Қоршаған ортаның ластануына себепші зиянды заттар


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ4
1 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫ БАСҚАРУ6
1. 1 Қоршаған ортаның ластануына себепші зиянды заттар6
1. 2 Қоршаған ортаны бағалаудың экономикалық көрсеткіштері13
1. 3 Қоршаған ортаны қорғау ақпаратымен қамтамасыз ету16
2 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЖЕР БЕТІНДЕГІ МОНИТОРИНГ ЖҮЙЕСІ19
2. 1 Экологиялық өндірістік мониторингке түсінік және оның міндеттері19
2. 2 Мониторинг жүйесін топтастыру20
2. 3 Мамандандырылған автокөлік кәсіпорыны туралы мәлімет26
2. 4 Зиянды заттарды қоршаған ортаға шығару моделін сипаттау27
2. 4. 1. Зиянды заттардың қоршаған ортаға шығарылуын есептеу тәсілі28
2. 5 Экологиялық өндірістік мониторинг бойынша қортындылау45
3 ҚОСЫМША БАҒДАРЛАМАНЫҢ ӘЗІРЛЕНУІ47
3. 1 Visual Basic объектті -бағытталған бағдарламалаудың құралы іспетті47
3. 2 Visual Basic тіліндегі бағдарламаның жазылуы48
ҚОРЫТЫНДЫ55
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ58
А Қосымша58
Load Form259
End Sub61
Ә ҚОСЫМША62
Б ҚОСЫМША63
В ҚОСЫМША64
Г ҚОСЫМША65
Е ҚОСЫМША67
З ҚОСЫМША69
И ҚОСЫМША71
THE SUMMARY
The tool control of emissions of polluting substances lead at the enterprise is considered in degree work.
Results of ecological industrial monitoring total size of emissions of polluting substances from sources of the enterprises are submitted in the appendix which is developed in Visual Basic 6. 0 environment.
As now the problem of ecological industrial monitoring actual, area of cecurities construtions, insurances, on of population and certainly growth of economy.
The models have the big meaning and organizing of the optimal mail link work.
АННОТАЦИЯ
В дипломной работе рассматривается проведенный производственный экологический мониторинг в окружающую среду в специализированной автобазе АФ «Алматинский почтамт» г. Алматы .
В задачу производственого мониторинга входит оценка состояния производственных участков предприятия в 2003 году, определение величин выбросов загрязняющих веществ, определение годового объема загрезнения окружающей среды и инструментальный контроль за выбросами загрязняющих веществ в окружающую среду.
Разработана программное приложение в среде Visual Basic 6. 0. для проведения мероприятий по сокращению выбросов загрязняющих веществ в окружающую среду.
АНДАТПА
“Алматы почта үйі” Алматы филиялы, мамандандырылған автокөлік кәсіпорында жүргізілген “Қоршаған ортаның өндірістік мониторингі” атты дипломдық жұмысымда қоршаған ортадағы табиғатың сақталуы, бұзылған ортаны қалыпқа келтіру, оның адамға тигізетін залалдарынан сақтану туралы айтылған.
Кәсіпорын участогы 2003 жылғы арналған зиянды заттарды шығару көздерін. Құралдық бақылау жүргізу арқылы көлемін өлшеп, оны азайту жолдары қарастырылған
Сонымен бірге өндірісте жүргізілген мониторинг бойынша қоршаған ортаның ластану көздерін бақылап, бағалап, тексеріп, есептеп, қосымша Visual Basic тілінде бағдарлама жасалынды.
КІРІСПЕ
Ғылым мен техниканың прогресивтік өрлеу қарсаңында қоршаған ортаны қорғау бұл күндері күрделі мәселенің бірі болып табылады. Бұл мәселені шешу жер шарындағы барлық адамдардың бірлесіп қолға алуын қажет ететін күрделі жұмысқа айналып отыр.
Өндіргіш күштердің күннен күнге дамуына байланысты табиғат байлығын экология жағдайымен санаспай есепсіз пайдалану - келешек үшін орны толмас өкініш болмақ.
Бұл жағдайды алдыңғы қатарлы дамыған елдер баяғыдан бері түсінді. Америка Құрама Штатында (АҚШ) экологиялық таза өндірісті пайдалану іске асырылуда.
Дүние жүзіндегі рынок бойынша табиғатты қорғауды қамтамасыз ететін зиянсыз технологияны іске асыратын құрылғыларды шығаратын материялдық базалар монополиялануда.
Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін технологиясы бар мемлекеттің келешегі зор.
Сонымен қатар, еске сақтайтын жағдай - экологияға зиянын тигізетін өндіріс орындары тек айналасына қолайсыз жағдай туғызып қана қоймай, ең алдымен өсіп келе жатқан жасөспірімдердің денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан табиғатты қорғаудағы істелген әрбір шара адамзат цивилизациясын глобальды апараттардан аман сақтау болып табылады.
Келешектегі урбанизацияланудың өсуі, сонымен қатар іштен жанатын двигательді көліктердің аса көбейуі ауа бассейнін көп мөлшерде ластау қауіпін туғызады, әсіресе адамдар жиі орналасқан аудандарда өте қауіпті.
Автомобильдердің дизель двигателлдерінен шығатын қолданылған газдың ауа кеңістігін ластауымен күресу жылдан жылға өте күрделі мәселеге айналуда.
Тіптен техникалық ахуалы жақсы деген жаңа дизельдерінен өзі ауаны әжептеуір ластайды, ал ахауы бар жұмыс ритмі реттелмеген дизельдер ауаны көп мөлшерде зиянды заттармен ластайды.
Яғни, зиянды заттардың ауаға, суға, топыраққа таралуын азайтып, қоршаған ортаның таза болуын сақтау.
Қоршаған ортаны қорғау дегеніміз адамдардың қоршаған ортадағы табиғаттың сақталуын, оның байлығын орынды пайдалану, бұзылған ортаны мейлінше қалпына келтіру және қоғамның тікелей немесе жанамалай болса да табиғатқа және адамдардың денсаулығына залалын тигізуден сақтандыруға бағытталған жүйелі шаралар.
Диплом жұмысымның мақсаты - қоршаған ортаның өндірістік мониторингін шығару.
Оған негіз ретінде Алматы қаласындағы АФ “Алматинский почтамт”, арнайы автобаза өнеркәсіп аумағында, соның ішіндегі атмосфераға шығарылатын ластау көздері алынған.
Диплом жұмысым үш бөлімнен тұрады:
- бірінші бөлімде қоршаған ортаны басқару, техникалық көрсеткіштер, қоршаған ортаның ластануына себепші зиянды заттар және ақпаратты қамтамасыз ету туралы сөз болады;
- екінші бөлімде мониторингтің түсінігі мен міндеттері және қоршаған ортаның мониторинг жүйесін топтастыра отырып, зиянды заттардың қоршаған ортаға шығарылу сипаттау моделі және есептеу тәсілі көрсетіледі;
- үшінші бөлімде қоршаған ортаның ластанған жағдайын бақылап, тексеріп, бағалап қосымша Visual Basic тілінде бағдарлама жасалынды.
1 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫ БАСҚАРУ
1. 1 Қоршаған ортаның ластануына себепші зиянды заттар
Қоршаған ортаны қорғау- адамзат қоғамының өмір сүруіне қалыпты жағдай туғызу үшін, қазіргі және болашақ ұрпақтардың материалдық және мәдени талаптарын қанағаттандыру үшін, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға, қорғауға және қалпына келтіруге, қоршаған ортаны ластанудан және бүлінуден қорғауға бағытталған мемлекеттік, халықаралық, қоғамдық шаралардың жоспарлы жүйесі болып табылады. Осыған дейін жарияланған үкімет құжаттарында аса тиімді экономикалық дамуды табиғи байлықтарды игерумен қолайлы ұштастырудың бағдарламалары жасалды. Экологиялық жағдайды шешу шаруашылық механизмдерін қайта құруға, халық шаруашылығын тиімді өркендетуге бағытталған.
Қоғамдық өндірісті дамыту қарқыны, планетада халық санының күрт өсуі, қалпына келтірілетін және қалпына келтірілмейтін табиғи ресурстарды тұтыну ауқымы қоршаған ортаға әсер ететін, бір - біріне тығыз байланысты мынадай антропогендік факторлардың ықпалына тәуелді: - қоршаған ортаға орасан көп мөлшерде өндірістің материалдық және энергетикалық қалдықтарының жиналуы (яғни ортаның ластануы) ;
- табиғи жүйенің қарқынды пайдаланылуы, одан зор көлемде табиғи ресурстардың алынуы;
- ландшафтардың жаппай техногендік өзгеріске ұшырауы (қалалардың өсуі, инфрақұрылымның жасалуы, ауыл шаруашылығы өндірісі, тау жыныстары-ның орын ауыстыруы) ;
биосфера мен космоста өтетін активті техногендік процестер, лоардың энергиямен қанығуы және кеңістік ауқымы табиғи процестерге ұқсас, ал табиғи жүйелер үшін мүлде бөгде болып саналатын материалдық және энергетикалық компоненттердің қарқыны жөнінен табиғатта ешбір теңдесі жоқ болуы мүмкін;
адамдардың планета бетін мақсатты түрде өзгеруі және кейбір табиғи құбылыстар мен процестер.
Аталған факторлар экожүйе организміне тікелей әсер етуі де немесе қоршаған ортаның қасиетін өзгертуі, ал мұның өзі келешекте реципиенттерге (қабылдаушыларға) ықпал етуі мүмкін.
Қоршаған ортаға антропогендік ықпал ету әсіресе қалалар мен өнеркәсіп орталықтарында күшті сезіледі. Қалалардың әлеуметтік инфрақұрылымының, бүкіл ұлғаймалы өндіріс саласының жеткіліксіз дамуы - бұл ең алдымен экономикадағы жоспарлауда шығын жұмсау принципінің, сондай -ақ әлеуметтік - экономикалық дамуға тосқауыл болатын басқа да механизмдердің әсерінен. Негізінен алғанда осындай себептерден қала тұрғындарының еңбекке және қоғамға деген белсенділігі, соның ішінде қаладағы тіршілік тынысын тиісті деңгейде ұстауы кеміп отыр. Қоғам өміріндегі экологиялық факторлардың ролін жөнді бағаламау, қаланы қоршаған ортаны ұзақ мерзімге білікті болжаудың жеткіліксіздігі, сондай - ақ осы проблемалар жөнінде жариялылықтың жоқтығы қаладағы тіршілік жағдайының төмендеуіне әкеп соқты.
Қаладағы қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру халық шаруашылығын дамытудың ең өзекті әлеуметтік проблемасы болып саналады, әрі мұның өэі қоғамдық өндірістің тиімділігіне едәуір ықпал етеді. Қалалардың әлеуметтік - экономикалық дамуына қоршаған ортаны қорғаудың мәні үнемі артып отырғандықтан, қаладағы шаруашылық қызметінің бүкіл саласын түбегейлі жақсартуды қажет етеді. Мұндайда олардың қоршаған ортаның алуан түрлі элементтеріне ықпал ету ауқымы жағынан да, мән - мазмұны жағынан да арта түседі.
Қоғам мен табиғаттың ара қатынасында қала ерекше орын алады. Алуан түрлі өнеркәсіп салалары, өндіріс күшінің басым бөлігі шоғырланғандықтан, халық көп, әрі тығыз орналасқандықтан қала әлеуметтік - экономикалық және экономикалық қарама - қайшылықтың негізгі буынына айналады: бір жағынан, қалалар - айналадағы табиғат ортасын ластайтын басты көз, екіншіден - ластанудан неғұрлым көп зиян шегетін және ондағы қоршаған ортаны сауықтыруды қажет ететін әлеуметтік - экономикалық объект. Сондықтан қаланың көбею процесінде - қалалар пайда болғанда және дамығанда бірінші кезекте қоршаған орта факторларын реттеуді ескеру қажет.
Қазіргі өнеркәсіп қалалары өте күрделі әлеуметтік - экономикалық және экологиялық жүйе болып саналады, лоарда өндірістік және өндірістік емес салалардың, транспорттық, тұрмыстық, мәдениеттің тұтас организмі тығыз байланысқан. “ Тұтас организм ретінде, - деп жазады В. М. Розин, қала жекелеген жүйе тармақтарының - өндірістік, тұрғын, транспорт, тұрмыс, мәдениет салаларының бірігуі ғана емес, бірыңғай ортасы (адамдардың өмір сүруіне қажетті материалдық, табиғи, әлеуметтік және мәдени жағдайлардың табиғи байланысы), сондай - ақ қаладағы ерекше өмір қалпы”.
Қаланы, адамдарды қоршаған ортаның басты формасы ретінде қарастыру, әлемдік және аймақтық модельдермен салыстырғанда, қаланың экологиялық блок модельдерінің өзіндік ерекшелігін айқындайды. Қалаларда бірінші кезекте қоғамның, сонымен қоса әлеуметтік және табиғи (биологиялық) ресурстың басты көзі ретінде тікелей адамдар проблемасы қойылады. Сондықтанда мұнда экологиялық функция ең әуелі әлеуметтік тұрғыда қарастырылып, адамдардың қалыпты тіршілік етуін сақтауға және олардың өмір сүруін қамтамасыз етуге, әрі қала ортасының дамуына орай өркендетуге бағытталады.
Қаланың әлеуметтік функциясында тыныс - тіршілігінің әлеуметтік бағытына, әсіресе Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жарғысына (уставына) сәйкес адамдардың денсаулығына, олардың рухани өсуіне, мәдениетті демалуына зор көңіл бөлінеді. Ол үшін қаланы қоршаған ортаның тазалығы басты назарда болады.
Экономикалық тұрғыдан алғанда қаланы қоршаған ортаның қалыптасуы, халық шаруашылығы объектілерін жоспарлау және басқару барысында пайда болатын екі жүйе тармағынан тұрады: жоғарғы (құрылымдық), бұл материалдық өндіріс және қызмет салаларын қамтиды, және төменгі немесе инфрақұрылымдық, бұған жалпы негізднгі құрылымдар жатады. Соңғы жылдары экономикалық әдебиеттерде, өндірістік, әлеуметтік инфрақұрылымдармен қоса, экономикалық сала да бөлек қарастырылады. Экономикалық салаға қоршаған ортаны сақтау және қорғау, яғни өндірістің жалпы дамуына жағдай жасау, әрі қала азаматтарының қолайлы еңбек етуін, өмір сүруін және тынығуын қамтамасыз ету жатады.
Қаланы қоршаған ортаның сапасын қарастырған кезде экологиялық - экономикалық жүйе ұғымына тоқталған жөн. Мұның мәнісі - табиғи және өндірістік объектілердің өзара үйлесімділігін сақтау, ал бұлардың тиімді жұмыс істеуі табиғи - ресурстық факторларға негізделген, әрі лоар жалпы дамыту бағдарламасының біртұтастығына байланысты.
Қоршаған орта сапасы табиғи жағдайдың адамның және басқа да тірі организмдердің қажеттілігіне сәйкес келу дәрежесімен сипатталады. Демек, қоршаған орта жағдайын нашарлату - нересурс сапасын кемітуге, не оның мөлшерін кемітуге, не аталған екі жағдайға да әсер ету деген сөз.
Сандық көрсеткіштің сапалық көрсеткішке және керісінше, алмасуының алғы шарты тадиғи ресурстардың шектеулігі, оның таусылатындығы немесе қалпына келу циклінің ұзаққа созылатындығы болып саналады. Біріншіден, табиғи ресурстар мөлшерінің таусылып кемуі өндіріске сапасын нашар ресурстарды енгізуге мәжбүр етеді. Екішіден, ластану салдарынан ресурс сапасының кемуі практикада белгілі бір функцияны атқаруға жарайтын сол ресурс мөлшерінің кемігендігін көрсетеді.
Өзінің тіршілік әрекеті үшін қоршаған ортаның әр түрлі элементтерін пайдалана отырып, адамдар олардың сапасын өзгертеді. Көп жағдайда бұл өзгерістер ластанудың қолайсыз формасына ұшыратады. Антропогендік өзгерістер ауқымы жағынан табиғи өзгерістермен тең түседі, ал кейбір жағдайда одан асып түседі.
Сыртқы ортаның өндіріс процестеріне қатысу сипаты мен дәрежесінің және ортаның ластану күйінің аралығында тікелей, сондай - ақ кері байланыс бар. Біріншіден адамдардың қоршаған ортаны белгілі бір дәрежеде пайдаланылуы оның қасиетін өзгертіп, көп жағдайда айналаны ластау ға ұшырытады. Екіншіден, адамдар тарапынан атқарылған әрбір функция тиісті сапаны қажет етеді, ал ластанудың алуан түрлері орта элементтерін өндірісте және басқа да жағдайда пайдалану мүмкіндігіне ықпал етеді. Бұл байланыстарды атмосфера ауасын пайдалану мысалында сипаттауға болады.
Адамдарға, өсімдік немесе жануарлар әлеміне әсер ететін антропогендік көздерінің бірі - химиялық ластану ерекше назар аударарлық. Қазіргі кезде зиянды заттардың ауаға шоғырлануының шектеулі концентрацияларының ресми тізімі бар, алайда оның өзі бүкіл ластайтын агенттердің алуан түрін толық қамти алмайды.
Қоршаған ортаны ластау ауқымына қарай жергілікті аймақтық және әлемдік ластану деп бөледі. Әдетте, біріншісі жергілікті ластану болып саналады, оның өзі егер табиғи тазару жылдамдығынан ластану процесінің жылдамдығы көп болса, онда аймақтық ластануға ауысып, содан кейін сандық өзгерістер көбейгеннен кейін қоршаған орта сапасында әлемдік өзгерістер пайда болады.
Мәселен ауаны өндіріс мақсатында пайдаланғанда, ежелден атмосфераның алғашқы сапасын қалпына келтіретін табиғи қабілеті болады деп есептеп келеді. Атап айтқанда, атмосфераға шығатын түтін құрамындағы ұсақ бөлшектер мен улы заттар, сол атмосфераны сұйылту тәсіліне айналды. Алайда ауаға тарайтын қоқыс көлемінің күрт артуынан атмосфераның ластану ауқымы шегінен асып, кейде өздігінен қалпына келуі мүмкін болмайтын дәрежеге жетті.
Қазір атмосфераның зиянды заттармен ластанғандығы соншалық, сол ластану көзінен ондаған, тіпті жүздеген километрге дейін таралады. Тіпті ластану көзі деген ұғымның мәні біршама өзгерді десе де болады. Егер белгілі бір өнеркәсіп ауданында жекелеген ластану көздерін дербес алатын болсақ, онда бүкіл аймақ бойынша тұтастай өнеркәсіп аудандарын, мәселен ірі қалаларда жекелей, линиялық (автомагистралдар) және топтық ластану көздері ретінде қарастыруға болады. Оның үстіне, тіпті бүкіл аймақ және тұтастай елдің өзі бірыңғай ластану көзіне айналуы мүмкін. Кейде бір мемлекет өз жерінен гөрі көрші елді көбірек ластауы мүмкін. Мұндайда “трансшекаралық ауысу” проблемасы туындайды.
Қазіргі индустрия өндірісті тұтастай кең байтақөңірдің табиғатына едәуір әсер етеді. Ластайтын заттар мен жылу энергиясының көпшілік бөлігі шағын едәуір әсер етеді. Ластайтын заттар мен жылу энергиясының көпшілік бөлігі шағын ғана алаңға таралғанымен, атмосферадағы алмасу ерекшеліктеріне, әрі су арқылы орын ауыстыруына байланысты ұзақ уақыт сақталатын кейбір заттар жер бетінің едәуір бөлігіне, тіпті кейде бүкіл әлемге таралып, аймақтық және тұтастай жер шарын тастайды.
Осы уақытқа дейін табиғи қоршаған ортаның антропогендік әлемдік ластануының кейбір маңызды проблемалары анықталды. Оған жататындар :
атмосфераға техногендік жылудың, көмірқышқыл газының және аэрозольдық қоспалардың түсуіне байланысты климаттың өзгеру мүмкіндігі;
атмосфераға фреондардың, азот тотықтарының және басқа да кейбір қоспалардың түсуінен жердің озон қабатының бұзылу мүмкіндігі;
табиғи орта мен биосфераның радиоактивті заттармен, ауыр металдармен және пестицидтермен әлемдік ластануының экологиялық зардаптары;
теңіздердің атмосфералық жауын - шашынмен, өзен суларымен, жер бетін су көздерімен, теңіз транспорттарымен ластануының жалпы проблемасы;
ластайтын заттардың атмосфера арқылы тым алысқа таралуы және қышқыл қалдықтар проблемасы.
Сонымен, қоршаған ортаға антропогендік ықпал ету ауқымына және осыдан туындайтын қауіп - қатер деңгейіне байланысты технологиялық процестерді дамытудың жаңа жолдарын қарастыруға тура келеді, әрі мұның өзі экономикалық тұрғыдан едәуір тиімді, экологиялық тазалығы анағұрлым жоғары болуы тиіс. Дәлірек айтқанда экономика мен экология арасындағы қарама - қайшылық дегеніміз, “адам - қоғам - өндіріс - табиғат” жүйелерін үйлесімді дамыту қажеттігі мен нақтылы мүмкіндіктің жетіспеушілігі, ал кейде өндіргіш күш пен өндіріс қатынастарының қазіргі даму деңгейіне қарамастан, осындай үйлесімділікті жасауға ықылас білдірмеушілік арасындағы қарама - қайшылық. Сондықтанда әсіресе біздің экономикамызды жаңа жағдайға және шаруашылықты меңгерудің озық тәсіліне көшіріп отырған кезеңде бұл жүйені басқару мәселелері көп айтыс - тартыс туғызатыны сөзсіз.
Алайда ерекше атап көрсететін жайт: қоршаған орта - басқару объектісі ретінде өте күрделі, алуан түрлі, әрі сан - салалы. Қоршаған орта әлеуметтік объекті болғанымен, оны басқару сөзсіз әлеуметтік сипат алады, өйткені оны өзі бүкіл қоғам мүддесін қозғайды.
Қазақстан Респудликасындағы және ТМД елдеріндегі экологиялық ауыр жағдайларға көліктердің қосатын үлесі өте зор.
Жалпы алғанда көліктердің ортаға тигізетін әсері төмендегідей.
1) Зор көлемдегі жұмсалатын табиғи ресурстар өндірісте шығарылатын көліктердің санымен қатар, оларға өндірістегі және пайдалануға жұмсалатын металдардың сыйымдылығымен де есептелінеді. Жаңартылмайтын табиғи ресурстар көліктерді жасап шығаруда жоғары сападағы технологияны қолдану арқылы үнемделуге тиіс. Қазіргі кездегі қолданылатын ішкі заттардың 10% пен 20% аралығындағысы ғана таза жұмсалады да, қалған 80% қалдыққа шығады.
2) Жаңартылмайтын табиғи ресурстардың көліктерді пайдаланудағы көп мөлшерде жұмсалуы (жанармай, су, ауа, металдар, резиналар т. б) .
3) Аса үлкен көлемдегі энергоресуртардың жұмсалуы мен жанармайдың үнемділігінің төменгі дәрежеде болуы Автомобиль дизельдерінде 211-272 г/кВт. сағ, ал карбюраторлы автомобильдерде 270-380 г/к Вт. сағ, аралығында.
4) Табиғи ортаның шумен, жылулық вибрациялық сәулелермен ластануы адамдардың денсаулығына әсер етеді. Қазіргі кездегі қолданылатын іштен жанатын двигательдерді химиялық энергияның 20-42% дейінгісі механикалық жұмысқа айналады да, қалғаны жылу мен басқа параметрдегі ластану прцесіне көшеді.
5) Бөлініп шыққан көміртегі тотығы, азот тотығы, күкірт ангидриті және күйе қалдықтарымен қала, су топырақтар қарқынды түрде ластанады. Іштен жанатын двигательдер шығаратын қолданылған газдың құрамында шамамен 280 түрлі компоненттер болады. Олардың басым көпшілігі улы заттар. 6) Қоршаған орта жүктерді тасымалдау кезіндегі көліктің үстінен ұшатаын әртүрлі заттардан ластанады.
7) Көліктерді жуу және басқа да қажеттерге суды пайдалану кезінде су қоймалары мен ағынды сулар ластанады. Автомобильдің іштен жану двигательдерінен шығатын пайдаланған газдармен, жанармайдан бөлініп шығатын булар мен тағы сол сияқты салқындататын сұйықтардан бөлініп шығатын зиянды заттардан ауа кеңістігі ластанады. Соның ішінде қоршаған ортада көбірек зиян келтіретін зат - двигательден бөлініп шығатын пайдаланған газ. Двигательден шығатын пайдаланған газдың 95-99% күрделенген аэрозольді зиянды қалдықтардан тұрады. Оның аз мөлшерде, не көп болуы двигательдің жұмыс істеу процесіне байланысты.
Қолданылған газдың құрамында көмірқышқылы азот және судан басқа да уландырғыш заттар кездеседі. Олар: көміртегі тотығы, альдегид, жанармай булары, күйе, азот қышқылы, күкірт ангедриді, қорғасын қоспалары және т. б.
Қос тактілі көлік двигательдерінен бөлініп шығатын зиянды заттар, төрт тактілі двигательден шығатын заттардан әлдеқайда көп. Оның себебі қос тактілі двигательдің жұмыс циклінің қысқалығынан цилиндрді тазалау жұмысы толвқ атқарылмайды. Қос тактілі дизель двигательдері жұмыс істеу кезінде бір килограмм жанармайға 1. 5 есе ауа пайдаланылады және ол ауа ластанылып атмосфераға қосылады.
Автомобиль көлігінің қала ішіндегі жұмысы кезінде зиянды заттардың бөлінуі анағұрлым көп болады. Көліктің бастапқы қозғалысы кезінде ауауға көміртегі қышқылы мен көмірсутегі шұғыл түрде бөлінеді. Үдемелі жүріс кезінде 75% азот қышқылы және көмірқышқылы мен көмірсутегінің үштен бір бөлігі ауауға тарайды.
1. 2 Қоршаған ортаны бағалаудың экономикалық көрсеткіштері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz