КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I. КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

1.1 Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның мәні және
мазмұны ... ... .6
1.2 Кәсіпорын - басқару объектісі
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

ІІ. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА БӘСЕКЕЛЕС ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ
ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ
2.1. Қазақпарат компаниясының даму тарихы және оның ұйымдық
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
2.2. Қазақпарат компаниясының 2006-2008 жылдардағы қаржылық қызметін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31

2.3 Қазақпарат компаниясының қызметін басқару принциптері мен
тетіктері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40

III. КӘСІПКЕРЛІК САЛА ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУЫН МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .61

КІРІСПЕ

Кәсіпорын – нарықтық экономика құрылымының ең серпінді құрамдас бөлігі.
Барлық технология, өндіріс құралдары, еңбек заты және кәсіби тәжірибе
шеңберіндегі ғылыми-техникалық жетістіктер өз көріністерін кәсіпорында
табады. Кәсіпорында өндірістің және нарықтың заңдар нақты нысанға ие
болады.
Нарықтық орта жағдайында және кәсіпорынның толық экономикалық, құқықтық
өзінше еркіндік алуы, оған көптеген қосымша міндеттер жүктейді. Сөйтіп
кәсіпорынның айналысатын қызмет шеңбері кәдімгідей ұлғаяды.
Мемлекеттік экономика жағдайында негізгі буынның іс-әрекеті тек қана
өндірістік қызметпен тұйықталды. Кәсіпорын өзінің экономикалық және
элеуметтік қызметін жалпы мемлекеттік шаруашылық механизмі арқылы жүзеге
асырады.
Аралас әрі әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика жағдайында мемлекет
кәсіпорынға иелік құқ бере отырып, оның өз мүлкін, өндірген өнімін және
тапқан табыстарын пайдалану мен жаратуды, кәсіпорын шығындары арқылы
әлеуметтік шаралардың бір бөлігін жүктейді.
Сондықтан барлық кәсіпорындар меншік түріне байланыссыз-ақ экономикалық
қызметті ғана емес, әлеуметтік қызметті де атқаруға міндетті.
Қоғамдық санада кәсіпкер – бұл тек адам, индивидум деген пікір берік
орныққан. Нарық қатынастарының құрылу және даму практикасы мемлекет
қоғамдық мүдделер үшін белсенді кәсіпкерлік қызметпен айналыса алатынын
көрсетті. Мемлекет қызметтің кәсіпкерлік саласына неғұрлым ерте қосылса,
соғұрлым өтпелі экономиканың ұзақтығы қысқа, мемлекеттік кәсіпкерлік
қызметтің әріден ойластырылған дағдарысқа қарсы және инфляцияға қарсы
бағдарына бола нарық экономикасы тиімді дамиды, соғұрлым мемлекетте
халықаралық инвестициялық ахуал өте жақсы, соғұрлым әлемдік экономикада осы
мемлекеттің мәртебесі биік болады.
Кәсіпкерлік қызметтің дамуы экономиканың негізгі мемлекеттік меншігі
болып табылады.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекет меншігінің үлесі көп емес,
бірақ нақ осы ұлттық экономиканың дамуы үшін қажетті қызметтер мен тауарлар
шығарушы өздерінің меншікті кәсіпорындарының болуына және бір уақытта
мемлекет бюджетін толықтыру үшін қажет ақшалай қаражат табуына мүмкіндік
береді.
Мемлекет меншігі – бұл тек қана кәсіпорындар жиынтығы емес, сонымен
қатар тұтас макроэкономикалық жүйе. Өндіріс құралдарына өкімді бірігіп
шығару механизімі өзін өзі басқару қарым-қатынасының жүйесі, мемлекеттік
меншікті басқаруды орталықсыздандыру жүйесі және экономиканы демократиялық
бағдарламалау арқылы жүзеге асырылады. Кәсіпорын өзіне мемлекет бекіткен
шеңбердегі өндіріс құралдарымен ғана өкім шығарады. Мұндағы кәсіпорын
мемлекеттік тапсырыс негізінде өз қарекетін жүзеге асырады. Мемлекет жалақы
деңгейіне кепіл бере отырып кәсіпорынның ішкі қарекетін тиісті жұмыс
уақытын, демалыс уақытын, жалақы мен тарифтік бағамды бекіту арқылы
регламенттейді. Сонымен бірге мемлекет кәсіпорын пайдасын бөлу принціпін
бекітеді, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың белгілі бір шектелген,
анықталған деңгейдегі коммерциялық еркіндігі бар.
Дипломдық жұмыс тақырыбының зерттеу мәселелері болып Қазақстан
Республикасындағы кәсіпорындардың алатын орны мен маңыздылығы, оның
басқарудағы, сондай-ақ қызмет етуіндегі олқылықтарды анықтап, оны жетілдіру
мен алдын алу жолдарын қарастыру, жиналған мәліметтерге талдау жасай отырып
олардың болашақтағы көрінісін белгілеу табылады.
Тақырып өзектілігі кәсіпорындар қызметінің негізгі міндет-мақсаттары
қоғам мен мемлекет қажетіне қарай айқындалатынында. Негізгі оның
тағайындалуы мемлекеттің қорғаныс қабілетін материалдық жағынан қамтамасыз
ету және қоғам мүддесін қорғау; экономиканың жеке меншік секторы қамтымаған
немесе жеткіліксіз қамтыған қоғамдық өндірістің буындары мен салаларында
бірінші қажеттіліктегі тауарларды өндіру, жұмыстар атқару, қызметтер
көрсету; мемлекеттік монополияға жатқызылған немесе бақылау және қадағалау
функцияларын қоспағанда, мемлекеттің функциясы болып табылатын салалардағы
қызметті жүзеге асыру іспеттес әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу
болып табылады.
Негізгі мақсат – Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындарды басқарудағы
маңызды, өзекті мәселелерді ашу.
Аталған мақсатқа жеті үшін қойылған міндеттер келесідей:
– мемлекеттік кәсіпорынды жеке кәсіпорындармен салыстыра қарастыру;
– нарықтық экономика жүйесіндегі кәсіпорындардың бәсекелестік
тиімділігін анықтау;
– Қазақстан Республикасы бойынша шағын кәсіпкерлікке талдау жасау.
Аталған жұмыстың құрылымы кіріспе, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады:
1 бөлім - нарықтық экономака жағдайындағы жалпы кәсіпорынның мәні мен
мазмұнын ашып, оны басқару туралы түсінік береді; 2 бөлім – зерттеу
объектісіндегі, яғни нарықтық экономикадағы кәсіпорындардың бәсекелестік
қабілеттіліктері жайлы талдау мәліметтерін қамтиды; 3 бөлімде –
кәсіпорындарды басқару қызметін жетілдіру жолдары мен оның болашақтағы
көрінісі қарастырылған.

I. КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның мәні және мазмұны

Қазіргі әлем әртүрлі ресми және ресми емес ұйымдар ретінде
қарастырылады, яғни белгілі бір нәтижеге қол жеткізу мақсатында немесе
еңбек бөлінісі қағидасының негізінде міндеттердің, өзекті мәселелердің
шешімін табу, иерархиялық құрылымын анықтап міндеттерді бөлу мақсатында
біріккен адамдардың, топтардың жиынтығы; кәсіпорындар, қоғамдық
бірлестіатер, мемлекеттік мекемелер. Кәсіпорындар мен ұйымдар
тұтынушылардың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында құрылып,
әрқилы атауларға, көлемге, құрылымға және басқа да сипаттамаларға ие. [1]
Кез келген экономиканың негізгі түбірі өндірістен, экономикалық өнімді
қалыптастырудан құралады. Өндіріс болмаса, тұтынудың болмайтыны анық. Тек
кәсіпорын ғана өнім шығарып, жұмысты орындап, қазмет көрсетеді, сонымен
қатар, ұлттық байлықтың молаюы мен тұтынудың негізін қалыптастырады.
Мемлекеттің экономикасын қарапайым түрде мемлекетпен және өзара
өндірістік, бірлескен, коммерциялық және тағы басқа қарым-қатынаста тығыз
байланыста болатын кәсіпорындардың жалпы жиынтығы ретінде қарастыруға
болады.
Экономиканың қуаттылығы мен мемлекеттің индустриалдық күші кәсіпорын
қызметіцнің нәтижелілігі мен оның қаржылық жағдайына тікелей байланысты.
Елдегі шаруашылықты басқарудың жалпы сызбасын пирамида түрінде қарастырып
көретін болсақ, оның негізі ретінде кәсіпорын түрады. Кәсіпорын
деңгейіндегі үрдістерге қатысты меммлекеттік, аймақтык және ведомстволық
басқару екінші кезектегі құбылыс ретінде қарастырылады. Шаруашылықты
басқару жүйесіндегі кез келген өзгерістер кәсіпорын қарекетіне жағымды
әсері болмаса, оның қажеті шамалы-ақ.
Кәсіпорын – бұл қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мен табыс табу
мақсатында өнім өндінетін, жұмысты орындайтын, қызмет көрсететін тәуелсіз
шаруашылық субъектісі.
Кәсіпорын (ұйым, фирма, концерн) заңды тұлға ретінде елдің заңдар
жиынтығымен белгіленген белгілі бір сипаттамаларға жауап береді. Заңды
тұлғаның сипаттамаларына келесілер жатады: өз мүлкінің болуы; тәуелсіз
мүліктік жауапкершілік; сатып алу, қолдану және өз мүлкіне үкім шығаруға,
сонымен қатар, заңмен рұқсат етілген іс-әрекеттерді өз атынын жузеге
асыруға құқығы бар; сотта өз атынан талапкер және жауапкер бола алатын,
жеке бухгалтерлік баланс жүргізуге және банкте есеп айырысу немесе басқа да
шоттарды иемденуге құқығы бар.
Шаруашылықтың кез келген формасындағы кәсіпорын мемлекет
экономикасында маңызды орынға ие. Макроэкономикалық көзқарас бойынша
кәсіпорын келесі жағдайларға негіз бола алады:
- ұлттық табыстың, жалпы ішкі өнімнің, жалпы ұлттық өнімнің көбеюіне;
- мемлекеттің өмір сүру мен өз қызметтерін орындауға мумкіндік береді. Яғни
мемлекеттік бюджеттің айтарлықтай бөлігі кәсіпорындардан алынатын алым-
салықтар есебінен қалыптасады:
- мемлекеттің қоғанысқабілеттілігін қамтамасыз етуге;
- қарапайым және кеңейтілген өндіріске;
- ұлттық ғылым мен ғылыми-техникалық прогрессті дамытуға;
- елдің барлық деңгейдегі азаматтарының материалдық жағдайын көтеруге;
- медицина, білім, мәдениеттің дамуына;
- жұмыссыздық проблемасының шешілуіне;
- басқа да көптеген әлеуметтік проблемалардың шешілуіне негіз болады.
Кәсіпорын бұл жетістіктерге нәтижелі қызмет ету жағдайында ғана қол
жеткізе алады. [2]

Сурет 1
Мүдделі, қызығушы топтар және олардың кәсіпорынға жақындық деңгейі

Қоршаған табиғаттың қалған бөлігі
Салықтық қызмет,
тәртіпті сақтау органдары
ұлттық экономика. Кәсіподақ
субъектілері
Көрші
мемлекеттер
Акционерлерді
қорғау қоғамы
Қызметтестер

Мемлекет Несиелік-
қаржылық
ұйымдар
Саяси партиялар,
халықаралық Акционерлер
экономикалық
институттар Кәсіпорын

Қоғамдық Инвесторлар
ұйымдар

Бәсекелестер

Жабдықтаушылар

Сатып алушылар Ғылыми-зерттеу
қарекеті

Кредиторларды
қорғау қоғамы Тұтынушылардың ұйымдары

Жоғарыда келтірілген суретте кәсіпорынның мақсатын анықтауға ықпал
ететін әртүрлі топтардың мүдделері көрсетілген. Бұл топтардың кей
біреулері, әсіресе, иегерлер мен заемдық капиталды ұсынушылар, кәсіпорынның
мақсат жүйесін қалыптастыруда ерекше күшті ықпалын тигізеді. Тікелей
байланысты басқа тұлғалар, мысалға, жалданбалы қызметкерлер, кәсіпорынға
тікелей және аталған тұлғалардың мудделерін қорғаушы, ұсынушы ұйымдар
арқылы әсер етеді. Дегенмен кәсіпорын тікелей әсері болмайтын топтардың да
мүддесін ескеру керек. Тұтынушылардың ұйымдарын мысалға алайық. Олар
тесттер жүргізу жолымен бұйымның сапасын бағалайды, экологиялық тазалығын
анықтайды. Бұл топтартың мұддесін ескермеген немесе бір мәмілеге келмеген
жағдайда кәсіпорынның кызметі сәтсіздікке ұшырауы мумкін.
Осылайша, кәсіпорынның мақсаты өз алдында жеке және бір-бірлерінен
ерекшеленетін мақсаттары бар көптеген тұлғалармен, топтармен жасалатын
қарым-қатынас негізінде қалыптасады.
Шартты түрде кәсіпорынның мақсаттарын үш топқа бөлуге болады:
- экономикалық мақсат. Бұл кәсіпорынның мақсаттар жүйесінің негізін құрайды
және нарықтық шаруашылықтағы кәсіпорын ның жұмыс пен қызметке
қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған;
- әлеуметтік мақсат. Бұл кәсіпорында әртүрлі мүдделері бар адамдардың өзара
әрекет жасауының айқын көрінісі. Сонымен қатар кәсіпорынды қоғамдық
экономика жүйесінің құрамдас бөлігі деп көрсетеді.
- экологиялық мақсат коршаған ортаға экономикалық қарекеттің әсерін
ескереді.
Мақсаттар жүйесінің толық қалыптасып, ресімделуі үшін мақсаттар жоғарғы
деңгейде анық сипатталып жазылуы тиіс және қолданыста жүретін формада
қисыны келу керек. Яғни мақсаттар шынайы болып, нәтижесі тексеріле,
бақылана алатындай болуы керек.
Кәсіпорындар нақты мақсатқа және жалпы экономикалық үрдістердің
шеңберінде жүзеге асыратын іс-әрекеттің түріне сәйкес ажыратылады.
Кәсіпорынның барлық типтері өзінің экономикалық ортасымен сатып алу, өткізу
және капитал нарықтары арқылы жүзеге асырылатын байланыстарымен
сипатталады. Олардың айырмашылығы өндірістік функцияларында болады.
Өндіріс сөзі бұл жерже материалдық игіліктің өндірісі немесе қызмет
көрсету мағынасында қолданылып отыр. [3]
Кәсіпорынның әртүрлі критерилерге сәйкес типтерін төменде көрсетілген
суреттен анық көруге болады.

Кәсіпорындардың классификациясы
Сурет 2

Ұйымдастырушылық- құқықтық формасына қарай

Жеке, жанұялық кәсіпорын, шаруашылық серіктестік (толық серіктестік,
жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар
серіктестік, еншілес және тәуелді шаруашылық серіктестігі), акционерлік
қоғам, өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорын, қазыналық кәсіпорын,
коммерциялық емес ұйым (мекеме, қоғамдық бірлестік, қоғамдық қор,
ассоцациялар, одақ)

Саласына байланысты
Өндірістің түрі Шикізат Қолданылуы Бұйымның түрі Технология
Материалдық игілік Ағаш Тұтыну заты Станоктар Құйылмалы
Қызмет көрсету Металл Инвест. зат Электр жабдық және
Мұнай Автокөлік құрастыр-мал
Азық-түлік ы

Өндірістің түріне қарай классификациялануы

Өндірістік кәсіпорындар
Өндіру Өңдеу Өндіріс
Шикізат өндіруші Мұнай өңдеуші Станок құрылысы
Тау-кен өндіруші Азық-түлік
Қызмет көрсететін кәсіпорындар
Сауда Банк Сақтандыру Көлік
Бөлшектік Жинақ банкі Сырқаттық Авто жол
Көтерме Несиелік Өрттен Темір жол
Сыртқы Ипотекалық Әуе жол

Кәсіпорынның көлеміне байланысты
Шағын Орта Ірі

Жоғарыда көрсетілген, яғни ажыратылған кәсіпорын турлеріне немесе заңды
тұлғаларға Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық
Кодексінде мүмкін болатын жағдайлар ескеріле отырып сәйкес анықтама,
нұсқаулық және көптеген ақпараттар берілген.
Жеке кәсіпкерлік – бұл қоғамның тауарға (жұмысқа, қызметке) деген
қажеттілігін қанағаттандыру жолымен пайда немесе жеке табыс табуға
бағытталған, өзінің жекеменшігіне немесе коллективтің меншігіне негізделе
отырып жүзеге асырылатын азаматтардың іс-әрекеті. Бірлескен формадағы
кәсіпорындар ортақ бірлескен жекеменжік базасы негізінде өз қарекетін
жүзеге асырады. Оларға жанұялық кәсіпорындарды, фермерлік шаруашылықты
жатқызуға болады.
Шаруашылық серіктестігі - бұл жарғылық капиталы құрылтайшылардың,
қатысушылардың үлесіне бөлінген коммерциялық ұйым. Ұйым мүлігі
құрылтайшылырдың салымы негізінде қалыптасады, сонымен бірге аталған
ұйымның өндірген және сатып сатып алынған бұйымдары мен заттары
серіктестіктің меншігі есебінде болады. Шаруашылық серіктестіктер толық
серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік және
қосымша жауапкершілігі бар серіктестік нысанында құрылуы мүмкін.
Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары
сетіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ
жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп аталынады.
Серіктестіктердің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен (толық
серіктерімен) қосымша жауап беретін бір енмесе одан да көп қатысушылармен
қатар, серіктестіктің (салымшылардың) мүлкіне өздері салған салымдардың
жиынтығымен шектелетін бір немесе одан да көп қатысушыларды енгізетін және
серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік
сенім (командиттік) серіктестігі деп танылады.
Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай
құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік
жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп аталынады; жауапкершілігі шектеулі
серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және
серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан
салымдарының құны шегінде тәуекел етеді.
Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық
капиталға салымдарымен жауп беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған
жағдайда өздерене тиесілі мүлікпен оған өздері еселенген мөлшерде енгізген
салымдар арқылы жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар
серіктестік деп аталады.
Акционерлік қоғам деп өзінің қарекетін жүзеге асыру үшін қаражат тарту
мақсатында ақциялар шығаратын заңды тұлға танылады. Акционерлік қоғам
капиталына құрылтайшылар немесе қатысушылар тиісті үлесін қосады. Аталған
үлесін айқындайтын бағалы қағаз акция деп аталады. Бұл бағалы қағаз акция
иесіне түскен пайданың белгілі бөлігін дивидент ретінде иеленуге құқық
береді.
Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде олардың өз
еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік
жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі өндірістік кооператив
деп танылады.
Мемлекеттік кәсіпорындарға шаруашылық жүргізу құқығына негізделген
кәсіпорындар және жедел басқару құқығына негізделген (қазыналық)
кәсіпорындар жатады. Мемлекеттік кәсіпорындардың іс-әрекеті мемлекеттік
меншік формасына негізделген.
Коммерциялық емес ұйымдар өз алдына келесідей бөлінеді:
- мекеме – басқару, әлеуметтік-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес
сипаттағы қызметтерді жүзеге асыру үшін құрылтайшы құрған және
қаржыландырылатын ұйым;
- қоғамдық бірлестіктер – Қазақстан Республикасында қоғамдық бірлестікткр
болып, саяси партиялар, кәсіптік одақтар және азаматтардың заңдарға қайшы
келмейтін, өздерінің ортақ мақсаттарына жеті үшін ерікті негізде құрған
басқа да бірлестіктері табылады.
- азаматтар және заңды тұлғалар ерікті мүлік жарналар негізінде құрған,
әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім бері және өзге де қоғамдық пайдалы
мақсаттарды көздейтін мүшелігі жоқ коммерциялық емес ұйым қоғамдық қор деп
танылыды.
- қатысушылардың материалдық және өзге де қажеттерін қанағаттандыру үшін өз
мүшелерінің мүліктік (үлестік) жарналарын біріктіру арқылы жүзеге
асырылатын азаматтардың ерікті бірлестігі тұтыну кооперативі деп аталады.
- рухани қажеттерін қанағаттандыру үшін өз мүдделерінің ортақтығы негізінде
заң құжаттарында белгіленген тәртіп бойынша біріккен азаматтардың ерікті
түрдегі бірлестігі діни бірлестік деп танылады.

1.2 Кәсіпорын - басқару объектісі ретінде

Кәсіпорын алға қайған мақсатының әрқилылығы мен жанжақтылығы оны
дамыту мен қызметін басқаруда арнайы білім мен өнерді, әдістер мен
тетіктерді, қызметкерлерді қолайлы жағдаймен қамтамасыз етуді талап етеді.
Кәсіпорынды бір жағынан мақсатына, қолданатын ресурстарына, құқықтық-
нормативтік негізіне, көлеміне, табысына байланысты және екінші жағынан
құрылымы, үрдістері, еңбек бөлінісі, рөлдерді бөлу, ұйымдастырушылық және
басқару мәдениетінің көрінісі болатын сыртқы орта мен ішкі әлеуметтік және
экономикалық байланыс пен қарым-қатынас және тағы басқа ұйымдастыру,
басқару параметрлерене сүйене отырып сипаттауға болады.
Кәсіпорында құрылған әрбір жоспарда ұйымдастыру сатысы болады, яғни
жоспарланған мақсатқа жету үшін жағымды жағдай жасау. Бұл жерде ең бастысы:
қызметкерлермен жұмыс істеу, басшылардың стратегиялық, экономикалық ой-
өрісін дамыту, шығармашылық пен жаңа енгізулерге икемділігін қалыптастыру
және тәуекелге барудан, кәсіпорынның өзекті мәселесін шешудегі
жауапкершіліктен қорықпайтын қызметкерлерге қолдау көрсету және т. б.
Басқарудың негізгі міндет-мақсаттары жетістіктерге қол жеткізуді
қамтамасыз ететін басқару жұмыстарының түрі мен көлемін анықтауда маңызды
орынға ие. Бұл жерде кәсіпорынның түрі мен ерекшелігіне байланыссыз кез
келген басқару үрдісінің құрамдас бөлігі болып табылатын функциялар жайлы
айтылып отыр. Кәсіпорынның түрі мен ерекшелігіне байланыссыз болғандықтан
басқарудың жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау және үйлестіру
сынды функциялары жалпылық сипатқа ие.
Бөлініп алынған функциялардың арасындағы байланыс айналыс ретінде
төмендегі суретте көрсетілген (Сурет 3).

Сурет 3
Басқару функцияларының арасындағы байланыс

Суреттегі бағыттар жоспарлаудан бақылауға дейінгі қозғалыс
қызметкерлерді ұйымдастыру мен ынталандару жолымен ғана мүмкін екендігін
көрсетеді. Суреттің ортасында негізгі функциялардың өзара қарым-қатынаса
мен келісімділігін қамтамасыз ететін үйлестіру функциясы орналасқан.
Жоспарлау – бұл кәсіпорын іс-әрекетінің жоспарлары мен оның құрамдас
бөліктерін құраумен байланысты басқару қарекетінің бір түрі. Жоспар істелу
керек іс-әрекеттердің кезегі бойынша құрылуын қамтамасыз етеді және алға
қойылған мақсатқа жетуде қажетті ресурстар мен уақытты анықтайды.
Сәйкесінше жоспарлау өзіне келесілерді қосады:
- мақсаттар мен міндеттерді белгілеу;
- мақсатқа жету үшін жоспар, бағдарлама, стратегияны әзірлеу;
- қажетті ресурстар мен уақытты анықтап, оларды мақсаттары мен міндеттерге
байланысты бөлу;
- жоспарды жүзеге асыру бойынша жауапкершілік артылған жеткізу. [5]
Ұйымдастыру – бұл басқарудың екінші функциясы. Оның міндеті болып
ұйымның құрылымын қалыптастыру және оның жұмыс істеуін, яғни персоналмен,
материалдармен, құрал-жабдықтармен, мекемемен, ақша қаражатымен қамтамасыз
ету табылады. Ұйымдастырудың жалпы мағынасы ортақ басқару міндетін құзіреті
мен жауапкершілігін жіктеу арқылы бөліктерге бөлу, сондай-ақ әртүрлі
жұмыстар арасында өзара байланысты қалыптастыру болып табылады.
Кәсіпорында құрылған әрбір жоспарда ұйымдастыру сатысы болады, яғни
жоспарланған мақсатқа жету үшін жағымды жағдай жасау. Бұл жерде ең бастысы:
қызметкерлермен жұмыс істеу, басшылардың стратегиялық, экономикалық ой-
өрісін дамыту, шығармашылық пен жаңа енгізулерге икемділігін қалыптастыру
және тәуекелге барудан, кәсіпорынның өзекті мәселесін шешудегі
жауапкершіліктен қорықпайтын қызметкерлерге қолдау көрсету және т. б.
Ынталандыру – бұл жоспарда қойылған мақсаттарға жету үшін кәсіпорында
жұмыс істейтін қызметкерлердің белсенділігін ояту, іс қимылға жұмылдыру
қарекеті.
Ынталандыру үрдісіне келесілер кіреді:
- қанағаттандырылмаған қажеттіліктерді анықтау;
- қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған мақсаттарды құру;
- мақсатқа жетудегі іс-әрекеттерді анықтау.
Ынталандыру бойынша жүзеге асырылатын шаралар экономикалық (сыйақы
беру, қаламақы жүйесінің болуы, материалдық көмек, тұрғын үймен қамтамасыз
ету) және рухани (атақ, шен беру, жауапкершілігі мен құзіретін арттыру,
мақтау қағаздарын ұсыну) сипатта болуы мүмкін. [6]
Бақылау – негізгі міндеті кәсіпорын қызметінің нәтижесін сандық және
сапалық бағалау мен есеп жасау болып табылатын басқарудың қызметі. Оның
негізгі екі бағытын бөліп көрсетуге болады:
- жоспарда көзделген мақсаттардың, жұмыстардың орындалуын бақылау;
- жоспарда көрсетілген іс-әрекет пен көрсеткіштерден ауытқуды түзету
бойынша шаралар.
Бұл қызметтің жүзеге асырылуындағы негізгі құрал болып тура мағынадағы
бақылау, қызметтің барлық жағын тексеру, есеп жүргізу және талдау жасау
табылады. Жалпы басқару үрдісіндегі бақылау қызметі қайтарымды байланыс
сипатына ие. Себебі бақылаудың талдамалары мен көрсеткіштері бұрын
қабылданған шешімдерге, жоспарға, сондай-ақ нормалар мен нормативтерге де
өзгерістер енгізуі мүмкін.
Жоғарыда аталған функциялардың әрқайсысы кәсіпорынның нәтижелі
жетістіктерге жетуде жүзеге асырылатын жеке маңызды үрдістер болып
табылады.
Кәсіпорындардың дәстүрлі кезеңдегі басшылары ақшалай тек материалдық
ресурстар мен өзінің қаржылық мүмкіндіктерін есепке алса, қазіргі жағдайда
адам ресурстарының құны маңызды болып отыр. Іс-әрекетін адамсыз жүзеге
асыратын бірде бір ұйым жоқ. Қазіргі уақыттағы кәсіпорынды басқару – ең
алдымен персоналды басқарумен мәндес. Адамның іс-әрекеті белгілі бір
қарекеттің анықтамасынан бастап, оның нәтижесіне дейінгі барлық аяларда
көрінісін табады. Материалды ресурстар мен табиғи ресурстарды басқарумен
қатар, адам ресурстарын басқару кез келген ұйымды басқаруда маңызды орынға
ие. Адам ресурстары ұйымның қалданатын барлық ресурстарынан өзіне тән
қасиеттерімен ерекшеленеді және соған сәйкес басқарудың ерекше әдісін талап
етеді. Адам ресурстарының келесідей ерекшеліктерін атап көрсетуге болады:
- Біріншіден, машиналар мен шикізаттарға қарағанда, адамдар парасатқа ие
және сыртқы ықпалға (басқаруға) деген реакциясы механикалық емес, эмоция
мен сезімге негізделген. Бұл ұйым мен оның қызметкерлері арасындағы қарым-
қатынастың екі жақты екенін көрсетеді.
- Екіншіден, адамдар парасаттылықтың иегері болғандықтан үнемі жетілу, даму
үстінде болады. Қазіргі жағдайда ғылыми-техникалық прогресс қолданыстағы
технологияны, сондай-ақ кәсіптік танымды да өзгертіп, ескіртіп жатады. Ал
адамдардың өзгерістерге бейім келуі, үнемі даму үстінде болуы ұйым
қарекетінің нәтижелілігін көтеруде маңызды және ұзақмерзімді қайнар болып
табылады.
- Үшіншіден, адамнаң қоғамдағы еңбектік өмірі, жалпы алғанда, 30-50 жыл
бойында жалғасады. Сәйкесінше ұйымдар мен адамдар арасындағы қарым-қатынас
ұзақ мерзімді сипатта болады.
- Төртіншіден, материалдық және табиғи ресурстарға қарағанда, көп жағдайда,
адамдар ұйымға белгілі бір мақсатпен келіп, оны жүзеге асыруда ұйымның
мүмкіндігін пайдаланады. Бұл ұйымның өз мақсатына жетуінде маңызды орын
алады.
Сондықтан да, кәсіпорынды басқаруда адам ресурстарын басқарудың
маңыздылығы өте жоғары. Қызметкерлердің білімін жетілдіру, дамыту,
ынталандыру сынды іс-әрекеттер, яғни кадрлық саясат кәсіпорынның даму
тұжырымдамасымен сәйкес және тығыз байланыста жүргізілуі тиіс.
Ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін енгізу, көбінесе еңбек күшінің
сапасымен анықталып, адамның еңбектік қарекетіне терең өзгерістер алып
келеді. Мұндай өзгерістерге Қазақстан экономикасын реформалау үрдістері де
әсер етеді. Ескі жұмыс орындары жойылып, еңбер нарығына құрылымдық
өзгерістер енгізетін жаңа жұмыс орындары құрылады. Яғни жаңа
технологияларды қолданудағы талаптарға жауап бере алатын білікті мамандарға
деген тапшылық туындайды. Мұндай жағдай ұйым деңгейінде адам ресурстарына
деген қарым-қатынастың өзгеруіне алып келіп, сәйкесінше ынталандыру
факторларына ерекше назар аударылады. Персоналды басқару мәселелері ұйымның
жоғарғы басқармасымен, бөлімшелердің басшыларымен, депортаменттерімен
немесе кадрлармен жұмыс істеу бөлімшелерімен, яғни барлық басқару
деңгейлерінде қарастырыла бастайды. [7]
Персоналды басқару функцияларын атқаруда стратегиялық аспектілер маңызды
орынға ие. Табыс пен жетістіктің стратегиялық факторларына келесілерді
жатқызуға болады:
- қызмет ету аясы мен тұтынушылар сұранысына бағытталу арқылы нарыққа
жақындау;
- техникалық құралдарды пайдаланып жоғарғы дәрежеде қызмет көрсету;
өнімнің жоғарғы сапасы;
- ғылыми-техникалық прогресс жетістікткрін және ең жаңа технологияларды
пайдалану;
- өзгерістерге әрқашан дайын болу жыне оған тез арада бейімделу;
- экономикалық жауапкершілік сезімі;
- экономикалық тепе-теңдікті сақтау;
- білікті мамандардың мүмкіндігі;
- ұйымдық құрылымның бейімділігі мен икемділігі.
Персоналды басқару тұжырымдамасы теориялық-әдістемелік көз-қарастар
жүйесін құрайды және персоналды басқарудың мәнін, міндеттерін, әдістерін,
сондай-ақ оны нақты жағдайларда жүзеге асыру механизімін техникалық
ұйымдастыру жолдарын анықтайды. Бұған персоналды басқарудың әдістемелік
негізі мен технологиясын әзірлеу және оның жүйесін қалыптастыру кіреді.
Персоналды басқарудың әдістемелік негізінде басқару объектісі ретінде
ұйым персоналының мәні, индивидтердің ұйым міндеттері мен мақсаттарына
сәйкес келетін мінез-құлқын қалыптастыру үрдісі, персоналды басқару
қағидалары мен әдістері алдын ала болжанады.
Персоналды басқару технологиясы жалдауды, іріктеуді, персоналды
қабылдауды, оны іскерлік бағалауды, кәсіптік бағытын, бейімділігін,
оқытылуын, қызметкердің іскерлік мансабын басқаруды, қызметтік және
мамандық көтерілуін басқаруды, ынталандыру мен еңбекті, қайшылық пен
күйзелісті басқаруды, ұйымның әлеуметтік дамуын қамтамасыз етуді,
қызметкерлерді босатуды ұйымдастыру деғен мазмұнға ие.
Персоналды басқару жүйесі мақсаттарды, функцияларды, персоналды
басқарудың ұйымдық құрылымын, мамандар мен басшылар арасындағы көлденең
және тік байланыстарды, басқару шешімдерін қабылдауды және жүзеге асыруды
қалыптастыруды қарастырады.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорындарын
дамыту оның ішіндегі персоналды басқару жүйесін қалыптастыру мен дамыту
түсінігімен қатар жүреді. Кәсіпорын персоналын басқару жүйесі – бұл
персоналды басқару функциялары жүзеге асырылатын жүйе. Нақты шаруашылық
субъектісі қай салада жұмыс істесе де және қандай да болсын ерекшеліктерге
ие болса да, оның персоналын басқару жүйесі үш өзара байланысты блоктардан
тұрады:
- басқару стратегиясы, яғни кәсіпорынның ағымдық жағдайы мен болашақтағы
дамуын көрсететін кадрлық бағытына байланысты негізгі міндеттерді жүзеге
асыру үшін қолданылатын жолдардың жиынтығы;
- операциялық немесе басқарушы бөлімшелер – бұл локальды сипаттағы бір
типті басқару міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған тұтас басқару
жүйесінің автономды элементі. Мұның объектісі болып нақты бір үрдіс
табылады;
- ресурстармен қамтамасыз ету блогы. Аталған бұл блок барлық операциялық
бөлімшелер қызметін принципиалды мүмкіндіктермен қамтамасыз етіп, өзіне
келесі аталғандарды қосады:
- ақпараттық қамтамасыз ету;
- құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету;
- құқықтық әдістемелер жиынтығымен қамтамасыз ету;
- қаржылық қамтамасыз ету;
- ұйымдық қамтамасыз ету.
Персоналды басқарудың қағидалары – бұл персоналды басқару үрдісінде
мамандар мен басшылардың ұстанатын ережелері, негізгі жағдайлары мен
нормалары. Персоналды басқарудың қағидалары объективті экономикалық
заңдардың талаптарын сипаттайтындықтан өздері де объективті болып саналады.
Басқару қағидалары көп болғанымен барлық жағдайларында персоналды басқаруды
отандық кәсіпорындарда дәстүрлі түрде орныққан келесі маңызды қағидаларға
негізделеді: демократияландырылған орталық басқару жүйесінің болуы, ғылымға
сүйену, жоспарлау, бәріне тәртіптің бір болуы, кадрларды іріктеу,
ынтымақтастық пен алқалықтың, орталыққа бағынудың және керісінше
жағдайлардың келісімді түрде болуы, мақсатты басқарудық және сызықтық,
функционалдық басқару жүйесінің болуы, қабылданған шешімнің жүзеге
асырылуын бақылау және тағы басқалар.
Персоналды басқару жүйесін басқару әдістерін талқыламай қарастыру
мүмкін емес.
Персоналды басқару әдістері – бұл кәсіпорынның жұмыс істеу үрдісіндегі
қызметкерлердің іс-әрекетін үйлестіруді жүзеге асыру мақсатында жеке
қызметкерлер мен коллективтерге әсер ету жолдары. Ғылым мен тәжірибе
персоналды басқаруда негізгі үш әдісті ұсынған. Олар: әкімшіліктік,
экономикалық және әлеуметтік-психологиялық.
Әкімшіліктік әдіс келесідей іс-қимылға түрткі болуға бағытталған:
еңбекте белгілі бір тәртіптің болуы, міндеттілікті сезіну, белгілі бір
ұйымда еңбек етуге деген адамның талпынысы, еңбек іс-әрекетіндегі мәдениет.
Ықпал етудің бұл әдісі тікелей әсер етумен сипатталады. Себебі, кез келген
әкімшіліктік акт пен регламент оның міндетті түрде орындалуын талап етеді.
Экономикалық және әлеуметтік-психологиялық әдістер жанама әсер ету
сипатына ие. Бұл әдістердің автоматты түрдегі әсеріне есептеуге болмайды
және олардың соңғы нәтижеге жасайтын ықпалын анықтау қиынға соғады.
Экономикалық әдістердің көмегімен жеке қызметкерлер мен коллективті
материалды түрде ынталандыру жүзеге асырылады. Аталған әдіс басқарудың
экономикалық тетіктерін қолдануға негізделген.
Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдісі басқарудың әлеуметтік
тетігінің қолданылуына негізделген, яғни коллективтегі өзара қарым-қатынас
жүйесін жақсарту, әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және тағы
басқа. Бұл әдістің ерекшелігі болып персоналды басқару үрдісінде формальды
емес факторларды белгілі бір дәрежеде пайдаланып, тұлғалардың, топтардың,
коллективтің мүдделерін ескеру табылады.
Кез келген кәсіпорынды басқару жарғысына сәйкес жүзеге асырылады және
оның өндірістік-шаруашылық қарекеті, құқықтары мен міндеттері кәсіпкерлік
іс-әрекет туралы заңмен реттеледі.
Кәсіпорын белгілі бір ұйымдастырушылық құрылым негізінде басқарылады
және оның құрылымы мен бөлімшелері кәсіпорынмен өз қалауынша анықталады.
Ұйымдастырушылық құрылымды әзірлемес бұрын басқару қызметтерін бөлімшелері
бойынша қолайлы түрде бөліа алу қажет. Ол үшін келесілердің орындалуы шарт:

- бір сипаттағы мәселелер мен міндеттер әр түрлі бөлімшелерде көрініс алмау
керек;
- барлық басқару қызметтері тек басқарушы бөлімшелердің міндеттерінде болу
керек;
- белгілі бір мәселе қай бөлімшеде нәтижелі шешімін тапса, сол бөлімшеге
бағытталуы керек.
Басқару құрылымы мазмұны мен оның көлеміне, сондай-ақ уақыттың өтуі мен
кәсіпорынның дамуына сәйкес өзгерістерге ұшырай береді. Жеке бөлімшелердің
арасында тұрақты байланыстар бар. Олардың біріншісі тік (вертикалды), яғни
басқарушы мен оның қарауындағы қызметкерлердің арасындағы байланыс, ал
екіншісі – құқықтары тең бөлімшелердің арасындағы көлденең байланыс.
Басқару құрылымының негізінде белгілі бір жүйе бар. Кәсіпорынды
басқарудың негізгі үш жүйесі белгелі:
- сызықтық – барлық мәселелер бойыншатөменгі бөлімшелердің жоғарғы
бөлімшелерге тікелей бағыныштылығын білдіреді. Бұл жүйе өте қарапайым және
қарастырылатын мәселе аз көлемде болатын жағдайда ғана нәтижелі болып
келеді;
- функционалдық – бұл жүйе төмендегі бөлімшелердің басқарудың жекелеген
мәселелерін шешетін функционалды бөлімшелерге деген бағыныштылығын
сипаттайды. Бұл жағдайда нұсқаулар тәжірибелі, арнаулы түрде беріледі.
Бағынушы бөлімшелер көбіне берілген нұсқаулықтың қандай кезекпен орындалуы
керектігін шатастырып жатады. Сондықтан да бұл жүйе таза түрінде өте сирек
қолданылады;
- қазіргі уақытта көп таралған аралас жүйе өзіне жөғарыда аталған сызықтық
және функционалдық жүйені үйлестіреді. Бұл жағдайда функционалды
бөлімшелермен дайындалған шешім басқарушыға қарастырып, бекіту үшін
беріледі. Ал ол өз кезегінде бекітілген шешімді бағынушы бөлімшелерге
береді;
- Кәсіпорын иесі басқаруға байланысты өз құқықтарын тікелей немесе оның
уәкілетті органы арқылы жүзеге асыра алады. Кәсіпорынның жарғысына сәйкес
мұндай орган болып кеңес немесе кәсіпорын басқармасы табылады.

ІІ. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА БӘСЕКЕЛЕС ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ
ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ
2.1 Қазақпарат Ұлттық Компаниясының даму тарихы және оның
ұйымдық құрылымы

Қазақ ақпарат агентігі ұлттық компаниясы (бұдан әрі – Компания)
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім
министрлігінің Қазақ ақпарат агенттігі (ҚазААГ) Республикалық қазыналық
кәсіпорнын ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы
8 қарашадағы № 1186 қаулысымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз
қатысатын ашық акционерлік қоғам ретінде құрылған. Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2005
жылғы 20 желтоқсандағы бұйрығымен бекітілген Жарғысына сәйкес, оның қызметі
ұлттық ақпарат агенттігін құру, елдің сыртқы және ішкі саясатын ақпараттық
жарнамалау және әлемдік ақпараттық кеңістіктегі Қазақстанның оң келбетіне
қолдау көрсету болып табылады.
ҚазААГ (бұрынғы ҚазТАГ) ақпарат рыногындағы өзінің қызметін 80 жылдан
астам уақыт бойы атқарып келді және Президенттің, Парламенттің, Үкіметтің
қызметін көрсететін және көптеген қазақстандық және шетелдік БАҚ-тар
арасында өзінің ақпараттық өнімдерін тарататын республикадағы бірден-бір
мемлекеттік ақпарат агенттігі болды.
Компания өзінің қызметінде бұрынғы ҚазААГ қызметін негізге алады.
Қазақстанның ақпараттық қызмет көрсету рыногындағы ежелгі агенттік
ретінде ҚазААГ өзі жұмыс істеген кезінде белгілі бір базалық негіз жасады.
ҚазААГ бес халықаралық ақпараттық агенттіктер қауымдастығының мүшесі
болды, әлемнің жетекші 12 ақпарат агенттігімен тура ақпарат алмасты. Осының
арқасында ҚазААГ Қазақстан туралы жаңалықтарды жедел түрде таратып және
шетелдік хабарларды негізгі көздерден тура алып отырды.
ҚазААГ-тың ақпарат өнімдерін жаздырып алдырушылар қатарында –
республикалық газеттер, теледидар мен радио, облыстық бұқаралық ақпарат
құралдары болды.
Осылайша, Компания ҚазААГ-тың заңды мұрагері ретінде өз қызметінің
негізгі сипатын сақтап қалды. Компания бүкіл Республика бойынша тілшілер
қосынының тармақталған желісіне ие, бұл Қазақстанның қоғамдық-саяси,
экономикалық және мәдени өмірінде болып отырған оқиғалар туралы шұғыл және
объективті ақпараттар беруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Компанияның Нью-
Йорк, Мәскеу, Пекин, Брюссель, Ташкент және Бішкек қалаларында шетелдік
тілшілер қосындары бар.
Құрылтайшы құжаттарды Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 13 мамырдағы
Акционерлік қоғамдар туралы Заңының талаптарына сәйкестендіру
мақсатында, ашық акционерлік қоғамнан акционерлік қоғам болып атауының
өзгеруіне байланысты Компания 2007 жылы 28 шілдеде Астана қаласы бойынша
Әділет департаментінде қайта тіркеуден өтті.
Компанияның Жарғы капиталының мөлшері 45950000 (қырық бес миллион тоғыз
жүз елу мың ) теңгені құрайды.
Ал ол, 45950 (қырық бес мың тоғыз жүз елу) дана қарапайым атаулы
акцияларға бөлінген, әр акцияның номиналдық құны 1000 (бір мың) теңге.
Компания бір орталықтан басқарылатын, құрамында жеке құрылымдық
бөлімшесі (Алматы қаласында филиалы) бар біртұтас заңды тұлға болып
табылады.
Ұйым құрылымында еншілес компаниялар жоқ.
Компанияны басқаруды:
басқару органы – Директорлар кеңесі (Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 25 қыркүйектегі № 1051 қаулысымен бекітілген);
атқару органы – Президент.

Компанияның ұйымдық құрылымы

Компанияны басқарудың ұйымдық құрылымының жоғарыда келтірілген
үлгісі компанияның негізгі қызметінің ерекшеліктерінен туындаған. Компания
қызметінің негізгі өнімі ақпараттық қызмет көрсету болып табылады.
Ақпараттық өнім түзу мен оны жүзеге асыру қызметтерді оңтайлы жіктеуге
және өндірістік тізбенің әрбір буынының үйлесімділігіне байланысты.
Өндірістік процестің бастапқы кезеңі ақпараттық өнімдер шығарудың
базалық негізін құрайтын - материалдар жинау болып табылады. Материалдың
сапасы мен көлемі тілшілер желісінің деңгейі мен аймақтық қамтуға, сондай-
ақ бірінші блокқа және компанияның ұйымдық құрылымының екінші блогына
енгізілген қызмет атқарушы тілшілердің біліктілігі мен кәсібилігіне тікелей
байланысты. Компанияның әлемдік ақпараттық кеңістіктегі қызмет аясын
кеңейту сан-салалы шетелдік тілшілер желісінің болуын талап етеді.
Екінші кезеңге - берілген материалдарды өңдеу және саралау, оларды
жүзеге асыру үшін дайын өнім ретінде түзу кіреді. Бұл жұмысты бас
редакциялар, сондай-ақ ұйымдық құрылымның екінші блогы болып табылатын
тақырыптық жаңалықтар қызметі жүзеге асырады.
Үшінші кезеңде дайын өнімді ақпараттық рынокқа өткізу жүзеге асырылады.
Өнім өткізу процесіне сондай-ақ ақпараттық қызметтер рыногына
маркетингілік зерттеу жүргізу кіреді. Ол Компания қызметін тиісінше негізгі
бағыттарға бұрады, тұтынушылардың жоғары сұраныстарын, ақпараттық
өнімдерді тұтынушылардың мүдделі топтарын, шығарылатын өнімдерге
тұтынушылар қоятын негізгі талаптарды анықтайды.
Бұл қызмет Компанияның ұйымдық құрылымының үшінші блогына жүктелген.
Бұлардан бөлек, үшінші блоктың міндетіне өндіріс процесіне қосылған барлық
құрылымдардың жұмыстарын техникалық және ұйымдық тұрғыдан қамтамасыз ету
кіреді.
Жоғарыда көрсетілген Компанияның жұмысын ұйымдастыру сызбасы әрбір
буынның өз қызметінде бір-біріне тура және жанама тәуелді екендігін
көрсетеді.
Әрбір құрылымдық бөлімшелердің жұмыстарын жолға қою маңызды құрамдас
міндеттердің бірі болып табылады.
Корпоративтік басқарудың негізгі жұмысы, акционер мен тұтастай алғанда,
қоғам мүддесі үшін Компания жұмысын қамтамасыз ету болып табылады.
Компанияның қаржылық қызметі 2007-2008 жылдары біртіндеп тұрақты
рыноктық қызметке ауысуға негізделген.
Жаңа қызметтерден түсетін табыстар шапшаң қарқынмен өсіп, өнімдік
ақпараттық линейканы саралауға компания менеджменті ставкаларының
негізділігін көрсетеді.
Компанияның даму стратегиясын әзірлеу барлық: материалдық, қаржылық,
еңбек ресурстарын, озық технологияларды тиімді бөлуді және пайдалануды,
сондай-ақ, осы негізде - бәсекелестік ортада рынокта тұрақтылықты
қамтамасыз етеді.
Қазіргі кезде Компания ақпараттық агенттіктерге ақпарат қызметтерін
көрсету саласында маманданған компаниялардың көмегімен маркетингілік
зерттеу жүргізуді қолға алып отыр.
Ресми мәліметтер бойынша 2008 жылдың 1-ші ақпанында Қазақстан
Республикасында 2116 бұқаралық ақпараттар құралдары жұмыс істеді. Олардың
123-і - Астана қаласында. Ең көп БАҚ Алматы қаласында – 730 аталым, ең аз
БАҚ – Маңғыстау облысында – 26 аталым. Оның ішінде 1327 газет, 591 журнал,
111 телеарна, 40 радиостанция, 33 телерадиокомпания, 11 ақпараттық агенттік
және 3 кабельдік телеарна провайдері бар. Жалпы алғанда бұқаралық
ақпараттар құралының 490 – мемлекеттік, 1626 – мемлекеттік емес болып
табылады.
Ақпарат рыногында бірнеше ірі ақпараттық агенттік – Компанияның тікелей
бәсекелестері бар. Олардың қатарында тармақталған халықаралық тілшілер
қосыны бар Интерфакс-Қазақстан, РАТА-ТАСС, Рейтер агенттіктері бар.
Бұлардан басқа, Казахстан Тудей, Кода және т.б. шағын ақпараттық
агенттік бар. Ақпараттық рыноктағы бәсекелестік деңгейін жоғары деп
бағалауға болады.
Бұл орайда, бәсекелестердің нарықтық балама сегменттеріне (БАҚ,
мемлекеттік органдар, ірі компаниялар) жұмыс істейтінін және икемді
тарифтік саясатты (өнімдер ұйым бюджетіне лайықты баға бойынша сатылады)
пайдаланатынын атап өту қажет.
Бүгін де Компанияның өнімін жаздырып алушылардың 35,2 %-ын БАҚ, 17,6
%-ын – мемлекеттік органдар, 43,5 %-ын кәсіпорындар, 3,5 %-ын жоғары оқу
орындары құрайды. Негізгі жаздырып алушыларды (32 БАҚ) және БАҚ
саласындағы әлеуетті клиенттерді (1300 аталым), атап айтқанда, газеттерді,
телерадиокомпанияларды және радиостанцияларды ескере отырып, Компанияның
рыноктағы үлесінің абсолюттік үлесі - 2,5 %-ды құрайтынын анықтауға болады.
нәтижелерге қол жеткізуі қиын болар еді.
Компания қызметінің күшті жақтары ретінде қарқынды дамып келе жатқан
тілшілер желісін, Компанияның адами қорын (кадрларын), сондай-ақ, ұлттық
ақпараттық агенттік ретінде Компанияның мәртебесін айту керек.
Компания көптеген бұқаралық ақпарат құралдары тұтынатын ресми ақпараттық
дерек көздердің бірі, себебі, жеделдік пен нақтылық - Компания жұмысының
маңызды сипаты болып табылады.
Қалың оқырманға ұсынылып отырған ақпараттардың барлығы орыс,
мемлекеттік және ағылшын тілдерінде шығарылатынын атап көрсету керек.
Сондай-ақ, академик Әбдуәли Хайдардың нұсқасы негізінде қазақ
тіліндегі жаңалықтар латын жазуына ауыстырылып шығып жүр.
Мәртебесі мен елдің ресми тіршілігі туралы хабарларды таратудағы
ерекшелігін ескеретін болсақ, әрине, Компания жұмысында баса назар
аударуды қажет ететін бірқатар мәселелер бар, ал мұның Компания
рейтінгіне әсер ететіні күмәнсіз. Сондай-ақ, мемлекеттік құрылымдардың да,
ірі және шағын бизнес саласындағы іскер топтар арасында да Компанияның
имиджін арттыруға назардың жеткіліксіз екенін айта кету керек. Бұл қуатты
жарнамалық науқандар өткізуге салынатын қаражаттарға тікелей тәуелді.
Ақпараттық нарықтағы үлестің аздығын Компанияның тек 2005-2006 жылдары
ғана халықаралық ақпараттық рынокқа белсенді араласа бастауымен түсіндіруге
болады. Қазіргі уақытта тұрақты клиенттік базаны толықтыру, Компания
өнімінің таратылуы аумағын кеңейту процесі жүруде. Осы тұрғыдан алғанда,
Компанияның жаңа клиенттерін іздестіру жұмыстарымен қатар, тұрақты
клиенттермен жеке жұмыстар (жеңілдікті жүйелер кезеңі, жеке көзқарас)
жүргізілуде. Мемлекеттік тілде шығатын немесе хабар тарататын бұқаралық
ақпарат құралдарына қатысты 50 %-дық жеңілдік беру тәжірибесі де
жалғастырылуда. Рыноктың басқа қатысушыларына, оның ішінде мемлекеттік
органдарға да ақпараттар ақылы негізде берілу тәжірибесі дамытыла түседі.
Компанияның негізгі клиенттерінің 40-70 %-ын - Хабар Агенттігі АҚ,
Қазақстан РТРК ЖАҚ, Рахат-ТВ Медиа-холдингі, Казахстанская правда
республикалық газеті АҚ, Егемен Қазақстан республикалық газеті АҚ,
Алма-Медиа БY және т.б. болып табылады.
Негізгі клиенттердің екінші қатарында мемлекеттік басқару органдары
(орталық және жергілікті органдар ) тұр, олар 30-50 %-ды құрайды.
Маңызды клиенттердің қатарында ірі кәсіпорындар, жоғары оқу орындары мен
кітапханалар бар, олардың үлесі - 20-30 %.
Бұған дейін атап өтілгеніндей, Компания толық мемлекеттік тілде
басылатын немесе хабар тарататын БАҚ-тарға, сондай-ақ, аймақтық бұқаралық
ақпарат құралдарына үлкен назар аударады.
Сондай-ақ, Компания өзара тиімді негізде басқа елдердің ақпараттық
агенттіктерімен және БАҚ-ымен ынтымақтастық орнатқан. Олардың қатарында:
РАТА-ТАСС, Мажарстан МТИ АА, Синьхуа АА, УкрИнформ АА, Кабар Қырғыз
ақпарат агенттігі, Ташкент АА, Молдавияның ақпарат агенттігі, АзерТАГ
және т.б. ақпараттық агенттіктер бар.

2.2 Қазақпарат Ұлттық Компаниясының 2006-2008 жылдардағы

қаржылық қызметін талдау

Компанияның 2006-2007 жылдардағы өндірістік-қаржы қызметінің негізінде
төмендегідей табыстар серпіні қалыптасты:

Кесте 1

2006-2007 жылдардағы табыстар құрылымы
Көрсеткіштер Бірлік 2006 жыл 2007 жыл 2007 жылдың
өлшемі есеп есеп 2006 жылға.
% есебімен
Барлық табыс. с.і: мың теңге 22 015 100 907 458
Негізгі қызметтен мың. теңге19 831 99 683 503
түсетін табыстар
(ақпараттық қызметтер)
Табыстың (%) үлесі, % 90,1 98,8
барлығы
Басқа да табыстар мың. тенге2 184 1 224 56
Басқа да табыстардың % 9,9 1,2
үлесі

Осы 1-ші кестеден байқалып отырғандай, 2006-2007 жылдардағы Компания
қызметінің негізгі түрі жалпы үлесі 90 %-дан асатын ақпараттық қызметтер
көрсету болды.
Компания 2006-2007 жылдары ақпараттық қызмет көрсету жөніндегі
мемлекеттік сатып алу конкурсын жеңіп алғанын да айта кету керек. Атап
айтқанда, 2006 жылы мемлекеттік тапсырыстың сомасы 18 млн. теңгені, 2007
жылы - 74,9 млн. теңгені құрады. Бұл Компанияның өндірістік және қаржылық
қуатының өсу қарқынын көрсетеді. Сондай-ақ, Компанияны дамытуға және
жарақтандыруға 2007 жылы 75,1 млн. теңге бөлінді. Бұл Компанияның негізгі
қорларын толықтыра түсті.
2006 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда, 2007 жылы табыстың 100907 мың
теңгеге дейін, яғни, 78892 мың теңгеге өскені байқалады, оның ішінде,
қызметтің негізгі түрі бойынша – 79852 мың теңгеге немесе 403 %-ға өскен.
Бұл өсім бірінші кезекте, өндіріс көлемінің артуымен, тұтынушылар
санының өсуімен сипатталады, ал бұл, Компания бюджетінің шығыс бөлігінің
артуына ықпал етті.
Кесте 2
2006-2007 жылдардағы шығыстар
(мың. теңге)
2006 жыл 2007 жыл 2007 жылдың 2006 жылға %
есеп есеп есебімен
23 799 102 745 432

2006-дан 2007 жылға дейінгі кезеңде Компанияның шығыстары абсолюттік
белгіде 78946 мың теңгеге немесе 332 %-ға өсті. 2007 жылғы табыстың өсу
қарқыны 2006 жылмен салыстырғанда шығыстың өсу қарқынынан 7,8 %-ға артық.
Мұның себебі қайта құрылу кезіндегі негізгі құралдарға кеткен шығындарда.
Ақпараттық өнімдер шығарудың артуы, жаздырып алушылар санын өсіру
жөніндегі шаралар, ұсынылатын өнім сапасын жақсарту, тілшілер желісін одан
әрі ірілендіру шаралары – Компанияға белгілі бір жетістіктерге жетуге
мүмкіндік берді.
2006 және 2007 жылдардың өндірістік көрсеткіштерін салыстыратын болсақ,
шетел редакциясы үлесінің артқанын байқауға болады. Бұл факт Компанияның
ағылшын тілінде жаңалықтар шығаруға ерекше көңіл бөліп отырғандығын
көрсетеді, ал ол, Компанияның халықаралық геоақпараттық кеңістікпен
ықпалдасуында маңызды роль атқарады.
Компанияның 2007 жылғы өндірістік қуатын 2006 жылмен салыстырар болсақ,
жаңалықтар өнімін шығарудың абсолюттік көрсеткішке, жылына 15204 жаңалыққа
немесе 83,4 %-ға өскенін көреміз (5 сурет).
Компанияның 2007 жылғы ақпараттық қуатының көрсеткіштері:
- орта есеппен күніне А2 форматты 4,21 газет беті - 78 жаңалық
(1900 белгі);
- айына орта есеппен 82,28 бет – 1 520 жаңалық;
- жылына 988 бет - 18 240 жаңалық;
Компанияның 2007 жылғы ақпараттық қуатының көрсеткіштері:
- орта есеппен күніне А2 форматты 7,5 - 139 жаңалық (1900 белгі);
- айына орта есеппен 150,9 бет - 2 787 жаңалық;
- жылына 1811 бет - 33 444 жаңалық;
Дегенмен, өндіріс қуаты қарқынының біршама өскеніне қарамастан, Компания
талдау жүргізіліп отырған кезеңде өзін-өзі ақтаудың межелі деңгейіне
шыға қойған жоқ, яғни, төлем мүмкіндігін, қаржылық тұрақтылығын және
қарыздық қаржыларды қайтара алуының әлеуетті мүмкіндігін көрсететін
Компанияның көрсеткіштері - қаржылық үрдіске қатысушы барлық тараптың
экономикалық мүдделерін тиімді жүзеге асырудың кепілі бола алатын деңгейге
жете алған жоқ.
Төменде келтірілген кестеден Компанияның қаржылық жағдайын нығайту
жөніндегі оң үрдісті байқауға болады. Атап айтқанда, 2006 жылмен
салыстырғанда 2007 жылы ақша қаржысының көлемі 4,4 есеге өсті, бұл өз
кезегінде, Компанияның абсолюттік өтімділік көрсеткішіне әсер етті. Ал, бұл
көрсеткіштің өсуі қысқамерзімдік міндеттемелер сомасы мен ақша қаржыларының
көлемімен тікелей байланысты. Сондай-ақ, ағымдағы активтердің ағымдағы
міндеттемелерге арақатынасы мүмкін болатын ақша түсімдерінің аз ғана
бөлігін қамтуы мүмкіндігін атап өту керек, сондықтан да, Компания
балансының өтімділік талдамасы шамамен беріліп отыр.
Кесте 3
Өтімділік көрсеткіші
Коэффициенттер 2006 2007
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Менеджмент теориясы
Менеджмент - басқарудың жаңа әдісі
Нарықтық экономикада бәсекелес жағдайындағы кәсіпорын қызметінің тиімділігін талдау
Қазіргі жағдайда қаржыны басқару: оның мазмұны және қызмет атқару механизмі туралы
Шағын бизнесті стратегиялық басқару және оны қаржыландыру
Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруының мәні мен мазмұны
Кәсіпорындағы маркетингтік және өндірістік қызметін талдау
Шағын кәсіпорынның экономикалық дамуындағы алатын орны мен рөлі
Жекешелендіру
Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқару
Пәндер