Жеткіншек дамуындағы қарым - қатынастың маңызы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Қарым-қатынас туралы ғылыми-теориялық

мӘселелерге талдау

1. 1. Шетел және отандық психологтардың жеткіншек

мәселесін қарастыруы . . . 9

1. 2. Жеткіншек психикасының дамуының өзіндік сипаты . . . 14

1. 3. Жеткіншектердің өзін-өзі бағалауы . . . 35

1. 4. Жеткіншек дамуындағы қарым-қатынастың маңызы . . . 43

1. 5. Жігіттер мен бойжеткендер қарым-қатынасы . . . 46

2 Жеткіншектердің қарым-қатынасына анықтауға байланысты жүргізілген зерттеу жұмыстары

2. 1. Жеткіншектің қарым-қатынасына байланысты

«Сізбен бірге болу жайлы ма?» зерттеу

жұмысы және оның нәтижесі . . . 55

2. 2. Жеткіншектің өзіндік бағалауына байланысты

«Өзіңізді бақылай аласыз ба?» зерттеу жұмысы

және оның нәтижесі . . . 58

2. 3. Жеткіншектің қаншалықты ұнамды болу ерекшелігіне

байланысты «Сіз адамдарға ұнайсыз ба?» зерттеу

жұмысы және оның нәтижесі . . . 61

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 63

Пайдаланылған Әдебиеттер тізімі . . . 68

Қосымшалар

Кіріспе

Мәселенің өзектілігі: Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27 бап, 2-тармағында "Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы" делінсе, "Қазақстан - 2030" бағдарламасында "Әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауы" туралы ескертілген. Бұдан әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуіне қоғам алдында өз жауаптылығын түсінуі керек. Олай болса, әрбір ата-ана өз отбасында балалар тәрбиелеудің нәзік жақтарын білуі шарт /1/.

Тәрбие ісінде балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп отыру қажеттілігін педагогика ғылымы ертеден көрсеткен болатын. Ал белгілі педагогтар Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо тәрбие беру кезінде бала табиғатын, оның қабылдау ойлау ерекшеліктерін еске алып отыруға үндеген болатын. Белгілі бір шақтық кезеңге тән анотомиялық- физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктерін ширақтылықты, өнерпаздықты, тәрбиеленушілердің іс-әрекетін және өзі қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынас жүйесіне олардың тәуелді болатынын атап көрсетті.

Жеткіншектің жеке басы дамуының аса маңызды факторы - оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі, ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен, жолдастармен қарым-қатынас орнатуға бағытталады. Жеткіншек кезеңнің маңыздылығы адамның жеке басының моральдық әлеуметтік негіздерін қолданады және олардың қалыптасуының жалпы бағыты белгіленеді. Бұл кезеңдегі дамудың сыналу көріністерінің пайда болуына биологиялық және әлеуметтік жағдайлардың ролі туралы теориялық талас жарты ғасырдан астам уақыттан бері болып келеді. Жеткіншектер ерекшеліктері мен дамуының сыналу құбылыстарының биологиялық шарттастығы әр түрлі теорияға негіз болады. Жеткіншектік шақтың басында балалар сырт пішіні жағынан да, мінез-құлқы жағынан да ересектерге ұқсамайды. Олар әлі көп ойнап, көп жүгіреді, алысып-жұлысып, тентектіктер жасайды. Жеткіншектің жеке басындағы басты, өзіне тән жаңа құрылым оның өзі туралы “енді мен бала емеспін” деген түсініктердің пайда болуы. Ол өзін ересекпін деп сезіне бастайды, ересек болуға және өзіңе жұрттың осылай деп қарауына ұмтылады. Мектеп пен оқу жеткіншектердің өмірінде үлкен орын алады. Оқу қызметіндегі олқылықтарды сырттай көріну дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін. Жеткіншектер білімді қатал, әділ, мейірімді де әдепті, сабақты жұмысты қарқынды ұйымдастырып, оған оқ тарта білетін, барлық балалар үшін нәтижиелі ете алатын мұғалімдерді бағалайды /12/.

Жеткіншектік шақ - болашақ туралы балалы армандардың орнына өзінің мүмкіндіктері мен өмір жағдайларын ескере отырып, ол туралы ойлану басталатын, өз ниеті іс-әрекетін жүзеге асыруға ұмтылу келіп шығатын кезең екенін үнемі қатерде ұстауымыз керек.

Өкінішке орай, оқушылар арасында тілден, діннен безген, арбау мен алдау, кісі өлтіру мен ұрлық, әділетсізділік пен қайырымсыздық, нашақорлық сияқты келеңсіз жағдайлар кездесіп қалады. Осындай атаулыға тосқауыл болатын жол табу қажеттігі күн тәртібінен түспей отыр. Әдетте, осындай балаларды "қиын" бала деп атау қалыптасқан.

Бұдан басқа ата-аналардың отбасындағы келіспеушілігі, өз жауапкершілігін терең сезінбеуі, бала қабілетімен санаспау, сенім білдірмеу, мінез-құлық ерекшелігін ескермеу, ұлттық тәрбиенің болмауы сияқты себептер де баланың бұзылуына әсер етеді. Сонымен қатар мектеп пен ата-ана арасындағы байланыс әлсіздігі, мектепте сынып жетекшінің баланың педагогикалық, психологиялық даму заңдылығын ескермеуі, жас ерекшелігіне қарай зерттемеу, құр уағыз айту, баламен санаспау (кейде жанын жаралау), сенімсіздік тудыру сияқты себептер де өзіндік ықпалын тигізеді.

Қазақ психологиясында баланың 11-12, 15 жас аралығын "жетіліп келе жатқан кезеңі" дейді. Олар әрекет жасау жағынан әлі бала, талап қою жағынан ересекпін деп сезінеді. Бұл кезең - "өтпелі кезең", "құбылмалы шақ" немесе акселерация кезеңі. Ол кезең - ересектер талабына көнуі қиын кезең, жан дүниесінде жаңа құрылымдар пайда болып, бала ол өзгерістерге жол таба алмай қиналып, уайым шегетін кез.

Жағымсыз іс істеу немесе заңды бұзу сияқты пайдасыз қажеттіліктер: арақ-шарап ішіп, шылым шегіп өзін қанағаттандырудан, басқаның алдында ешбір қорықпайтын батыр етіп көрсетуге тырысудан, тентектіктен, т. б. болады /4/.

Тәрбиесі "қиын" жеткіншектерді тәрбиелеу - ділгірлігі мол факторлы құбылыс, оны іс жүзіне асыруда ата-анаға көмектесу, психологиялық жағынан бақылау педагогтер мен психологтерге, заң қызметкерлеріне жүктеледі. Өйткені, біздің ойымызша, "қиын" бала тәрбиені ұйымдастыруға икемі жоқ отбасыларынан шығады.

Зерттеудің нысаны: жалпы білім беретін мектептегі жеткіншектер.

Зерттеу пәні: мектептегі оқушылардың қарым-қатынасы.

Зерттеу мақсаты: жеткіншек жастағы балалар психикасының дамуын және олардың қарым-қатынасының психологиялық ерекшелігін ашу.

Зерттеудің ғылыми болжамы: жеткіншектер арасындағы психологиялық қарым-қатынас ерекшелігі қалыпты, олардың арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық болса, қарым-қатынасқа түсу тиімді болады.

Зерттеу міндеттері:

  • жеткіншек мәселесіне теориялық талдау жасау.
  • жеткіншек теориясының тарихи даму жылдарына шолу жасап, оның қалыптасу кезеңдерін анықтау.
  • жеткіншектердің дербес ерекшеліктерін қарастыру.
  • жеткіншектік психологиясының дамуының өзіндік сипатын анықтау.
  • қарым-қатынас ерекшелігін жалпы анықтау.
  • қарым-қатынастың психологиялық мәнін анықтау.

Зерттеу әдістері: ғылыми әдебиеттерді оқып-үйрену, сауалнама, тест алынған деректерді статистикалық талдау әдістері.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

  • алғашқы кезеңде зерттеу мәселесі бойынша материалдар жинақталып, жүйеге келтіріледі, ғылыми зерттеу ақпараты дайындалады.
  • эксперимент жұмысының бағдарламасы даярланып, тәжірибелік эксперименттік жұмыстар жүргізіледі.
  • зерттеу қорытындысы жүйеленіп, талдау жүргізіледі. Жұмыстың рәсімделуі аяқталады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы : кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

Дипломдық жұмыста кесте, диаграммалар көрсетілген.

1. Қарым-қатынас туралы ғылыми-теориялық мӘселелерге талдау

1. 1. Шетел және отандық психологтардың жеткіншек мәселесін қарастыруы

Жеткіншек жас (11-15 ж) аралығын қамтиды. Бұл жасты психологтар “қиын” жас кезеңі деп сипаттайды. Солай деп бағалайтыны біріншіден, бұрынғы кездегі психикасы, мінез-құлқы өзгеріп, соның негізінде жаңа қасиеттер пайда болатынынан. Кейде мұндай өзгеріс аз уақыттың ішінде болуы мүмкін. Бірақ өзгеріске ұшырау жеткіншектерде бір уақытта кездеспейді. Екіншіден, осындай психиканың жаңа саласының пайда болуынан бола қиындыққа ұшырайды, уайым шегеді. Оның тәрбиеге көнуіне бөгет жасайды /5/

Мұндай үлкен өзгерістерге психологтар түрліше дәлелдейді.

Психолог Л. И. Божевич жеткіншек үлкендердің қамқорлығына көнбейтін “өзім бәрін орындаймын” дейтінін жыныс қасиетінің салдарынын болатын санасыз әуесқойлық деп түсіндіреді. Бұл пікірге совет психологтары мүлдем қарсы. Жеткіншектің тәрбиеге көнгісі келмеуі түпкілікті емес, уақытша кездесетін қасиеттің бірі. Қоғамдық ортаның жеткіншекті тәрбиелеуде маңызы зор. Қоғам дамуының ерекшелігіне қарай жастарға қоятын талап үнемі өзгеріп отырады. Осы талапқа сай жеткіншек бала жасынан үлкендер жасына өтерде қоғам жағдайы оған түрліше әсер етіп, баланы әртүрлі фантастикалық іске ұмтылдырады. Мұндай уақытша келіспеушіліктен күресу мектептегі және үй ішіндегі тәрбие жұмысының негізінде болады. Егер тәрбие не оқу жұмысы жеткіншекпен жақсы жүргізілсе, ұнамсыз әдеттен аулақ болады. Кейбір психологтар бұл жастың өзіне тән ерекшелігі қызбалы келуін, тәрбиеге көнгісі келмеуін жыныс өміріне даяр болуынан деп дәлелдейді. Бұл қате пікір. Бірақ жеткіншектің дамуына жыныс факторын ықпалын түгел жоққа шығаруға болмайды. Самоа аралындағы жеткіншекті зерттеген М. Мид жеткіншектік шақта дағдарыстар мен дау-жанжалдардың болмай қоймайтындығы туралы түсініктің қисынсыздығын дәлелдеді, сөйтіп олардың биологиялық емес, әлеуметтік шарттастығын көрсетті. Мид Самоадағы жеткіншек қыз балалардың балалықтан ересектікке үйлесімді дау-жанжалсыз өтетінін байқады да балалардың тіршілік жағдайларын тәрбиелеуі мен айналадағылармен қарым-қатынастың ерекшеліктерін егжей-тегжейлі сипаттап жазды. Қыз балалардың жеткіншектік шағын Мид балалық және ересектік кезбен салыстырғанда тұтас алғанда неғұрлым жақсы және ерікті кезең деп бағалады. Кейініректе ол қыз баланың өмірінде оның әртүрлі маңызы болуы мүмкін екенін де көрсетіп берді: бір жағдайда жыныстық толысудың басталуы оны бой жетті деп тауып некелесу салтанатына қамданудың белгісі болуы мүмкін, ал басқа жағдайларда оның құқықтары мен міндеттері ғана өзгереді /6/.

Антрополгтардың зерттеулерінде жеткіншектік кезеңнің ұзақтығы әртүрлі болуы және бірнеше аймен шектелуі мүмкін екені анықталды. Р. Бенедикт балалықтан ересектікке өтудің екі типін бөліп көрсетті.

1. Үздіксіз

2. Баланың балалық шағындағы оқып-үйренгені мен ересектің ролін жүзеге асыру үшін қажетті іс-әрекет тәсілдері мен түсініктердің арасында үзілістер болатын типі.

Антропологтар зерттеулерінің теориялық маңызы зор. Бала өмірінің нақты әлеуметтік жағдайына:

1. Жеткіншек кезеңнің ұзақтығына;

2. Дағдарыстың талас-тартыстың қиыншылықтардың болуына;

3. Балалықтан ересектікке өтудің өзінің сипатына қарай анықталатыны дәлелденді.

Антрополгтар жеткіншектік шақты бала өзінің қоғамдағы орнына жетер жолда болатын, оның ересектердің қоғамдық өміріне өтуі жүзеге асатын кезең деп қарады. Бұл идеяны дамытуға К. Левин ерекше орын алады, ол ересектікке талас-тартыспен өтуіне талдау жасауды жалғастырды. Левин қоғамды балалар тобы мен ересектер тобының қатаң бөлінуіне және жеткіншектер топтарының аралығындағы жағдайда болатын кезеңнің ұзақтығына байланысты етіп қойды, яғни ересектер қоғамында жеткіншектер қоғамы бар дегенді айтады.

Жеткіншектер ересектер тобына өтуге және үлкендердің балаларда жоқ кейбір артықшылықтарымен пайдалануға деген ұмтылысы болады.

Алайда ересектер тобының оны әлі қабылдамағандықтан ол топтар арасындағы жағдайда болып шығады. Қиыншылықтардың деңгейі мен талас-тартыстың болуын Левин қоғамда балалар тобы мен ересектер тобының қатаң болінуіне және жеткіншектер топтарының аралығындағы жағдайда болатын кезеңнің ұзақтығына байланысты етіе қояды /7/.

Левиннің жеткіншектің “өз орнын таппауы” туралы идеясы кәзіргі уақытта Д. Каулмен және басқа шетел психологтары дамытуда, олар жеткіншектердің ересектерше бір “субмәдениетті” бар дегенді айтты.

Л. С. Выготский сын жастарды зерттеуде жаңа проблемалар: санадағы негізгі жаңа құрылымды бөліп көрсету және дамудың әлеуметтік жағдайын анықтау қажеттігін қойды, бұл жағдай әрбір шақта бала мен ортаның арасындағы қатынастардың қайталанбас жүйесі болып табылады. Ол осы қатынастар жүйесін қайта құру өтпелі шақтағы “дағдарыстың” басты мазмұнын құрайды деп пайымдады /11/.

Психологиялық-педагогикалық зерттеулерде бала мінез-құлығының ауытқу мәселесі түбегейлі зерттелініп сипат алғанымен қалыпты дамыған бала мінез-құлқының жағымсыз түрлерінің туындау себептері ғылымда өз деңгейінде зерттелінбеуде Л. С. Славина “Дети с аффективным поведением” атты еңбегінде кіші мектеп жасындағы балалардың аффективті мінез құлқына сипаттама бере отырып, психологиялық талдау жасайды. Мұндай балалардың мінез-құлқына мыналар тән: өкпелегіштік, бұзықтық, бірбеткейлік дөрекілік. Олар басқа балалармен үнемі ұрсысып, керісіп, ескертулерге тез ренжіп қалады. Автор мұндай мінез құлық оның ұжымындағы дұрыс құрылмаған өзара қарым-қатынастардың салдарынан пайда болады деген қорытындыға келеді.

Зерттеулердің басым көпшілігі қиын балалардың тұлғалық ерекшеліктерін тануға арналған. Баладағы әр түрлі жағымсыз мінез құлықтарға орталық жүйке жүйесінің ықпалы зор екен.

А. Д. Савченко өзінің “Бала қылығы және олардың себептері туралы” деген мақаласында жағымсыз іс-қылықтар өзінен өзі туындамайды ол арам ниеттің нәтижесі, ал оның тамыры дұрыс құрылмаған тәрбиеде, себептері үлкендердің жаман өнегесінен дұрыс үлгі бола алмауында деп атап өтеді.

Жағымсыз реакциялар соған сәйкес мінез-құлықтың еркелік, қыңырлық, қиқарлық эмоционалды тұрақсыздық түріндегі қылықтары басым балаларды түбегейлі оқып-тануға Е. Д. Белова да бар жігерін салды. Ол “барабар емес аффекте” көрінетін бала мінез-құлқы үшін оларға қасарушылық, тұйық мінезділік тән деп көрсетеді. Бұл балалар басқалармен дау-жанжалға жиі түседі үлкендердің ескертпе-түзетулеріне қарсы шығады Оның зерттеу жұмысының мақсаты балалардың аффектін мінез-құлқына толыққанды талдау жасай отырып жағымсыз мінез-құлықтарды жою жолдарын көрсету болды /8/. Зерттеу барысында жинаған материалдары авторды мынадай қорытындыға әкелді. Мұндай қателіктерге мыналарды жатқызады:

  • талап қоюдың жүйелілігі мен дәйектілігінің қалыс қалуы;
  • шамадан тыс еркелету;
  • ата-ана тарапынан бақылаудың болмауы;

Л. Ф. Островская өз зерттеулерінде еркелікке бейім балалардың жас ерекшелік және психофизикалық ерекшеліктеріне оларды дұрыс тәрбиелеуге қатысты туындайды деп тұжырымдайды. А. П. Лариннің пікірінше қасарушылық кейде тәрбиенің жағымсыз жағдайларына байланысты ерте туындайды /6/.

В. Д. Шадриков негагивті мінез-құлық ерекшеліктері дұрыс құрылмаған тәрбиенің нәтижелі болуы мүмкін дейді. Автордың пікірінше бала бетінен қақпайтын ортада өссе, өз дегенін істесе әрекеттері мен талап-тілектеріне шек келтірмесе онда оларды өз мінез құлықтарын еркінше басқару және ережелер мен мөлшерлерге бағыну қабілеттіліктері қалыптаспайтын болады.

Олай болса эмоционалды қызбалық және ұшқалақтық немесе баладағы танымдық және қозғалыс іс-әрекетінің кідірісі оның темпераменті мен жүйке әрекетінің туа біткен жеке ерекшеліктерінің көрінуімен байланысты болуы мүмкін. Асықпаушылық пен баяу козғалу флегматиктерге тән болса артық қозғалу мен тұрақсыздық - сангвиниктер мен меланхоликтердің айрықша белгісі А. А. Рояк балалардың қарым-қатынасқа түсулерінің қиындықтарын барлай отырып олардың мінезқұлқындағы мынадай бітістерді, яғни өрескелдігі, сенбеушілігі агрессивтілігі болатындығын анықтады. А. И. Захаров тәрбиедегі ауытқушылық отбасында көрініс береді және оның себептері отбасы құрылымында болады, сондай-ақ ата-ананың балаға қарым-қатынасынан туындайтынын айта келіп осы бағыттағы тәрбиенің мынадай негізгі параметрін бөліп көрсетеді:

  • Түсінбеушілік;
  • Қабыл алмау;
  • Тоталитарлық сәйкессіздігі;
  • Балалармен қарым-қатынасындағы икемсіздігі;
  • Балаға қараудағы бір қалыпсыздығы;
  • Ата-аналардың өзара қатынасындағы келіспеушіліктері.

Отбасы жағдайындағы осындай мәселелерді ескерген автор бала мінез-құлқының бұзылуына олардың “тууына” себепші болатындығын көрсетіп, егер ата-аналар өздерінің жеке проблемаларын дер кезінде шешіп отырса, бала психологиясының бұзылуына жол бермейтінін баса айтады /42/.

Сонымен Р. В. Овчарова және басқа да ғалымдардың зерттеулерімен келісе отырып бала мінез-құлық қиындығының себептерін жалпы мынадай топтарға жатқызуға болады:

1. Әлеуметтік-педагогикалық қараусыз қалу, бұл арада бала өзінің тәрбиесіздігінің нәтижесінде өзін дұрыс көрсете алмайды, онда қажетті білім, іскерлік, дағды және жағымсыз мінез-құлық стереотипі қалыс қалады.

2. Терең психикалық дискомфорт бұл отбасы өзара қатынасының сәтсіздігінен, яғни отбасындағы психологиялық жағдайдың терістігі, топтағы құрбы-құрдастарымен өзара қатынасының жараспауы, балаға ата-ана, тәрбиеші, оқытушы тарапынан әділетсіз қатынас жасалуы салдарынан көрінеді.

3. Жас дағдарысы, мінез акцентуациясы және басқа да себептерге байланысты психикалық және дене күшінің саулығы мен дамуының ауытқу күйі.

4. Өз ойын білдіруде парасатты белсенділік танытудан, пайдалы әрекет түрімен шұғылданудан қалыс қалу.

5. Қараусыздық, қоршаған ортаның теріс ықпалын және оның негізінде әлеуметтік-психологиялық дезадаптацияның дамуы.

Осы аталған себептердің қатарында әсіресе баланың әлеуметтік-психологиялық қараусыздығы оларға қоршаған ортаның немқұрайды қатынасы басты орын алады, нәтижесінде шет қалу, өзінің қажет еместігі қорғансыздығы сияқты сезімдер туындайды. Сондықтан өскелең ұрпақ тәрбиесіне әрқашан жауапкершілікпен қарайық.

1. 2. Жеткіншек психикасының дамуының өзіндік сипаты

Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны оның «өтпелі», «бетбұрыс», “қиын”, «сыналатын» кезең деген атауларында бейнеленген. Бұл атауларда осы жастарда болатын, өмірдің бір дәуірінен екінші дәуірне өтумен байланысты. Даму процестерінің күрделігі айтылған. Балалық шақтан ересектікке өту осы кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны болып табылады.

Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады, организмнің, сана-сезімнің, олардың танымдық және оқу іс-әрекетінің, мінез-құлыққа, мүдделердің, моральдық-этикалық нормалар мазмұмының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады.

Ересектіктің дамуында әр түрлі бағыттардың болуы жеткіншектің ересектік белгілерді қабылдауда соларға теңелсем дейтін үлгілердің ар алуан болуында байланысты. Қалыптасатын өмірлік құндылықтардың мазмұны, жеткіншектің жеке басының қалыптасуының жалпы бағыты көбіне - көп белгілі бір үлгілерге бағдарлануға байланысты болады.

Ересектіктің сырт белгілеріне еліктеу. Ересектердің сыртқы келбетінің өзіне тән белгілері мен мінез-құлық мәнерлері, кейбір артықшылықтары болғандықтан балалармен салыстырғандағы артықшылық жағдайлары неғұрлым айқын көрінетін ересектіктің сыртқы белгілері жеткіншектер үшін тартымды болып көрінеді. Жеткіншектің «мен» қасиетінің қалыптасуы. Оның психологиясында көп жаңалықтар болады деген сөз. Өзінің кім екенін біліп, күшіне сеніп, өз мүмкіншілігін дұрыс бағалауға пайдасын тигізеді.

Олар үлкен болуға асығады, қымбат нәрсені көздеп, құнды деген жағдайларға әуестене бастайды. Мәселен, мода, музыка т. б.

Т. В. Дрогунова зерттеулерінде есеюдің белгілерінің түрі мынандай мәнде берілген - үлкендерге еліктеу - темекі шегу, карта ойнау, шарап ішу, отырыс ұйымдастыру, модаға әуестену, қыздарға қырындау, үлкендердің киіміне назар аудару т. б.

- ұл балалардың нағыз ер адамдарға өздерінің теңей алуы. Ол күшіне сене білуі, достыққа берік болуы, өжет болуы, спортпен айналысады.

- әлеуметтік есеюі. Үлкендермен немесе құрбыларымен бірлесіп әрекет етуі.

- инттелектуальды өсуі. Білуге құмарылығының негізделуі. Көп оқып үйренуге ынтасын қалыптасуынан көрініс береді.

«Нағыз еркектік» қасиеттеріне теңесу. Ересектіктің дамуындағы енді бір бағыт жеткіншек ер балалардың мұратқа сай келетін ер адамның - «Нағыз еркектік» қасиеттерінің белгілі бір мазмұнына белсенді түрде бағдар алуымен байланысты. Мұның өзі, бір жағынан - күш, ерік, батылдық, ерлік, төзімділік; екінші жағынан - достыққа, жолдастарына адалдық /15/.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеткіншек кезеңіндегілердің психикалық дамуы
Жеткіншектердің жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы қарым - қатынастың рөлін зерттеу
Жеткіншектердің ересектігінің құрдастарымен қарым – қатынасының ерекшеліктерін қарастыру
Жеткіншек жас кезеңіндегі мінез ауытқулары және оларға көмек көрсету жолдары
Жеткіншектердің арасындағы қарым - қатынас
Жеткіншектің психологиялық ерекшеліктері
Дамуында кемістігі бар жеткіншектермен педагогикалық-психологиялық жұмыс
Отбасындағы ата ана мен бала қарым -қатынасының психологиялық ерекшеліктері
Жеткіншек жастағы балалардың психологиялық даму ерекшеліктері
Жеткіншектер қарым - қатынасының өзіндік бағалауын анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz