Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ядролық қарусызданудың маңызын


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ ТҮСІНІГІ МЕН ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДА ОНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ . . . 5

  1. Халықаралық қауіпсіздіктің ұғымы, негізгі белгілері . . . 5
  2. Халықаралық қауіпсіздікті қалыптастырудағы өзекті мәселелер . . . 14

1. 3 Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қарусызданудың

маңызы мен мақсаты . . . 19

  1. ҚАРУСЫЗДАНДЫРУ - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ НЕГІЗІ КЕПІЛІ . . . 27Қарусыздану саласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының алатын орны . . . 27Қарусыздандыруды жүзеге асырудағы арнайы ұйымдардың қызметі . . . 38Ядролық қарусыздануды жүзеге асыру халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі өзекті мәселе . . . 46Қазақстан Республикасының қарусыздану жөніндегі атқарған іс шаралары . . . 57

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 64

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. 67

КІРІСПЕ

XX ғасырдың ортасында әлемде халықаралық қауіпсіздік жағдайдың шиеленісуі, бұл халықаралық жария құқығында қазіргі таңдағы ең маңызды ғылымына айналды.

Әр тарихи кезең адамзат тарихында өзінің ерекше бір оқиғаларымен, оған қосқан үлестерімен дараланады. XX ғасырға танылған теңеулер жеткілікткі сияқты: атом, ғарыш, компьютер, психоанализ, демократия мен тотолитаризм ғасыры. Толассыз техникалық дамуынан әлемде ортасынан аса сәл тоқтағандай болды. Оны ойландырған кедергіге ғаламдық экологиялық дағдарыс жатады. Апокалипсистің ең сұрапыл көріністері қайтадан елестей бастады. Шектеусіз техникалық даму адамзаттың өзінің өмір сүруін күмәнді етіп қойды. Осының бәрі халықаралық қауіпсіздік мәселелері адамзат күнтізбегінің бірінші қатарына шығарылады.

Сонымен қатар халықаралық қауіпсіздікті қаматамасыз ету БҰҰ Жарғысында бекітілген халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау мақсатында бейбітшілікке қауіп төндіретін және басқыншылық актілерінің немесе бейбітшілікті бұзатын басқа қауіп-қатерлердің алдын алу және жою үшін мемлекеттердің жүзеге асыратын ортақ іс-әрекеттерінің жүйесі.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі іс жүзіндегі мәселелерді зерттеудің қажеттілігімен анықталады, өйткені қазіргі таңда терроризм, экстремизм, сепаратизм, сыбайлас жемқорлық алып жатқан аумақтары, салдары, даму үрдісі өзінің қатыгездігі бойынша бүгінгі таңдағы барлық адамзатқа төніп тұрған қатерлердің біріне айналып отыр. Қазіргі халықаралық терроризм, экстремизм, сепаратизм - әлемдегі тұрақтылықты бұзушы фактордың бірі. Осындай жағдайда халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Әлемдегі алдыңғы қатарлы мемлекеттердің осы аталған мәселелер туралы нормативтік базаны жетілдіруге мүдделі болуы және мемлекеттер басшыларының бірде бір кездесулерінің осы тақырыпты қозғамай өтпейтіндігі осы факторлардың қазіргі қоғамға қаншалықты қауіпті екендігін көрсетеді.

Зерттеу жұмысының методологиялық негізі ретінде шетел ғалымдарының еңбектерінде қарастырылып отырған мәселелер бойынша пікірлері қолданылды. Мысалы, В. В. Устиновтың еңбегінде халықаралық терроризмнің құқықтық табиғаты, терроризммен күрестегі халықаралық тәжірибе, халықаралық терроризммен күресу саласындағы БҰҰ мен халықаралық ұйымдардың іс-әрекеттері айқындалған. Лазарев М. И еңбегінде қауіпсіздік проблемалары және қарусыздану туралы мәселелер жазылған. Халықаралық қатынас саласында аймақтық қауіпсіздік бағытында Батыстың саяси өкілдері көп мақалалар жазды (Арон, Бузан, Хокен, Кеннан, Кеннеди, Хантингтон, Фукуяма) . Манилов А. Л. өз жұмысында халықаралық терроризмге сипаттама береді, сонымен қатар терроризмге қатысты заңнамалық актілердің жүзеге асырылу мәселелерін де қарастырады.

Зерттеу мақсаты - халықаралық қауіпсіздіктің ұғымын ашу, қазіргі таңдағы өзекті мәселесін анықтау. Халықаралық қауіпсіздікті сақтаудың ең басты жолы қарусыздандыру екендігіне назар аудару болып табылады.

Аталғана мақсаттарға жету барысында дипломдық жұмыста келесі міндеттерді атқару көзделген:

  1. Халықаралық қауіпсіздік ұғымының маңызын ашу;
  1. Халықаралық қауіпсіздік түсінігін қалыптастыратын мәселелерді анықтау;
  1. Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қарусыздандырудың мақсаты мен маңызын ашып көрсету;
  1. Қарусыздандыру саласындағы БҰҰ-ның алатын орнын анықтап, осы мәселемен айналысатын арнайы ұйымдардың қызметіне жете көңіл аудару;
  1. Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ядролық қарусызданудың маңызын;

Аталмыш жұмыста алға қойған міндеттерді халықаралық құқық нормаларын, арнайы әдебиеттерді, жүйелі басылымдарды зерттеу және талдау негізінде шешу басты орынға қойылды.

Дипломдық жұмыстың құрлымы мен көлемі: кіріспе, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ ТҮСІНІГІ МЕН ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДА ОНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ

1. 1 Халықаралық қауіпсіздіктің ұғымы, негізгі белгілері

XXI ғасыр санқилы қоғамдық өзгерістер кезеңі болатындықтан, халықаралық қауіпсіздік мәселесін ғаламдық, аумақтық және ұлттық көлемдегі маңызды мәселеге айналдыру, халықаралық қауіпсіздікті сыртқы және ішкі саясатты талдап, зерттеп жүзеге асыру, халықаралық құрылымдар мен қатынастарды бірізділікке салу аса маңызды мәнге ие болып отыр. Тұрақты және қауіпсіз даму мәселелеріне ғылыми ынтаның артуы отандық ғылымда да орын алды. Коммунистік жүйеде кейінгі қалыптасқан дағдарыс кезінде жаңа мемлекеттердің саяси және экономикалық дербестігін жоғалту қаупі туып отырған қазіргі жағдайда халықаралық қауіпсіздік сияқты өмірлік маңызы бар мәселелерге ғалымдар қатты назар аударып отыр. [1, 35б. ] .

Жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінің адамзат өрекениетінің даму жолындай ұзақ тарихы бар. Халықаралық қауіпсіздік ұғымының өзі әр түрлі елде әрқилы ұғынылып тарихи кезеңдердің ауысуы барысында өзгеріп отырған кезеңде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісінде қауымдық құрылымдар зор роль атқарды. Сол себепті қоғам мүшесінің қауіпсіздігі көбінесе адамдардың өзіне емес, керісінше оның өзін-өзі ұстаудың және бағынудың тігінен жетік ұйымдастырылған құрылымына қаншалықты кіріге алуына байланысты еді. Халықаралық қауіпсіздіктің ортағасырлық ұғымын қауымдық тәртіптер мен міндеттемелердің орнына ақша - нарық қатынастарын енгізген капиталистік экономиканың дамуы бұзды. Соның салдарынан адамның қауіпсіздігі оның өмір сүруі қаржы жағдайымен белгілене бастады. Ақша мен меншік адам баласының нарықтық экономика жағдайында өмір сүруін қауіпсіз етіп, оның тәуелсіздігі ұғымын дүниеге келтірді. Адам баласы одан әрі өз қауіпсіздігінің шарты ретінде ғылым мен технологияларға арқа сүйей бастады. Алайда философ Джон Локк айтқандай адам баласы табиғат күштерінің алдында осал күйінде қала беретін болса, оның қауіпсіздігіне де ешқашан кепіл берілмейді.

Ендігі жерде халықаралық қауіпсіздік әскери фактор: әскер саны мен оның сапасына, қару-жарақ деңгейі арқылы қамтамасыз етілді. XIXғасырдағы және XX ғасырдың алғашқы жартысындағы үздіксіз соғыстар халықаралық қауіпсіздік мазмұнын әскери-саяси жағынан басқа тұрғыда түсінуге жағдай жасамады. Экономика әскери машинаның қайнар көзіне айналды, табиғи орта тек қана стратегиялық ресурстар көзі ретінде қарастырылды, адам өмірінің қадір-қасиеті құнсызданды. [2, 156б. ] .

Жалпы қабылданған тұжырым бойынша халықаралық қауіпсіздік-белгілі бір нысанның сыртқы және ішкі қатер әсерінен қорғана білу ахуалы. Бұл орайда көптеген зерттеушілер халықаралық қауіпсіздік ұғымын неғұрлым кең мағынада “қолмен ұстауға келмейтін материалдық емес және нақты дүниедегі әртүрлі нысандардың өмір сүру қабілетінің, өмірге бейімделе білуінің нысаны түріндегі” философиялық категория деп қарауға бейім.

Осы айқындаманы тірек ете отырып ресейлік ғалымдар қорғана білу ахуалы, әлеуметтік ағзаның қоршаған ортадағы өзгерістерге икемді түрде үн қата білу қасиеті болып табылады, ал өмір сүру қабілетінің дәрежесі мынандай параметрлермен: өзіне-өзі жеткіліктілігімен, әлеуетімен өзінің өмірлік маңызды мүдделерін белгілеп, соларды жүзеге асыру мақсатында әрекет ету қабілетімен айқындалады деп есептейді.

“Мемлекет қауіпсіздігін оның қасиеті ретінде бағалау, әлбетте жаңалық ашу емес, мұның өзі мәселенің сипаттамасына өткірлік дарытады, себебі бұл қасиетті жоғалтып алу мемлекеттің жүйе ретінде бұзылуына әкеп соқтырмақ. Ал халықаралық қауіпсіздік жағдайы осы қасиетті әрқандай сөз болатын кезең ішінде дәл белгілеуден басқа түк те емес. Басқаша айтсақ мемлекеттің қорғана білу жағдайы - оның әрқандай сәттегі қауіпсіздік деңгейі”.

Осы қағидадан негіз ала отырып халықаралық қауіпсіздік екі түрге бөлінеді: дүниежүзілік қауіптің немесе әлдебір сілкініс мүмкіндігінің қоғамға болжамдық тұрғыдан қатер төндірмеуі және оның қауіп-қатерден анық қорғалуы, одан сытылып шығып, қарсы тұра білу қабілеті.

Халықаралық қауіпсіздік саласындағы нақтылау қажет болып отырған негізгі ұғым “қауіп” ұғымы, себебі халықаралық қауіпсіздік проблемаларын зерттеу процесінде бұл термин бастапқы термин деп есептеледі. “Қауіп” ұғымы қауіпсіздіктің жалпы теориясында “әлеуметтік ағзаға теріс әсер етудің обьективті мүмкіндігі оның салдары ретінде әлі ағзаға жағдайын нашарлатып, дамуына жағымсыз серпін дарытатын әлдебір залал, зиян келтіретін ахуал ретінде қарастырылады. ” Демек, "қауіп” терминін анық қатер төнген кезде туындайтын ахуал немесе жағдай сондай-ақ осы жағдайды тудыруға септесетін әртүрлі шарт деп ұғынуға болады. Қатер сырттан туып қаралып отырған нысанның ішінде де бола береді. Ықтималдылық дәрежесі жағынан анық және әлеуетті қатер деп бөлінеді, ал нақты бағытталу сипаты және қолайсыз жағдай туған кездегі субьективтік фактордың роліне қарай көптеген ғалымдар қатердің ілік тастау және қатер мүмкіндігі түрлерін ажыратады. Қатердің бұл түрлері жинала келіп аумақтық қауіпсіздіктің базалық элементтерін құрайды, себебі қатерлер ұлттық мүдденің жүзеге асуына кедергі жасап немесе оларға қауіп төндіруі мүмкін. [3, 12б. ] .

Кез келген мемлекет халықаралық құқықтың субъектісі ретінде «қауіпсіздік» ұғымына сүйене отырып, біріншіден, жағымсыз ықпал етуден сақтану, қауіпсіз болу жағдайын; екіншіден, нақты мемлекеттің осындай ықпал етуі дербес немесе халықаралық-құқықтық тетік көмегімен жеңу мүмкіндігін көздейді.

«Адамзат тарихы- соғыстар тарихы» дейтін кең таралған пайымдауда ақиқаттың ұшқыны бар екені даусыз. Расында да, тіпті өркениет тарихын да біз мемлекеттер жүргізген толып жатқан соғыстар, оларды не үстем болуға, не құрып кетуге алып барған соғыстар бойынша парықтаймыз.

Тіпті барлық құрлықтардағы адамдардың көпшілігі өткеннің ұлы қайраткерлерін еске түсіруге тырысқанда, әдетте атақты қолбасшылар мен әскербасшылары: Дарийді, Александр Македонскийді, Гай Юлий Цезарьды, Шыңғысханды, Наполеонды және толып жатқан «ұмытылмас» есімдерді ауызға алады.

Адамзатқа соғыс әкелген қасіреттің орны толмайды. Қисапсыз шайқастар мен ұрыстарда опат болған адамдар санын есептеп шығару іс жүзінде мүмкін емес. Мемлекеттердің шекаралары өзгеріп отырды, орасан зор империялар пайда болып, құрып кетіп жатты, тұтас бір халықтар қорлыққа ұшырып, қуып жіберілді.

Адамзат тарихында бір қасиет бар, мен оны «қайта айналып соғар әлует» деп атар едім. Бұл ұғым белгілі мысалдармен түсіндіріп беруге тырысып көрейін. Мысалға, Александр Македонскийдің жаулаушылық жорықтарын алыңыз. Исса және Гавгамел тұсындағы шайқас, содан кейін Ахеменидтер империясын жаулап алу. Сырдария жиегіне жету және «қайырымды» Пордың үнді кінәздігін бағындыру. Македония анклавы бар орасан зор грек-парсы империясын сақтап қалу жолындағы ұсақ қақтығыстар мен жорықтар.

Осыдан, құрылған көп этносты мемлекеттің ыдырап кетуіне соқтырады. Грекия қайтадан Грекияға айналды, Персия Персия күйінде қалды, Египет қайтадан перғауындар мемлекетіне айналды. Оның эпигондары жеңістің жемісін ұстап тұра алмады. Ұстап тұра алмайтын да еді. Императорлар келіп-кетіп жатады, ал мемлекеттер қала береді. Басқа ұлы империялардың: Моңғол, Осман, Британ, Австрия-Венгрия, Наполеон империяларының бастан кешкен тарихы да сондай. Көп жағдайда, басқалардың жеріне құштарлар қаншама мемлекеттерді жаулап алмасын, ерте ме, кеш пе, сол мемлекет көбіне қайта өркендеп, өзінің этностық әлуеті мен мәдени ерекшелігін қалпына келтіріп отырды. Әдетте шекаралар өзгеріп жатады, бірақ жалпы алғанда мемлекет өзгермейтін. Тарих, негізінен, ерте ме, кеш пе, бәрін де орнына келтіретін де, көптеген шапқыншылықтар тиісті нәтиже бере қоймайтын.

Бірақ, кейін өркениет дамуымен оқ-дәрі қару-жарақ түрлері дамып, басып алу нысаны күрделеніп, нәтижесінде дұшпанды құртып жіберумен қатар, сол мемлекеттің жерін жоюға, өмір сүру мүмкін емес жерге айналдыруға тырысатын.

Тарихи айғақ, алғашқы жарылғыш зат Қытайда селитра қабаттары жатқан өңірде пайда болған. Күкірт пен ағаш көмірі қоспасының жарылғыш қасиеті Көк Тәңірі астындағы империяда әлдеқашан, сонау біздің дәуірімізге дейін-ақ белгілі болған. Сол кездің өзінде Ван Гу деген қытай ғалымы оқ-дәрі зымырандарынан тұратын двигателі бар ракетаплан жасапты, бұл қару ұшыру кезінде-ақ жарылып кеткен. Осы заман тілімен айтсақ, біздің дәуірімізге дейін-ақ Қытай жерінде зымыран құралдар белгілі болған.

Қалай болғанда да, оқ-дәрі бүкіл әлемге таралды. Оқ-дәрі, от қарудың оқталатын жарылғыш заты ретінде таралған алғашқы елдердің бірі- Үндістан. Веда қолжазбаларында көрші кінәздіктердің раджалары арасындағы бір шайқаста от қару қолданылғаны айтылды. Алайда сол заман өлшемімен сұмдық қару болған ол Үндістанға сіңе қоймайды. Оның негізгі себебі, тегінде, Үндістанның әскери касталары мен сословие арасында рыцарьлық ерліктің ізгі дәстүрлері күшті дамығаны болса керек.

Үндістан тайпаларының ерекше рыцарьлық қасиеттерін Александр Македонский де атап өткен. Ол жеңген билеушілердің ішінде оған бәрінен де жанқияр қарсылық көрсеткені үнді раджасы Пор болғаны тегін емес. Бұл Гефасистегі атақты шайқаста болған, онда Македония фалангасы үнді пілдерімен және темір арбаларымен жан беріп, жан алысар шайқасқа түскен.

Көне дүниенің көрнекті зерттеушісі, профессор Ф. Шахермайер жазғандай: « . . . бұл адамзат тарихындағы ең тамаша ұрыс болды». Жеңілген раджаның мойымас рухы мен келбеті Александрға қатты әсер еткені сонша, ол Порды жеңілген үнді жерлеріне өзінің уәзірі етіп тағайындады [8, б. 282] .

Осылайша, «әскери» нұсқаулар мен аманаттарда жауынгерлердің ерекше лас оқ-дәрілі қаруды пайдалануына тыйым салынды, өйткені оның көмегімен жай ғана пенде рыцарьды өлтіре алатын («Батыр бір оқтық» дейді қазақ мәтелі), ал рыцарь дәстүр бойынша өзінің жауынгерлік шеберлігі мен рухының күштілігін ашық жекпе-жекке көрсетуге тиіс болатын.

Бірте-бірте оқ-дәрілі қару осылай қолданудан шығып қалды. Сөйтіп үнді халқының табиғи ізгілігі мен шынайы бейбітшілігі оның өз тарихының өн бойындағы өзара соғыстарда жаппай қан төгістерге, адамдардың көптен қырылуына жол бермеді.

Шетелдіктердің басып кіруіне байланысты біршама қиындықтарға қарамастан, оқ-дәрілі қару иеленбеу, тарих көрсеткеніндей, оны иеленгеннен гөрі әлдеқайда жақсы жемісін берді.

Уақыт өте бұл ізгіліктің ізі де қалмай кетті, оның себебі Бірінші дүниежүзілік соғыс болуы. Осы соғыс нәтижесінде қару-жарақтардың жаңа түрлері пайда болып, адал жекпе-жекке күресу қағидасы да ұмытылды. Оның орнына дұшпанды аямай, тез жоюға әкелетін оқ-дәрілі қарулар пайдалануы тиімді болатының көптеген мемлекеттердің саясаткерлері мойындаған болатын. Осының нәтижесінде, бірінші дүниежүзілік соғыста 10 миллион адам қаза болатын.

Осы соғыстан кейін көптеген мемлекеттердің ғалымдары жаңа қуатты қару түрлерін ойластыруға көп күш жұмсаған болатын. Нәтижесінде, физика курсында атом ядросы және элементар бөлшектер деген сөздер пайда болды. Атом ядросының өзi элементар бөлшектерден тұрады. Физиканың атом ядроларының кұрылысы мен турленуi зерттелетiн бөлiмi ядролық физика деп аталады.

Радиокактивтіктің тарихи ашылуы ХIХ ғасырдан басталады. Атомдардың тұрақты еместiгi ХIХ ғасырдың ақырында анықталды, 46 жыл өткен соң ядролық реактор жасалды. Радиоактивтiктiң - атом ядросының күрделi құрлыс-ын дәлелдейтiн құбылыстың ашылуы сәттi кездейсоқтықтың жемiсi болды. Өздерің бiлетiндей, рентген сәулелерi алғаш рет шапшаң электрондар разрядтық түтiктiң шыны ыдысының кабырғаларының соқтығысуынан алынған. Олармен бiр мезгiлде түтiк қабырғаларының жарық шығаруы байкалған. Беккерель ұзақ уақыт осы тектес құбылысты - алдын ала күн жарығына сәулелендiрiлген заттардың соңынан сәуле шығаруын зерттеумен шұғылданған. 1896 ж. оның зерттеуі бойынша Беккерель - уран тұздарының сыртқы факторлардың әсерiнсiз-ақ, өздiгiнен белгiсiз сәуле шығаратынын анықтады. Кешiкпей Беккерель, уран тұздарының шығарған сәулесi, рентген сәулелерi сияқты, ауаны иондайтынын, соның салдарынан электроскоп разрядталатынын байқаған. Уранның түрлiше химиялық қосылыстарын тексерiп көріп, ол мынадай маңызды фактiнi анықтады: сәуле шығарудың интенсивтiгi тек препараттағы уранның мөлшерiмен анықталады, оның қандай қосылыстарға кiретiндiгiне мүлдем тәуелсiз болады. Ендеше, бұл қасиет қосылыстарға тән емес, химиялық элемент уранға, оның атомдарына тең.

Ураннан басқа химиялық элементтердің өздiгiнен сәуле шығаруға қабiлетiн байқауға талпынып көру сөзсiз едi. 1898 ж. Францияда Мария Склодовская - Кюри және басқа да ғалымдар торийдiң сәуле шығаратынын байқаған. Бұдан әрi жаңа элементтерi iздеуде негiзгi күш салған Мария Склодовская-Кюри мен оның ерi Пьер Кюри болды. Уран мен торийi бар рудаларды жуйелi түрде зерттеу, олардың iшiнен бұрын белгiсiз, Мария Склодовская-Кюридің отаны - Польшаның құрметiне полоний деп аталған, жаңа элементтi бөлiп алуға мүмкiндiк бердi.

Ақырында өте қуатты сәуле шығаратын тағы бiр элемент ашылды. Ол радий (яғни сәулелi) деп аталды, Радийдiң салыстырмалы атомның массасы 226-ға тең және Д. И. Менделеев кестесiндегi 88-нөмiрлi торкөзге орналасқан. Кюри ашқанға дейiн бұл торкөз бос болған. Өзiнiң химиялық қасиеттерi бойынша радий сілтiлiк жер элементтерiне жатады. Соңынан реттiк нөмiрi 83-тен жоғары химиялық элементтердiң бәрi де радиоактивтi болатындығы анықталды.

Осылайша уран, радий, торий және плутония радиоактивті химиялық элеметтер болғандықтан, яғни олардың атомдары бөлінгенде немесе реакцияға түскен кезде көп мөлшерде энергия шығаратындықтан бұл заттар ядролық қару-жарақтың негізгі элеметтеріне айналды.

Ядролық қару-жарағы күрделі химиялық құрлымды, негізгі элементі уран болып келеді. Осы уранның атомы баяу нейтрондарымен жарылуы кезінде ядро екі ұқсас бөлікке бөлінеді және олар үлкен көлемде ядролық энергияны шығаратының алғашқыда бұл теорияны неміс ғалымдары анықтаған болатын.

1934 жылы Ида Ноддак (Германия ғалымы) уранның ядросын бөлуге болатынын теоретиялық жағынан болжам жасаған болатын. Ал, Лео Сциллард ағылшын ғалымы берилли нейтрон сәулелендіру нәтижесінде ядролық тізбелі реакция болуы мүмкіндігін, және осы тізбелік реакция арқылы жаңа қуатты жарылғыш нысанды затты шығаруға болатыны туралы пікір айтқан болатын.

Ядролық физикада 1932-1934 жылдар аралығындағы жетістіктер салмақты болғаны сонша, 1934 жылы физиктер атомды бомбаны құруға барлық теориялық материалдарға ие болған. Уранның бөлінуі, тізбелі реакция негізінде бөлініс, осының барлығы плутноидың ашуына жол ашқан болатын.

Отто Ган және Фриц Штрассман неміс ғалымдары атом уранды баяу нейтрондармен жарылуы кезінде кейбір ядролар екі ұқсаст бөлікке бөлінеді және олар үлкен көлемде ядролық энергияны шығаратының анықтаған. Ал теориялық түсініктемені Лизе Мейтнер мен Отто Фриш берген. Нақты дәлелдемелері арқылы ядролық бөліну кезінде міндетті түрде көп көлемді энергияны шығаратынын Фриш эксперимент арқылы растап көрсеткен.

1939 жылдың бірінші жарытысынан бастап бұл жаңа құбылысты Ұлыбритания, Франция, АҚШ және Кеңістік Одақ бірден зерттеуге бастады. Нильс Бор мен Джон Уилер АҚШ ғаламдары және Яков Ильич Френкель КСРО-да ядроның бөліну теориясын ұсынған болатын [9] .

Осылайша уақыт өте, ғалымдар атомды- физика саласын белсенді зерттеп, атомды энергияны алуы туралы жеткілікті материалдарды жинақтады. Кейін ағылшын ғалымы Фредерик Содди, бұл энергияны «бөлінетін» деген мағынаны білдіретін - яғни «томды» деп атауға ұсыныс берген болатын, («атом» сөзі «бөлінбейтін» деген мағынаны білдір-еді) . Ф. Содди неологизмі қарастырылмай, алынып тасталды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ядролық қарусыздану
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының қарусыздану іс - шараларына қатысуы
Халықаралық қатынастар жүйесіндегі БҰҰ болашағы
Біріккен Ұлттар Ұйымының ядролық қарусыздандыру және ядролық қару - жарақты таратпау саласындағы халықаралық құқықтық негіздері
Халықаралық қауіпсіздік мәселесі
Еуропадағы қауіпсіздікке қатысты мәселелер
Ядролық қару таратпау саласындағы саясатқа тарихи шолу
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫ ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазіргі кезеңде Ресей – АҚШ қатынастардағы ядролық қаруды таратпау мәселесі
Экономикалық дамыған елдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz