Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚарМТУ жанындағы Технологиялық колледж

Тақырыбы:\ч. дарвиннің эволюциялық ілімі

ОРЫНДАҒАН: МұхамедияГ. М .

ТЕКСЕРГЕН:Аутаева Ш. С

Қарағанды 2012

Жоспар:

  • Ғылымдағы жетістіктер
  • Дарвиннің эволюциялық теориясының негізгі қағидалары
  • Сұрыптаудың түрлері. Қолдан сұрыптау туралы Ч. Дарвиннің ілімі
  • Қолдан сұрыптаудың түрлері
  • Пайдаланған әдебиет

Чарлз Дарвин ілімінің шығу себептері. XVIII ғасырдың соңында Англияда өндірістің дамуы шикізат қорын ұлғайтуды талап етті. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы қарқынды дами бастады. Жануарлардың колтұқымдары мен өсімдіктердің жаңа іріктемелерін шығару үшін селекциялық жұмыстарды дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Ірі қара, жылқы, шошқа, кой, ит, кептерлердің жаңа қолтұқымдары шығарылды. Жеміс-жидек, бақша өсімдіктерінің жаңа іріктемелері алынды. XIX ғасырда жаратылыстану саласында геология, физика, химия ғылымдары көптеген жетістіктерге жетті.

Ч. Дарвин ілімінің шығуы және оның алғышарттары. Ч. Дарвин ілімінің шығуына, негізінен, әлеуметтік жағдайлар және түрлі ғылым салаларының жетістіктері себеп болды. Әлеуметтік-экономикалық алғышарттары:
1) XVIII ғ. Англияда өндірістің дамуы шикізат қорын ұлғайтуды талап етуі;
2) өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының қарқынды дамуы; 3) XVIII ғасырдың соңында өнеркәсіптің машина өндірісіне ауыстырылуы;
4) қолтұқымдар мен іріктемелер шығару үшін шаруашылықта селекциялық жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуі;
5) Англияда ірі қара, жылқы, шошқа, кой, ит, кептерлердің қолтұқымдары мен мәдени өсімдіктердің іріктемелерінің шығарылуы.

Ғылымдағы жетістіктер

XIX ғасырда жаратылыстану саласында - геология, физика, химия ғылымдары көптеген жетістіктерге жетті:

1) A. M. Бутлеровтың органикалық қосылыстардың құрылысы туралы теориясының шығуы (1861 ж. ) ;

2) Д. И. Менделеевтің элементтердің периодтың жүйесін жариялауы;

3) энергияның сақталу заңы, химиялық элементтердің атомдық құрылысының ашылуы;

4) ағылшын геологі Ч. Лайельдің ғаламшардағы геологиялық өзгерістер ерекше бір апаттың әсерінен емес, температура, жел, жаңбыр, өсімдіктер мен жануарлардың әсерінен үздіксіз өзгеріп отыратынын дәлелдеуі;

5) неміс ғалымдары М. Шлейден мен Т. Шванның барлық тірі организмдердің құрылым бірлігі - жасуша (клетка) екендігін дәлелдеп, жасуша теориясын ашуы;

6) омыртқалы жануарлар ұрығының дамуын зерттеу нәтижесінде балықтар, құстар мен сүтқоректілердің ұрығында желбезек саңылаулары болатыны, олардың туыстық жақын екендігінің дәлелденуі және т. б.

Жаратылыстанудың әр саласынан (геология, палеонтология, биогеография, эмбриология, салыстырмалы-анатомия, цитология, т. б. ) жиналған деректер "табиғат өзгермейді" деген көзқарасты жоққа шығарды.

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/2/22/HMS_Beagle_by_Conrad_Martens.jpg/350px-HMS_Beagle_by_Conrad_Martens.jpg

http://bits.wikimedia.org/skins-1.19/common/images/magnify-clip.png

"Бигль" кемесімен саяхатта

Ч. Дарвин іліміне "Бигль" кемесімен саяхатта жинаған экспедициялық мәліметтері де зор себепші болды (5-сурет) . Ч. Дарвин эволюциялық теорияны бірінші болып ашпағанымен эволюция - "өзгергіштіктің әсерінен болатын құбылыс және ол тек табиғи заңдылықтардың әсерінен дамитынын" түсіндіріп, эволюциялық процесті бірінші болып нақтылап берді. Ч. Дарвин түрлер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды тірі организмдердің әртүрлілігінің себептерін ашуды алдына мақсат етіп қойды. Саяхат кезінде оны, әсіресе Галапагосс аралыныңөсімдіктері мен жануарларының түр құрамы қатты қызықтырды. Бұл аралдан ол - күрделі гүлді 20 түрін жинап, құстардың 25 түрі мекен ететіндігін анықтады. Ол қунақтардың 13 түрін байқап, олардың қоректену ерекшеліктері туралы қорытынды жасады. Саяхаттан кайтып оралған соң Дарвин өзінің алдына түрлердің шығу тегін зерттеп шешу керек деген басты мақсат қойды.

Дарвиннің эволюциялық теориясының негізгі қағидалары Ч. Дарвин дүниежүзілік саяхаты кезінде сыртқы орта жағдайларының әсерінен жануарлар мен өсімдіктердің өзгергіштігін байқаған соң, олардың жасанды және табиғи жағдайдағы өзгерулеріне қатысты деректерді жинауға кіріседі. Өсімдіктердің іріктемелері мен үй хайуанаттарының қолтұқымдарының алуан түрлілігіне ерекше назар аударады. Соның нәтижесінде табиғаттың дамуы табиғи заңдарға ғана байланысты екенін және адамның іріктемелер мен қолтұқымдарды тұқым қуалайтын өзгергіштік пен қолдан сұрыптау арқылы шығаратындығын дәлелдеді. Ч. Дарвин табиғатта жаңа түрлердің қалай пайда болатынына ерекше көңіл бөлді. Ол организмдердің табиғи жағдайда қалай көбейетіндігіне де назар аударды. Барлық организмдер артына ұрпақ қалдыру үшін өте қарқынды көбейетіндігіне көптеген мысалдар келтіріп, өсімдіктер мен жануарлардың кез келген түрлері табиғатта геометриялық прогрессиямен көбеюге қабілеттілігін дәлелдеді. Әрбір организм өте көп ұрпақ бергенімен, олардың жыныстық жетілуге дейін өмір сүретіндері аз болатындығын байқады. Дегенмен көбею кезіндегі ұрпақтардың басым көпшілігі әр түрлі әсерлерден (қоректің жетіспеуі, қоршаған орта жағдайларының қолайсыздығы, т. б. ) көптеп қырылады. Табиғатта ұдайы тіршілік үшін күрес жүретіндігін айта келе, Дарвин бір даралардың көбейіп артына ұрпақ қалдырып, екінші даралардың жойылып отыратындығы табиғи сұрыпталудың әсерінен болатынын дәлелдеді.

Ч. Дарвин органикалық дүниенің тарихи дамуы эволюцияның Табиғи сүрыпталудың нәтижесінде, тіршілік еткен орта жағдайына пайдалы тұқым қуалайтын өзгергіштігі бар дараларды сақтап, ондай өзгергіштігі жоқ дараларды жойып отырады деген кортындыға келеді. 3 факторына байланысты екендігін анықтады, олар: *өзгергіштік,

  • тұқым қуалаушылық және
  • табиғи сұрыпталу.

Тұқым қуалайтын өзгергіштік тіршілік үшін күрес табиғи сұрыпталудың өзара байланысының нәтижесінде түрлер тіршілік ортасына бейімделіп өзгеріп отырады.

Сұрыптаудың түрлері. Қолдан сұрыптау туралы Ч. Дарвиннің ілімі

Адам колымен шығарылған қолтұқымдар мен іріктемелердің касиеті тек организмдердің өзгергіштігі арқылы ғана болады деп түсіндіру жеткіліксіз екендігін алғаш байқаған ғалым Ч. Дарвин. Табиғатта болатын өзгергіштік кезінде өсімдіктер мен жануарлардың барлық мүшелері өзгеріске ұшырайды. Ал қолдан сұрыптау кезінде шығарылған іріктемелер мен қолтұқымдардың адамға пайдалы, тиімді мүшелері ғана өзгертіледі. Сондықтан Ч. Дарвин эволюциялық процестің механизмін ашуды алдына мақсат етіп қойды. Ол алдымен Англияның ауыл шаруашылығы практикасына ерекше назар аударды.

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/6/6f/Editorial_cartoon_depicting_Charles_Darwin_as_an_ape_%281871%29.jpg/350px-Editorial_cartoon_depicting_Charles_Darwin_as_an_ape_%281871%29.jpg

http://bits.wikimedia.org/skins-1.19/common/images/magnify-clip.png

Дарвинге жасаған карикатура

Ч. Дарвин ауыл шаруашылығы практикасында организмдердің жаңа формалары (жануарлардың қолтұқымдары мен өсімдіктердің іріктемелері) қалай шығарылатынын зерттеді. Содан соң табиғатта кандай факторлардың әсерінен жаңа түрлердің пайда болатынын талдауға кірісті. Табиғатта да, ауыл шаруашылығы практикасында да жаңа формалардың түзілу процесінің негізі бір қағида - сұрыптау екендігін байқады. Ол адамның колдан сұрыптауы мен табиғатта болатын сұрыпталудың арасында үлкен айырмашылық бар екендігін ажыратып, қолдан сұрыптау және табиғи сұрыпталу ілімінің негізін салды. "Түр - тұрақты, өзгермейді" - деп пікір айтқандар "әрбір іріктеме немесе қолтұқымның өзіне тән жабайы тегі болмайды", - деп есептеді. Мұндай теріс көзқарасқа Дарвин карсы шығып, көптеген нақты мысалдар келтірді. Мысалы, тауықтардың барлық қолтұқымдарының жабайы тегі - жабайы банкив тауығы, үй үйректерінің жабайы тегі барылдауық үйрек, үй қояндарының жабайы тегі - Еуропалық қоян екендігін дәлелдеді. Ірі қараның тегі - жабайы түр (күдір), иттің жабайы тегі - қасқыр немесе шиебөрі болуы да мүмкін деп атап көрсетті . Қолдан сұрыптау арқылы шығарылған үй хайуанаттарының қолтұқымдары мен мәдени өсімдіктердің іріктемелерінде адамға қажетті белгілер өзгергенімен олардың арғы тегінің бір екендігін айғақтайтын белгісі әйтеуір бір мүшесінде сақталып калады. Мысалы, селекционерлер шығарған қырыққабаттың (капуста) 6 түрлі іріктемелерінің сырт пішіндері мен жапырақтарында айырмашылығы болғанымен, гүлдері мен тұқымдарының ұқсастығы жойылмай сол күйінде сақталған.

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/9/91/Huxley_-_Mans_Place_in_Nature.jpg/300px-Huxley_-_Mans_Place_in_Nature.jpg

http://bits.wikimedia.org/skins-1.19/common/images/magnify-clip.png

Даму эволюциясы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ч. Дарвин теориясы
Органикалық дүниенің даму мәселелері
Эволюциялық идеяның туылуы
Дарвиннің эволюциясы
Эволюция ілімінің дарвиннен кейінгі дамуы
Табиғаттағы түрлердің өзгергіштігі
Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы
Чарлз Дарвиннің эволюциялық теориясы
Дарвинизм және эволюциялық биологияның қалыптасуы
Организмдердің орта жағдайларындағы морфологиялық – экологиялық адаптациялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz