Көлік кешені, темір жол


Диплом жұмысы. Тақырыбы. Көлік кешені, темір жол
Мазмұны
Кіріспе . . . 6
I Көлік кешендерінің даму бағыттары . . . 7
- Көліктік қызмет көрсету рыногының қазіргі жағдайы, көлік саясаты . . . 7
- Қазіргі заманғы Ұлттық көлік инфрақұрылымын құру, бәсекелестік ортаны дамыту . . . 11
- Аймақтық және мемлекеттік көлік саясатын іске асыру жолдары . . . 19
1. 4 Темір жол тораптарының дамуына өндірістік күштерді орналастырудың әсері . . . 23
II Көлік кешенінің жай - күйі мен даму үрдісі . . . 33
2. 1 Темір жол көлігінің даму барысы . . . 33
2. 2 Автомобиль көлігінің даму үрдісі . . . 41
2. 3 Әуе көлігінің даму жолдары . . . 49
2. 4 Құбыр көлігінің даму бағыттары . . . 52
III ОҚО - ның көлік кешендері және көлік дәліздерін дамытудың экономикалық маңызы . . . 56
3. 1 Темір жол көлігі кешенінің маңызы . . . 56
3. 2 Автомобиль жолдары және автомобиль көлігінің экономикалық маңызы . . . 59
3. 3 Транзиттік әуе бағыттары . . . 68
3. 4 XXI ғасырдың «Жібек жолы» . . . 70
Қорытынды . . . 75
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 78
Қосымша мәліметтер . . . 80
Кіріспе
Тақырыптың көкейтестілігі: Қазақстанның Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азияның қарқынды дамып келе жатқан рыноктары ортасында географиялық орын алуы еліміздің қазіргі кезеңдегі экономикалық дамуында транзиттік әлеуетке едәуір маңызды рөл беріп отыр. Яғни қазіргі кезеңдегі саясат экономикалық өсу міндеттеріне жауап беретін қуатты көлік-коммуникация кешенін құруға және оны жетілдіруге көп көңіл бере отырып, Қазақстандағы, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы транспорт кешенін дамытудың экономикалық маңыздылығына салыстырмалы түрде жан-жақты талдау жасалынады. Халықаралық ынтымақтастықтың ауқымын ұлғайту мен әлеуметтік - экономикалық кірігудің қәзіргі заманғы процесстері мемлекеттердің өз экономикалық әлеуетін одан әрі дамыту мен олардың халықаралық рыноктағы бәсекелестік қабілеті тұғырынан алғанда, ұлттық экономикалардың қолданыстағы модельдерін түзету қажеттілігіне шарасыз әкеледі.
Қазақстан өз геосаяси жағдайына, экономикалық әлеуетіне және тарихи дәстүрлеріне байланысты әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне халықаралық кірігудің белсенді торабы және ғаламдық экономикалық процесстерге қатысушы болып табылады.
Мәселенің өңделуі: Еуроазиялық құрылықтың орталығында, Еуропаның, Шығыс және Оңтүстік - Шығыс Азияның көлемді және серпінді дамып келе жатқан рыноктарының арасында орналасқан Қазақстанның экономикасы көбіне мемлекеттің жоғары әлеуетті транзиттік мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға байланысты.
Халықаралық талдау орталықтарының бағалауы бойынша Оңтүстік-Шығыс және Шығыс Азия - Еуропа бағыттары бойынша транзиттік ағындар 330-400 млрд. АҚШ доллары болып бағаланады, олардың 20% - на дейіні Ресей Федерациясы мен Қазақстанның аумағы арқылы өтуі тиіс. Алайда, әртүрлі себептерге байланысты Қазақстан осы әлеуетті 10%-дан аз пайдаланады. Қазіргі уақытта 1, 1 млрд. АҚШ долларын құрайтын ішкі тасымалдар көлемі 2005 жылы 2, 6 млрд. АҚШ долларына дейін өсуі мүмкін (экономика индикативтік жоспарға сәйкес 45, 6% өскен кезде) .
Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақстандағы көлік кешендерінің жүк тасымалдаудағы алатын орны және транзиттік даму бағыттарын зерттеу. ОҚО - ның көлік кешенінің транзиттік атқаратын рөлі. Халықаралық практика ұлттық деңгейдегі көлік жүйелерінің барабар дамымауы өндіріс пен қызмет көрсету салаларында өзін ақтамайтын шығындарды көбейтіп, шаруашылық қызметінің, іс жүзінде барлық дерлік салаларының дамуын кідіртуге, азаматтардың әлеуметтік кепілдіктерін шектеуге әкелетінін көрсетеді.
Зерттеу жұмысының нысаны: Транзиттік - көліктік мүмкіндіктерді ұтымды пайдалану экономиканың сабақтас салалары мен аяларын жедел дамытуға ынталандырады. Басқаша айтқанда, көлік стратегиясын таңдап алу, еліміздің өнеркәсіптік кешеніндегі көліктің рөлін жаңаша түсіну, көбінесе, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жетістіктерінің тиімділігін алдын ала анықтайды.
Қазақсандағы көмірсутегінің болжанған қорлары таяу болашақта Қазақстан дүние жүзіндегі негізгі мұнай жеткізушілерінің біріне айналуы мүмкін екендігін көрсетеді. Сондықтан, мұнайды экспортқа тасымалдау проблемасының Қазақстан үшін стратегиялық маңызы бар.
Тәрбиелік құндылығы: Көлік кешенінің қоғамдағы даму стратегиясы мен қызмет көрсету аясындағы экономикалық маңызын, жүк тасымалдаудағы құндылықтарын меңгеру. Соңғы кезде нарықтық қатынастарды барынша дамытуға және көлік жүйесінде бәсекелестік ортаны дамытуға бағытталған экономиканы ырықтандыру одан әрі экономикалық ілгерілеуге нақты алғы шарттар жасады.
Қазқстанда осы жылдары экономиканың өсуіне барабар көлік қызметін көрсету рыногы қалыптасқан.
Ұлттық экономикада көлік кешені рөлінің тұрақты өсуі байқалады. Егер 90-жылдардың басында Қазақстан Республикасының ішкі жалпы өніміндегі көлік пен байланыстың үлесі 8, 9% деңгейінде бағаланса, онжылдықтың соңында ол 13, 3% дейін өсті.
Экономиканы ырықтандыру мен көлік жүйесіндегі құрылымдық өзгерістер еркін көліктік қызмет көрсету рыногының дамуына және Қазақстанның дамып келе жатқан нарықтық экономикасына кірігуге әкелді, нормативтік құқықтық база, сондай-ақ көлікті басқару жүйесі өзгерді. Ішкі (көбіне автомобиль және авиация көлігінде) және салааралық (көбіне автомобиль және теміржол, теміржол және су көлігі арасында) бәсекелестік, сондай-ақ көлік қызметін көрсету рыноктарын игерудегі шетелдік тасымалдаушыларымен бәсеке көлік жүйелерінің белгілі бір мөлшерде өзін-өзі сақтауын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік көлік саясатының мақсаты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік тасымалдардың тиімділігін арттыру, көлік қызметін көрсетуге бар және болжанатын қажеттіліктерді қанағаттандыру, олардың сапасын арттыру.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспе бөлімнен және негізгі үш тараудан тұрады. Кіріспе бөлімінде Қазақстанның көлік кешеніне, олардың транзиттік даму бағыттарына қысқаша сипаттама беріле отырып, диплом жұмысының зерттеу мақсатын, зерттеу нысанын айқындай отырып оның тәрбиелік құндылығына баға беріледі. 1-тарауда Қазақстандағы көлік кешендерінің даму бағыттары қарастырылып, 2-тарауда көлік кешенінің даму үрдісі, ал 3-тарауда ОҚО - ның көлік кешеніне ғылыми талдау жасай отырып, оның транзиттік дәліз ретінде экономикалық маңыздылығына ғылыми теориялық баға берілген.
1 Көлік кешендерінің даму бағыттары
1. 1 Көліктік қызмет көрсету рыногының қазіргі жағдайы, көлік саясатының мақсаты
Халықаралық ынтымақтастық ауқымын ұлғайту мен әлеуметтік -экономикалық кірігудің қазіргі заманғы процестері мемлекеттердің өз экономикалық әлеуетін одан әрі дамыту мен олардың халықаралық рыноктағы бәсекелестік қабілеті тұғырынан алғанда, ұлттық экономикалардың қолданыстағы модельдерін түзету қажеттілігіне шарасыз әкеледі.
Қазақстан өз геосаяси жағдайына, экономикалық әлеуетіне және тарихи дәстүрлеріне байланысты әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне халықаралық кірігудің белсенді торабы және ғаламдық экономикалық процестерге қатысушы болып табылады.
Еуразиялық құрлықтың орталығында, Еуропаның, Шығыс және Оңтүстік Шығыс Азияның көлемді және серпінді дамып келе жатқан рыноктардың арасында орналасқан Қазақстанның экономикасы көбіне мемлекеттің жоғары әулетті транзиттік мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға байланысты. Ұлттық көлік жүйесінің дамуына сондай-ақ елдің үлкен аумағы (2725 шаршы километр), халықтың төмен тығыздылығы (орта есеппен 1 шаршы километрге 6 адамнан кем), шикізат және өндірістік ресурстардың едәуір шашыраңқы орналасуы ерекше мән береді.
Халықаралық талдау орталықтарының бағалауы бойынша Оңтүстік-Шығыс және Шығыс Азия бағыттары бойынша транзиттік ағындар 330-400 млрд. АҚШ доллары болып бағаланады, олардың 20%-на дейіні Ресе Федерациясы мен Қазақстанның аумағы арқылы өтуі тиіс. Алайда, әртүрлі себептерге байланысты Қазақстан осы әлеуетті 10%-дан аз пайдаланады. Қазіргі уақытта 1, 1 млрд. АҚШ долларын құрайтын ішкі тасымалдар көлемі 2005 жылы 2, 6 млрд. АҚШ долларына дейін өсуәі мүмкін (экономика индакативтік жоспарға сәйкес 45, 6% өскен кезде)
Халықаралық практика ұлттық деңгейдегі көлік жүйелерінің барабар дамуы өндіріс пен қызмет көрсету салаларында өзін ақтамайтын шығындарды көбейтіп, шаруашылық қызыметінің, іс жүзінде барлық дерлік салаларының дамуын кідіртуге, азаматтардың әлеуметтік кепілдіктерін шктеуге әкелетінін көрсетеді.
Транзиттік көліктік мүмкіндіктерді ұтымды пайдалану экономиканың сабақтас салалары мен аяларын жедел дамытуға ынталандырады. Басқаша айтқанда, көлік стратегиясын таңдап алу, еліміздің өнеркәсіптік кешеніндегі көліктің рөлін жаңаша түсіну, көбінесе, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жетістіктердің тиімділігін алдын ала анықтайды.
Қазақстандағы көмірсутегінің болжаған қорлары таяу болашақта Қазақстан дүние негізі мұнай жеткізушілердің біріне айналуы мүмкін екендігін көрсетеді. Сондықтан, мұнайды экспортқа тасымалдау проблемасының Қазақстан үшін стратегиялық маңызы бар.
Соңғы кезде нақтырақ қатынастарды барынша дамытуға және көлік жүйесінде бәсекелестік ортаны дамытуға бағытталған экономиканы ырықтандыру одан әрі экономикалық ілгерілеуге нақты алғышарттар жасады. Қазақстанда осы жылдары экономиканың өсуіне барабар көлік қызметін көрсету рыногы қалыптасқан. Алайда, көлік жүйесінің қуатты әлеуеті, соның ішінде Қазақстанның аумағы арқылы халықаралық транзит мүмкіндігі әзірше жеткілікті тиімді пайдаланылмайды. Осының бәрі негізгі басымдықтары:
қазіргі заманға ұлттық көлік инфроқұрылымын қалыптастыру және дамыту;
еліміздің батыс аймағының көлік инфроқұрылымын дамыту;
қазақстандық көлік кешенінің халықаралық көлік жүйксіне кірігу процесін жеделдету және елдің транзиттік әлеуетін дамыту;
мемлкеттік реттеуді жетілдіру және бәсекелестік ортаны дамыту болып табылатын көлік саласында мемлекеттің қазіргі заманғы стратегиясын әзірлеу қажеттілігіне әкеледі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік көлік саясаты тұжырымдамасында Қазақстанның экономикалық өсуінің жай-күйіне ықпал ететін көлік жүйесінің жекелеген салаларын дамытуға қолданылатын қағидатты тәсілдер көрсетілген. [1]
Тұжырымдама «Қазақстан » ұлттық стратегиясының ережелерін, мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауларын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламалық құжаттарын дамыта отырып, әзірленген.
Қазақстан Республикасының көлік кешені негізгі сипаттамалары мен көрсеткіштері қосымшада келтірілген темір жол, автомобиль су, авиация, сондай-ақ технологиялық көліктің басқа да түрлерін біріктіреді.
Еркін нарық қатынастарына көшу көлік кешені қызметінің негізгі көрсеткіштерінде көрініс тапты. Мәселен, 1990 жылдан бастап 1999 жылға дейінгі кезеңде көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау 2, 5 есе, жүк айналымы - 3, 5 еседен аса, жолаушылар тасмалы-5 есе қысқарды. Соңғы екі жылда осы көрсеткіштердің өсу үрдісі байқалып отыр.
Ұлттық эканомикада көлік кешені рөлінің тұрақты өсуі байқалды. Егер 90-жылдардың басында Қазақстан Республикасының ішкі жалпы өнімдегі көлік пен байланыстың үлесі 8, 9 % деңгейінде бағаланса, онжылдықтың соңында ол 13, 3% дейін өсті. Бұл ретте, көлік кешені үлес салмағының өсімі, негізінен, елдің экономика құрылымындағы кейбір салаларының үлесі салмағының үлесі күрт төмендеуінен орын алды.
Экономиканы ырықтандыру мен көлік кешеніндегі құрылымдылық өзгерістер ерін көліктік қызмет көрсету рыногының дамуына және Қазақстанның дамып келе жатқан нарықтық экономикасына кіруге әкеледі, нормативтік құқықтық база, сондай-ақ көлікті басқару жүйесі өзгерді. Ішкі (көбіне автомобиль және авиация көлігінде) және салааралық (көбіне автомобиль және теміржол, теміржол және су көлігі арасында) бәсекелестік, сондай-ақ көлік қызметін көрсету рыноктарын игерудегі шетелдік тасымалдаушылармен бәсеке көлік жүйелерінің белгілі бір мөлшерде өзін-өзі сақтауын қамтамасыз етеді.
Үкіметтік сырттан қарыз алуды, сондай-ақ басымдық белгілеу - республика экономикасының нақты секторына шетелдік инвестицияларды тарту арқылы жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуын шектеу енгізілген.
Барынша монополиядан шығару және бәсекелестікті ынталандыру автокөлікте жүзеге асырылды: мемлекеттік меншікте автокөлік құралдарының 5% кем паркі қалды.
Су көлігі туралы айтса, онда мемлекеттің меншігінде су жолдары мен навигация құралдары ғана қалды, қалған обектілер акционерлерді немесе толық жеке меншікке беріледі.
Тіркелген 48 авиакомпания жүзеге асыратын әуе тасымалдары рыногында чартерлік тасымалдарды қоспағанда, қазақстандық тасымалдаушылардың арасында бәсекелестік іс жүзінде жоқ, себебі таяу және шет елдерге тұрақты рейстерді орындау құқығы тек бір авиакомпанияға - ұлттық тасымалдаушыға берілген. Темір жолдағы институционалдық өзгерістер (көлік кешенінің басқа секторларына қарағанда ) анағұрлым баяу қарқынмен жүрді. [2]
Дегенмен, институционалдық өзгерістер жүк және жолаушы көлік ағынын халықаралық қайта бөлудің жаңа экономикалық жағдайында көлік инфрақұрылымының оңтайлы жұмыс істеуін қамтамасыз етпейді. Жүктерді экспедициялау және мультимодальдық тасмалдар жеткілікті дамыған.
Тасымалдар көлемінің едәуір қысқаруы іс жүзінде көлік кешенінің әрбір секторында тасу қабілеті бойынша резервтер құрды, бұл көлік инфроқұрылымына да, жылжымала құрымға да қатысты. Алайда, осы резервте көлік түрлері бойынша да, аумақтар бойынша да тең емес.
Сонымен қатар, көлік кешенінің бірқатар сегменттеріне активтерді біркелкі пайдаланбау экономиканың өсу қарқыны көлік кідірте бастайтын рыноктың жекелеген субъектілері мен сегменттерінің залалдығына әкеледі.
Көлік кешені барлық секторларының қызметі транзиттік тасымалдарға арналған тарифтерді барабар реттеуімен сипатталатынын атап өту керек. Транзиттік тасымалдар бойынша қызмет көрсететін табиғи монополист кәсіпорындар қатаң халықаралық бәсекелестік жағдайында жұмыс істейді.
Темір жол және авиация көлігі үшін жағдай ескірген инфрақұрылымның іс жүзінде толық сақталуымен қиындап отыр.
Бұдан басқа, кешен салаларындағы инвестициялар жетіспушілігі өз қаражаты мен банк несиелерін жылжымалы құрам мен инфрақұрылым объектілерін жаңартуға жұмсауға мүмкіндік бермейді, мұның өзі негізгі құралдардың едәуір тозуына және жылжымалы құрамның орташа жасының сыну жасқа дейін ұлғаюына әкеледі. Осының бәрі Қазақстанның транзиттік әлеуетін пайдалануға кедергі жасайды.
Қазақстанның құбыр көлігі көбісі 1990 жылға дейін салынған мұнай - және мұнай өнім құбырлары (6, 3мың км), газ құбырлары (3, 2 мыңкм) және су құбырлары (3, 4 мың км) кіреді.
Қазіргі уақытта, көбінесе батыстық мұнай құбыр жүйесі пайдаланылды. Шығыстық мұнай құбыр жүйесі объективі экономикалық себептерге байланысты іс жүзінде тоқтап тұр.
Газ құбырлары, көбінесе транзиттік болып табылады және Қазақстанның халық аз тұратын орталық және солтүстік батыс аудандарында орналасқан. Республиканың оңтүстік аймағында Өзбекстанның табиғи газымен Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарын қоректендіретін газ құбыры жұмыс істейді. Қазақстан Республикасындағы көмірсутегі шикізатының бағаланған әлеуетті аса жоғары және қазіргі кезеңде де күшейе беруде.
Республика бойынша тұтас алғанда мұнай мен газ конденсатының күтілген өндіру көлемі 2000 жылы 33, 5 тоннаны құрады, 2005 жылы - 60, 0 млн. тоннаға және 2010жылы - 100, 0 млн. тоннаға жетті.
Алайда, шикізаттың ірі қорының болуы - мұнай - газ саласының дамуы үшін міндетті, бірақ жеткіліксіз шарт.
Сондықтан, мұнай-газ өндіретін компаниялардың экспорттық бағыттарға барынша қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін көлік инфрақұрылымының құрлысы мұнай-газ саласын дамытудағы басым бағыттардың бірі болып табылады. Қазақстанның мұнайды сататын дүниежүзілік рыноктарға дербес жолының жоқтығын ескере отырып, мұнайдың негізгі көлемі көрші Тәуелсіз Мемлекеттер Достығына мүше мемлекеттердің аумағы арқылы тасмылданады. Бұл Қара және Балтық теңіздерінің экспорттық терминалдары арқылы еуропа рыноктарына мұнайды тасымалдауға мүмкіндік беретін «Дружба» құбыр жүйесі, сондай-ақ Транс Кавказ көлік дәліз (Ақтау-Баку-Батуми) .
Су құбырлары көбіне Қазақстанның батыс және солтүстік аудандарында орналасқан. Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығы тараптарынан техникалық және ауыз суға сұраныстың төмендеуі су құбырының өткізу қабілеті оңтайлы пайдаланылмауына әкеледі. Қалыптасқан жағдайы және Қазақстан Республикасындағы көлік кешені дамыту жолдарын жан-жақты талдау елдің аумағы арқылы тауарлар мен жүктерді тасымалдау шығындарын төмендетуді, халыққа көрсетілетін көлік қызыметінің сапасы жақсартуды, тасымалданатын жүктер мен жолаушылардың қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз етуді ескере отырып, кешенді одан әрі реформалау қажеттілігін көрсетеді.
Мемлекеттік көлік саясатының мақсаты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік тасымалдардың тиімділігін арттыру, көлік қызметін көрсетуге бар және болжанатын қажеттіліктерді қанағаттандыру, олардың сапасын: Қазақстан Республикасының аумағында қазақстандық экономиканы дамытудың және елдің ұлттық қауіпсіздік мүдделерін қамтамасыз етудің міндетті шарты ретінде біріңғай, іштей тұйықталған, сырттай шоғырланған көлік кеңістігін қалыптастыру;
Көлік инфрақұрылымының дамуындағы үйлестіруді арттыру, көлік құрылысындағы ірі жобаларды әзірлеу және іске асыру, жаңа көлік технологиялары мен техникаларын ендіру;
еліміздің географиялық орналасуын барынша тиімді пайдаланып, көлік кешенінің дүние жүзілік көлік жүйесіне шоғырлануы;
Қазақстанның аумағында бәсекеге төзімді халықаралық көлік дәліздерін қалыптастыру, еліміздің транзиттік әлеуеттін арттыру үшін қажетті және жеткілікті жағдай жасау;
көлік және өндірістік - тарту процестерін шоғырландыру, логистика қағидаттарына негізделген мультимодульды тасымалдау жүйелерін құру;
қабылданатын басқару шешімдерін негізділігін қамтамасыз ету үшін мәліметтер базасын және болжау моделдерін (көлік коммуникация кешені ақпарандыру ) құру;
тасымалдау процесіне барлық қатысушылардың мүдделерін ескеретін және кеңейтілген қайта өндіруді қамтамасыз ететін икемді тариф жүйесін қалыптастыру;
анағғұрлым экологиялық және энергия сақтайтын көлік технологияларын ендіру, көліктің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету және көліктің қоршаған ортаға теріс ықпалын халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкес келетін деңгейге дейін төмендету арқылы жақсарту үшін көлік кешенін қарқынды дамыту болып табылады. [12]
1. 2 Қазіргі заманғы Ұлттық көлік инфрақұрылымын құру, бәсекелестік ортаны дамыту
Еліміздің 2000 жылдағы дамуының әлеуметтік - экономикалық көрсеткіштері экономикалық өсу үрдісін көрсетеді, бұл Қазақстан Республикасының 2001-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарының параметірлерімен байланысқан. Қалыптасқан көлік қызметін көрсету рыногы жүктермен жолаушылардың қажетті тасымалдарын толық көлемде қамтамасыз ете отырып, нарықтық конъюнктура өзгерісіне өткен жылы барабар жауап берді.
Еліміздің экономикалық өрлеп даму шарттарының бірі экономиканың өсуінен көлік кешенінің озық қарқынымен дамуы болып табылады, себебі дуниежүзілік практика өнеркәсіп өндірісінің 1% өсімі тасымалдар көлемінің 1, 5 - 1, 7% өсіміне әкелетінін көрсетеді. Көлік кешенінде белгіленген оң өзгерістер қарқынының сақталуы екі -үш жылдан кейін көлік объективті себептерге бола әлеуметтік - эканомикалық өсуді кідіртуге, Қазақстанның халықаралық рыноктағы бәсекелестік тұғырларын едәуір төмендетуге әкелуі мүмкін.
Осыған байланысты мемлекеттік көлік саясатынның негізгі басымдықтары: қазіргі заманғы Ұлттық көлік инфақұрылымын қалыптастыру және дамыту; Қазақстандық көлік кешенінің халықаралық көлік жүйесіне шоғырлану процесін жеделдету және еліміздің транзиттік әлеуетін дамыту; мемлекеттік реттеуді жетілдіру және бәсекелестік ортаны дамыту болып табылады.
Өзара байланыстырылған және бірін бірі өзара толықтыратын элементтердің технологиялық және пайдаланымдық - сабақтас жүйе ретінде ұлттық көлік инфрақұрылымы мемлекеттік реттеу мен басқарудың тұтас объектісі ретінде қаралады. Оны қалыптастыру мен дамыту жөніндегі негізгі міндеттер: көлік кешенінің жекелеген секторларының дербес және қатар жұмыс істеуінен оларды дамытудың тұжырымдамалық жағынан бірыңғай стратегиялық моделіне, республикалык және аймақтық деңгейдегі қызыметін үйлесімді жоспарлауға көшу;
Қазақстан Республикасының магистральдық транзит - көлік коммуникацияларының халықаралық тәжірибені ескере отырып, оларды кешенді басқаруды, ұстауды қамтамасыз ете отырып, бірыңғай көлік дәліздерін қалыптастыру;
Көлік кешенінің барлық секторларының қазіргі көлік желілерінің техникалық және технологиялық деңгейлерін арттыру
Тұраралық технологиялық және ұйымдастырушылық оңтайландыру, өміршеңдігін қамтамасыз ету және пайдалану жүйелерін ұтымды біріктіру және бірлестіру себінен көлік инфрақұрылымының жұмыс істеу ресурс сыйымдылығын төмендету
Мұндай өңдеу зауыттарына мұнайды жеткізу үшін ішкі мұнай құбырларын салу;
Ресей бағытындағы экспорттық құбырларды қайта жаңарту;
Батыс Қазақстаннан Қытай және Иран бағытында мұнай құбырларын салудың перспективалық жобаларын әзірлек болып табылады.
Бірінші кезекте:
1) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу және орындауға қабылдау;
2) Қазақстан Республикасының аумағында тұйықталған және аймақаралық қатынаста оңтайландырылған темір жолдар желісін құру жөніндегі жобалау - іздестіру және құрылыс жұмыстарын аяқтау;
3) Ақтау портын қайта жаңартуды аяқтау;
4) Құбыр көлігін дамытудың көп векторлығын жалғастыру қажет.
Көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту тікелей қаржылай қолдау, инвестицияларды мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз ету, көлік кешенінің даму болжамдарын ескре отырып, дәліздерді кешенді дамытудың мемлекеттік, аймақтық бағдарламаларын және т. б. іске асыру арқылы жүзеге асырылады.
Дүниежүзілік көлік жүйесіне кірігу барынша еркін қозғалыс үшін жағдай жасауды, көліктік және өзгеде ілеспе сервистік қызметтерді жеткілікті көлемде және халықаралық талаптар деңгейінде көрсетуді білдіреді. Осыған қол жеткізу үшін:
Қазақстан Республикасы қосылған халықаралық Конвенциялар мен Келісімдердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қол қойған және бекіткен үкіметаралық шарттардың құқықтық, және технологиялық қамтамасыз етуін әзірлеу;
Қазақстан Республикасы үшін басым халықаралық Конвенциялар мен Келісімдерді анықтау, оларды құқықты және материалдық-техникалық қамтамасыз етуін дайындау;
Қазақстан Республикасының әртүрлі аймақтық және халықаралық ұйымдардағы құқықтық және экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі белсенді және салмақты іс-қимылы, ұлттық көлік кешені мүдделерін ескаре отырып, олардың қызметін үйлестіру;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz