Өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықты құқықтық реттеудің мәселелері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

тақырыбы: Қазақстан Республикасының өнеркәсіп меншік объектілерін патенттеуді құқықтық реттеу

Ғылыми жетекшісі

Оқытушы

«__»2010ж.

«Азаматтық құқық және

азаматтық іс жүргізу» кафедрасының

меңгерушісі,

«__»2010ж.

Орындаған студент

Норма бақылаушы

«__»2010ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1. ӨНЕРКӘСІПТІК МЕНШІК ОБЪЕКТІЛЕРІН ПАТЕНТТЕУ ЖҮЙЕСІ 7

1. 1 Қазіргі патенттік жүйенің құрылуының тарихи-құқықтық анализі 7

1. 2 Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғаудың патенттік нысаны. Ұғымы, мәні және патенттеудің мақсатқа сәйкестілігі 10

  1. Өнеркәсіп меншік объектілері және олардың патентке қабілеттігінің жағдайлары 13
  2. Патенттік құқық субъектілерінің түсінігі, түрлері және құқықтық мәртебесі 21

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІПТІК МЕНШІК ОБЪЕКТІЛЕРІН ПАТЕНТТЕУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 28

2. 1 Өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықты құқықтық реттеудің мәселелері 28

2. 2 Патенттік-өнертабыстық қызметтің құқықтық және тәжірибелік мәселелері 32

2. 3 Патенттік құқықтарды қорғаудың құқықтық және тәжірибелік мәселелері 37

3. ӨНЕРКӘСІПТІК МЕНШІК ОБЪЕКТІЛЕРІН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ 46

3. 1 Өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықты қорғаудың бүкіләлемдік жүйесіне Қазақстан Республикасының қатысуы 46

3. 2 Қазақстан Республикасы азаматтарының патенттік құқықтарын шетелде қорғау 49

ҚОРЫТЫНДЫ 53

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 57

КІРІСПЕ

Қазіргі танда Қазақстан Республикасының экономикасы өтпелі кезеңнен енді-енді бас көтеруде. Мемлекетіміздің беделін халықаралық сахнада көтеру және дамыған мемлекетгер қатарына қосу үшін халықтың әл-ауқатын көрсететін оның экономикасының мықты болу қажетгілігі сөзсіз. Кеңес социалистік республикалар одағының жетпіс жыл бойы құрамында болып келген Қазақстан егемендігін алғаннан кейін, экономикасының даму бағытын «нарықтық» деп 1993 жылғы, одан кейін 1995 жылғы Конституцияларында бекітті.

Бітіру жұмысы Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың дамуы кезеңінде патент құқығын кешенді зерттеуге арналған. Оның ғылыми жетістіктерін жаңадан қабылданып жатқан заңдарда қолдану азаматтық құқық саласындағы аса маңызды мәселелердің бірі. Аталған жүйе өзінің даму барысында қоғамдық мүддеге сәйкес болуға ұмтылады және өнертабысшыларға олардың құқығын қорғауға кепілдік береді.

Сонымен қатар қоғамның өнеркәсіптік меншік объектілерін иеленуін қамтамасыз етеді. Бұл заңдарды жинақтау нормаларды ғылыми өңдеуді, әрекет етуші заңдағы қарама-қайшылық пен кемшіліктерді толықтыруды талап етеді. Жұмыстағы өнертабысқа жүргізілген азаматтық-құқықтық саралау негізінде өнертабысты өнеркәсіптік меншіктің объектісі ретінде анықтауға толық мүмкіндік беруге талпыныс жасалады [2. 1; 4] .

Жоғары деңгейдегі шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақтары бар ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалык өсу «Қазақстан-2030» стратегиясының маңызды ұзақ мерзімді басымдықтарынын бірі.

Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау біздің мемлекеттің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі және саудада ең қолайлы жағдайларға қол жеткізу үшін басты шарттардың бірі болып табылатынын да айта кету жөн. Ал бұл біздің елдің беделін халықаралық сахнада арттыруға әсер етеді, өйткені зияткерлік меншік құқықтарын қорғау адам мен азаматтың құқықтарын және заңды мүдделерін сақтаудың қажетті шарттары мен кепілдіктерінің бірі [2. 2; 1] .

Сондықтан, соңғы жылдары экономикалық және сауда аспектілерімен тығыз байланысы бар зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласы саяси сипатқа ие болды. Осыған байланысты Республикадағы зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы жұмыстың жалпы бағыттары және мемлекеттің осы мәселе бойынша саясаты Қазақстан Үкіметі мен ДЗМҰ (ВОИС) арасындағы ынтымақтастық бағдарламасының, Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау тұжырымдамасының ережелерінде белгіленген және анық жазылған.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында өнеркәсіптік меншік өзінің қалыптасу сатысын тұрақтандыруда және ары қарай әлемдік интеграцияға ұмтылуға қадамдар жасауда.

Онда КСРО кезіндегі заңдарда мүлдем болмаған, нарық жағдайындағы өнертабысты дамытуға бағытталған, өнертабыстық мәселелердің жаңа шешімдерінің бірқатар жаңа нормалары бекітілуімен ерекшеленеді.

Қабылданған жалпы ереже бойынша патент құқығы, азаматтық құқықтың бір институты болып табылады. Бірақ оған қарамастан патенттік құқықтық қатынастар азаматтық-құқықтық реттеу пәнінің шеңберін әрі қарай толықтырып реттеу шараларын жүзеге асырады.

1992 жылы 24 шілдеде Қазақстан Республикасының алғашқы Патент Заңы қабылданды. Қазақстан Республикасының әрекет етуші патент заңының кешендік сипаты тек азаматтық заңдарымен қатар Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерін қайнар көз ретінде қарастыру қажеттігін талап етеді. Өйткені ұлттық патент заңдарының дамуы үшін негізінен өнеркәсіптік меншіктің оның ішінде өнертабыстың қайнар көзі болып табылатын мемлекеттің ішкі нормативтік актілерінің өзара үйлесімділігін қажет етеді.

Қазақстанның патент заңының даму процесі индустриясы дамыған елдердің заңдарына қарқынды түрде жақындасуда. Мұндай ілгері ұмтылушылық халықаралық келісімдердің ережелеріне сәйкес келеді. Өйткені технологияны патенттеу мен өндіріске енгізуде коммерциялық мүдде тек жекелеген бір елдің географиялық шеңберімен шектелуі мүмкін емес.

КСРО кезінде патент жүйесі тұтас күйде қалыптасқан еді. КСРО ыдырауына байланысты Қазақстан Республикасы жеке патенттеу жүйесін қажет етті, міне осы өте қажет кезеңде Қазақстан Республикасының Патент ведомоствосы құрылды. ТМД елдері ішінде алғашқылардың бірі болып 1992 жылы 24 шілдеде біздің Республикамыз бірінші Патент Заңын қабылдады. 1992 жылы қабылданған Қазақстан республикасының Патент заңы біздің еліміздің осы саладағы әрекет етуші халықаралық конвенцияларға қосылуына негіз болды. Ал 1999 жылғы 16 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының Патент заңы өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғауды одан әрі кеңіте түсті. Сонымен қатар бұл заң нормалары халықаралық конвенциялардың ережелеріне сәйкес келеді.

Өнертабыстар мен өндірістік үлгілерді патенттік қорғаудың жаңа нысанына көшкеннен кейін Қазақстан Республикасындағы патент иеленушілер осы объектілерді пайдалануға монополиялық құқықты мемлекеттің берген құқықтық кепілдігі ретінде алды.

Монополиялық құқықты иеленуші тұлғаларда үшінші тұлғалардың құқықтарын және заңнаманың нормаларын бұзбай патенттік құқық объектілеріне билік ету мүмкіндігі пайда болды.

Қазіргі танда жоғарыда көрсетілген жағдайлардың тек кейбіреуі ғана көрініс алуда. Ал, патенттік органға түсіп жатқан арыздардың саны жылдан-жылға көбеюде. Мысалы, 1992-2001 жылдар аралығында өндірістік меншік объектілеріне патент алу үшін 17388 арыз берілген. Қазіргі кезде ұлттық және шетелдік патент иеленушілердің қолында 12014 өндірістік меншік объектілеріне алдын ала патент пен патент бар.

Осыған байланысты бұл жұмыста ең бірінші мақсат ретінде патенттік құқықтарды құқықтық қорғау мәселесі қойылады. Патенттік құқықтарды реттеудің теориялық және тәжірибелік сұрақтарын кешенді зерттелуіне қазіргі кезде заң ғылымы мен тәжірибесі қажет етеді.

Зерттеудің объектісі Қазақстан Республикасының патенттік жүйесінің теориялық және тәжірибелік мәселелері және өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтың пайда болуы, өзгеруі және тоқтатылуы қоғамдағы шығармашылық еңбектің нәтижесі қатынастарын реттеуге бағытталған құқықтық нормалар жүйесін қалыптастыру қатынастары болып табылады.

Бітіру жұмысының мақсаты бұл мәселенің өзектілігіне байланысты: патенттік жүйенің құрылу және даму тарихынан бастап патенттік құқық мәселелеріне кешенді патенттік-құқықтық, техникалық-заңды зерттеу жүргізу, патенттік жүйенің құқықтық және тәжірибелік мәселелерін анықтау. Сонымен қатар, патенттік құқықтың пәнінің өзектілігін толық ұғыну үшін бұл жұмысқа Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықты бүкіләлемдік қорғау жүйесіндегі ролі туралы тарау қосылған.

Көздеген мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу жөн болады:

  1. Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптік меншік объектілерін патенттеу жүйесіне талдау жасау, оның кемшіліктері мен артықшылықтарын бағалау;
  2. Қазақстан Республикасының әрекет етуші патенттік заңнамасын талдау, патенттік қатынастарды құқықтық реттеуде кемшіліктерін шығару;
  3. Өнеркәсіп меншік объектілеріне құқықты жүзеге асыру мен қорғаудың құқықтық және тәжірибелік мәселелерін, олардың шешу жолдарын анықтау;
  4. Патенттік құқық саласындағы халықаралық ұйымдарды айқындау;
  5. Патенттік заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар шығару.

Бітіру жұмысының әдістемелік негізі ретінде жалпы диалектикалық танымдық әдістермен қатар, арнайы логикалық, нақты тарихи, салыстырмалы, әлеуметтік әдістер құрайды. Алға қойылған міндеттерге жету үшін жүйелік әдістер де қолданылады. Зерттеудің теориялық негізін заңгер ғалымдардың патент құқығы қатынастары және интеллектуалдық меншік құқығы туралы ғылыми тұжырымдамалары мен ұсыныстары, сонымен қатар нормативтік құқықтық деректер, бұрынғы Кеңестер Одағы және басқа шетелдік ғалымдардың теориялық және тәжірибелік мәні бар ғылыми еңбектері құрайды. .

Қазіргі уақытта патенттік құқықтың өзекті мәселелерін қарастырумен көптеген ғалымдар айналысады, олардың ішінде: Амангелды А., Диденко А. Г., Сергеев А. П., Шестимиров А. А., Корчагин А. Д. Федурина В. П., Привман Л., Хазанской М. және басқалар.

Бітіру жұмысының нормативтік негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, өнеркәсіптік меншік туралы қабылданған Қазақстан Республикасының ұлттық заңдары, азаматтық заң актілері, Президент жарлықтары, Қазақстан республикасы Үкіметінің қаулылары, сонымен қатар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінің нормативтік-құқықтық актілері, Қазақстан Республикасы мүше болып табылатын халықаралық шарттар мен екі жақты шарттар нормалары құрайды.

Қаралып отырған ғылыми жұмыс қазіргі заман қажеттілігінен туындаған. Бітіру жұмысы патенттік құқық институтын дамыту туралы білімді кеңейтеді.

Бітіру жұмысының құрылымы ғылыми зерттеудің негізгі мақсаты мен міндеттеріне сай келеді. Ол: кіріспеден, үш бөлімнен, тоғыз бөлімшеден, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ӨНЕРКӘСІПТІК МЕНШІК ОБЪЕКТІЛЕРІН ПАТЕНТТЕУ ЖҮЙЕСІ

1. 1 Қазіргі патенттік жүйенің құрылуының тарихи-құқықтық анализі

Өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықты нормативтік реттеудің өмір сүру тарихын зерттеудің қажеттілігі келесіде көрінеді, нарықтық экономиканың құрылуының экономикалық үрдісінің қайталымдылығы жиі тарих сабағына үңіліп қарауды қажет теді. Осы салаға тарихтың әсер ету деңгейі мен сипатын интеллектуалдық меншік құқығының объектілерінің мәнін анықтау мәселесінде маңызды құқықтық ойларды зерттей келе анықтаймыз [2. 3; 179] .

Интеллектуалдық меншік құқығының әлемдік эволюциясының тарихын үш кезеңге бөлуге болады.

Біріншісі XV және XVIII ғасырдың аяққы тоқсанын қамтиды және монополиялық артықшылық кезеңі деп аталады. Екіншісі мөлшері 1790-1883 ж. дейін созылды және интеллектуалдық меншікті қорғаудың ұлттық жүйесінің гүлдену кезеңі деп атауға болады. Үшіншісі 1883 жылдан басталады және әлемдік конвенциялар кезеңі деуге болады.

Монополиялық артықшылық кезеңі жаңа техникалық жетістіктерді өмірге әкелген тұлғалардың құқықтарын қорғау қажеттілігін түсінуді құрумен сипатталады.

Ең алғашқы артықшылық, мысалы 1474 ж. Венеция Республикасында рәсімделген «Парте Венеция» деп аталатын, қазіргі кездегі өнертапқышшы мен шетелде белгілі өнертапқышты енгізген тұлғаның арасында айырмашылық болмады. Осындай тұлғаларға айрықша түрде өзінің жаңашылдығын оны тануға жеткілікті мерзімде өзінің және мемлекеттің пайдасы үшін пайдалануға берілді. Біртіндеп артықшылық алу үшін өнертабыстың техникалық мінездемесін құрудың ережесі шыға бастады.

Осылайша, өнертабысқа қатысты келесідей қорытынды шығаруға болады, монополия кезеңі қазіргі уақытта түсіну үшін маңызды мемлекет үшін пайдалы және техникалық жетістіктердің присвоенности состояниясын бекіту қажеттілігі, монополияның бар екендігі туралы үшінші тұлғаларды бұқаралық хабарландыру, интеллектуалдық меншікке құқықты құжаттық рәсімдеу. Бұндай қағидалық кезеңдер қазіргі уақыттағы интеллектуалдық меншікке құқықты түсінуді сипаттайды.

Ұлттық жүйе кезеңінде интеллектуалдық меншік объектілерінің түсінігі мен ролін қайта ұғыну үшін негіз болып, сол кездегі үстемдік еткен табиғи құқық теориясы табылды. Бізге белгілідей, бұл теория адам мен қоғам, адам мен мемлекет, қоғам мен мемлекеттің ара-қатынасының сұрақтарын талқылады. Мемлекет пен адам қоғамдық келісімнің тең құқықты тараптары сияқты қарастырылады.

Революциялық Франция, ең терең қоғамдық және идеологиялық өзгерістерді басынан кешіре отыра, ең алдымен, барлық феодалдық артықшылықтарды жойды. Осыған ұқсас авторлық құқықтың мәніне көзқарастардың даму кезеңі, королева Аннаның статутының жағдайын қабылдаған Америка Құрама штаттарының заңдарында да болды.

Германияда монополияға қарсы күрес мақсатында, еркін сауда жолында патент иеленушілер, егерде бір жылдың көлемінде оны пайдаланбаса оған құқықты жоғалтады деп бекітті. Өнеркәсіп меншік объектілеріне құқықтың мерзімділігі қазіргі уақытта патенттік құқықтың маңызды қағидаларының бірі болып табылады [2. 4; 78] .

Осындай әкімшілік және сот тәжірибесінің жетістіктері уақыт өте келе бірыңғай ұлттық патенттік құқыққа енгізілген болатын. Сонымен қатар бұндай заңдар бұрында патенттің саны тез өскен және революциялық жолмен азаматтық заңнамасы ауысқан АҚШ пен Францияда қабылданған болатын.

Сол уақыттағы патенттік заңдардың негізі болған жалпы қағидасы болып заңдарда белгіленген формальды және материалдық сипаттағы талаптарды орындайтын өнертапқыштарға патентті беру табылды.

Осындай қатынастың келесі басты қағидасы болып патенттік қорғаудың аса маңызды ұлттық сипаты табылады. Мысалы, 1793 ж. АҚШ-тың патенттік заңы патентті тек өз елінің заматтарына ғана берді.

Өнертабыстың режимін қатайтатын бұндай талаптар, халықаралық экономикалық қатынастардың дамуы, сондай-ақ берілетін патенттің өсімімен жеңілдей бастады.

Қарастырылып отырған кезеңде Қазақстан да бөлігі болған Ресей империясында европалыққа ұқсас, бірақ кейбір ерекшеліктерімен үрдістер өтті. Ерекшеліктерге персоналды артықшылықтар жүйесінің сақталу мерзімінің ұзақтығын жатқызуға болады. Яғни, артықшылық деп өнертабысқа айрықша құқықты куәландыратын және қорғайтын құжат түсінілді. Қазір бұндай құжат патент деп түсіндіріледі.

1812 ж. алғашқы патенттік заңды қабылдауы кейбір тұлғаларға артықшылықты берудің жеткілікті ұзақ кезеңін алдын алды. Артықшылықтар әр түрлі сипатқа ие болды, жекелей бажсыз саудаға құқыққа, белгілі бір тауарлардың монополиялық өндірісіне қатысты болды және оларды беру тәртібінің қандай да бір заңдық реттеусіз жеке қызметі үшін берілген.

«Әр түрлі өнертабыстар мен көркемөнер және қолөнерде жаңалықтарға артықшылықтар туралы» деп аталатын Ресейдің бірінші Патент Заңы 1812 ж. 17 маусымда қабылданған. Бұл заңмен өзінің және шекарадан 3, 5 мен 10 жылға кіргізілетін өнертабысға артықшылық беру көзделді. Артықшылықтар Мемлекеттік кеңесте өнертабыстың болуын тексергенннен кейін ішкі істер министрімен берілді. Бірақта берілген артықшылықты, егер де өнертабыстың жаңашылдығы жоқ болған жағдайда сот тәртібімен даулауға болды.

Ресейде XIX ғасырдың орта шеңінде патенттік қорғаудың объектілері болып өнертабыспен қатар өнеркәсіптік үлгілер табылды. Осындай қатынастар 1864 ж 11 шілдеде «Фабрикалық суреттер мен үлгілерге меншік құқығы туралы Жағдай» деп аталатын заңмен реттелді және Өнеркәсіп туралы Жарғыға енді.

Кеңес кезеңіндегі ең бірінші өнертабыс саласындағы заңнамалық акт болып 1919 ж. 30 маусымдағы Декрет табылды, онымен өнертабыстар туралы Жағдай бекітілген болатын. Осы декретпен декретті жария еткенге дейін өнертабысқа артықшылықтар туралы барлық заңдар мен ережелер жойылды. Өнертабысты қорғаудың патенттік жүйесі ликвидацияланды.

Кеңестік өнертабыстық құқықтың реформаларының мәселелері, жекелей өнертабыстық қатынастарды құқықтық реттеудің деңгейін көтеру туралы сұрақ заң әдебиеттерінде жиі көтеріле бастады. Елдегі қайта құру басталғаннан кейін өзінің өзгерістерін енгізді. КСРО-ның Жоғарғы Кеңесінде 1991 ж. 31 мамырында «КСРО-ғы өнертабыстар туралы» жаңа Заң қабылданды.

Кеңес Одағының тарауы тәуелсіз мемлекеттер аумағында өнеркәсіптік меншікті қорғауда жағымсыз жағдайды тудырды. Тәуелсіз мемлекеттердің ішіндегі біреуінде де өнеркәсіптік меншікті қорғау туралы заңдары да және ведомстволары да болмады.

Осылайша, қазіргіге дейін сақталған дәстүрлі жағдайлар мен қорғаудың патенттік нысанының қағидалары ұлттық жүйенің құрылу кезеңінде әр түрлі елдерде құрыла бастады.

Интеллектуалдық меншік объектілерін қорғаудың әлемдік жүйесін құру және ұлттық жүйені гармонизациялау бойынша ұзақ мерзімді жұмыс басталды.

1873 ж. патенттік реформалар бойынша Веналық конгресс шақырылған болатын. Онда әр түрлі елдерде өнертапқыштардың адекватты қорғануды алу құқығы, сонымен қатар шығармашылық объектілерін қорғау режимінде азаматтар мен шетел азаматтарының теңдігі сияқты қағидаларды бекіту қажеттілігін жариялады.

Париж конгресі (1878 ж. ) және Париж конференциясы (1880 ж. ), сондай-ақ Франция Үкіметі өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғаудың халықаралық жүйесінің маңызды қағидалары мазмұндалған халықаралық конвенцияның жобасын жасады. 1883 ж. 11 мемлекеттің өкілдері Парижде тарихқа осы саладағы қатынас енген конвенцияны қабылдап, қол қойды. Ол өнеркәсіптік меншікті қорғау бойынша Париж конвенциясы деп аталды. Қазіргі уақытта бұл Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің саны 140-ке жетті.

Қазақстан аумағына Париж конвенциясы оның КСРО мен Ресей империясының құрамында болған кезеңде тарады.

Қазақстан Республикасы КСРО-ның бұрынғы республикаларының арасында ең алғашқы болып біздің елдің аумағында Париж конвенциясының арықарай жалғасуын 1993 ж. 5 ақпандағы өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы Халықаралық шарттар туралы Қазақстан Республикасының Декларациясында заявила. 1

Бүгінгі таңда Париж конвенциясының мазмұны өнеркәсіптік меншікті қорғау бойынша қазақстандық заңнаманың бөлігі болып табылады.

1. 2 Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғаудың патенттік нысаны. Ұғымы, мәні және патенттеудің мақсатқа сәйкестілігі

Интеллектуалдық меншіктің барлық объектілерінің ішінде маңызды орынды өнеркәсіптік меншік объектілері алады. Бұл термин Париж конвенциясының 1-бабымен енгізілген. Онда «өнеркәсіптік меншікті қорғау объектілері ретінде өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауар таңбаларына, қызмет көрсету таңбаларына, тауар шығарылатын жерлердiң атауларына патент, сондай-ақ теріс пиғылды бәсекелестікті бұлтартпау» делінген. Қазақстан Республикасының Патент заңының 1-бабына сәйкес өнеркәсіптік меншік oбъектілеріне өнертабыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсіптік үлгілер жатқызылады.

Өнертабыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсіптік үлгілер ерекше құжат - патентпен қорғалады. «Патент» терминін латынның «patens» сөзінен аударғанда «көпшілікке көріну, ашық болу» дегенді білдіреді [2. 5; 392] .

Әдебиеттерде патенттің экономикалық және құқықтық ролі туралы көптеген пікірлер бар. Патенттің монополия және өнеркәсіптік меншіктің объектісі ретінде түсінігі кең таралған. Патент иеленуші өзінің өнертабысын пайдалануға ерекше құқыққа ие, осыдан оның монополиялық сипаты, оның құқығы мен зат меншігінің құқығының ұқсастығы көрінеді.

Қазақстандық заңнама патентті - заңның нормаларына сәйкес патент иеленушіге уәкілетті мемлекеттік органмен берілетін, белгілі бір уақыт мерзімінде, елдің аумағында оның патенттелген техникалық шешіміне айрықша құқығын куәландыратын қорғаушылық құжат, сондай-ақ техникалық шешімнің приоритеті және оны тудырған тұлғалардың авторлығы.

Қазақстандық өнеркәсіптік меншікті қорғаудың патенттік жүйесі КСРО-да көп жылдар бойы қолданылған жүйеден біршама ерекшеленеді. Онда қорғаудың екі нысаны: авторлық куәландыру (өнеркәсіптік үлгіге куәлік) және патент әрекет етті. Авторлық куәлік айрықша құқықты мемлекет үшін бекітілген. Автормен тек қана жеке және әлеуметтік жеңілдіктердің кейбірі, ал мүліктік құқықтарынан тек қалыпты сыйақыға құқық танылған. Патент иеленушінің айрықша құқықтарын бекітетін патент өзінің қорғаушылық функциясын формальды түрде орындаған, бірақта мұндай құқықтарды жүзеге асыру шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайларына жатпады, онда еркін нарықтық айналым түпкілікті жоқ болды. Сондықтан сол кезде патенттің номиналды мәні болды және негізінен шетелдік арызданушы - жаңа технологияларды импорттаушыларға арналған болатын. Авторлық куәліктің негізінде өнертабыс құрастырылған кәсіпорын да, автор да авторлық куәлікпен қорғалатын объектіге айрықша құқықты алмады. Заңды түрде өнеркәсіптік меншіктің бұндай құқықтық режимі КСРО-ның өнертабыстар туралы Заңы 1 шілде 1991 жылы күшіне енген кезге дейін сақталған. Бірақта, патенттік жүйе Қазақстанда 1992 жылы 24 маусымда Патент заңы қабылданғаннан кейін әрекет ете бастады. Қазақстан ТМД елдері арасындағы өзінің ұлттық патент заңын бірінші қабылдағандарға жатады. 16 шілде 1999 жылы Республикада жаңа Патент Заңы қабылданды. Қазақстан Республикасының Патент заңын (арығарай ҚР Патент заңы) қабылдағаннан кейін Қазақстанда өнертабыс пен өнеркәсіптік үлгілерді қорғаудың патенттік нысаны қалпына келтірілді. Патент қайтадан 70 жыл бұрынғыдай, өнертабысқа, өнеркәсіптік үлгіге, сондай-ақ пайдалы модельге құқықты куәландыратын жалғыз құжат болды.

Қазақстанның социалистік жүйеден нарықтық экономикаға ауысуы санаткерлік еңбек нәтижелерін қорғау және құқықтық қатынастарды реформалауды талап етті. Осы кезеңнен бастап, заңнама мен күнделікті тұрмысқа «интеллектуалдық меншік», «өнеркәсіптік меншік», «патент», «патент иеленуші», «айрықша құқық» ұғымдары енді.

Егер өзгерістердің мәніне кысқаша тоқталар болсақ, кеңестік кезеңдегі авторлық куәлік орнына өнеркәсіп меншігі объектілерін қорғау жөніндегі бүкіл әлем таныған патент жүйесі келді. Кеңестік өнертабыс құқығының негізгі ерекшелігі - өнертабушы автор өз кұқығын, көбінесе, авторлық куәлікпен ресімдейтін, кейбіреулері Мәскеуде, бүкіл Кенес Одағы бойынша жалғыз Мемкомөнертабыс патент ведомствосында жарияланатын, сонан кейін кез келген адам аз сыйақы төлеу арқылы өнертабысты өз иелігіне жаратып жататын [2. 6; 113] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интеллектуалдық меншікті халықаралық қорғау
Интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне тән белгілердің теориялық аспектілері
Қазақстан Республикасындағы жаңа нарықтық экономикаға байланысты зияткерлік меншіктің түсінігі мен ерекшеліктері, Қазақстан Республикасында зияткерлік меншік құқығын қорғау жүйесі
Патент құқығы обьектілері
Авторлық және сабақтас құқықтардың пайда болуы
Интеллектуалдық меншiк құқығы объектiлерiнің түсінігі мен ерекшеліктері
Патент негізіндегі арнаулы салық режимдері
Авторлық құқықтың ұғымы және құқықтық қатынастардың реттелуі
Зияткерлік меншік құқығын қорғаудың халықаралық жүйесін дамытудың теориялық мәселелері
Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz