Қазақстанның оңтүстік - шығыс аймағындағы алма бақтарына зиянкестердің әсері


«Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағындағы алма бақтарына зиянкестердің әсері»
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ

алады. Қазір республика аумағында осындай жабайы алмалардың зерттелген 200-ден астам сорты бар. Ал олардың 27 түріне еліміздің ғалымдары патент алуға тырысып бағуда. Әзерге авторлық куәлікке қол жеткізген олар патент алсақ, алма тұқымдарын шетелге сатып пайда табуға болады дегенді айтады. Дегенмен біздің елде жабайы алмаларды сақтап қалатын жер табылмай тұр. Қала өскен сайын тарылып бара жатқан жерлерге үлкен бақ салу мүмкін емес
Алма индустриясын Қазақстанда дамытуымыз керек. Алматыны -алманың атасы деп бекер айтпаған ғой. 30-шы жылдармен салыстырғанда алма ағаштарының бар жоғы 40 пайызы ғана қалды. Құрып бітті деуге болады. Ал алманың түрлі сорттарын осы күнге дейін сақтап қалған ормандарды қорғауға алуымыз керек.
Базардағы алма ираннан қытайдан жеткізілетін жасанды алмаларды халық тұтынады. Шетелдік алмалар суыққа төзімсіз, ал жергілікті алмалар баршамызға жете бермейді. Жергілікті алмалар американка, золотой серебрянка, алматының апорты жоқ.
Жыл сайын әлем бойынша алманың 40 млн тоннасы желінеді екен. Бұл рекорттық көрсеткішке біздің елде еніп отыр. Дегенмен мамандар, алма бағын өсіруді Іле Алатау ұлттық қорықтан бастау қажетін қолға алмақ. Осылайша жабайы алмаларды өсіру арқылы тамақ өнеркәсібін де жетілдіру болатынын көлденең тартқан мамандар, Орман кодексіне өзгерту қажет екенін айтып дабыл қағуда. Демек енді олар жабайы алмаларды қорғап, сақтап қана қоймай қалпына келтіру шараларын да қолға алмақ.
«Алмалардың атасы», «Алмалардың патшасы» атанған Алматы апорты бiр кездерi елiмiздiң мақтанышы, жер жәннаты - Жетiсудың төл жемiсi, оңтүстiк астанамыздың символы болып едi. Оның тостағандай көлемiне, көздiң жауын алатындай қызылды-жасылды түрiне, тiлдi үйiретiн ерекше дәмiне, жансарайыңды ашатын ғажап иiсiне бiрде-бiр алма сорты тең келмейтiн, орнын толтыра алмайтын. Даңқы бүкiл әлемге жайылған болатын. Мiне, сондай апортты қазiр кездестiру қиын. Жемiсi уақталып, түрi солғын тартып, дәмi мен иiсiнен түгелдей дерлiк айырылған. Кейбiр кезде көлемi мен түрi келiп тұрса да, апортқа тән дәмi мен иiсi байқала бермейдi.
Адам денсаулығы көбіне қоршаған ортадағы экологиялық ахуалға байланысты.
Қазақстанның оңтүстік - шығыс аймағы өзінің табиғи - климаттық жағдайларына қарай бақ шаруашылығы үшін қолайлы. Сондықтан республикада жеміс өндірілетін негізгі аймағы - Алматы облысы болып табылады. Ал қазіргі қаланың жағдайына байланысты Алматының алма шаруашылығы күрт төмендей бастады. Сондықтан менің дипломдық жұмысым, осы өзекті мәселеге байланысты. Жеміс ағаштарының өнімділігін арттыру мәселесін шешуде жердің көлемін кеңейтумен қатар, алдыңғы кезекте, зиянкестер мен аурулардан қорғау аса маңызды элементі болып табылады. Бақтарды зиянды организмдерден қорғау шараларын тиісті мезгілде атқару жеміс өнімділігі мен сапасының артуына әсер етеді. Зиянкестерден өнім сапасының төмендеуі және жойылуы кей уақытта біршама жоғары болғандықтан, түсімді кеш алған жағдайда, негізгі бөлігін құрайды. Мәселен, алма жемірімен зақымдалған жемістердің түсімі кей жылдары 50-80 пайызға төмендейді, сондықтан да бұл жағдайда өнімнің сапасы туралы айтпаса да түсінікті.
Жеміс бақтарында ауа райы және антропогенді факторлардың әсерінен жаңа зиянды түрлер пайда болып, қосалқы фитофагтардың және патогендердің маңыздылығы артады. Сонымен қатар химиялық құралдарды жүйесіз қолдану, олардың пайдалы энтомофаунаға, қорғайтын дақылдардың өзіне ескерілмеген әсері, заңдылық қолайсыз жағдайларға әкеп соғады. Мысалы, бақтың агроценозында зиянды организмдердің популяциялары пайда болады, олардың кейбіреулерінде пестицидтерге деген төзімділік пайда болады. Бұл байланысты жеміс бақтарында әр түрлі пестицидтердің тиімділігін зерттеуде, олардың қорғайтын дақылдарға және энтомофагтарға әсерін анықтау, өсімдік қорғаудың берілген кезеңіндегі көкейкесті мәселе болып табылады. Өсімдіктерді қорғауда химиялық құралдарды жаппай қолдану кезіндегі маңызды мәселелердің бірі алма ағаштардың бірқатар морфологиялық және анатомиялық белгілеріне байланысты төзімділігін зерттеу болып табылады.
Бақ биоценозының зиянды энтомофаунасының негізгісінен қосарлана кездесетіндер деп бөлу қорғау шаралар кешенін қарастырғанда алдыңғы кезекте өңдеу кезінде ең алдымен жемістерді алма жемірінен қорғауға байланысты. Бұл түсінікті де, алма жемірі бақтарды барлық өндірісте кездесетін жаппай доминанатты түрі және жыл сайын зиянын тигізіп отырады. Сонымен қатар қосарлана кездесетін зиянкестер зияндылығы мен дамуы, сан мөлшері көптеген жағдайда осы жылдағы қалыптасқан ауа райы жағдайларына байланысты болады.
Жұмыстың мақсаты: алма жемісінің зиянкестері, олармен күрес бағытында қолданылатын инсектоакарицидтердің алма ағашына әсері және экологиялық жағдайы айқындалады.
Қойылған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер алға тартылады:
- Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағындағы алма бақтарында кездесетін зиянкестерін зерттеген ғылыми-теориялық жұмыстарға сілтеме жасау;
- Алматы облысының табиғи климаттық жағдайына сипаттама беру;
- Алматы облысы бақтарында алма жемірлері мен оған қосарлана кездесетін зиянкестердің таралуын Петрушиваның әдісі бойынша зерттеу;
- Алма ағаштарының зиянкестері туралы мәлімет алып, оларға қарсы қолданылатын препараттар әсерін анықтау;
- Зерттелген нәтижелер бойынша қорытынды жасалып, өндіріске бірқатар ұсыныстар ұсыну.
Дипломдық жұмыс кіріспеден әдебиетке шолудан, зерттелетін ауданның табиғи-климаттық жағдайына сипаттама беруден және зерттеу әдістерінен сондай-ақ алынған нәтижелерден, қорытындыдан, еңбек қорғау мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Жұмысте кестелер, суреттер және диаграммалар берілген.
Зерттеу нысаны: Өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институтында жүргізілді. Біздің зерттеулеріміздің негізгі нысаны болып Алматы облысының жеміс аймағында жылда зиян келтіретін алма жемірі.
Алма жемірімен онымен қосарлана кездесетін зиянкестер: бақтың өрмекші кенесі, раушан жапырақ ширатқышы, дөңгелектік күйе көбелегі, қоңыр түсті кенесі зияндылығы және саны анықталды.
Алма ағаштарын «Микронер» маркілі өңдегіштің көмегімен 1200л/га жұмыс шығыны еседі мен өңдеу жүргізілді. Бақтан асдокқа алма жемірінің жұлдызқұрттарын жинап, олардың шығуы мен дамуын бақылау арқылы алама ағаштарының өңдеу мерзімі анықталынып қарастырылды.
Алама жемірінің дамуын бақылауда химиялық құрамы бар препараттармен өңделген әр нұсқалардан 50үлгі ағашытары алынды.
Өңдеуден кейін осы ағаштардан су режимін, жемістегі және жапырақтағы биохимиялық көрсеткіштер, инсектоакарицидтердің қалдық мөлшерін анықтау үшін үлгілір алынды.
1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
Ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестерден қорғауда, химиялық құралдарды кеңінен қолдану өнімді кеңінен қолдану өнімді жоғалтпай және олардың сапасын жақсартуда әзірге ең тиімді жағдайлардың бірі. Сонымен қатар, қорғау шараларын үнемі пестицидтерді қолданумен жетілдіруде кейбір бунақденелердің зияндылығын төмендетпей қайта арттыра түсті.
Көп жылдық зерттеу жұмыстарын жүргізген Е. М. Сторгеваяның [1] тәжірбиесінде Краснодар аймағының алма бақтарының негізгі зиянкестері анықталды. Соның ішінде, алма бағына қатты қауіп келтіретіні алма жемірі. Бұл зиянкестерге қарсы қорғау шаралары жүргізілмегендіктен жылда 38-85 пайыз жемістерге зиянын тигізді. Аз зиянын тигізетіні раушан жапырақ ширатқышы. Осы зиянкестердің таралу мониторингі алма бақтарында жүргізілген зерттеулер көптеген ғалымдардың жұмыстарында осы зиянкестерге қарасты келтірілген [1] .
Бұл жағдай, ең алдымен оңтүстік-шығыс Қазақстанның алма бағының агроценозындағы негізгі фитофагы алма жеміріне қатысты. Оның жоғары зияндылығы түрдің биологиялық ерекшеліктеріне және өсу ортасының қолайлы ауа-райы жағдайларына байланысты. Онымен қатар қыстың қатты суығынын, алма жемірінің жұлдыз құрттарының 90 пайызы қырылғанына қарамастан келесі ұрпағының көбею дәрежесінен жоғарлығымен күші жемістің зақымдалуы арта түседі.
Мәселен, Алматы облысының жеміс аймағы шаруашылықтарында соңғы жылдары жемістің барлық өнімдері алма жемірімен зақымдалған. Бұндай жағдай алма бақтарын сапасыз және өз уақытысыз инсектицидтермен өңдеумен, яғни жаңа қожалық шаруашылығының жағдайна байланысты болады. Жеке қожалыққа ауысқаннан соң біртіндеп күту мәселесі жойыла бастайды [2] .
Сондықтан алма жеміріне және онымен қосарлана кездесетін зиянкестерге қарсы қорғау шараларын пайдалануда жоғары тиімді химиялық құралдарды пайдалану оыс кезде аса қажетті жағдай. Сондықтан, бұл әдісінің кері әсер етуші салдарына қарамастан, ауыл шаруашылық дақылдарынан жоғары сапалы өнім ал үшін пестицидтер адамзатқа көп уақытқа дейін қызмет етеді.
Осыған байланысты ғалымдар бұдан да бұрын өз ойларын айтқандай, зиянкестерге қарсы пестицидтерді қолдануда көз жетерліктей болашақта әрдайым өсіп отырады [2] .
Онымен қатар, пестицидтерді өнеркәсіптік жолымен өндіруді өнімдерді және синтездеуді дамыу жайлы зерттеулер бойынша ауыл шаруашылық дақылдары өнімдерін сақтауда, зиянкестерден қорғауда әлі де ұзақ бірталай роль атқаратындығын аңғартуға болады . . .
Р. Л. Меткафтың [3] тұжырымы бойынша «Пестицидтердің адамзат үшін маңыздылығын және олардың қолданыстан қашан шығарылатындығын ешбір білікті маманның өзі де жоққа шығара алмайды».
Айтылған ойлардың орынды болғанымен пестицидтердің айтарлықтай кемшіліктерінің барлығын есиен шығаруға болмайды. О. З. Метлицкийдің тұжырымы бойнша [4] қоршаған ортаны мақсатты түрде ластау, ауада жануарлардың тамақтануына қауіпті концентрациясының болуы және улы химикаттардың экожүйелердің элементтеріне тигізетін әсерінің көрсеткіштерін ескере отырып, аталмыш кемшіліктерді болдырмайтын жетілдірілген жолдарын іздестіру керек.
Сондықтан зиянкестерді жою амалдарынан бақ және басқа агроценоздарда зиянды және пайдалы түрлерді анықтауға және олардың сан мөлшерінің ара қатынасын реттеп басқаруға көшу ғалымдар мен практиктердің өзекті мәселесі болып саналады.
Қолданылатын пестицидтер жоғарыда айтылғандарға қарай, сұранысқа сай: олар сынақтан өткен препараттар, и қорғалатын дақылдарға фитофизиологиялық ықпалы жоқ және кумулятивті қасиеті болмауы тиіс. Бұл түсініктерде А. А. Богдаринаның [5], Н. Г. Беримнің [6] тұжырымдары бойынша өсімдікке пестицидтердің әсері қысым көрсетуші де оған себепші де болады. Алма бақтарында қолданылатын инсектицидтерді зерттеу ғалымдардың айтуынша пестицидтер қорғалатын дақылдарға елеулі әсер ететіндігі байқалады. Сондықтан әр жақты пестицидтердің биологиялық белсенділігін анықтау өсімдік қорғау мамандарының көп күттірмейтін өзекті мәселелері болып табылады.
Пестицидтерді талдау барысында улылық әсерінің пайдалы жәндіктер түріне, дақылдардың өніміне, олардың физиологиялық және биохимиялық көрсеткіштеріне және улылық әсерінің ұзақтылығына басты назар аудару керек.
Сонымен қатар ғалымдардың тәжірбиесі бойынша алма бақтарындағы пестицидтердің токсикологиялық мониторингі өңделді. Қорғау шараларына қарсы токсикологиялық баға беру.
Сонымен қатар, сыналған препараттар фастак, регент Д. И. Полищуктің зерттеуі бойынша аз мөлшердегі шығын көлеміне байланысты, жоғары тиімділік көрсетті. Сонымен, препараттар қоршаған орта объектілеріне зиянын тигізбеді[7] .
К. Т. Сухаруковтың зерттеулерінде инсектицидтердің әсерінен протоплазмалық өзгеріс болады: мысалға, оның өткізгіштігі жоғарлайды, липидтердің қабыршақтануы байқалады, жасушадағы тотығу процесі белсенділігін жоғарылатындығы байқалады[8] .
А. С. Коверга мен Г. И. Нилованың зерттеулерінде [9, 10] фосфорорганикалық байланысы бар дозаның жоғарлауына байланысты, аскорбин қышқылының белсенділігін төмендеуі байқалады.
Кияшко, Эйдеммон және басқалардың айтуынша [11, 12], біріншіден ГХЦГ-ны қолданғаннан соң бидайды түптену фазасында фотосинтез белсенділігі төмендеген және бақылауға қарағанда 76 пайызды құрайды. Сол уақытта өңдеуден соң 18-ші күнде кенеттен фотосинтез энергиясының жоғарлауы 147-189 пайызға дейін байқалған. Сонымен қатар, бақылаудағы жапырақтармен салыстырғанда, тәжірибие жүргізілген өсімдік жапырақтары қою - жасыл түс берген.
А. А. Богдарина, И. П. Машковцев және В. Н. Селезновтың мәліметтерінде, хлорофилдің құрамын анықтауда, инсектицидтердің жапырақтағы пигменттердің жиналуына ықпал ететіндігін дәйектеген[13] .
Сонымен қатар мынаны ескеру қажет, өңдеуден кейін пигментттердің мөлшері күрт төмендеуі мүмкін. Яғни, В. С. Бабийдің тәжірбиесінде, ДДТ препаратымен өңдегеннен кейін алма жапырағындағы хлорофилдің мөлшері бақылаумен саылыстырғанда 5-76 пайызға төмендегені байқалған[14] .
Бұл құбылыс препараттың әсерінен пигментке бұзылушылық әсері хлорофил синтезінің төмендеуімен түсіндіріледі. Келесі күндері, мысалға, алма ағаштарын өңдеген соң 10-шы күннен кейін жапырақтарындағы пигмент мөлшерінің жоғарлауы байқалған.
Тыныс алу энергиясы инсектицидтермен өңдегеннен соң кенеттен тез жоғарлайды. В. С. Бабийдің тәжірибиесінде «Пепин лондонский» алма сортының жапырағының тыныс алу қарқындылығы ДДТ 0, 2 пайыз суспензиясымен өңдеу жүргізген соң 10 күн өткен аралықта бақылаудағы ағаштармен салыстырғанда 39-118 пайызға жоғары болған. Тыныс алған энергиясының жоғарлауы, құрғақ зат мөлшерінің азаюына соқтыратындығын күтуге болады. Бірақта, талдау мәліметтер тыныс алу энергиясының жоғарлауынан, өсімдіктегі құрғақ зат мөлшерінің ұлғаюын көрсеткен[14] .
М. Я. Березовский және И. Ф. Кургкиннің тәжірбиелерінде, пестицидтермен өңделгеннен соң құрғақ зат мөлшерінің түзілуінің тежелуі уақытша болған, үйткені уды қысқа қолданар уақыттан кейін удың әсерінен бұзылғаны физиологиялық процестердің қалпына келіп және үдей түскендігі байқалған[15] .
А. А. Богдаринаның зерттеуі, өсімдікті пестицидтермен өңдегеннен соң бір күннен кейін тыныс алу қарқындылығы және фотосинтез бақылаумен салыстырғанда 80 пайызға төмендемейді, ал үшінші күні кенеттен жоғарылайтындығы соншалық оттегінің 7 минутта бөлінуі аяқталады, ал бақылау нұсқасындағы бұл процес 15 минутқа жүреді. Өңдеуден соң келесі 16 және 365-ші күндері бақылаумен салыстырғанда өңдеу жүргізілген өсімдіктерде каталаза белсенділігі 9-16 пайызға жоғарлаған күйде қалады[5] .
Түйіндей айтқанда, физиологиялық процестерді, зерттеу нәтижелері инсектицидтердің әсерінен тыныс алу энергиясының, тотығу ферменттерінің белсенділігі және басқа да процестер белсенділігі әсіресе өңдеуден соң алғашқы кезеңдері артады. Алынған зерттеу нәтижелері өсімдіктің инсектицидпен қарым - қатынасының организмде белсенді күрес үрдісінде физиологиялық қорғаныс реакциялары: тыныс алу қарқындылығы артады және басқа да тіршілік әрекет процестерінің белсенділігі жоғарлайды.
Мысалы, инсектицидтермен өңдеген соң тәжірбиедегі өсімдік жапырақтары бақылаумен салыстырғанда, сумен көбірек қанығады. Айтылған жағдай, жасушадағы удың сұйықталуы, өсімдік жасушасына инсектицидтердің улы әсерін төмендетіп, онымен қатар және жасушадағы препараттың бөлшектерінің өзара зерттеулерімен байланысын, қамтамасыз етеді және удың ыдырауына себепші болады. Сонымен қатар, жасушаның сумен қанығуын жоғарлауымен, минералды заттардың қоректік енуі күшейе түседі, яғни, өсу процестерін жақсартады.
Инсектицидтердің оңтайлы шығын мөлшері өсімдік физиология жағдайына оң немесе теріс әсері ақырында өсімдік ұлпаларындағы биохимиялық өзгерістерінде байқалады.
Инсектицидтердің тәжірбиедегі өсімдіктердегі физиологиялық әсерін олардың көмірқышқылдың алмасуына белсенді әсер тигізетіндігі дәйектеді. Мысалға, ДДТ суспензиясымен өңдегеннен соң 15-ші және 21-ші күндері бақылаумен салыстырғанда, картоп жапырағындағы жалпы қант ерітіндісінің жалпы мөлшері біршама көп болған. Өңдегеннен соң жасушадағы қант концентрациясының жоғарлауын И. И. Туманов, Д. Н. Насонов, В. Я. Александров улы заттың әсеріне өсімдіктің реакциясымен түсіндіреді. Химиялық құралдарды бидай, сұлы, картоп қырыққабат, мақта, алмада қолданғанда осындай заңдылық байқалған. Өсімдік ұлпасында қант мөлшерінің көп болуын авторлар жасушалардың әр түрлі зақым тигізетін факторлардың әсері жасушаның бейімдігін реакцияларының байқалуымен түсіндіреді. Сонымен қатар, әртүрлі зақым түрлерінде қанттың қорғанушылық негізінде протоплазманың реакциясына жауап қайтару реакциясы болуы мүмкін[16] .
Өсімдік ұлпаларындағы қант мөлшерінің жоғарлауы И. И. Нилов инсектицидтердің әсерінен қорғалатын өсімдіктер тіршілік әрекетін қалпына келтіретін, энергетикалық мембранадағы көміртектің қажеттілігін арттырып күшейтеді, соның нәтижесінде маңызды деп қарастырылды [17] .
Әдебиеттерде инсектицидтердің қорғалатын өсімдіктердің өсуіне, дамуына әсерін тигізетіні туралы ақпараттар жеткілікті. Сонымен қатар, авторлар былай деп қорытындылайды, мысалы, өнімнің жоғарлауы, қорғалатын өсімдіктердің дамуы мен өсу процестері санының әсерінен: өркеннің өсуі, жапырақтың бетінің ассимиляциялық және жемістің вегетациялық кезеңі артады.
Зерттеушілердің айтуынша, қосымша өнім бір жағынан зиянкестерді жоюдың, кейбір жағынан өсімдікті қабілеттендіруге байланысты.
Сонымен қатар, инсектицидтердің әсерінен өсімдіктердің өсу және дамуы қабілетін алғаш совет ғалымдары А. А. Богдарина, П. В. Сазонов анықтаған[18] .
П. В. Сазоновтың тәжірибиесінде, қырыққабат шыбынына қарсы ГХУ және нафталинді қолданғанда, өсімдіктердің зақымдалу дәрежесі бірдей және 2, 5 және 3, 5 пайызға сәйкес құрады. Нафталинмен өңдеу жүргізілген жерге қарағанда, ГХУ мен өңделген участіктердегі өнімдер 29 пайызға жоғары болды, бұл мәліметтерде, құрамында үркіткіш әсері болғандықтан және өнімнің жоғары болуы, қырыққабаттың дамуына, өсуіне препараттардың қабілетін арттыру күшінің әсерінен екендігін дәйектелді[19] .
А. А. Богдарина және басқалар жүргізген авторлардың химиялық шараларды атқарғанда картоптың крахмалдылығы, қант қызылшасының тамыр жемісіндегі қанттылығы жоғарлағандығын байқаған.
Сонымен әдебиеттерде инсектицидтердің фитоцидтік әсерінің нәтижесінде өсімдіктердің вегетациялық мерзімдері созылғандығы жайлы ақпараттар кездескен. Сол жағдайда, инсектицидтердің фитоцидтік әсері өңдеудің алғашқы кезеңінде яғни, өсу процестерінің әлсіреуі кезінде байқалады. Бірақ та, кейіннен өсу процесі жоғарлайды және өсімдікті бақылаумен салыстырғанда бірдей және одан да жоғары болады[20] .
Пестицидтерді таңдағанда, олардың улылық ұзақтығын апйдалы бунақденелілер түрлеріне препараттарға өсімдіктердің қорғаулығы және дақылдардың өнімділігіне әсері байқалған.
Рессейде жүргізілген зерттеулерде пестицидтерге зиянкестердің резистенттігін анықтау, осы тұрғыда жылда фосфорорганикалық преапаратты қолдануда стеторус қоңызының санының көбеюіне себепші болды. Автор жыртқыш пен құрбанның ара қатынасын т:30 шамасын алма бағына кенелерге қарсы арнайы өңдеу жұмысын жүргізуді қажет еткен. Бірақ та, акарицидті басқада химиялық құрамды топтардағы препараттарды алмастырғанда, алдыңғы жылы қолданылған препараттарға төзімділігі байқалған.
А. В. Манько, О. Г. Власованың жүргізген тәжірбиелерінде долана жемісі кенесі мен бақтың өрмекші кенесі қолданылатын акарицидтерге төзімді популяциясы қалыптасқандығын дәйектеген. Бірақ та, акарицидті басқа да химиялық құрамды топтардағы препараттарымен алмастырғанда, алдыңғыжылы қолданылған препараттарға төзімділігі байқалған[21] .
Қорғау шаралары кешенін қарастырғанда және пестицидтерді тандағанда олардың ыдырау кезінде кезеңін білу өнімге ластау сақтау үшін қажет болады.
БИ-58 пестицидінің улылық ұзақтығы Л. Н. Благонравованың зерттеулердің 15 күнге созылған [22] .
Инсектицидтер ыдырауы әртүрлі топ әртүрліше болады. Бұрынғы қолданыста болған Севин препаратын алма жеміріне қарсы қолданғанда олардың улылық әсерінің ұзақтылығы айырмашылығы болған. Алма бақтарының алма жеміріне қарсы қолдану бақтың пайдалы фаунасының толықтай жойылуына әсер еткен. Мұнымен қатар, Б. Н. Литвиновтың зертеулері адам және жануарлар организміне түскен препарат гонодотропты, эмбритоксикалық және мутагендік әсері көрсеткен. Севин препараты осы жағдайға байланысты кезінде қолдану күрт шектеліп және өнімде оның қалдығы болмауы тиіс[23] .
Жоғарыда көрсетілген зерттеулерде осы уақыт инсектицидтерді қолданғанда бақтың негізгі зиянкестері алма жеміріне және қосарлана кездесетін зиянкестерге, тәжірибелік жағынан және ғылыми тұрғыдан биотоксикологиялық баға беріледі.
Жүргізілген зертеулер адам организміне оларды қолданғанда пиретроидтар әсері соңында, аллергия береді.
Сондықтан инсектицидтерді таңдау барысында ауыл шаруашылығы өсімдіктерді қорғауда кейбір елдерде пестицидтердің қоршаған ортаға зиянын келтіретін критерий бар.
Осымен қоса химиялық құралдарды өзінің келтірілген мөлшерінде пайдалану қажет. Яғни, алма бақтарында хлороорганикалық пестицидтерді қолдануда Қырым аймағындағы алма бақтарында топырақтарында ДДТ препаратының қалдығы және метоболидтері табылған.
Жүргізілген зерттеулер алма бақтарын зиянкестерден қорғаудың интегралды бағдарламасын қарастырады, химиялық құралдарды жетілдіру барынша өсімдік қорғаудың кешенді тәсілі зинкестер кешеніне өарсы қолдану қанағаттандырылғанша соңғы қосылыста дәйектелген.
Е. М. Макаровтың деректері бойынша алма жеміріне қарсы интегралды жүйе-биопрепараттарда қолдану және қолданғанда, пестицидтердің аз мөлшерінің жемістен қалыпты өнім алу жағдайында 80%-ға дейін тиімділік көрсетті. Осыған орай, бақтың өрмекші кенесіне қарсы акарицид ерітіндісін екі рет қолданады[24] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz