Мемлекеттің экономикалық функциялары
Кіріспе
Экономикалық жүйе- экономиканың өзара байланысқан және реттеліп
жүйелендірілген элементерін айтамыз. Экономиканың жүйелі мінездемесінен тыс
экономикалық байланыстар мен институттар дұрыс жүргізілмей, экономикалық
процестердің теориялық зерттеуінің негіздері анықталмай қалар еді. Ал бұл
жағдайда мемлекеттің нақты мақсаттарға бағытталған тиімді саясаты болмаған
еді.
Кез- келген мемлекеттің саясаты сол экономикалық жүйедегі рөлін
анықтайды. Қазіргі кездегі экономикалық жүйедегі мемлекеттің рөлі – өткір
мәселесі болып табылады. Ол көп талқыланғанымен, оның көп жақтары
ескерілмей қалғаны жөн. Бұл мәселені шешудің жеке институттардың мен
мектептердің принциптері әртүрлі және бір-біріне ұқсамайды. Бір жағынан,
либералды экономистердің тұжырымы бойынша мемлекеттің экономикадағы рөлі
минималды болуы керек деп санаған. Басқа ғылыми мектептердің өкілдері
нарықтық экономикадағы мемлекеттің орыны маңызды деп, оны күшейтуді
қалаған.
Ұлы ағылшын экономисті Альфред Маршалл (1842-1924) өз еңбектерінде
елдің экономикасындағы адамның рөлін ашып, халықтың шаруашылық
қызметіндегі экономикалық теорияның маңыздылығын сипаттаған болатын.
Шаруашылық қызмет - бұл адамның экономикалық есептеудің
негізінен тұратын әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында
рационалды шаруашылық қызметін айтамыз.
Адамдардың шаруашылық қызметі-бұл экономикалық теорияның
өндіріс, айырбастау, қайта бөлу, тұтыну кезеңінен тұратын әртүрлі
шаруашылық процестердің кешені болып табылады. Аталған кезеңдері нақты кез-
келген экономикалық жүйеге тең.
Қоғамдық институттардың жүйесіндегі мемлекеттің ерекше орыны
мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жүйесіндегі барлық элементтердің
қызметінің атқарылуын қадағалайтын басқару субъектісі болуымен
анықталады. Қоғамның жалпылай өкілеттігі болып, ол экономиканың агенттердің
қызметін реттеп, бақылау жүргізеді. Бұл жерде бақылаудың негізінен бес
маңызды факторын ашуымыз керек.
Біріншіден, бақылау мемлекеттің тұрақты қызметі ретінде барлық атқарушы
органдарының жүйесінде болуы керек;
Екіншіден, жергілікті басқару органдарының бақылауы, күрделі емес болып
бақылаудың барлық түрлерін қамту керек;
Үшіншіден, бақылау демократияның принциптеріне сәйкес, қоғамның қатысуымен
жүргізілуі қажет;
Төртіншіден, жергілікті басқару органдарының бақылауы нақты мемлекеттік
экономикалық, әлеуметтік және басқа да маңызды мәселелерді шешуі керек;
Бесіншіден, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бақылаудың нақты
сапасын көтеру болып табылады.
Сонымен бірге қазіргі нарықтық экономика жағдайында, басты
проблемалардың бірі- елдің нарығын мен экономикасын кеңейту болып
табылады.
Барлық экономикалық жүйелерде мемлекет экономиканың реттеуін
жүргізеді. Қазақстанда нарықтық экономика болғанымен мемлекеттің рөлі мен
функциялары маңызды орын алады.
Қазіргі Қазақстанның экономикасына шолу жасайтын болсақ, онда
келесіні көруге болады:
1. Өндірістік саласының қуаттылығының әлсіздігі;
2. Инфляция;
3. Жұмыссыздық;
4. Әлемдік қаржылық дағдарыстың әсері.
Аталғандардың барлық проблемаларының шешілуі – мемлекет тарапынан
қолданылатын шаралар арқылы жүзеге асады.
Өндірісті дамытуға жасалынатын шараларын атап кететін болсақ, оған
мемлекет жағынан қаржылық көмек жатады. Сонымен бірге мемлекет әлеуметтік
көмек және сақтандыруды жүргізіп, жеке экономикалық салаларда табыстарды
қайта бөледі.
Осы дипломдық жұмыстың басты мақсаттары келесілер жатады:
1. Экономикалық жүйенің мәнін мен ерекшелігін қарастыру;
2. Қазіргі нарықтық экономиканың жағдайын сипаттау;
3. Қазақстанның экономикасындағы мемлекеттің рөлін ашу;
Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі Қазақстанның экономикасын
мемлекеттік реттеудің мен функцияларының ерекшелігімен анықталады.
Осы жұмыста экономикалық жүйелердің қалыптасуының теориялық
зерттеулері қарастырылған.
Дипломдық жұмыс келесі үш бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімінде, экономикалық жүйенің түсінігі, түрлері мен
тарихы қарастырылады.
Екінші бөлімінде, экономикадағы мемлекеттің функциялары, реттеу
ерекшеліктері сипатталады.
Үшінші бөлімінде, Қазақстанның экономикасының жағдайы
қарастырылып, болашақтағы мақсаттары анықталады.
1.Экономикалық жүйенің теориялық негіздері
1.1 Экономикалық жүйенің мәні, түсінігі мен ерекшеліктері
Ерте заманнан адамзат қоғамдастығы өзінің дамуында әртүрлі
экономикалық жүйелерін қолданған еді.Олар экономикалық проблемаларын
шешудін әдістермен және тәсілдерімен өзгешеленеді. Қазіргі кезде дамымаған
елдерде экономикалық жүйелері тарихи дәстүрлерімен қалыптасқан. Ғасырлар
бойы қалыптасқан дәстүрлер өндірілетін тауарлар мен қызметтердің түрлерін
және сонымен қатар қалай және кімге өндіруді анықтаған еді. Осы елдердің
экономикалық жүйелерге ғылыми-техникалық прогресстің кіруі қиыншылықтармен
жүреді. Ал дамыған және дамушы елдердің экономикалық жүйелері оған қарама-
қайшы болып келеді.
Объективті түрде қызмет ететін экономикалық жүйелер теориялық
экономикалық жүйелердің ғылыми еңбектерінде көрініс табады. Алғаш рет
экономиканың толық талдауы классикалық мектебін қалаушымен, 1776
жылы шыққан А.Смитпен Табиғат туралы зерттеулері мен халық байлығының
себептері деген оның басты ғылыми жұмысында жасалынған.
Одан кейінгі экономикалық жүйелердің арасында келесі экономистердің
жасалған теориялық жүйелерін айыруға болады: Д. Рикардо (1817 г.), Ф.Лист
(1841 г.), Дж.С. Милль (1848 г.), К-Маркс (1867 г.), К. Менгер (1871 г.),
А. Маршалл (1890 г.), Дж-Кейнс(1936 г.), П. Самуэльсон (1951 г.).
Экономиканың жүйелі мінездемесі бар екенің И.Т. Посошков, А.И.
Бутовской, Н.Г. Чернышевский, М.И. Туган-Барановский, А.И. Чупров, П.Б.
Струве, В.И. Ленин, Н.Д. Кондратьев және басқа да орыс экономистері өз
еңбектерінде көрсеткен болатын.
Экономикалық жүйе – бұл қоғамда ұйымдастырылу түрінде және
ондағы мүліктік қатынастардың әрекеттері негізінде болатын, барлық
әлеуметті-экономикалық процестердің жиынтығы.
Экономикалық жүйенің негізгі элементтері болып: ресурстарға жеке
меншік түрлері негізінде жатқан, әлеуметті-экономикалық қатынастар;
шаруашылық әрекетінің ұйымдастыру формалары; шаруашылық механизм, яғни
макроэкономикалық деңгейдегі әрекетті реттеу амалы; шаруашылық
субъектілер арасындағы экономикалық байланыстар жатады.
Жүйе келесі негізгі белгілермен ерекшелінеді:
1.Өндіріс қүралдарының жеке меншік түрімен;
2. Экономикалық басқару қызметтерімен, үйлесімділік
тәсілдері
және амалдарымен.
Кез-келген елдің экономикасы жеке тәуелсіз ірі жүйесі болып, өзіне
әр түрлі қызметтерді қоса қызмет етеді. Ал олардың ішіндегі жеке
бөліктердің қызмет етілуі, басқа осы экономика жүйесінің элементтерінің
көмегімен байланысты болып табылады. Яғни, осыдан келе экономикадағы барлық
элементтері бір-бірімен тұрақты байланыста және бір-біріне тәуелді болады.
Коғамның шаруашылық өмірінде экономикалық жүйе типінен тәуелсіз
арнайы жалпыға бірдей бекітілген ережелерін сактау қажет. Шаруашылық,
субъектілердің әр алуан әрекеттерінің көпшілігі қогамды экономикалық
былықтарга әкелмеу үшін, керісінше, ол халық шаруашылығын дамытумен
қамтамасыз ететін, логикалы экономикалық процестердің жиынтығына айналуы
керек. Мұндай ережелер тарихи даму процесінде пайда болады және өзгереді,
жалпы қабылданған тәжірибеде немесе экономикалық жүйенің генералды
мақсатымен сәйкес әкімшілік тәртіпте қүрылады, [1, 23].
Экономикалық жүйенің функционалдық маңызды шарттарының бірі
қоғаммен танылған және осы ережелерді міндетті түрде сақтау болып табылады.
Ең түрақты экономикалық қатар болып, шаруашылық механизмі өзін-өзі
өндіретін, барлық шаруашылық субъектілеріне экономикалық ынталандырудың
және жазаның көмегімен, осы ережелердің сақталуын қамтамасыз етеді.
Шын экономикалық қатар екі шарт негізінде жүзеге асады:
1) мемлекеттік шекарада арнайы территория болуы керек;
2) тәртіптерді тұжырымдайтын, ішкі тәртіптерді сақтайтын,
дамитын және тіршілік ететін қатарлардың механизмі мен
сипатын
анықтайтын, мемлекеттің территориялық тұтастығын
қамтамасыз
ететін, жергілікті және орталық үкімет үйымдары болуы
қажет.
Экономикалық жүйе тұрақты түрде дамуда болып, өзіне келесі
ерекшеліктерін қосады:
1. Тұтастылық;
2. Тұрақтылық;
3. Қозғалыстық;
4. Қарама-қайшылық;
5. Реттілік.
Қарама-қайшылық жүйенің дамуының кезіндегі туындайтын қарама-
қайшылықтар жатады. Жүйе даму сатысында бір жағынан біртұтастыққа
бағытталып, екінші жағынан әртүрлілігіне бағытталады.
Экономикалық әдебиеттерде шаруашылық (экономикалық) жүйелерге
көзқарастары әртүрлі қалыптасқан. Экономистердің бір жағы жүйенің дамуы
біртұтастылықпен және оның құрылымдық элементтерінің унификациясымен
тенденциясымен сипатталады деп санаған.
Е.А. Преображенскийдің айтуынша, әртүрлі шаруашылық -
экономикалық жүйелер тепе-теңдіктің негізінде ұлттық шаруашылықтың шегінде
болуы мүмкін. Бірақ айтылған тепе-теңдік ұзақ мерзімге созылмас, өйткені
екі жүйе бір уақытта елдің ішінде қызмет ете алмайды. Нәтижесінде бір жүе
екінші жүйесінің ішіне кіреді де және оның құрылымдық элементтің құрайтын
болады.
Аталған теориялық сипаттама реформалаудың кезеңінде,
экономикалық процестердің мен белгілерін жоюға бағытталған (мысалы ретінде
капитализмнен социализмге өту кезеңін айтуға болады) экономикалық
саясаттың базасын құрайды.
Экономистердің екінші жағы әртүрлі экономикалық жүйелер бірін-
бірін толықтырады, қамтамасыз етеді де, жаңа шаруашылық - экономикалық
жүйелердің құрылуына және экономикалық өсіміне әкеледі деп санаған еді.
Қазіргі конвергенциясының (лат. Converqere жақындату деген
мағынаны береді) теориясы бойынша әртүрлі экономикалық жүйелер жеке қызмет
етіп, дамып, нәтижесінде бір ірі экономикалық жүйесін құрастырады.
Аталған екі көзқарастардың қарама-қайшылығы бір тенденциясының
екінші тенденцияға ауысуы кезіңде, экономикалық жүйелердің дамуындағы
қарама-қайшылықтарын көрсетеді. Қазіргі кездегі елдердің дамуы осы
теориялық көқарасты анықтайды, оларға орталықтандырудан-
орталықсыздандыруға, жоспарлаудан – нарықтық экономикаға көшуін айтуға
болады. Болған өзгерістер мен ауытқулардың мөлшері мемлекеттегі
экономиканы дамытудағы проблемалардың көлеміне әсерін тигізеді.
Экономика ғылымының тарихы көрсеткендей, экономикалық жүйелердің
сыныптамасы әртүрлі белгілеріне сәйкес жүргізіледі. Осы белгілердің
негізінде кез-келген экономикалық жүйелердің қасиеттері жатады.
Осы белгілердің терең қарастыруымен сәйкес, экономикалық
жүйелердің белгілерін үш топқа бөліп, көрсетуге болады:
1. Құрылымды құрайтын белгілер;
2. Әлеуметтік экономикалық белгілер;
3. Көлемдік және динамикалық белгілер.
Экономикалық теорияның курстарында нарықтық, әміршіл-әкімшіл
және аралас экономиканы ажыратады.
Нарықтық экономика қазіргі кезде дамыған және дамушы елдерде көп
тараған экономика. Нарықтық экономика жеке меншігіне, таңдау және
бәсекелестік құқығына бостандығымен сипатталады. Яғни мемлекеттің рөлі
шектеулі болады, [1, 28].
Әміршіл-әкімшіл экономика орталықтандырылған басқару арқылы
мемлекеттік жоспарларды құрумен, қоғамдық (мемлекеттік) өндірісінің
құралдарына меншігімен, экономикалық шешімдерді коллективті қарастырумен
ерекшелінеді.
Экономикалық жүйелерді қарастыра отырып, олардың тарихына жалпы
шолуды жасау керек. Қазіргі кезде экономикалық жүйелердің үш түрін
ажыратуға болады.
Аралас экономика жоғарыда аталған екі экономикалық жүйелердің
элементерінің негізінде құрылады. Қазіргі кезде бұл экономика көп елдерге
тән.
Экономикалық жүйелердің сыныптамасы сонымен бірге өткен уақыты мен
болашақтағы экономикалық жүйелерден басқа жүйелерін қарастырады. Осыған
байланысты экономикалық жүйелердің тарихын қарастырған кезінде
индустриялдық қоғамнан кейінгі кезең теориясының өкілдерімен ұсынылған
сыныпатамасы ерекше орын алады.
Олар ұсынылған экономикалық жүйелердің айырмашылығының
негізінде өндірістік және ғылыми-техникалық прогресс жетістіктері жатыр.
Экономикалық жүйе ғасырлар бойы қалыптасқан болатын. Оның өзгеруі
ішкі өндірістік-шаруашылық кешенінің өзгерістеріне байланысты. Негізінен
экономикалық жүйенің дамуының үш кезеңін ерекшелейді:
Индустриалдық қоғамға дейінгі кезең;
Индустриялдық қоғамға дейінгі кезеңде натуралды ауылшаруашылық
өндіріс дамыған еді. Жер адам еңбегінің объектісі болып, сол кезеңде адам
табиғаттың биологиялық цикліне қосылған болатын. Сонымен бірге жеке адамның
өмір сүруі ауылшаруашылығы процессіне тәуелді болған.
Өндірушінің өндірістік процесіндегі орыны, қызметі, мақсаты, шығарылатын
өнімнің көлемі, саны, сапасы және оның қызметінің құралдары өндірістік
күштердің дамуының деңгейімен ғана емес, нақты белгілі тұлғалармен және
еңбек ететін ассоциацияларымен немесе басқарушы тұлғалардың
өкілеттіліктермен анықталған еді.
Индустриалдық қоғамға дейінгі кезеңінде нақты аграрлы экономика дамыған
болатын.
Индустриалды кезең;
Адамдармен жасалған еңбек құралдарының жетілдірілуі, әрине
олардың табиғатқа тәуекелділігін азайтып, еңбек бөлінісін ұлғайтқан еді.
Табиғи өндірістік күштерден қоғамдық өндіріс күштеріне өтуіне жағдай
жасалуын да қамтыған.
Ғылыми-техникалық прогресс, өндірістік революция жеке адамдардың
тәукелділігінің орына, тәуелсіздігіне келуіне әсерін еткен. Бұл жүйеде
өндіруші барлық тәуекелділікті өзіне алып, өнімді өндіру кезіңде оның
көлемін өзі анықтайды. Бірақ бұл тәуелсіздік формальді жүзеге асады,
өйткені жеке адамдар өндірушілерге тәуелді болады.
Ал өндірушілер арасындағы байланыстардың дамуы нақты
анықталмаған еді. Бұл экономиканың құрамын басында жеңіл өнеркәсібі құрып,
кейін ауыр өнеркәсібі кірген болатын. Индустриалды кезеңінде капитализмнің
дамуы нақты орын алған еді.
Постиндустриалды кезең;
Ғылыми-техникалық прогресс пен өндірістік революцияның әсері одан
әрі ұлғаюның нәтижесінде өндірістік күштер одан әрі дамыды. Жалпылай
өндірістік күштер экономикалық жүйенің өндірістік күштерінің маңызды
элементтерінің бірі болып құрылады.
Егер неолитикалық революциясының нәтижесінде постаграрлы
экономика қалыптасатын болса, бұл жерде ғылыми-техникалық прогрестің
әсерінен постиндустриалды экономика дамиды. Өндірістен басқа
экономиканың салалары жетілдіріледі.
1980 жылдардың ортасында қызмет көрсету саласында Америка
Құрама Штаттарының халықтың 70 % -ы жұмыс істеген.
Егер аграрлы экономикада негізгі элементті жер, ал индустриалды
экономикада -капитал болатын болса, онда постиндустриалды экономикада оған
жинақталған білім, ақпарат жатады,[2, 148].
Ал жаңа технологиялар жоғары білімді интеллектуалды мамандар
жұмысының нәтижесіне жатады. Нақты олардың еңбек нәтижелерін қарастыратын
болсақ, оған телекоммуникациядағы революциясын байқауға болады. Егер XIX
ғасырдың соңында – XX ғасырдың басында коммуникацияның негізгі формасына
газет, журнал, кітап, одан кейін телефон, телеграф, радио, теледидар
қосылып, болатын болса, қазіргі кезде ақпараттық технологиялардың
негізінде құрылған компьютерлендірілген байланыстар коммуникациядағы
маңызды орын алады. Яғни білім, ақпарат стратегиялық ресурстардың басты
элементінің орын алады. Аталғандардың барлығы өндірістік күштердің
территориялық орналасуын өзгертеді.
Егер индустриалдық қоғамға дейінгі кезеңде қалалар сауда
жолдарының қасыңда, ал индустриалды кезеңде пайдалы қазбалар, шикзат пен
энергияның қайнар көздерінің жақынында орналасатын болса, қазіргі
постиндустриалды экономикасының жағдайында, технополистер ірі ғылыми-
зерттеу орталықтардың қасыңда салынады. Оған мысал ретінде Америка Құрама
Штаттарының Кремниевая долина технополисін жатқызуға болады. Дамыған
елдерде метериалдық өндірісінің жекелендірілуі білім деңгейінің
жоғарлауымен жүреді.
Ғылыми-техникалық революция жеке адамдардың индивид түрде өмір
сүруге жағадай жасайды. Кез-келген жеке тұлға қоғамның жалпылай мақсатына
қызмет етеді. Сонымен қатар жеке тұлға погрестің негізгі құралы ретінде
орын алады.Қазіргі нарықтық экономиканың шаруашылығы адамның жеке типін
анықтады, ол homo economicus болып табылады,[2, 159].
1.2 Экономикалық жүйенің типтері, модельдері мен даму кезеңдері
Экономикалық жүйенің типтерін мен модельдерін қарастыруды бастай
отырып, экономикалық жүйенің элементеріне жалпы шолуды жасауымыз керек.
Кез-келген экономикалық жүйенің элементеріне экономикалық ресурстары,
шаруашылық қызметінің нәтижелері бойынша экономикалық жүйесінің меншік
формасында құрылған әлеуметтік-экономикалық байланыстар, шаруашылық
қызметінің ұйымдастырушылық формалары, шаруашылық механизмі,
макроэкономикалық деңгейіндегі экономикалық қызметті реттеудің әдістері,
шаруашылық жүргізу субьектілердің арасындағы нақты қалыптасқан
байланыстар, [3, 38].
Соңғы екі жүз жылдың ішінде әлемде әртүрлі экономикалық жүйелер
қызмет еткен болатын. 1 кестеде экономикалық жүйелері ашылған.
1 кесте - Экономикалық жүйелердің ерекшеліктері
Негізгі Нарықтық Әкімшіл-әміршіл Аралас экономика
мінездемелері экономика экономика
Өндірістің Кәсіпорынның Жеке меншіктің Мемлекеттік
жалпылануының шегінде экспроприациясы мүліктің ұлттық
масштабтары өндірістің жеке өндірушілердімасштабының
жалпылануы зорлықпен шегінде
біріктіру жалпылануы
(колхоздар,
совхоздар)
Меншіктің Жеке Мемлекеттік Жеке коллективті
басымдылығы кәсіпкерлердің қызметтің және мемлекеттік
экономикалық басымдылығы меншіктің
қызметі негізіндегі
экономикалық
қызмет
Бюджетті Қатаң Жұмсақ -
шектеудің формасы
Еңбекке Факторлы табыстарСоциалистік жарыс Факторлы табыстар
ынталандыру (еңбек ақы, табыс
)
Өндірістің Сұраныс пен Жоғарғы үкімет Сұраныс пен
негізгі принципі ұсыныстың теңдігіорганының ұсыныстың теңдігі
қалаулары, саяси
шешімдері
Экономиканы Жеке капиталдың ОрталықтандырылғанСұраныс пен
реттеу өзін-өзі ұсынысты
реттелуі, мемлекеттің қатаң ынталандыру үшін
мемлекеттің бақылауы ұлттық
рөлінің аздығы экономиканы
мемлекеттік
реттеу
Бәсекелестіктік Бар Жоқ Бар
Көлеңкелі Жоқ Бар Мемлекетпен тиым
экономика салынған
тауарларға
Баға қою Өндірістің Мемлекет тұрақты Өзгеретін
құлдырауын түрде бағалар (икемді) бағалар
болдырмауға қойады
сәйкес
жүргізіледі
Еңбек ақы Жұмыс күшіне Әкімшіліктік Жұмыс күшіне
сұраныс пен түрде қойылатын сұраныс пен
ұсыныс арасындағыеңбекақы ұсыныс арасындағы
байланысының байланысының
бәсекелестігінің бәсекелестігінің
негізінде негізінде
қойылады қойылады,
минималды жалақы
мемлекетпен
анықталады
Экономикс кітабының авторлары-американдық экономистер
К.Макконнелл жәнс С.Брю эконмиканың төрт типін ерекшелейді бірінші таза
капитализм; қазіргі нарық экономикасы немесе аралас жүйе; топтық
экономикасы; дәстүрлі экономикасы.
Қазіргі кедегі сыныптамасы мүлдем өзгермеген, оларды тек сәл
басқаша топтайды: нарықтық және нарықтық емес жүйелер деп бөледі, [3, 46].
Нарықтық жүйелерге келесілер жатады:
1. Таза капитализм;
2. Қазіргі дәуірінің капитализм.
Нарықтық емес жүйелерге жататындар:
1. Дәстүрлі;
2. Әміршіл-әкімшіл.
Таза капитализм - нарықтық шаруашылықтың негізіндегі құрылады.
Қазіргі дәуірінің капитализімі басқа экономикалық жүйелерге
қарағанда икемді, өйткені ол ішкі және сыртқы жағдайларына тез
бейімделеді.
ХХ ғасырдың екінші жартысында ғылыми-техникалық революция мен
өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы кезіңде, мемлекет ұлттық
экономиканың жетілдіруіне әсерін күшейткен болатын. Осымен байланысты
шаруашылық механизімі де өзгеріске ұшырап, шаруашылық қызметінің
ұйымдастырушылық формалары мен шаруашылық жүргізу субъектілердің
экономикалық байланыстары да өзгерген еді. (2 кесте )
Дамыған нарықтық экономикасында шаруашылық механизімінің
өзгерістері маңызды орын алады. Шаруашылықтандырудың жоспарлы әдістерінің
кейінгі дамуы жекелеген фирмалардың маркетингтік басқару жүйесінің түрінде
көрініс табады.
Сонымен бірге жоспарлы әдістерінің макро деңгейіндегі дамуы
экономиканы мемлекеттік реттеумен үнемі байланыста болады.
Өндірушілердің шығаратын өнімнің көлемі мен құрылымы маркетингтік
зерттеулерінің негізінде мен ғылыми-техникалық прогрестің басымды
бағыттарын ескеруінің мен нарықтағы макро деңгейіндегі қажеттілігін
талдаудың негізінде анықталады, [3, 89].
Өндірісті басқарудың маркетингтік жүйесі өндіріске дейінгі
компанияның шығындарының есептеуінің бақылауын жасайды.
2 кесте -Таза капитализм мен қазіргі дәуірінің капитализмді
салыстыру
Өндірістің Кәсіпорынның шегінде Ұлттық масштабымен
жалпылануының көлемі өндірістің жалпылануы шаруашылықтың
жалпылануы мен
мемлекеттенуі
Меншік формасының Жеке капиталистер- Мемлекеттік және жеке
маңызды бөлігінің алуы кәсіпкерлердің меншік базасының
экономикалық қызметі негізіндегі
экономикалық қызмет
Экономиканы реттеу Тәуелсіз нарығында жекеТұтынушылық сұранысты
капиталдың өзін-өзі ынталандыру үшін ұлттық
реттелуі, мемлекеттің экономиканы мемлекеттік
рөлінің үлесі аз реттеудің басымдылығы
Әлеуметтік кепілдемелерАзаматтардың Мемлекеттік және жеке
жұмыссыздық, кәрілік, әлеуметтік сақтандыру
ауырған жағдайында мен қамтамассыз етілу
кепілдемелердің болмауықорларының құрылуы
Мемлекеттік салалық және жалпы ұлттық бағдарламалары
(жоспарлары) шығарылатын өнімнің мен қызметтердің көлеміне, сапасына әсерін
етеді де тұтынушылардың нақты қажеттілігіне сәйкес болуын қажет етеді.
Ресурстарды пайдаланудың мақсаттары ірі компанияның шегінде маңызды
салаларын ескере отырыпстратегиялық жоспарлаудың негізінде шешіледі.
Құрылған жалпы ұлттық өнімнің қайта бөлінуі дәстүрлі түрде қалыптасқан
формаларының негізінде жүргізіліп, мемлекеттің адамның факторына
салынатын салымдарынан тұрады. Оларға жататындар:
1. Білім мен ғылым жүйесін қаржыландыру;
2. Халыққа медициналық қызметті жетілдіру;
3. Әлеуметтік қажеттіліктер.
Қазіргі кезде нарықтық экономикасы бар дамыған елдердің әлеуметтік
қамтамассыздандыруға және кедейлікпен қарсы бағдарламаларға орташа шамамен
мемлекеттің бюджеттік шығындарының 30-35% құрайды. Бұл уақытта ірі
кәсіпорындарда өз қызметкерлері үшін тиімді жағдай жасауы арқылы еңбек
өнімділігін, жұмыс уақытының жоғалуын азайтуды жүзеге асады. Нәтижесінде
кәсіпорынның нарықтағы белсенділігі өседі де, бәсекеге қабілеттілігі
артады, [3, 97].
Дәстүрлі жүйе;
Экономикасы ыз дамыған елдерде экономиканың дәстүрлі жүйесі
қалыптасқан. Бұл экономика жүйесінің типі ғылыми-техникалық прогрестің
артында қалған өндірістік технологиялардың негізінде қалыптасқан. Қол
өнершілік әлі де кездеседі. Елдің экономикасы көп деңгейлі сатылармен
ерекшелінеді. Көп деңгейлі сатыларына әртүрлі шаруашылық формаларының
болуымен сипатталады. Шаруашылықтың жүргізілуі коллективті формасымен
жүзеге асады. Шаруашылықтың маңызды бөлігін кішігірім тауарлық кешені
алуда. Осы кешенің шаруашылық қожалықтар мен фермерлер құрастырады.
Ұлттық кәсіпкерліктің аз дамығандығына қарамастан, бұл елдерде
шетел капитал көбінесе көп шоғырланған.
Қоғамның өмірінде маңызды рөлді саяси-әлеуметтік прогреске жол
бермейтін ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлер, діни және мәдени құндылықтар
алады.
Экономикалық басымды бағыттардағы мақсаттарды шешілуі әртүрлі
ерекшеліктерді ескеруімен орын алады. Дәстүрлі экономиканың тағы да бір
ерекшелігі мемлекеттің рөлінің орасан зор екендігі болып табылады.
Мемлекет ұлттық табыстың маңызды бөлігін бюджет арқылы қайта бөліп,
инфрақұрылымды дамытуға мен кедейшілікті жою мақсатында әлеуметтік
бағдарламаларды жүзеге асырады.[№3, 112]
Әкімшілік-әміршілдік экономика (коммунизм, жоспарланған-
орталықтандырылған). Бұл жүйе бұрыңғы КСРО кезеңінде, Шығыс Еуропада және
басқа да бір қатар Азия елдерінде болған еді. Соңғы жылдары әкімшілік-
әміршілдік экономикалық жүйесіне отандық және шетел экономистері оған
жалпылай мінездемесін сипаттауға тырысқан болатын. Бұл экономикаға тән
маңызды ерекшелігіне барлық экономикалық ресурстарына қоғамдық меншікті,
экономиканың ерекше формаларындағы бюрократиялануын мен монополиялануын,
шаруашылық механизімінің негізіндегі орталықтандырылған экономикалық
жоспарлауын айтуға болады.
Әкімшілік-әміршілдік жүйенің шаруашылық механизімінің
ерекшеліктеріне тоқталайық.
Біріншіден, шаруашылық механизімінің барлық кәсіпорындардың басқарылуы
мемлекеттік жоғарғы басшыларының билігімен жүзеге асады.
Екіншіден, мемлекет өндірісті мен шығарылатын өнімге қатаң бақылауын
жүргізеді. Оның нәтижесінде, жеке шаруашылықтардың арасындағы нарықта еркін
байланыстардың болуына жол бермейді.
Үшіншіден, мемлекеттің басқарушылық аппараты шаруашылық қызметін
әкімшілік-нұсқаулық әдістері арқылы жүзеге асады.
Шектен тыс орталықтандырудың жүргізілуінің нәтижесінде шаруашылық
механизімінің мен экономикалық байланыстардың бюрократизациясына әкеледі.
Ал орталықтандырылған бюрократизм шаруашылық қызметінің эффективті
дамуына жол бермейді.
Шаруашылықтың мемлекеттендірілуі тауарлар мен қызметтер
нарығындағы шегі жоқ монополияның масштабтарына өсуіне әкеледі. Ұлттық
шаруашылықтағы құралған ірі монополиялар мемлекеттік аппаратының көмегімен
нарықты басып, бәсекелестіктің болмауынан өндіріске жаңа техниканы мен
технологияларды енгізумен қамтамассыз етілуін бақыламайды.
Әкімшілдік-әміршілдік экономикасынан тұратын елдерде жалпы
экономикалық міндеттердің шешілуі белгілі ерекшеліктеріне сәйкес
жүргізілген болатын. Шығарылатын өнімнің көлемін мен құрылымын анықтау
күрделі және жауапты мәселесі деп саналып, жеке өндірушілермен (колхоздар,
совхоздар, кәсіпорындар) шешілмеген. Сондықтан қоғамдық қажеттіліктерінің
құрылымы орталық жоспарланған органдарымен анықталған болатын.
Материалдық игіліктердің, қаржылық пен еңбек ресурстардың
орталықтандырылған қайта бөлінуі орталықтандырылған жоспарлаудың негізінде
арнайы белгіленген белгілері бойынша өндірушілер мен тұтынушылардың
қатысуынсыз жүргізіледі. Өндірілген өнімнің қатысушылардың арасындағы
бөлінуі орталық органдарымен арнайы тарифтік жүйесімен сәйкес жүзеге асады.
Бұл жүйенің әлсіздігі мен экономиканы дамуының интенсивті типіне
көшуіне қамтамасыз етілмеуінің нәтижесінде бұрыңғы социализм болған
елдеріндегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге әкелген болатын.
Экономикалық реформалардың стратегиясы әлем өркениеттің заңнамаларына
сәйкес жүргізілген еді, [3, 115].
Кез-келген экономикалық жүйесінің шегінде, мемлекеттердің тарихына,
дәстүрлеріне, экономикалық дамудың деңгейі мен әлеуметтік пен ұлттық
жағдайларға байланысты олардың шаруашылықты ұйымдастырудың модельдері
бар болады. Әкімшілдік-әміршілдік экономикалық жүйесінде кеңестік,
қытайлық модельдері орын алған болатын. Қазіргі дәуірінің капитализмнің
жүйесінде де әр түрлі модельдері бар. Оларға жалпылай шолу жасайық.
Американдық модель;
Американдық модель кәсіпкерлікпен айналысатын белсенді тұлғаларға
көмегін беруге негізделеді. Аз қамтамасыз етілген топтарға мемлекеттін
әлеуметтік жәрдемақылар мен көмегімен оларды орташа өмір сүру деңгейімен
қамтамасыз етеді. Азаматтардың әлеуметтік бірдей болуы мақсаттарға
жатпайды. Бұл модель еңбек өнімділігінің мен қоғамның жеке жетістіктерге
бағытталғанының негізінде құрылған.
Жапондық модель;
Жапондық модель халықтың өмір сүру деңгейінің (сонымен бірге
еңбек ақының деңгейімен) еңбек өнімділігінен төмен болуымен сипатталады.
Осыдан келесі нәтижені көруге болады: өткізілетін өнімнің өзіндік құны
төмендеп, әлемдік нарықтағы бәсекелестікке қабілеті жоғарлайды. Қоғамдағы
өмір сүру деңгейінің әр түрлілігіне бөлінуіне ешқандай кедергілер
қойылмайды. Бұл модель халықтың мемлекеттің экономикасын жандандыру
мақсатында белгілі бір материалдық жоғалтуларға баруға деген жоғары
патриоттық санасезімнің болуы кезде ғана құрылуы мүмкін.
Шведтік модель;
Осы модельдің негізгі ерекшелігі ол әлеуметтік экономика саясатының
жоғары және мықты болуымен сипатталады. Бұл саясат ұлттық табыстың қайта
бөлінуі арқылы қоғамдағы теңсіздікті жоюға негізделген. Мемлекеттің қолында
негізгі қорлардың 4% болғанымен, ал мемлекеттік шығындары 80- жылдардың
ортасында жалпы ішкі өнімнен 70%-ң үлесін алып, оның жартысы әлеуметтік
мақсаттарға жұмсалған еді. Әрине осындай жағдай салық салудың жоғарғы
нормалары болғанда болуы мүмкін.
Бұл модель экономистердің айтуынша функционалды социализация
деген атқа ие болған. Экономикадағы өндірістік функцияларын нарықтағы
бәсекелестік негізінде қызмет ететін жеке меншік кәсіпорындары атқаратын
болса, ал өмір сүрудің жоғарғы деңгейін (білім, әлеуметтік сақтандыру,
жұмысбастылық) мемлекеттің қолында болады.
Жоғарыда қарастырылғанына сәйкес соңғы екі жүз жылдың ішінде
әлемде әртүрлі экономикалық жүйелер қызмет еткен болатын. Нарықтық
шаруашылық маңызды орын алатын екі нарықтық жүйесі: нарықтық экономика,
аралас экономика және екі нарықтық емес жүйелер: дәстүрлі және әкімшіл-
әміршіл.
Аталған экономикалық жүйелердің терең зерттеуін жүргізейік.
Нарықтық экономика;
Таза капитализм немесе таза бәсекелестік кезеңінің капитализмі
(laissez faire) ресурстарға жеке меншігімен және экономикалық қызметті
реттеу үшін нарықтық жүйесін мен бағаларын қолданылуымен сипатталады. Таза
капитализмнің бастапқы маңызды ерекшелігі деп экономикалық қызметінің
қатысушылардың капиталист-кәсіпкердің ғана емес, сонымен бірге оның
жалдамалы жұмысшылардың мен қызметкерлердің жеке бостандығы болып
табылады. Бұл жүйенің әрбір қатысушылары өзінің жеке мүдделерін ғана
ойлап, жеке бірліктері өзінің жекелеген шешімдерді қолдану арқылы табысты
максималды алуға тырысады.
Нарықтық жүйе жекелеген шешімдерді қабылдау мен оларды реттеу
және жариялау негізінде қызмет етеді. Тауарлар мен қызметтердің
өндірілуінің, ал ресурстар бәсекелестік жағдайында ұсынылуының фактісі
әрбір жекелеген тауарларға мен ресурстарға келетін қызмет ететін сатып
алушылар мен сатушылардың бар болуын көрсетеді. Оның нәтижесінде
экономикалық биліктің қызметі кең болып табылады. Экономикалық өсудің
шешуші рөлін жекелеген капиталы бар кәсіпкерлік қызметінің бостандығы
атқарған еді. Қоғам өндірісінің негізгі күші - адами фактор жаңа
деңгейіне көшкен болатын. Жалдамалы жұмыскер мен капиталист- кәсіпкер
нарықтық байланыстардың негізінде тепе-теңдікті сақтаған. Бостандығы бар
жалдамалы жұмыскер термині еңбек нарығының шегінде сатып алушының
таңдаудың бостандығы бар болуымен сипатталады. Тауарлар мен қызметтердің
иесі оларды өткізуден түскен табысты алу сияқты, жалдамалы жұмыскер өз
қажеттіліктерін қанағттандыруды таңдау құқығына ие болған. Бостандықтың
екінші жағы деп капиталист-кәсіпкерлердің жалдамалы жұмыскердің арасындағы
келісім-шарттары мен оларға барлық жағдай жасау және жалпы жұмыс күшінің
қалыпты жағдайы үшін жекелеген жауапкершілік болып табылады, [3, 127].
Экономикалық дамудың нарықтық механизіміндегі фундаментальді
міндеттеріне келетін болсақ, олар нарық мен бағалар арқылы шешіледі.
Бағалардың ауытқуы, олардың жоғарғы немесе төменгі деңгейі тұтынушылық
қажеттіліктердің индикаторының қызметін атқарады. Тауар өндіруші нарықтың
коньюктурасына, бағалардың деңгейіне мен динамикасына бағытталып, барлық
ресурстардың қайта бөлудің проблемаларын өзі шешіп, нарықтағы сұранысқа ие
тауарларды өндіреді.
Кәсіпкерлер тауарларды өндіре отырып, табысты максималды алуды
бағытталып, өндірілген өніміне жұмсалатын еңбек, қаржылық инвестициялық
ресурстарды төмендетуге мақсаттар қойады.
Таза капитализмнің қорғаушылардың айтуынша, мұндай жүйе ресурстарды
эффективті түрде пайдалануды, өндірісті тұрақты сақтауда мен жалпы
экономикалық өсуді аз уақытының ішінде қамтамасыз етеді. Сондықтан мұнда
үкімет тарапынан орталықтандырылған жоспарлаудың мен экономикалық
процестерге қатысуының қажеті жоқ. Негізінен laissez faire термині бара
берсін (let it be) деген мағынада, яғни нарықтық байланыстарға мен
экономикаға үкіметінің ешқандай араласуының керек еместігін көрсетеді. Ал
мемлекет тарапынан араласуы нарықтық жүйесінің қызметінің эффективтілігін
бұзады. Ал нақты мемлекеттің рөлі жеке меншікті қорғаумен, нарықтардың
қалыпты қызметін қамтамасыз ететін құқықтық құрылымды жасаумен шектеледі,
[4, 72].
Нарықтық жүйесін бағалайтын болсақ, онда бұл жүйенің нақты
аталған фундаментальді міндеттерді шешілетіндігін ашуымыз қажет. Осы
мәселесі әр түрлі экономистердің көзқарасы бойынша әр түрлі шешіледі,
сондықтан оның бағалауына қорытынды жасау қиын. Мысал ретінде, ресурстарды
қайта бөлу нарықтық жүйесінің тәсілдерінен басқа әдістері бар болады.
Аралас экономика;
Әр түрлі шаруашылықтардың формаларының, яғни білім, өркениет
жүйесінің өзара байланыстары мен жүйенің күрделі элементтерінің
байланыстары Оның басты ерекшелі- гетрогендігі, яғни оның құрылымына
кіретін элементтердің әртүрлілігі болып табылады.
Аралас экономикалық жүйелер әртүрлі тарихи жағдайларда болатын.
Мысалы: бұрыңғы Римде, феодалдық мен құлиеленушілік байланыстар негізінде
өз дәуірінде, осындай жүйесі колонат болған. Қазіргі кездегі жағдайды
ескере аралас экономика келесі ірілендірілген формалардан тұрады:
1. Дамушы елдердің (әсіресе аз дамыған елдердің) аралас экономикасы
экономикалық формалардың төмен дамуының деңгейімен анықталады;
2. Экономикасы дамыған елдердің аралас экономикасы (дамыған аралас
экономикасы).
Аралас экономиканың идеялары соңғы екі жүз жылдың аралығында пайда
болып, кейін олар жалпылай таралып, әлеуметтік-экономикалық өміріндегі
әсіресе соғыстан кейінгі нақты өзгерістерін көрсеткен болатын.
Бұл өзгерістер күрделенген формаларында нарықтың, мемлекттің
экономиканы реттеудің, жеке кәсіпкерліктің мен социализация процесінің
өзара байланыстылығын мен қоғамдық жүйелерінің постиндустриалды
(постэкономикалық) бастамалардың кіруін сипатталатын.
Аралас экономика термині бастапқыда нақты ешқандай мағынаны
бермейді. Бірінші позициясының жағынан, оның мағынаның талдануы
экономиканың әр түрлі салаларының мен меншіктің формаларының үйлестіруін
қарастырады. Кейнсиандық өкілдерінің тұжырымдарынан пайда болған екінші
позициясының маңызды проблемасына нарықтық механизімінің мен мемлекеттік
реттеудің мәселелері жатады. Үшінші позициясы әртүрлі әлеуметтік реформалар
ағымдарының өкілдерімен ұсынылған жеке кәсіпкерлік капиталының мен
әлеуметтіктің өзара байланыстыруымен сәйкес. Тағы бір позициясының
қарастырылуынан қазіргі дәуірінің қоғам құрылымының экономикалық мен
экономикалық емес бастамаларының өзара байланыстарын қарастырады.
Аралас экономиканың аталған талқылаулар бір-біріне қарама-қайшы
келмейді. Аралас экономика жеке мен экономиканың мемлекеттік салалардың,
нарық пен мемлекеттік реттелуін, капиталистік тенденциясын мен өмірдің
социализациясының арасындағы өзара байланысын қарастырады.
Аралас экономиканың параметрлері қалыпты дербестілікпен
ерекшелінеді. Бірақ кейбір елдерінде белгілі бір параметрлері жүйенің басқа
да элементтеріне тәуелді болады. Экономиканың араластығы оның құрылымдағы
әр түрлі құрылымдық элементтерінің бар болуымен ғана емес, сонымен бірге
экономикадағы нақты жаңа фирмалардың құрылумен сипатталады. Оның мысалы
ретінде, мемлекеттік акционерлік қоғамдастықтар, жеке фирмаларымен
мемлекеттік органдарының келісім-шарттары, әлеуметтік қарым-қатынастар.
Қазіргі кезде аралас экономика, тұтастай жүйесі ретінде
танылып, қызмет етеді де, дамыған қоғамның формасы болып табылады. Оның
құрылушы элементтері мемлекеттік реттеудің бар болуымен өндірістік
күштерінің деңгейлеріне мен әлеуметтік-экономикалық теңденцияларына мен
жеке шаруашылық инициативтеріне -әлеуметтік кепілдемелеріне жүктеледі, [4,
87].
Аралас экономика басқа экономикалық жүйелердің құрылымдық
элементтерінің біртүрлігіне қарағанда, конгломерат болып табылмайды.
Жалпылай аралас экономиканың дамуының жолы біртүрлілігін мен стандартты
болуын қарастырмайды.
Аралас экономиканың модельдері;
Нақты түрде әр түрлі елдерде аралас экономиканың әр түрлі модельдері
бар. Олар бір-бірінен әр түрлі меншіктің, нарықтың және мемлекеттік
реттеудің мен капиталдың, сонымен бірге экономикалық және постэкономикалық
жақтардың формаларының өзінің ұлттық араласу коэффициентерімен
ерекшелінеді. Ал бұл ерекшелік әр түрлі факторларға тәуелді болып табылады.
Осы факторларға келесілер жатады:
1. Материалды техникалық базасы;
2. Мемлекеттің тарихи және саяси қалыптасу жағдайының
ерекшеліктері;
3. Әлеуметтік-саяси күштерінің әсері.
Модельдердің қарастыруын бастайық.
Американдық модель – либералды нарықтық – капиталистік модель
болып табылады. Бұл модельдің негізінде жеке меншік, бәсекелі-нарықтық
механизімі, капиталистік ынталандыру, әлеуметтік дифференциациясының
үлесінің көп бөлігі болуы болып жатыр.
Германдық модель – нарықтық шаруашылығының әлеуметтік моделі болып
табылады. Бұл модельде нарықтық бәсекелестік пайда болуы капитал мен
нарықтық кемшіліктерді жойатын ерекше әлеуметтік инфроқұрылымның мен
әлеуметтік саясаттың субъектілерінің көп деңгейлі институтционалдық
құрылымның құрылуымен байланыстырады. Германдық экономикалық модельде
мемлекет экономикалық мақсаттарды нақты қоймай, экономикалық
инициативаларды жүзеге асыру үшін қажетті әлеуметтік және құқықтық
жағдайларды құрып, қамтамасыз етеді. Қоғамдағы бұл жағдайлар азаматтық
қоғамдастықтарды мен мүгедектердің әлеуметтік теңдігін қалыптастырады.
Нақты түрде оларды екі бөліктерден тұрады: бір жағынан азаматтық және
шаруашылық құқықты қамтитын болса, екіншіден бәсекелі ортаны тұрақты
қамтамасыз ету жүйесі болып табылады.
Мемлекеттің негізгі міндеті- нарықтың эффективтілігі мен
әлеуметтік әділеттілігі арасындағы тепе-теңдікті, яғни балансын сақтау
болып табылады. Сонымен бірге мемлекет құқықтық нормалардың сақтауының
қорғаушысы мен шаруашылық қызметті мен нарықтық қатынастардың реттеудің
субъектісі шегінен шықпайды. Германдық модельдің негізі, жоғарыда
қарастырылғандай, әлеуметтік нарықтық экономикасынан тұрады да, басқа
Еуропалық модельдерге қарағанда, мемлекеттің рөлі шектеулі болып табылады.
Германдық модельге келесі мінездемелер тән:
1. Жеке азаматтардың бостандығы- нарықтық механизімінің қызметінің
шартты ретінде, орталықтандырылмаған шешімдерді қабылдау-
бәсекелестікті қамтамасыз етудің құралы;
2. Әлеуметтік теңдік- өндіріске салынған қаржылық капиталдың қайта
бөлінуінің нәтижесінде пайда болған табыстардың нарықтағы бөлінуі;
3. Антициклдық реттеу;
4. Технологиялық және ұйымдастырушылық инновацияларды ынталандыру;
5. Құрылымдық саясатының мінез-құлықтары;
6. Бәсекелестікті қорғау және қамтамасыз ету.
Аталған мінездемелер Германдық моделінің мен әлеуметтік нарықтық
экономикасының негізгі принциптерін құрайды.
Шведтік модель;
Шведтік модель - әлеуметтік-демократиялық моделі болып табылады.
Бұл модельде мемлекет – жоғарғы әлеуметтік-экономикалық күші орының алады.
Демократияның барлық шарттарына сәйкес сайланған мемлекеттік билігінің
өкілдері әлеуметтік-экономикалық өмірдің реттеуін жүргізеді. Сонымен бірге
әлеуметтік нарықтық экономиканың мен скандинавиялық социализмнің теориялық
әдістемелерінде әртүрлі болғанымен, практикада олар арасындағы айырмашылық
жойылады, [4, 139].
Жапондық модель;
Жапондық модель - корпортивті капитализмнің реттеуін қарастыратын
модель болып табылады. Бұл экономикадағы мінездемелеріне тоқталатын болсақ,
оларға жататындар:
1.Капиталдың жиналуы;
2. мемлекет жағынан экономикалық дамуын реттеу;
3. Корпоративті бастамашылығының әлеуметтік мағынасының
жоғарлығымен жүргізілетін инвестициялық және сыртқы
экономикалық саясаты.
Модельдерге жалпы шолуды аяқтай отырып, нәтижесінде
мемлекеттердің әлеуметтік-реттеулі нарықтық экономикаларын құруға бағдар
жасауда екендігін көрсетуге болады.
Аралас шаруашылығының жүйесі;
Әлеуметтік – нарықтық шаруашылығының саяси-экономикалық концепциясы
экономикалық бостандықты, кепілдендірілген мемлекеттік-құқықтық
бостандықты, әлеуметтік қорғауды және әлеуметтік әділеттілікті синтездеу
мен бақылауға бағытталған. Сонымен бірге бұл -әділеттілік пен бостандықтың
өзара байланыстылығы болып табылады.
Нарықтық шаруашылық- шаруашылықтың бостандығын сипаттайды. Ол жеке
сатып алушылардың өзінің жеке таңдауымен тауарларды сатып алу құқығын
ашады. Мұнда тауарлар- тұтыну бостандығының объектісінің орының алады.
Нарықтық экономиканың нарықтық бостандығының сақталуымен
мемлекеттік қызметінің кеңеюі әлеуметтік экономикалық процесінің
күрделенуімен байланысты. Қазіргі кездегі қоғамның барлық фундаменталды
проблемалары нарықтық механизмдерімен ғана шешілуі тиіс. Мысалы ретінде
қазіргі жұмыс күшінің квалификация деңгейі экономикалық өсудің сапалығына
әсерін тигізеді. Ал жұмыс күшінің сапалығына деңсаулық сақтау, әлеуметтік
қамтамасыздандыру мен сақтандыру, қоршаған ортаның жағдайы әсерін тигізеді.
Сондықтан әлеуметтік экономиканың бағыттарына экономикалық
және сонымен бірге экономикалық емес мақсаттары жатыр. Бұл мақсаттарын
жалпылай алғанда келесідей қорытып көрсетуге болады:
1. Экономикалық өсуді мен экономикалық тұрақтылықты қамтамассыз
ету;
2. Әлеуметтік қамтамасыз ету және әділеттілік;
3. Бәсекелестікті қорғау және дамыту шаралары;
4. Саяси тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Қазіргі аралас экономиканың шаруашылық механизмін қарастырсақ, оның
өзгеруін байқаймыз. Шаруашылықтың жоспарлы әдістері жекелеген фирмалардың
маркетингтік жүйелерінде көрініс табады. Ал экономикалық өсудің алдағы
маңызды міндеттері жаңа шешілімдеріне ие болады, [5, 168].
2. Экономикалық жүйедегі мемлекеттін орны
2.1 Мемлекет- экономикалық бостандықтың қорғаушысы ретінде
Адамзат шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін келесілер қажет
екенін анықтаған еді:
1. Өз еңбегінің нәтижелерін еркін пайдалану;
2. Кәсіпкерліктің еркіндігі (өз еркімен таңдау, шешімдерді
қабылдау);
3. Келісім-шарттарды жасаудың бостандығы (нақты меншікті
пайдаланудың формаларын жүзеге асыруды қажет етеді).
Аталған бостандықтардың құрылымын мазмұны дегеніміз не? Сол сұраққа
жауап берейік.
Өз еңбегінің нәтижелерін еркін пайдалану- оның мағынасы кез-келген
адамның өз еңбегімен пайда болған ресурстарды, ақшалай қаражаттарды, жеке
меншікті пайдалануға және қайта бөлуге құқығы бар. Басқаша сөзбен айтқанда,
бұл жеке меншіктің құрылуының негізі болып табылады. Мемлекетте мұндай
негізі болмаса, адам адамға жауы боладаы. Егер мемлекет, қоғам жағынан
адам еңбегінің нәтижелерін еркін пайдалануға кепілдемелері болмаса, оның
еңбегінің нәтижелерін басқалары тартып алады, [5, 179].
Кәсіпкерліктің еркіндігі- бұл экономика саласында жеке тұлғалардың
қызмет ету еркіндігін анықтайды. Бұл еркіндік өндірушіге қандай өнім өндіру
мен қызметтерді көрсетуді ешкімнің жоспарлауға құқығы жоқ және ол оны өзі
анықтайды. Сол жағдайда адам өзінің қызметінің нәтижелері үшін жауапты
болады.
Келісім-шарттарды жасаудың бостандығы- бұл адамның өз еңбегімен
жасалған игіліктерді қандай жағдайларда сатуды таңдау құқығын
қарастырады. Бұл құқық сауданы дамытудың басты шарты болып табылады,
өйткені сол уақытта ғана адам өз шаруашылық қызметіндегі еркіндікті ие
болып, барлық болатын тәуекелділікті мойына алады.
Сонымен бірге мемлекеттің міндеттеріне тоқталатын болсақ, олар
жоғарыдағы айтылғанымен қоса, көп түрлі болып табылады. Ол біріншіден
нарықтық механизімінің белгіленген кемшіліктерінің (жетіспеушіліктері) бар
болуымен байланысты болып табылады. Аталған нарықтық жетіспеушіліктері
белгілі бір нәтижелеріне алып келеді, ал оны жою немесе түзетуді
мемлекеттің мойына жатады.
Экономистердің арасында экономикалық дамуындағы мемлекеттің
рөлі туралы нақты бірдей тұжырымдамалары жоқ. Бірақ бір тұжырымның
теориясының міндеттеріне сәйкес экономикалық өсудің алғашқы сатысынды оның
рөлі орасан зор болуы тиіс. Өйткені экономикалық дамудың алғашқы
сатыларында, аз дамыған елдерде, практика көрсеткендей қиыншылықтар болады,
ал оларды шешу үшін міндетті түрде мемлекет араласуы керек. Нақты бұл
мәселелерді қарастырайық:
1. Заңдылық және тәртіптілік- кез-келген дамымаған және артта
қалған елдердің басты проблемасы. Жеке тұлғалардың қақтығыстары
азаматтардың шаруашылық қызметіне кедергілер жасайды да, мүлдем
тоқтатылуы мүмкін, нәтижесінде экономика зардап шегеді. Күшті
және мықты билік заңдылықты және тәртіптілікті орнатып,
бейбітшілікті және бірлікке жол ашуы керек;
2. Жеке кәсіпкерліктің әлсіздігі- көптеген дамушы елдердің өзінде
де, кәсіпкерлікпен айналысатын капиталистердің аздығы көрінеді.
Сонымен бірге мемлекеттегі заңнамаларының, әсіпесе салық
заңнамаларының кәсіпкерлікке кедергілер жасайды. Оның
нәтижесінде кәсіпкерлік экономикалық өсу процесінің негізгі күші
болмайды;
3. Инфрақұрылым- қоғамның дамуында көптеген қиыншылықтары
тауарлардың мен қызметтердің жетіспеушілігінің әсерінен болады.
Басқаша айтқанда, инфроқұрылымның дұрыс және жеткіліксіз
дамуынан болады. Санитарлы-гигиеналық және негізгі медициналық
бағдарламалар, білім, жерді құнару мен қорғау, жолды салу және
басқа да көліктік-коммуникациялық жүйелер – аталған барлық
тауарлар мен қызметтері қоғамға жалпылай игіліктер әкеледі. Ал
олармен қамтамасыз етілуі тек ғана мемлекетпен жүзеге асады;
4. Капиталдың салуын мен жинақталуын мәжбүрлеу- кейде жинақталудың
мен инвестициялардың проблемалары артта қалған елдердегі
капиталдың жинақталуына кедергі болып, мемлекет жағынан
араласуын қажет етеді. Мұнда капиталдың жинақталуын қамтамасыз
ету үшін екі алтернативті жолы бар. Біріншіден мемлекеттік
салық қызметінің шаралары арқылы капиталдың жинақталуын
ынталандыру, екіншіден инфляция арқылы жүзеге асыру,яғни қосымша
ақша массасын айналымға шығару. Осы екі әдісті эффективтілігіне
салыстыратын болсақ, бірінші әдіс тиімдірек болып табылады.
Кейбір жағдайда, мемлекеттік салықтық шаралары арқылы ғана
капиталдың жинақталуы артатын болады;
5. Әлеуметтік реттеуімен байланысты проблемалары- мемлекет
экономикалық өсуге кедергі болатын әлеуметтік проблемаларды
шешудің жолдары көп. Халықтың өсуін шектеуінің және жер
реформасының проблемалары міндетті түрде мемлекеттің араласуын
қажет етеді.
Мемлекеттің экономикадағы рөлін қарастыра отырып, оның жалпылама
функцияларын ашуымыз керек.
Экономиканы функционалдайтын және шектелген шарттарда халықтың
жақсы емір сүруін сақтайтын және жасайтын мемлекет функциясын кей кезде
полициялық функция деп атайды.
Шектелген шартты даму жүйесін мемлекеттің қамтамасыз етуі - әр түрлі
экономикалық жүйедегі мемлекеттің біріңші жалпы функциясы.
Еңбекті бөлу негізіндегі кез келген экономикада, шаруашылық субъектілерінің
әр түрлі шешімдерін келістіру қажет. Мысалы, өндірушілердің жоспарларын
жэне олардың тұтынушыларының ықыластығының сәйкестігін келісімге келтіру
қажет. Бұл шаруашылық қызметтерін үйлесімділікпен қамтамасыз етеді.
Үйлесімділік - бұл шаруашылық субъектілерінің әрекет түріне, осы
жүйенің басым сипатты мақсатының сәйкестігімен, әлеуметті-экономикалық
жүйенің мәжбүрлеу механизмінің әсері. Командалық экономика шарттарында
үйлесімділік көбінесе, мәжбүрлік сипаты күмәндік туғызбайтын әкімшілік
тәсілдер жүзеге асты. Нарықтық экономикада шаруашылық субъектілерінің
шешімдеріне әсер етуі көбінесе, экономикалық әдістерінде (материалды
әсер етулер де мәжбүрлеу сипаттамасына ие.
Шаруашылық қызметінің үйлесімділігі - әр түрлі экономикалық
жүйедегі мемлекеттің екінші жалпы функциясы.
Үйлесімдік ақпараттық және мотивациялық (уәждеу) жүйелері аркылы
жүзеге асады. Ақпараттық шаруашылық мінез-құлқында ұтымды негізінің
қажеттілігін құрайды.
Сонымен, өндірушілер осы немесе басқа тауарлар мен қызметтердің
сұранысы кандай екенін, тұтынушылар қалауларьн, нарықтағы шикізаттың,
капиталдың, жұмыс күшінің жаңа технологиялардың сыртқы нарық жағдайлары,
сонымен қатар тағы басқа осыған ұқсас сияқты ақпараттарға ие болуы қажет.
Тұтынушыларға ұсынган тауарлар мен қызметтердің және оның
сапасы мен бағасы, сату шарттары туралы ақпараттар қажет.
Мемлекеттік басқару ұйымдарына экономиканың жағдайы жэне болашағы,
жұмыссыздар саны, күтілетін табыстары мен бюджеттің қажетті шығындары,
салалардың және жеке аудандардың жағдайлары, мемлекеттің сыртқы
экономикалық байланыстарының жағдай және болашағы туралы мәлімет қажет.
Кәсіпорын нарық экономикасында тұтынушылар, отбасылар өздері ақпарат
табуға және оның сыртында шығын шығаруға мәжбүрлі. Сонымен, ағымдағы және
болашақтағы нарық жағдайының мәліметтері, күтілетін сауда-саттық көлемі,
пайдасы, 6аға деңгейі, еңбека ақы төлемі, салықтың және тағы басқаларының
пайыздық ставкалары кәсіпорынға маңызды ақпараттық көрсеткіштері болып
табылады. Отбасыларға жүмыспен қамту болашағын, еңбек ақы төлемдерінің
деңгейін, бағаны, салықты, әлеуметтік төлем көлемін білу маңызды. Қоғамды
сенімді, жылдам жүмыс істейтін ақпартпен қамтамасыз ететін басқару рөлін
мемлекет атқарады:
1. Мемлекеттік ұйымдар ақпаратты үйымдастыру мен таратуға шығарады.
Олар мемлекетте біртүтас стратегия жүйесін қүрайды, ғылыми
болжау орталықтар жұмыстарын қаржыландырады және ақпараттық
материалдарды шығарады;
2. Мемлекеттік ұйымдар салықтың, кеден баж салығының деңгейі
сияқты осындай маңыздырақ ақпараттар көрсеткіштерін анықтайды,
ал басқа мемлекеттерде электроэнегргия тарифтерін, коммуналды
қызметтерді, теміржол транспорттарын жэне есеп ставкаларында
анықтайды.
Бірақ мемлекеттің қоғамды командалық жэне нарық экономикасында
ақпаратпен қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыруда бір маңызды айырмашылық
бар. Шаруашылық нарығында мемлекеттің ақпараттарға дара құқығы жоқ,[5,
215].
Қоғамды ақпаратпен қамтамасыз ету - әр түрлі экономикалық
жүйедегі мемлекеттің үшінші жалпы функциясы.
Экономиканың тұтас және жеке бөлігінде жұмыс істеуде жалғыз ақпарат
жеткіліксіз. Шаруашылық субъектілерінің жағымды (көтермелеу) жағы сияқты,
жағымсыз да(жазалау жақтарының мотивация әрекеттерінің жүйесі кажет.
Көтермелеу және жазалау қаржылық сипатта болғанда мотивация
материалдық түрінде болуы мүмкін. Бүл табыстың жоғарлауында (жағымды) және
табыстың төмендеуінде, шығынның болу мүмкіндігінде, күйзелуде (жағымсыз)
көрінеді.
Нарық экономикасыныда көбінесе, материалды мотивация
шаралары - қолданылады, бірақ мотивация әсерінің басқа да әдістері -
әкімшілік шаралар, соттық кудалау, қоғамдық пікірлер, саяси қысьм
және шіркеулік бағыт қолданылады. Қалай болса да, мотивация жүйесінің
жұмыс істеуіндегі маңызды рөлін мемелекет атқарады. Бірақ әрбір экономика
өзінің ақпарат жүйесіне жэне мотивациясына ие, сондықтан, оларсыз ұдайы
өндіріс және өз бетімен тіршілік ету қатары мүмкін емес болатын, [6, 21].
Ақпараттар құралдары шаруашылық субъектілеріне мотивация
жүйесіндегі әсерлердің өзгерістерін күнделікті хабарлап отыруы керек.
Шаруашылық субъектілеріне мотивация әсер жүйесінің құрылуы - әр түрлі
экономикалық жүйедегі мемлекеттің үшінші жалпы функциясы.
Ақпарат және мотивация жүйесі меншік жүйесімен бірдей
экономикалық басқару жүйесінің жалпы негізін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz