Министрліктерінің арасындағы байланыс туралы келісім


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
ТАРАУ І. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН МЕН УКРАИНА ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР.
1. 1. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдардағы сыртқы саясатының басты бағыттары (ТМД елдер арасында)
1. 2. Қазақстан Республикасы мен Украина елдерінің арасындағы саяси, экономикалық және мәдени байланыстардың қалыптасуы (1991-1997 жылдар аралығында)
1. 3. Қазақстан мен Украина елдерінің арасындағы дипломатиялық байланыстарды нығайтуға бағытталған келісім шарттар
ТАРАУ ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН УКРАИНА ЕЛДЕРІНІҢ АРАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ БАЙЛАНЫСТАРДЫҢ ДАМУЫ МЕН СТАТИСТИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР
2. 1. Қазақстан Республикасы мен Украина елдерінің арасындағы сауда- саттық және көлік салаларындағы байланыстар мен қарым-қатынастар
2. 2. Қазақстан мен Украина арасындағы әлеуметтік саладығ байланыстардың тарихы
2. 3. отын өнеркәсібі саласындағы 1997-2010 жылдар аралығындағы Украина мен Қазақстан арасындағы туындаған күрделі мәселелер
ТАРАУ ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУЛИКАСЫ МЕН УКРАИНА ЕЛДЕРІНІҢ АРАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ МӘДЕНИ САЛАДАҒЫ БАЙЛАНЫСТАР
3. 1. Қазақстандағы Украина диаспорасының тағдыры: статистикалық көрсеткіштер, Қазақстан мәдениетіне қоқан үлесі.
3. 2. 1991-2010 жылдар арасындағы мәдени байланыстар
3. 3. Қазақстан-Украина арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған іс-шаралар (Қазақстандағы Украина жылы, Украинадағы Қазақстан жылы)
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диплом жұмысы Қазақстан мен Украина елдері арасындағы саяси, экономикалы және мәдени байланыстарды (1992-2010 жж) зерттеуге арналған. Жұмыста Қазақстанның тәуелсіздік алған Украина Республикаласымен орнатқан сан-саладағы ынтымақтастығы мен өзара байланыстары қарастырылады.
Тәуелсіз Қазақстан мен Украина арасындағы қарым-қатынастар тарихына, міне, 19 жыл болды. 1992 жылғы 22 шілдеде Қазақстан Республикасы мен Украина арасында дипломатиялық қатынастар орнаған болатын. Тарихи қалыптасқан байланыстарды жалғастыра отырып, екі ел арасындағы қатынастар мемлекеттер егемендігін алған уақыттан бері шынайы әріптестік және достық қатынасқа ие болды.
1999 жылдың 17 қыркүйегінде Киев қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы 1999-2010 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық туралы шарттың аясындағы Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы 1999-2010 жылдарға арналған ұзақ мерзімді экономикалық ынтымақтастық туралы бағдарламаға сәйкес екі елдің саясат, экономика, әлеуметтік қоғам және мәдени салаларында, бұқаралық ақпарат құралдары арасында ақпарат алмасу және тағы да басқа жұмыстар жүзеге асырылды.
Екі елдің тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңдердегі қарым-қатынасы, өзара байланыстары шынайы достық негізде дамып келеді. Украина мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық, әсіресе экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда өрістей түскенін атап өтпекпін.
Соңғы алты жыл ішінде біздің елдер арасындағы тауар айналымы бес есеге артты. Ал өткен жылдың 11 айында Украина - Қазақстан арасындағы тауар айналымы 2, 5 миллиард долларды құрады. Бұл екі ел арасындағы тауар айналымы бір жыл ішінде 70 пайызға өскендігін көрсетеді. Украинаның 200-ге жуық экономикалық әріптес елдері арасында тауар айналымы көлемі жағынан Қазақстан екінші орында тұрғанын мақтанышпен айта аламын. Украина мен Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың нығайып, тауар айналымының еселеп артуы екі мемлекет басшыларының жарлықтарымен өткен 2007 жылды Украинадағы Қазақстан жылы деп жариялап, соның аясында жүзеге асырылған ауқымды іс-шаралардың нәтижесі деп білемін.
Қазіргі кезде Украина мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі-алғы технологияларды енгізу болып саналады. Соның ішінде-космосты зерттеу, әскери-техникалық ынтымақтастықты ұлғайту мәселелері. Сонымен қатар, Қазақстанға еуропалық рынокқа шығу үшін Украинаның транзиттік жолдарын пайдалану өте тиімді болуға тиіс.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Кеңес Одағының ыдырауы нәтижесінде тәуелсіздік алған Қазақстан Республикасымен украина елі арасында халықаралық қатынастардың субъектілері ретінде бүкіләлемдік сахнаға шығып, сыртқы әлеммен жоғары мемлекетаралық дәрежеде байланыстар орнату мүмкіндігіне ие болды.
Зерттеудің өзектілігі, ең алдымен, Қазақстан мен Украина елдерінің геосаяси жағдайымен тікелей байланысты.
Жалпы, дипломдық жұмыстың тақырыбы болып табылатын Қазақстан мен Украина елдерінің арасындағы байланыстар мен ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындау және олардың өзара ықпалдастық деңгейін талдау тараптар арақатынасының болашақтағы дамуына баға беру -диплом жұымысының өзектілігі болып табылады.
Зерттеу жұмысында Қазақстан Республикасы мен Украина еліне қатысты ұстанған саясатының негізін ашуға, жүргізген ынтымақтастықтың ерекшеліктерін айқындауға талпыныс жасалады.
Қазақстан Республикасы мен Украина еліне жүргізген сыртқы саясатын ашу диплом жұмыстың зерттеу нысаны болып табылады. Ал өзара қарым-қатынастар дамуының негізгі бағыттарын зерттеу, яғни саяси, қауіпсіздік, сауда-экономикалық және мәдени салалардағы ынтымақтастыққа талдау жасау жұмыстың зерттеу пәні болған.
Зерттеу жұмысының мақсаты- Қазақстанның Украина елімен жүргізген сыртқы саясатының негізгі бағыттарын жүйелі және кешенді түрде зерттеу болып табылады. Осындай мақсатқа сәйкес зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылады:
-Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдардағы сыртқы саясатының басты бағыттарын айқындау;
-Қазақстан Республикасы мен Украина елдерінің арасындағы саяси, экономикалық және мәдени байланыстардың қалыптасу тарихын зерттеу;
-Қазақстан мен Украина елдерінің арасындағы дипломатиялық байланыстарды нығайтуға бағытталған келісім шарттарды баяндап, көрсету;
-Қазақстан Республикасы мен Украина елдерінің арасындағы сауда- саттық және көлік салаларындағы байланыстар мен қарым-қатынастарды ашып көрсету;
-Қазақстан мен Украина арасындағы әлеуметтік саладығы байланыстардың тарихына сипаттама беру;
-Отын өнеркәсібі саласындағы 1997-2010 жылдар аралығындағы Украина мен Қазақстан арасындағы туындаған күрделі мәселелерді зерттеу;
-Қазақстандағы Украина диаспорасының тағдыры мен 1991-2010 жылдар арасындағы мәдени байланыстарды зерттеу;
-Қазақстан-Украина арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған іс-шараларды (Қазақстандағы Украина жылы, Украинадағы Қазақстан жылы) ашып зерттеу.
Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері Зерттеу 1990-шы жылдардың басынан бүгінгі күнге 2010 жылға дейінгі аралықты қамтиды.
Диплом жұмысының деректік негізі.
Зерттеу көздерінің бірінші тобын дипломатиялық құжаттар құрайды. Олар Қазақстан Респулибкасы мен Украин мемлекеттері арасындағы байланыстар-ды дамыту барысында қол жеткізілген келісімдер, декларациялар, коммюникелер т. с. с. Мысалы, Қазақстан Республикасы Үкiметi және Украина Yкiметi арасындағы мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығының ұстанымдары туралы Келiсiм, Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Украинаның Министрлер Кабинетi арасындағы Әскери-техникалық ынты-мақтастық туралы Келісім, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Украина Үкiметi арасындағы табысқа қосарланған салық салуды болдырмау
және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы Конвенция, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Украина Министрлер Кабинетiнiң арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы келiсiмдi бекiту туралы Келісімдерді айтуымызға болады.
Мұндай құжаттар аталмыш елдер арасындағы байланыстарға жан-жақты талдау жасауға мүмкіндік беретін деректер болып табылады. Жоғарыда аталған дипломатиялық құжаттарда мемлекеттер арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың басым жақтарын көрсететін нақты да анық ақпарат беріледі.
Диплом жұмысында сүйенген зерттеу көздерінің екінші тобына ел басыларының, сыртқы істер және қорғаныс министрлерінің, елшілердің баяндамалары, өзара сапарлар барысындағы сөйлеген сөздері және әртүрлі ақпарат құралдарына берген сұхбат-тары кіреді. Олар берілген жұмыстың теориялық-әдістемелік негізін құрайды.
Ал үшінші топқа қазақ, орыс, қытай тілдеріндегі отандық және шетелдік мерзімді басылымдарда кездесетін алуан түрлі ақпарат құжаттары кіреді. Ондай мәліметтер Қазақстанның:
-«Егемен Қазақстан»;
-«Казахстанская правда»;
-«Жас Алаш»;
-«Ақиқат»;
-«Саясат» журналдары пайдаланылды.
Жоғарыда аталған деректердің барлық топтары диплом жұмысының деректік негізі болды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бүгінгі таңда Қазақстан мен Украина мемлекеттерінің сыртқы саясаты кең аумақты саяси қызығу құралына айналды. Қазақстанның сыртқы саясаты бірқатар зерттеушілердің еңбектеріне арқау болды.
Монографиялар. Дипломдық жұмыста пайдаланылған монографиялар қатарында Қазақстан басшыларының еңбектерін айтуға болады. Мемлекет басшыларының еңбектерінде елдің жалпы жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саяси бағыты мен өзара байланыстарды дамытудағы ұстанымы айқын көрінеді және қарастырылып отырған тақырыпты тереңірек талдауға көмектеседі.
Мысалы, елбасымыз Н. Назарбаевтың «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы», «Ғасырлар тоғысында», «Сындарлы он жыл» атты кітаптары еліміздің егемен ел ретінде ішкі және сыртқы саясатын қалыптастырып, даму бағытын қарастырған. Оның ішінде міндетті түрде екі ел арасындағы сан-саладағы ынтымақтастық, Қазақстан-ның бұл мемлекетпен өзара тиімді, достық, тату байланыстарды дамытудың қажеттілігі баяндалады.
Қазақстанның егемен ел ретінде сыртқы саяси бағыттарын айқындауы, оның халықаралық қауымдастыққа толыққанды мүше ретінде кіруі және Қазақстан-Украина байланыстары мәселелерін Қ. Тоқаевтың «Под стягом независимости», «Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации», «Беласу» және «Қазақстанның сыртқы дипломатиясы» атты еңбектерінен біле аламыз.
Зерттеу жұмысын жазу барысында Г. Киссинджердің «Дипломатия» атты атақты еңбегінен кеңінен пайдаланылған. Ол бойынша: «Қазақстан Украина елдімен қатынастарды өзекті халықаралық проблемалар бойынша саяси сұхбат деңгейне көшіру жөнінде үлкен дайындық жұмысын жүргізді. Бірте-бірте бастапқы кезеңге тән болған мәлімдеме жасау мен енжарлық сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың келешегі бар бағыттарын талқылауға ойысты.
Диплом жұмысында көптеп қолданылған Қ. Тоқаевтың «Қазақстанның сыртқы дипломатиясы» еңбегі болып табылады. Бұл еңбекте Қазақстан мен Украина елдерін арасындағы экономикалық, саяси және мәдени байланыстарына тоқталып, бұл байланыстардың болашағына қысқаша болжамдар жасалған. Сонымен бірге Украина мемлекетін бұрынғы Кеңестер Одағы елдерінің ішіндегі елдерден саралап, Қазақстан-Украина қарым-қатынастарының айырмашылықтары мен ерекшеліктері көрсеткен.
Мақалалар. Украина мен Қазақстан арасындағы байланыстар саяси қайраткер, дипломат Қуандық ОРАЗБЕКҰЛЫ да зерттеу еңбектерінің негізін құрайды. Ол өзінің зерттеулерінде Қазақстан мен Украина арасындағы екіжақты байланыстың қалыптасуы мен дамуын, Қазақстан мен Украинада жүргізілген экономикалық реформаларға баға бере отырып, олардың болашағы жөнінде сөз қозғайды.
Қазақстан мен Украина арасындағы өзара ынтымақтасты қарастыруға бірқатар мақалалары арналса, «Қазақстан мен Украина: Қарым қытынастардың жаңаша серпіні», «Қазақстанның Украинадағы жылы - түрлі салалардағы қарым-қатынастардың қозғаушысы» атты еңбектерінде Қазақстан мен Украинадағы экономикалық реформалардың ерекшеліктеріне, ортақ жақтарына тоқталған.
Интернет желісі. Қазіргі таңда Украина мен Қазақстан Республикасының арасындағы байланыстар туралы тақырыптар интернет желісінде көптеп кездесетін тақырыптардың бірі болып табылады. Қолданылған саиттардың ішіндегілері: екі ел арасындағы экономикалық, саяси байланыстар туралы www. google. ru, www. mail. ru, www. google. kz саиттарынан пайдаланылды. Ал екі ел арасындағы білім саласындағы байланыстарды www. bilim. kz саитынан пайдаландық.
Диплом жұмысының теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеу жұмысының теориялық негізін отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми қорытындылары құрайды. Диплом жұмысында тарихи оқиғаларға және сан-саладағы мемлекетаралық құжаттарға жинақтау, талдау, жүйелеу әдістері қолданылды. Сонымен қатар кеңінен қолданылатын тарихи-салыстырмалы және жүйелеу әдістері де зерттеу жұмысына арқау болды.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазақстанның Украина елі арасындағы байланыстары мәселесіне әр-түрлі елдер ғалымдарының біршама еңбектері арналған. Бірақ осы уақытқа дейін бұл тақырып жалпы түрде қарастырыла қоймаған. Диплом жұмысының ғылыми жаңалықтары:
-Отандық ғылымда алғаш рет Қазақстан республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі Украина елімен ынтымақтастық деңгейін ашуға талпыныс жасалады;
-Қазақстанның Украинадағы сыртқы саясатының негізі ашылды. Халықаралық жағдайдың өзгеруіне, ғаламдасу заманының талаптарына, интеграциялық процестердің дамуына және әртүрлі объективті қажеттіліктерге сәйкес Қазақстан сыртқы саясатындағы басым жақтар қарастырылды;
-Қазақстан мен Украина елінің өзара байланыстарының қалыптасу, даму үрдісі айқындалды. Қазақстан мен Украина республикалары арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары анықталды;
-Тең құқықтық пен өзара тиімділік қағидалары негізінде белгілен-ген арақатынастардың басым жақтарына талдау жасалынып, ортақ жақтары мен ерекшеліктері айқындалды.
Диплом жұмысының қолданыстық маңыздылығы. Зерттеу жұмысының тақырыбы халықаралық қатынастар тарихына арналған еңбектер қатарын толықтыра алады.
Зерттеудің негізгі қағидалары мен тұжырымдарын халықаралық қатынастар мамандары, саясаткерлер, журналистердің пайдалануына болады.
Жұмыстың материалдары халықаралық қатынастар мен сыртқы саясатты зерттеушілердің, сонымен қатар мемлекеттік сыртқы саяси, экономикалық және мәдени мекемелер үшін де көмекші құрал ретінде практикалық қызығушылығын арттыруы мүмкін.
Сонымен бірге зерттеу жұмысының материалдары халықаралық қатынастар, саясаттану, тарих мамандықтары бойынша оқитын студенттерге жалпы және арнайы курстарды жүргізу процесінде де қолданыла алады.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімі үш тараудан, қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымшалар берілді.
Бірінші тараудың тақырыбы: «Қазақстанның Оңтүстік және Шығыс Азия мемлекеттерімен қарым-қатынастары ».
ТАРАУ І. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН МЕН УКРАИНА ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР.
1. 1. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдардағы сыртқы саясатының басты бағыттары (ТМД елдер арасында)
Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін, егемен мемлекет ретінде халықаралык байланыс жасауға, өзінің сыртқы саясатына айырықша көңіл бөледі. Бұрын КСРО-ның құрамында болғанда Қазақстанның ондай мүмкіндігі, жеке саясат жүргізу құқы болмаған-ды.
Қазақстан өзінің сыртқы саясатында, әсіресе, басты үш мәселеге ерекше назар аударады.
Біріншіден, басқа слдермен, соның ішінде бұрынғы Одаққа кірген республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдері және Америка Құрама Штаттарымен халықаралық байланысты өркендету.
Екіншіден, шет елдермен тек дипломатиялық байланыс қана орнатып қоймай, сонымен қатар олармен мәдени экономикалық байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу.
Үшіншіден, Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік соғысты болғызбау, ядролық қаруды қолдануды болдырмау.
Міне, осы бағытта 1991 жылдан бастап тәуелсіз Қазақстан көптеген игі шараларды іске асыруда. Бұл уақыт ішінде Қазақстан Республикасын дүние жүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. 2010 жылдың басына дейін Қазақстан 70-тен астам елдермен дипломатиялық қатынастар орнатты. Қазақстанды алғашқылардың бірі болып Түркия, АҚШ, Франция және т. б. мемлекеттер мойындады. Қазірде Қазақстан шет елдерде 60-тан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашты. Ал Алматыда және Астанада 80 нен аса шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлтара-лық ұйымдардың ондаған өкілдігі жұмыс істейді[1] .
Қазақстан соңғы жылдары өзінің экономикасы мен әлеуметтік жағдайын одан ары дамыту арқылы әлемнің бәсекеге қабылетті 50 өркенді мемлекетінің қатарына енуді стратегиялық мақсат етіп қойды. 2006 жылы бұл көрсеткіш бойынша есепке ілінген 117 елдің ішінде Қазақстан 61 орынды иеленді және көрсеткішке іліккен ТМД-дағы елдердің алдыңғы қатарына шықты. 2010 жылы Қазақстан ЕҚЬІҰ-ға (Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымастық ұйым) Төраға болып сайланды. Ол еліміздің әлемдегі орнын айшықтай түсті [2] .
Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударып отыратын мәселе, ол-өзінің ең жақын және ірі көрші мемлекеттерімен, соның ішінде солтүстікте Ресеймен, ал шығыста Қытай Халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату. Осы саясаттың нәтижесінде Қазақстан Республикасының егемен ел ретіндегі алдағы болашағы да байланысты. Сондыктан қалай дегенде де, солтүстігімізді жайлаған Ұлы елмен әрқашан жақын болу керек. Өйткені Қазақстан үш ғасырға жуық уақыт Ресей мен тарихи сабақтас, тағдырлас, көршілес шекаралас болып қатар өмір сүрді.
Осы уақыт ішінде Қазақстан мен Ресейдің шежірееінде талай күнгей де, күңгірт беттері болған. Оларды адамдар ауыздан-ауызға жеткізіп, ұрпақтан-ұрпаққа беріп отырған. Ресеймен, орыстармен қарым-қатынастың қандай болуы, оны қалай құру жөнінде қазақтың ғұламалары, дана билері өз заманында-ақ айқын да анық айтып кеткен. Ал егемендік алғанға дейін жетпіс төрт жыл бойы Қазақстан Кеңестер Одағы құрамында өз тәуелсіздігін қойып, өз мүдделерін ұмытып, ортақ шаруа атқарып, ортақ қазанға қызмет етті. Барлық шаруашылық, бар тіршілік осыған бейімделіп, Кеңес өкіметінің талабын орындады. Енді Кенес Одағы тарағаннан кейін, бұл екі елдің арасында тең құқық негізінде саяси және экономикалық катынастар орнады [3] .
Осы жағдайларды ескере отырып Қазақстан мен Ресей 1991 ж. КСРО тарап, тәуелсіздікке қол жеткеннен кейін өздерінің сыртқы саясатында халықаралық құқық принциптері негізінде бір-бірімен стратегиялық байланыс, достық, тату-тәтті көршілік және өзара тиімді ынтымақтастық қатынастарды дамытуға айрықша көңіл бөліп келеді. Оған Қазақстан мен Ресей арасында 1992 ж. 25 мамырдағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа кол қоюдың зор тарихи маңызы бар. Ал 1995 ж. 20-шы қаңтардағы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту және тереңдету туралы бірлескен декларацияда екі ел жоғарыдағы қол қойған шарттарды одан әрі бұлжытпай орындап отыратыннығы жөнінде мәлімдеді.
Ресей Федерациясы мен Қазақстан арасында ынтымақтастықтың одан ары тереңдеп дамуында 1998 жылы 6-шы шілдеде Мәскеуде қол қойылған XXI қасырға бағдарланған мәнгілік достық пен ынтымақтастық туралы Деклара-цияның тарихи маңызы ерекше. Оның негізінде Қазақстан мен Ресей Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі мәселесін шешуді тоқтап қалған жерінен алға қарай жылжытты. Екі мемлекет арасындағы қаржылық өзара келіспеушілік-терді реттеу және Байқоныр космодромын пайдалану мәселері шешілді.
2000 жылдыц 25 каңтарында Қазақстан Елбасы Н. Назарбаеа мен Ресей Президенті В. Путинмен кездесуі болды. Онда екі жақты қарым-қатынасты одан әрі жетілдіре түсуге жете мән берілді. Ал 2002 жылы желтоқсан айында Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Мәскеуге ресми сапары барысында Қазақстан меп Ресей арасында қалыптасқан достық байланыстарды барынша тереңдетуге күш салынатыны баса айтылды. Олардың ішінде Байқоңыр ғарыш кешенін одан әрі бірлесіп пайдалану мәселесі тағы да сөз болды. Сондай-ақ, аймақтық және халықаралык көкейкесті проблемалар төңірегінде жан-жақты пікір алмасылды. Екі жақты деңгейдегі, ТМД, ЕурАзЭҚ, Ұжым-дық қауіпсіздік, ШЫҰ шеңберлеріндегі ынтымақтастық қарым-қатынастар аймақтағы елдер қауіпсіздігінің, интеграциялануының басты кепілі болып табылатыны атап көрсетілді [4] .
Қазақстан мен Ресей арасындағы саяси байланыстар 2003-2004 жылдары одан арі дами түсті. Оған 2003 жылы Ресейде Қазақстан жылының жариялануы үлкен әсерін тигізді. 2003 жылы Ресей орталығы мен облыстарында 150-ден астам түрлі деңгейдегі іскерлік кездесулер, мәдени шаралар мен отандық өнімдер көрмелері өткізіліп, екі жақты тиімді келісім шарттарға қол қойылды. Қазіргі кездерде екі жақты қарым-қатынаетардың шартты құқықтык негізі 350-ден астам келісімдер мен шарттардан тұрады. Солардың ішінде екі ел, әсіресе Евразия кеңістігіндегі тұрақтылықты нығайтуға, ұлттық, аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті күшейтуге ерекше назар аударады.
Қазақстан мен Ресей Еуразия аймағының, Каспий теңізінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне де аса зор мән береді. Екі мемлекетте Каспийді бейбітшілік, достық және ынтымақтастық аймағы деп таниды және бұл аймақта соғыс жанжалына, ланкестік көріністеріне, ұйымдасқан қылмысқа орын жоқ деп санайды.
Ресей мен Қазақстан арасындағы мемлекеттік шекараны делимигациялау жөніндегі бес жылдан астам уақытқа созылған келіссөздер 7 591 шақырымды қамтитын мемлекеттік шекараларын айқындайтын тарихи құжатқа 2005 жылы қаңтарда екі жақты қол қоюмен аяқталды.
Қазақстан үшін Түркия, Пәкістан, Үндістан, Иран мемлекеттерімен, сондай-ақ Азияның Жапония, Онтүстік Корея сияқты және басқа елдерімен ынтымақтастықтың дамуының да мәні өте зор. Қазақстанға ортақ шекарасымен, қалыптасқан шаруашылық байланыстарымен, экономика-сының өзара бірін-бірі толықтыруымен және өзара тәуелділігімен қоян-қолтық араласа отырған, тарихи және мәдени этникалық игіліктері ортақ Орта Азиядағы Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мемлекеттерімен тығыз қарым-қатынас жасау өте маңызды. Осы бағытта 1994 жылы Орталық Азия экономикалық қауымдастығы құрылды. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, кейіннен 1998 ж. төртінші мемлекет Тәжікстан қосылды [5] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz