Жәрдемақылардың әмбебап жүйелері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
Белгілер мен қысқартулар

БҰҰ – Біріккен Ұлттар ұйымы
КСРО – Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы
ММСҚ – Міндетті медициналық сақтандыру қоры
АҚШ – Америка Құрама Штаттары
Бенилюкс елдері – Бельгия, Нидерланды және Люксембург
ТМД – ТәуелсізМемлекеттер Достастығы
ЖІӨ – Жалпы Ішкі Өнім
ЖЗҚ (НПФ) – Жинақтаушы Зейнетақы Қоры
МҚМ (ГКО) – Мемлекеттік Қазынашылық Міндеттемелер
ММСҚ (ФОМС) – Міндетті Медициналық Сақтандыру Қоры

Аннотация
Диплом жұмысының тақырыбы Халықаралық құқықтағы адамның әлеуметтік
құқықтарын қорғау мәселесі .
Жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды, қосымшалар және қолданылған әдебиеттер
тізімінен тұрады.
Бірінші тарау халықаралық құқықтағы адамның экономикалық және
әлеуметтік құқықтарын қорғау мәселелеріне арналған.
Екінші тарауда ҚР-да адамның экономикалық және әлеуметтік құқықтарын қорғау
механизмдері мен заңгерлік негіздері қарастырылған.
Көлемі – 66 бет.
Қолданылған әдебиеттер тізімі - 50.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1 Халықаралық құқықтағы адамның экономикалық
және әлеуметтік құқықтарын қорғау.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.1 Халықаралық теория мен тәжірибедегі адамның экономикалық
және әлеуметтік
құқықтары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .11
1.2 Халықаралық факторлардың адам құқықтары жөніндегі негізгі
құжаттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
1.3 Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз
етудің шетел
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 24
2 Қазақстан Республикасындағы адамның экономикалық және
әлеуметтік құқықтарын
қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .31

2.1 Қазақстанда адамның экономикалық және әлеуметтік

құқықтарды қорғаудың заңгерлік
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 31
2.2 ҚР-да адамның экономикалық және әлеуметтік

құқықтарын қорғау
механизмдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..45

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .58

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .60

Қосымша 1
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..63

Қосымша 2
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..66

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі Әлемдік қоғам, қазіргі дүниежүзілік саясаттағы
құрылған адам құқықтарының ұйымдары, мемлекеттік қоғамға қарағанда, өз
заңдылықтарын әлемдегі жеке адамдар мен ұжымдарға тезірек таратады. Ресми
және ресми емес әлемдік мекемелерге Біріккен Ұлттар Ұйымы және мемлекеттік
емес ұйымдар арқылы қатынас жасауға болады. Жеке адамдарға жергілікті
мекемелер арқылы қатынас жасауға болады. Мемлекеттер ішіндегі космополиттік
құқықтар адам құқықтарының халықаралық заңдарымен ұштасады[1]. Риторикалық
жағдайда болса да, мемлекеттер өздері құрған қоғамдағы адам құқықтарын
қорғауды қолдады, олар адам кұқықтарының халықаралық заңының тілінде
сөйлейді. Халықаралық қоғам мүшелерінің революциясының қомақтырақ мәселесі,
кейбір принциптер мен қамқорлықтарды пайдалану мақсатында, индивидуалдарды
өз қатарына тартуы күмән туғызып отыр.
Қазіргі заманғы дүниежүзілік қоғамда адам құқықтарының алатын орнының
маңыздылығы өзара байланыс пен жетілдіру жайлы пікірлесу. Адам құқықтары
халықаралық қоғамнан жоғары тұрады деген аргументтің себебі, коғам екінші
дуниежүзілік соғысы кезінде және одан бұрынғы батыстағы өзгерістердің
салдарынан іштен шіріді. Адамнының экономикалық және әлеуметтік құқықтарын
қорғау мәселесі - қазіргі халықаралық қоғамның өзекті мәселесі.
Мемлекеттер, өздеріңде осы құқықтар туралы көзқарасты қалыптастырып,
халыққа таратуы қажет. Алайда, бұл қиыншылықтар халықаралық қоғамның
назарына нұқсан келтіреді. Бұл жаңа мәселе емес: экономикалық және
әлеуметтік құқықтарын қорғау мәселесі қоғамда ежелден қабылданған. Қазіргі
дамыған заманның көлемі мен мүмкіндігінде жеке адамдар мен ұжымдардың
клубтарын мемлекет мекемелері араласып, бірігіп құру деген талаптар соның
айқын көрінісі. Талаптар кейбір тұжырымдардың халықаралық деңгейден
дүниежүзілік қоғамға ауысуының көрсеткіші. Адам құқықтарын айқындау, тек
көрші жатқан мемлекеттер үшін емес, жалпы дүниежүзіндегі барлық мемлекеттер
үшін де қажет.Саяси тұрғыдан алып қарайтын болсақ, басқа теориялар аса
шынайы емес. Қазіргі халықаралық қоғамда адам құқықтары туралы кең тараған
көзқарас ол - Батыс дәстүрінен қалыптасқан тәжірибе.
Әлеуметтік заңдылықтардың қатар өмір сүре алатыны тәжірибе жүзінде
пайда болғаны айдан-анық. Оларды өмірдегі әр түрлі жағдайларға жауап
ретіңде пайдалана аламыз. Бірақ жағдайлардың да өзінің контексті болады,
қазіргі дүниежүзілік саясаттағы контекст негізінен батыс контексі. Алайда,
батыстанған модернизация ары қарай дамыса, тіпті батысқа ұқсас жағдайларда,
біз оны әмбебап әлеуметтік процесс деп атай аламыз.
Американың ғана адам құқықтарының заңы емес, осы үлкен процестің
көрінісі болуы мүмкін. Біртіндеп жиналған заңның стандарттары халықаралық
конвенцияда құлшылыққа, геноцидке, нәсілдік кемсітушілікке қарсы көрсеті
адамның экономикалық және әлеуметтік құқықтарын қорғау халықаралық қоғамда
конценсусқа арналган шаралар бір мемлекеттің немесе мәдениеттің екіншіге
көрсеткен гегемондығы емес, қайта оның дамығаны.
Өз Жолдауында Н.Ә.Назарбаев біздің мемлекетімізде адамның экономикалық
және әлеуметтік құқықтарын қорғауға аса жауапкершілікпен қараудын
қажеттілігін ұсынды, әлемдік қоғамдастыққа өркениетті ел ретінде
енуіміздің алғышарты деп атап өтті[2].
Бұдан былайғы экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизация жолында
құқықтық мемлекет және азаматтық қоғамның дамуы барысында Н. Ә. Назарбаев
адам құқықтарын қорғауды ерекше атап өтті [3].
Осыған байланысты адамның экономикалық және әлеуметтік құқықтарын
қорғау мәселелері мен алғышарттарының көлемінде зерттеу аса маңызды және
өзекті болып табылады.
Мәселенің зерттелу жағдайы. Адамның экономикалық және әлеуметтік
құқықтарын қорғау мәселелері мен алғышарттарының көлемінде зерттеу аса
маңызды және өзекті болып табылады. Халықаралық құқықта адамның
экономикалық және әлеуметтік құқықтарын қорғау үздіксіз байланысты
болатындығын және ұлттық дамуды қамтамасыз етудің элементтерінің бірі
болып табылатынын ескере келе, біз осы бөлім тақырыбын шетелдік, ресейлік
және отандық ғылымдардың осы мәселе бойынша зерттеу жұмыстарының көлемінде
қарастыруымыз қажет.
Адамның экономикалық және әлеуметтік құқықтарын қорғау мәселелеріне,
оның негізгі институттары және олардың іс-әрекеттеріне арналған көптеген
еңбектер бар. Бұл аталған құқықтар табиғатына және әр мемлекеттің олардың
толық жүзеге асуына қол жеткізу үшін туындайтын белгілі бір мәселелерін
зерттеген: Трубек Д [4]; Моуэр А. Дж [5]; Андeрссен Б. [6].
Қазақстан Республикасы алғашқы жылдары дүниежүзілік қауымдастыққа
кіргенінен бастап халықаралық тақырыпқа, оның ішінде экономикалық,
әлеуметтік және мәдени құқықтар мәселелеріне аса көңіл бөлініп, осы
зерттеуге байланысты көптеген еңбектер жарық көре бастады.
Осы еңбектердің арасынан, ең алдымен, Қазақстан президенті Н.Ә.
Назарбаевтың баяндамалары, сондай - ақ Қазақстанның қауіпсіздігін
қамтамасыз ету мәселелерінің кең спектрін қамтитын нормативтік және
концептуалды құжаттар енгізілген жинақ, Қазақстанның адамның экономикалық
және әлеуметтік құқықтарын қорғауның жалпы мәселелеріне тоқталған
Қазақстан дипломаттары Қ.Қ. Тоқаевтың, Е. Идрысовтың және А.
Арыстанбекованың еңбектері көрсетілді.
Сонымен бірге Қазақстанда мәселесі бойынша көлемді зерттеулер мен
монографиялардың жоқ екендігіне қарамастан, экономикалық, әлеуметтік және
мәдени құқықтар мәселелерімен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғалымдары бел
шеше айналысуда. Еуропалық интеграцияның теориялық негіздері бойынша Ж.У.
Ибрашевтың, қауіпсіздік мәселелері бойынша Қ.И.Байзақованың, Ф.Т.
Кукееваның, М.Ш. Губайдулинаның, И.А. Черныхтың, көпжақты қатынастар
жөнінде К.Н. Мақашеваның, С.Ж. Сапановтың, А.С. Әлипаевтың, Б.З.
Бюжееваның, П.С. Боқашеваның, Е.С. Чукубаевтың және миграция мәселесімен
айналысатын Ж.К. Идрышеваның еңбектері ерекше орын алуда. Еуропалық
құқықтағы экономикалық құқықтық мәселелерін кеңінен қарастырып жүрген С.Ж.
Айдарбаевтың, сондай - ақ Орталық Азиядағы адам құқықтарының мәселелерін
қарастырған А.Б. Сманова[7],С. Мұсатаев[8], Д. Қыдырбекұлы[9],С.
Оразалинов[10] және т.б. еңбектері де зерттеу жұмысын жазу барысында үлкен
үлес қосты.
Сонымен қатар зерттеу жұмысын жазу барысында қолданылған Адам
қүқықтары. Негізгі халықаралық құжаттар; Адам құқығы саласында
халықаралык ынтымақтастық: Құжаттар мен материалдар жинақтарын ерекше атап
өту қажет.
Берілген ғылыми әдебиеттер тобы адамның экономикалық және әлеуметтік
құқықтарын қорғау мәселелеріне, оның негізгі институттары және олардың іс-
әрекеттеріне туралы толық көрініс беретінін белгілеп өту қажет. Отандық
тарихнамада осы мәселеге байланысты нақты, арнайы зерттеулер жоқтың қасы.
Сондықтан бұл дипломдық зерттеудің ерекшелігі - адамның экономикалық және
әлеуметтік құқықтарын қорғау мәселелерін жан-жақты және жүйелі талдай
отырып, оның Қазақстанға берер тәжірибесін анықтау болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - халықаралық құқықтағы адамның экономикалық
және әлеуметтік құқықтарын қорғау тәжірибесін зерттеп, оны Қазақстан
Республикасында пайдалану мүмкіндігін бағалау көлемінде талдау.
Диплом жұмысының міндеттері
- халықаралық құқықта адамның экономикалық және әлеуметтік құқықтарын
қорғау іс-әрекеттерін анықтау;
- ҚР-ның заңнамасында адамның экономикалық және әлеуметтік құқықтарын
қорғау мәселелерін зерттеу;
- адамның экономикалық және әлеуметтік құқықтарын қорғау саласындағы іс-
әрекеттерді талдау
Зерттеудің объектісі - халықаралық құқықтың адамның экономикалық және
әлеуметтік құқықтарын қорғау саласы.
Зерттеудің пәні – Қазақстанда адамның экономикалық және әлеуметтік
құқықтарын қорғау іс-әрекеттерінің халықаралық құқықтың негіздерімен
үндестігі.
Зерттеу әдістері халықаралық құқық теориясы мен тәжірибесін талдаудың
жүйелік құрылымдық әдістері құрады.
Әдіснамалық тәсілдемелер адамның экономикалық және әлеуметтік құқықтарын
қорғау мәселелері контексіндегі мемлекет пен қоғам дамуының ерекшеліктерін
сипаттауды зерттеудің кешенділігі, нысаналығы принциптеріне негізделді.
Жалпы ғылыми (талдау, синтез, жалпылау және т.б.) және жеке ғылыми тарихи
- салыстыру, статистикалық талдау, құжаттар мен дерек көздерді зерттеу
әдістері.
Қорғауға шығарылатын ережелер:
- азаматтықтың деңгейі - мемлекеттің күштілігінде.
- халықты басқару жүйесінің негізгі салмағы мемлекеттің ішіндегі
құрылымға топтастырылған.
- зерттелген адам құқықтары ның мәселелері басқа елдердің саяси құрамын
ашып керсетпейді, бірақ біраз заңдылықтарын толықтырады. Сонымен, адам
құқықтары, халықаралық заң жүйесіне тәртіптері қарама-қарсы келетін
елдердің, тайпалардың, рулардың прогресті бөлегі сияқты көрініс береді және
адамдар да бір-біріне қатысты өз мүмкіндіктерінде, міндеттерін де біледі.
Олар тек тайпа мүшесі емес, бүкіл адам қоғамының бір мүшесі ретінде
сезінеді.
- адамның экономикалық және әлеуметтік құқықтарын қорғау ісі
қоғамдағы кейбір өзгерістердің барысын қолдау қажеттілігін айқындайды;
- әлеуметтік қорғау жүйесі әркелкі қоғамның барлық мүшелері үшін ең
төменгі тұрмыс стандарттарын қамтамасыз етуді ұйғарады.
Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңыздылығы

Ұсынылып отырған жұмыс - Қазақстанда адамның экономикалық және
әлеуметтік құқықтарын қорғау іс-әрекеттерінің халықаралық құқықтың
негіздерімен үндестігін зерттеу қазақстандық халықаралық құқық ғылымында
алғаш рет қозғалуы арқылы көрініс табады. Диплом жұмысының мәліметтерін
халық арасында адам құқықтарының маңызын насихаттап түсіндіру үшін;
бірқатар ережелерін құқықшығарушылық үрдісінде және оқу үрдісі барысында
қолдануға болады. Сондай-ақ бітіру жұмысы осы бағыттағы келесі зерттеулерге
негіз бола алады.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі диплом жұмысы: кіріспе, екі бөлім,
қорытынды, қосымшалар және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады; көлемі
– 66 бет.

1 Халықаралық құқықтағы адамның экономикалық және әлеуметтік құқықтарын
қорғау.

1.1 Халықаралық теория мен тәжірибедегі адамның экономикалық және
әлеуметтік құқықтары.

Адам жөнінде қамқорлықтың өсуі, оны әлеуметтік қорғау тек этикалық-
моральдық пайымдардың ғана бұйрығы емес, сонымен бірге оның прагматикалық
негізі де бар, өйткені XXI ғ. табалдырығында "адам капиталының" ролі
экономикалық өсудің басты қозғаушы күші ретінде шырқау биікке
көтерілді[11]. 192 елдің ұлттық байлықтарының талдауына сүйене отырып,
Дүниежүзілік банктің сарапшылары 90-шы жылдардың орта шенінде өндірістік
қорлардың үлесіне ұлттық байлықтың 16 %-ы, табиғи қорларға - 20 %-ы, "адам
капиталына" 64 %-ы тигенін есептеп шығарды.
Әлеуметтік қорғау жүйесі әркелкі қоғамның барлық мүшелері үшін ең
төменгі тұрмыс стандарттарын қамтамасыз етуді ұйғарады. Осындай тәсілдің
теориялық негізін алғаш рет Джон Роулз[12] қалады. Оның философиясының мәні
былай тұжырымдалады, әр азамат өзінің болашағын нық сеніммен болжай
алмағандықтан, кедейшіліктен немесе табыс көзінен айырылудан сақтандыру
әбден тиімді болуы мүмкін. Қоғам ауқымындағы мұндай сақтандыру оның ең аз
қамсыздандырылған мүшелері жөнінде қамқорлық нысандарын қабылдауы ықтимал:
өздерінің ағымдағы табыстарының бір бөлігін осы мақсаттарға беру арқылы,
әрбір азамат, болашақтағы қолайсыз жағдайлардан өзін сақтандырғандай
болады.
Роулз критерийіне сәйкес қоғамның жалпы әл-ауқаты оның ең кедей
тұрмысты жіктерінің әл-ауқат деңгейімен анықталады. Алайда, үдемелі
теңдікке бағытталған саясат, өте қымбат қоғам игілігі ретінде (немесе
тиімділіктен айырылу ретінде) қаралуы мүмкін, ондай игілікті тек дәулетті
қоғам ғана пайдалана алады. Бұл арада орынды жеткіліктілік қағидасын сақтау
ерекше маңызды.
Көптеген дамыған елдерде "әлеуметтік қорғау" термині эмпирикалық
деңгейде үкімет ұйымдастыратын әлеуметтік бағдарламаларға және мұқтаж
адамдарға ақшалай және заттай нысанда бөлінетін қаражаттарға қатысты
қолданылады.
Кеңестен кейінгі елдердің қоғамтану әдебиетінде"әлеуметтік қорғау" тер-
мині біршама бертінде пайда болды - 90-шы жылдарда тұрмыс деңгейінің күрт
төмендеуі мен халықтың қайыршылық халге түсуі салдарынан ол қоғамға қажетті
және әлеуметтік маңызды үдерістің символына айналды[13]. Осы терминді
саясаткерлер, құқықтанушылар, әлеуметтанушылар және экономистер көбіне
сөздің жай мағынасында пайдаланады. Қарапайым көрінетініне қарамастан,
"әлеуметтік қорғау" ұғымы өте көп мәнді және қарама-қайшы.
Сөздің кең ауқымдағы құқықтық мағынасында әңгіме әлеуметтік қатынастар
жүйесі туралы қозғалады және әлеуметтік қорғаудың мазмұны іс жүзінде тұлға
құқықтары кепілдіктерінің тарамдалған жүйесімен тура келеді. Адамзат
өркениетінде әлеуметтік қорғау механизмі тектік құрам мен отбасылық
байланыстардан қазіргі заманғы дсмократияның заңдастырылған үлгілеріне
дейін ұдайы дамып отырды, мүнда азаматтардың әлеуметтік қорғалуы
экономикалық және құқықтық институттардың күрделі кешенімен қамтамасыз
етіледі.
Сонымен, санаттарды (категорияларды) құқықтық тұрғыдан қарағанда
халықтың әлеуметтік қорғалуының жалпы межелері азаматтарға конституциялар
мен өзге де заңнамалық актілерде көзделген әлеуметтік кепілдіктерді береді.
Бұл – мәселенің құқықтық аспекті.
Сонымен бірге мемлекеттің барлық азаматтарға тегіс қамтитын әлеуметтік
кепілдіктер (тегін тұрғын үй, денсаулық сақтау, білім, өскелең ұрпақты
тәрбиелеу жөніндегі бүкіл жүйенің қамқорлығы, еңбекке берілетін құқық,
кепілденген зейнетақылық қамсыздандыру және т.б.) беруге ұмтылуы қоғам мен
жеке адам арасындағы қалыпты объективтік-субъективтік байланыстардың
бұзылуына ұшыратады.
Жеке адам өздігінен өз қамын ойлауға және өзінің жеке тіршілік әрекеті
мен өз балаларының тіршілік әрекеті үшін жағдайлар жасауға ұмтылуды
доғарады. Әлеуметтік асырауда болудың феномені туындайды, ол адамның ез
күшіне емес, ал қоғамның қолдау көрсетуіне ойсыз бағдар жасауын білдіреді.
Ол еркін және саналы субъект ретінде әрекет жүргізуді тоқтатады, яғни
даралықтан айырылады да, енжар объектіге айналады. Бұл - шамадан тыс
кепілдік берудің негізгі келеңсіз әлеуметтік салдары.
Бүдан қоғам да ұтпайды. Социалистік мемлекет өзі жариялаған әлеуметтік
қорғау құқықтарын қамтамасыз етуге дәрменсіз болды, ол туралы дамыған
дамыған елдер - Америка Құрама Штаттары, Жапония, Германия,Ұлыбритания мен
КСРО елдеріндегі халықтың тұрмыс деңгейлерінің бірнеше есеге алшақтанатын
көрсеткіштері дәлел болады[14]. Осы жағдай бұрынғы социалистік
мемлекеттердің көпшілігінде, соның ішінде Қазақстанда да сақталып отыр, -
заңнамалық әлеуметтік кепілдіктерді іске асыру мүмкін емес, өйткені ол үшін
қажетті қаржылай қаражаттар жоқ.
Бюджеттің әлеуметтік мүмкіндіктері шектеусіз емес және олар салықтық
алымдар алу шарасымен белгіленеді, салықтардың шамадан тыс мөлшері
өндіріске қысым көрсетеді. Қазіргі кезде мәселені әлеуметтік шығындарды
ұлғайту туралы емес, ал алынатын әлеуметтік нәтижені барынша көбейту
мақсаттарында жиналатын салықтарды анағұрлым ұтымды пайдалану және қолайлы
әлеуметтік стандарттарға кол жеткізу жайында қойған орынды. Сонымен,
әлеуметтік қорғау мәселесі экономикалық дауыс, экономикалық аспект бола
алады.
"Әлеуметтік қорғау" ұғымының материалдық (экономикалық) шаралар
қабылдаумен шектелмейтінін атап көрсету керек, ол өзге де "адам
аспекттерін" қамтиды. Мәселен, ата-аналар балалардың тәрбиесіне
жауапкершілік алғысы келмейтін немесе ала алмайтын отбасыларда бала
әлеуметке жат қылықтың сорақы түрлерімен күн сайын кездеседі, олар:
маскүнемдік, жезөкшелік, арамтамақтық, ұрлық, ондай балалар шын мәнінде
қараусыз болып табылады. Мұндай балалар ең алдымен осы жағдайда әлеуметтік
қорғаудың түрі болып табылатын қалыпты тәрбиеге мұқтаж болады.
Еуропа (Бенилюкс) және Оңтүстік-Шығыс Азия (Солтүстік Корея) елдерінде
әйелдердің әлеуметтік қорғалуы туралы мәселе қозғалғанда, бірінші кезекте
оларды ауыр және зиянды еңбек жағдайларынан, еңбек төлеміндегі кемсітуден,
жыныстық сүраншақтықтан, жәбірлеуден, ұрып-соғудан және адамның қадір-
қасиетін қорлайтын өзге де әрекеттерден қорғау ұйғарылады. Халықтың өзге
санаттары - жұмыссыздар, зейнеткерлер, мүгедектер, науқастар да сондай
араласуға, рақымдылыққа және әлеуметтік қолдау көрсетудің өзге де
экономикалық емес шараларына мұқтаж[15].
Алайда, көпшілік жағдайларда өздігінен алынған құқықтық және әлеуметтік
аспекттер сөздің тар мағынасында халықты әлеуметтік қорғаудың мазмұнын әсте
тәмамдамайды. Ондағы басты, негізгісі - экономикалық құрамдас бөлік.
Сонымен, кең мағынада халықты әлеуметтік қорғау ұғымы халықтың, оның жеке
топтарының, жіктері мен таптарының тіршілік әрекетін жақсарту, адам
дамуының деңгейін арттыру жөніндегі құқықтық, саяси, әлеуметтік, ұйымдық
және экономикалық шаралар жүйесін көрсетеді.
Әлеуметтік қорғауда "таза күйде" "саяси", "құқықтық", "әлеуметтік"
немесе "экономикалық" шараны бөліп қарау эрдайым мүмкін бола бермейді,
өйткені бір шараның өзінде (мәселен, ғалымдарға, медицина қызметкерлеріне,
мұғалімдерге жалақыны заң жүзінде көбейту) үлкен саяси, әлеуметтік және
экономикалық мән болуы мүмкін. Теория мен практикада әлеуметтік қорғау
көбіне тар мағынада ең алдымен ерекше күрделі жағдайлардағы және сырттан
қолдау көрсетусіз өздерінің тіршілік әрекетін жақсартуға дәрменсіз
(қарттар, жетімдер, жұмыссыздар мен өзгелері) халықтың шектеулі
(маргиналды) аталатын жіктеріне жарамды (қанағат етерлік) күнкөрісті
қамтамасыз етуге ұмтылатын мемлекеттің әлеуметтік саясаты ретінде қаралады.
Біздің ұғымымызда (түсінігімізде) халықтың маргиналды (шектеулі)
(әлеуметтік осал) жіктерін әлеуметтік қорғау механизмі небәрі соның бір
бөлігі болып табылады да, тұтас нәрсені, яғни әлеуметтік қорғаудың бүкіл
жүйесін қамтымайды. Оны (маргиналды топтарды әлеуметтік қорғау механизмі)
әлеуметтік қайыр көрсету немесе әлеуметтік көмек ретінде (соңғы термин
айтуға анағұрлым қолайлы, бірақ дәл емес) сипаттауға болады.
Одан басқа, әлеуметтік көмек табыстар мен жалақыны қорғауды, бөлу
қатынастарын жетілдіруді және өзгелерді қамтиды. Бизнесмендердің де
әлеуметтік қорғауы болуы мүмкін, бірақ олар халықтың маргиналды жіктеріне
жатпайды.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде мына деңгейлерді бөлу қабылданған:
• мемлекеттің және муниципалды басқару органдарының тарапынан;
• жұмыс берушілердің, фирмалар экімшіліктерінің, кәсіпорындардың
тарапынан;
• кәсіподақтар, әр түрлі үкіметтік емес ұйымдар мен еңбек ұжымдарының
тарапынан;
• отбасылық қорғау және өзін-өзі қорғау.
Объект бойынша әлеуметтік қорғаудың мынадай нысандарын бөлуге болады:
• балалар;
• аз қамсыздандырылған (табысы аз) отбасылар мен азаматтар;
• әйелдер мен көп балалы аналар;
• жұмыссыздар;
• зейнеткерлік жастағы адамдар;
• науқастар мен мүгедектер;
• денсаулық сақтау және білім сияқты әлеуметтік салаларға қолдау
көрсету.
Аталған деңгейлер мен нысандар өзара байланысты және өзара сабақтас.
Дүниеге келген сәбилер алғашқы кезде біржола отбасының әлеуметтік
корғауында болады (егер бала тууға байланысты бір жолғы жәрдемақьшы
есептемесе). Қазіргі кезде көптеген отбасылар өз балаларынатіршілік
әрекетінің толыққанды жағдайларын, әсіресе балалардың саны көп болғанда,
қамтамасыз ете алмайды. Осыдан балалар мен көп балалы аналарды мемлекет пен
муниципалды басқару органдарының тарапынан әлеуметтік қорғау қажеттілігі
туындайды.
Жетім балаларды әлеуметтік қорғаудың мысалы (үлгісі) С. Назарбаева
басшылық ететін "Бөбек" балалар қорының кызметі болып табылады. Атап
айтқанда, оның қатысуымен халықаралъщ "SOS - Киндердорф Интернационалъ "
қоры арқылы Алматыда бірінші балалар деревнясы (ауылы) (1999 жылы ашылды),
балалар бақшасы салынды. Оларға "Бөбек" балалар қоры достарының қаражаттары
арқылы демеушілік көрсетіледі[16]. Жетім балаларға арналған Алматыдагыга
ұқсас қалашық Астанада да салынады.
Дамыған батыс елдерінің (АҚШ,Франция және Австрия) тәжірибесі,
әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қорғау мен қамқоршылық өзара іс-қимыл
жасаған кезде әлеуметтік қорғау жүйесінің өз міндеттерін нәтижелі орындауға
жалпы қабілетті екендігін көрсетеді. Әлеуметтік сақтандыру қағидаты
жарналардың және жарналар мен көрсетілетін қызметтердің арасындағы өзара
тығыз байланыстың есебінен көрсетілетін әлеуметтік көмекті алдын ала
қаржыландыруға бағдарланады.
Көмек көрсету кезінде жеке жарналар да, сондай-ақ жарым-жартылай ортақ
қайта бөлу жүйесі де роль атқарады. Қамқоршылық жасау кезінде стандарттық
көмек алушының бұрын жасаған жарналарына, көлденең табыстарына немесе
мүліктік жағдайына тәуелсіз көрсетіле береді. Мұндай көмек жалақыдан немесе
отбасылық табыстан айырылған жағдайда, өзге салық төлеушілердің
қаражаттарының есебінен беріледі.
Бірде-бір, тіпті сақтандырудың ең жетілген жүйесі де, әлеуметтік
қауіптің барлық жағдайларын алдын ала ескере алмайды, солардың салдарынан
адам (немесе отбасы) қиын жағдайға ұшырауы мүмкін. Сондықтан әлеуметтік
қорғаудың құрамдас бөлігі ретіндегі әлеуметтік көмек адамдардың жеке
мұқтаждықтарына бағдарланады және ол мүмкін жағдайдан өз қаражаттарымен
шығуға шамалары келмейтіндерге көрсетіледі. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру
көзі бюджет болып табылатындықтан, оның масштабтары (көлемдері) әр
мемлекеттің қаржы жағдайына қарай белгіленеді.
Әлеуметтік қорғаудың ең ортақ (жалпы) қағидаларына жататындар:
• халықтың барлық жіктерінің тіршілік әрекетінің қолайлы жағдайларын
қамтамасыз етуге қоғам мен мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігі;
• қажетті жағдайларда медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалтуды
жүзеге асыру;
• жұмыс істейтін халықты әлеуметтік және кәсіптік қауіптерден қорғаудың
жалпыға бірдей және міндетті сипаты;
• халықтың неғұрлым көп бөлігіне әлеуметтік корғау жүйесін қолдану
саласын ұлғайту үрдісі.
Ақшалай жәрдемақылар беру үшін себеп - қартаюдың, еңбек кабілетінен
тұрақты айырылудың, қысқа уақыт науқастанудың немесе өндірістік жарақаттың,
сондай-ақ асыраушыдан айырылудың, бала табудың, жұмыссыздықтың нәтижесінде
табыстың азаюы. Әлеуметтік қорғаудың заттай нысандарына госпитальға
жатқызу, медициналық қызмет көрсету, сауықтыру күтімі, тамақ өнімдерімен,
отынмен, көмек көрсету жатады.
Әлеуметтік жәрдемақылардың үлкен бөлігі әлеуметтік сақтандыру жолымеы
беріледі, ол зейнетақылар мен еңбекке жарамсыздық, науқастық және
жұмыссыздық жөніндегі жәрдемақылар төлеміне қатысты. Жәрдемақының мөлшері
көбіне бұрынғы табыспен (кіріспен) байланысты. Егер жеке адамның
әлеуметтік, сақтандыру қызметтерін пайдалануға құқықтары болмаса, ал оның
нақты табысы (әлеуметтік тексеру жолымен белгіленген) елдегі кепілденген ең
аз табыстан аз болса, онда аз қамсыздандырылу (табысы аз) бойынша
жәрдемақылар төлемі нысанындағы әлеуметтік көмек бағдарламасы күшіне енеді.
Бұған үйленуге, бала тууға, қазаға (өлімге) байланысты арнайы шығындарды
өтеуге арналған әлеуметтік жәрдемақыларды жатқызу қажет.
Көптеген елдерде, мысалы, Еуропалық Одақта, әлеуметтік сақтандыру мен
аз қамсыздандырылу бойынша жәрдемақылардан басқа үй шаруашылықтарының
табысына қатыссыз барлық балалы отбасыларға балалар үшін жәрдемақы төленеді
(кейде осы жәрдемақылардың орнына ата-аналарға салық төлеу мерзімін ұзарту
құқы беріледі). Балаларға арналған жәрдемақылар - демографиялық саясаттың
бір бөлігі, сондықтан, қағида ретінде, олар бала туу көрсеткіштерін
ынталандыру мақсатын көздейді. Сондай-ақ, әлеуметтік қорғау жүйесінің
әлементтері ең аз жалақы мәселелері жөніндегі заңнама болып табылады.
Индустриялы елдердегі әлеуметтік қорғаудың үлттық жүйелерінің құқықтық
базасы адам құқығы саласындағы жалпыға танылған халықаралық нормалар мен
стандарттарға (Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, Экономикалық,
әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пакт, Әйелдерге
байланысты кемсітушіліктің барлық түрлерін (нысандарын) жою туралы
Конвенция, Балалар құқықтары туралы Конвенция, Мүгедектер үшін тең
мүмкіндіктер қамтамасыз етудің стандартты ережелері және т.б.) сүйенеді.
Шетелдік теория мен практика әлеуметтік игіліктер беруді
оңтайландырудың мынадай негізгі бағыттарын жасады:
• бір-бірін қайталайтын көптеген жәрдемақылардың орнына атаулы
бағыттағы бірыңғай жәрдемақылар енгізу;
• материалдық жағдайларын мұқият тексерумен ұштастыру арқылы қатты
мұқтаждар санаттарының реттемесін қатайту;
• әлеуметтік қорғау жүйесінің жалпыға бірдейлік қағидатынан сайланбалы
қағидатына көшу (ауысу);
• бұрын барлығына мемлекеттік бюджеттің есебінен көрсетіліп келген ;
қызметтер үшін халықтың ұлғайып келе жатқан ортақ төлемдері кезінде ,
• әлеуметтік жетекші салалардағы (денсаулық сақтау, білім) қоғамдық
секторды сақтау;
• әлеуметтік бағдарламаларды камтамасыз ету бойынша негізгі қаржы
ауыртпалығын мемлекеттік бюджеттен (орталықтан) жергілікті бюджеттерге
(аумақтар және жергілікті өзін-өзі (өзіндік) басқару органдары) көшіру;
әлеуметтік салалардағы шаруашылық жүргізу мен коммерциялық емес ұйымдардың
жеке рыноктық нысандарын (түрлерін) дамыту; әлеуметтік сеісгорды
бағдарламалар бойынша қаржыландыруға ауысу, әлеуметтік нормативтерді және
қаржы-қаражаттардың жұмсалуына мемлекеттік
• бақылауды пайдалану, әлеуметтік тапсырыстарды ендіру жолымен
бюджеттік қаражаттарды дербестендіру арқылы қаржыландыру, бәсекені және
әлеуметтік қызмет көрсетулерді тұтынушылық таңдау мүмкіндіктерін ұлғайту;
• әсіресе еңбекті ынталандыратын кәсіпорындарда әлеуметтік қызмет
көрсетулердің бір бөлігін сақтау (әлеуметтік шығындар төмен елдерде,
мәселен, Жапонияда, мұнда фирмалар маңызды әлеуметтік роль атқарады) .
1992-1997 жж. Қазақстандағы әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуы негізінен
экономикалық құлдыраудың, жоғары инфляция мен жұмыссыздықтың келеңсіз
әлеуметтік-экономикалық салдарларын жұмсарту жолымен жүрді. Атап айтқанда,
бюджеттен тыс әлеуметтік қорлар (жұмыспен қамтылу, зейнетақы, әлеуметтік
сақтандыру), әлеуметтік төлемдерді индекстеу механизмдері және азаматтардың
әлеуметтік осал санаттарына қолдау көрсету жөніндегі мекемелердің желісі
құрылды[17].
Өтпелі қоғамдарда, соның ішінде Қазақстанда да, шын мәнінде еңбекке
берілетін әлеуметтік кепілдіктер, тегін білім алу және медициналық
қызметтер түріндегі және т.б. халықты әлеуметтік қорғаудың ескі үлгісі
бұзылып, ал қалыптасу үстіндегі әлеуметтік қорғаудың жаңа үлгісі үшін
қаржылай қаражаттар ұдайы жетіспейді. Қазір қолайлы табыстар алуға,
жұмыспен қамтуға, тамақ және халыққа медициналық қызмет көрсетуге
байланысты өте қиын жағдай орнады.
Осы жағдайда халықты әлеуметтік қорғауды дамыған индустриялы елдердегі
сияқты тек ақшалай-өтемдік деңгейде ғана жүзеге асыруға болмайды. Жаңа
тәуелсіз мемлекеттердегі әлеуметтік қорғау мазмұнына әлсіреген экономика,
бюджеттің төмен қаржылық элеуеттері (потенциялары) және халық арасында
кедейшіліктің кеңінен таралуы елеулі түзетулер енгізеді.
Ұдайы және қатаң бюджеттік-қаржылық шектеулер жағдайларында бұрынғы
социалистік өзге елдердегі сияқты Қазақстандағы халықты әлеуметтік қорғау
жүйесі де "көмек көрсетуге" дейін қарапайымдалған және жүйелік белгілерді
жойған[18]. Ол қоғамдағы әлеуметтік катаклизмдерді (көпшілік тәртіпсіздігі,
аштық жариялаулар және т.б.) болдырмау қолдарынан келетін халықтың жеке
жіктеріне немесе еңбек ұжымдарының ақшалай-өтемдік сипаттағы шүғыл шаралар
қабылдауымен астасып кетті.
Қазақстан халқының әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың ерекшелігі,
мұнда әлеуметтік сақтандырудың қосалқы жүйелері мен әлеуметтік көмектің
(әлеуметтік қамсыздандыру) арасында айқын меженің жоқтығы болып табылады.
Мәселен, 1998 жылдан бері халықтың көптеген маргиналды (шектеулі) жіктеріне
еңбек үлесін ұйғаратын зейнетақылардың орнына ақшалай жәрдемақылар бере
бастады, олар соңғыларыньщтөмен мөлшерлеріне қарай зейнетақылықтөлемдерден
шамалы ғана төмен болды[19]. Осындай тәсіл әлеуметтік қорғаудың негізгі
қағидаларының бірін бұзды, өйткені дұрысында әлеуметтік сақтандыру бойынша
төленетін төлемдер олардың еңбек сипатының салдарынан әлеуметтік көмек
бойынша төлемдерден жоғары болуы тиіс еді.
Бюджеттік бөліс" қағидатына сәйкес әлеуметтік шығындардың ауыртпалығы
барған сайын жергілікті бюджеттерге көптеп ауысуда. Халықты әлеуметтік
қорғауда коммерциялық емес (бейкоммерциялық) ұйымдар да біршама (әзірше
мардымсыз) роль атқарады.
ҚР халқын әлеуметтік сақтандыру қаражаттарының есебінен әлеуметтік
қорғау 1996 жылғы "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" тиісті Заң арқылы
1999 жылға дейін реттеліп келді, осы заң бойынша елдегі азаматтарға
әлеуметтік кепілдіктердің мына түрлері берілетін еді: зейнетақылық
қамсыздандыру, уақытша еңбекке жарамсыздыққа, екіқабаттыққа және
босануларға байланысты жәрдемақылар, сауықтыру сипатындағы қызметтер,
міндетті медициналық сақтандыру, жұмыссыз болғанда әлеуметтік қолдау
көрсету, бала туғанда берілетін жәрдемақы, жерлеуге бөлінетін
жәрдемақы[20].

1.2 Халықаралық факторлардың адам құқықтары жөніндегі негізгі
құжаттары
БҰҰ қоршаған орта жөннідегі 1992 жылғы Конференциясы 20 орнықты даму
мүдесінің басты міндеті етіп, табиғат заңдарымен үйлесімді сабақтасатын
салауатты және өнімді өмір сүруге құқылы адам тұлғасын жариялады. Адамның
басты құқығы - өмір сүру құқығы, бірақ осы өмірді қалай суркге нақты
таңдауға қол жеткізу үшін адамның ұзақ мерзімді физикалық және психикалық
денсаулығы болуы тиіс.
Осы тараудың мақсаты адам өзінің табиғи мүмкіндіктерінің бірін, атап
айтқанда, ұзақ және салауатты өмір сүру мүмкіндігін іске асыруы үшін қажет
жағдайларды анықтау болып табылады. Ол үшін, бірінші кезекте, тарауда
денсаулық ұғымының өзіне анықтама берліеді, сондай-ақ халық денсаулығының
демогграфиялық көрсеткіштері қаралады.
Бүгінгі таңда ауру-сырқаусыз денсаулығы туралы әңгіме қозғау - өзекті
мәселе, оның елеклі еспект ретінде өсімпаздық денсаулық бой көтереді.
Денсаулықтың отбасы үшін маңызды мәні бар, оның қосылғыштарының
кейбіреулері – отбасын жоспарлау, ана мен баланың денсаулықтарын қорғау.
Осы мәселелер хақында аталмыш тараудың жеке параграфында айтылады.
Денсаулық қоғам дамуындағы маңызды фактор екендігі баршаға аян. Кез
келген қоғамның аман-саулығы отбасының ырысынан басталады. Сондықтан дені
сау отбасының кездейсоқтық емес екендігі расталады, ол денсаулық қорғау
саясатын әзірлеуге жауапты адамдардың күш-жігерлерінің арқасында құрылады.
Осыған байланысты әр елдегі адам дамуының деңгейін көтеруге денсаулық
сақтау жүйесінің ролін ашып көрсету керек.
Адам дамуының тұжырымдамасы ұзақ жасауды ұзақ және салауатты өмір сүру
қабілеті тұрғысында түсіндіреді. Адам дамуы туралы бірінші Баяндамада осы
ұғым нақ осылай беріледі.
Адам әлеуетінің (потенциалының) жан-жақты дамуы үшін бір физикалық ұзақ
жасаудың жеткіліксіз екендігі айқын. Оның үстіне, адам сана-сында ауру
күйде ұзақ өмір сүру, дұрысы, бақытсыздық ретінде қаралады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Жарғысы денсаулыққа "толық
рухани, физикалық және әлеуметтік аман-саулық жай-күйі" ретінде анықтама
береді. Осындай ауқымды және адамгершілік түсіндірмемен келіспеу мүмкін
емес, бірақ сонымен қатар оның конструктавті емес (сындарсыз) екендігі
айқын, өйткені ол сан жағынан бағалауға көнбейтін "аман-саулық" ұғымын
мазмұндайды және соған қарай оны практикалық медициналық-демографиялық
зерттеулерге пайдалану мүмкін емес. Алайда бұл арада мынаған сүйену керек,
рухани, физикалық және әлеуметтік аман-саулық - денсаулықтың өзара тығыз
байланысты ұғымдары. Денсаулығы мықты адамның денсаулығы нашар адаммен
салыстырғанда әлеуметтік сәттілік пен рухани өсу биіктеріне қол жеткізу
мүмкіндіктері мол.
Денсаулық пен ұзақ жасау — тек құраушылар, тек салдар ғана емес,
сонымен бірге адам дамуының аса маңызды алғышарттары. Мәселен, өндіріс
ауқымдарын үздіксіз ұлғайту қоршаған ортаның ластануы сияқты (ауаның,
судың, топырақтың, орманның ластануы) келеңсіз салдарларға ұшыратады, ол әр
адамның тіршілік әрёкетіне теріс ықпалын тигізіп, адам денсаулығы үшін
қауіп төндіреді. Денсаулығы нашар адам толық шамада таңдау жасай алмайды,
бұл, өз кезегінде, экономикалық өсуді тежейді.
Екі жақты байланыстың болуын былайша тұжырымдауға болады (Қосымша 2
қараңыз):
Денсаулықтың тиімді еңбек ету қабілетімен, жеке және қоғамның эл-
ауқатын арттырумен байланысы біршама айқын. Денсаулықтың төмен деңгейі
экономиканың дамуына кедергі жасайды (өнімсіз еңбек, нашарлаған денсаулықты
демеуге жұмсалатын жоғары шығындар, мүгедектерді асырауға жұмсалатын
әлеуметтік шығындар үлесінің өсуі).
Жоғары өлім-жітім - пайдаланылмаған еңбек әлеуеті (потенциалы), таңдау
құқынан айырылу. Ұрпақтардың жылдам ауысуы кәсіптік биіктерге қол жеткізу
үшін қажет уақыт резервін қалдырмайды.
Кез келген ел үшін адам дамуы деңгейіндегі ең елеулі айырмашылықтардың
бірі еркектер мен әйелдер арасындағы айырма болып табылады. Еркектер әдетте
барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша басып озады. Тек өмір
сүру ұзақтығы ғана бұдан өзгеше, өйткені статистика бойынша әйелдер
еркектерге қарағанда ұзағырақ жасайды.
Алайда, әлемнің түрлі аймақтарында, мысалы Солтүстік және Оңтүстік,
немесе бай және кедей елдері, жұмыспен қамтылудағы, табыстар табудағы,
білім алудағы, денсаулықтағы, тамақтанудағы жыныстар теңсіздігі, адам дамуы
прогресіне демеу болмайды, дұрысы, оны тежеп отырады. Ана денсаулығының
нашарлығы келесі ұрпақтың сапалық әлеуетін (потенциалын) төмендетеді.
Өкінішке орай, алкоголь ішудің төмен мәдениеті, жаппай темекі тарту,
соның ішінде әйелдер мен жасөспірімдер арасында, нашақорлық, жыныс қатынасы
арқылы таралатын аурулар (ЖҚТА - БППП), өз денсаулығын сақтау мәдениетінің
жоқтығы халықтың денсаулығын бүлдіруін одан әрі жалғастыруда және өмір сүру
ұзақтығын көбейтуге теріс ықпал жасайды.
90-шы жылдардың бас кезі мен орта шеніндегі экономиканың дағдарысы
әлеуметтік сақтандыру жүйесін де дағдарысқа ұшыратты, ол жарналарды
төлетудің базалық көрсеткіштерінің құлдырауынан, сондай-ақ жарна
төлеушілердің жарналарды әлеуметтік қорларға толық және уақтылы аударуға
құлықсыздық көрсетулерінің салдарынан әлеуметтік сақтандыруға жарналар
жинаудың төмен деңгейінен көрініс тапты. Бұл зейнеткерлер мен жәрдемақы
алушылар алдында ірі ауқымдағы берешектерге ұшыратты. Әлеуметтік қорлар
қаражаттарының инфляциялық құнсыздануы зейнеткерлер мен жәрдемақылар
алушылардың күнкөріс минимумындағы қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмады
және қорлар қаражаттарының барған сайын шектеле түсуі кезінде әлеуметтік
төлемдерді ұдайы индекстеу қажеттілігін туындатты. Сондай-ақ экономикаға
жоғары ставкадағы аударымдардың келеңсіз ықпал ету проблемасы мен өндіріс
шығындарын азайту үшін оны төмендету қажеттілігі пісіп жетілді.
1999 жылы әлеуметтік қорларға төленетін төлемдер бірыңғай әлеуметтік
салыққа ауыстырылды. Оның қаражаттары бюджетке түседі, бірақ қатаң
мақсаттық тағайындауда болулары тиіс, яғни олар Зейнетақы төлемдері
жөніндегі Мемлекеттік орталыққа, Медициналық қызметтерге төлем жасау
жөніндегі Мемлекеттік орталыққа және жұмыспен қамту қызмет орындарына
жолданулары керек. Алайда қазіргі кезде олардың мақсатты пайдаланылуларын
қадағалау қиын. Осы кезеңде әлеуметтік салық туралы жаңа ереже талқылануда.
Бірақ талқылау нәтижесіне байланыссыз, салық төлеушілер әлеуметтік салаға
жасайтын төлемдеріне баламалы мөлшерде әлеуметтік қамсыздандыру алулары
үшін, 2 мезетті - жалпы бюджеттің ашықтығын және әлеуметтік салықтың
мақсаттық тағайындалуын реттеу қажет.
Бүгінгі таңда Қазақстанда халықты әлеуметтік қорғаудың мына бағыттарын
шартты түрде бөліп атауға болады: жұмыссыздарды қорғау, медициналық
қызметтер ақысын жарым-жартылай төлеу, әлеуметтік көмек (жәрдемақылар
беру), зейнеткер-лік қамсыздандыру. Осы бағыттардың эрқайсысын толық қарап
көрелік.
Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау жүйесінде белсенді және енжар шараларды
даралайды. Белсенді шараларға кәсіптік даярлау мен жұмыссыздарды қайта
оқыту, қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру және жаңа жұмыс орындарын ашу жатады.
Енжар шаралар жұмысқа орналастыруды, жәрдемақылар төлеу мен жұмыссыздарға
материалдық көмек көрсетуді қамтиды.
Дамыған елдерде де жұмыспен қамту саясатына белсенді және енжар
компоненттер кіреді. Белсенді іс-шараларға жаңа жұмыс орындарын ашуға,
қайта мамандануға, мүгедектерді еңбек қатарына қосуға және т.б. барлық
шығындардың 25-30 % жұмсалады. Қалған қаражаттар жұмыссыздық бойынша
жәрдемақылар төлеуге пайдаланылады. Ұзақ мерзімді жұмыссыздық кезінде (1-2
жыл) жұмыссыздар аз қамсыздандырылған азаматтар санатына көшеді де,
кедейшілік бойынша жәрдемақылар ала бастайды.
Қазақстанда 1991-1999 жылдары халықты әлеуметтік қорғаудың енжар нысан-
дарына екпін берілді. 1991 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік
қоры құрылды, қорға бюджеттен тыс саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар, ал
1997 жылдан бері бюджеттік саладағылар да жалақы қорынан 1 -2 % ақша аудара
бастады.
ҚР "Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы" (1991 ж.) бірінші Заңына сәйкес
жұмыссыздардың бұрынғы жұмыс стажына, асыраудағы жандарына, жұмыстағы
үзілістердің ұзақтығы мен өзге факторларға қарай жұмыссыздарға сараланған
жәрдемақылар белгіленді. Әлеуметтік қолдау көрсетудің анағұрлым жоғары
деңгейі штаттың қысқаруына немесе кәсіпорындарды таратқан жағдайға
байланысты жұмыстан босатылған қызметкерлерге кепілденді. Сондай-ақ
мамандыққа оқыту мерзімінде жұмыссыздарға стипендиялар төлеу қарастырылды.
1999 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының "Халықтың
жұмыспен қамтылуы туралы" жаңа Заңы күшіне енді, ол жұмыспен қамту
саласында белсенді саясат жүргізуге, азаматтарды жұмыс іздеуге уәждеуге,
халықтың ең осал санаттарына әлеуметтік қорғау көрсетуге бағдарланды. Осы
заңға сәйкес жұмыссыздық бойынша жәрдемақы едәуір азайтылды және ол айлық
есептік көрсеткіштің 3,5 еселік мөлшерінде есептеле бастады. Бұрын жұмыс
істемегендерге төленетін жәрдемақы жойылды. Жұмыссыздарды кәсіптік даярлау
(қайта даярлау) кезінде төленетін стипендиялар айлық есептік көрсеткіштің 3
еселік шамасында сақталды. Қазақстанда жұмыспен қамтудың белсенді саясаты
мен еңбек рыногының жаңа парадигмасына көшудің амалсыздан және қаржылық
пайымдардың мәжбүр етуінен болғанын атап кеткен жөн. Бюджет жағдайының одан
әрі нашарлауы небәрі 3 ай өтпей жатып-ақ жаңа Заңға түзетулер енгізуді
талап етті.
ҚР 1999 жылғы 5 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан
Республикасының Заңына өзгертулер енгізу туралы" Заңына сәйкес белгіленген
тәртіпте жұмыссыздар болып танылған азаматтарға жұмыссыздық бойынша
жәрдемақы төленбейтін болды[21]. Оның орнына жергілікті бюджеттің
қаражаттары есебінен атаулы көмек көрсету қарастырылды, оны аудандық
(қалалық) еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек көрсету (халыққа
әлеуметтік көмек көрсету орталықтары) бөлімдері жүзеге асырады.
Материалдық көмек — біздің жағдайларымызда өте "бұлыңғыр" ("көмескі")
санат (категория). Ол кедей азаматтарға (соның ішінде жұмыстан
Қазақстанда шағын несиелендіру бағдарламасы 1998 жылы біраз дамуын
тапты (жұмыссыздар мен кедей азаматтарға 400 АҚШ долларына баламалы
мөлшерде шағын несиелер бөлу), оларды жұмыспен қамтудың жаңа салаларын
(жұмыс орындарын) ашу және әлеуметтік көмек ретінде қарауға болады.
Алайда қаржылай қаражаттардың жеткіліксіздігіне байланысты бұл
бағдарлама 2000 жылы қыскартылды. Сонымен, жұмыспен қамтудың белсенді
саясатына көшу мән жағынан жұмыссыздық бойынша жәрдемақыларды жоюды
білдіреді, ал жұмысқа орналастыру мен кадрларды даярлау жөнінде нақты
қадамдар жасалған жоқ.
Жоғарыда мазмұндалған мәселенің аспектінде "Қазақстан Республикасының
халқын әлеуметтік қорғау Тұжырымдамасы" әбден уақтылы және керек болып та-
былды, ол Үкіметтің 2001 жылғы 27 маусымдағы Қаулысымен мақүлданды, қаулыда
жұмыстан айырылған жағдайда әлеуметтік қорғауға арналған арнайы бөлім бар,
бөлімде әлеуметтік қорғаудың екі деңгейлік құрылымын енгізу қарастырылған:
жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға, кәсіптік қайта даярлауға, жергі-
лікті бюджеттердің есебінен ақылы қоғамдық жұмыстар беруге жәрдемдесу жолы-
мен әлеуметтік қорғау.
Екінші деңгей: белгілі бір уақыт аралығында әлеуметтік сақтандыру
жүйесінен ресми сектордың қызметкерлеріне төлемдер беру. Әлеуметтік
сақтандыру жүйесінен төлемдер алуға азаматтардың құқығы, егер азамат
заңнамада белгі-ленген тәртіп бойынша жұмыссыз болып танылса және жұмыс
іздеумен белсен-ді түрде шұғылданса, сондай-ақ жүйеге нақты салым ақша
салған жағдайда пайда болады. Төлемнің мөлшері жалақының деңгейі мен
сақтандыру аударымдарының ұзақтығына байланысты болады.
Жеке құқық бұзулар үшін түрлі дәрежедегі мамандықтан айыру жүйесі
қолданылады, ол төлемнің мерзімін созуға, азайтуға немесе оны бұзуға
құқылы, мәселен, егер мамандығы мен біліктілігі бойынша жұмыс сәйкес келіп,
ол осы жұмыстан бас тартқаны, өз еркімен жұмыстан босатылуы және т.б. үшін.
Міндетті сақтандыру жүйесін енгізу жұмыссыздарды қамтамасыздандыру жүйесін
едәуір жақсарту мен кеңейтуге жағдай жасайды, ал жәрдемақы төлеу мерзімін
шектеу белсенді түрде жұмыс іздеуді ынталандыратын болады.
Осы құжаттың мазмұндық жағына тоқталмастан, мынаны айтып өтеміз,
міндетті әлеуметтік сақтандырудың есебінен сыйақы беруге жататын әлеуметтік
қауіптердің тізбесіне жұмыстан айырылу қаупін кіргізу 2013-2015 жж.
жоспарланып отыр. Бұл - өте үлкен мерзім[22]. Сонымен бірге жұмыссыздарды
әлеуметтік қорғаудың бас стратегиясы негізгі 3 мақсатқа қол жеткізуді
көздеуі тиіс: экономиканың нақты секторын дамыту, жаңа жұмыс орындарын
жасау үшін әсіресе шағын және орта бизнесті дамыту; кәсіпорындардың жаппай
банкротқа ұшыраулары мен қызметкерлерді жұмыстан босатуға жол бермейтін
жұмыс істеп тұрған өндірістерге бар мүмкіндігінше қолдау көрсету; жұмыспен
қамту орындарын жекешелендіру, мұндай шараның қолданыстағы жүйеден
айырмашылығы, жекешелендіру жұмыскерлерді жұмысқа орналастыру мен қайта
оқытуды шүғыл және икемді түрде жүзеге асыруға септігін тигізген болар еді.
Қажетті медицииалық қызметтерді алудың кепілдіктері әлемнің көптеген
елдерінде мсдициналық сақтандыру негізінде іске асырылады. Ол халықты
әлеуметтік қорғау жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады және
оның адам дамуындағы, коғамдық өндірістің аса маңызды факторы - адам
капиталын ұдайы өндірудің экономикалық-әлеуметтік үдерістеріндегі ролі
біршама қомақты.
Осы роль медициналық сақтандыру жүйесінің жұмыс істеуіндегі маңызды
принципті ерекшеліктерге негізделеді: қоғамдық ынтымақтастықта құру, іс-
әрекеттерді орталықсыздандыру, ұйымдастырудың міндетті нысаны, ол
(теориялық тұрғыдан біздің жағдайларымызда) барлық азаматтарға қажетті
медициналық көмек көрсетуді кепілдейді. Медициналық сақтандыру әрекеті
медициналық қызметтер рыногын тудырады, рыноктағы осы қызметті
өндірушілердің - медициналық мекемелердің, олардың қызметкерлерінің, жеке
практика жүргізетін дәрігерлердің өз еңбектерінің сан және сапа жөнінде
тікелей мүдделілігі туындайды, олар нақты бағаға ие болады.
Одан басқа, медициналық көмек тұтынушылары ретіндегі пациенттерде емдеу-
профилактикалық мекеме мен нақты дәрігер таңдау құқығы пайда болады. Ол
сақтандырушының тарапынан пациенттер мүдделерін қорғаумен үштасады, ол
көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне сараптық баға
беріп, емдеу нәтижелеріне наразылықтар көрсете алады, ал қажет болған
жағдайда емдеу мекемелеріне немесе практика жүргізуші дәрігерге
экономикалық санкция (ықпалшара) қолданады.
Қазақстандағы сақтандыру медицинасы 1995 жылдан бері дами бастады, сол
кезде тиісті заң қабылданды және Міндетті медициналық сақтандыру қоры (ММСҚ
- ФОМС) құрылды. Қор қаражаттарын кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс
істейтін халыққа арналған жалақыдан үш пайыздық аударымдары мен
студенттерге, зейнеткерлерге, оқушылар мен жұмыссыздарға бөлінетін
бюджеттік қаражаттар құрады.
Міндетті медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасына сақтандыру
оқиғаларының (аурулар, жарақаттар) тізбесі кірді, сол оқиғалар болған
жағдайда Міндетті медициналық сақтандыру қоры қаражаттарының есебінен
медициналық ұйымдар тарапынан көрсетілген қызметтер бойынша жұмсалған
шығындар өтелетін болады. Сондай-ақ осы бағдарлама арқылы қажетті дәрімен
қамтамасыз ету және қолданыстағы заңнамаға сәйкес халықтың жеке
санаттарының дәрілер бойынша жеңілдіктері қарастырылды. Базалық
бағдарламадан бөлек мемлекеттік бюджеттен денсаулық сақтау органдары арқылы
қаржыландырылатын медициналық көмектің кепілденген көлемі қамтамасыз
етілді.
Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек сапасының
бақылау көзделді, оның мақсаты - міндетті медициналық сақтандырудың базалық
бағдарламасы және медициналық көмектің қолданыстағы стандарттары арқылы
кепілденген көлемдерде, сапа мен талаптарда медициналық көмек алуға
азаматтар (сақтандырылған) құқықтарын қамтамасыз ету.
Практика жүзінде басшылықтың ірі қаржы бұрмалаушылықтары мен өзге де
себептерден ММСҚ жұмыс істеуі көптеген наразылықтар туғызды. Оның қызметі
едәуір шамада қаражаттарды, әсіресе бюджеттік қаражаттарды жұмыс істемейтін
халықты емдеуге уақтылы аудармаудан дағдарып қалды. Өз кезегінде Қор емдеу
мекемелеріне қаражаттарды мезгілінде және толық көлемде аударып тұрмады.
Сол арқылы сақтандырылған халықтың құқықтары бұзылды. 1999 жылдан Міндетті
медициналық сақтандыру қорының базасында медициналық қызметтерге ақы төлеу
бойынша Орталық құрылды.
Міндетті медициналық сақтандыру қорын Орталыққа қайта ұйымдастыру емдеу
мекемелерін қаржыландыруды жақсартқан жоқ. Жергілікті бөлімшелері, қыруар
қызметкерлсрі, қуатты компьютер паркі мен өзге де жабдығы (дербес
машиналарды қосқанда) бар медициналық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі
Орталық денсаулық сақтау саласындағы практиктердің (мамандардың) пікірлері
бойынша басы артық аралық буын болып табылды. Осыған байланысты медициналық
қызметтерге ақы төлеу қорының міндеттерін (қызметтерін) бөлуді тиісті
Орталықтан (ММОО) денсаулық сақтаудың жергілікті органдарына (облыстық
денсаулық сақтау) берді, бұл шара бюджеттік түсімдерге қарай тегін
медициналық қызмет көрсетуді тексеру мен реттеудің икемділігін көтерді.
Қалыптасқан қаржы жағдайларында ауруханалық-емханалық мекемелердің
көпшілігіне, 1999 жылдан, қазыналық мәртебесі берілді, ол көрсетілетін
қызметтердің ақылы болуын кеңейтудің есебінен өзін-өзі қаржыландыру режимін
ұйғарады. Медициналық қызметтердің ақылы түрлеріне (нысандарына) көшу
халықтың, әсіресе оның аз қамсыздандырылған жіктерінің әлеуметтік қорғауын
күрт нашарлатып жіберді.
Әлемдік тәжірибе мынаны айғақтайды, ел неғұрлым кедейлене түссе (халық
та), соғұрлым оның медицинаны үстауға мүмкіндіктері азаяды, соған сәйкес
денсаулық сақтауға жұмсалатын шығындардың жиынтық көлеміндегі жеке
шығындардың үлесі жоғарылаңды. Жүргізілген халықаралық салыстырулар елдің
экономикалық даму деңгейі меи халыққа тегін медициналық қызмет көрсетуге
қатысты мемлекеттік міндеттемелер шарасы арасында өзара тығыз байланыстың
бар екендігі туралы айтады.
Медициналық қызметтердің үдей түскен қымбатшылығы кезінде орталық-
тандырылған қаржы ресурстарының болмауы халықтың едәуір бөлігін медициналық
көмексіз қалдырады. Медицина мекемелеріне берілген жаңа мәртебе -
коммуналдық-қазыналық кәсіпорындар да және отбасылық амбулаториялар ашу да
көмектеспейді. Қазақстанның барлық аймақтарында медицинаның халі мүшкіл
болып отыр. Медициналық қызметтердің кепілденген минимумын алу проблемалары
халықтың денсаулығы мен тұрмыс жағдайларының нашарлауына байланысты өзекті
мәселеге айналды. Мәселен, инфекциялық аурулармен ауырғандардың көбеюі
байқалды. Барлық аймақтарда дерлік асқынған туберкулезбен ауырғандар саны
көбейді. Мәселен, 1997 жылмен салыстырғанда туберкулезбен аурушаңдық
Беларусь пен Ресейде 4-6 %-ға, ал Қазақстанда 1,3-1,5 есеге өсті. Осылай
қалыптасқан жағдайда денсаулық сақтау саласында медициналық сақтандыруды
реанимациялау қажеттілігі әбден жетілді[23].

1.3 Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етудің шетел
тәжірибесі
1980-1990 жылдар аралығында әлеуметтік қорғау түсінігі әлеуметтік
сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыру түсінігі ретінде қарастырылып,
әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің зиянды зардабынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы қаржы нарығын талдау
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту және кедейшілікті төмендету бағыттары
Отбасындағы гендерлік рөлдер
Қ.Р. қаржы нарығын талдау
Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету туралы
Халыққа әлеуметтік көмек көрсету түрлері
Халықты әлеуметтік қорғау туралы ақпарат
Қазақстан Республикасында әлеуметтік сала мәнінің теориялық және әдіснамалық негіздерін жүйелі түрде зерттеу және экономикадағы рөлін анықтау
Әлеуметтiк қорғау жүйесiнiң мазмұны мен талдауы
Әлеуметтік аймақтық бағдарламалар
Пәндер