Меншіктің экономикалық түрлері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАРЫ:

КІРІСПЕ . . . 3

1. МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІКТІ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ПРОЦЕСІНІҢ МӘНІ. 5

1. 1. Меншіктің экономикалық және құқықтық мәні . . . 5

1. 2. Нарықтық экономикаға өту процесіндегі кезіндегі меншік . . . 8

1. 3. Мемлекеттік секторды жекешелендірудің объективтік қажеттілігі . . . 12

2. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОРДЫ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ПРОЦЕСІН ТАЛДАУ . . . 14

2. 1. Мемлекеттік секторды жекешелендіру . . . 14

2. 2. Жекешелендірудің заңды негізі . . . 17

2. 3. Жекешелендiру объектiлерiн сатудың ережесi . . . 20

3. МЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОРДЫ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ПРОЦЕСІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ . . . 34

3. 1. Жекешелендіруді қалыптастыру кезеңдерінің негізгі ерекшеліктері мен нәтижелері . . . 34

3. 2. Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті қызметінің нәтижелері туралы . . . 43

Қорытынды . . . 54

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 57

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың жазылуы барысына тоқталмастан бұрын оның тақырыбын айта кетейін. Курстық жұмысытың тақырыбы Қазақстан Республикасында мемлекеттік секторды жекешелендіру болып табылады.

Жалпы, курстық жұмыстың жазылу құрамы мынадай болып келеді. Ол кіріспеден, үш бөлімнен, сегіз сұрақты қамтып, сондай-ақ қорытынды және пайдаланған әдебиеттерді қамтып отыр.

Жекешелендіру - нарықтық қатынасқа өтудің түбірлі мәселесі. Ол жеке меншік секторы мен акционерлік қоғамдардың және бірлескен кәсіпорындардың алдыңғы позициларды алуын көрсететін қозғалысты анықтайды. Оның жүргізулі нарықтық қатынастың пәрменділігіне байлансыты болады. Жекешелендіру - меншіктің барлық түріне - мемлекеттік, ұжымдық және жеке меншіктің теңдігі мен құқығына қалыпты жағдай жасайды.

Бірінші бөлімде меншік ұғымына анықтама беріп, оның экономикалық және құқықтық мазмұнының мәніне толықтай тоқталып, меншіктің экорномикалық мазмұнының түсініктер арқылы сипатталатындығы жайлы тоқталып кеттім. Сонымен қатар Иемдену, оқшауландыру, қоғамдастыру, меншік объектілері, меншік субъектілеріе анықтама беріп, сипаттап кеттім және толық «құқықтар шоғыры» 11 элементтен тұратындығын айтып, оларға түсініктемелер беріп, меншік қатынастарына анықтама беріп, айрықшалаудың мәні мен мақсаты тоқталып, меншік қатынастары бірнеше қызметтерді қамтитындығы жайлы тоқталдым. Сонымен қатар, 1991-1993, 1993-1995 жылдардағы жекешелендірудің Қазақстандағы ұлттық бағдарламасы қабылданғаны және оның жүзеге асырылуы, жер-жерде жекешелендірудің жолдары және оның қол жеткен маңызы атап көрсетілді.

Экономикалық жағдайымызға байланысты, жекешелендіру терең ойланған және нақты бағдарламаға сүйену арқылы сатылатын кәсіпорындарды тұтас алғанда экономиканы тұйықтан шығаруды көздейтіндігі жайлы тоқталып кеттім

Екінші бөлімде жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алуғға анықтама беріп, оны сипаттап, мемлекет иелігінен алу монополизмді жеңуге, бәсекелестік пен кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған және оның белгілі бір бағыттар бойынша жүретіндігі жайлы, мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындарды жекешелендіруді әр түрлі мағынада сипаттадым, Қазақстан Республикасындағы 10 жылдағы мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру процесінің 4 кезеңіне және олардың әрқайсысының өз мақсаттарына тоқталдым, сонымен қатар жекешелендірудің заңды негізіне, жекешелендiру объектiлерiн сатудың ережесi Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Жекешелендiру туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2721 заң күшi бар Жарлығына сәйкес әзiрленгендігі жайлы және аукцион, тендер және екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурс нысанындағы сауда-саттықта жекешелендiру объектiлерiн сатудың тәртiбiн реттейтiдігі жайлы баяндадым. Ол ереже жалпы ережеден, комиссия, сауда-саттықтарды өткізуге дайындық, аукционды өткізу, тендерді өткізу, екi кезеңді рәсiм арқылы конкурс, сатып алушылармен есеп айырысудың тәртібі және меншік құқығын ресімдеу, жекешелендіру объектісін сатудан түскен қаражаттардан тұрады.

Үшінші бөлімде жекешелендіруді қалыптастыру кезеңдерінің негізгі ерекшеліктері мен нәтижелеріне арнадым, жекешелендіру дің негізгі 4 кезеңіне тоқталдым және бірінші кезеңде «Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру» Заңын іске асыру үшін 1991-1992 жылдарға арналған Қазақ ССР-да мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің бірінші бағдарламасы негізінде жүзеге асқандығы жайлы, ал екінші бөлімде 1993 жылдың наурызында қабылданған «Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы» негізінде жүзеге асқандығы жайлы және оның ішінде шағын жекешелендіру, агроөнеркәсіп кешенін жекешелендіру жайында тоқталдым, ал үшінші кезеңде 1996 жылдың ақпанында 1996-1998 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікті жекешелендіру мен қайта құрылымдау бағдарламасы негізде жүзеге асқандығы жайлы тоқталдым, ал төртіпші кезеңнің басты сәті мемлекеттік меншікті республикалық және коммуналдық меншікке бөлу болып табылды және оыс жайлы толығырақ оқталып кеттім.

1. МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІКТІ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ПРОЦЕСІНІҢ МӘНІ

Меншік - бұл адамдар арасындағы материалдық және рухани игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну салаларындағы күрделі әлеуметтік-экономикалық қатынастар.

Меншіктің экономикалық мазмұны мынадай түсініктер арқылы сипатталады:

а) екі жұп категорияларының өзара байланысы: (меншіктеу) иемдену-жатсыну;

ә) жекелену-қоғамдану сияқты жұп категориялардың өзара байланысы;

б) өндірістің жеке және заттық факторларын біріктіру тәсілі;

в) табыстарды үлестіру тәсілі;

г) субъектілік-объектілік талдау.

1. Ең алдымен, меншіктің экономикалық мазмұны екі түсініктің сараптамасы негізінде алуға болады. Бір жағынан, қандай да бір қауымдастың (индивид, топ, қоғам) өндіріс құралдары мен қызмет нәтижелерін иемденуінің механизмі мен нысаны, ал екінші жағынан, олардың басқа шаруашылық бірліктерден және тұтас қоғамнан шеттетудің сәйкес формалары.

Иемдену деген қандай да бір қатыгнастар субъектісін осы қатынастардың тұтас қоғам өміріндегі атқаратын қызметтеріне сәйкес, субъектінің өзінің өмір сүруіне айналдыруы дегенді білдіреді. Ал шеттету - қандай да бір объектіні субъектінің өзіндік қызметіне айналдырудың мүмкін еместігін білдіреді.

2. Оқшауландыру деген әрбір тауар өндіруші белгілі бір тауарды өндіруге мамандануын білдіреді. Еңбек бөлінісі неғұрлым терең болса, оқшауланған тауар өндірушілер арасындағы өзара тәелділік те соғұрлым күшті. Жеке оқшауланған тауар өндірушілердің айырбастауы арқылы жүзеге асырылады.

Қоғамдастыру деген еңбектің қоғамдық сипатының дамуын білдіреді.

Бір жағынан, қоғамдық еңбек бөлінісі және өндіріс құралдарына жеке меншіктің салдарынан кәсіпорындар жеке тауар өндірушілер ретінде оқшауланған. Екінші жағынан, еңбектің қоғамдық сипатына байланысты, олардың бәрі біртұтас қоғамдық ұдайы өндіріс процесіне тартылған. Оқшауланған тауар өндірушілер арасындағы экономикалық байланыстардың формасы - ақша айналымы арқылы жүретін тауар айырбасы болып табылады.

3. Меншік қатынастарының ауқымды негізін өндіріс факторларын біріктіру тәсілі құрайды.

Біріктірудің екі тәсілі ажыратылып жүр: тікелей және сатылы.

Өндіріс құралдарын материалдық игіліктерді тікелей өндірушілермен өндіріс процесінді, айналым саласын айналып өтіп қосылуын өндіріс факторларының тікелей қосылу тәсілдері сипаттайды. Бұл жағдайда, бір адам бейнесінде екі қызмет жүзеге асырылады - өндіріс құралдарын меншіктенуші қызметі және материалдық игіліктерді тікелей өндіруші қызметі. Кейде басқа нұсқалары да болуы мүмкін, бұл жағдайда екі қызмет ажыратыып, түрлі субъектілерге бекітіледі; бірінде - өндіріс құралдарын меншіктенуші қызметі, бірінде - жұмыс күші қызметі. Бұл жағдайда жұмысшы өндірпіс құралдарынан шеттетілген. Өндіріс факторлары бірігуі үшін, өндіріс құралдарын меншіктенушінің жұмыс нарығында жұмыс күшін жвалодауы қажет. Сондықтан да, өһндіріс саласында жүзеге асатын заттық және джеке факторлардың бірігуі жұмыс күшін сату-сатып алу актісінен кейін, яғни тауар-ақша қатынастары арқылы жүреді. Өндіріс факторлары бірігуінің бұл нұсқасы сатылы деп аталыд.

4. Табыстарды үлестіру өндіріс құралдарын меншіктенушілер мүддесі үшін жүзеге асырылады.

5. Меншік субъектілері: жеке тұлғалар, отбасы, әлеуметтік топ, өндірістік ұжым, халық, басқару органдары бола алады. Меншік объектілері: өндіріс құралдары, мүлік, ақша, құнды қағаздар, ақпарат, интеллект, жұмыс күші болып табылады.

Меншіктің заңдық мазмұны құқықтық өкілдіктермен сипатталады. Меншік құқықтары бұл адамдар арасындағы экономикалық пайдалануына байланысты қалыптасатын билік ету құқықтарының сакцияланған тәртіп қатынастарының жиынтығы.

Меншік құқықтарының жүзеге асуы үшін меншік құқықтарының айырықшалануы өте маңызды.

Меншік құқықтарының айырықшалануы - бұл меншіктің оюъектісін, субъектісін және меншікке өкілдіктерін анықтау.

Толық «құқықтар шоғыры» 11 элементтен тұрады:

1) иелік ету құқығы, яғни игіліктерге айырықша нақты бақылау жасау құқығы;

2) пайдалану құқығы, яғни игіліктердің пайдалы қасиеттерін өзі үшін пайдалану құқығы;

3) басқару құқығы, яғни игіліктерді пайдалану кім және қалай қамтамасыз ететінін шешу құқығы;

4) табысты алу құқығы; яғни игіліктерді пайдалану нәтижелеріне игілік ету құқығы;

5) егемен құқығы, яғни игіліктерді шеттету, пайдалану, өзгерту немесе жою құқығы;

6) қауіпсіздікке ие болу құқығы, яғни яғни игіліктердің экспроприясынан немесе сыртқы орта тарапынан келетін залалдан қорғану құқығы;

7) игіліктерді мұраға қалдыру құқығы;

8) игіліктерді шексіз пайдалану құқығы;

9) сыртқы ортаға зиян тигізетін тәсілмен пайдалануға тыйым салу;

10) өндіріп алу түріндегі жауапкершілік құқығы, яғни игілікті қарызды өтеу үшін өндіріп алу мүмкіндігі;

11) қалдықтық сипат құқығы, яғни бұзылған құқықтылықтардың қалпына келтірілуін қамтамасыз ететін тәртіптер мен институттардың болу құқығы.

Меншік қатынастары - материалдық және материалдық емес рксурстарға қол жеткізуден шеттетулер жүйесі. Егер ресурстарға қол жеткізуден шеттетулер жоқ болса, олар - ешкімдікі емес ешкімге тиесілі емес немесе бәріне тиесілі, өйткені оларға еркін қол жеткізуге болады, ал бұлар - бір нәрсе деп айтуға болады.

Меншік объектілері әрқашанда шектеулі болатын экономикалық ресурстар болып табылады. Басқаларды ресурстарға еркін қол жеткізуден шеттету, оларға иелену құқықтарын айрықшалауды білдіреді.

Айрықшалаудың мәні мен мақсаты - ресурстарға меншік құқықтарын олардан неғұрлым көп пайда табуға қабілетті, оларды жоғары бағалайтын адамдардың алуына жағдай жасау.

Меншік қатынастары мынадай қызметтерді қамтиды:

а) иелену (затты иеленуді жүзеге асыру, қожалық ету) ;

ә) пайдалану (заттан өзіне пайдалы қасиеттерді табу) ;

б) бөлу «заттың құқықтық тағдырын анықтау - сату, айырбастау, сыйға тарту т. б. ) .

Меншіктің экономикалық өткерілуі, оның иесіне табыс, рента, пайыз, дивиденд алып келуі арқылы жүзеге асады.

Әрине, әртүрлі игіліктерді иелену процесін қарастыру маңызды, бірақ теория үшін өндіріс құрал-жабдығын иелену процесін, сонымен қатар оның әлеуметтік-экономикалық салдарын талдау маңыздырақ.

Өндіріс құрал-жабдығына деген меншіктің экономикалық қатынастары кез келген экономикалық моделін (нарықтық, әміршілдік-әкімшілдік, мемлекеттік, аралас және т. б. ) құрастырушы болып табылады.

Адамзат қоғамының даму тарихыда меншіктің тайпалық немесе қауымдастық түрлері белгілі. Алғашқы тұрмыстық қауымдастықтың ыдырауы, отбасының бөлінуі және соның негізінде жеке меншік пайда болды. Жеке адам жердің меншік иесі болып, оны өндіру сол адамның өзіне және оның отбасына берілді. Ол өзін басқа отбасы қауымдастығының шапқыншылығынан қорғау үшін қайтадан қауымдастыққа біріге бастап, қауымдастық меншігін құрады. Қалалық мекендер құрылып, қалаға берілген жерлер қауысдастық меншігіне айналады. Бұл жерде қауымдастық меншік мемлекеттік меншіктің бейнесі ретінде көрінеді.

Тіпті, ерте дүниенің өзінде-ақ ұжымдық, жеке еңбектік және мемлекеттік меншік түрлері қалыптаса бастады. Осылардың ішінен кейінірек жеке және мемлекеттік меншік түрлері көбірек дами түсті. Мемлекеттік меншік өзінің барынша дамуын әкімшілдік-әміршілдік экономикалық жүйеде, бұрынғы КСРО-да жүзеге асырылып, оның үлесі басқа меншік түрлерінің жалпы құрылымында - 88, 6℅ құрады. Алайда, нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекеттік меншіктің үлесі 5℅ - 30℅ -ға дейін ауытқиды.

Экономикалық және әлеуметтік құрылысқа байланысты мемлекеттік меншік басқа меншік түрлерінемн салыстырғанда тиімді болуы мүмкін. Ол оның атқаратын қызметімен: жалпы қоғамның экономикалық даму стратегиясының қалыптасуы, экономиканың салалық құрылымының оңтайландырылуы нәтижесінде адамға бағытталған ең жоғары тиісділікке қол жеткізу арқылы сабақтастырылады.

Экономикада бұл меншік түрінің басымдау болуы нақты өмірде жағымсыз тұстарға, яғни мемлекеттік монополиялардың пайда болуына алып келді. Ол экономика үшін аса қауіпті еді: мемлекеттік өндірушінің тұтынушыға үстемдігі пайда болып, арзан тауарлар түрлерін жою жүзеге асты және тапшылық пайда болды. Қанағаттандырылмайтын сұраным қалыптасты.

Осыдан мынадай тұжырым жасауға болады: мұнда мемлекеттік меншікті жою емес, оның монополиялық үстемдігін жою туралы әңгіме болып отыр.

Нарыққа өту және ТМД елдерінде, оның ішінде Қаақстан Республикасындағы мемлекеттік меншікті мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру процесінің басталуы - мемлекет меншік үлесін қысқартуға, оның монополиялық үстемдігін жоюға бағытталған. Сондай-ақ, қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру үшін бәсекелестік ортаны құрып, оны тұрғындардың сұранымын қанағаттандыруға бағыттау қажет. Мемлекеттік меншіктің үлесі 30-40%шеңберінде бекітіледі.

Жеке меншіктің дамуы ХІХ-шы ғасырдың екініш жартысының ортасына дейін жүзеге асты. Ғылыми-техникалық революцияның әерінен ХІХ-шы ғасырдың екінші жартысында жедел түрде акционрелік меншік қалыптаса бастады. Акционерлік немесе корпоративтік меншік, басқаша айтар болсақ, топтық немесе ұжымдық меншік. Бастыстың экономикалық тоерия мектебі «жеке» термині ретінде кез-келген мемлекеттік емес мүлік, шаруашылық, кәсіпорынды түсінген.

Жеке меншік ұғымы тұрғысынан өз еңбегімен жасалған жеке еңбектік және еңбектік емес меншікке бөліп қараймыз. Соңғысында заңды негізде жасалған жер учаскесі табысы мен жалға берілген басқа да қозғалмайтын мүлік, банкке салынған пайыз бойынша және басқа көздер есебінен жаслады.

Жеке меншіктің даму кезеңінде еркін бәсеке барынша қарқындап, жеке кәіпкерлердің өндіріс тиімділігін көтеруге және тұрғындардың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруға итермелейді. Сондай-ақ оның теріс тұстары байқалады: Артық өндірудің экономикалық дағдарысы, жеке меншік - бұл билеп-төсеушінің, ешкім шектемейтін иегердің меншік өнімімен байланысты еді. Сондықтан, мемлекеттің араласуы қажет болды. Қазіргі өркениетті қоғамда меншік иесі мінез-құлқының белгілі ережелері жасалған, сонымен қатар артық өндіру экономикалық дағдарысын ескерту туралы шаралар қарастырылған. Жеке меншік жаңа бағыт алуда және оның келешігі алда.

Қазіргі әлемдік қауымдастықта жеке меншіктің, мағынасы өзгерді. Қазіргі уақытта жеке меншік жекелеген (еңбектік және еңбектік емес) ғана емес, сондай-ақ ұжымдық (топтық), акционрелік және кооперативтік түрде - меншік иесі ұжымдарын біріктіретін болады.

Нарыққа өткенге дейін Қазақстан Руспубликасында кооперативтік меншік - колхоздың, кооператив меншіктің, тұтыну корпорациясы, тұрғын-үй, құрылыс және басқа да кооперативтік ұжымдармен көрсетілді. Қазіргі жағдайда ол акционерлік меншік, біріккен және аралас кәсіпорын меншіктерімен толықтырылды.

Көптеген әлем елдерінде меншіктің кооперативті түрі жан-жақты дамыған. Айталық, өндірістік кооперативтер - бұл тауар мен қызмет көрсетуді бірге өндіру мақсаты, азаматтардың өз еркінде.

Меншіктің кооперативтік түрінің нарықтық экономика жағдайында кооперативтік кәсіпорынның толық өзінше болуы - оның өндірісті дамыту мүмкіншілігінің ең жоғарлығын иеленді. Мұнда, қозғаушы күші - меншік иесі, топтраы - кооперативтің экономикалық мүдделір болып табылады. Тұтыну кооперациясы өндірістік кооперативтен өзгешелеу. Өндірістік кооператив өндіріс саласында қызмет етсе, тұтыну кооперативі - айналыс саласында қызмет жасайды.

Қазіргі кезде әлемдік қауымдастықта тұтыну кооперациясы өзінің қызметін қалада да, ауылдық жерлерде де жүзеге асырады. Ол әртүрлі фирмалар және ұйымдармен кең халықаралық байланыста болады.

Меншіктің бір түрінен басқасына өтуді эволюциялық жолмен бәсекелестік күрестің, өндіргіш күштер дамуының және ҒТР-ның негізінде жүзеге асады немесе бұрынғы Одақта болған мемлекеттік және колхоздық меншіктің зорлық-зомбылық жағымен қалыптасуын айтамыз.

Муниципалды меншік мемлекеттік және басқа меншік түрлерімен салыстырғанда өте ерекше болып табылады. «Муниципал» - латынның «municipalis» немесе немістің «munizipalitet» сөздерінен шыққан, «қаланы басқару» деген ұғымды білдіреді. Ал, латынның «municipium» сөзі «қаланы өзін-өзі» басқару құқығын білдіреді. Әдетте муниципалды меншікке өкімет ұйымдары мүлік және әкімшілік-аумақтық құрылымдарды басқару жатады. Қазақстан Республикасында осындай мүліктер коммуналды меншік деп аталады.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында төмендегідей меншіктің экономикалық түрлері қалыптасты:

Меншіктің экономикалық түрлері

ЖЕКЕ
ҰЖЫМДЫҚ
МЕМЛЕКЕТТІК
ЖЕКЕ: Еңбектік
ҰЖЫМДЫҚ:

Еңбектік

емес

МЕМЛЕКЕТТІК: Жеке топтық

Республика

меншігі

Облыстық, аудандық му-ниципалдық

меншігі

ЖЕКЕ:

Еңбек

Табысы

есебі-

нен

ҰЖЫМДЫҚ:

Мұрагерге

қалдырылған

мүлік есебі-

нен табыс;

сақтандыру,

несие меке-

мелеріне сал-

ған қаржы-

лар;

акция,

облигация

және

басқа баға-

лы қағаздар-

дан түсетін

табыс

көздері

МЕМЛЕКЕТТІК:

а) жалгерлік

меншік

ә) ұжымдық кәсіп

орын меншігі

(сатып алынған)

б) кооперативтік

меншік

в) акционерлік

меншік:

а) қоғамдық ұйымдарының меншігі

ә) діни ұйымдарының меншігі

меншік:

а) шаруашылық қоғамы меншігі (серіктестігінікі)

ә) бірлестіктер (ассоциациялар)

меншігі:

а) шетел мемлекетінің меншігі (концессия)

ә) бірікке меншік (шетел мемлекеті кәсіпорыны)

Республика-

лық меншік

(жер, қоймауы,

сулар, өсімдік

әлемі, жануарлар әлемі, әуе кеңестігі)

Коммуналдық меншік (тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы мәдениет және денсаулық сатау, халыққа білім беру, жергілікті бюджет қорлары)

2. Мемлекеттік меншікті жекешелендірудің объективтік қажеттілігі

Кәсіпорын - халық шаруашылығының бастапқы ұясы. Материалдық және материалдық емес игіліктер, қызмет көрсету кәсіпорындарында жасалады. Сондықтан кәсіпорындар экономикасы, олардың орталықпен, банктермен және басқа несие беретін мекемелермен қарым-қатынасы өтпелі кезеңдегі теория мен практиканың қатты көңіл бөлетін нысанасы болуы керек. Бұл орайда кәсіпорын іс-әрекетінің тиімділігін арттыру үшін олардың мәртебесін өзгерту қатаң жұмыс ырғағы бар мемлекеттік кәсіпорындарды біршама кең көлемді дербестікке ауыстыру, яғни жекешелендіру процесін жүргізудің объективті қажеттілігі туындады.

Мемлекеттік секторды жекешелендіру кезінде ең қиын іс оның әдістер мен түрлерін анықтау ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік және жергілікті басқару мекемелерімен кәсіпорын арасындағы қарым-қатынас механизмін жасау болып табылады. 1990 жылы мемлекетке өндірістік қорларлардың 90-95% тиесілі болған. 1992 жылдан бастап беймемлекетендіру, жкешелендіру мен бәсеке туралы, монополиялық іс-әрекетті шектеу туралы заңдардың қабылдануынан мемлекеттік кәсіпорындар үлесінің едәуір азайғанын байқауға болады. Сонымен қатар, орталық пен кәсіпорын қарым-қатынас механизмін, бастапқыда ойлағандай, қалыптастыру оңай болмай шықты.

Шыныда, ондаған жылдар бойы орталықтың тікелей нұсқаулары бойынша жұмыс істеген кәсіпорындардың бағыт-бағдары орталықтың қалауына қарай келген болса, қазіргі жағдайда, қалыптасқан ахуалды күрт өзгерту оңай шаруа емес. Мәселелердің ауқымы күткендегіден анағұрлым күрделі болды. Бұлардың ішінде басқару кадрлары мен материалдық-техникалық жабдықтау, өндірушілер монополиясы т. б. бар. Мамандардың есебіне қарағанда қандай да болмасын істің нәтижелілігінің 85-95%-тейі қызметкерлердің дайындық деңгейіне байланысты болады екен. Әңгіме ең алдымен басқарушылардың жұмыс істеу қабілеттілігіне қатысты болып отыр: біріншіден, дербестік жағдайда басша өзі ғана шешім қабылдауы қажет, екіншіден, өз қарамағындағы қызметшілердің жаңа бастамалар көтеруін үнемі қолдап отыруы тиіс, үшіншіден, рынок жағдайында өнімді көп шығару оның өтімділігінің кепілдігі болмайтындығын ескеріп, сұранысты зерттеп отыру керек. Қысқа мерзімде нарықтық қатынас жағдайында жұмыс істейтін басшы кадрларды даярлап шығару ісі - кезек күттірмейтін мемлекеттік шаралардың бірі болуы керек.

Жекешелендірудің ерекшелігі сол, бұл мемлекеттік секторды жылдам бұзу қарастырылмаған, қайта оның қызметін басқаша ұйымдастырып, ұзақ мерзімде жекешелендіру көзделген.

Бұл іс-шаралар мемлекеттік кәсіпорынның экономикалық еркіндігін ақырындап ұлғайтумен, олардың баға саясатының бір бөлігін либерализациялаумен, арнайы «қатысу қоры» арқылы акционерлеп, бақылау пакет акциясын мемлекеттің сақтауы арқылы жүзеге асады.

Қазақстан тәжірибесі көрсеткендей, холдингтік-акционерлік қоғамды қолдану жекешелендірудің барлық мәселесін шешпейді.

Өтпелі экономикада жекешелендіру саясаты мен меншікті жекешелендіру мемлекеттік меншіктің момнополиялық жағдайын бұзу мен экономикаға нарықтық сыйпат беріп қоймай, сондай-ақ, экономикалық дамуды тұрақтандыру мен экономикалық өсуге жетуді көздейді:

  • ұлттық экономикаға шетел инвестициясын тарту; мемлекеттік субсидияны тарту есебінен мемлекеттік қарызды қысқарту және жеке кәсіпорындар мен тұрғындардың табысынұлғайту, нәтижелік мақсат - тұрғындардың өмір деңгеін көтеру; бәсекелестік нарықтық орта жасау.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншік экономикалық категория түрінде
Меншік: қатынастары, мағынасы, иесі
Меншіктің мәні және экономикалық мазмұны, оның тарихи нысандары
Меншік формаларының әр алуандығы – нарықтың экономикалық негізі, формалары және әдістері
Меншік қатынастары
Меншіктің қазіргі формалары
Нарықтық экономикадағы меншік
Меншіктің мәні және экономикалық мазмұны. Меншіктік қатнастар және олардың формалары
МЕНШІК ЖӘНЕ КАПИТАЛ ЖҮЙЕСІ
Қазақстан Республикасында жеке меншіктің әр түрлі формаларының қалыптасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz