Кәсіпорынға қарағандағы ақша



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   
Кәсіпорында ақша ағымын жоспарлау жүйесін талдау

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

І. КӘСІПОРЫНДА АҚША АҒЫМЫН ЖОСПАРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорында ақша ағымының мәні, шығу тарихы
1.2 Ақша ағымын басқарудың нарықтық экономикадағы рөлі
1.3 Кәсіпорынның ақша ағымының сыныпталуы

ІІ. ЖШС Денус−Астана ақша ағымын жоспарлау жүйесін талдау
2.1 Кәсіпорынның ақша ағымының көлемі мен құрылымын жоспарлау
2.2 Денус−Астана жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде ақша
ағымының кірісі мен шығысының жоспарын құру
2.3 Төлем календарін құру

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаменті
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекітетін республикалық бюджет
шығыстарының кестесіне сәйкес, сондай-ақ қолда бар қаржылық ресурстардың
шегінде ұйымдарға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1995 жылғы 18
қыркүйектегі N 239 "Қаржылық жоспарды жасау және қолма-қол ақшаның ағымын
болжау жөніндегі" Нұсқаулығында айқындалған және Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің 1996 жылғы 5 маусымдағы N 130 бұйрығымен енгізілген
өзгерістердің тәртібімен ұйымдарға қазынашылық рұқсаттар береді.
Диплом жұмысының өзектілігі. Кәсіпорынның ақша ағымы – қаржылық жыл
ішінде банктің табатын және төлейтін ақшалай қаражаттар сомаларының
арасындағы айырмасы болып табылады.
Ақшалай ағымның бағалануы көрінісі ең қолайлы және тиімді
анализдік инвестициялық проектте жүреді. Көптеген ақшалай ағымдары 2
элементтен тұрады: қажетті инвестиция, ақша ағымдарының шыққан
шығындармен байланысты. Алдыңғы болжанған болжаммен бағаның көбінесе
басқа мамандықпен сонымен қатар маркетингпен бухгалтерлер,
кәсіпкерлермен, шығарушылар. Ең басты қаржылық процесте көрсетіледі:
Ақшалай ағымдар және бухгалтерлік есеп. Басқадай қате көздерге
байланысты бұл бухгалтерлік есепті әр түрлі біріктірулер және
кірістер, ал олар көбінесе бір келісімде болмайды, қорытындыға
келу үшін ақша ағымы қажет.
Кіріс кірген кезде шығынды санамайды капиталдың кіріс арқылы
олардың ақшалай қосылғандығын керісінше амортизациялық санау жүйесі
жүреді, ақшалай ағымға тиіспейді Осы айтылғандар курстық жұмыстың
өзектілігін көрсетеді.
Диплом жұмысының мақсатына мыналар жатады:
- түсімдеріне өнімдерді өткізуден алынған түсім тауарлы –
материалдық қорларды жеткізуден және қызмет көрсетуден түскен
авнстар: түрлі сипатта сыйақы төленген дивиденттер мен
рояльтилердің проценттері басқа да және өткізуден тыс
табыстар басқа түсімдер.
- жұмсалуына жатады өндірістік шығындары; тауарлы – материалдық
қорларды жеткізуге жұмыстарды орындауға және көрсетілген
қызметтерге берілген аванстар, материалдармен тауарлар үшін
жеткізушілермен мердігерлерге төлемдер, жалақы бойынша
төлемдер мен басқа да төлемдер, бюджетпен әлеуметтік
сақтандыру органдармен бюджеттен тыс қорлармен есеп айырысу
проценттерді төлеу басқа да төлемдер.
Диплом жұмысының міндеттері:
- бағдарламасы шеңберінде 2006 - 2008 жылдары шетелдік
корреспонденттік пунктерді құру;
- материалдық – техникалық жарақтандыру жөніндегі;
- инвестициялық жобаны іске асыруды, жүзеге асыру көзделіп
отыр;
- жоба шеңберінде 10 – нан астам алыс және жақын шет елдерде
компанияның корреспонденттік пунктерін ашу көзделуде.
Ақша  ағымы – қаржылық жыл ішінде банктің табатын және төлейтін
ақшалай  қаражаттар  сомаларының  арасындағы  айырма  болып  табылады.
Ақшалай  ағымның  бағалану  көрінісі  ең  қолайлы  және  тиімді 
анализдік  инвестициялық  проектте  жүреді.Көптеген  ақшалай  ағымдары  2 
элем нттен  тұрады:
қажетті  инвестиция, 
ақша  ағымдарының  шыққан  шығындармен  байланысты.
Алдыңғы  болжанған  болжаммен  бағаның  көбінесе  басқа  мамандықпен 
сонымен  қатар  маркетингпен  бухгалтерлер,  кәсіпкерлермен,  шығарушылар. 
Ең  басты  қаржылық  процесте  көрсетіледі:
1.Координациялық  және  басқадай  мамандығы  бойынша;
2.Экономикалық  көріністермен  көрсетілген  көріністермен  дайындалған 
дайындықпен;
3.Қарсыластық  тенденциялық  бағалау  формасы .
        Ақшалай  ағымдар  және  бухгалтерлік  есеп. Басқадай  қате 
көздерге  байланысты  бұл  бухгалтерлік  есепті  әр  түрлі  біріктірулер 
және  кірістер, ал  олар  көбінесе  бір  келісімде  болмайды,  қорытындыға 
келу  үшін  ақша  ағымы  қажет.Мысалы:  бухгалтер  өзіндік  кірістерді, 
олар  ақша  жүйесінде  жүреді,  олар  ақша  ағымдарына  байланысты  емес 
жартылай  айналыстағы  ағымдар  кредит  арқылы  жасалады.  Кіріс  кірген 
кезде  шығынды  санамайды  капиталдың  кіріс  арқылы  олардың  ақшалай 
қосылғандығын  керісінше  амортизациялық  санау  жүйесі  жүреді,  ақшалай 
ағымға  тиіспейді. 
         Тікелей  әдісті  қолданған  жағдайдағы  операциялық 
қызметтің  нәтижесінде  туындайтын  ақша  қаражатының  ағынына  жатады:
-         түсімдеріне  өнімдерді  өткізуден  алынған  түсім  тауарлы –
материалдық  қорларды  жеткізуден  және  қызмет  көрсетуден  түскен 
аванстар:  түрлі  сипатта  сыйақы  төленген  дивиденттер  мен 
рояльтилердің  проценттері  басқа  да  және  өткізуден  тыс  табыстар   
басқа  түсімдер.
-         жұмсалуына  жатады  өндірістік  шығындары;  тауарлы –
материалдық  қорларды  жеткізуге,  жұмыстарды  орындауға  және 
көрсетілген  қызметтерге  берілген  аванстар,  материалдар  мен  тауарлар 
үшін  жеткізушілер  мен  мердігерлерге  төлемдер,  жалақы  бойынша 
төлемдер  мен  басқа  да  төлемдер,  бюджетпен  әлеуметтік  сақтандыру 
органдарымен  бюджеттен  тыс  қорлармен  есеп  айырысу  проценттерді 
төлеу  басқа  да  төлемдер [1].
Ақшалай ағымды басқару қаржылық менеджердің жұмысының ең маңызды
бағыттарының бірі болып табылады. Оның құрамына мыналар кіреді: ақша
құралдары айналымының уақытын (қаржылық цикл), ақшалай ағымды таңдау, оны
болжау, ақша құралдарының оптималды деңгейін анықтау, ақша құралдарының
бюджетін құрастыру және т.б.
Аталған проблемаларды шешу үшін қажетті компьютерлік,
комуникациялық және басқа да техникалық жабдық сатып алуды жүзеге
асыру ұйғарылып отыр. Бұл жобаны іске асыруға арналған
болжамды шығыстар 55000 мың теңгені құрайды. Жобаны іске асыру
мерзімі – 2006 – 2008 жылдар. Инвестициялық жобаны қаржыландыру көзі
компанияның меншікті қаражаты болып табылады.
2003 – 2009 жылдар кезеңінде Компанияның ақша ағымының
мұнай өндіруші кәсіпорындарының өндірістік қуаттарын дамыту жер
үсті объектілерін салуға, қайта жаңартуға және жаңғыртуға, сенімді
әрі өнімділігі жоғары жер асты жабдығын қолдануға, компьютерлік
геологиялық модельдер негізінде кен орындарын игеруді бақылаудың
тиімділігі жоғары жүйесін құруға келіп тіреледі.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан
және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I. Кәсіпорында ақша ағымын жоспардаудың теориялық негіздері

1.1 Кәсіпорында ақша ағымының мәні,шығу тарихы

Соңғы жылдары кәсіпорынның қаржылық басқару жүйесінде ақша ағымын
ұйымдастыру сұрақтарына көп көңіл білдіруде.Олар оның шаруашылық қызметінің
шекті нәтижесіне үлкен әсер етеді. Сонымен бірге,кәсіпорынның ақша
ағымының тұжырымдамасы қаржылық басқарудың дербес объектісі ретінде
қаржылық менеджмент сұрақтары туралы әлі де отандық және шетелдік
әдебиеттерінде жеткілікті түрде бет алған жоқ. Бұл туралы айғақты
американдық,еуропалық,жапондық және отандық мектептер дайындаған бүкіл
қаржылық менеджмент негіздері іргелі әдебиеттерінде кәсіпорынның ақша
ағымдарын басқарудың бас көтерер дербес бөлімі жоқ екенін куәландырады.
Сонымен бірге, барлық түрдегі мен нысандағы кәсіпорынның ақша
ағымы,тиісінше оның біріккен ақша ағымы қаржылық менеджменттің дербес
объектісі болып табылатыны күмәнсіз. Бұл ақша ағымдары кәсіпорынның барлық
тұрғыдағы шаруашылық қызметін қамтамасыз ететіндігімен анықталады. Бейнелі
түрде ақша ағымын кәсіпорынның шаруашылық мүшесісінің “ қаржылық қан
айналымы ”ретінде елестетуге болады. Кәсіпорынның тиімді ұйымдастырылған
ақша ағымы оның “ қаржылық ахуалының ” басты белгісі, орнықты өсуін
қамтамасыз етуі және де толық шаруашылық қызметінде үлкен ақырғы
нәтижесінің жетістігі болып табылады. Ақша ағымының ( батыс
терминологиясында – менеджменттегі кэш флоу ) қазіргі
қағидаттарын,механизмдерін және басқарудың тиімді тәсілдерін білу мен
практикалық қолдануы кәсіпорынды нарықтық экономика жағдайында жаңа сапалық
экономикалық өркендеуіне өтуге мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның ақша ағымын басқарудың жүйесі мен механизмін дамыту − бұл
қаржылық менеджментінің маңызды категориясын теориялық зерттеуін
тереңдетуді талап етеді,ең бастысы— оны анықтайтын мәнді сипаттамасын жан-
жақты талқылау. Бұл талқылауды алдын алатын болсақ, осы зерттеу иеленудің
нақты субъектілерінің ақша ағымын басқару жүйесіндегі жеке теориялық
жағдайды кейінгі практикалық пайдалануға бағытталғанын айтып кеткен жөн.
Бұндай тежеу ақша ағымының теориясын зерттеу өрісінен оны қоғамдық-
экономикалық қатынас формасы ретінде сипаттайтын және кәсіпорынның шегінен
шығатын оның қалыптасу мен ағымының ерекшеліктерін саналы түрде бұл
категорияның бүкіл дерекіз анықтамаларын жояды.
Жоғарыда айтылған зерттеу мақсатын есептегенде қаржылық басқарудың
объектісі ретінде, біздің пікірімізше, бұл категорияның мәнді жақтарын
кешенді түрде қамтитын кәсіпорынның ақша ағымының негізгі сипаттамасын
тұжырымдайық ( сурет 1).

Сурет 1. Кәсіпорынның ақша ағымының мәнді негізгі сипаттамасы
басқару объектісі ретінде

1. Ақша ағымы кәсіпорынның шаруашылық қызметін қаржылық басқару
объектісі ретінде. Ақша қозғалысының процессі кәсіпорынның қаржылық
қызметінің саласына кіретін ақша қатынасын көрсетеді. Бұл кәсіпорынның ақша
ағымы мен оның қаржылық қызметінің саласы арасындағы байланыс көптеген
экономисттер атап кеткендей — көбірек пайдаланатын анықтамамен кәсіпорын
қаржысы шаруашылық қызмет жүзеге асыру барысында ұйымдастырумен,таратумен
және ақша құралдарын пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастар
жүйесін білдіреді.
Кәсіпорынның ақша ағымы оның ішкі және сыртқы сипаттағы ақшалай
қатынасын көрсетеді.
Сыртқы ақшалай қатынастарға кәсіпорынның барлық деңгейдегі бюджеті мен
бюджеттен тыс қорлар; қаржылық нарық инфрақұрылымының тікелей қатысушылары
мен мекемелер ( коммерциялық банктер, фондық және валюталық биржалар,
сақтандыру компаниялары, инвестициялық қорлар және компаниялар және т.с.с.
);операциялық қызметтегі серіктесі мен тауарлы нарығының инфрақұрылымдық
мекемесі ( шикізат мен материалдарды тасымалдаушылар,негізгі қаражат пен
материалдық емес активтерді сатушылар, дайын өнімді сатып алушылар,
тауарлы биржалар және т.б.);өндірістік инфраструктураның органдары (
трансторт кәсіпорынымен, байланыс мекемелерімен және т.с.с.); басқа да
шаруашылық субъектілер жатады.
Ішкі ақшалай қатынастарға тиісінше басты және еншілес кәсіпорындар
арасындағы; әртүрлі құрылымдық бөлімшелер арасындағы ( “жауапкершілік
орталығымен ”); кәсіпорын мен оның құрылтайшылары( акционерлер)және
қызметкерлері арасындағы ақшалай қатынастарды жатқызуға болады.
2. Кәсіпорынның ақша ағымы елдің ақша жүйесі мен ақша нысанымен
тікелей байланысты процесс ретінде. Кәсіпорынның ақша ағымының маңызы
олардың активтерінің өзгеше түрінің қозғалысы болып табылады,ол — ақша
және ақша эквиваленттері. Ақша деген әр экономикалық жүйенің ең маңызды
элементі болып табылады және дербес елдердің экономика жағынан дамуының
ұлттық ерекшелігін көрсетеді. Бұл ерекшеліктер нақты таңдалған ұлттық ақша
бірлігінде,сол елдегі жіберілген ақша валюталарының түрінде,сол елдің
эмиссиялық ( немесе монетарлық ) саясатында,елдегі қолма-қол және қолма-
қолсыз ақша айналыс арақатынасында, жеке қаржылық инструменттерді
пайдаланудың ерекшелігі мен кеңдігінде, кәсіпорынның жанама ақшалай
қатынасында, және де елдің ақша жүйесінің сипатын анықтайтын басқа да
параметрлерінде көрініс табады.
Басқа сөзбен айтқанда,егер де кәсіпорынның материалдық және материалдық
емес активтері олардың жекелеген кеңділігімен функциондық ерекшеліктері
операциондық қызметінің өзгешелігін дәйектелінетін түрлерін сипаттаса,онда
ақша ағымы барлық кәсіпорындар үшін әмбебапты сипатта болатын ақша
қозғалысы мен ақша эквиваленттерімен байланысты болады.
Нақты бір елдегі ақша айналымы оның ақша жүйесімен анықталатын
ұйымдастыру нысаны жеке шаруашылық субъектілердің ақша ағымының сипатына
үлкен әсер етеді. Егер де елдегі қазіргі кезде айналыстағы ақша жүйесі
жақсы жұмыс істеп тұрса,онда ол кәсіпорынның ақшалай активтерінің барлық
кезеңдегі айналыстағы ақша ағымын мүмкіндігінше кеңейтуге және
интенсифтенуге мүмкіндік береді. Немесе керісінше, егер де елдегі ақша
жүйесі аяқталмаған болса,онда ол кәсіпорынның ақша ағымын бәсендетуіне,
олардың көлемі мен уақыт бойынша жеке түрлерінің тұрақсыздығына әкеледі.
Бұл деген оның даму қарқыны мен щаруашылық қызметінің тиімділігіне жағымсыз
әсер етеді.
3. Кәсіпорынның ақша ағымы капиталды ұйымдастыру,бөлу мен пайдалау
ерекшелігімен байланысты процесс ретінде. Кәсіпорынның ақша ағымының
негізін оған құқық меншігінде тиесілі,яғни ақша түріндегі өзіндік капитал
ақша активтерінің қозғалысы құрайды. Бұның есебінде ең көп жиынтық түрдегі
өзіндік капитал бұрынғыдан жиналған ақша қоры және белгілі бір уақыт
кезіндегі оның эквиваленті ретінде сипатталады. Басқа сөзбен айтқанда,
нақты күндегі ақша ағымы кәсіпорынның ақша түріндегі оның ақщалай
активтерінің қор мөлшерімен сипатталатын капиталды дискреттік шама ретінде
көруге болады ( сәйкесінше динамикадағы бұл дискреттік шамадағы әрбір
өзгеріс кәсіпорынның есептелудегі уақыт аралығындағы ақша ағымының сипатын
көрсетеді).
4. Кәсіпорынның ақша ағымы әртүрлі кредит түрін пайдалануын көрсететін
процесс ретінде. Кәсіпорынның ақша құралдарының қозғалысы кредит түріндегі
шаруашылық қызметін іске асыруға қатыстыратын,оның пайдалынатын қарыз
капиталының қозғаласымен тығыз байланысты. Бұл байланыс осы замандағы
шарттағы кредит кәсіпорынның ақша ресурстарына деген сұранысты
қанағаттандырудың негізгі қайнар көзі екендігі шартталған. Кәсіпорынның
операциондық және инвестициялық қызметінің өзін-өзі қаржыландыру деңгейі
қандай да жоғары болғанымен, шаруашылық субъектілерге өзіндік капиталды
жылдамдатылған өсуді және рентабельділіктің өсуін қамтамасыз ету үшін
кредиттік ақшалай ресурстарды жұмылдыру керек. Кәсіпорынға кредит оның
фондтарының үздіксіздігін қолдау үшін, өндірілген тауарлардың өндіріс және
өткізу процестері қызмет ету үшін,инвестициялық қызметті жүзеге асырудағы
әртүрлі капиталды тауарларды сатып алу үшін керек.
Кәсіпорын оның әртүрлі нысанында кредит пайдаланушы ретінде шығады —
банктік, лизингтік, облигациондық және т.б. Несие қандай да формада
тартылмасын, оның алу операциясы, қызмет ету мен қайтару кәсіпорынның
жағымды және теріс ақша ағымын тұтас көлемін арттырып қалыптастырады. Басқа
сөзбен айтқанда, кәсіпорынның қатыстырылған несие кәсіпорынның ақша
ағымының көлемі мен құрылымына, қарқынына ( ақша активтерінің айналым
жылдамдығы ),сонымен қоса оның жеке түрлерінің теңдестерілуіне үлкен әсер
етеді.
Кәсіпорынның ақша ағымын тиімді басқару қарыз капиталының ерекшелігі
мен түрлерін, несие нарығында пайыздық ставка механизмін қалыптастыруды,
сонымен қатар елдің несие жүйесінің ұжымдастыру ерекшелігін ( несие
қатынасының, институттар мен инструменттердің жиынтығын) білуді талап
етеді.
5. Кәсіпорынның ақша ағымы кәсіпорынның жеке түрлерінің айналымы мен
өзгеруін сипаттайтын процесс ретінде. Кәсіпорын пайдаланатын ақша
активтері оның нысандары мен түрлерінің өзгеруімен сүйемделінетін әрдайым
қозғалыста болады. Осындай түпкілікті экономикалық теорияда “ активтер
айналымы ” терминімен сипатталатын қозғалыс пен өзгеру процессі белгілі
бір қайталынатын кезең түрінде жүзеге асырылады. Активтер айнылым циклі деп
отырғанымыз олардың жеке функционалды топтары мен түрлерінің толық айналым
аяқталу кезеңін түсінуге болады. Осының нәтижесінде олар өзінің бастапқы
түріне – ақша активтеріне қайта келеді. Активтер айналымы олармен
байланысты кәсіпорынның ақша ағымымен әрдайым шығарылады.
6. Кәсіпорынның ақша ағымы экономикалық әсерінің шығаруын қамтамасыз
ететін процесс ретінде. Экономикалық әсерді шығару қабілеттілігі
кәсіпорынның ақша ағымының ең маңызды сипаттарының бірі болып табылады.
Кәсіпорынның ақша құралдары қайда да қолданылса да ( оның капиталы ақша
түрінде ) — оның операциондық немесе инвестициялық қызметінде,оны ұтымды
пайдалану жағдайында ғана олар оң экономикалық нәтижені әрдайым әлеуметті
қалыптастыру мүмкіндіктері бар.
Экономикалық нәтиже кәсіпорынның ақша ағымымен шығаратын негізгі
нысаны ретінде “ таза ақша ағымы ” болады ( ақша ағымының оң және теріс
біріккен көлемі арасындағы айырмашылық ). Таза ақша ағымының дәрежесі
капиталдың ақшалай нысанындағы оның әр түрлі құнының өзінен өзі өсу
дәрежесін қамтамасыз ету қабілетін сипаттайды.
Қоғамның ілгерлемелі экономикалық даму барысында барлық шаруашылық
субъектілердің ақша ағымының орта деңгейінің азаю үрдісі бар. Осы
үрдістің негізінде капитал өнімділігінің шекті капиталының ұдайы азаюын
және бәсекелесудің артуын шарттастыратын кему заңдылығы бар. Сонымен
қатар, кәсіпорынның таза ақша ағымының орта деңгейінің азаюына қарамастан,
шаруашылық қызметіндегі ақша құралдарын қолдану көлемінің өсу арқасында
оның таза соммасы әрдайым артуда. Осында есеп беру кезінде таза ақша
ағымының жалпы санының өсуі кейінгі кезеңінде оның экономикалық базасының
ұлғаюын қалыптасудың алғышартын тудырады. Бұл үрдістер графикалық түрде 2
сур суреттеледі.

Таза ақша ағымының деңгейі, %

Таза ақша ағымының жалпы соммасының
өсу қисығы

Таза ақша ағымының орта деңгейінің
Төмендеу қисығы

Қолданатын ақша ағымының көлемі

2 сур. Кәсіпорынның қолданылған ақша құралдары көлемінің ұлғаюмен қоса
сомма құрастырудың және таза ақша ағымы деңгейінің график түріндегі
тенденциясы.

Келтірілген графиктан пайдаланған ақша қаражаты көлемінің
ұлғаюы,сәйкесінше кәсіпорынның ақша ағымының жиынтық көлемі,таза ақша ағымы
соммасының қалыптасуының әртүрлі тенеденциялары мен деңгейін
шарттастықтыратынын көруге болады.
7. Кәсіпорынның ақша ағымы тауарлы және қаржылық нарықтағы кәсіпорынның
нысандары мен жұмыс істеу көлемін сипаттайтын процесс ретінде. Ақша
ағымдарының әр түрлерінің қалыптасуы кәсіпорынның дәл нарықтағы жұмыс
істеуімен байланысты. Солайша кәсіпорынның операциялық қызметі кезіндегі
ақша құралдарының негізгі түсімдерінің көлемі оның тауарлы нарықтағы
өнімінің өткізілуімен байланысты болады. Кәсіпорынның операциялық және
инвестициялық қызмет үдерісінде шикізатқа, материалдарға, жартылай
фабрикаттарға,капиталды тауарларға пайдаланылатын ақша құралдарының негізгі
жұмсау көлемі де тауарлы нарықта жүзеге асырылады. Қаржы нарығында
кәсіпорынды ( оның әр түрлі сегменттерінде ) кредиттің банктік және оның
басқа да әр түрлі нысанындағы, акциялар мен облигацияларды эмиссиялау
арқылы ақша құралдарын тартады,ал негізгі қарыз соммасының қызмет етуіне
және қайтаруға, инвестициялаудың қаржылық инструменттерін мүліктенуге
жұмсайды.
Кәсіпорынның ақша құралдарын тартумен және жұмсауға байланысты
аударылған операциялар көлемі тұтас көлем ретінде де, оның ақша ағымының
түр тұқым құрылымы ретінде де қалыптастырады. Тиісінше, кәсіпорынның
шаруашылық қызметіндегі оның ақша құралдарының айналым кезеңімен
анықталатын ақша ағымының қарқындылығы, тауарлы және қаржылық нарығының
дамуы,оның сегменттеу тереңділі, сұраныс пен ұсыныс ахуалы, бәсекелестік
деңгейі, нарықтағы айналатын тауарлы және қаржылық инструменттер кеңдігі,
нарық инфрақұрылымының даму деңгейі және де басқа да параметрлері арқылы
анықталады. Басқа сөзбен айтқанда,елдегі нарық қатынастарының және оның
жеке нарық түрлерінің даму деңгейі жеке шаруашылық субъектілердің ақшалай
құралдарының қалыптасу өрісінің,құрылымының және қарқындылығының негізгі
факторы болып табылады.
8. Кәсіпорынның ақша ағымы уақыт факторін есептегендегі іске
асырылатын процесс ретінде. Ақша ағымы мөлшерінің өсу қарқыны, сонымен қоса
кәсіпорынның қызметі түріндегі құрылымы уақыт факторының елеулі ықпалымен
жинақталады. Ақша капиталының уақыттағы жұмыс істеуі әрдайым оны талап
еткен баламаның меншігі ретінде болады, ол балама — оны ағымдағы белгілі
бір игілік мөлшерін қолдану мақсатында пайдалану немесе белгілі бір уақыт
кезеңі арқылы бұл игілікті үлкен көлемде алу үшін оны былайғы
экономикалық процесске қызықтыру керек.
Кәсіпорынның ақша ағымының қалыптасу барысында, уақыт факторін есептеу
ақша құны уақыт өтісімен оның әдетте болатын қарыз пайызының мөлшері
ретінде қаржы нарығында табыс шамасын есептегенде өзгеретіндігі екені
уақыттығы ақша құны тұжырымдамасына негізделеді. Осы тұжырымдамаға сәйкес
әр түрлі кезеңдегі бірдей ақша соммасының құны басқа — бұл құн қазіргі
уақытта кез келген алдыңғы кезеңге қарағанда әрдайым жоғарырақ болады.
9. Кәсіпорынның ақша ағымы тәуекел факторін есептегендегі іске
асырылатын процесс ретінде. Тәуекел кәсіпорынның шаруашылық қызметіндегі
ақша құралдарын пайдаланудың барлық түрлерінің ең негізгі сипаттамасы болып
табылады. Ақша құралдарын пайдаланудың тәуекел деңгейі ақша ағымының ( таза
ақша ағымы ) күтілген әсер деңгейіне тәуелді болады. Операциондық немесе
инвестициялық процессте пайда табу үшін ақша түріндегі капиталды
пайдаланумен байланысты ақша ағымының әр түрлерін қалыптастыруда кәсіпкер
тәуекелге түсінікті түрде бару керек. Тәуекел факторі кәсіпорынның ақша
ағымының қалыптасудың маңызды объективті анықтауышы болып табылады, және
оны басқарған кезде міндетті түрде ескерілуі керек.
10. Кәсіпорынның ақша ағымы ликвидтілік факторін есептегендегі іске
асырылатын процесс ретінде. Ақша түріндегі капитал айналымы процессін
атқарған кезде кәсіпорынның қалыптастыратын ақша ағымы ақша құралдарының
уақытылы түсуін және жұмсалуын қамтамасыз етілуін ғана емес,сонымен қатар
әрдайым төлемқабілеттілігін жақтауды қамтамасыз ету керек. Кәсіпорында
бұндай қор әр түрлі ақшалай активтер түрінде де, және олардың эквиваленті (
инвестициялаудың қысқа мерзімді қаржылық инструменті ) түрінде жасалынады.
Сәйкесінше, ақша ағымының ликвидтілік деңгейі ретінде ақша активтерінің
орта қоры мен олардың белгілі бір кезеңдегі ақша құралдарының жұмсалу
көлеміндегі субституттары арасындағы қатынасы ретінде болады.
Ақща ағымының ликвидтілігін басқару кәсіпорынның төлемқабілеттілігін
жақтау үшін керек ақша құралдар көлеміменн ғана емес,сонымен бірге осы
белгі бойынша активтерінің оның бүкіл жиынтығының тиімді құрылымының
ұйымдастырылуымен қамтамасыз етеді. Өзінің функционалды бұйырғандық
әмбебаптығына, операциондық немесе инвестициялық процесстегі айналым
жылдамдығына, нарықтың сегменттері мен түрлеріне жанасымды даму деңгейіне
және басқа да белгілеріне байланысты активтердің әр тұрпаты әр түрлі
ликвидтілік деңгейіне ие. Сондықтан да кәсіпорынның ақша ағымының
ликвидтілігін қамтамасыз ету деген ұстаныммен оның активтерінің құрылымын
қалыптастыруда, міндетті түрде оның керек жағдайда өзіндік құнмен ақша
түріне айналуы жеткілікті көлемдегі түрлерімен қамтамасыз ету керек.
Ақша ағымының ликвидтілігі кәсіпорынның керекті ақша ағымының қор
деңгейі жақтауды және оның нақты түрлерінің қалыптасуын шарттастыратын
объективті фактор болып табылады.

Кәсіпорынның ақша ағымының ең елеулі сиапаттамасына өткізілген шолу бұл
экономикалық категорияның теориялық және қолданбалы тұрғыдан көпқырлы
екендігін көрсетеді. Сонымен бірге әр түрлі көріністегі кәсіпорынның ақша
құралдары қозғалысының ерекшелігін көрсететін барлық қаралған сипаттамалары
тығыз байланысты және де ақша ағымының экономикалық маңызын анықтағанда
кешенді тұрде көрініс табуын қамтамасыз етеді.

1.3. Кәсіпорына ақша ағымының сыныпталуы

“ Кәсіпорынның ақша ағымы” түсінігі шаруашылық қызметті қызмет ететін
өзіне осы ағымның әр түрлерін қамтитын агрегатталған болып табылады. Ақша
ағымын тиімді мақсатты басқаруды қамсыздандыру мақсатында олар осы
процесспен байланысты терминологияның белгілі бір жүйелеуін талап етеді.
Осында тек қана жалпы жиынтықты сипаттайтын негізгі жіктелу белгілері
бойынша сыныпталатын ақша ағымының жүйеленуі қаралады.
Негізгі кәсіпорынның ақша ағымының жүйелену негіздеріне салынған
жіктелетін белгілердің ішінде келесілерді атап көрсетуге болады:
1. Шаруашылық процестке қызмет ету ауқымы
2. Шаруашылық қызметтің түрлері
3. Ақша құралдар қозғалысының бағыты
4. Ақша құралдарының бағыт варияциялығы
5. Ақша ағымы мөлшерінің есептеу тәсілі
6. Кәсіпорынға қарағандағы ақша ағымының сипаты
7. Ақша ағымы мөлшерінің жеткіліктік деңгейі
8. Сабақтастық ақша ағымдары мөлшерінің үйлестірілу деңгейі
9. Уақыт аралығы
10. Қолданылатын ақша құралдарының түрлері
11. Қолданылатын валюта түрлері
12. Шаруашылық қызметтегі соңғы нәтиженің қалыптасуының маңыздылығы
13. Пайда болу болжамдылығы
14. Басқару процесіндегі реттеу мүмкіндігі
15. Төлемқабілеттілікті қамтамасыз ету мүмкіндігі
16. Жүзеге асырудың заңдылығы
17. Уақыттағы бағалау тәсілі
18. Қаралатын кезеңдегі қалыптасудың үздіксіздігі
19. Қалыптасудың уақыт аралығының тұрақтылығы

Кәсіпорынның негізгі белгілері бойынша ақша ағымының сыныпталуы

Кәсіпорынның ақша Кәсіпорынның ақша
ағымының сыныпталу ағымдарының түрлері
белгілері
1 2

1.Шаруашылық процестке қызмет Негізінен кәсіпорынның ақша
ету ауқымы бойынша ағымы
Кәсіпорынның жеке құрылымдық
бөлімшелер бойынша ақша ағымы
(“жауапкершілік орталығы ”)
Жеке шаруашылық операциялар
бойынша ақша ағымы
2.Шаруашылық қызметінің Операциондық қызмет бойынша
түрлері бойынша ақша ағымы
Инвестициялық қызмет бойынша
ақша ағымы
Қаржылық қызмет бойынша ақша
ағымы
3.Ақша құралдар қозғалысының Жағымды ақша ағымы
бағыты бойынша теріс ақша ағымы
4. Ақша құралдарының бағыт Стандартты ақша ағымы
варияциялығы бойынша Стандартты емес ақша ағымы
5. Ақша ағымы мөлшерінің Жалпы ақша ағымы
есептеу тәсілі бойынша Таза ақша ағымы
6.Кәсіпорынға қарағандағы ақшаІшкі ақша ағымы
ағымының сипаты бойынша Сыртқы ақша ағымы
7. Ақша ағымы мөлшерінің Артық ақша ағымы
жеткіліктік деңгейі бойынша Тапшылықты ақша ағымы
8. Сабақтастық ақша ағымдары Баланстанған ақша ағымы
мөлшерінің үйлестірілу деңгейіБаланстанған емес ақша ағымы
9. Уақыт аралығы бойынша Қысқа мерзімді ақша ағымы
Ұзақ мерзімді ақша ағымы
10. Қолданылатын ақша Қолма қол ақша ағымы
құралдарының түрлері бойынша Қол қолсыз ақша ағымы
11. Қолданылатын валюта түрлеріХалық валютадағы ақша ағымы
бойынша Шетел валютадағы ақша ағымы
12. Шаруашылық қызметтегі соңғыБасымдылықты ақша ағымы
нәтиженің қалыптасуының Екінші дәрежелі ақша ағымы
маңыздылығы бойынша
13. Пайда болу болжамдылығы Толығымен болжанатын ақша ағымы
бойынша Жеткілікті емес түрде болжанатын
ақша ағымы
Болжанбайтын ақша ағымы
14. Басқару процесіндегі реттеуРеттеуге келетін ақша ағымы
мүмкіндігі бойынша Реттеуге келмейтін ақша ағымы
15. Төлемқабілеттілікті Ликвидтті ақша ағымы
қамтамасыз ету мүмкіндігі Ликвидтті емес ақша ағымы
бойынша
16. Жүзеге асырудың заңдылығы Заңды ақша ағымы
бойынша Көлеңкелі ақша ағымы
17. Уақыттағы бағалау тәсілі Қазіргі уақыттағы ақша ағымы
бойынша Келешектегі ақша ағымы
18. Қаралатын кезеңдегі Тұрақты ақша ағымы
қалыптасудың үздіксіздігі Тұрақсыз ақша ағымы
бойынша
19. Қалыптасудың уақыт Бірқалыпты уақыт аралығы бар
аралығының тұрақтылығы бойынша тұрақты ақша ағымы
Бірқалыпсыз тұрақты ақша ағымы

Негізгі белгілері бойынша келтірілген сыныпталуы кәсіпорынның ақша
ағымының жеке түрлерін нақтырақ анықтайық.
1. Шаруашылық процесске қызмет ету ауқымы бойынша ақша ағымының
келесі түрлерін ерекшелеуге болады:
• Негізінен кәсіпорынның ақша ағымы. Бұл кәсіпорынның толық
шаруашылық процесін қамтамасыз ететін ақша ағымының барлық
түрлерін АКУМУЛИРУЕТ ететін ақша ағымының ең агрегатталған
түрі;
• Кәсіпорынның жеке құрылымдық бөлімшелер бойынша ақша ағымы
(“жауапкершілік орталағы”). Кәсіпорынның ақша ағымының бұндай
дифференциясы оны кәсіпорынды құрудағы ұйымдастырушылық
–шаруашылық жүйесіндегі дербес жеке объект ретінде түсінуге
болады;
• Жеке шаруашылық операциялар бойынша ақша ағымы. Кәсіпорынның
шаруашылық процесі жүйесіндегі ақша ағымының бұндай түрін
дербес басқарудың бастапқы объектісі ретінде түсіну керек.
2. Шаруашылық қызметінің түрлері бойынша халықаралық есеп
стандарттарына сәйкес ақша ағымының келесі түрлерін көрсетуге
болады:
• Операциялық қызмет бойынша ақша ағымы. Ол шикізат пен
материалдарды тасымалдаушыға төленген ақшамен; операциялық
қызметті қамтамасыз ететін жеке қызмет түрлерін жүзеге
асырушыларды жақтайтын; операциялық процесте бос емес
персоналға ақысын төлеумен, сонымен бірге бұл процесті
басқаруды жүзеге асыратын; бюджеттің барлық деңгейлеріне және
бюджеттен тыс қорларға кәсіпорынның салық төлемдері;
операциялық процесті жүзеге асырумен байланысты басқа да
төлемдерімен сипатталады. Бірмезгілде ақша ағымының бұл түрі
өнімді сатып алушылардан түсетін; салық органдарынан түсетін
артық төленген сомма мен кейбір басқа да түрлері бойынша
есептің халықаралық және халық стандарттарымен ескерілген қайта
есептеуді жүзеге асыру ретімен ақша құралдарын көрсетеді.
• Инвестициялық қызмет бойынша ақша ағымы. Ол мүмкін және
қаржылық инвестициялауды жүзеге асырумен байланысты. Негізгі
құралдар мен материалдық емес активтерді сатумен байланысты,
инвестициялық портфель мен басқа да кәсіпорынның инветициялық
қызметін жүзеге асыратын ұқсас ақша құралдары ағымының ұзақ
мерзімді қаржылық инструменттерін ротациялаумен байланысты ақша
құралдарының төлемдері мен кірістерін сипаттайды;
• Қаржылық қызмет бойынша ақша ағымы. Ол қосымша акционерлік және
пайлық капиталды тартумен;ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді
кредиттер мен займдарды алуға, ақша түріндегі дивиденттер мен
иеленушілердің салымдары бойынша пайыздарды және кәсіпорынның
шаруашылық қызметін сыртқы қаржыландыруды жүзеге асыру мен
байланысты тағы да басқа ақша ағымдарын төлеумен байланысты
ақша құралдарының төлемдері мен кірістерін сипаттайды.
3. Ақша құралдары қозғалысының бағытталуы бойынша ақша ағымының
негізгі 2 түрін ерекшелеуге болады:
• Шаруашылық операцияның барлық түрлерінен кәсіпорынға түсетін
ақша құралдарының жиынтығын сипаттайтын жағымды ақша ағымы( бұл
терминнің аналогі ретінде “ ақша құралдарының ағымы ” термині
қолданылады);
• Шаруашылық операциялардың барлық түрлерін жүзеге асыру
процесіндегі кәсіпорын ақша құралдары төлемдерінің жиынтығын
сипаттайтын( бұл терминнің аналогі ретінде “ ақша құралдарының
қайтарылуы ”) жағымсыз ақша ағымы.
Осы ақша ағымдарының түрлерін сипаттай отырып,олардың жоғары дәрежедегі
өзара байланысына көңіл аудару керек. Уақыттағы ағымдардың біреуінің
мөлшердің жеткіліксіздігі келешектегі осы ағымдардың басқа да түрлерінің
азаюын шарттастырады. Сондықтан да кәсіпорынның ақша ағымдарын басқару
жүйесінде осы ақша ағымының 2 түрі де біртұтас басқарылатын объект болып
табылады.
4. Ақша құралдарының бағыт варияциялығы бойынша ақша ағымдарының
келесі түрлерін ажыратуға болады:
• Стандартты ақша ағымы. Ол бағыттылығ 2 реттен көп емес
өзгеретін ( оны бастайды немесе аяқтайды ) ақша ағымының түрін
сипаттайды. Ақша ағымының осы түріне мысалы ретінде ұзақ
мерзімді облигацияға капиталды инвестициялау болып табылады.
• Стандартты емес ақша ағымы. Ол бағыттылығы 1 реттен көп
өзгеретін ақша ағымының түрін сипаттайды. Ақша ағымының осы
түріне мысалы ретінде келесіде ұлғаятын түскен пайданы қайта
инвестициялаудағы капиталды инвестиуиялау болып табылады.
5. Ақша ағымы мөлшерінің есептеу тәсілі бойынша ақша ағымының келесі
түрлерін ерекшелеуге болады:
• Жалпы ақша ағымы. Ол бөлек интервалдар бөлігінде қаралатын
уақыт аралығында ақша құралдарының түсуінің немесе жұмсалуының
жиынтығын сипаттайды;
• Таза ақша ағымы. Ол жеке интервал бөлігінде қаралып отырған
уақыт аралығындағы жағымды және жағымсыз ақша ағымдары ( ақша
құралдарының түсуі мен жұмсалуы арасында )арасындағы
айырмашылықты сипаттайды.Оның нарық құнының қаржылық тепе
теңдік пен өсу қарқынын анықтайтын таза ақша ағымы кәсіпорынның
шаруашылық қызметтің ең негізгі қорытындысы болып табылады.
Жалпы кәсіпорын бойынша таза ақша ағымын,оның бөлімшелерінің
жеке құрылымдары бойынша, шаруашылық қызметтің алуан түрлері
мен жеке шаруашылық операциялар бойынша есеп келемі формула
бойынша анықталады:

ТАА=ОАА – ТАА,

осында ТАА – қаралып отырған уақыт аралығындағы таза ақша ағымының
соммасы;
ОАА – қаралып отырған уақыт аралығындағы ақша
ағымының ( ақша құралдарының түсуі ) оң ақша ағымының соммасы;
ТАА – қаралып отырған уақыт аралығындағы теріс ақша
ағымының ( ақша құралдарының жұмсалуы) соммасы.
6. Кәсіпорынға қарағандағы ақша ағымының сипаты бойынша 2 түрге
бөлінеді:
• Ішкі ақша ағымы. Ол кәсіпорын шегіндегі ақша құралдарының түсуі
мен жұмсалуының жиынтығын сипаттайды. Бұл түсімдер мен
жұмсалымдар персоналмен, акционерлермен, еншілес құрылымдық
бөлімшелермен т.с.с. Кәсіпорынның ақшалай қатынасымен
шарттастырылған операциялармен байланысты. Кәсіпорынның жалпы
ақша ағымында оның ішкі ақша ағымы ықшам ғана үлеске ие;
• Сыртқы ақша ағымы. Ақша ағымының бұл түрі шаруашылық
серіктестіктермен ( шикізат пен материалдарды тасымалдаушылар,
өнімді сатып алушылар, коммерциялық банктермен, сақтандыру
компанияларымен т.с.с) және мемлекеттік органдармен ( салық
органдарымен, кеден органдарымен, арбитражды сотпен және т.б )
ақшалай қатынастармен байланысты кәсіпорын операцияларына
қызмет етеді.Ақша ағымдарының осы түрінің мөлшері кәсіпорынның
жиынтық ақша ағымының басыңқы бөлігін құрайды.
7. Ақша ағымы мөлшерінің жеткіліктік деңгейі бойынша кәсіпорынның
ақша ағымының келесі түрлерін ерекшелейді:
• Артық ақша ағым. Ол ақша құралдарының түсімі мақсатты
жұмсалудағы кәсіпорынның нақты қажеттілігі елеулі түрде асатын
ақша ағымын сипаттайды. Артық ақша ағымының куәсі ретінде
кәсіпорынның шаруашылық қызметін жүзеге асыру процесі кезінде
қолданылмайтын таза ақша ағымының жоғары оң шамасы болып
табылады;
• Тапшылықты ақша ағымы. Ол ақша құралдарының түсімі мақсатты
жұмсалудағы кәсіпорынның нақты қажеттілігінен елеулі түрде
төмен болатын ақша ағымын сипаттайды. Таза ақша ағымының
соммасы жағымды мәнде болғанымен, егер де ол сомма кәсіпорынның
шаруашылық қызметінің барлық ескерілген бағыттары бойынша
ақша құралдарының жұмсаудағы жоспарлы қажеттілікті қамтамсыз
етпейтін болса ол тапшылықты болып сипатталуы мүмкін. Ал таза
ақша ағымының соммасының теріс мәні бұл ағымды автоматикалық
түрде тапшылықты жасайды.
8. Сабақтастық ақша ағымдары мөлшерінің үйлестірілу деңгейі бойынша
келесі түрлерін ажыратады:
• Баланстанған ақша ағымы. Ол жағымды және теріс көлемдер
арасында (алдын-ала ескерілген ақша құралдарының қорының артуын
есепке алғанда) баланстылық қамтамасыз етілген құрылымдық
бөлімше (“жауапкершілік ортасына”) немесе бүкіл кәсіпорынның
жеке шаруашылық операциялары бойынша тұтас ақша ағымының түрін
сипаттайды. Ақша ағымының жеке түрлері арасындағы баланстық
байланыс бұл жағдайда келесідей болады:

ЖАА = ТАА+∆АҚҚ
Осында ЖАА – Қаралатын уақыт кезеңіндегі жағымды ақша ағымының
соммасы (ақша құралдарының түсуі );
ТАА – Қаралатын уақыт кезеңіндегі теріс ақша
ағымының соммасы (ақша құралдарының жұмсалуы);
∆АҚҚ – Қаралатын уақыт кезеңіндегі алдын-ала
ескерілген ақша құралдары қор соммасының өсуі;

• Теңгерімсізделген ақша ағымы. Жоғарыда көрсетілген баланстық
байланыс қамтамасыз етілмеген жеке шаруашылық операциялар,
құрылымдық бөлімшелер ( “жауапкершілік ортасына”) немесе
бүкіл кәсіпорын бойынша тұтас ақша ағымының бұндай түрін
сипаттайды. Бүкіл кәсіпорын шегінде теңгерімсіздік
тапшылықты, сондай-ақ артық ақша ағымы болып табылады.
9. Уақыт аралығы бойынша ақша ағымының 2 негізгі түрін ерекшелейді:
• Қысқа мерзімді ақша ағымы. Ақша түсімдерінің басталуы немесе
оның толық аяқталуына дейін төлем кезеңі бір жылдан аспайтын
ақша ағымын сипаттайды.
• Ұзақ мерзімді ақша ағымы. Ақша түсімдерінің басталуы немес
оның толық аяқталуына дейін төлем кезеңі бір жылдан асып
кететін ақша ағымын сипаттайды.
Ақша ағымының осы белгілері бойынша жіктелуі әдетте кәсіпорынның жеке
шаруашылық операцияларын сипаттау үшін қолданылады. Қысқа мерзімді ақша
ағымы кәсіпорынның операциялық және жарым-жартылай қаржылық қызметімен
байланысты шаруашылық операцияның басымды бөлігіне тән (қысқа мерзімді
несиелер мен займдарды алу,қызмет ету және қайтару). Ұзақ мерзімді ақша
ағымы кәсіпорынның инвестициялық (нақты инвестициялық жобаларды жүзеге
асыру, акциялар мен ұзақ мерзімді облигацияларға инвестициялау) және
жартылай қаржылық қызметімен байланысты шаруашылық операцияның басымды
бөлігіне тән.
10. Қолданылатын ақша құралдарының түрлері бойынша ақша ағымының
келесі түрлері бар:
• Қолма-қол ақша ағымы. Ол тікелей қолма-қол ақшамен
(банкноталармен, қазынашылық билеттермен, айырбас тиынмен)
қызмет ететін кәсіпорынның ақша ағымының сол бөлігін сипаттайды.
Кәсіпорынның қолма-қол ақша ағымы елдің қолма-қол ақша
айналымының құрамдас бөлігі болып табылады.
• Қолма-қолсыз ақша ағымы. Ол қаржылық нарықтың ( чектермен,
несиелік карталармен, аккредетивпен, вексельдермен, банктік
депозиттермен және т.б) әр түрлі несиелік және депозиттық
құралдармен қызмет ететін кәсіпорынның ақша ағымының сол бөлігін
сипаттайды.
Кәсіпорынның қолма-қол және қолма-қолсыз ақша ағымының арасында тығыз
байланыс бар. Қолма-қол және несиелі (қолма-қолсыз) ақша әрдайым өз түрін
өзгертіп ақша айналымының бір саласынан екіншісіне ауысумен шарттасады.
Қызмет етуші банкте кәсіпорынның шотына түскен қолма-қолсыз ақша құралдары
оған қолма-қол ақша берудің міндетті шарты болып табылады. Және де
керісінше – кәсіпорын қолданылмайтын қолма-қол ақша (заңнамамен ескерілген
мерзім ішінде)банктегі тиісті шотқа есепке алу жолымен қолма-қолсыз түрге
аударылуы керек.
11. Қолданылатын валюта түрлері бойынша кәсіпорынның ақша ағымының
келесі түрлерін атап көрсетуге болады:
• Халық валютадағы ақша ағымы. Ол берілген елдің сәкес мемлекеттік
органдары шығарған ақшамен қызмет ететін ақша ағымын сипаттайды.
• Шетел валютадағы ақша ағымы. Басқа елдің валютасымен қамтамасыз
етілетін ақша ағымын сипаттайды. Кәсіпорында бұндай ақша ағымы
әдетте сыртқы экономикалық шаруашылық операцияларды жүзеге
асырумен байланысты.
Ақша ағымының осы екі түрінің кәсіпорынның тұтас ақша ағымына
агрегатталуы кезінде, қалдық ақша құралдарына қаралатын кезеңдегі ақша
бағымының өзгеруінің әсері ескеріледі.
12. Шаруашылық қызметтегі соңғы нәтиженің қалыптасуының маңыздылығы
бойынша кәсіпорынның ақша ағымының келесі 2 түрін атап көрсетуге
болады:
• Басымдылықты ақша ағымы. Ол таза ақша ағымының (немесе таза пайда)
жоғары қалыптасу дәрежесін шығаратын жеке шаруашылық операциялар
немесе қызмет түрлері бойынша ақша ағымының сондай түрін
сипаттайды.Басымдылықты болып, өнімді сатумен, мол табысты
инвестициялық операцияларды жүзеге асырумен байланысты ақша ағымы
болып табылады.
• Екінші дәрежелі ақша ағымы. Ол өзінің функционалдық бағытына
немесе мардымсыз көлеміне қарамастан шаруашылық қызметтің түркі
нәтижесінің қалыптасуына елеулі әсер етпейтін ақша ағымының түрін
сипаттайды. Бұндай ақша ағымының мысалы ретінде есептеу нәтижесін
беру және есеп беретін адамға ақша құралдарын қайтару болып
табылады.
13. Пайда болу болжамдылығы бойынша ақша ағымының келесі түрлерін
атап көрестуге болады:
• Толығымен болжанатын ақша ағымы. Ол жүзеге асыру көлемі мен уақыты
толығымен алдын ала детерминленген ақша ағымының түрін сипаттайды.
Бұндай ақша ағымының мысалы ретінде алынған несие құралдарын
қайтару мен қызмет ету бойынша ақша ағымы,амортизациаланған ағым
болып табылады.
• Жеткілікті емес түрде болжанатын ақша ағымы. Ол сыртқы орта
факторларының мүмкін өзгерістермен байланысты жүзеге асыру көлемі
мен уақыты толығымен алдын ала детирминлене алмайтын ақша ағымының
түрін сипаттайды. Бұндай ақша ағымының мысалы ретінде өнімді
сатудан түсетін (нарық конъюктурасының ауытқуына байланысты) ақша
құралдары, акциялар бойынша (олардың эмитенттерінің шаруашылық
қызметінің нәтижесінің ауытқуына байланысты) дивиденттерді алу
және т.б болып табылады.
• Болжанбайтын ақша ағымы. Кәсіпорын төтенше оқиғамен байланысты
операциялық, инвестициялық немесе қаржылық қызметті, сонымен бірге
жеке алдын ала жоспарланбаған операцияларды жүзеге асыру
процесіндегі ақша ағымының бұндай түрін сипаттайды.
Кәсіпорынның ақша ағымының олардың пайда болуының болжамы бойынша
сыныпталуы әдетте жоспарлану және оңтайландыру процесінде қолданылады.
14. Басқару процесіндегі реттеу мүмкіндігі бойынша келесілер:
• Басымдылықты ақша ағымы. Менеджерлердің қалауынша (шаруашылық
қызмет барысындағы бұндай өзгерістің мақсаттылығы) уақыт немесе
көлемі бойынша өзгерілуі мүмкін ақша ағымының түрін сипаттайды.
Ақша ағымының бұл түріне мысалы ретінде кәсіпорынның өнімін
несиеге, акциялардың немесе облигациялардың эмиссиясына сатылуы
болып табылады.
• Реттеуге келмейтін ақша ағымы. Оның шаруашылық қызметінің соңғы
нәтижелерінің жағымсыз салдарынан кәсіпорын менеджерлерінің
қалауынша уақыт немесе көлемі бойынша өзгертуі мүмкін емес
детерминдірілген ақша ағымының бұндай түрін сипаттайды. Ақша
ағымының бұндай түрінің мысалы ретінде кәсіпорынның салық
төлемдері, қызмет ету туралы және қарызды қайтару (егер де оның
қайта құрылымы кредит берушімен алдын ала жүзеге асырылмаса )
төлемдері және т.б болады.
Ақша ағымдарының бұндай сыныпталуы кәсіпорында уақыт немесе көлемі
бойынша оңтайландыру барысында қолданылады.
15. Төлемқабілеттілікті қамтамасыз ету мүмкіндігі бойынша
кәсіпорынның ақша ағымының келесі 2 түрін ажыратуға болады:
• Ликвидтті ақша ағымы. Жағымды және теріс түрлерінің ара қатынасы
тең немесе әрбір қаралатын уақыт кезеңінің аралығындағы бірліктен
асатын кәсіпорынның ақша ағымының бұндай түрін сипаттайды,яғни
осында шарт сақталады:

ЖААТАА ≥ 1,

Осында ЖАА - қаралатын уақыт кезеңінің әрбір аралығындағы кәсіпорынның
жағымды ақша ағымының жалпы соммасы;
ТАА – қаралатын уақыт кезеңінің әрбір аралығындағы
кәсіпорынның теріс ақша ағымының соммасы;
• Ликвидтті емес ақша ағымы. Жағымды және теріс түрлерінің ара
қатынасы әрбір қаралатын уақыт кезеңінің аралығындағы бірлектен
кем болатын,яғни шарт сақталатын кәсіпорынның ақша ағымының түрін
сипаттайды:

ЖААТАА 1,

Осында ЖАА – қаралатын уақыт кезеңінің жеке аралығындағы кәсіпорынның
жағымды ақша ағымының жалпы соммасы;
ТАА – қаралатын уақыт кезеңінің жеке
аралығындағы кәсіпорынның теріс ақша ағымының жалпы соммасы.

16. Жүзеге асырудың заңдылығы бойынша кәсіпорынның ақша ағымының
келесі түрлерін ажыратуға болады:
• Заңды ақша ағымы. Елдегі істеп тұрған құқықтық нормаларға
толығымен сәйкес болатын ақша құралдарының түсімі мен жұмсалуын
сипаттайды.
• Көлеңкелі ақша ағымы. Елдегі істеп тұрған құқықтық нормаларды
бұзумен және салық салудан ауытқұлармен байланысты жүзеге
асырылатын ақша құралдарының түсімі мен жұмсалуын сипаттайды.
17. Уақыттағы бағалау тәсілі бойынша ақша ағымының келесі түрлерін
ерекшелеуге болады:
• Қазіргі уақыттағы ақша ағымы. Ағымдағы уақыт кезеңінде құны
бойынша келтірілген кәсіпорынның ақша ағымын бірынғай салыстырмалы
шамасы ретінде сипаттайды.
• Келешекті ақша ағымы. Нақты алдағы уақыт кезеңіне құны бойынша
келтірілген кәсіпорынның ақша ағымының бірынғай салыстырмалы
шамасы ретінде сипаттайды. Келешекті ақша ағымы түсінігін нақты
құнға әкелу мақсатындағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорындағы айналым капиталдарының тиімділігін арттыру
Айналым капиталы түсінігі
Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары
Айналыс қорлары
Кәсіпорынның айналым қаражаттарын басқару
«КАЗПЛАСТ» акционерлік қоғамы
Кәсіпорын капиталының айналымы
Айналым өндірістік қорлар
БИЗНЕСТІ БАҒАЛАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Қаржы менеджменттін ақпаратпен қамтамасыз ету
Пәндер