Араб - Израиль соғысы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті

«Экономика» факультеті

«Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: «Таяу Шығыстағы қақтығыстар проблемасы

және оны шешу жолдары (Араб-Израиль соғысы мысалында) »

4 курс студенті:

Ғылыми жетекшісі:

э. ғ. к., доцент

Рецензент:

аға оқытушы

Жұмыс қорғауға жіберіледі:

«Әлемдік экономика және

халықаралық қатынастар»

кафедрасының меңгерушісі

«___» 2009 ж.

Алматы

2009жыл

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 5

1 Тарау. Қазіргі заманғы халықаралық қақтығыстар: оларды

зерттеу және реттеу . . . 7

  1. ХХ ғасырдағы халықаралық қақтығыстардың ерекшеліктері . . . 7
  1. ХХІ ғасырдың басындағы ассиметриялық қақтығыстар,

олардың нәтижесі . . . 13

2 Тарау. Палестина - Израиль қақтығысы: пайда болуы, кезеңдері

және реттелуі . . . 18

2. 1. Палестина-Израиль қақтығысының тарихи алғышарттары және

пайда болуы, дамуы . . . 18

2. 2 Араб-израиль қатынастарының кезеңдері және оны

реттеу жолдары . . . 21

2. 3. Араб-Израиль қақтығысының қазіргі кездегі жай-күйі . . . 32

3 тарау. Таяу Шығыстағы қақтығысты реттеу мәселесі және

оның болашағы . . . 51

3. 1. Қазіргі кезеңдегі Араб-Израиль қақтығысы және оның

халықаралық қатынасқа әсері . . . 51

3. 2. Таяу Шығыстағы қақтығысты реттеудің болашағы . . . 63

Қорытынды . . . 70

Қолданылған әдебиеттер . . . 72

Кіріспе

XX ғасыр бойына араб әлемінде аймақтың ерекшеліктеріне сәйкес келетін қоғамдық даму концепцияларын іздестіру және әзірлеу өз жалғасын тапты. Ол концепциялар басым халықтың ақыл-ойын жаулап алып, Таяу және Орталық Шығыстың тарих барысына өте тиімді ықпал етуі тиіс еді. Осы үдеріс аясында екі идеялық ағым пайда болды: діни ағым, оның негізінде панисламизм доктринасы қалыптасты, және ұлттық ағым, арабтарды біртұтас ұлт ретінде түсіну, яғни панарабизм доктринасының туындауы. Осы екі ағымның билік органдарында, сондай-ақ Таяу Шығыс пен Солтүстік Африканың әр түрлі елдерінде халықтың кең массасының арасында өз жақтаушылары болды. Осы доктриналардың көптеген ережелері ХХ ғасырдың бірінші жартысында құрылған саяси партиялардың бағдарламалары, сондай-ақ көптеген араб елдері үкіметтерінің және аймақтық ұйымдардың іс жүзіндегі іс әрекеттері немесе саяси декларациялары негізіне алынды.

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Осман империясы құлаған уақыттан бастап Араб әлемінің бірігу мәселесі араб халқының ұлт-азаттық күресін соғыстан кейін көтеру жағдайында өте өткір мәнге ие болды. Оған деген қызығушылықта әр түрлі араб саяси күштері анықталады.

1941 ж. мамырда араб біртұтастығы идеясын қолдау мақсатында ағылшын үкіметі араласты, ол Таяу Шығыстағы өз позициясын нығайтуға ұмтылды. Британияның билік органдары осындай саяси қадам арқылы Палестина проблемасын, яғни Палестинаның араб халқының тәуелсіз мемлекетті құру құқығын қамтамасыз етумен байланысқан таяу шығыстық реттеу мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге араб әлемінің басым халқы батыстың саяси және экономикалық қысымына қарсы тұру мақсатында біртұтастыққа ұмтыла бастады.

Палестина проблемасы бұл төрт миллионнан астам палестина халқының ұлттық құқықтары жөніндегі, ең алдымен өзін-өзі айқындау және өз мемлекетін құру жөніндегі мәселе болып табылады.

XXI ғасырдың басында Таяу Шығыстағы күрт шиеленісіп кеткен жағдай палестиналықтардың өз мемлекетін құру сияқты өз армандарына жету жолындағы қиындықтарды көп дәрежеде айқындады.

Жарты ғасырдан астам уақыт бойы әділетті саяси шешімін таппай келе жатқан Таяу Шығыстағы теке-тірес әлдеқашан жергілікті шеңберден шығып, халықаралық дәрежедегі шешілуі аса қиын қатерлі саяси проблемаға айналып отыр. Палестиндік ғалым С. Ғ. К. Исса Люайдың пікірінше осы жағдайдың өзі бұл тақырыптың ғылыми өзектілігін айқындайды, және жанжалдың бейбітшілік орнату жолдарынан пайдалы тәжірибе алып, аймақтық қақтығыстардың алдын- алуда, шешуде қолдануға болады.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Тарих толқынында» атты еңбегінде Таяу Шығыс қақтығысының тарихына үңілу арқылы Орталық Азияның жас, тәуелсіз

мемлекеттері өздеріне аса маңызды тарихи тағылым алуы қажет екендігін айтады [1, 15 б] .

Оның дамуы барысында, яғни 50 жылдан астам мерзім ішінде екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы кезінен бастап әлемдік дамудың негізгі тенденциялары көрініс тапты. Жаһандану бүкіл әлемді, барлық елдерді қамтиды, дегенмен олар осы үдерісте бірдей рөлді атқарады. Халықаралық ұйымдарға қатыса отырып, олар бірлескен шешімдерді қабылдайды, өз пікірін айта алады. Әрине өте күшті, өте дамыған елдердің қысымына жол беруге мәжбүр болады, дегенмен олардың өзі халықарылық ұйымдардың өзінен әлсіз қатысушыларының ықпалына түседі.

Жұмыстың өзектілігі. Араб әлеміндегі дамып келе жатқан тенденцияларды ескере отырып, Таяу Шығыстағы қақтығыстарды палестиналық реттеу тұрғысынан ғылыми зерттеу өте маңызды әрі өзекті болып табылады. Сондықтан да осы зерттеу тақырыбы да өзекті болып табылады.

Таяу Шығыс аймағындағы қақтығыстың себептерін және басқа жағдайларды теориялық түсіну мәселесі ежелден келе жатыр. Ежелгі жазбалар мен аңыздар осы жерде өмір сүрген тайпалар мен халықтардың келіспеушіліктерін, жаукештігін және қақтығыстарын дәлелдейді. Бірақ та аймақтағы оқиғаларға қатысты теориялық қызығушылық қазір ғана жүйелік сипатқа ие болды.

Араб-Израиль қақтығысының туындау және даму үдерістері қақтығыстың айрықшалануын және оған қатысқан әр түрлі күштердің қарама-қарсылығы деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін жүйелік тәсілді, әр түрлі типологияларды қолдана отырып, талданады. Қақтығыстың әр алуан факторларының стратегияларын, нысандарын және әдістерін зерттеу, олардың арасындағы және басқа құрылымдары арасындағы өзара әрекеттесулері кезінде хронологиялық және проблемалық тәсілдемелер үйлесімі қолданылады.

Зерттеу пәні және нысаны. Таяу Шығыстағы саяси дағдарыстың сан қырлы проблемалары зерттеу жұмысының пәнін құрайды. Араб-Израиль соғыстарының халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздік жүйесіндегі орны зерттеу жұмысының нысаны болып табылады.

Зерттеу мақсаты - Араб-Израиль соғыстарын тарихи тұрғыдан жүйелі түрде зерттеу және аймақтағы саяси процестердегі БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдардың рөлін, сондай-ақ ірі державалар мен қақтығысқа қатысушы тараптардың саясатын жан-жақты талдау. Негізгі мақсатқа қол жеткізу үшін бірқатар нақты міндеттерді шешу алға қойылып отыр:

- араб-израиль қақтығысы тарихын талдау, қақтығысты туындатқан негізгі факторларды және араб-израиль қатынастары проблемасын анықтау;

- араб-израиль қақтығысының негізгі құрылымдық элементтерін анықтау;

- араб-израиль қақтығысы тарихи үдерісінің негізгі сатыларын анықтау;

- араб-израиль қақтығысының реттеуші функцияларының әлеуетін және жүзеге асыру шарттарын анықтау.

Жалпы алғанда, диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Тарау. Қазіргі заманғы халықаралық қақтығыстар: оларды зерттеу және

реттеу

  1. ХХ ғасырдағы халықаралық қақтығыстардың ерекшеліктері

Халықаралық қатынастардың негізін өзара байланыстың және өзара тәуелділіктің саяси қатынастары құрайды. Халықаралық қатынастардың саяси құраушыларының жетекші рөлі мемлекет сияқты саяси институт әрекет етіп тұрған жағдайда басты көрсеткіш болып мемлекетаралық шекара болып табылатындығымен анықталады. Дегенмен, кез келген қоғамның ішкі өмірінің факторлары, оқиғалары мен нормалары оңай әрі жылдам түрде бүкіл әлемдегі басқа қоғамдардың байлығы болып табылады.

Халықаралық қатынастарға келесі ерекшеліктер тән болып келеді:

  • анархиялық элементтер, бұл жерде билігі баршаға танымал болатын, ал шешімдері сәйкес мәжбүрлі тетікітермен бекітілген сөзсіз міндетті сипатта болатын жоғарғы инстанция жоқ болады. Сондықтан да халықаралық қатынастар көп жағдайда «егемендіктер плюрализмі» болып қала береді, ол жердегі әрбір қатысушы өзіндік пікірлер мен иелігіндегі ресурстарға негізделе отырып, шешім қабылдайды;
  • халықаралық қатынастардың өскелең халықаралық акторлары, ғасырлар бойына әзірленген және халықаралық қатынастардың жай-күйімен талап етілетін нормалар мен ережелер, олардың құрылымы мен түрленуі әрекетіне ықпал ету;
  • сипаттамалардың қарама-қайшылығы: тұтастығы мен фрагментарлығы; тарихы мирасқорлық және алшақтықтар, яғни сапалы түрде жаңа феномендердің туындауы; бір-біріне ауысатын ынтымақтастықтар және қақтығыстар; әлеуметтік қауымдастықтардың интеграциясы және өз-өзін сәйкестендіруі.
  • әлемдік дамудың жаһандануының ықпалы, оның экономикалық, мәдени, қаржылық, стратегиялық және экологиялық салдары әр алуан елдер мен халықтардың жақындасуына, сондай-ақ бөлінуіне ықпал етеді, ұлттық егемендікің және саяси ұйымның аумақтық қағидасының жойылуы;
  • мемлекет және үкіметаралық ұйымдар сияқты дәстүрлі халықаралық ұйымдардың қатысуымен қатар жаңа әрекет етуші тұлғалардың қатысуы: мыңдаған үкіметтік емес ұйымдар, трансұлттық корпорациялар, банктер мен кәсіпорындар, ірі медиа топтар, көптеген кәсіби бірлестіктер, аумақтық топтастықтар, қылмыстық синдикаттар, бай және салыстырмалы түрде бай саналатын елдерде ұлғайып бара жатқан этникалық диаспоралар, қандай да бір арнайы қашқындары, қаржылық саудагерлер, ықпал ету агенттері және т. б. ;
  • мемлекеттің өзінің басты рөлін - азаматтардың жеке және әлеуметтік қауіпсіздігінің кепілі рөлін - өте айқын түрде жоғалтуы. Бірқатар аспектілерде әлеуметтік қауымдастықтардың әрекет етуінің мемлекеттік нысаны олардың әрі қарайғы дамуына, тұлғалардың құқықтары мен еркіндігінің гүлденуіне кедергі жасайды, барлық халықтардың және біздің планетамызда тұратын әрбір азаматтың мүдделері үшін дамитын біртұтас әлемдік қауымдастықтың қалыптасуына бөгет болады.

Кез келген әлеуметтік қатынастар сияқты, халықаралық қатынастар - бұл салт-санасы, ерік-жігері, жеке физикалық және психологиялық ерекшеліктері, жеке артықшылықтары мен кемшіліктері бар, көңіл-күйі өзгеретін, әр түрлі жағдайлар ықпалына түсетін адамдар қызметінің үдерісі мен нәтижесі.

Ол қатардағы азаматтарға, сондай-ақ миллиондаған адамдардың тағдырына жауапты және шешім қабілдайтын тұлғаларға - мемлекеттік қызметкерлерге, халықаралық ұйымдардың басшыларына, жеке қаржылық фирмалардың немесе банктердің, ақпараттық компаниялардың, өндірістік кәсіпорындардың директорларына, ұлттық идеалдар үшін күрес көшбасшыларына, лаңкестік топтастықтар мен мафиоздық құрылымдардың басшыларына қатысты болады.

Бұл айтылғандардың барлығы халықаралық қатынастардың шектен тыс күрделілігін дәлелдейді. Халықаралық өмірді тану, түсіну және түсіндіруді жеңілдету мүмкін емес.

Қақтығыстар әрқашанда адамзаттың дамуына ықпал етеді. Неміс тарихшысы әрі әскери теоретигі К. фон Клаузевицтің пікірінше, әлем тарихы - бұл соғыстар тарихы. Бұл пікір асыра айтылғанымен, тарихтағы қақтығыстардың рөлі едәуір болғандығымен келіспеуге болмайды: әскери қақтығыстар көптеген адамдардың өмірін алып кетті, күйреулер мен аштыққа әкелді, кей жағдайда олар бір сәтте баюдың көзі болды.

ХХ ғасырда қақтығыстар мен соғыстар сипаты сапалы түрде өзгерді. Ең алдымен, қақтығыстар жекелеген мемлекеттер мен континенттер аумағынан тыс жерлерге өздерінің таралу мүмкіндігін алғаш рет көрсетті: ХХ ғасыр екі әлемдік соғыстың ғасырына айналды. Осы жүзжылдыққа «қырғи қабақ» соғыс та жатқызылады, ол жаңа әлемдік соғысқа жалғасу қаупін туындатты. Осылайша, ХХ ғасырдағы қақтығыстардың бірінші ерекшелігі - олардың әлемдік масштабқа дейін ықтимал кеңеюі.

ХХ ғасырдың екінші маңызды ерекшелігі жаппай қырып жою қаруының (ЖҚҚ) пайда болуы және қолданылуы. 1915 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде химиялық қару-жарақ ретінде иприт қолданылды, ал 30 жылдан кейін Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғында Жапонияға ядролық шабуыл жасалды. ЖҚҚ-ның және оларды жеткізу құралдарының дамуы соғыстар қисынын күрт өзгертті, яғни ол халықты басты нысана ретінде қарастырып, бүкіл адамзатты жоюға дейін ықтимал зардап шеккендер санын бірнеше есеге ұлғайтты. ЖҚҚ-ның пайда болуы қақтығыстарға да ықпал етті: оларды қолдану қаупі қақтығысты мүлдем басқарылмайтын дәрежеге жеткізер еді.

ХХ ғасырдың үшінші маңызды ерекшелігі мынада, яғни олардың өздері ғана емес, сонымен бірге жергілікті қарулы қақтығыстардың салдары да әлеуетті жаһандық сипатқа ие болды. Мысал ретінде 1990 жылғы Ирактың Кувейтке шабуылы кезінде Парсы шығанағындағы мұнай скважиналарының өртенуін еске түсіруге болады. Қарулы қақтығыстардың аймақ пен планетаның экологиясына ықпал етуі, босқындар санының көбеюі және соларға байланысты гуманитарлық проблемалардың туындауы көптеген мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың және басқа қатысушылардың күш-әрекеттерін талап етті.

Осының барлығы соғысқа әкелуі мүмкін халықаралық қақтығыстар мен дағдарыстарды жою үшін айырықша іс-әрекеттерді қабылдауға итермеледі.

Осы мақсатта Ұлттар Лигасы, БҰҰ, сондай-ақ басқа да көптеген аймақтық халықаралық ұйымдар құрылды, халықаралық құқық дамыды, қақтығыстарды реттеудің технологиясы жетілдірілді.

Дегенмен, ХХ ғасырдың екінші жартысында қақтығыстарға тойтарыс беру мүмкін болмады. БҰҰ ұйымының мәліметтері бойынша, 1945 жылдан бастап 1992 жылға дейінгі аралықта әлемдегі 100-ден астам негізгі қақтығыстар 20 миллионнан астам адамның өмірін қиды. Көптеген қарулы қақтығыстар Африка, Азия және Таяу Шығыс аймақтарында болды.

КСРО және АҚШ сияқты екі ұлы державаның және олар басқаратын блоктардың қарсылығы «қырғи қабақ» соғыс кезеңінде әлемнің саяси дамуының жетекші факторы болып табылды және төмен деңгейлі қақтығыстарды белгіленген дәрежеге дейін «шешті». Мұндай қақтығыстарды ұлы державалар өздерінің әскери-саяси қарсы шығуларында қолданды. Сонымен бірге ұлы державалар аймақтық қақтығыстарды өз бақылауында ұстауға ұмтылды, кері жағдайда олар басқаруға келмей, жаһандық соғысқа айналып кетуі ықтимал еді. Сондықтан да өте қауіпті жағдайларда биполярлы әлемнің көшбасшылары қатаң қарсылыққа қарамастан, шиеленіскен жағдайды төмендету бойынша өз әрекеттерін үйлестірді. Мұндай қауіп «қырғи қабақ» соғыс кезінде араб-израиль қақтығысының дамуы кезінде бірнеше рет туындады. Ол кезде әрбір ұлы держава қақтығыстық жағдайды төмендету үшін өз одақтасына ықпал етті.

«Қырғи қабақ» соғыс кезінде КСРО мен АҚШ-тың тікелей қатаң конфронтациясы жағдайы туындады. Осындай өткір сәттердің бірі болып 1962 жылғы Кариб (Куба) дағдарысы қарастырылады. Сол кезде АҚШ та, КСРО да ядролық соққыны жасау мүмкіндігін қарастырды.

Жаңа маңызды сипаттамалардың пайда болуына қарамастан, халықаралық қақтығыстар шамамен 1980 жылдың аяғына дейін ең алдымен мемлекетаралық болып табылды. Халықаралық қақтығыстарды түсінуге қатысты айрықша проблема болған жоқ: «мемлекетаралық қақтығыстар» және «халықаралық қақтығыстар» түсініктері синонимдер болды. Осы себепке байланысты әңгіме саяси сала жөнінде болып жатқандығы түсіндіруді талап етпеді. Экономикалық немесе басқа сұрақтар мемлекеттік деңгейге ауысқан сәтте-ақ, олар саяси сипатты иеленеді.

Бүкіл ХХ ғасыр бойына ішкі қақтығыстар (соның ішінде этникалық, конфессиональды және т. б. ) әрине болды, бірақ та халықарлық аренаға «тікелей» шықпады.

Қақтығыстар, дағдарыстар және соғыстар халықаралық зерттеулердің дәстүрлі нысаны болды. Халықаралық қатынастар теориясы ғылыми және оқу пәні ретінде Бірінші дүниежүзілік соғыстың шешілуіне жауап ретінде туындады. Дүниежүзілік соғыстың туындау себептері және жаңа соғыстарды жою мүмкіндіктері әлемде бірінші болып 1919 жылы Ұлыбританияда құрылған халықаралық қатынастар кафедрасының назарында болды.

1940 жылдары халықаралық қақтығыстарды зерттеуге бағытталған ғылыми сала негіздері қаланды. Халықаралық қақтығыс белгілі бір бірегей тарихи құбылыс ретінде қарастырылмайтын болды. Қақтығыстарды зерттеуге П. Сорокин және К. Райт сияқты ғалымдар өз үлестерін қосты. Атап айтсақ, Сорокин әлеуметтік қақтығыстар класын анықтады, оған халықаралық қақтығыс жатады. Ал Райт халықаралық қатынастардың даму сатыларын зерттеу идеясын ұсынды: 1) мақсаттардағы айырмашылықтарды анықтау; 2) шиеленістің ұлғаюы; 3) қақтығысты шешу үшін күштерді қолданусыз қысым көрсету; 4) қақтығысты қарулы негізде шешу.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қақтығыстар бойынша зерттеулер күрт жандана түсті (ең алдымен АҚШ-да) және жекелеген ғылыми сала ретінде қақтығыстарды зерттеуді институционалдық ресімдеу жүзеге асады: университеттерде қақтығыстар бойынша зерттеулер жүргізіле бастайды және курстар оқылады, бейінді журналдар пайда болады. Қақтығыстарға, соның ішінде халықаралық қақтығыстарға арналған зерттеулерде келесі бағыттар анықталады:

  • құрылымдық элементтердің анықталуы;
  • дамудың динамикасын талдау;
  • қақтығыс функцияларын зерттеу;
  • қақтығыс типологиясын қарастыру;
  • қақтығысты ретту және шешу үшін оған ықпал ету мүмкіндіктер мен шектерін зерттеу.

Зерттеушілердің әр алуан зерттеулері көрсеткендей, екі немесе одан көп тараптар арасында туындайды, олар қақтығыстың негізгі немесе тікелей қатысушылары болып табылады. Бірқатар халықаралық қақтығыстарға негізгі қатысушылармен қатар, жанама қатысушылар да қатысады, олар қақтығыстың өзінде белсенді іс-әрекеттерді жүзеге асырмайды, бірақ та олар бір тарапты саяси, экономикалық әдістермен, қару-жарақты жеткізуді қолдайды. Жанама қатысушылардың қақтығыстарға қатыстылығы дәрежесі кең түрде тербеледі.

Қақтығыс пәні, яғни тараптар арасында қақтығыс не себепті туындайтындығы - басқа құрылымдық элемент. Халықаралық қақтығыс пәні болып даулы аумақ, ресурстарды (мысалы, мұнай, теңіз) пайдалану құқығы алынады. Тараптар олардың арасындағы қақтығыс құралы неде екендігін әрқалай анықтайды. Мысалы, 1974 ж. Кипрдегі қақтығысқа байланысты грек тарапы қақтығыс пәні ретінде - Кипрдегі түрік әскерлерінің орналастырылуын (сәйкесінше, олардың елден шығарылуын талап етті), ал түрік тарапы Кипрдегі түрік қауымдастығының қауіпсіздікпен қамтамасыз етілмегендігін (сондықтан да, осы қисынға сәйкес әскерлер шығарылмады) қарастырды.

Халықаралық қақтығыстың даму динамикасын зерттеу мынаны көрсетті,

яғни ткелей қатысушылар да, жанама қатысушылар да өзгеріп отырады.

Көп жағдайда жанама қатысушылар қақтығысқа кірісіп кеткендігі соншалық, олар тікелей қатысушыларға айналыа кетеді. Жаңа тараптар пайда болады, соның ішінде қақтығысты реттеуге ұмтылғандар да кездеседі.

Қақтығыстың динамикалық аспектілеріне оның даму сатыларының ауысымы жатады. Райттан кейін, қақтығыс сатыларын зерттеумен американдық зерттеушілер Д. Прюитт және Дж. Рубин айналысты. Олар қақтығыстың дамуын үш әрекеттен тұратын пьеса сюжетінің дамуымен салыстырды: ең басында қақтығыстың мәнісі анықталады, содан соң ол өзінің шырқау шегіне жетеді, және ақыр соңында қақтығыстық қатынастардың құлдырауы орын алады.

Қақтығыстық қатынастардың күшеюі үдерісі екі жолмен жүреді: эскалация есебінен (жаугершілік іс-әрекеттердің жиіленуі және күшеюі - қақтығыстың төменге қарай тереңдеуі) және оның кеңеюі есебінен (жаңа қатысушылардың қосылуы) .

ХХ ғасырдың екінші жартысында көптеген жұмыстар қақтығыс функцияларын талдауға арналды. Оларды зерттеумен айналысқандар: Л. Козер, М. Дойч, К. Митчелл, ДЖ Беркович және т. б. Халықаралық қақтығыстардың әр түрлі - оң (жағымды) және теріс (жағымсыз) функциялары бар. Қақтығыстардың жағымды функцияларына жататындар: қақтығыстар стагнацияны жояды; проблемаға назар аударуға мәжбүрлейді; қатысушыларды қиын жолдан шығуға ынталандыра отырып, креативтілікті ынталандырады; топтық біртұтастықты, ішкі ынтымақтастықты күшейтеді; мүдделер мен мақсаттардың келіспеушілігі дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді; әрбір қатысушының әлеуетін анықтайды. Сонымен бірге қақтығыстардың деструктивті функциялары да бар: олар жаппай тәртіпсіздікке, тұрақсыздыққа, зорлық-зомбылыққа алып келеді; стресті күшейтеді; шешімдерді тиімсіз түрде қабылдау мүмкіндігін туындатады.

Көптеген зерттеулерде халықаралық қақтығыстардың әр алуан типтерін анықтау ұмтылыстары жасалды. Дәстүр бойынша халықаралық қақтығыстарды былайша ажыратады: қатысушылар саны бойынша - екіжақты және көпжақты; қамту географиясы бойынша - аймақтық, жергілікті, жаһандық; қақтығыстың созылу уақыты бойынша - қысқамерзімді және ұзаққа созылған. Сондай-ақ қақтығыстар жаугершілік іс-қимылдарының айқындалу дәрежесі бойынша - қарулы және қарусыз; қарым-қатынастарды реттеу бойынша қақтығыстар және реттеу ережелеріне қатысты қақтығыстар; қақтығыс дербес болып табылады ма әлде басқа мақсаттарға қол жеткізудің құралы, яғни инструментальды қақтығыс болып табылады ма?

Тараптар мүдделерінің құрылымына байланысты қақтығыстар былай жіктеледі:

  • нөлдік сомасы бар (бір тарап екінші тарап қаншаға ұтылса, сонша ұтысқа ие болады) ;
  • нөлдік емес сомасы бар (екі тарап та ұтады, өйткені олар қақтығыс барысында алуға ұмтылады) ;
  • теріс сомасы бар (мұндай қақтығыс нәтижесінде олар ештеңеге қол жеткізбейді, керісінше ұтылады) .

Ресейлік ғылымда халықаралық қақтығыстар негізінен тарихи-саяси құбылыс ретінде зерттелді. Оларға Г. А. Арбатов, В. В. Журкин, А. А. Кокошин, В. А. Кременюк, Е. М. Примаков сияқты ғалымдардың жұмыстары жатады.

Е. М. Примаков және В. В. Журкин қақтығысты талдау әдістемесін әзірледі, ол жағдайлық талдау деп аталды. Сол үшін авторларға 1980 жлы Мемлекеттік сыйлық берілді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі әлемдегі аймақтық және жергілікті қақтығыстар
Бүкіл Палестина территориясын қамтитын жылдам түрде еврей мемлекетін құру
ХХ ғасырдың 40 жылдарының соңы мен 70 жылдар арасындағы араб-израиль шиеленісі
Екі белдеулі әлем жағдайында екі ірі мемлекеттің бір бірінің саяси ахуалына, сыртқы саясатына қызығушылығы - заңды табиғи құбылыс
Египет және Таяу Шығыста қалыптасқан геосаяси жағдай
АРАБ ЕЛДЕРІ. ИЕРУСАЛИМ ТАҒДЫРЫ
Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы оғы
БАСҚЫНШЫЛЫҚ СОҒЫС ЖӘНЕ ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ ТАЯУ ШЫҒЫС
Палестинаға еврейлердің шексіз қоныс аударуы
Қазіргі әлемдегі аймақтық және жергілікті қақтығыстар мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz