Оқиға болған жерді тексеру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 6
КІРІСПЕ . . . 6:
:
КІРІСПЕ . . . 6: 1-БӨЛІМ ЖОЛ КӨЛІК АПАТЫ ҚЫЛМЫСТАРЫНЫҢ КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ . . . 9
:
КІРІСПЕ . . . 6:
:
КІРІСПЕ . . . 6: 2-БӨЛІМ ЖОЛ КӨЛІК АПАТЫ БОЛҒАН ЖЕРДІ ТЕКСЕРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . 13
:
КІРІСПЕ . . . 6: 2. 1 Оқиға болған жерді тексеру . . . 13
:
КІРІСПЕ . . . 6: 2. 2 Қатысушыларды куәландыру . . . 19
:
КІРІСПЕ . . . 6:

2. 3 Жол көлік оқиғасы бойынша қажетті сараптамаға материалдар

дайындау, сараптама тағайындау және жүргізу . . . 22

:
КІРІСПЕ . . . 6:

3-БӨЛІМ ЖОЛ КӨЛІК ОҚИҒАСЫ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ

ІС ҚОЗҒАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . 34

3. 1 Тергеудің алғашқы кезеңіндегі жағдайлар және тергеушінің іс қимылы . . . 34

3. 2 Типтік ситуациялар мен болжаулар . . . 38

3. 3 Жол көлік оқиғасына қатысушылардан жауап алу және басқа

тергеу әрекеттерін орындау . . . 41

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 48

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 51

:

КІРІСПЕ

Автокөліктің, трамвайдың немесе транспорттық механизмдерінің жүргізушілері абайсызда жолда жүру ережесін бұзу арқасында адамдардың денсаулығына қауіп төндірсе, бір немесе бірнеше адамның өліміне әкелсе жол көлік оқиғасы болған жерді тастап кеткен кезде немесе жүргізушілердің жолда жүру ережесін бұзған кезде, яғни жоғарыда айтылғандар орын алған кезде ол қылмыстық жазаланушы ісі деп танылады. Жол көлік оқиғасының криминалистикалық сипаттамасы болып келесі элементтер саналады.

Жол көлік оқиғасы болған жағдай көбінесе көлік көп қатынайтын және жаяу жүрушілер мол қалаларда болады деп есептелінеді. Жол көлік оқиғасы көп жағдайда жүргізушілердің жолда жүру ережесін сақтамағаннан болады. Жыл сайын республика көлемінде 18, 5 мың адам жарақатқа ұшырайды, ал жарақаттанудан өлім-жетім тұрақты 2-ші орында. Қазақстанда жыл сайын мектеп жасындағы жасөспірімдер арасында әртүрлі жарақаттанулар басым орын алады. Транспорт құралдарының тез көбеюі мен жылдамдығының артуына байланысты жолда жүру қауіпсіздігін қамтамассыз ету өте бір күрделі проблемаға айналып отыр. Адам баласының қолымен жасалған автокөліктері оның өз өміріне қатер туғызуда. 2007 жылдың 12 айында обылыс көлемінде 309 жол-көлік апаты орын алып, 137 адам қайтыс болған, 297 адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алған. Оның ішінде 40 жол апаты балаларға қатысты болған. Осы оқиғалар барысында 9 бала қайтыс болып 34 бала әр турлі дене жарақаттарын алған. Ал, биылғы жылдың 3 айы ішінде 36 жол апаты тіркеліп, 17 адам қайтыс болып, 37 адам әр түрлі дене жарақаттарын алған. Соның ішінде балаларға қатысты 4 жол апаты болып 1 бала қайтыс болған.

Тақырыпты зерттеу барысында бітірушінің алдына қойған міндеттері:

· тақырыпты мүмкіндігінше нақты ашып көрсету;

· зертеуші - ғалымдардың көзқарастарын дұрыс, толық жеткізу;

· нақты тұжырымдар мен қорытындылар шығару

Осы және жоғарыда аталған жағдайларды ескере отырып, бітіру жұмысын жазуда келесі негізгі мақсаттар көзделді:

· жол-көлік апаты қылмыстарының жасалу себептерін анықтау;

· жол-көлік апаты қылмыстарының тергеу әдістемесіне қатысты зерттеумен айналысатын ғалымдардың көзқарастарымен танысу;

· жол-көлік апаты қылмыстарының тергеу әдістемесін жетілдіруге үлес қосу.

Тақырыптың өзектілігі. Көлік құралдарының шамадан тыс көбейіп кетуіне, жүргізушілердің кәсіптік мәдениетінің төмендігіне, жүргізу тәжрибелеріне, жүргізу тәжрибелерінің аздығына (немесе тіптен жоқтығына), жолдың дұрыс жөнделмеуіне, жүргізушілер мен жаяу адамдардың жол ережелерін сақтамауына (ішімдік пен есірткі заттарын пайдалануларына) байланысты өкінішке орай күннен-күнге жол-көлік оқиғаларының саны артуда.

Жол-көлік қозғалысы ережелерін қылмыстық бұзуға - көлік құралдарын сапасыз жөндеу және оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару, көліктің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамассыз ететін ережелерді бұзу, көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру, мас күйіндегі адамды көлік құралын жүргізуге жіберу және т. б. әрекеттер жатады.

Сонымен қатар жол-көлік қауіпсіздік ережелерін бұзу, әдетте жүргізушілердің құқыққа қарсы мынадай мінез-құлық, жүріс-тұрыс әрекеттерінен көрініс табады: жылдамдықтың шамадан артық болуы, озып өту, қатар жүру мен жол ережелерін бұзудан; қарама-қарсы жолға шығып кетуден; қиылыстан жолдардан өту тәртіптерін бұзудан; шам жарығымен жолды көрсетпеуден; темір жолдан өту ережелерін бұзудан; жол қозғалысына қауіп төндіретіндей ақаулықтағы көлікті жүргізуден.

Тұлғалардың көлік құралдарын мас күйінде жүргізуі өте қауіптілікке әкеп соқтырады. Арнайы медикопсихологиялық және психофизиологиялық зерттеулер адам ағзаларындағы елеусіз алкогольдік ішімдіктердің болуының өзі, оның автокөлік, мотоцикл, трактор және басқа да механикалық көлік құралдарын жүргізу қабілеттілігін төмендететіндігін дәлелдейді.

Жол-көлік оқиғасы - себептер мен салдардың жиынтығын құрайтын көптеген жағдайлардың нәтижесінде болады. Қауіпсіздік ережелерін бұзудың ақиқатын анықтау тек қылмысты ашуға қажетті мән-жайларға байланысты жағдайларды анықтауға ғана емес, сонымен қатар автокөлікті пайдалану мен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамассыз етудің ажырамас бөлігі болып табылады.

Әдетте автокөлік қылмыстарына себеп болатын жағдайларға мыналар жатады: көлік құралы мен жолаушылардың қозғалысын ұйымдастырудағы кемшіліктер, көлік құралдарының, жол мен көшелердің техникалық жағдайына бақылауды дұрыс жүргізбеу; жол полициясы жанынан тиісті қозғалысты бақылаудың нашарлығы немесе жоқтығы; жүргізушілерді (кәсіптенген және авто-әуесқой) дайындаудағы кемшіліктер, жол қозғалысына қатысушыларға қауіпсіздік ережелерді насихаттау жұмысының өз деңгейінде жүргізілмеуі және т. б.

1-БӨЛІМ ЖОЛ КӨЛІК АПАТЫ ҚЫЛМЫСТАРЫНЫҢ КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Жол-көлік оқиғалары дегеніміз, көлік құралдары мен жүктерді бұзып қиратуға, материалдық залалдар келтіруге, сондай-ақ адам өлімі мен дене жарақаттарын салуға әкеп соқтыратындай жағдайларда көлік құралдарынжүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы болып табылады. Сонымен, бұлардың қылмыстық-құқықтық құрылымы келесідей элементтерден тұрады: а) жол қозғалысы ережелерін бұзу; ә) заңда көзделген зардаптардың болуы б) жүргізушінің әрекеті (әрекетсіздігі) мен болған оқиғаның нәтижесінің арасында себепті байланыстың болуынан.

Жол-көлік қозғалыс ережелеріне сәйкес жол-көлік оқиғаларын мынадай түрлерге бөлуге болады: қозғалыс құралдарының соқтығысуы; велосипетшіні, көлік; арба құралын, жануарларды, кедергіні, жаяу адамды басып кету; көліктің аударылып-төңкерілуі; жолаушылардың автокөліктен құлауы (ұшып кетуі) және т. б.

Автокөлік қылмыстарына - жол қауіпсіздік ережелерін қасақана бұзып немесе көлік құралдарын пайдалану қауіпсіздігіне немқұрайлылықпен қарау ситуациялары тән. Бұл қылмыстың қоғамда кең өріс алуы мен ереже қауіптілігі жүргізушілердің криминалистикалық сипаттамасынан көрініс табады. Олардың әрекеттерінен, атап айтқанда, көлік құралдарын мас күінде жүргізулерінен.

Көрсетілген ситуациялардың нәтижесінде адамдарды, велосипетші-лерді басып кетуінен; көлік құралдарын соғу мен аударып- төңкерілуіне; жолаушылардың көлік құралдарынан ұшып шығып кетуіне әкеп соқтыратындай жағдайлар болады.

Жол-көлік қауіпсіздік ережелерін бұзу қылмыстарына дайындалу, оны жасау мен ізін жасыру тәсілдері сияқты криминалистикалық сипаттағы мұндай элеметтерді қарау кезінде, бұл қылмыс түрі (ҚР-ның ҚК-нің 298 - 299-баптарында қарастырылған қылмыстарды қоспағанда) абайсыздық категорияларына жататындығын ескеру керек.

Техникалық жағынан сапасыз құралдарды пайдалануға шығарумен байланысты құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздіктер) көлік мекемелеріндегі өкілетті тұлғалардың көлікті жүргізуге рұқсат беруінен көрініс табады.

Көлік құралдарын пайдалану ережелерін өрескел бұзудың басқа да түрлеріне келесілер жатады: көлік жүргізушілерін мас күйінде жұмысқа шығару; жүргізу куәлігі жоқ немесе жүргізуші ретінде жарамсыз деп танылатын дәрігерлік көрсеткіш қағаздары бар адамдарды жұмысқа шығару және т. б.

Қылмыскерлер көбіне қылмыс болған орыннан кетіп қалуға, сондай-ақ қылмыстың ізін жасыруға тырысады. Мысалы, жаяу адамды басып кету нәтижесінде өлімге әкелген жағдайларда, оны елсіз жерлерге апарып көміп жасыруға, жолдағы іздердің көзін жоюға, көлік құралдарындағы және басқа да объектілерді зақымдау іздерін жоюға тырысады.

Жол-көлік оқиғасына көптеген іздердің болуы мен материалдық жағдайдағы өзгерістердің болуы тән. Бұларға - жолдағы қозғалыс, сырғанау іздері, көлік құралдарындағы, жердегі, құрылыстардағы зақымдану іздері, жүргізушілердің, жануарлардың, жаяу жүрген адамдардың зақымдану, жарақат алу іздері жатады.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан көлік құралдары мен құрылыстардың, объектілердің бұзылуымен, болмаса жойылып-құруымен байланысты материалдық шығындардың болатындығы сөзсіз.

Зардаптың өте ауыр түріне - адам өлімі, ауыр дене жарақаттары мен психикалық зақымдар жатады. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде қоршаған ортаға зиянды әрекеттерде келтірілуі (жарылғыш, қауіпті уытты радиоактивті заттарды тасымалдаушы көлік құралдарының апатқа ұшырауы) мүмкін.

Жол-көлік қозғалыс ережелерін бұзу қылмыстарының криминалистикалық сипаттамасында тұлғалардың жеке басының ерекшеліктері маңызды мәнге ие болады. Бұл санаттағы құқық бұзушыларға келесідей қасиеттер тән: өзіне аса сенушілік, өзімшілдік, менмендік, арсыздық; қауіпсіздік ережелеріне немқұрайлықпен қарау; кәсіби даярлықтың жеткіліксіздігі; қажетті тәжірибенің, ептіліктің болмауы; көлік құралдарын пайдалану мен жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау талаптарын өкілетті тұлғалардың өздері орындамауы, болмаса қарамағындағы тұлғаларға ережелерді сақтауға байланысты талаптардың толық қойылмауы және т. б. .

Автокөлік қозғалысы қауіпсіздік ережелерін қасақана бұзудың әдеттегі ниеттеріне төмендегілер жатады:

- жеке басының мақсатына жетуге байланысты өзімшілдік сезімнің тууы. Мысалы, белгілі бір жерге тезірек жетуге ынталану немесе өз ісінің дұрыстығын бекіту нәтижесінде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуға әкеп соқтыратын әрекеттер;

- өндірістік мүдделермен байланысты жалған түсініктегі ниеттер (жүргізушілердің көп мөлшердегі заттары жылдам-жылдам тасып бітіруге тырысу нәтижесінде ережелерді бұзу) .

Нақты жағдайда субъект нормативтік талаптарды елемейді, себебі оларды формальды түрде орындаудың қажеті жоқ, типті нақты ситуацияда ол талаптарды орындау артығырақ деп санай келе, бұл жерде қауіпсіздік ережелері бұзылса нәтижесі ешқандай ауыр зардаптарға әкеп соқтырмайды деп ойлайды.

Қауіпсіздік ережелерін қасақана сақтамау әрекеттері (әрекетсіздіктері) келтірілетін зардаптарға байланысты қылмыстық өзіне сенушілікпен ұлғасу мүмкін. Кінәлі тұлға болатынситуацияны алдын ала біле тұра жеңіл ойлылықпен немесе өзінің жүргізушілік тәжірибесіне, әккілігіне және т. б. сенумен ереже тәртіптері қасақана бұзады. Мұндай жол-көлік қозғалысы ережелерін бұзу ниеттері, бұл қылмыстардың келтірілетін зардабына қатысты субъектінің абайсызда жасағандығын куәландырады [5] .

Сонымен қатар, қауіпсіздік ережелерін қылмыстық бұзу кезіндегі жағдайлар, оның орны, уақыты және басқа да жағдайлар криминалистикалық мәнге ие болады.

Жол жағдайы объективті және субъективті жайттардан тұратын күрделі динамикалық жиынтық түрінде жүргізушімен көлік құралын жүргізу кезінде ескерілу керек. Мысалы: түнгі уақытта жарықтандырудың және жолды жөндеу жағдайларының дұрыс болмауы, жаяу жүруші мен жүргізушілердің мінез-құлқы, жүріс-тұрыс және жылдамдық жағдайлары және т. б.

Жолдың жағдайы күрделі болған сайын ол жерде автокөлік апаттарының болу ықтималдығы өседі. Мысалы, белгілі бір уақыт аралығында автокөліктің үзіліссіз шамадан тыс көп жүруі кезінде, сондай-ақ ауа райы нашар болған күндері (жаңбырлы, қарлы, боранды т. б. ), түнгі уақыт аралығында жол-көлік оқиғаларының орын алуы байқалынады.

Апатқа түскен автокөлікті техникалық күйінің де криминалистикалық мәні бар. Сот-тергеу тәжірибесінде көлік құралдарын сапасыз жөндеу оларды техникалық жөндеу орталықтарында (ТЖО) жөндеу кезінде көлік құралдарының орнына стандарттан тыс қодан жасалған, болмаса сапасыз деталь бөлшектерін, тез жанып кетуге бейім материалдарды пайдалану туралы куәландыратын фактілер жиі кездеседі. Техникалық ақаулықтағы автакөлікті жүргізу кезінде көбіне ауыр зардаптарға әкелетіндей апаттар болып жатады

ІІ ЖОЛ КӨЛІК АПАТЫ БОЛҒАН ЖЕРДІ ТЕКСЕРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2. 1 Оқиға болған жерді тексеру

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқиға болған жерді қараудың сатылары
Қылмыс туралы оқиға болған жерді қарауда тергеушінің ұйымдастырушылық қызметі
АЙҒАҚТАРДЫ ОҚИҒА БОЛҒАН ЖЕРДЕ ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ НАҚТЫЛАУ
Оқиға болған жерді қараудың жалпы жағдайлары
Айғақтарды сол жерде тексеру жəне нақтылау. Тергеу эксперименті
Қылмысты тергеу кезінде оқиға болған жердің жай-жапсары мен мән-жайларын қайта жаңғырту
Тергеу қарауы, эксгумация, куәландыру
Криминалистикалық сараптама жүргізу барысында оқиға болған жердегі эксперттік зерттеудің ерекшеліктері
Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау тактикасы
Атыс қаруын қолдану арқылы жасалған кісі өлтіруді тергеу кезінде оқиға болған жерді қараудың тактикалық әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz