Несие капиталы өндірістік капиталға тең


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы банктік несие қатынастарының көрсеткіштері

Мазмұны

Кіріспе . . .

1 ТАРАУ Банктік несие қатынастарының теориялық негіздері . . .

1. 1 Банктік несие операцияларының түсінігі . . .

1. 2 Банктік несие операцияларының классификациясы ……… . . . … . . .

1. 3 Банктік несие операциясының даму эвалюциясы . . .

2 ТАРАУ Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің несие қабілеттілігін бағалауды талдау (Қазақстан Халық Банкінің мысалында) . . .

2. 1 «Қазақстан Халық Банкінің» экономикалық сипаты . . .

2. 2 Банк клиенттерінің несие қабілеттілігін бағалауды талдау . . .

2. 3 Банктің несие тәуекелін бағалау әдістері . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

3

6

6

11

17

22

22

Кіріспе

Нарықтық экономикада несие жүйесі маңызды рөл атқарады. Ол арқылы кәсіпорындар мен ұйымдар, халықтың ақшалай еспе айырысулары мен төлемдерінің едәуір бөлігі жүргізіледі, уақытша еркін ақша құралдарын, халықтың жинақ ақшалары мен табыстары белсенді әрекет етуші капиталға айналдырады. Несие жүйесінің экономиканы және халықты несиелендіру.

Бұл қызмет банктің қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және банктің актив операцияларына жатады. Несиелік операциялар, бұл несие беруші мен қарыз алушының арасындағы біріншісінен екіншісіне төлемдік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарында белгілі ақша қаражаттары соммасы ұсынуы бойынша қатынастар.

Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен алушылардың арасындағы қатынасты бейнелейді. Несиені көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақша қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға беретін ссудалық капиталға айналады.

Нарық заманында Қазақстандағы банктердің несиелері қарқынды дамуда, былай айтқанда жеке несиелеу, оның ішінде тұтынушылық пен ипотекалық несиелер. Бұл қаржылық сектордың тұрақтылығымен, халықтың кірісінің өсуімен және экономикалық өсудегі кәсіпорындардың несие бәсекелестігінің артуымен, халықаралық нарық капиталындағы қаржы қорларының арзандауымен байланысты. Ескеретін бір жайт, тұтынушылық несие әлемдік тәжірибедегі банк операцияларының ішіндегі ең көп тараған түрінің бірі. Тұтынушылық несиенің қолдану аясы анағұрлым кең. Қазіргі кезде тұтынушы несиесін қосқанда, екінші деңгейдегі банктердің қызмет көрсету аясы кеңіген.

Қазіргі кезде елімізде банктік несиелеуге байланысты жақсы шарттар бар. Атап айтсақ, біріншіден, бұл инфляцияның төмен деңгейімен, теңге курсының тұрақтылығымен, нақты жалпы ішкі өнімнің өсуімен және мемлекеттік бюджеттің көбеюімен байланысты макроэкономикалық шарттардың елеулі жақсаруы. Екіншіден, ел тұрғындарының жеке бизнес дағдыларын үйренініп, дәстүрдің тұтынушыдан кәсіпкерлікке өзгеруі болып табылады. Қазақстанда нарықтық экономиканы білетін және басқару тәжірибесі бар менеджерлердің қалыптасуыда өзіндік ықпал етеді. Сонымен қатар, ішікі сұраныс қазіргі жағдай үшін жақсы болып табылады. Елімізде төлем жүйесі дамып, халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істейтін қаржылық жүйе қызмет етуде. Сол уақытта Қазақстан Республикасы әрі қарайғы тұрақты дамуы екінші деңгейлі банктреде несиелік ресурстардың болуымен аныталады. Бұл қазіргі даму кезеңіндегі қаржылық жүйе құрлымының ерекшеліктерімен түсіндіріледі: банктер несиелік қызмет нарығында монополистер болып табылады. Қаржылық жүйенің басқа элементтерінің озып келе жатқан дамуына қарамастан, банк жүйесінің рөлі мен мәні ерекше болып табылады. Қаржылық жүйенің басқа элементтерінің озып келе жатқан дамуына қарамастан, банк жүйесінің рөлі мен мәні ерекше болып табылады.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы әрі қарайғы тұрақты дамуы екінші деңгейлі банктерде несиелік ресурстардың болуымен анықталады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы екінші деңгейлі банктер активтерінің шамамен 60 % ын банктік емес заңды тұлғаларға берілген несиелер құрайды . Осы көрсеткіш бойынша олар АҚШ және Жапония банк жүйелерімен бірдей деңгейде. Алайда, несие көлемінің жалпы ішкі өнімге қатынасы жағынан Қазақстан жоғарыдағы елдерген артта қалған . Біздің ойымызша, активтердегі несиелердің үлес салмағы 80% ға дейін көтеру керек. Қазір біздің ойымызша, бұл көресеткішті 83 % ға жеткізуге болады. Алайда Қазақстан Республикасы екінші деңгейлі банктерінің ресурстық базасының ерекшеліктері, сондай ақ сапалы жобалардың болмауы осы мәселені мүмкіндік бермей отыр.

Қазақстан Республикасы екінші деңгейлі банктерінің ресурстық базасының қазіргі жағдайын сипаттай келе, банктерде «қысқа мерзімді ақшалар» жинақталып қалғанын атап өту керек. Ал, экономиканың нақты секторына үш жыл және одан да ұзақ мерзімге несие қажет. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері беретін несиелерінің валюталық құрылымы мен мұнай бағалары арасындағы байланыстылықты көруге болады. Мұнай төмемендеген де шетел валютасындағы несиелердің үлес салмағы өседі.

Қолайлы макроэкономикалық жағдайлар мен ресурстық база өсіп отырған кезде несиелік нарық қаржы нарығының серпінді даму үстіндегі салаларының бірі болып табылады. Коммерциялық банктердің екінші дәстүрлі базалық қызметі, экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және банкінің актив операцияларына жатады. Несие, бұл пайыз төлеп қайтару шартында уақытша пайдалануға, яғни қарызға берілетін ссудалық капитал қозғалысына ие.

Несие банктің қаржысын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын, сондай ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіреді. Несие нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас бөлігі болып табылады. Экономикалық категория ретінде, несие, кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығын және тауарлар мен ақшаның сатылмай, сатып алынбай, таза түрде қарызға берілуін сипаттайды.

Несиелендіру процессі көптеген әр түрлі қауіптілік факторларымен байланысты. Ол қауіптілік факторлары несиенің белгіленген мерзімде қайтпай қалуына әкеліп соғуы мүмкін. Несие қауіптілігі эгзогенттік, сыртқы экономикалық ортаға байланысты және эндогенттік ішкі, яғни банктің өзінің жұмысында қателік жіберуінен факторларға тәуелді болып келеді.

Несие қабілеттілікті анықтаудың негізгі мақсаты борышкердің ссуда келісім шарқа байланысты сол ссуданы қайтару қабілеттілігін және даяр екендігін білу болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - банктік несие қатынастарына талдау жасау. Коммерциялық банктің несиелік саясатын зерттеу барысында несиеге байланысты мәселелерді, борышкердің қаржы мүмкіндігін зерттеу, несие қамтамасыздығын, несие тәуекелдігін азайту жолдарын талқылау болып табылады.

Дипломдық жұмысымның құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

1 ТАРАУ Банктік несие қатынастарының теориялық негіздері

1. 1 Банктің несие операцияларының түсінігі

Несие, нарықтық экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дасудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.

Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес олардың айырбас сферасынан іздеу қажет.

Тауар айырбастау бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де, ондай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.

Құнның қозғалысы бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды.

Несиелік қатынастардың пайда болатын экорномикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады.

Көбіне несие ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған деген негізде бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде беріледі. Бірақ та бұл жерде ақша мен несиеніңәр түрлі ұғымды білдіріп, әр түрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.

«Несие бұл пайыз төлеп қайтару шартында уақытша пайдалануға, яғни қарызға берілетін ссудалық капитал қозғалысын білдіреді».

Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлға лардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жирақтала отырып уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналуы.

Несие мен ссуданың арасында өзара айырмашылық бар. Несие бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондайақ олардың жұмсалымдарының болуын және сондайақ олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.

Экономикалық категория ретінде, несие бұл кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер сондайақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізіде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығын білдіреді.

Зерттеу заты сияқты, несие несие құрылымы бір бірімен өзара байланысты элементтерден тұрады. Мұнда элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар субъектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар субъектілері жатады.

Қарыз беруші қарызды беруші қарызды беретін несиелік қатынастардың бір жағы. Қарыз беруші бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субъектілер болып табылады. Қарыз берушілерге :банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық субъектілері және халық жатады.

Қарыз алушы бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік қатынастың екінші жағы. Борышкер және қарыз алушы бір бірімен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әр түрлі. Мысалға Кәсіпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салыктарға т. б. байланысты төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ, бұл жерде ешқандай да несиелік қатырас туындамайды. рыш бұл тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай ақамзаттық қатыныстар жағдайын сипаттайды. Борыш бұл өте ауқымды ұғым. Ал қарыз алушы бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.

Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің құрылымының элементіне берілетін обьектіде жатады. Беру объектісі бұл құннның ерекше бөлігі, яғни қарызға берілген құнды білдіреді.

Несиенің экономикадағы рыны мен ролі, оның атқаратын қызметтерімен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде төмендегідей қызметтерді атқарады:

  • Қайта бөлу
  • Айналыс шығындарын үнемдеу
  • Айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру
  • Капиталдың шоғырлануын жеделдету
  • Ғылыми техникалық прогрессті жеделдету

Несиенің қайта бөлу қызметі, кез келген елдің ұлтттық экономикасының толық қанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады.

Сызба - 1. 1. Несиенің құрылымы

Несиенің бұл қызметінің көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің, қаржыны қайта бөлу қызметінен айырмашылығы қаржының бөлінуі әкімшілік негізінде жүргізілсе, ал салалар мен аймақтар арасындағы капитал ағымы несие арқылы, яғни ол нарықтық механизм ретінде жүзеге асырылады .

Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметініің іс жүзіне асуы несиенің экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы араоындағы уақытша болатын аймақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті туындатады.

Міне, сордықтанда мұндай жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін несиені пайдаланады. Бұл дегеніміз капитал айналымын қамтамасыз етіп қана қоймай, айналыс шығындарын ұнеидеуге мүмкіндік жасайды.

Ал, келесі қызметі, яғни несиенің айналыстағы накты акшалардың орнын уақытша алмастыруы қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай орнын алмастыруға толық мүмкіндік бар.

Бұл қызметі іске аоу процессінде тек қана тауар айналысын емес, сондай ақ нақты ақшалардың уақытша орнын алмастыруы қазіргі несиелік шаруашылықта орнын толтыру үшін несиені пайдаланады . Бұл дененіміз капитал айналымын қамтамасыз етіп қана қоймай, айналыс шығындарын үнемдерге де ммүмкіндік жасайды.

Ал, келесі қызметі, яғни несиенің айналыстағы нақты ақшаларды ң орнын уакытша алмастыруы қазіргі несиелік шаруагылықта мұндай орнын алмастыруға толық мүмкіндік бар.

Бұл қызметі іске асу процесінде тек қана тауар айналысын емес, сондай ақ нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып, ақша айналысын да жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі арқылы ақша айналысының жылдамдығы мен қатар, айналыстағы ақша массасына және төлем айналымына да ықпал етеді.

Капиталдың шоғырлану процесі қызметі экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасау үшін маңызды болып табылады. Мұндай міндеттерді шешуде несиенің бұл қызметі өндірістің ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуға мүмкіндік береді.

Несиенің ғылыми техникалық прогресті жеделдету қызметі ғылыми техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады .

Сондықтан да, несиенің көмегінсіз көптеген ғылыми зерттеу орталықтардың жұмыс жасауы қиынға соғады. Сондай ақ несие өндіріске ғылыми технологияларды жаңалық ретінде енгізу үшін де аса қажет болып табылады. Себебі, ондай шығындар бастапқыда кәсіпорынның қаражатымен, оның, ішінде орта және ұзақ мерзімді банктің несиелері есебінен қаржыландаралады.

Кәсіпорындарды және басқа да ұйымдарды өндірістік және әлеуметтік қажеттіліктеріне байланысты банктік несиені беру, несиелеу қағидаларын қатаң сақтау негізінде жүзеге асырылады. Өйткені, мүнда несиенің мәні және мазмұны, сондай ақ несиелік қатынастар төңірегіндегі объективті экономикалық заңдардың талаптары көзделеді.

Несиенің берілу процесі бұл қоғамдағы экономикалық өзара байланыстарды алып жатқан күрделі құбылыстарды білдіреді . Сондықтан да, несиенің экономикалық категория ретіндегі мәнін тереңдей ұғыну несиелеудің негізгі қағидаларын анықтап білмейінше жеткіліксіз болып саналады . Несиелеуді ұйымдастыру негізі мынадай қағидаларға сүйенеді:

  • несиенің мақсаттылығы
  • несиенің мерзімділігі немесе қайтарымдылығы
  • несиенің ақылылығы
  • несиенің қамтамасыз етілуі
  • несиенің сый ақылылығы

Несиелеудің соңғы қағидасы, шетелдік банктік тәжірибеде бірінші класты қарыз алушылар үшін жиі қолданады. Мұндай жағдай да несие, сыйақы ретінде ешқандайда қамтамасыз етілмеген түрде беріледі.

Несиенің қайтарымдылылық қағидасы, оны экономикалық категория ретніде, басқадай тауарлы ақшалай қатынастардың экономикалық категорияларынан ажыратады. Себебі, қайтарылмайтын несие болмайды. Сондықтан да қайтарымдылық бұл несиенің ажырамас бөлігі.

Несиенің мерзімділігі несиенің тек қана қайтарылып қоймай, яғни оның қатаң белгіленген мерзімде қайтарылуға тиістігін көздейді. Шаруашылықтың нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты несиелеудің бұл қағидасының маңызы арта түсуде.

Біріншіден, осы қағиданың қатаң түрде сақталуына, ұдай өндірістің ақшалай қаражаттармен қамтамасыз етілуі тәуелді.

Екіншіден, бүл қағиданың сақталуы комерциялық банктердің өтімділігін қамтамасыз етеді. Олардың жұмысын ұйымдастыру қағидалары, тартылатын несиелік ресурстардың қайтарымсыз жұмсалымдарға салынуына мүмкіндік береді.

Үшішіден, әрбір жекелеген қарыз алушы үшін, бұл қағиданың сақталуы, олардың банктен жаңа несие алуына жеңілдіктер береді.

Несиенің мерзімділігі ссуданың берілу жағдайын сипаттайтын басты көрсеткіш. Ол негізінде банк пен клиент арасында жасалатын несиелік келісім шарт құжатында көрсетіледі. Егер де келісілген уақыт өтіп кетіп ссуда қайтарылмаған жағдайда, ол уақыты өткен ссудалардың қатарына жатқызылады.

Бұл сатысында банк клиенттің несиелік келісім шартты бұзғаны үщін жоғарғы жағдайда пайыз төлеп қайтаруын талап ете алады. Уақыты өтіп кеткен несиелер көрсеткіші қаншалықты төмен болса, соғырлым банк қызметі тұрақты және оның зиян шегу ықтималдығы біршама төмен болып келеді.

Несиенің ақылылығы, бұл қарыз берушінің қарыз алушыға берілетін қаражатын қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылатындығын білдіреді. Іс жүзінде ақылылық бұл несиені пайдаланғаны үшін төленетін пайыз түрінде беріледі.

Қазіргі банктердің несие үшін пайыз мөлшерін белгілеудегі ескеретін басты фактарларына мыналарды жатқызуға болады:

  • Орталық банктердің комерциялық банктерге беретін ссудалары бойынша белгңленітін пайыздың базалық мөлшері.
  • Банкаралық несие бойынша орташа пайыз мөлшері.
  • Өз клиенттеріне депозиттік шотттар бойынша төлейтін орташа пайыз мөлшері.
  • Банктің несиелік ресурстарының құрылымы (қаншалықты сырттан тартылған қаражаттар үлесі жоғары болса, соғырлым несие бағасы қымбат болуға тиіс) .
  • Несиеге деген сұраныс (сұраныс аз болса, несие бағасы арзан болады ) .
  • Несиенің сұралатын мерзімі мен түрі, нактырақ айтсақ, банк үшін оның қамтамасыз етілуіне байланысты тәуекел дәрежесі .
  • Еліміздегі ақша айналысының тұрақтылығы (қаншалықты инфляция қарқыны жоғары болса, несие үшін төленетін ақы да жоғары болуға тиіс, себебі, мұндай жағдайда, банкте ақшаның құнсыздануынан өз ресурсын жоғалту тәуекелі артады.

Сонымен қатар пайыз мөлшеріне обьективтік және экономикалық, сол сияқты субъективтік факторлар да әсер етеді.

Бұл қатардағы басты факторлардың біріне депозиттік пайызды жатқызуға болады. Шын мәнісінде, заңды және жеке тұлғалардан тартатын несиелік ресурстар қаншалықты қымбат түссе, соғұрлым несиенің бағасы жоғары болады.

1. 2. Банктің несие операцияларының классификациясы

Несие формасы, бұл несие қатынасының сырттай нақты көрініс табуы. Ол несие қатынасының сырттай мәні мен ұйымдастырылуын синтездейді. Несие қатынасының формасы мен мазмұны ажырағысыз әрі диалектикалық жағынан біртұтас болады. Несие қатынасының формасы оның мазмұны мен дамуына сәйкесуі керек.

Таңдап алынған жіктеу өлшеміне қарай несиенің мынадай ең маңызды формаларын бөліп көрсетуге болады:

  • Қызмет ету саласына қарай, ұлттық және халықаралық несие.
  • Несие мәмілесінің объектісіне қарай, ақшалай және тауарлық несие.
  • Несие қатынасының субъектісіне қарай, банктік, комерциялық, халықаралық, тұтынушылық несиелер.

Несиенің тауарлық формасы тарихи жағынан алып қарағанда оның ақшалай формасынан бұрын пайда болған. Ежелгі тарихтан білетініміздей, адамдар тұтынуға қажетті артық өнімдерін (астық, мал, тері, т. б. ) бір біріне өсім алумен қарызға берген (21) .

Несиенің тауарлық формасы осы заманғы іс тәжірибеде төлемдерінің мерзімін ұзартумен тауарларды сатуда, машина мен құрал жабдық, тұрмыстық тауарлар, саймандар лизингінде қолданылады. Қазақстанда тауарлық несие фермерлер мен шаруа қожалықтарына көктемде тұқым түрінде беріледі. Тұқым түрінде берілетін бұл несиені фермерлер мен шаруа қожалықтары күзде жиын терінннен кейін қайтарып отырады.

Сызба - 1. 2. Несиенің негізгі формалары

Несиенің тауарлы формасының негізінде ақшалай несие формасы пайда болып, дамиды. Ол осы замандағы нарықтық шаруашылықта ортықшылықтарға ие, типтік форма болып табылады. Бұл түсінікті де өйткені ақша айналыс пен төлемнің жалпыға тән баламасы, әмбебап құралы болып табылады. Несиенің бұл формасы ұлттық және халықаралық экономикалық айналымдардың шегінде пайдаланылады.

Жоғарыда қарастырылған 1. 2. сызбасында несие формаларының көптеген түрлері болады. Несие түрлері, бұл оның несиелерді жіктеу үшін пайдаланатын, экономикалық ұйымдастырушылық белгілері бойынша ең детальданған сипаттамасы, яғни, несиенің іс тәжірибедегі нақты қосымшасы.

1. Қазақстанда несие түрлері былайша жіктеледі несиелеу объектісінің экономикалық белгілері бойынша :

  • Айналым қаражатын қалыптастыруға берілетін несие.
  • Негізгі құрал жабдықты қалыптастыруға берілетін несие .
  • ТМҚ арасында шұғыл қажеттілкке, сондай ақ, нормативтен тыс қорлардың аясында уақытша қажеттілікке берілетін несие .
  • өндірістің маусымдық шығыны аясында берілетін несие акктедитивтер.
  • Төлем несиелері

2. Қамтамасыз етілуі бойынша :

  • Жылжымалы және жылжымайтын мүлікпен, ТМҚ пен кепілдікпен, сақтандыру келісім шартымен толық қамтамасыз етілген.
  • Ішінара қамтамасыз етілген.
  • Қамтамасыз етілуі болмайтын банкілік.

3. Қайтарылу мерзімі бойынша :

  • Қысқа мерзімді.
  • Орта мерзімді.
  • Ұзақ мерзімді.

4. Өтелу тәртібі бойынша:

  • Бөліп бөліп төлеу.
  • Бір жолғы өтеу.
  • Кезең сайын бір қалыпты өтеу.

5. Тәуекелді деңгейі бойынша:

  • Субстандартты.
  • Стандартты.
  • Күмәнді.
  • Сенімді.
  • Ұзартпалы.

6. Ақылылығы бойынша:

  • Қалыпты пайызды мөлшерлемесі.
  • Төмен пайызды мөлшерлемесі.

7. Салалық бағыты бойынша:

  • Сауда сатық несиесі.
  • өнеркәсіп несиесі.
  • ауылшаруашылық несиесі.
  • құрылыс несиесі.

8. Ашылатын шот түрлері бойынша:

  • жай ссудалық шот бойынша несие.
  • арнайы ссуда шоты бойынша несие
  • контрогенттік шот бойынша несие.
  • вордрафт бойынша несие.
  • Несие желісі бойынша несие.

Несиенің айрықша түріне жылдам сатылатын жылжымалы мүлікпен немесе құқықпен қамтамасыз етілген, қысқа мерзімді әрі ссуда мөлшері бойынша тіркелетін ломбардтық несие жатады.

Ломбартттық несиені негізгі әр алуан түрлеріне құнды қағаз кепілдігімен, тауар кепілдігімен, тауар кепілдігімен берілетін несиелер жатады. Қарыз алушы ломбардтық несиені өз қалауынша, шектеусіз пайдалана алады.

Жаңартпалы несие ( ағыл. айналыста болу, кезең сайын ауысып отыру) ссуда капиталының ұлттық және әлемдік нарықтарында қолданылатын жаңартпалы несие. Ол белгіленген берешек лимиті шегінде және өтеу мерзімі шегінде несие келісіміне қатысушы елдер арасында қосымша келісім сөзсіз автоматтты түрде беріледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша және тауар формалары
Меншікті капитал кәсіпорынның экономикалық негізі ретінде
Капиталдың ауыспалы моделі
Айналым активтерінің сипаттамасы және оны басқару саясаттары
Капиталдың алғашқы қорлануы және оның Қазақстандағы ерекшеліктері
Dala Group компаниясының қарыз капиталын тарту саясатын талдау
Капиталды өсірудің негізгі әдістері
Капитал мен табыс ілімі, капиталдың формалары
Кәсіпорын капиталы туралы ақпарат
Мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz