Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау әдістері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   


Мазмұны

КІРІСПЕ4

1 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ7

1. 1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың экономикалық маңызы7

1. 2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау әдістері11

1. 3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың міндеттері15

1. 4 Кәсіпорынның меншікті қаражаттарын пайдалану тиімділігі22

2 ОТАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕДЕ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ26

2. 1 «Бірге» ЖШС-нің қаржылық жағдайына баға беру26

2. 2 Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін талдау39

3 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ46

3. 1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары46

3. 2. Кәсіпорынның табыстылығын арттыру жолдары53

ҚОРЫТЫНДЫ57

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ60

ҚОСЫМША А 2010 жылғы « 01 » қаңтар жағдай бойынша бухгалтерлік баланс62

ҚОСЫМША Ә 2010 жылғы « 01 » қаңтар жағдай бойынша пайда мен зияндар туралы есеп64


КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 2010 ж. «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» халқына жолдауында, 2020 стратегиялық даму жоспарының мүмкіндіктерін айтып өтті:

«Кәсіпкерлік - жаңа экономиканың қозғаушы күші. Әртараптандырудың өзегі кәсіпкерлік болады. Біз тәуекелдерді өз мойнына алуға, жаңа рыноктарды игеруге, инновациялар ендіруге дайын қуатты кәсіпкерлер табын көргіміз келеді. Нақ осы кәсіпкерлер экономиканы жаңғыртудың қозғаушы күші болып табылады». [1] Елбасы айтып өткендей, кәсіпорындар - экономиканың тіреуші күші, ал меншікті капитал сол кәсіпорындардың қызметінің тиімділігін, бәсекелсетік ортадағы өміршеңдігін, қызметінің түпкі мақсаты болып табылатын табыстылығын анықтап беретін бастапқы фактор болып табылады

Нарықтық экономика жағдайларында компаниялардың өзінің қаржылық-шаруашылық қызметін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету олардың өз мойындарына түсіп отыр. Жоспарлы экономика жағдайларында компаниялар қаржылық мұқтаждықтар мен қиындықтарға душар болған жағдайда мемлекеттің және оның орталықтандырылған қаржы жүйесіне арқа сүйейтін еді. Алайда нарықтық қатынастардың орнауы мен дамуы аталған мәселені компаниялардың өз иықтарына жүктеп отыр.

Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туындайды. Салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.

Сонымен қатар қаржылық тұрақты кәсіпорын онымен қаржылық қатынастарға түсетін басқа шаруашылық субъектілер үшін сенімді серіктес болады. Сондықтан қаржылық жағдайды талдаумен тек кәсіпорын басшылары мен қызметкерлер ғана емес, соныменен ресурстарды қолдану тиімділігін зерттеу мақсатында құрылтайшылар, инвесторлар, несиелендіру жағдайын бағалау мен тәуекелділіктің деңгейін анықтау үшін банктер, төлемдерді уақытылы алу үшін жабдықтаушылар, бюджетке қаражаттардың түсу жоспарын орындау үшін салық органдары және тағы басқалары айналысады.

Яғни кез келген кәсіпорын фирманы басқарудың жалпы мақсаттарына жетуге бағытталатын жүйенің болуынан тәуелді. Бұндай жүйе болып қаржылық менеджмент табылады. Ол әрқашан жоспарлаудың, басқарудың және қаржылық талдаудың ғылыми негізін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау мен болжаудың әдісі ретіндегі қаржылық талдау қаржылық менеджменттің ажырамас бөлігі болып табылады.

Талдау басқару шешімдерін қабылдау үшін қажет негіз болып табылады. Бұл отандық кәсіпорындарда қаржылық менеджмент пен талдау саласында сәйкес білімдері бар жұмысшылардың болуын мақұлдайды.

Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсеңділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау экономикалық ахуал болған кезде ғана емес, сонымен қатар оларды алдын-ала болжау, қашқақтау, ұзақ мерзімді, материалдық емес, ағымдық активтерді, меншікті және қарыз капиталын неғұрлым тиімді қолдану үшін жүргізіледі. Нарықтық қатынастар жағдайында шаруашылық субъектісінің шаруашылық, инвестициялық және басқа да кәсіпкерлік қызметтерінің негізгі талаптары капиталдың нақты құнын сақтау мен көбейту, экономикалық потенциалдың тиімді қолданылуын жоғарлату болып табылатыны белгілі.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту және жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.

Қазақстандық автор Жүйріков К. К. бойынша кәсіпорын қаржылық жағдайының өзгерісінің күрделі себептерін анықтау үшін кәсіпорын қызметінің барлық жақтарын сипаттайтын көптеген көрсеткіштерді зерттеу қажет. Себебі кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайы─ оның үздіксіз және тиімді қызметінің басты шарты болып табылады. Оған жету үшін субъектінің тұрақты төлемқабілеттілігін, баланс өтімділігін, қаржылық тәуелсіздігін және шаруашылықтың жоғары табыстылығын қамтамасыз ету қажет. Кәсіпорын қаржылық тұрақтылығын кешенді талдау жеке көрсеткіштерді басқару үшін және сәйкесінше, қаржылық климаттың жақсаруына олардың әсерінің күшеуі үшін нақты алғышарттарды туғызады.

Бұл дипломдық жұмыс отандық кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдауды әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіруге арналған, себебі стратегиялық басқаруды әдістемелік қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі кәсіпорын қызметін тұрақтандыру мүмкіндіктерін әлсіретеді.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі кез-келген кәсіпорынның іс-әрекетінде қаржылық қаржылық жағдайын анықтау маңызды орын алады, ол оның несие қабілеттілігін, сенімділігін білдіреді. Сондай-ақ жаңа жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді, сол себепті оған әсер етуші факторларды зерттеу, оны өсіру жолдарын анықтау бүгінгі күні алашқы орынға қойылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты қаржылық талдаудың теориялық негіздерін зерттеу және кәсіпорынды мысалға алу арқылы қаржылық жағдайын талдауды жүргізу болып табылады.

Дипломдық жұмысты жазу барысында келесідей міндеттер қойылған:

- қаржылық талдаудың теориялық негіздерін қарастыру;

- кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың міндеттері мен әдістерін көрсету;

- кәсіпорынның меншікті қаражаттарын пайдалану тиімділігін анықтау;

- отандық кәсіпорынды мысалға алу арқылы қаржылық жағдайды талдаудың ерекшеліктерін зерттеу;

- кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін талдау жасау;

- кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдіру жолдарын көрсету.

Бұл жұмысты жазу үшін әдістемелік негіз болып Қазақстан Республикасының заңдары және басқа да нормативтік актілер, отандық және шетелдік зерттеушілердің монографиялары табылады. Зерттеу үшін тәжірибелік негіз болып «Бірге» АҚ қаржылық есептілігі және осы кәсіпорынның басқа да құжаттары алынған.

Жұмыстың териялық базасы К. Ш. Дүйсенбаев, С. Райымқұлы, З. Д. Өтебаева, Г. Г. Фетисов, А. А. Таубаев, С. М. Омирбаевтың еңбектері болып табылады.

Дипломдық жұмыс өзіне үш негізгі бөлімді, кіріспе, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімін қосады.


1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориЯлық аспектілері

1. 1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың экономикалық маңызы

Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың рөлі маңызды болып табылады. Бұл кәсіпорындар өздері еркіндікке ие болады және меншік иеленушілерінің, жұмысшылардың, коммерциялық әріптестердің және басқа да контрагенттердің алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікті өз мойнына алады.

Қаржылық жағдай - бұл белгілі бір сәтке кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және шаруашылық қызметінің үздіксіздігін іске асыру мен өзінің қарыздық міндеттемелерін уақытында жабу үшін оны қаржылық ресурстармен қамтамасыз етуінің көрінісі болып табылады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның активтер мен пассивтер, яғни кәсіпорынның қаражаттары мен олардың көздері құрылымдарының ара қатынасымен анықталынады. [2, б. 145]

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы - капиталдың айналымы процесінде оның жағдайын және уақыттың нақты сәтінде шаруашылық субъектісінің өзіндік дамуына қабілеттілігін көрсететін экономикалық категория.

Өндірістік және қаржылық қызметі процесінде капитал айналымының үздіксіз процесі жүреді, қаражаттар мен оларды қалыптастыру көздерінің құрылымы, қаржылық ресурстардың бар болуы мен оларға қажеттілік өзгереді.

Қаржылық жағдай тұрақты, тұрақсыз және дағдарысты болуы мүмкін. Кәсіпорынның уақытында төлемдерді іске асыру, кеңейген негізде өз қызметін қаржыландыру, қиын жағдайда өз төлем қабілеттілігін жоғары дәрежеде ұстау қабілеттілігі оның тұрақты қаржылық жағдайы туралы куәландырады.

Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін кәсіпорында жақсы қапитал құрылымы болуы тиіс. Кәсіпорын капитал құрылымының қозғалысын ұйымдастыруды білуі тиіс.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, оның тұрақтылығы өндірістік, коммерциялық және қаржылық қызметіне тәуелді болады. Егер өндірістік және қаржылық жоспар тиімді орындалса, онда бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайына жағымды әсер етеді. Және де керісінше, өнімді өндіру мен сату жоспарын толық орындамау нәтижесінде оның өзіндік құнының жоғарылауы, түсім мен табыс сомасының қысқаруы және соның нәтижесінде кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен оның төлем қабілеттілігінің төмендеуі пайда болады.

Өз кезегінде тұрақты қаржылық жағдай өндірістік жоспарлардың орындалуына және өндіріс қажеттіліктерін қажетті ресурстармен қамтамасыз етуіне жағымды ықпал етеді. Сондықтан қаржылық қызмет шаруашылық қызметінің құрамды бөлігі ретінде ақша қаражаттарының түсуі мен шығындалуының жоспарлылығын қамтамасыз етуіне, есеп айырысу тәртібінің орындалуына, меншікті және қарыздық капиталдың рационалды пропорциялары мен оны қолданудың тиімділігіне жетуіне бағытталуы тиіс.

Қаржылық қызметтің басты мақсаты бір стратегиялық міндетке әкеледі - кәсіпорынның активтерін арттыру. Бұл үшін ол үнемі төлем қабілеттілікті және рентабельділікті, сонымен қатар баланстың активтері мен пассивтерінің оптималды құрылымын ұстау тиіс.

Қаржылық тұрақтылық табыстардың шығындардан тұрақты артуының көрінісі болып табылады, кәсіпорынның ақша қаражаттарын бос қолдануын қамтамасыз етеді және оларды тиімді пайдалану жолымен өндіріс пен өнімді өткізудің процесіне ықпалын тигізеді. Сондықтан қаржылық тұрақтылық өндірістік-шаруашылық қызметі барысында қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының басты құрамдас бөлігі болып табылады. Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы ең алдымен табыстар түсуінің оларды жұмсаудан тұрақты артық болуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын айқындайды. Нарық жағдайларында ол мемлекетке, жабдықтаушыларға, кредиторларға, жұмысшылар және басқаларға төлемдерді жасау үшін жеткілікті мөлшерде өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен табысты тұрақты алуды талап етеді. Сол уақытта кәсіпорынның дамуы үшін барлық есеп айырысуларды жүзеге асыру мен барлық міндеттемелерді орындаудан кейін кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға, әлеуметтік климатты жақсартуға және т. б. мүмкіндік беретін табыс алу қажет. [3, б. 69]

Қаржылық тұрақтылықтың мәні қалыптастыру көздерімен қорлар мен шығындардың қамтамасыздығы болып табылады.

Кәсіпорындар жұмысының нарықтық шарттарына өтуден бастап, оның қаржылық жағдайының тұрақтылығы туралы және оны сауықтыру жолдарын іздеу мәселесі үлкен рөлге ие.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына көптеген факторлар әсер етеді. Олар келесідей жіктелінеді:

  1. пайда болу орны бойынша - сыртқы және ішкі;
  2. нәтиженің маңыздылығы бойынша - негізгі және жанама;
  3. құрылымы бойынша - жай және күрделі;
  4. қызмет ету уақыты бойынша - тұрақты және уақытша.

Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінде жұмысты ұйымдастырудан тәуелді болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорынның ерігіне тәуелсіз. Негізгі ішкі факторларды қарастыруға болады. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең алдымен өндіріс шығындарымен тығыз байланыста шығарылатын өнім мен көрсетілетін қызметтердің құрамы мен құрылымынан тәуелді болады. Тұрақты мен өзгермелі шығындар арасында ара қатынас маңызды болады.

Шығарылатын өнім түрлері мен өндіріс технологиясымен тығыз байланысты болатын кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының маңызды факторы активтердің оптималды құрамы мен құрылымы, сонымен қатар оларды басқару стратегиясының дұрыс таңдауы болып табылады. Ағымды активтерді басқару өнері ағымды оперативтік қызмет үшін қажетті өтімді қаражаттардың минималды қажет сомасын кәсіпорынның шоттарында ұстауында көрінеді.

Қаржылық тұрақтылықтың маңызды ішкі факторлары қаржы ресурстардың құрамы мен құрылымы, оларды басқарудың стратегия мен тактикасын дұрыс таңдау болып табылады. Кәсіпорында меншік қаржы ресурстары, ең алдымен таза табыс неғұрлым көп болса, соғұрлым кәсіпорынның дамуы тұрақты болады. Бұл кезде таза табыстың жалпы мөлшері ғана емес, сонымен қатар оны бөлу құрылымы, әсіресе оның өндірісті дамытуға бағытталған үлесі маңызды болады.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына үлкен әсерін қарыздық капиталдар нарығында қосымша шоғырланған қаражаттар тигізеді. Кәсіпорын неғұрлым көп ақша қаражаттарды тарта алса, соғұрлым оның қаржылық мүмкіндіктері көп болады, алайда қаржылық тәуекел де артады. Мұнда үлкен рөлді кәсіпорынның төлем қабілеттілігінің қаржы кепілдігі нысандарының бірі болып резервтер ойнайды. [3, б. 87]

Жоғарыда көрсеткендерді жалпылай келіп, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін келесі ішкі факторларды бөлуге болады:

  • кәсіпорынның салалық жатқызылуы;
  • шығарылатын өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) құрылымы, жалпы төлем қабілеттілікті сұраныста оның үлесі;
  • төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
  • шығындар көлемі, ақша табыстарымен салыстырғанда олардың динамикасы;
  • қорлар және резервтер, олардың құрамы мен құрылымымен бірге мүлік пен қаржы ресурстардың жағдайы;
  • кәсіпорындарды басқарудың тиімділігі.

Сыртқы факторларға шаруашылық қызметтің экономикалық шарттардың әсер етуін, қоғамда билік ететін техника мен технологияны, төлем қабілетті сұраныс пен тұтынушылар табыстарының деңгейін, ҚР Үкіметінің салықтық және несиелік саясатын, сыртқы экономикалық байланыстарды және т. б. жатқызады.

Қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрінісі кәсіпорынның төлем қабілеттілігі болып табылады. Төлем қабілеттілік - бұл кәсіпорынның өз міндеттемелерін жабу мүмкіндігі.

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржы тұрақтылығының маңызды критерийлерінің бірі болып табылады. Сондықтан да онымен тығыз байланыста болады. Нарықтық экономика жағдайларында төлем қабілеттілікке көп көңіл бөлінеді. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі - бұл кәсіпорынның өзінің міндеттемелері бойынша төлемдерді уақытында жүзеге асыру дайындығы.

Бұл үшін кәсіпорынға төлем қаражаттарын иелену қажет, оларға бірінші ретте есеп айырысу, валюталық және т. б. шоттарында бар ақшалар жатады.

Қарыздарды жабу үшін потенциалды қаражаттар болып қаражаттардың қалыпты айналымы кезінде қолма-қол ақшаға айналуға тиісті болатын дебиторлық берешек жатады.

Сонымен қатар қарыздарды жабу үшін қаражаттар болып кәсіпорында бар болатын тауарлық-материалдық құндылықтар табылады. Оларды сату кезінде кәсіпорын ақша қаражаттарды алады. Басқаша айтқанда, теория жүзінде қарыздық қаражаттарды жабу кәсіпорынның барлық ағымды активтермен (айналым қаражаттармен) қамтамасыз етіледі. Яғни теориялық түрде айтатын болсақ, егер кәсіпорында ағымды активтер қысқа мерзімді міндеттемелердің сомасынан артық болатын болса, онда бұл кәсіпорын қарыздарды жабуға дайын. Алайда егер кәсіпорын барлық ағымды активтерді қарызды жабуға бағыттайтын болса, онда сол сәтте оның өндірістік қызметі тоқтатылады, өйткені кәсіпорында өндірістің қаражаттарынан тек қана негізгі құралдар қалады, ал материалдық айналым құралдарды сатып алуға ақша жоқ: олар толығымен берешекті төлеуге кеткен.

Сондықтан ағымды активтердің сомасы ағымды міндеттемелердің мөлшерінен анағұрлым артық болатын кәсіпорындар төлем қабілетті деп есептеуге болады. Кәсіпорындарда қарыздарды жабу үшін ғана емес, сонымен қатар бір уақытта өндіріс процесін үздіксіз іске асыру және өнімді сатуға қаражаттар болуы тиіс.

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау қаражаттардың бар болуы мен түсуін бірінші реттегі қажетті төлемдермен сәйкес өлшеу жолымен жүзеге асырылады. Ағымды және перспективті төлем қабілеттілікті ажыратылады.

Ағымды төлем қабілеттілік балансты құру мерзіміне анықталынады. Егер кәсіпорында жабдықтаушылармен банктік ссудалар және т. б. есеп айырысулар бойынша мерзімі өткен берешегі болмаса, онда бұл кәсіпорын төлем қабілетті болып саналады. [4, б. 75]

Перспективті төлем қабілеттілік кәсіпорынның төлем қаражаттарының сомасын осы мерзімге оның мерзімді міндеттемелермен салыстыру жолымен нақты болашақты мерзімге анықталынады.

Төлем қабілеттілік төлем қабілеттілік коэффициенті арқылы белгіленеді. Бұл коэффициент бар болатын ақша қаражаттары сомасының белгілі бір мерзімге немесе болашақ кезеңге жедел төлемдер сомасына қатынас ретінде көрсетіледі. Егер төлем қабілеттілік коэффициенті 1-ге тең немесе одан көп болса, онда кәсіпорын төлем қабілетті болып есептелінеді. Егер коэффициент 1-ден төмен болса, онда талдау процесінде төлем қаражаттарының жетіспеушілігінің себептерін анықтау қажет.

Төлемдік қаражаттар сомасын анықтау мәселесі бойынша әр түрлі көзқарастар бар. Ең қолайлысы төлем қабілетті қаражаттарға ақша қаражаттары, қысқа мерзімді бағалы қағаздар жатады, өйткені олар тез сатылып ақшаға айнала алады, сонымен қатар түсімі бойынша сенімі бар дебиторлық берешектің бөлігі жатады. Ағымды міндеттемелер ағымды пассивтерді қосады, яғни өтелуге тиісті міндеттемелер мен қарыздар: банктің қысқа мерзімді несиелері, қысқа мерзімді займдар, кредиторлық берешек және басқа да пассивтер. Төлемдік қаражаттардың ағымды міндеттемелерден артық болуы кәсіпорынның төлем қабілеттілігін сипаттайды.

Төлем қабілеттілігі жоқтығы туралы есеп айырысу және банктегі басқа да шоттарда ақшалардың болмауы, мерзімі өткен банкке несиелердің, займдардың, қаржы органдарына берешектің бар болуы, еңбек ақы төлеу бойынша қаражаттарды төлеу мерзімін бұзу сипаттайды. Ең нақты түрде төлем қабілеттілік оны салыстыру түрде қысқа мерзім (апта, жарты ай) ішінде талдау кезінде көрінеді.

1. 2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау әдістері

Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп бөлуді қажет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің негізгі ақпараттық көздері бар.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің екі түрі бар: акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді сондай-ақ сақтандыру ұйымдары мен үкімет органдарын кәсіпорнның жұмыс жағдайы мен оның қаржылық жағдайы және есеп кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесімен таныстыру үшін қаржылық газеттер мен бюллетендерде, арнайы анқтамаларда басылып шығатын қаржылық есеп беру. Сонымен қатар көбіне, есепте.

Субьетінің шаруашалақ қызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдыңғы кезеңдегі жағдайын болжауға мүмкідік беретін бірқатар жылдардың мәліметтерін жариялайды. Есеп берудің екінші түрі - басқару талдауы, бұл кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы, сондай-ақ сапасының төмендегеніне немесе тауардың мөлшерден тыс шығарылып, өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатан құпияландырылған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады. Ішкі есеп берудің ішіндегі жауапкершілік орталықтары мен пайда болу орындары бойынша шығындар сияқты жеке бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін сипаттайтын маңызды есеп түрлері болады. Кәсіпорнның жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу деңгейін анықтау шығындар мен нәтижелерді салыстыру, кім қалай жұмыс істейтінін көруге мүмкіндік береді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір иесіздікті жояды. Ішкі талдау басқару есебі, ал сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде жүргізіледі. Бүгінгі таңдағы нарыққы өту кезеңінде кәсіпорнның қаржылық жағдайын бақылауда жаңа адамдар қажет. [4, б. 102]

Соңғы кездері мерзімді баспасөздерде, сондай-ақ жеке басылымдарда қаржылық талдауды жүргізу бойынша бірқатар әдістемелік ұсыныстар жарық көрді. Бұл еңбектің авторлары кәсіпорнның қаржылық жағдайын және оның жекелей көрсеткіштердің талдаудың әртүрлі әдістемелерін ұсынып отыр. Бұл әдістемелердің көпшілігінде олрдың маңызды ерекшелігі болып тпбылатын, кәсіпорнның қаржылық жағдайының жаңа көрсеткіштерінің жүйесін толық талдауда.

Оңдаған жалдар бойы барлық басқару деңгейлерінде және кәсіпорнның өзінде пайдаланып келген қаржылық жағдайды талдаудың қалыптасқан әдәсәнәң, шаруашылық жүргізудің әкімшілік жүйесінің жұмыс істеу жағдайында және негізінен орталақтандырылған көздерден қаржыландырылатын мемлекеттік меншік үшін, сондай-ақ уақытша таратылған қаражаттарды (тұрақты пассивтер) , айналым қаражаттарын және басқаларды мөлшерлеу мақсатында қолданылғаны түсінікті. Бұл жағдайлар шаруашалақ жүргізудің тиімділігіне бағытталған басқарушылық шешімдерде қабылдауда кәсіпорнның дербестігін тежеп отырады және нарықтық қатынастар және кәсіпшілік қызметпен мүлдем үйлеспейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың міндеттері
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын болжау әдістері
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын талдау
Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп және аудит жұмысының ұйымдастырылуы туралы
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы
Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау мақсаты.Қаржы аясындағы реттеу органдарының жүйесі
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негізі
Қаржылық талдау
Қаржылық жағдайды басқару
Қазақстанның қаржылық жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz