО кезіндегі саяси кейіпкердің бірі, қазақ халқының құрметіне бөленген, оның жеке өзіне деген қызығушылық туғызатын тұлға - ол Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев. Кезінде ол туралы ашық айтуға да, жазуға да тиым салынған кездер де болды. Ол уақытта «басқаша» тәртіп болған - «қара бояуы бар» тұтастай алғанда алмағайып уақыт болды. Уақыт өте келе Д. А. Қонаев өзі туралы өзі жаза да, айта да бастады.
Қазір замандастарымыз Қонаев Д. А. кім, қандай адам, артында не қалдырды, біз ол туралы не білеміз, шын мәнінде бұл тамаша адам, қоғам қайраткері, кәсіби маман, мемлекеттік басқарушы, жеке тұлға деген сияқты осындай сауалдарға жауап іздеп, осы жұмысты жаздым.
Тақырыптың зерттеу деңгейі : Д. Қонаев еліміздің бас хатшысы болды, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына дейiнгi аралықта республикамыздың экономикалық-әлеуметтік деңгейін жоғары көтерген адам. Алайда Мәскеудің дүлей басшыларымен тізі бүгіп қатар қызмет жасап, бар күшін қазақ халқының азаттықты көксеген рухын көтеруге тырысқан азамат болған.
Ең соңында, қазақ халқы кеңестік кезеңiнде жойқын рухани экспансияны бастан кешiп, ғажайып төлтума мәдениетi көмескiлендірмеуге біраз еңбек сіңірген. Қаншама қиындық, ауыртпалық көрсе де, кеңестік билеушілердің қысымын тартсада елін ойлаған адам еді, осындай нәубеттердi бастан өткеру арқылы халқының құрметті азаматы деген атқа қол жеткiздi. арасындағы түсiнiстiк пен жарасымның негiзгi кепiлi де тiрек ұлт ретiнде қазақ халқының осынау кеңпейiлдiгiнде екенi ешкiмге күмән келтiрмейдi. Сол кездің өзінде қазақ жерінің шағын болса да кеңейтуге тырысып, өзідік үлес қосының маңызын, қоғам қайраткері ретінде мәдениет өкілдерінің біразын жоғары деңгейге көтеруге қамқор болғанын көрсетуге жағын зерделедік.
Зерттеудің деректік негіздері: Бұқаралық деректер, мемуарлар, күнделік хаттар, қайраткерлер жайлы жазылған еңбектер, олардың жазған еңбектеріндегі деректер, Қазақстан Коммунистік партиясының съездерінің, конференцияларының және пленумдарының қарарлары мен шешімдері, Б. Албанидің «Дінмұхамед және ислам», А. Ж. Аманбаевтың «Оттепель тоталитаизмнің эпохалық көрінісі: теориялық-методологиялық мәселерінің аспектілері», Тарихи тұлғалары, М. Исиналиевтің «Порттік штрихтер», М. Машанның «Қонаев және оның уақыты», М. Хакім «Естелік», Абай Тұрсыновтың «Бізге үй тұрғызған адам», В. Владимировтің «Дінмұхамед Қонаев» атты еңбектері.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері : Осы жұмыстың басты мәселесі ұлттық мәселе, мемлекет құруға деген көзқарасты, Д. Қонаевтың қоғам қайраткері, мемлекет басшысы ретінде Қазақстанға қосқан үлесі, сіңірген еңбегін, халық арасындағы беделінің зор болуының, ірі саяси тұлғалық рөліннің мәнін ашып көрсету. Рухани азық болатын ұлт үшін басын дауға тіккен арысымыздың сол кездегі жүргізген саяси қызметінің құндылығын көрсету. ХХІ ғасырдың кезінде қазақ қоғамында қанат жайған демократиялық қозғалыстың, елдің елдігі, еркіндігі, мәдени өркендеуі үшін мемлекет басшысының өмірімен, жеке еңбектерін жете саралау. Оның қазақстан халқына сіңірген еңбегінің құнды жақтарын ашып көрсету.
Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері : Д. М. Қонаевтың мемлекет басшысы болған кезіндегі қазақстан тарихына қосқан елеулі үлесі, қоғамдық көзқарасы жүйелі түрде қарастыру, әрі зиялы азаматтың ел басқарудағы ерекшелігін, біліктілігін, халық алдында жасаған еңбектерінің құндылығын ашып көрсету. Д. Қонаевты тек мемлекет басшысы ғана емес, өмірде, отбасында да, оның артында қалдырған қанатты сөздерінінің тәрбиелілігін, тәрбиелі, қарапайым, мәдениетті, көрегенді жан ұғындыру.
Диплом жұмысының құрылымы : Диплом жұмысы үш тараудан, екі бөлімнен, қорытынды, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
І-бөлім. Д. А. Қонаевтың саяси тұлға ретінде қалыптасуы
1. 1. Еңбек жолының басталуы
Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы (1912 - 1993) - аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО, шет ел ордендері мен медальдерінің иегері.
Ол дүниеге 1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің от басында өмірге келген. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Алмты қалаындағы № 19 мектепте төртінші сыныпқа дейін оқып, бесінші сынаптан бастап №14 мектепті бітіріп шығады. Бала кезінен өте зерек, сабырлы, салиқалы жігіт болыр өседі. Орта мектепті бітіргеннен кейін, ол кезінде қазақстандағы сол кездегі атақты инженер Мухамеджан Тынышпаевтың отбасымен, оның баласы Ескендірмен дос болып бірге өседі. Нәтижесінде Дінмұхамед мектеп бітірген соң Республикалық Госпланның (Мемлекетік жоспарды) аудандық бөлімшесінде статистик болып қызмет жасайды. Кешкі уақытта институтқа дайындайтын жұмысшы курсында білім алады.
1936 жылы Қазақстан өлкелік комсомол комитеті оны Москваның Түсті металл алтын институтына жолдамамен оқуға жібереді. Институтта оқып жүрген кезінде Димаш ағамыз университетер мәдениетін белсене қатысады. Әр жексенбі сайын сол кезде студенттер алдында атақты жазушылар, ақныдар, артистер, ғалымдар шығып өз өнерлерін, білімдерін көрсететін. Студенттік досы А. Бакаевпен бірге оқыған кездерін кейін ыстық қыласпен еске алып отырған.
Өзінің «Менің кезім» («О моем вресени») кітабында өзінің өмір жолдарын жақсы саралап көрсеткен. Димаш ағаның Мәскеудегі оқу кезеңі Қазақстанның ең бір ауыр, қайғы-қасіретке толы уақытқа сай келді. Ол Коллективизацияға күштеп енгізу еді. Оқып жүріп өз ата-анасынан хат алған республикада болып жатқан жәйттерден хабардар болып отырған. Сол кездегі Мәскеуде оқып жүрген қазақ студенттерінің жерлестік ұжымы Мәскеудегі «Колизей» кинотеатрында (қазіргі «Современник кинотеатры») Чистые прудыда жалпы жиналыс өткізген. Студенттер республикада болып жатқан жағдайлардан нақты ақпараттар беруді талап еткен. Мәскеуге сол кезде Қазақстан Өлкелік комитетінің төрағасы Кихани келіп, студенттердің толқуын басуға тырысқан. Бірақ Кохианидің берген ақпараты жалған болып, студенттер арасынан қарсы шығып сөз сөйлегеннің бірі О. Жандосов болды. Қазақсанда болып жатқан аштықты өз көзімен көргенін айтып, ашық сөйледі. Дәл сол кезде Сталинге атақты «Бесеудің хаты» деп аталатын тарихта қазақ халқының трагедиясын ашық жазған Ғ. Мүсірепов, М. Даулетқалиев, Е. Алтынбеков, М. Гатаулин, К. Қуанышевтің жібергенінен мүлдем хабарсыз болатынбыз. Осы жағдайларды білген көптеген студенттер оқуды тастап елге қайтіп кеткен.
1936 жылы шілде айында институтты ойдағыдай бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алған Д. Қонаев Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жолдамамен жұмысқа жіберіледі. Бұл жерге ол студенттік кезде өндірістік тәжірбиеден өткен болатын, диплом тақырбына бүкіл материалды осы өндірістік тәжірбие кезінде жинақтап, «Қоңырат карьерінде 90 тондық қара мыс өндіру жолдарын анықтау» атты тақырыпта жазып шыққан. Диплом жұмысын «өте жақсы» бағамен қорғады. Сондықтан да оның алғашқы еңбек қадамы түрлі-түсті металлургия тығыз байланысты болды. Кезінде димаш аға өзін Орталық Қазақстандағы ірі әрі күрделі өнідіріс орны түрлі-түсті металлургияның негізін қалауға, сосын Рудалы алтайдың қорғасын-мыс өндіріс орындарына өзінше үлес қосқанын мақтан ететін.
Кенбасқармасының бастығы инженер А. Богатиков Дінмұхамедті аға инженерлік қызметін жасауды ұсынады, бірақ өзінің жасына қарай ол ең алдымен тәжірбие жинақтап, әрі жауапты қызметтен гөрі еңбек тәжрибесін молайтуды жөн көріп, бұдан бастардаы. Содан басқарма бастығы оны бұрғылау цехыны бастығы А. Бутаевқа жібереді, онда бұрғылау станогының машинисі болып қызмет жасайды. Уақыт өте қатаң кез, жауапкершілігі мен ауыртпалығы бірге жүрген бұл өндіріс орнында Димаш аға өзінің біліктілігімен, іскерлігімен көзге түсіп, әрі өндіріс орнында басшылар ауысып, көптеген адамдар қызметтен босатылып кетеді. Рудникке жаңа басшылар келеді. Аға инженерлік қызметке сол кезде В. Школа тағайындалады да, Д. Қонаев цех бастығы қызметіне тағайындалады. Рудникке жұмысқа келгендердің дені ауыл адамдары, оларды бұрғылау жұмысына, техникамен жұмысқа үйретуге, бұрғылаудың амалдарын, әдіс-тәсілдерін жетік меңгергенше қаншама төзімділік қажет болды. Олардың қолынан тек жер қазу ғана келетін. Ауыл шаруашылығының адамдарын кәсіби жұмысша жасауда өте жауапты да қиын шаруа болды. Бірақ осындай қиындыққа қарамастан аз уақыт ішінде кәсіби, техниканы жетік меңгерген білікті жұмысшы қатарының санын өсірді. Институт бітірген мамандар рудникке жұмысқа келуге қызықпайтын, олар көбінесе қалада, ғылыми-зерттеу институттарында, жобалау мекемелеріне, министірлікке қызметке қалуға тырысатын. Балқан металаургиясында кен салу ісіндегі құрылысы ауыр болатын, яғни ұзынқұлақтан жағдайдың шамалы екеніне жастар хабардар болатын. Бірақ қиындықтан қорықпай жұмысқа келіп, өздерінің маман екендерін көрсеткен Димаш ағаның достары да болды. Рудиктегі қопару ісі кезінде біраз жолдастары қайтыс болғанын өз кітабында Дінмұхамед аға еске алып жазған.
Міне, осындай қиын-қыстау кезінде Дінмұхамед білікті маман ретінде, қызметі де жоғарылай бастады, рудниктің бас инженері және оның директоры қызметіне де көтеріледі.
1937 жылы 27 ақпанда «Балхаш жұмысшысы» газетінде былай деп жозады ол туралы: «Қазақ Өлкелігі мен Наркоматтың ауыспалы Қызыл туын ауыл өнідіріс орынының бұрғылау цехының басшысы д. Қонаевтың басқаруымен 10 күндік норманы 122 %-бен орындап және Қызыл туды өздеріне қалдыру жолында аянбай еңбек етіп жатыр» деп жазған болатын. Бұл газетте тек жұмыс барысын қана жазып қоймай, техникалық оқулардың қалай оқытып жатқанын, кадрларды қалай дайындап жатқаны жайлы көлемді мақалалар жазылып жатты. Қоңыраттағы рудниктегі жұмыстар негізінен бұрғылау, қопарылыс жұмыстары, камерлық зарядтарды шығару, екі-көптеген қатарлы бұрғылау скважиналарын орналастыру, олардың бір бағытта жұмыс жасауын қадағалау, жұмыс орынында ешқандау авариясыз жұмыс жасау, адамдардың техникалық қауіпсізідігін қамтамасыз ету, т. б. толып жатқан жағдайларды болдырмаудың алдын-алу, осының бәрін мұқият қадағалап, бүге-шегесіне дейін үлкен жауапркішілкпен атқарды. Д. Қонаевтың ерекше қасиеті ол әрқашанда жұмысшылардың қасында, ертелі-кеш солардың жанында, әрібр істің егжей-тегжейін қарастырып, ұйықтамаған кездері де болды. Оны жұмысшы қауым, мамандар, ұжым қатты құрмет тұтатын, бұл ол кісінің адамгершілігінің молдығын, халыққа деген шексіз берілгендігін көрсетті.
Рудникпен бірге Балқаш қаласы да бой көтерді. Құрылыс жан-ажқты жүрді: рудниктегі қауырт жұмыстар, қорыту фабрикасы іске қосылды, балқыту зауыты, жылуорталығы, жарық беретін траспортер, механикалық қызмет орталығы салынды. Балқаш қалысының негізі болып қаланған Қоңырат поселкесі етегін жая бастады, әлеуметтік-мәдени орталықтары салынды, мектеп, бала-бақша т. б. қатарға қосылды. 1939 жылы директор болып тағайындалып, Коммунистік партия қатарына қабылданды. Осы жерде ерекше тоқталатын жәйт 1938 жылы сәуірде қоңыратта мыстың ең алғшақы конценранты алынды, ал мамыр айында - алғашқы штейн жіберілді. 24 қарашада 1938 жылы балқаштық металлургия алғашқы балқытылған мысты жіберді, сондықтан осы күнге дейін Балқашта осы дата Балқаш мысын өндірудің бастамасы болып саналады. 1939 жылы осы еңбегі үшін Мәскеу оны «Еңбектегі ерен еңбегі үшін» медалымен нагардтап, оны Мәскеуден кеудесіне тағып қайтты. Сол жылы Д. Қонаев Орталық Комитет оны Алматыға қайтып келуге бұйрық алды.
Сөйтіп 1939 жылы 23 қазанда Д. Қонаев өзінің әйелі Зухра Шәріпқызымен Өскеменге жол тартады. Оны Қазақстан Орталық Коммунистік партиясы Риддерге қызметке жібереді. Бұл кезде Өскемен және Семей облыстарының жаңадан ашылып жатқан кезі. Риддер өндіріс орны - Қазақстан түрлі-түсті металлургиясының ең негізігісі болып табылады. Мұнда Қазақстандағы ең алғашқы салынған қорғасын зауыты және Харпузов ГЭС-і болатын. ВКП (б) - нің ХҮІ съезінде ереше ескертілген жәйт ол: «Уралдағы, Қазақстандағы және Сибирдегі түрлі-түсті мтелаллургия зауыттары ең басты орындалатын, шешуі кезек күтпейтін өзекті мәселелердің бірі болыр табылады» деп айтылған. Бұл партиялық құжаттың оған бекітілген және бағынышты болатын ұйымдарға қаншалықты жауапкершілік салып отырғаны белгілі. Сол кездегі маңызды оқиғаның бірі ол 10-15 қарашада 1934 жылы СССР Ғылым Академиясы Мәскеуде өткізген конференциясы болатын. Бұл конференцияда Рудалы алтайдың табиғи ресурстарын пайдалану және оның өзекті мәселелерін қарасытырды.
Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде, яғни 1940 жыл жақындап қалды. Германия соғыспайтын келісім бола тұрса да, соғыстың болатын қаупі сезіліп тұрды. Еліміз түгелдей соғыс индустрисына айналады бастады. Өндіріс орындарын қатаң тәртіптер орнатылды. Қорғасын, мырыш, басқа металды өндіруге сұраныс ұланғайып болды. Оларды өндіру де өсірілді. Рудникте шешуі көп мәселер көп болатын. Олар техникалық есептеулер, жобаларды іске асыру, қолдағы бар мүмкіндіктерді ұтымды пайдалану, резервтерді қолдана білу және алғышарттарын жасау т. б. Осы қиында күрделі мәселердің күрмеуін шешу Д. Қонаевтың қаншалықты өз ісінің жетік мамандығын, ұйымдастырушулық қабілетінің кереметтілігін, техникалық, кәсіби біліктілігінің ерекше жақтарын көрсетті. Бұл оның тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түскенін көрсетеді. «Алтайполиметалл» комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын-мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі - Лениногор кен басқармасының директоры қызметтеріне дейін жоғарылатады. Мысалы алатын болсақ инженер Астраханцев бұрғылаудың кешенді түрін үш тиімді тәсілін ойлап тауып, еңбек өнімділігін 9-10 есе көтерді. Ал Б. Ихласов. А. Насыров сияқты бұрғылаушылар бұрғылаудың көпзабойлы және көпперфаратты бұрғылау әдістерін ойлап тапты. Еңбек өнімділігі 3-4 есе өсіп отырды. Күнделікті норманы 250-280 пайызға дейін орындағандар қаншама. Риддерге ЦК КПК-дан, министрліктен жоғарғы жақтағы басшылар жиі келіп тұрды. 1940 жылдың аяғынди Риддер полиметалл комбинатының ұжымы таратылды. Оның есесіне оған көптеген рудниктерді, фабрикаларды, және басқа да көптеген өндіріс орындарын қосты. 1941 жылы 6 қаңтарда Риддер Г. Лениногорск қаласы болып аты өзгертілді. Соғыстың басталуына байланысты сол кезде қорғасын өндіру - 21 пайызға, концентарт түрінде мырыш - 8, кадмия - 9, алтын - 26, күміс - 12 пайызға дейін көтерілді. Басқармадан 3652 жұмысшы, оның - 275-і бұрғылаушылар болды. Олардың орнына әйелдер келді. Сол кезде Д. Қонаев басқарған рудникте 3700 әйел жұмыс жасады, оның ішінде 110 бұрғылаушы, 100 пайызы электровоз айдайтын машинист қызметін атқарды. Д. қонаевтың қаншама ұйқысыз түндері, жауапкершілігі мол түндері, елімізге берілген үлкен жауапкершілікті өте жоғары сезіммен орындап шыққаны елге мәлім.
- Саяси билікке келуі.
Д. Қонаевтың саяси аренадағы қызметіне тоқталатын болсақ, біз бұл жерде сол кезеңнің тоталитарлық жүйеде болғанын естен шығармауымыз қажет. Бұл бір тарихи кезең болып табылады.
Өзінің өмір жолы кітабында Д. Қонаев өзінің еңбектес ұжымымен қоштасуы өте сондай қиын да, қимастай болғаны аса тебіреніспен еске алады. 1942 жылы сәуірде айында ЦК КПК-нің шақыруы телегерамманы алды, онда Д. Қонаевты Алматыға шақыру болатын.
1942 жылы оны Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызметіне тағайындайды. Осы 1942 жылдан 1986 жылға дейін республикада жоғары дәрежелі басшылық қызметте болды. Оның ішінде 10 жылдай Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары, (ол кезде Үкімет төрағасы Нұртас Оңдасынов болатын) . Өзі өмір сүрген күрделі уақыттың адал перзенті болу, билік өнерінің тылсым құпияларын игеру, ерекше қарым-қабілет көрсету, сабырлылық пен пайымдылыққа негізделген басшылықтың арқау жібін үзбей, өзімен бірге болған үзеңгілес жолдастарының сеніміне ие болу оңайшылықпен келе қоймайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz