Ата - аналар мен балалардың арасындағы құқықтық қатынастар


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Отбасы құқықтарын қорғауда іс жүргізу ережелері,

мәселелері, ұсыныстары

Жоспар

Кіріспе . . . 6

І-тарау. Отбасы құқығы және отбасы заңдарыНЫҢ ТӘРТІБІ МЕН ШАРТТАРЫ

1. 1 Отбасы құқығы: ұғымы, негіздері мен принциптерінің негізгі

бағыттары . . . 12
1. 2 Некеге тұрудың тәртібі мен шарттарының қалыптасу ерекшеліктері . . . 18
1. 3 Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін талдау субъектісі . . . 23
1. 4 Ерлі -зайыптылардың арасындағы некені тоқтату жолдарын анықтау және шешу жолдары . . . 25

ІІ-тарау. Отбасы құқықтарын қорғауда іс жүргізу мәселелері

2. 1 Ата-аналардың, балалардың және отбасының басқа да мүшелерінің арасындағы алименттік қатынастар . . . 32
2. 2 Ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларға мемлекет тарапынан көмек көрсету жолдары . . . 34

2. 3 Отбасы құқықтарын қорғауда іс жүргізу ережелерін, мәселелерін, ұсыныстарын қолдау шаралары . . . 44

ІІІ-ТАРАУ. АТА-АНАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

3. 1 Ата-аналар мен балалардың арасындағы құқықтық қатынастар. Ата-аналар мен балалардың құқықтары, міндеттерінің туындау негіздері . . . 53
3. 2 Ата-аналардың құқықтары мен міндеттерінің теңдігін реттеу мен жүзеге асыру жолдары . . . 60

3. 3 Ата-ана құқықтарынан айыру және оларды шектеу жолдарының негізгі бағыттары . . . 64

Қорытынды . . . 69

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 73

Қосымшалар . . . 75

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Отбасы қоғамда үлкен рөл ойнайды. Отбасы құқығы - отбасы мүшелерінің арасындағы жеке мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін нормалар жүйесін көрсететін құқықтың бір саласы.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Нормативтік-құқықтық актілерде отбасы құқықтарының, неке контрактісінің толық мәнін ашу және тәжірибеде қолдана білу керектігін көрсету қажет. Отбасы құқығы және неке контрактісі еліміздегі өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

Зерттеу объектісі мен пәні - ерлі-зайыптылардың отбасылық құқықтары мен міндеттері болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: отбасы құқықтарының мағынасын ашу, біздің заңдарымызға байланысты отбасылардың құқықтық түсінігін, Ресей Федерациясының заңдарында бекітілген отбасылардың құқықтық түсінігін және шетел мемлекеттерінің заңдарындағы отбасы құқықтарының алатын рөлін қарастыру.

Осы мақсатқа сәйкес зерттеуге-мынадай міндеттер қойылды:

- біріншіден, отбасы құқықтарының мазмұнына түсінік беру; даму тарихын ашу;

- екіншіден, некеге тұру және оны бұзу тәртібіндегі неке контрактісінің рөлі;

- үшіншіден, шетелдік тәжірибені негіздей отырып, неке контрактісінің құқықтық реттелуі.

Зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздері. Теориялық маңызы жеткілікті дәрежеде отбасы құқығы мен неке контрактісін реттейтін арнайы нормативтік актілердің болмауында. Ал практикалық маңызы некеге тұрушы немесе некеде тұрған көптеген азаматтар ұлттық салт-дәстүрді сақтай отырып, неке контрактісін жасамайды.

Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде неке және отбасы құқығы туралы мынадай төмендегі аспектілері анықталады:

Отбасы - барлық адамға қажетті нәрсе. Адамның отбасын құруы - өз алдына маңызды әрі жауапты ісі болып келеді.

Барлық халықтарда неке және отбасы жөніндегі Заңдар мен кодекстерінің болуы адамзаттың жеке қатынастары қоғамдық тәртіппен берік байланысты екендігіне сенімді дәлел болып табылады.

Отбасы - қоғамның бастапқы ұясы. Сондықтан мемлекет отбасына ерекше қамқорлықпен қарайды, мүмкіндігінше оған көмек көрсетеді, кімнің болмасын оған заңсыз араласуына жол бермейді. Демек, мемлекет те адамдарға, некелі болып өмір құрған отбасына, белгілі мөлшерде талап та қояды. Сонымен қатар заңда анықталған жағдайларда - басқа да туыстар арасындағы қатынастарды реттейді. Осыдан шығатын қорытынды: отбасы құқығы - неке қатынастарының пайда болуын, өзгертілуі мен тоқтатылуын реттейтін теориялар жиынтығын зерттейтін ғылым. Талаптар қоя отырып, мемлекет некелілерге, отбасына камқорлық көрсетуге міндеттенеді. Бұл талаптар тегіннен-тегін емес, ол азаматтардың (жеткен жетістігі мен есеюіне және т. б. ), коғамның (жақсы отбасы - игіліктің негізі) камы үшін қойылады. Сондықтан отбасын қүру үшін заңда қаралған жағдайлар жасалуы керек. Некелік жас ерлер үшін - 18 жас, әйелдер үшін 17 жас болып белгіленген. Кейбір жағдайларда әйелдер үшін некелік жас бір жылға қысқартылуы мүмкін. Некелік жасты бір жылға қысқарту үшін некеге тұруға ниеттенген қыз өтінішті өзі жазуы керек. Мұндай өтінішті қызбен келісе отырып, оның ата-анасы немесе асырап алған басқа да туысы жазуына да болады. Некелік жастың бір жылға кемітілуі туралы мәселені жергілікті әкімшілік шешеді. Әдетте, некелілікке қабілеттік адамның 18 жасынан басталады деп танылған (адамдар бұл құқығын өз еркінше шешіп, өз ісіне өзі жауап береді) . Егер некеге тұру 17 жасқа толмайынша рұксат етілмесе, 18 жасқа толғанда бұл мәселе толығынан шешілетіні белгілі. Мұның өзі, атап айтқанда, ерлі-зайыптылардың бала тәрбиелеудегі тең құкығын, мүліктерді пайдалану, тағы басқа отбасы өміріндегі тең құқықтық міндеттер мен мәселелерді шешіп, айқындау үшін де қажет. Н. Ә. Назарбаев: «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім - жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады». /1. С. 15/

Отбасының толық және толық емес түрлері болады. Толық отбасында ата - анасы, балалары және әдетте, әкесі жағынан да шешесі жағынан да аға ұрпақ өкілдері - атасы мен әжесі болады.

Заңдық мағынасында отбасы дегеніміз - бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүлікке қатысты емес жеке бастың құқықтарымен байланысқан адамдар тобы. Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады. Отбасы - неке қатынастарын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы болып табылады.

Соңғы жылдары отбасы құқығы институтының маңыздылығын күрт өсуде. Себебі мемлекетіміздегі болып отырған жағдайлар отбасыдан басталады және отбасыға байланысты жүреді. Ондай жағдайлардың бірі - халықтың әлеуметтік - экономикалық ахуалы. Себебі мемлекеттің әлеуметтік жағдайы, әрбір қадамы отбасыға тікелей әсерін тигізуде.

Қазақстан Республикасының неке - отбасы заңдары бойынша:

- еркек пен әйелдің некелі одағының еріктілігі;

- ерлі-зайыптылардың отбасындағы құқықтарының теңдігі;

- отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол берілмеушілік;

- отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісіммен шешу;

- балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру, олардың өсіп жетілуі мен әл-ауқатты болуына қамқорлық жасау;

- отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдық беру;

- отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, бұл құқықтарды сот қорғауының мүмкіндіктері;

- отбасының барлық мүшелерін салауатты тұрмыс салтына ынталандыру қағидаларына негізделеді. /2. С. 6/

Неке-отбасы заңдарымен реттелетін қатынастар некеге тұрудың, некені тоқтатудың және оны жарамсыз деп танудың шарты мен тәртібін белгілейді, отбасы мүшелерінің: ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың (асырап алушылар мен асырап алынғандардың) арасындағы, ал неке-отбасы заңдарында көзделген жағдайларда және шектерде басқа туыстар мен өзге де адамдардың арасындағы азаматтық құқықтар мен міндеттерді, мүліктік емес және мүліктік жеке қатынастарды реттейді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың нысандары мен тәртібін айқындайды, азаматтық хал актілерін тіркеу және заңдарда белгіленген тәртіппен ақылы қызмет көрсету тәртібін реттейді.

Неке - ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы теңқұқықты одақ.

Отбасылық заңнама келесі шарттар мен тәртіптерді реттейді:

  • Некеге тұру;
  • Некені тоқтату;
  • Некені жарамсыз деп тану.

Некені қию, некені бұзу және оны жарамсыз деп тану азаматтық хал актілерін жазатын мемлекеттік органдар (АХАЖ) арқылы тіркеледі.

Некені жарамсыз деп тануды сот жүргізеді. Некенің жарамсыздығы оның қиылған күнінен бастап танылады. Егер некені жарамсыз деп тану туралы іс қаралатын сәтке заңға орай оның қиылуына кедергі жасаған мән-жайлар жойылса, некені жарамсыз деп тануға болмайды. Сондай-ақ, егер мұндай некені тіркеткен адамдар істі сот қарағанға дейін іс жүзінде отбасын құрса, сот некені жалған деп тани алмайды.

Салдары некесі жарамсыз деп танылған адамдар бірлесіп сатып алған мүліктің құқықтық режимі ҚР Азаматтық кодексінің үлестік туралы ережелерімен реттеледі, ерлі-зайыптылар жасасқан неке шарты жарамсыз деп танылады.

Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайын қатынастар отбасылық қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы қатынастардың бәрі бірдей құқық жөнімен реттеле бермейді. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, ізгілік - өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара құрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылық өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет - ғұрыптарға сүйенеді (үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеу) .

Отбасының ішкі мәселелері отбасы мүшелерінің өзара келісімі бойынша шешіледі. Егер ол мәселе кәмелетке толмағандардың мүдделеріне қатысты болса, оны шешуге балалар да қатыстырылады. Құқықтық нормаларға араласу отбасылық қатынастар бұзылғанда қажет. Жеке басындық қатынастармен салыстырғанда отбасылық мүліктік қатынастар құқық арқылы егжей - тегжейлі реттелеі, өйткені бұл қатынастардың объектісі материалдық игілік болып табылады. Отбасылық құқық азаматтық құқықпен тығыз байланысты. Мәселен, отбасылық құқықпен реттелмеген отбасы мүшелерінің арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттеуге азаматтық заңнама қолданылады, өйткені ол отбасылық - некелік қатынастардың мәніне қайшы келмейді.

Отбасылық құқық тек шартты түрде ғана отбасылық деп атауға болатын өзге де қатынастарды реттейді. Мәселен, немерелері мен әжелерінің арасындаңы қатынастар; өздерінің отбасын құрып, бөлек тұратын кәмелетке толған ағалары мен қарындастарының арасындағы қатынастар. Бұл көрсетілген қатынстардың негізіне көбінесе туыстық жатады, сондақтан да мұндай қатынастарды туыстық қатынастар деп атау керек. Туыстық дегенде бір негізден немесе ортақ бір атадан тарайтын қандас адамдардың байланысы түсініледі. Туыстықтың екі тармағы болады: тікелей және жанама туыстық. Тікелей туыстық адамдардың бір негізден тарайтындығына негізделеді. Туыстық жоғары және төменгі тармаққа ажыратылады. Туыстықтың жоғары тармағы ұрпақтан арғы атаға қарай тарайды (әкеге, шешеге, атаға, атаның атасына және т. б. ), төменгі тармақ - арғы атадан ұрпақтарына қарай тарайды (балаға, немереге, шөбереге және т. б. ) .

Жанама тармақ адамдардың бір атадан тарауына негіздеген. Мысалы, бір атадан тарайтын немере ағалары мен қарындастары; бір жағдайда ортақ атасы - әкесі, ал енді бір жағдайда - атасы болып табылатын көкесі мен жиені.

Мысалы, азаматтық құқықта заң бойынша мүлікке мұрагерлік етуде жақын, сондай - ақ алыс туысқан да есепке алынады. Бүгінгі күнгі мұрагерлердің алты кезектілігі анықталған. Оларға: балалары, ерлі - зайыптылар мен ата - аналарынан басқа (бірінші кезектілік) мұра қалдырушының туыстары, толық туыстары, толық емес туыс (жақын) ағалары мен қарындастары, сондай - ақ оның әкесі жағынан және шешесі жағынан келетін атасы мен әжесі (екінші кезектілік), мұра қалдырушының туған көкесі мен тәтәлері (үшінші кезектілік), мұра қалдырушының алтыншы атасына дейінгі өзге де туыстары (төртінші кезектілік), егер олар мұра қалдырушымен бір ортада кем дегенде ое жыл бірге тұрса туыс ағалары мен қарындастары, өгей әкесі мен шешесі (бесінші кезектілік), мұра қалдырушының еңбекке жарамсыз асырауында болғандар (алтыншы кезектілік) жатады. Заң бойынша мұрагерлер кезегі бойынша мұрагерлікке ие болады. Туған ағалары мен қарындастары толық туыс және толық емес туыс болып бөлінеді. Толық туыстар - бір ортақ ата - анадан тарайтын аға - іні, апа - қарындастар. Егер әкесі мен шешесінің біреуі ғана ортақ болса, онда ағасына іні - қарындастары толық емес туыс деп есептеледі. Егер олардың аналары бір, ал әкелері басқа болса, оларды бір кіндіктен тарағандар (яғни, бір анадан туғандар) деп атайды. Егер олардың әкесі бір, шешелері басқа болса, онда оларды қандастар деп атайды. Қазақстанның отбасылық заңнамасы құқықтық жағынан ағасына іні - қарындастарды толық туыс не толық емес туыс деп айырмайды. /7. С. 16/

Толық емес туыс аға - қарындастарды ерлі - зайыптылардың бұрынғы некелерінен немесе некеден тыс туған туыс аға - қарындастарымен шатастыруға болмайды. Олардың ортақ әкелері де шешелері де жоқ, демек, олар туыс емес, сүйек жақындар деп танылады. Ері мен оның тусытары бір жағынан, әйелі мен оның туыстары - екінші жағынан, бұлар да сүйек жақындар. Өгей әке - шешесі және өгей ер бала мен қыз да сүйек жақындар деп есептеледі.

Толық емес отбасы балалардың ата - анасының біреуінің ғана болуымен сипатталады. Соның өзінде балалардың ата - аналары ажырасқан болса, балалары соның қарамағында қалған ата - анаға екінші жағы балаларды және еңбекке жарамсыз ерлі - зайыптыны бағып - қағу үшін алимент төлейді. Егер ерлі - зайыптылардың біреуі қайтыс болып, екіншісінің қарамағында кәмелетке толмаған балалары қалса, онда оған мемлекет жәрдемақы ретінде материалдық көмек көрсетеді. Сөйтіп, толық және толық емес отбасы да тең жағдайда заң және мемлекетарқыы қорғалады.

Неке мен отбасын қорғау екі түрде жүзеге асрылады: юрисдикциялық және бейюрисдикциялық. Біріншісінде - отбасының құқығы бұзылған немесе дауланатын құқықты қорғау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органдарды қарастыру арқылы жүзеге асырылады. Бұлар сот, прокурор, азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАЖ) органдары, қамқоршылық органдары, ішкі істер органдары.

Екінші түрі - отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтар мен ұйымдардың азаматтар мен ұйымдардың іс - әрекеттері. Азаматтар бұл әрекеттерді мемлекеттік органдардан көмектесуді өтінбей - ақ өздері іске асырады. Мұндай іс - әрекеттерді - құқығын өзі қорғау деп атайды. Мысалы, құқығы бұзылған баланың ата - анасы тәртіп бұзушы баланың ата - анасымен кеңесіп, оған кешірім сұрауға ұсыныс жаайды және т. б.

Сот арқылы қорғау - отбасы құқығын қорғаудың бір түрі болып табылады. Бұл істе прокуратура, ішкі істер органдары, АХАЖ органдары, тәрбиелік мекемелер, атқарушы органдар - әкімдіктер үлкен рөл атқарады. Мысалы, әкімдіктер ата - аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау шараларын қолға алуға, ондай балалары есепке алуды ұйымдастырып, оларды отбасыларға орналастыруға көмектесуге міндетті. Ішкі істер органдары баланы күштеп тартып алуға, сондай - ақ алимент төлеуден жалтарып жүрген адамдарды іздестіруге байланысты шешімдерді күштеп орындауға қатысулары мүмкін.

Отбасы - ерекше педагогикалық жүйе. Әлеуметтану ғылымы отбасын тұтас қоғамдық ағзаның бөлігі, әлеуметтік - тәрбие беретін ұжым ретінде қарастырады. Қоғамның әлеуметтік - экономикалық салада орын алған өзгерістері міндетті түрде отбасының өмірінен көрініс табады. Отбасы моральдық, психологиялық жаңаруы барысында созылмалы, оның үстіне қарама-қайшылықты, күрделі болып келеді. Сондықтан да, отбасында жаңа қатынастар, жаңа моральдық ұғымдар орнығуы экономикалық салаға қарағанда баяу қарқынмен іске асады. Өйткені отбасын болжамдаудың қиындығы қайта құруларға, негізгі әлеуметтік - экономикалық факторлармен бірге биологиялық, психологиялық және демографиялық факторларға байланысты.

Бұл жұмыстың ғылыми жаңашылдығы - ұлттық тілде бұл тақырыпта зерттелген жұмыстар аздық танытып отыр. Сондықтан осы қазақ тілінде зерттеліп отырған жұмыстың ғылымға қосатын үлесі зор болады деп ойлаймын.

Диплом жұмысы кіріспе, үш бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиет тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Жұмыс барысында отбасы құқығы мәселесін қарастырған отандық және шетелдік авторлардың нормативтік-құқықтық еңбектері, мерзімді басылымдар қолданылған.

І-тарау. Отбасы құқығы және отбасы заңдары

1. 1 Отбасы құқығы: ұғымы, негіздері мен принциптері

Отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең үлкен мәнге ие орта.
Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғашқы рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларды игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі.

Отбасы- оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Өйткені бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.

Отбасы тәрбиесі - бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата- аналардың борышы. Оған дәлел: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерлерінің, жас натуралистер станцияларының, ғылыми-техникалық және көркемдік шығармашылық үйірмелерінің жүйесін кеңейту; ананы, балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу; отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаторийлердің, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру.
Отбасында басты мәселелердің бірі- баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу- әрекеті бос уақытын ұйымдастыру жатады.
Отбасы, барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы отбасының өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі - ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы.
Балалардың отбасынбағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады. Ол отбасы мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйелмендік, тұрмыстық өмір. Отбасы тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешкандай да түрі алмастыра алмайды.

Отбасы - болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым. Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі.

Отбасы тәрбиесінің қоғамдық және мемлекеттік тәрбиеге қарағанда артықшылығы басым. Алайда, қазіргі қоғамдық өмірде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және демографиялық өзгерістер отбасына белгілі бір қиыншылықтар туғызады.

Неке - отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі - зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты - неке деп түсінуіміз қажет.

Егер неке тіркелмесе де, бірақ еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады. Егер кәмелетке толған балалары ата - анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлық жасап, материалдық көмек көрсетсе - бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата - анасыз бірге тұрып, бір - біріне қамқорлық жасайтын болса - бұл да отбасы.

Ата-аналардың білім деңгейіне байланысты да отбасында ерекшеліктер орын алады. Мысалы: ата-аналардың білімі жоғары болған сайын олардың балалары мектепте жақсы оқиды. Қазіргі ата-аналар жұмыс басты болғандықтан бала тәрбиесі көбінесе білімі төмен ата мен әжелерге жүктеледі.
Қоғамда жүріп жатқан тұрғындардың материалдық жағдайға байланысты жіктелуі отбасы тәрбиесіне материалдық жағдайы әртүрлі ата-аналардың қарым- қатынасына әсер етеді. Отбасында балаларға отбасылық бюджеттің 25-50% жұмсалады. Материалдық кірісі мол отбасыларда педагогикалық көзсоқырлық, тойынғандық жағдайға алып барады. Тойынғандық дегеніміз - өмірге, өмірдегі материалдық және рухани құндылықтарға деген жеккөрінішті, келекетті қатынас.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасы құқығы түсінігі
АТА-АНАЛАРДЫҢ БАЛАЛАРҒА ҚАРСЫ МІНДЕТТЕРІ
Отбасы – неке заңдары
Алиметтік міндеттемелерді құқықтық реттеу
Отбасы құқығы туралы жалпы түсінік
Отбасы құқығы пәні
Отбасы құқығы туралы
Ата-аналар мен балалардың арасыңдағы құқықтық қатынастар туралы
Құқық негіздері
Отбасы мүшелері арасындағы алиментті құқықтық реттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz