Ақпараттық технология тиімділігі және мүмкіндіктері


Мазмұны
КІРІСПЕ
1 БІЛІМ БЕРУДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ
1. 1 Ақпараттық технология туралы түсінік
1. 2 Ақпараттық технология тиімділігі және мүмкіндіктері
1. 3 Ақпараттық технологияны қолданудағы қиындықтар
және оны шешу жолдары
1. 4 Macromedia Flash бағдарламасы туралы негізгі ұғым.
2 ИНФОРМАТИКА ПӘНІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТҮРЛЕРІН ПАЙДАЛАНЫП ОҚЫТУ
2. 1 Интерактивті тақта туралы жалпы түсінік
2. 1. 2 Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері мен ерекшеліктері
2. 2 Электрондық оқулық
2. 2. 1 Электронды оқулық және оған қойылатын талаптар
2. 2. 2 Электронды оқулықтарды пайдаланудың педогогикалық ұстанымдары
3 ИНТЕРАКТИВТІ ТАҚТАНЫ ҚОЛДАНЫП ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
3. 1 «Блокнот» тақырбында интерактивтік тақтаны
қолдану арқылы жасалған тапсырмалар
3. 2 «Калькулятор» тақырыбына арналған интерактивтік тақтаны
қолдану арқылы жасалған тапсырмалар
3. 3 «Калькулятор» тақырыбына арналған интерактивтік тақтаны қолдану арқылы жасалған зертханалық жұмыстар
4 ҚҰРЫЛҒАН ЭЛЕКТРОНДЫ КУРСТЫ СИПАТТАУ
4. 1 Электронды курсты құру барысында қолданылған бағдарламалар
4. 2 «Блокнот және калькулятор бағдарлама» тақырыбын оқытуға арналған электрондық курсты сипаттау
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазіргі кезде ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласында ауқымды ілгерлеу жүріп жатыр. Ақпараттық технологияны қолданудың ең тиімді жолы сөзсіз жаһандық ақпаратқа қол жеткізу болып келеді.
Қазақстан Республикасының білім беруді 2010 жылға дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында ақпараттық және коммуникативтік технологияны білім беру жүйесін жеделдетіп дамытуға қолдану негізгі міндеттердің бірі ретінде анықталады.
Ақпараттық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.
Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.
Қазір информатиканы проблемалық әдістермен оқыту кең түрде қолданылып отырғанда оқушылардың информатикалық білім дәрежесін арттыру мұғалімдер қауымының алдындағы ең қиын да, күрделі міндеті.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Жалпы орта мектептің оқу үрдісінде ақпараттық технологияны тиімді қолдану қазіргі уақытта өзекті мәселенің бірі болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Macromedia Flash бағдарламасы ортасында “Блокнот және калькулятор” тақырыбына электронды құрал жасау және ACTIVstudio бағдарламасының мүмкіндіктерін қолданып тапсырмалар дайындау.
Дипломдық жұмыстың практикалық маңыздылығы: Әзірленген электрондық құрал және ACTIVstudio бағдарламасында жасалған тапсырмалар орта мектептердің информатика пәні бойынша 7-сынып оқытушыларына арналған. Өскемен қаласы, гуманитарлы-эстетикалық дамыту бағытындағы №20 А. Байтұрсынов атындағы жалпы білім беретін мектепте бұл электрондық құрал және тапсырмалар қолданылды.
дипломдық жұмыс төрт бөлімнен тұрады. Оның екі бөлімі теориалық, екеуі практикалық болып қарастырылды. Бірінші бөлімде ақпараттық технология жайында болса, екінші бөлімінде осы ақпараттық технолгия түрлеріне жататын иентерактивті тақта және электронды оқулық туралы қарастырылды. Үшінші бөліміне тоқталатын болсақ, онда ACTIVstudio бағдарламасының мүмкіндіктерін қолданылып тапрысмалар жасау туралы жазылды. Ал, төртінші бөлімде электронды курс сипатталды.
1. Білім берудегі ақпараттық технология
- Ақпараттық технология туралы түсінік
ХХІ ғасыр - жаңа технология мен ақпараттандару ғасыры. Тәуелсіз Қазақстан да сол ғасырға нық қадаммен басып келеді. Ел өмірінің барлық салалары компьютерлендіре бастады. Ендігі кезекте еліміздің ертеңі болар бүгінгі жас ұрпақты ақпараттық технологияның көмегімен тиімді білім беріп және жаңа технологияның даму заманыныда компьютердің қыр - сырын терең меңгертуіміз керек.
Ақпараттық технология электронды есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электронды оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық технология - қазіргі компьютерліктехника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері - жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.
Ақпараттық технологияны қолданудың мақсаты оқыту процесінде барлық білім алушыларға меңгерілетін білімнің қол жетерлігін қамтамасыз ету, әдістер мен дидактикалық құралдар студенттердің кәсіби дайындығы. Оқытудың ақпараттық технологиясын И. И. маркель былайша анықтайды: «Оқытудың ақпараттық технологиясы дегеніміз - студенттің өз бетінше таным қызметін, оқытудың оқу процесін басқаруды жеңілдетуге бағытталған әдістемелік, психологиялық педагогикалық бағдарлама, технологиялық және ұйымдастыру құралдарының кешені». Зерттеушілердің еңбектеріне сүйенетін болсақ, ақпараттық технологияға төмендегідей түсінік беріледі:
Техникалық құралдармен әдістер жиынтығы, белгілі бір ақпаратты ұйымдастыру, өңдеу сақтау, жеткізу, әлеуметтік және техникалық процесс негізінде адамдардың білім кеңейтіп, дамыту (В. Ф. Шолохович) ;
Бағдарламалық ақпараттық құралдар, есептеуіш техникалар, ақпарат алмасудың қазіргі құралдары, ақпаратты өңдеу, сақтау, жеткізу (Роберт И. В. ) . Жаңа ақпараттық технологияның жылдан жылға кең құлаш жайып дамуы адам қызметінің барлық салаларына енгізілуне орай жас ұрпақты компьютерлік техниканы пайдалану үшін даярлауда олардың компьютерге деген оң көз қарасын қалыптастыру мен қатар, оқушылардың сыныптағы және сыныптан тыс оқу қызметін компьютер арқылы ұйымдастыру.
Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға негізгі мақсаттарға мыналар кіреді:
- Ақпаратпен жұмыс іскерлігін, қалыптастыру, комуникативтік қабілетін дамыту;
- Ақпараттық қоғамның тұлғасын дайындау;
- Берілетін оқу материалының көлемін оқушы меңгере алатын деңгейге дейін өсіру;
- Бастауыш мектептерде оқытылатын сабақтарда компьютерді жиі пайдалану арқылы;
- Бастауыш сыныптан бастап жүйелі түрде информатика пәнін оқыту арқылы.
Мектептерде балаларға арналған информатика үйірмелерін ұйымдастыру арқылы жүргізуге болатына көз жеткізуде. Ал жоғарыда көрсетілген әдістердің барлығы бір - бірімен ұштастырылса жас жеткіншектердің кампьютерлік сауаты, әр кампьютерлік мәдениетті болып өсіуіне жол ашады.
Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам-ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек.
Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі - осы ақпарат. Бірақ оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нәрсеге айналып кетуі мүмкін. Бұл ақпараттың пассивті түрде пайдаланатын бөлігінің артуына байланысты болып отыр. Интернеттің кең таралуына орай ақпарат таратудың бақылауға көнбейтін кері процесінің күнен-күнге артып бара жатқаны байқалады.
Жаңа мыңжылдық - бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес. Ол- өткенді таразылап, өмірдің мәнін жаңаша түсінуге, болашақты барынша жете дұрыс анықтайтын уақыт. Әсіресе, бүгін біз өз күшімізді жарқын болашаққа жұмсауымыз керек. Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның білімімен және мәдениетімен анықталады. Сондықтан, біздің ойымызша, білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып отырған әлемге дайындау - бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті мәселесі.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр - ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі - қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру - экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі.
Қазіргі таңда әлеуметтік жағынан қорғанған адам - ол технология ауысуына және нарық талабына сай терең білімді, әрі жан-жақты адам. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі - тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Қорытындысында білім беру - адамға үздіксіз оқуға, білім алуға жан-жақты білім қызметін ұсынатын әлеуметтік институт болуы керек.
Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.
Бұдан шығатыны, ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының бірі - «Білім-бүкіл өміріңе» қағидасынан «Білім бүкіл өмір бойына» қағидасына қте алатын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарын іздеу болып табылады.
Информатика пәнін оқытудың тиімділігін арттырудың жолдары өте көп. Соның бір жолы ретінде оқытудың жаңа технологиясын енгізуді атап өтуге болады.
Ақпараттық қоғам қалыптасуының басым бағыттарының бірі оқыту жүйесін ақпараттандыру болып табылады. Ақпараттық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін бамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сұретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр. » деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педогогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етіледі. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.
Қазақстан Республикасы Призедитентінің 1997 жылғы 22 қыркүйектегі №6345 үкімімен бекітілген «Орта білім беру жұйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасы» мектептегі білім беруді ақпараттандыру процесіне негіз қалады.
Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты орындау барысында оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындап отыр.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында: « . . . экономиканың барлық салалары үшін жоғарғы білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаудың сапасын арттыру . . . » және « . . . кәсіби міндеттерін дербес әрі шығармашылық тұрғыдан шешуге, кәсіби қызметтің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсінуге, оның нәтижелері үшін жауап беруге қабілетті кәсіби құзыретті жеке тұлғаны, бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыруды тиімді жүйесі құрылатын болады» деп атап көрсеткен.
Мемлекеттік бағдарламада оқу үрдісіне педогогикалық және ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану жалпы білім беруді дамытудың басты бағдарының бірі делінген.
Бүгінгі күні ақпараттық білім кеңістігінің деңгейіне Республика мектептерін көтерудің тиімді жолы білім саласын толықтай ақпараттандыру. Қазақстан Республикасының «Білім түралы» Заңында білім беру жүйесін ақпараттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат негізінде анықтылынып, осы жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр. «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделіннің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады.
Индустриядан ақпаратты өркениеттке көшудің кезеңінде қоғам дамуының негізгі факторы мемлекеттің қызметін құрайтын саяси-экономикалық, әлеуметтік салаға белсенді әсер ететін ақпараттық-коммуникациялық сала болып табылады және экономиканы ғаламдандыру мен қоғамдық қатынастар процестерін айқындайды.
Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауында өткен ғасырдаң отызыншы жылдарында сауатсыздықпен күрес жүргізілгендей, компьютерлік сауаттану жөніндегі ауқымды іске азаматтарды тарту қажеттігі айтылған және мемлекеттік қызметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерді, интернетті және электронды почтаны қолдана алу дағдысы міндетті талап болуға тиіс екендігі атап көрсетілген. Осыған байланысты ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр:
- Компьютерлік техниканы,
- Интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекомуникациялық құралдарды;
- Электрондық оқулықтарды оқу ұрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.
Еліміздегі саяси, әлеуметтік - экономикалық өзгерістерге сай білім беруді ақпараттандыру бағытында мектебімізде жүргізіліп жатқан жұмыстар ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда. Осы сала төңірегінде «білім беру саласындағы ақпараттық технологиялар», «Информатика пәнін оқытудағы инновацилық технологиялар», «Qbasic, Pascal программалау тілдері», «12 жылдық білім беру барысында информатика пәнін оқыту әдістемесі», «Білім беру саласындағы ақпараттық мәдениет негіздері» тағы басқа да тақырыптар бойынша білім жетілдіру курстары ұйымдастырылады.
ХХІ ғасыр - ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Ал, бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар практикалық білімнің алғы шарттарын меңгеруі тиіс. Ал, теориялық білімді практикамен ұштастыру үшін компьютердің қажет екендігі даусыз.
Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудің ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Бұған себеп оқыту процесінде туындайтын компьютерлендірудің педогогикалық - психологиялық жаңа проблемалары әлі толық шешілмеген.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру білім беру үшін үлкен перспективалар ашылады. Соңғы жылдары компьютерлік, телекоммуникациялық техника мен технологиялардың қоғам өміріндегі рөлі мен орнында түбегейлі өзгерістер болды. Ақпараттық және телекоммуникациялық игеру кәзіргі заманда әрбір жеке тұлға оқу және жазу қабілеті сияқты сапалармен бірге қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды. Алынған білім мен дағдылар бұдан әрі көптеген жағдайда қоғамның даму жолдарын анықтайды.
Ақпараттандырудың негізгі бағыты ХХІ ғасырдаң талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғарғы тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Осыған сәйкес қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне - оның іргелі, алдын алу сипаты және осыларға қол жеткізу мүмкіндіктері жатады. Білім беру жүйесін ақпараттандыру бағыттарының бірі ақпараттық технологияларды білім беру саласына енгізу жұмыстары болып саналады.
Ақпараттандару және бұқаралық телекоммуникацияларды ғаламдастыру кезеңінде қазіргі қоғам ақпараты нақты тұтынушылардың ұсыныстары мен қызығуына сай ақпарат ағынын қалыптастыруға, ақпаратқа көлем және жылдамдық жағынан шектеусіз қол жеткізеді, сондай-ақ кез-келген қашықтықтағы ақпарат назар аударуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін әлемдік ақпараттық орта жағдайында ақпараттық қоғамдық өнім ретінде белсенді пайдаланумен сипатталады. Бұл өскелең ұрпақты ақпараттық қоғаммен зиялы қарым - қатынасқа оқытып, тәрбиелеуге және ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасайды.
Әрбір елдің технологиялық даму дәрежесіне оның экономикалық қуаты мен халқының тұрмыс деңгейі ғана емес, сол елдің әлемдік қоғамдастықта алатын орны, басқа елдермен экономикалық және саяси ықпалдасу мүмкіндіктері, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік мәселелерін шешуіне байланысты. Сонымен қатар, әрдебір елде қазіргі технологияның дамуы мен қолдануының деңгейі оның материалдық базасының дамуымен қатар емес, негізінен қоғамды парасаттандыру денгейімен, оның жаңа білімді туындату, игеру және қолдана білу қабілетімен де анықталады.
Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу - ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етеді. Білім беру саласында электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу интернет, электрондық почта, теле - конференция, видео - конференция, телекоммуникайиялық жүйелер арқылы іске асырылады.
Қазір бүкіл дүние жүзі біртұтас денеге айналып - ғаламдасу құбылысы жұріп жатқанда, әр түрлі байланыс жүйелер сол дененің нерв, қан тамырларының рөліне айналған мына заманда интернеттікжүйені меңгермегшен ел ерте ме, кеш пе дүние жүзінен келетін байланыс нәрін жоғалта бастады. Түрлі елдерде болып датқан жаңалықтармен танысуда, ақпараттық ағымынан қалыстауда интернет, электронды пошта құралдарын пайдалануға болатыны белгілі. Сондықтан білім беруді ақпараттандырудың тағы бір басты бағыттарының бірі оқушылардың интернет жүйесінде жұмыс істей білуіне жағдай жасау.
Интернет жүйесінде жүмыс істеу оқушыларлымызға әлемдік білім мен ғылым жетістігін хабарлар болып, оны игеруіне шексіз мүмкіндіктер ашатыны хақ. Интернет пайдалану арқылы оқушылар өздеріне керекті мәліметтер алу арқылы білімін жетілдіре түсетіні сөзсіз.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рүхани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қызығы да - мектеп.
Қазақ мектептерінің білім деңгейін көтеру және онда ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу - тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшылықтарының, педогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз.
Жоғарыда айтылған ой - пікірлерді тұжырымдай келе, компьютерді қолдану негізінде мектеп пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.
Мектепті ақпараттандыруға осылай мемлекет тарапынан үлкен экономикалық қолдау көрсетіліп, оны оқыту, үйрету мәселесі бүкіл халықтық деңгейге көтерілсе ғана біздің еліміз өндірістің жоғары психологиясын меңгерген дүниежүзілік бәсекеге төтеп беретін, өндіріс өнімдерін өндіре алатын алдыңғы қатарлы мемлекетке айналады. Ол дәрежеге жетуге қажетті білім алуына біздің жас ұрпақтың қабілетінің жететіне сенім мол.
Ақпараттық технология - өзінің мәнділігі жөнінен өте әділ де шындыққа негізделген үрдіс. Демек, ХХІ ғасыр әрбір адамның өз мүмкіндігінше білімін пайдалануға кең өріс ашқан технология құралдармен жұмыс істеуге мол мүмкіндік туғызған ғасыр болып отыр.
Ақпараттық технологияларды педогогикалық тұрғыдан дұрыс пайдалана білу оқушының жадына, эмоциясына, ынтасына, әсер ете отырып, оның интеллектуалдық мүмкіндіктерін күшейтуге көмектесіп, оқушының танымдық және жұмысының өнімділік әрекеттерін қайта құру шарттарын қалыптастырады. Қазіргі кездегі мұғалімнің ақпараттық іс-әрекеті де ақпараттық қоғам құрудағы негіздемелердің бірі болып табылады. Мұғалімнің өз жұмысында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалана білу оның кәсіби біліктілігінің маңызды бөлігіне айналып, педагогтың ақпараттық мәдениетін анықтайтын факторға айналды.
Қазіргі кезде ақпараттық технологияны дамыту білім беру саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. Соңғы жылдары ақпараттық технологиялар саласында ауқымды ілгерлеу байқалып отыр. Барлық пәндер бойынша электронды оқулықтар, мультимедиялық призентация жасалынуда, интернет және интерактивті тақта қолданылуда. Енді осы мүмкіндіктерді тиімді қолданып әдс тәсілдерін мұқият меңгерген дұрыс.
Ақпараттық технологияны оқу тәрбие үрдісіндегі қолдану оқушының қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, білімдік сапасын арттыруда бұл технологияның үлесі мол.
1. 1 Ақпараттық технологиясының тиімділігі және оның мүмкіндігі
Ақпараттық технологияны қолданудың ең тиімді жолы сөзсіз жаһандық ақпаратқа қол жеткізу болып келеді. Оқушылар сыныптан шықпайақ ғылым аймағындағы жаңа құрылымдармен танысуға, тіпті қарама-қайшы болуы мүмкін бір сұрақты әр түрлі көзқараста қарастыруға мүмкіндік береді. Ақпараттық технолгияның мүмкіндіктері оқушыларға мектеп зертханасында практика жүзінде байқау мүмкін емес үрдістерді моделдеуге рұқсат береді. Бұл оқушыларға үрдістің толық болмысын тұсінуге жол ашады және жаңа мәліметтерді қабылдауға септігін тигізеді.
ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: әрбір жоғары оқу орындарының білім беру үрдісіне педагогикалық технологиялар мен қатар компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, электрондық оқулықтарды тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.
Ақпараттық технологияны қолдануда оқушылардың шығармашылық дарындылығын қалыптастыру үшін сабақта төмендегідей іс-шараны ұстанған жөн:
Оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесіне ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану.
Оқытудың жаңа әдістері мен ормаларын (проблемалық, ұйымдастырушылдық іс-әрекетін копьютерлік ойындар т. б. ) сабақта жиі қолдану.
Проблемалық зерттеу, аналитикалық және моделдеу әдістерін қолдану арқылы классикалық әдістерді жетілдіру. Жаңа ақпараттық технологиялардың құралдарын (жаңа типтегі компьютерлер, телекоммуникация, виртуалды орта және мультимедия-технология) пайдалану арқылы оқу процесінің материалдық- техникалық базасын нығайту.
Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдысын жетілдіру үшін әрбір оқу орындары төмендегідей бағыттарды негізге алу керек:
-Оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды іске асырудың жүйелі ғылыми -әдістемелік жолын анықтау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz