ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТЕРРИТОРИЯСЫ ТАБИҒАТЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ . . . . . . 3
І-ТАРАУ. ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТЕРРИТОРИЯСЫ
ТАБИҒАТЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
І. 1. Территорияның эколого-географиялық орны . . . 5
І. 2. Жер бедері, геологиялық құрылысы . . . 11
І. 3. Климаты және ішкі сулары . . . 16
І. 4. Топырақ, өсімдік жамылығысы
және жануралар дүниесі . . . 25
1. 5. Жамбыл облысы ландшафтысының
экологиялық ерекшеліктері . . . 29
ІІ - ТАРАУ. АНТРОПОГЕНДІ ЛАНДШАФТТАРДЫҢ
ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙ.
2. 1. Жамбыл облысы территориясын
геоэкологиялық аудандастыру . . . 33
2. 2. Антропогенді факторлардың табиғатқа
тигізетін әсері . . . 52
2. 3. Геокешендердің дамуына техногенез факторларының
тигізер әсері . . . 57
2. 4. Бұзылған ландшафттарды қайта орнына келтіру
рекультивация . . . 60
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . . 65
ҚОСЫМШАЛАР . . . . . . 68
КІРІСПЕ
Геоэкология немесе ландшафтылық экология - комплекстілі ғылым, табиғиантропогендік жоғары сатыдағы: табиғат зонасы, облыс және провинция деңгейіндегі геосистемалардың экологиялық жағдайын зерттеумен айналысады.
Ландшафтылық геоэкологияның планетарлық геоэкологиядан айырмашылығы жекелеген аймақтардың алабында қалыптасқан экологиялық жағдайды зерттейді (1) .
Кез-келген аймақтың (республика, облыс) геоэкологиялық жағдайы сол жердің табиғи ландшафтысының структурасымен ерекшелігіне және сондағы шаруашылық салаларының әсер етүіне байланысты дамиды.
ТМД мен Қазақстанның геоэкологиялық жағдайларын зерттеген ғалымдар А. В. Клюев, Н. Н. Родзевич, М. Е. Бельгібаев, А. В. Чигаркин, Г. В. Гельдыева, А. В. Белыйды атауға болады. Жұмыс осы ғалымдардың ғылыми- теориялық қағилдарына сүйенеді.
Жамбыл облысы республиканың ертеден халық қоныстанған, экономикасы сан-салалы дамыған аграрлы-индустриялды аймағы. Шаруашылықтың әртүрлі саласы жергілікті жердің табиғи ландшафтысына әртүрлі деңгейде әсер етеді. Табиғат пен шаруашылықтың арасындағы қарым-қатнас осындағы белгілі геоэкологиялық жағдайды қалыптастырған Осы жағдайдың ішкі айырмашылықтарын анықтаудың үлкен практиалық маңызы бар.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті . Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - Жамбыл облысының антропогендік ландшафт жағдайына анализ жасау, ішкі айырмашылықтарына қарай территорияны геоэкологиялық аудандастыру. Аталған мақсатқа сәйкес, мынандай міндеттерді шешу қажеттілігі анықталды:
- Жамбыл облысының эколого-географиялық орнына баға беріледі;
- Жамбыл облысының экологиялық жағдайының қалыптасуындағы
әрбір табиғат компонентінің әсері сарапталады;
- Жамбыл облысы табиғи ландшафтысының экологиялық қасиеттері
мен ерекшеліктерін анықтау;
Жумыстың зерттеу нысанасы - Жамбыл облысының территориясы, оның аумағында қалыптасқан антропогендік жағдайы.
Дипломдық жумысты жазу барысында дәстүрлі географиялық салыстырмалы географиялық, картографиялық, статистикалық әдістер қолданылды.
Жумысты жазу барысында, ғылыми әдебиеттерге, картографиялық, статистикалық мәліметтерге және Жамбыл облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының, облыстық ауыл шаруашылығы, Жамбылгидрометбюро мекемесінің фондылық материалдары қолданылды.
Дипломдық жұмыс құрылымы, екі тараудан, алты параграфтан, 12 кестеден.
Жұмыстың бірінші тарауында, зерттеліп отырған территория ның эколого-географиялық орнына баға беріліп, жер бедері мен геологиялық құрылысының, климатының жергілікті жердегі қалыптасқан экологиялық жағдайдың қалыптасуындағы роліне баға беріледі. Жамбыл облысы жеріндегі топырақ, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің экологиясы анықталады.
Жұмыстың екінші тарауында, территорияда қалыптасқан экологиялық жағдайдың ішкі айырмашылықтары негізінде геоэкологиялық аудандастырылу жүйесі анықталады. Геоэкологиялық провинциялар
деңгейінде әрбір провинцияның экологиялық жағдайы сарапталады.
Провинция аумағындағы экологиялық жағдайы шиеленіскен аудандар - анклавтар анықталады. Зерттеу барысында, Жамбыл облысы территориясында алты физико-географиялық провинция және оның аумағындағы бес анклав анықталды.
Диплом жумысының соңында, облыс териториясындағы экологиялық шиеленіс жағдайларын әлсірету жолдары мен антропогендік шөлбасумен қарсы күрес шаралары тұжырымдалады.
Дипломдық жұмыс мәтіні 72 бетте баяндалған, қолданылған әдебиеттердің саны, қосымшалардан тұрады.
І-ТАРАУ. ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТЕРРИТОРИЯСЫ ТАБИҒАТЫНЫҢ
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
- Территоряның эколого-географиялық орыны.
Қазақстанның кез-келген аймағының табиғатына шолу бермес бұрын, дәстүрлі түрде оның физико-географиялық және экономико-географиялық орнына баға берілетін. ХХ- ғасырдың соңғы он жылының ішінде, дүние жүзінің әр жерінде байқалып отырған, экологиялық шиеленіс пен дағдарысқа байланысты, аймақтардың эколого-географиялық орнына баға беріле бастады. Оның себебі, географиялық қабық бір тұтас болғандықтан, бір мемлекет шеңберіндегі экологиялық өзгерістер, екінші бір мемлекет не облыс табиғатына әсер етіп отыр. Ол атмофераның циркуляциясына, өзен суларының тасымалдауына, транспорт пен т. б. қарым-қатнас түрлерінмен тарлуына байланысты. Себебі атмосфера, гидросфера және биосферадағы алмасулар мемлекеттік - әкімшілік шекараларға бағынбайды. Сондықтан, бір жердегі экологиялық өзгеріс келесі бір жерде жаңғырып, табиғатына әсер етпей қоймайды. Осы ғылымдағы жағдайды ескере отырып, Жамбыл облысының эколого-географиялық орнына баға беру қажет.
Жамбыл облысы Орталық Азияның орталығында, 42-46 с. е. - мен 69-75 ш. б. аралығында орналасқан. Солтүстік аймағы жазық-Мойынқұм, Бетпақдалаға ашық тосқаулсыз шығып жатса, шығысында Айтау (Шу-Іле таулары), оңтүстігінде Қырғыз Алатауы, батысында Қаратау тауларымен шектеседі (1) . Шу және Талас өзендерінің төменгі ағысында орналасқан. Жалпы алып жатқан жер көлемі 145, 2 мың шаршы шақырым. Облыс жері солтүстіктен оңтүстікке 400 шақырымға созылса, ал батыстан шығысқа 500 шақырымға созылады. Облыстың шығысындағы, оңтүстігіндегі және батыстағы шекаралары табиғи шекара болатын тау жоталарымен өтеді.
Жамбыл облысы, алып жатқан ауданы, батыс Еуропаның Португалия, Греция, Голландия мемлекеттерінің ауданын қоса есептегендігі ауданнан артық немесе үш Закавказье мен үш Балтық жағалауындағы мемлекеттердің ауданын қоса есептегенде көлемге теңеседі.
Эколого-географиялық орны. Жамбыл облысы Орталық Азияның дәл орта-сында Евразия материгінің терең қойнауында, мұхит-теңіздерден шалғайда (3000 шақырым қашықтықта ), қоңыржай климаттық белдеуде орналасқан. Осы жағдай облыс климатының шұғыл континентальды болып қалыптасуы-на әсер етеді. Ал оның салдарын, облыстағы ауа температура-сының жыл-дық және тәуліктік тербелісінің (амплитудасы) шұғыл өзгеріп, теңіз жаға-лауындағы елдермен салыстырғанда, салыстырмалы ылғалдылық пен бұлт-тылықтың төмен, құрғақшылықты болып қалыптасуынан көреміз. Ол кезе-гімен территория мен жыл мезгілдерінің ішінде жауын-шашаынның әркелкі түсуі мен шөл ландшафтысы мен дамуына ықпал жасап отыр. Табиғаттың
осы қасиеттері Жамбыл облысындағы геосистемалардың антропогендік әрекеттерге төтеп бере алу қабілетінің төмен, табиғи шөл басу мен арид-тенуге бейім екендігін көрсетеді.
Жер бедерінің экологиялық жағдайға әсері. Өлке жер бедерінің 90 % жазық, ал 10% таулы болып келеді. Облыстың оңтүстігіндегі әкімшілік облыстық шекара республиканың мемлекеттік шекарасымен тұспа-тұс келеді, ол табиғи шекара болатын - Қырғыз Алатауы (4000 м) жотасымен өтеді. Облысытың шығысында Шу-Іле таулары (Айтау, 1800 м), оңтүстік батысында Қаратау (700-1600 м) солтүстіктен-оңтүстікке бойлық бағытын-да жуық бағытта созылып жатыр. Осы таулардың тосқауылдық функция-сына назар аудармауға болмайды. Оның беткейлерінде атмосфералық жау-ын-шашын мөлшері мол түседі, себебі тау беткейлері ылғалды ауа масса-ларыен ұстап қалады. Биіктікке байланысты ауа температурасының төмен-деуімен ылғалдың мол түсуінен Қырғыз Алатауының биік тау шыңдарында тұрақты қар жамылғысы мен тау мұздықтары қалыптасқан. Осы мұздықтар-дан, өлкенің су қорын құрайтын, ірілі-кішілі өзендері басталады. Содықтан өлкеміздегі биік тау жоталарын экологиялық жауапты аймақтар ретінде қарастыруға болады. Таулы табиғаттың экологиялық жағдайын шиеленіс-тіретін қасиеттерінен - ылғалдың мол түсуінен беткейлерде эрозиялық шай-ылу процессінің қарқынды жүруін, су тасқындары мен селдің жиі байқала-тынын атау қажет. Сонымен қатар, тау жоталары түгелдей дерлік Солтүстік Тянт-Шаньның сейсмикалық қауіпті аймағында орналасқан (5) . Мұнда Талас, Жамбыл, Меркі, Бішкек жер сілкініс ошақтары анықталған. Жер сілкіністің тек табиғи экологиялық зіл-зала ғана емес, әлеуметтік-экология-лық жағдайын шиеленістіретін жағдай екендігін 2003 жылғы мамыр айында болған Т. Рысқұлов ауданындағы жер сілкініс дәлелдейді. Осы жағдайлар таулы жер бедерінің жағымды оң экологиялық әсерлері мен бірге теріс әсерлерінің бар екендігін дәлелдейді. Тау жоталарында жаңа тектоникалық (неотектоника ) қозғалыстар әліде жалғасуда, таулар қайта көтерілуде.
Жамбыл облысының солтүстік, солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс шекаралары ашық, табиғи тосқауыл болатын таулары жоқ. Солтүстігінде сәл көтеріңкі Бетпақ дала ( 300-450 м ) сазды шөлі оңтүстікке біртіндеп аласа Мойынқұм құмды шөліне ( 200-300 м ) ұласады. Облыстың осы орта-лығындағы жазық бөлігін кейде аккумулятивті төмен түскен, Шу-Талас бассейні деп те атайды (6) . Облыс жерінің солтүстігінде тосқауылсыз жаз-ықты ашық жатуының экологиялық салдарын арктикалық суық континен-тальды және Сібір антициклонының құрғақ суық ауа массаларының әсі-ресе, көктемде және күзде келуі аулшаруашылық дақылдарына зиянды әсер ететін үсіктердің жүріп кетуіне себеп болады. Облыстың батысындағы аласа Қаратау жоталары, жерорта теңізінен келетін Аталант ауа массалары-мен, контенентальды тропикалық құрғақ ауа массаларына көп жағдайда тосқауыл бола алмайды. Облыс жеріне түсетін атмосфералық жауын-шаш-ында түгелдей дерлік осы атлант мұхитынан келетін ауа массасы әкеледі.
Таулардан басталған ірілі-ұсақтты өзендер техногенді зиянды қалдық заттарды облыс орталығындағы Шу-Талас аккумулятивті жазығына қарай тасмалдайды да шөктіреді.
Гнологиялық құрылыстың экологиялық әсері мен ролін территорияны құрайтын әртүрлі жастағы, әртүрлі құрамдағы тау жыныстарының техно-генді және табиғи процесстерге төтеп бере алу, беріктік қасиетінен болады. Жамбыл облысындағы таулар ертедегі докембрий мен төменгі палеозойдың берік интрузивті тау жыныстарынын тұрады. Бірақ ауа температурасының шұғыл өзгерісі әсерінен гранитті және метаморфтық тау жыныстары физи-калық үгілітуге жиі ұшырап отырады. Интрузивті тау жыныстары мен облыс жеріндегі рудалы пайдалы қазбалардың кен орындары (мыс, полиме-талл т. б. ) байланысты. Шөгінді аккумулятивті жыныстармен газ және руда-лы емес кендер орыны байланысты.
Бетпақ дала мен Мойынқұм, Боздала жазықтары эолды құмды, сазды шөгінді үрлеп тасмалданып кетуіне бейім болады. Мұндай құбылыстардың антропогенді шөл басудың табиғи алғы шарттары болатыны түсінікті.
Табиғи ортаның экологиялық жағдайына және оның өзгерістеріне климаттың қосатын үлесі мол. Климаттық жағдайлар біріншіден атмосфера-ның өз бетімен тазаруына (жауған жаңбыр есебінен) әсер етсе, екіншіден оның ластануына ықпал жасайды. Жамбыл облысы территориясындағы климаттың экологиялық әсерінен осындай байқалып отырған бірнеше таби-ғи құбылыстардан көреміз; аса құрғақшылық, аңызақ желдердің соғуы жер мен ылғал режиміне байланысты миграциясы, т. б. Көктемдегі және күздегі ауа температурасының әсіресе түнде күрт төмендеуі, радиациялық үсіктің жүріп кетуіне себеп болады. Көктемгі жауған нөсер жаңбырладың зиянды жақтары да бар, ол өсімдіктердің гүлдеп, дер кезінде тозаңдануына мүм-кіндік бере қоймайды.
Жер беті және жер асты суларының экологиялық әсері екі түрлі сипаттан көрінеді. Біріншіден, Жамбыл облысы жерінде өзен торлары тау алды айма-ғында жиі. Өзен торының тау алдында жиі болуы, техгогенді және ауыл шаруашылығынан жиналған зиянды заттар мен ластануына себеп болса, екіншіден таулардан басталған өзендердің экологиялық жағымды әсерлері-де байқалады. Ірі деген өзендері түгелдей дерлік, қоректену режіміне қарай, Тянь-Шань типіне жатады, сондықтан олардың суының деңгейі жылына екі рет көтеріледі: көктемде және жазда. Көктемгі судың тасуы тау беткейлер-індегі қардың еріген кезінде байқалса, ал жаздағы тасуы тау басындағы мұз-дықтардың еруімен байланысты. Өзендер арасының ұзақ мерзім ішінде суға толып жатуы, сулардың техногенді зиян заттардан өзін-өзі тазартып отыру-ына мүмкіндік береді. Шу мен Талас, Аса ( Күркүрексу) өзендері көршілес Қырғыз Республикасы жерінен басталып, орта және төменгі ағысында Жамбыл облысы жеріне кіреді. Облыс жеріндегі екі 226 мың гектар бола-тын суармалы егістік жерлер су қорының 80% Қырғыз Республикасындағы қалыптасқан ағыстардан алады (7) . Сондайақ, өзендерді экологиялық зиян-ды заттарды тасмалдайтын каналдар ретінде қарастыруға болады. Мысалы, Шу өзені сулары мен біздің өлкеге зерттеулерге қарағанда, Қырғыз Респуб-ликасынан жылына, органикалық заттардың 1, 6 ПДК-дан, мұнай өнімдер-інен 1, 4 ПДК-дан артық зиянды заттар ағып келеді (7) .
Үлкен бір экологиялық мәселе осы өзен суларын Қазақстан мен Қырғыз Республикасы арасындағы бөлу мәселесі, ол осы күнге дейін өз шешімін таппай отыр (7) . Осындай мемлекет аралық экологиялық мәселелер (суға қатысты ғана емес), халықаралық дипломатияда саяси экологияның маңыз-ды орын алатынын дәлелдейді.
Табиғи ортаның тепе-теңдігінің бұзылуына, Жамбыл облысындағы топырақ жамылғысының табиғи қасиеттеріде әсер етуде. Топырақтың әр-түрлі типі мен оның түрлері, облыс аумағында бірін-бірі жиі алмастырып дамыған (9) . Территорияның 90% алып жатқан жазықтықтардың топырағы негізінен құм-сазды, саздақты, әрі жұқа құнарлығы төмен болады. Осындай экологиялық қасиеті бар топырақ жамылғысы, әрине эрозия мен дефляцияға өте тез ұшырайды (10) . Осындай табиғи құбылыстарға адамның шаруашылық әрекеттері де көп ықпал жасайтыны сөзсіз.
Табиғи ландшафтының тұрақтылығына өсімдік жамылғысының да қосар үлесі мол, ол эрозия мен дефляцияға кедергі болуы мүмкін не оны жедел-детуі мүмкін. Жамбыл облысы территориясының басым көпшілігінде таби-ғи өсімдік жамылғысы жұқа, жайылымдық дигрессияға тез ұшырап отыр-ады. Жайылымды экожүйелерді ұдайы пайдалану, оның топталуына, өсім-дік түрлерінің азаюына себеп болуда (10) . Таулы жайылымдардың түсімі кеміп, шөптесінді өсімдіктердің алуан түрлілігі қысқаруда. Тау беткейлерін-дегі орман ағаштарының кесілуі, беткейлік шайылу құбылысын үдетіп отырғандығы байқалады. Облыс жеріндегі жазықтарда 300 түрлі өсімдіктер түрі тіркелсе, Қырғыз Алатауында, Шу-Іле және Қаратауда алуан түрлі өсімдік саны 700-ге дейін артады (10) . Биологиялық түрлердің жазықтан тауларға ауысқан сайын артуы тек біздің облысы жеріне ғана тән құбылыс емес, бұл жер бетіндегі барлық аридті, яғни құрғақ аймақтарға тән табиғи жағдай. Біздің тауларда Қазақстанда өсетін барлық 685 өсімдіктер түрінің 181 түрі өседі. Өсімдіктердің алуан түрлерінің шоғырлануы тұрғысынан, облыс жеріне 15 % еніп жатқан Талас Алатауы алдыңғы орында. Мұнда бір мың шаршы шақырым жерге 145 түрлі өсімдіктен келеді екен. Бұл Қазақстан үшін ең үлкен (максималды) көрсеткіш, республика бойынша орташа көрсеткіш бұдан әлде қайда төмен бір мың шаршы шақырымға екі түрден келеді. Шу-Іле және Қаратау аласа таулары өсімдіктердің жаңа түрлері қалыптасатын орталықтар қатарына жатады, себебі неотектоника әлі жүріп жатыр. Мысалы, бір ғана Қаратауда ағаштың 25 эндемикалық түрлері анықталған. Облыс жеріндегі тауларда республиканың Қызыл кітабына енген 65 түрлі жоғарғы сатыдағы өсімдіктер өседі. Мамандардың пікірінше, шөлдің өсімдіктеріне қарағанда таулардың өсімдіктерінің жойылып кету қауіпі 5 есе артық. Осы жағдайлар таулардағы өсімдіктерді тез арада қатаң қорғауға алуды талап етеді. Себебі, Қазақстан Халықаралық биологиялық алуантүрлілікті сақтау Конвенциясын қабылдаған мемлекеттердің бірі. Республика жеріндегі осы түрлерді сақтауға, біз дүние жүзілік қауымдастық алдында жауаптымыз. Осы орайда үлкен бір шешімін таппай тұрған экологиялық мәселені айтпай кетпеуге болмайды. Мамандардың пікірінше, біздің облыста ғана емес, бүкі республика бойынша, ормандардың ағаш қорын есепке алғанда ондағы биологиялық алуан түрлер есепке алынбайтын екен. Орман қорының есебі алынғанда, ондағы ағаштардың құрамы ғана есепке алынады да, ал оның түрі, қандай тусқа жатаындығы анықталмайды. Осының салдарынан, ормандағы құнды генетикңалық, селекциялық (тұқымдық) фонд болатын жабайы Сиверс алмасы, Регель алмұрты, Тянь-Шань шиесі, нағыз жаңғақ (фистащка) т. б. популяцияларды сақтау мен қорғау шаралары ұйымдастырылмаған. Орман шаруашылығында ариалы 40% алып жатқан ағашпен бұталардың түрлері ғана есепке алынады. Ал ариалы шағын, биологиялық түр ретінде жойылып кетуі алдында тұрған жоғарыдығы ағаш пен бұталар есепке алынбайды. Популяциясы шағын ариалды алып жатқан құмнды жабайы жеміс ағаштарының жойылып кетуінің тағы бір себебі, о олардың генетикалық ластануы . Облыс жерінде 1947 жылдан осы жабайы жеміс ағаштарының қасына мәдени алманың, алмұрттың отырғызылуы Мақпал шатқалындағы, Мамай-Қайынды және Сөгетіде Сиверс алмасы мен кәдімгі жабайы өріктің генетикалық тур ретінде жойылып кетуіне себеп болуда. Жабайы өсімдіктердің мәдени өсімдіктердің тозығы мен тозаңдануынан олардың генетикалық структурасы өзгеріп, жартылай мәдени түрлерге айналып барады. Осындай жағдайлар Жуалы, Аспара Меркі және Қарақұндыз орман шаруашылығы жеріндеде орын алып отыр. Мәдени өсімдіктермен бірге, таулы ормандарға тән емес ауралармен өсімдік зиянкесті келеді.
Жамбыл облысындағы орман алқаптарына бөтен аймақтардың ағаштарының, атап айтқанда, американдық түрлер-үйенкі, жалған акция т. б. жерсіндірілуі, табиғи жергілікті түрлердің ареалын жаулап алып, олардың жойылып кетуіне әсер етуде. Осының салдарынан табиғи таулы экосистемалар бөтен жердің түрлерімен ластануда. Бұл жәйт биологиялық түрлерді сақтаудың Халықаралық Конвенциясының талаптарына тағы да қайшы келіп отыр.
Сонымен, Жамбыл облысы табиғатының әрбір компонентінің өлкеміздегі экологиялық жағдайды қалыптастырудығы ролін берілген бағаны қорытындылай келіп, төмендегі кестені ұсынамыз (кесте1) .
1 кесте
Экологиялық тұрақсызданудың
көріністері
Эколого-
географиялық
орны
Евразияның дәл
Орталығында орналасуы:
- Климаттың
континентальдығы
мұхиттардың шалғайлығы;
- Шаруашылық
нысаналарының облыс
жеррінде әркелкі
орналасуы
Құрғақшылық, жауынның жыл және
Территория ішінде әркелкі түсуі,
шөлді ландшафтының қалыптасуы,
оның антропогенді әсерге төтеп
бере алуы қабілетінің төмендігі.
Табиғи және антропогенді
шөлбасудың қабат байқалуы.
табиғи ортаны ластаушы нысана
көздерінің оңтүстіктегі тау алды
белдеуінде шоғырлану (Қырғыз
Алатауы, Шу-Іле Алатауы,
Қаратау) .
Территория-
ның жер
бедері
(орографиясы)
Жер бедерінің оңтүстік- тен солтүстікке қарай
аласаруы;
Арктикалық және
қоңыржай ауа
массаларының
еркін енуі;
Оңтүстіктегі, оңтүстік-
батыс, шығыстағы
таулардың барьерлік
(тосқауыл) ықпалы.
Техногенді зиянды заттардың
Оңтүстіктен солтүстікке
тасмалдануы, тұйық бассейн
аумағында жиналып шөктірілуі.
Тау беткейлерінде ылғалдың мол
түсуі, эрозиялық шайылудың
үдеуі, шаруашылық
нысаналарында техногенді
аппараттардың жиі байқалуы.
Климаттың
әсерлері
Солтүстік, солтүстік-батыс желдердің еркін
енуі, температуралық
инверциясының байқа- луы, тау алдындағы
аймақтарда
ауа циркуляциясының
тұйықталып қалуы.
Көктемдегі үсіктердің кеш
байқалуы, күздегі үсіктердің ерте
түсуі, күн сәулесінің мол түсуі.
Қырғыз Алатауы, Қаратау
баурайында орналасқан өндіріс-
шаруашылық ошақтарынан
атмосфераның ластануы.
1. 2. Жер бедері, геологиялық құрылысы .
Жамбыл облысының жер бедерінің басым көпшілі жазық. Тау жоталары облыс территориясын батысынан, шығысынан және оңтүстігінен қоршап жатады (1 сурет) . Оңтүстік -шығысындағы табиғи тосқауыл Кіндіктас таулары /Іле Алатауының жалғасы/, бірнеше массивтерге: солтүстік-шығысында -Қордай қыраты (1300-1500 м), шығысында -Желдітау, оңтүстік-шығысында Арғайты көтерілісі (1300-1400 м), ал батысында-Ақкөйлек қыратына бөлінеді.
Кіндіктас солтүстік-батысында Шоқпар ойпатында (200 м) ұласса, ол оның аржағында Шу-Іле тауларына ұласады, оның биік нүктесі Айтау (теңіз деңгейінен 1800 м) . Тау жоталары ұсақ шоқыларға ұқсас, олардың арасын бөліп тұрған тегістелген беттер кездеседі. Тау жоталары тік жар қабақты беткейлермен аласарады. Аса тілімделген, аридті үгітілүдің формалары жиі ұшырасады.
Шу-Іле таулары солтүстікке қарай біртіндеп аласарып, шөлді плато Бетпақдалаға ұласады. Оның оңтүстік - батысында, Шу өзені аңғарымен екі ортада, құмды - лессті Сексеул даласы орналасқан.
Облыстың оңтүстігіне, Кіндіктас пен Талас аңғарының аралығында, Қырғыз Алатауының батысы енеді. Тау жотасы шығыстан батысқа жүрген сайын біртіндеп аласарады, Меркі, Аспара өзендерінің бастауында биіктік - 4125 м болса, Шұнқыр, Мақпал өзендері бастауына биіктік 3783-3006 м дейін төмендейді.
Қырғыз Алатауы жоталары горизонтальды және вертикалды бағытта жиі тілімделген.
Қырғыз Алатауының Талас Алатаумен шектескен жерінде, биік тау шыңдарында, тұрақты қар жамылғысы мен мұздықтар дамыған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz