ЗАҢ МӘТІНДЕРІНІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Дипломдық жұмыс тақырыбы:
Заң терминдерінің аудармада берілу ерекшеліктері(ағылшын және қазақ тілдер негізінде)
Мазмұны
КІРІСПЕ3
І БӨЛІМ ЗАҢ МӘТІНДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ7
1. 1 Қазақ тіліндегі заң мәтіндерінің ерекшеліктері7
1. 2 Ағылшын тіліндегі заң мәтіндерінің ерекшеліктері19
ІІ БӨЛІМ ЗАҢ МӘТІНДЕРІНІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ29
2. 1 Жалпы аудармадағы теориялық және әдістемелік негіздері29
2. 2 Заң мәтіндерін аударудың лингво-мәдени факторлары33
2. 3 Заң терминдерін аударудағы әдістемелер36
3 Заң мәтіндерін аударудағы баламалық мәселелері48
Қорытынды58
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі60
Кіріспе
Аударма - мәдениетаралық қатынастың маңызды құралы, өйткені ол бір тілдік мәдениет айғағын екіншісіне таныстырушы орталық буын. Мәдени қарым-қатынасқа көп түскен, яғни өзге мәдени әлемнің когнитивті тәжірибесімен кеңінен таныс мәдениеттің тілінің аударуға бейім келетіндігі, соның нәтижесінде аударма ісінің үдере өрбитіндігі де белгілі жайлар.
Заң аудармалары тіл мен айтылудың стильіне арнайы талаптар қойылады, дұрыс таңдалған стиль-мазмұн және ой құрылымдарының шындығымен белгіленеді. Осыған байланысты заң құжаттарын сапалы және шынайы аудару үшін тек заң білімі ғана қажет емес, сондай-ақ арнайы заң тілін де иелену керек. Ал заң тілін толық меңгеру үшін ағылшын және қазақ тілінде заң терминдерін жетік білу қажет.
Қоғам дамуының жаңа кезеңіне көтерілгенде, халық тұрмысына, ғылымға, салалық өзгерістер енгенде көптеген жаңа атаулар, соны ұғымдар пайда брлып, соған байланысты тілдегі бұрыннан бар сөздердің мағыналары көбейеді немесе мүлдем жаңа сөздер, терминдер туады. Осындай жолмен туындайтын, халық тұрмысына өзгерістер болған сайын жетілдіріп отыруды қажетсінетін терминология саласының бірі - заң терминдері.
Республикамызда заң мамандарын дайындау XX ғасырдың 20-жылдарының аяғында басталды. Демек, сол кезден бастап қазақ мемлекетінде заң саласындағы терминдер қалыптаса бастады.
Ғылым мен мәдениттің шарықтай өскен заманында басқа терминдер сияқты заң терминдерінің құрамында да көптеген өзгерістер болды. Бұрынғы терминдер құрамындағы бірқатар атаулар ескіріп, оның есесіне жаңа ұғымды білдіретін соны атаулар пайда болды. Мысалы, болыс, би, қазы, ұлық т. б осы сияқты көне атаулар архаизмге: прокурор, қорғаушы, тергеуші т. б. сөздер осы кездегі әлеуметтік меншік пен мемлекетті қорғаушы субъектілердің мазмұнын білдіретін терминдік мәнге ие болды.
Заң терминдерінің негізін халықтың әдет-ғұрыптарынан, заңдарынан, жол-жолдарынан, қазақ әдет-ғұрып құқығының материалдарынан, заң кодекстерінен, қылмыстық істер кодекстерінен кездестіруге болады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Елбасымыз өз жолдауында атап айтқандай, Қазақстан халықтарының рухани дамуын өркендету мақсатында көп ұлтты еліміздегі халықтар ұлттық құндылықтарын сақтай отыра, ұлт мəдениетін дамыту шараларын жүзеге асыру қажет. Сонымен қатар президентіміз халықаралық конфессиональдық диалог пен халықаралық мəдениеттің маңызды орталығына айналу үшін Қазақстанды жаңа деңгейге көтеруіміз керек. Осындай ұлы мақсаттарға қол жеткізу барысында Қазақстанға əлем əдебиетімен мəдени байланысын нығайта түсу үшін аса қажет аударма саласы, оның ішінде аударма саласындағы заң терминдерін аудару аясы өзекті мəселелерінің бірі болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты қазақ және ағылшын тілдеріндегі заң терминдерінің ерекшеліктерін көрсетіп, заң мәтіндерінің ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару ерекшеліктерін зерттеу болып табылады. Айтылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қаралды:
- қазақ тіліндегі заң мәтіндерінің ерекшеліктерін қарастыру;
- ағылшын тіліндегі заң мәтіндерінің ерекшеліктерін қарастыру;
- заң мәиіндерінің жалпы аудармадағы теориялық және әдістемелік негіздерін анықтау;
- заң мәтіндерін аударудағы әдістемелерді меңгеру;
- заң мәтіндерін аударудағы баламалық мәселелерді талқылау.
Зерттеу нысаны. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі заң терминдерінің мағынасы мен ерекшеліктері, жалпы қалыптасу принциптері мен заңдылықтары ескеріледі. Зерттеуде тілдік құбылыстардағы заң терминдерінің жүйелілігі, дәйектілігі негізінде алынды.
Зерттеу жұмысының материалы ретінде қазақ және ағылшын тілдеріндегі заң ұғымындағы терминдік бірліктер алынды.
Зерттеудің дереккөздері. Қазақ тілінде осы кезге дейін аударма теориясы мәселелері бойынша қорғалған зерттеу жұмыстары, Заң терминдерінің ағылшынша-қазақша сөздігі (Окушева Г. Т, 2004), Заң терминдерiнiң қазақша-орысша және орысша-қазақша сөздiгi (1995), Тіл білімі сөздігі (1998), Заң терминдерінің түсіндірме сөздігі (М. Ізімұлы, 2000), Толковый переводоведческий словарь (Л. Л. Нелюбин, 2003) т. б. пайдаланылды.
Зерттеу әдістері. Зерттеу барысында алға қойған мақсат-міндеттерді орындау үшін мынадай әдістер мен тәсілдер басшылыққа алынды:
- негізгі дереккөздерді жинау барысында жаппай сұрыптау, жүйелеу, талдау тәсілдері;
- заң терминдерінің лексика-семантикалық және уәжділік ерекшеліктерін баяндауда лингвистикалық сипаттама тәсілі және компоненттік талдау.
Зерттеудің теориялық құндылығы. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі терминологиялық жүйе осы зерттеуде зерделеніп, қазақ тіл біліміндегі терминология теориясына өзіндік деңгейде үлес қосады.
Зерттеу барысында қол жеткен ғылыми нәтижелер мен тұжырымдар заң терминологиясы нысанасындағы теориялық мәселелерді айқындауға, дәйектеуге және әрі қарай дамытуға өз септігін тигізеді.
Зерттеудің тәжірибелік құндылығы . Сонымен жұмыс нəтижелерінің аударма саласында маңызы бар халықаралық құжаттарды, келісім-шарттарды ағылшын тілінен қазақша аудару бағытындағы атқарылатын жұмыстарға заң терминдерініңі рөлі мен қызметінен мəлімет беру арқылы көмегін тигізе алады.
Дипломдық жұмыстың негізгі материалдары мен теориялық тұжырымдарын жоғары оқу орындарында аударма теориясы салаласынан оқулықтар мен оқу құралдарын жасауда, арнайы семинар мен арнайы курстық, аудиториялық дәріс оқуда пайдалануға болады. Сонымен, өз шешімін күтіп тұрған басқа да ұқсас құбылыстардың аражігін ашуда септігін тигізіп, заң терминология салаларына қатысты болашақ зерттеулерге жол ашады.
Дипломдық жұмыстың теориялық негіздемесі болып қазақ тілінде осы кезге дейін аударма теориясы мәселелері бойынша қорғалған зерттеу жұмыстары, заң терминдерінің ағылшынша - қазақша сөздігі, отандық ғалымдардың және шетел ғалымдарының еңбектері қарастырылды. .
Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспе, үш тарау, қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі беріледі.
І Бөлім Заң мәтіндері және олардың ерекшеліктері
1. 1 Қазақ тіліндегі заң мәтіндерінің ерекшеліктері
“Тіл туралы” Заңның 4-бабында “Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін және іс қағаздарын жүргізу тілі”, - деп жазылған. Бірақ осы қағиданы ойдағыдай жүзеге асыруда мемлекеттік органдарда нақты әрекет тіпті жеткіліксіз. [1-25б. ]
Үкімет мыңдаған заң жобаларының бірде-біреуін мемлекеттік тілде ұсына алмады. Республиканың мемлекеттік органдары мен ұйымдарында заң, ресми құжаттар және барлық қаулы-қарарлар мемлекеттік жауапты адамдардың ойланып-толғанып, тікелей араласуымен жазылмай, орыс тілінде дайындалады. Ресми құжат дайындау ісіндегі мемлекеттік тілдің жай-күйіне нақтырақ тоқталайық.
Ресми құжаттарды әзірлеу ісінде кеңес дәуірінен қалған тәртіп, яғни орыс тілінің үстемдігі бәз-баяғынша сақталып қалса да, енді оның қазақша нұсқасының болуы міндетке айналды. Жалпы, тәуелсіздігіміздің тарихымен есептесек, 90-шы жылдардың алғашқы жартысын ресми аударма дамуының бірінші кезеңі деп айтуға болады. Құжаттың қазақша аудармасы бар ма, бар деген ыңғайда оның сапасына онша мән берілмеуі, аудармашының авторлық стилін ескеру осы кезеңге тән құбылыстар.
Уақыт өте ресми құжаттың, оның ішінде заңнаманың өзіне тән бұлжымас ортақ стилі болатыны, құқық қолдану мәселесі құжат тілін әркімнің стиліне салуды көтермейтіні анықтала түсті. Ресми аударманың көркем аудармадан басты ерекшелігі де осында еді.
90-шы жылдардың одан кейінгі жартысын қамтыған екінші кезеңде аударманың сапасы мен мағынасына мән беріле бастады. Терминкомның жұмысы жанданып, терминологиялық қорымыз біршама байи түсті. Бұл кезеңнің бір кемшілігі - мемлекеттік тілдегі құжаттар заң терминдері мен атау сөздердің баламаларын сынап көретін эксперименттік алаңға айналды. Ол тәжірибені ресми аударманың дамуында орын алған кемшілік десек те, бұл сол кездегі қажеттіліктен туындап еді. Қоғамдық өмірдің сан саласында жоғары қарқынмен жүргізілген реформалар нәтижесінде тілдік айналымға күн санап көптеп енген жаңа сөз тіркестері мен сөз орамдары ғылыми-теориялық, заңгерлік сараптамалық тұрғыдан жүйелі сараптаудың болмауы салдарынан аудармашыны осылайша өз бетінше әрекет етуге мәжбүр етті. Заң нормаларының практикада қолданылуында қиындық туғызатын бұл жағдайдан әлі де толық арыла алмай отырмыз.
Қазіргі кезеңді ресми аударма дамуының үшінші кезеңі деп айтуға болады. Бұл терминдерді бір ізге түсіріп, бұрын жаңсақ қолданылғанын түзету, олардың мағынасына көңіл бөлу кезеңі. [2-87б. ]
Осы жерде тағы бір тоқтала кететін маңызды мәселе: бізде ресми аударма ісі, әйтеуір тілден хабары бар ғой деген ниетпен, негізінен журналистер мен филологтарға жүктелген. Ал өз басым заңның мәтінімен жұмыс істейтін адам міндетті түрде заңгер болуы керек, тым болмаса ол құқықтың әр саласынан хабардар болуы керек деп ойлаймын. Өйткені, майталман аудармашы-журналистердің өзі заңның мәтінімен жұмыс істеуге келгенде, сол заңның табиғатын түсіне алмай қиналады. Әрине, бұл олардың кінәсі емес. Бүгінгі күнге дейін солай болып келді, қазір де солай. Сөздің мағынасын жете түсініп, қазақи ұғымға сай сөйлем құрғанымен, әр заң мен құқықтық актіде норма болатынын, әр сөздің болмаса да әрбір сөйлемнің норма жүгін арқалап тұратындығын кез келген аудармашы түсіне бермейді. Ал оны аңдамаған адам қазақшаға еркін аударып, немесе тігісін жатқызып редакциялап, бір қарағанда әп-әдемі, бас-аяғы дұрыс сөйлем құрғанымен, орыс тіліндегі түпнұсқамен салыстырып, заң шығарушының не айтпақ болғанын зерделегенде, оның айтпақ ойын, яғни норманы бұзып алатын жағдайлар да аз емес. Сондықтан заң мәтінімен жұмыс істейтін аудармашы да, редактор да оның табиғатын түсінетін адам, яғни заңгер болуы керек. [2-102б. ]
Қоғамдық қатынастардың бір немесе бірнеше ұқсас саласын реттейтін заңдық бір норманың мәтіндік, редакциялық жағынан өзгеріске ұшырамай, қалыптасқан шаблон секілді қайталанып келуін тезаурус деуге болады. Өкінішке қарай, біздің мемлекеттік тілдегі заң мәтініне тезаурус тән емес.
Тезаурусты былай қойғанда, мемлекеттік тілдегі заң мәтіндерінде терминдер мен атау сөздердің жарыспалы баламаларынан аяқ алып жүре алмайсыз. Тезаурус туралы терминдер бір ізге түсіп, әбден қалыптасып болғанда ғана айтуға болады. Әзірше әңгіме оның алғышарты ретінде терминология туралы болмақ.
Бұл мәселені қозғағанда біз терминдерді ұлттық заңнама терминологиясы шеңберінде қарастыратынымызды бірден айтып өтуіміз керек. Өйткені, заңдар қоғам өмірінің барлық саласын реттейтін жоғары құқықтық акт болып табылады. Сондықтан заңнама терминдері қоғамның тіршілік-тынысының барлық саласын қамтиды. [3-101б. ]
Ұлттық заңнама терминологиясында шешілмей жүрген бірқатар өзекті проблемалар бар. Оның біріншісі - нормативтік-құқықтық актілердегі атау сөздердің, терминдердің бірізділігі проблемасы. Нормативтік құқықтық актілер жобаларының орыс тілінде әзірленуі, Парламентке келіп түскенше осы жобалардың сол тілдегі мәтіні ғана пысықталып, ал қазақ тіліндегі аударма нұсқасының назардан тыс қалуы, депутаттық жұмыс топтарында да жобамен жұмыстың негізінен орыс тілінде жүргізілуі, жалпы алғанда ұлттық заңнама тілінің, оның терминологиясының орыс тіліндегі нұсқаға байланып қалуы ұлттық заңнаманың тілі мен терминдеріндегі бірізділіктің сақталмауына себеп болып отыр. Тиісті сала маманының, заңгердің тезінен өтпеген ұлттық термин алды-арты, кейінгі қолданылу жағдайы болжанбай, жалғыз аудармашының ой-өресіне байланып, бір қайнауы ішінде, шала-шарпы күйінде кетіп жатады.
Мәселенің түйіні нормативтік құқықтық актілер жобаларын қазақ тілінде әзірлеуде жатыр. Сонда ғана бірнеше сатыда алуан түрлі мамандар талқысынан өткен әмбебап терминдер қалыптасар еді. [3-120б]
Кеңес өкіметі тұсында ұлттық терминологиямыз интернационалистік принциппен дамыды. Түбірі сақталып, жалғауы орысшаға бейімделіп өзгертілген халықаралық терминдер, атау сөздер біздің тілдік ортамызға сол күйінше еніп кетті. Бірнеше ұрпақ сол терминдердің тілімен оқып, бұл сөздер әбден құлаққа сіңісті болып қалды. Енді кеп біз оларды жаппай аударуға көштік. Жөні келсе аударған дұрыс, әрине. Бірақ, өкінішке қарай, терминді, атау сөзді аударған кезде көпшілік жағдайда оның кез келген сөз тіркесіндегі әмбебап мағыналық принципі, яғни терминнің аудармасына деген академиялық көзқарас сақталмады. Көпшілік жұрттың оны қалай қабылдайтыны, аударма терминнің тілдік ортаға сіңісу мәселесі ескерілмеді. Содан келіп бір сөзді бірнеше нұсқада аудару проблемасы пайда болды. Академиялық көзқарас соңғы жылдары қаптап кеткен сөздіктерде де сақталмаған. Осыған байланысты академик Ә. Қайдаровтың сонау 90-шы жылдардың басында айтқан: “Қазақ тілі терминологиясы әр түрлі жағдайларға байланысты бүгінде дағдарысқа ұшырап отыр: оның ғылыми принциптері жаңа үрдіске бағыт-бағдар беріп, алда жүріп отырудың орнына артта қалып, термин практикасы аяқ асты болып бара жатыр. Осының салдарынан әркімнің өз білгенінше термин жасауы немесе оны ауыстыруы, алмастыруы тәрізді бейберекет әрекетке (анархия) жол беріле бастады”, - деген сөзі бүгінгі күні күрделі проблемаға айналып, алдымыздан шығып отыр. [4-174б]
Осы орайда Терминкомға мемлекеттік мәртебе берілсе, біздің жұртшылыққа тарап, қоғамдық пікір туғызатын ресми құжаттарымыз бен баспа басылымдарымызда бұрыннан екшеліп, електен өтіп, қалыптасқан сөздер мен тіркестерді әркімнің өз бетінше бұрмалап жазуына, жаңа сөздердің баламасын долбарлап жасай салуға да жол берілмес еді-ау деген ой келеді.
Тіліміздегі, оның ішінде ұлттық заңнамадағы терминдерді бір ізге түсіруіміз қажет. Бұл - елдігімізге сын. Ол үшін терминдерді ретке келтіріп алу керек. Содан соң халықаралық теорияның қазіргі принципіне сай терминдерді стандарттау және өзара үйлестіру жұмысына көшуіміз қажет. Себебі, біз халықаралық құқық теориясынан, оның терминологиясынан тыс қала алмаймыз. [5-48б]
Үлкен қиындық туғызып жүрген проблеманың бірі - мемлекеттік тілдегі терминдік қордың әлі жеткілікті деңгейде қалыптаспағаны. Еуропаны айтпағанда бұрынғы ТМД елдерімен салыстырғанда да біз бұл жөнінен көп кенжелеп қалғанбыз. Мысалы, Балтық жағалауы елдерінде мемлекеттік терминология комитеттері бекіткен терминдер саны 200 мыңға таяу болса, біздегі бекітілген терминдер одан шамамен он есеге жуық аз екен. [6-98б]
Терминология бүгінгі күні ең күрделі және проблемасы көп сала. Қазір жарыса шығып жатқан жаңа сөздер көп. Сөздіктердің өзі ала-құла. Кәсіби, салалық, ғылыми терминдердің әр жерде әр түрлі жазылуы бәрімізді де жаңылдырады. Заң, медицина, техника, экономика, әлеуметтану, саясаттану, тағы басқа салалардың өзіне тән терминдері мен атау сөздерін бір ізге түсіру де әлі басталмаған жұмыс.
М. Ізімұлының 1999 жылы шыққан “Заңи терминдердің түсіндірме сөздігі” деген еңбегінде “неустойка” сөзі “тұрақсыздық айыбы” (210-бет) деп алынған. Алайда бұл сөз 2000 жылы шыққан 31 томдық сөздіктің “Юриспруденция - Заңтану” атты 30-томында “айып төлеу” (261-бет) деп алынған. “Айып төлеу” дегеніміз “оплата штрафа” емес пе? Ал енді 2009 жылы жарық көрген “Заңдарда жиі қолданылатын терминдер мен сөз тіркестерінің қазақша-орысша және орысша-қазақша сөздігінде” аталған сөз “айып төлеу”, “айыпақы” және “тұрақсыздық айыбы” деп үш түрлі аударылған (13, 299-беттер) ; [7-200-300б]
Соңғы қабылданған заңдарда “недоимка” сөзі “бересі” деп алынып жүрсе, “Юриспруденция - Заңтану” сөздігінде “алашақ” (257-бет), ал Заңдарда жиі қолданылатын терминдер сөздігінде екі түрлі, атап айтқанда, 37-бетте “сумма недоимки - бересі сомасы”, ал 295-бетте “толық төленбеген төлем” деп алынған.
М. Ізімұлының сөздігінде “доказательство” сөзі “дәлелдеме” деп алынған (115-бет) . Оны Терминком да солай бекіткен. Ал Заңдарда жиі қолданылатын терминдер сөздігінде “айғақ” деп аударылған (12-б) . “Айғақ” дегеніміз - “показание”, мысалы, осы сөздіктің 325-бетінде “показание” - “айғақ” деп, ал 249-бетінде “доказательство” деген сөз “дәлелдеме” деп алынған. Ресми құжат аудармашылары басшылыққа алатын бір сөздікте бұл сөздің осылайша екі түрлі алынуы өкінішті-ақ. [7-249б]
Енді “осмотр”, “обследование”, “проверка”, “расследование” сөздері жөнінде. “Юриспруденция - Заңтану” сөздігінде “осмотр” - “қарау” (273-бет), “обследование” - “тексеру” (265-бет), “расследование” - “тергеу” (309-бет) деп алынғанына қарамастан, заңдарда жиі қолданылатын терминдер сөздігінің 172 және 311-беттерінде “осмотр”, “обследование”, “проверка”, “расследование” деген сөздер “тексеру” деген бір ғана сөзбен аударылыпты. Мұндағы “тексеру” дегеніміздің өзі “проверка”. Аталған жағдай тәжірибесі аз, жас аудармашыны шатасуға ұрындырады. Осындағы “осмотр” сөзін - “қарап тексеру”, “обследованиені” - “зерттеп тексеру” деп бекіткен жөн болар, “расследование” дегеніміз бұрыннан “тергеу” емес пе. [7-311б]
“Юриспруденция - Заңтану” сөздігінің 322-бетінде “соучастие” деген сөз “қатысу” деп аударылған. Ал “қатысу” дегеніміз “участие”. Сонда “участиенің” “соучастиеден” айырмашылығы болмағаны ма. [7-322б]
Ал “процесс” сөзінің, қарап отырсақ, кездеспейтін саласы жоқ. Жаратылыстану ғылымында да, гуманитарлық салада да, құқық теориясы мен практикасында да кездеседі. Мағыналық ауқымының кеңдігіне орай бұрын “процесс” деп алынып жүрген осы сөзді Терминком таяуда ғана “үдеріс” деп бекітті. Түбірі қазақ тіліндегі “үдеру” деген сөзден шығатын осы “үдерістің” “процеске” мағыналық жағынан тура балама бола қоярына күмәніміз бар. Жалпы, қандай сөзді алсақ та ол алдымен санада сәулеленеді, яғни белгілі бір құбылыстың, нәрсенің бейнесін береді. Ал “үдеріс - үдеру” деген сөз Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіндегі “үдере көшу” тіркесінен түсінетініміздей, жаппай әрі асығыс жасалып жатқан “үдере көшу” сияқты қарбалас тірлікті көз алдымызға әкелмей ме. Орыс тілінде “процестен” туындайтын “процессуальный” деген сөз бар. Егер “процесс” сөзі “үдеріс” деп алынатын болса, соған сәйкес “процессуальный” дегеніміз “үдерістік” деп аударылады. Сонда “Уголовный процессуальный кодекс” - “Қылмыстық үдерістік кодекс” (үдеру кезеңіндегі кодекс), “процессуальное положение” - “үдерістегі жағдай” (үдеру кезіндегі жағдай), “процессуальные документы” - “үдерістік құжаттар” (үдеру кезіндегі құжаттар) деген тіркестердегі “үдеріс” деген сөз “процестен” өзгеше, мүлдем басқа ұғымға жетелеп тұрған жоқ па. “Процесс” сөзінің осы баламасы жөнінде әлі де жақсылап ойлану керек секілді. Бұл сөз де ендігі жерде әр сөздікке әртүрлі формада кіріп, жарыспалы терминдер қатарын көбейте ме деп қорқамыз. [7-349б]
Құрылыс саласындағы “строительство”, “сооружение”, “строение”, “постройка” сөздері көбінесе “құрылыс” деген бір сөзбен алынып жүр. “Сооружение” деген сөзді жеке кездессе “ғимарат” деп, ал осы сөздің тікелей баламасы “здание” деген сөзбен қатар кездессе “құрылыс” деп, ал егер “строительство”, “здание”, “сооружение”, “строение”, “постройка” деген сөздер қатар кездессе, әркім әртүрлі амал жасап, өз бетінше аударып келеді. Осы күнге дейінгі бірде-бір сөздікте аталған сөздерге жеке-жеке балама тауып, бекіту әрекеті жасалған емес.
Мұндай жағдай заң мәтінінің аудармасы немесе терминдері жөнінде дау туа қалса, ең алдымен сөздіктерге жүгінетін заң шығарушыны, яғни депутаттар қауымын бір ұғымның бірнеше атауымен “қаруландыруға” “көп көмегін” тигізіп жүр.
Бұл жерде де Терминкомның рөлі жөнінде айтпай кете алмаймыз. Алдымен осы органға мемлекеттік мәртебе берілуге тиіс. Өйткені, оның шешімдерінің міндетті күші болуы қазір аса зәру мәселеге айналып отыр. Бұл туралы тілдерді дамытудың қазір қолданылып жүрген бағдарламасында да, Мемлекеттік хатшы терминология мәселесі жөнінде 2007 жылы өткізген жиынның хаттамалық тапсырмаларында да айтылған. Бірақ әлі күнге нәтиже жоқ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz