Қоршаған ортаның сапасын бағалаудың әдістемелік бағыттары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ7

1 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ САПАСЫН КӨТЕРУ ҒЫЛЫМИ - ТЕОРИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАСЫ10

1. 1 Қоршаған ортаның сапасын көтеру адамның өмір сүруін жақсартатын фактор10

1. 2 Қоршаған ортаның сапасын бағалаудың әдістемелік бағыттары17

1. 3 Қоршаған ортаның сапасын басқаруды жетілдірудің теориялық негіздері27

2 ОҢТҮСТІК - ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЫСАЛЫНДА ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ САПАСЫН ТАЛДАУ36

2. 1 Қоршаған ортаны ластау мен негізгі қайнар көздері36

2. 2 «Шымкентмұнайоргсинтез» ААҚ-да қоршаған орта сапасының құрамдастарын талдау42

2. 3 «» ААҚ шарттарында қоршаған ортаның сапасын басқарудың ұйымдық-экономикалық жүйесі59

ҚОРЫТЫНДЫ67

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ69

Жетекшінің пікірі

Соңғы ғасырда ғылыми-техникалық жетістік адамзаттың, жалпы қоғам өміріне әкелген жақсылығы аз емес, әсіресе, әлеуметтік салада, жалпы таным білім саласында болсын үлкен жетістіктерге жеттік. Бірақ бұл жетістіктің басты көзі табиғат ресурстарын игерумен байланысты болғандықтан, адамзат пен табиғаттың арасындағы байланыс теріс нәтижеге әкеліп соқты. Табиғат ресурстарының қай түрін алсақта антропогендік факторларға ұшырап, ауа кеңістігі, жер және су ресурстары ластанып, экологиялық тепе-теңдік бұзылды.

Бұл тұрғыдан алып қарағанда қарастырып отырған Құламанова Бақытгүлдің дипломдық жұмысы ең бір келелі мәселеге арналған. Өйткені Қазақстан үшін табиғат ресурстарын, әсіресе пайдалы қазба ресурстарын шектен тыс көп пайдаланғандақтан экологиялық апат жағдайындаекеніміз белгілі. Қоршаған ортаның сапасын жақсарту үшін басқару механизмін қарастыру бұл жұмыстың басты мақсаты болғандықтан, автор ең алдымен ластануы жағынан «алдыңғы» орындардың бірін алатын Оңтүстік Қазақстан облысының, оның ішінде ірі Шымкент қаласындағы шоғырланған ірі өндіріс орталығының қоршаған ортаға зиянды қалдықтардың келтіріп отырған залалын талдаудан бастайды. Өндіріс ошақтарының, әсіресе мұнай-газ өндіру, оларды химиялық жолдармен өңдеу саласында ескі технологияларды пайдаланып көп қалдықтар бөліп шығаратынын ескере отырып, қоршаған ортаның сапасы қалай жақсартуға болатын басқару механизмін ұсынған.

Алдымен экологиялық тұрғыдан таза технологияларды қолданып, тазарту жүйесін жетілдіріп, қоршаған ортаны ластағаны үшін айыппұл төлеп және әкімшілік әдіспен басқару арқылы қоршаған ортаның сапасын жақсартуға болатынын келтірген.

Қорыта келгенде Құламанова Бақытгүлдің дипломдық жұмысы қазіргі заман талабына сай жазылған теориялық және практикалық маңызы бар жұмыс. Өте жақсы деп бағалаймын.

Ғылыми жетекшісі

экон. ғыл. канд., доцент М. А Тілеуберген

ПІКІР

Құламанова Бақытгүл өзінің дипломдық жұмысын «Шымкентмұнайоргсинтез» ашық акционерлік қоғамы мысалында қоршаған табиғи ортаның сапасын қалай жақсартуға болатынын, оның басқару механизмін жетілдіру жолдарын қарастырған. Оңтүстік Қазақстан облысының қазіргі экологиялық жағдайы ешқандай сын көтермейтінін ескерсек қарастырылып отырған жұмыстың келелілігі күмән туғызбайды.

Автор, алдына қойған мақсатын орындау үшін қарастырып отырған аймақтың экологиялық жағдайына талдау жасап, қазіргі жай-күйін анықтаған, қоршаған кеңістікті ластаушы өндіріс ошақтарын анықтаған. Ең бастылары мұнай және химия өнеркәсіптері екендігі айқындалғаннан кейін олармен күресу жолдарын, яғни қоршаған ортаның сапасын арттыру механизмдерін қарастырған.

Қоршаған табиғи ортаның сапасын жақсартуға арналған теориялық тұжырымдамаларды, оларды бағалау әдістемелерін зерттей келе, автор, өз көзқарасын қалыптастырған.

Ең алдымен өндіріс орындарында зиянды қалдықтардың мөлшерін аз шығарудан бастап, оларды шамадан, яғни нормативті мөлшерден артық шығарып қоршаған ортаны ластаса айыппұл төлемдерін қолдану, экологиялық тұрғыдан таза технологияларды қолдану, мемлекет тарапынан заңды түрде басқару сияқты жолдарын ұсынған.

Қорыта келгенде Құламанова Бақытгүлдің дипломдық жұмысы қазіргі заман талабына сай жазылған теориялық және практикалық маңызы бар жұмыс деп бағалауға болады.

Экон. ғыл. д-ры,

профессор А. М Сейтқазиева

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. И Сәтбаев атындағы

Қазақ ұлттық техникалық университеті

Экологиялық-экономика институты

Экономика және минералды ресурстарды басқару кафедрасы

ҚОРҒАУҒА ЖІБЕРІЛДІ

Кафедра меңгерушісі,

экон. ғылымының д-ры,

профессор, акдемик

А. К Ерали

«___»2003 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы Қоршаған ортаның сапасын басқару механизмін жетілдіру

(«Шымкентмұнайоргсинтез» ААҚ мысалында)

Стандарттау бойынша кеңесші Жетекші

оқытушы экон. ғылымының к-ты

доцент

А. В. Антошкина М. А. Тілеуберген

«___»2003ж. «___»2003ж.

Пікір жазушы Студент

экон. ғылымының д-ры, проф. Құламанова Б. А

А. М. Сейтказиева 0702 мамандығы

«___»2003ж. ЭТК-98-2к тобы

Алматы 2003

Қ. И Сәтпаев атындағы

Қазақ ұлттық техникалық университеті

Экологиялық-экономика институты

0702 - Экономика және менеджмент

әлеуметтік ортада және салалар бойынша

мамандығы

Экономика және минералды ресурстарды басқару кафедрасы

Диплом жобасын (жұмысын) орындауға

ТАПСЫРМА

Студентке

Жобаның (жұмыстың) тақырыбы

Жоғары оқу орны бойынша «»№

бұйрықпен бекітілген

Аяқталған жобаны (жұмысты) тапсыру мерзімі «»

Жобаның (жұмыстың) негізгі деректері

Диплом жобасында зерттелетін мәселелердің тізімі немесе диплом жұмысының қысқаша мазмұны:

а)

ә)

б)

Қоршаған ортаның сапасын басқару механизмін жетілдіру

(«Шымкентмұнайоргсинтез» ААҚ мысалында)

КІРІСПЕ

Қазіргі уақыттың негізгі экологикалық аспектілері болып табылатын қоршаған ортаның жағдайымен абыржуы мен экологикалық проблемалардың глобализациясы халықтың денсаулығы мен қоғамның ырысын анықтайтын ең маңызды проблемалардың қатарында тұр.

Ғылыми-техникалық прогрестің екпінді дамуы соңғы жүз жылдықтың ішінде қоғамның өміріне көптеген игіліктерді әкелді, олар өмір сүрудің деңгейі мен жайлығын көтеруге, адамдардың ауқаттылығын жақсартуына болысты. Бірақ бұл дамуының ар жағы да бар, ол табиғи байлықтарды өндірудің қарқындауымен және ластаушы заттар көлемінің артуымен қатар жүреді. Осы жағдайлар қоршаған орта күйінің нашарлауына әкеліп соқтырды.

Адам мен табиғат арасындағы өзара қарым-қатынасы өзінің критикалық шекарасына жетті. В. И. Вернадскийдің айтуы бойынша адам «мықты геологиялық күшке» айналды, ол өзінің еңбегі мен ойы арқылы табиғатты одан әрі басып, өз өмірінің болмысын позитивті қайта құру мүмкіншілігіне ие, бірақта табиғи процестердің заңды өтуін бұзып, өзіне лайықсыз өзгерістерді тудыруы мүмкін. Адам өзін табиғаттың заңдарына бағынатын, оның бір бөлігі екендігін, оның дамуы басқа тірі организмдерінің дамуымен параллельді жүретінің ұмытып барады.

Қоршаған орта, адамның, тірі организмнің биологиялық түрі ретінде өмір сүрудің және репродукциясының қажетті шарты болып табылады. Бұл жағдайда қоршаған орта өмір сүрудің физикалық негізін, адамның интеллектуальді, қоғамдық және рухани дамуын қамтамасыз ететін қажетті қасиеттері мен сапаларына ие болуы керек.

Орнықты дамудың принциптерін жүзеге асырудың басты мәселесі ретінде азаматтардың сапалы, саулы да жайлы қоршаған ортаға конституциялық құқықтарының қамтамасыз етуін ұйғарады. Қазіргі уақытта өндіріс дамуының деңгейін мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуын қоршаған ортаның сапасымен тікелей өзара қарым-қатынаста қарастыруды керек етеді. Бірақта қоршаған орта сапасының жаппай нашарлауы қоршаған ортаны қорғау сферасындағы бар басқару механизмі жай халықтың ғана емес, бүкіл экожүйенің экологиялық талаптарын қанағаттандырмайтынын көрсетеді.

1 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ САПАСЫН КӨТЕРУ ҒЫЛЫМИ - ТЕОРИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАСЫ

1. 1 Қоршаған ортаның сапасын көтеру адамның өмір сүруін жақсартатын фактор

Қоғамдық дамуы, материалдық және рухани байлықтарын қайта өндіру процесі адамның табиғатпен үнемі қарым-қатынаста жүзеге асырылады. Осыған байланысты, халықтың ауқаттылығы, денсаулығы қазіргі уақыттың шарттарында қоршаған ортаның сапасымен нәтижелі деңгейде байланысты.

Мысалы, отандық және шетел мамандарының бағалауы бойынша адамдардың денсаулығының жағдайы 20-40% қоршаған ортаның жағдайына, 15-20% - генетикалық факторларына, 25-50% - өмір сүрудің сипатыне және де тек 10% - денсаулық қызметтерінің жұмысына байланысты /1/. Өмір сүрудің деңгейі, өз кезегінде, шаруашылық айналымға тартылатын табиғи байлықтарының қаншалықты тиімді, рациональді пайдаланылатынына байланысты.

Сондықтан қоршаған ортаның сапасы мен негізгі құндылықтарын, табиғаттың байлықтарын сақтау үшін қоршаған ортаны түрлендіру мен қорғауды жетілдірудің шараларын зерттеп жасау керек. Бұл проблеманы шешуәр түрлі іс-әрекеттердің кешенін құрайды, олардың арқасында қоғам қоршаған ортаның сапасына саналы және оң әсер етеді, ал бұл тек қана ең кең аумақты мағынадағы тиімді басқару кезінде мүмкін болады.

Ол үшін, алдымен басқару объектісін зерттеуден бастау керек, яғни «қоршаған ортаның сапасы» деген не екендігін анықтау керек.

Тарихи қалыптасу бойынша, «сапа» деген анықтама материалдық өндіріспен ғана байланысты, «сапа» деген ұғым тек өнімге ғана тиісті болды, басқа ештенеге байланыспады.

Қазіргі уақытта қоршаған ортаның сапасымен байланысты зерттеулерде әртүрлі ұғымдарды пайдаланады, олардың көпшілігі қоршаған ортаның ластануы, қаупі мен дискомфорты, халықтың ауру-сырқауы және т. б. сезгіштік негізінде анықталады. Сонда да адамзаттың өмір сүруде жаңа проблемалары, алып әлеуметтік қозғалыстары пайдаланылатын ұғымдарының ешқайсысын көпке танымал деуге негіз бермейді. Бұның бәрі теориялық жанжалдарға әкеліп соғады, осы жанжалдардың ар жағы - әлеуметтік-экологиялық саясатының стратегиясы мен тактикасы дамуының үлкен шешілмеген проблемалары, қоғамның өмір сүруінің шарттарын қамтамасыз етуге қажетті көлемі бойынша үлкен инвестицияларды негіздеу болып табылады.

«Қоршаған ортаның сапасы» деген анықтаманы баяндаудағы көз қарастарының көптігі «қоршаған орта» анықтамасының мағынасын баяндағанда тәсілдерінің көптігімен түсіндіріледі, сондықтан «қоршаған ортаның сапасы» дегенге анықтама беру алдыңда «қоршаған орта» деген анықтаманы дәлірек баяндау керек.

Қоршаған орта - бұл қазіргі уақыттың ғылымы мен тәжірибесінің негізгі категориялардың бірі. Интеграцияланған басқару мен бақылау объектісі ретінде табиғат емес, нағыз қоршаған орта болып табылады.

Оқу мақсаттарына байланысты әр түрлі зерттеушілерінде өздерінің тәсілдері, ойлаудың әдеті мен стилі қалыптасты, ал бұл осы анықтаманың қазіргі ғылыми әдебиетінде сан алуан трактовкаларды анықтады.

ҚР «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңында осы анықтамаға келесі баяндама келтіріледі: «қоршаған орта - бұл табиғи объектілердің жиынтығы, солардың ішіндегі тірі және өлі табиғи байлықтары, атмосфералық ауа, су, топырақ, жер, жануарлар және өсімдіктер әлемі, сонымен қатар олардың өзара байланысуындағы климаты» /2/. Бұл анықтама толық көріністі бермейді, өйткені, ойлап қарағанда, «қоршаған орта» анықтамасына тек табиғи байлықтарын, ауаны, табиғи суды және топырақты жатқызуға болмайды. Осындай тәсіл жалпы проблеманы табиғаттың жеке элементтерін қорғау шараларына шектейді.

Кейбір ғалымдары «қоршаған ортаны қоршаған табиғи ортасы ретінде, яғни, адаммен және оның өмір сүрудің объектілерімен тікелей байланыста болатын және адамдар мен олардың шаруашылығына тура немесе жанама әсер ететін табиғаттың денесі мен күші деп анықталуы мүмкін» деген ойға келеді /3/.

Қарама-қайшы ойлары да кездеседі, Реймерс Н. Ф. «қоршаған орта» түсініктің дәлсіз екендігіне сілтейді: «қоршаған» деген «кімді қоршаған?» деген анықтаманы талап етеді /4/.

Көптеген анықтамалары антропоцентрикалық түрде болады, онда авторлары қоршаған ортаны адамды қоршаған орта деп түсінеді. Осы жағдайда бұл ұғымды өмірдің барлық шарттарына тарату амалдары жасалады, бірақ осындай баяндау ұғымдарының бөлінуіне көмектеспейді.

Көптеген анықтамалырының ішінде оның мәнін ең дәл Петров В. В. позициясы көрсетеді. Оның ойы бойынша, «қоршаған орта» ұғымы табиғат пен адамды қоршаған орта деген ұғымдарынан шығады. Осыны дәлелдейтін ойы ретінде, қоршаған орта ұғымының трактовкасында антропогендік әсер етудің дәрежесіне байланысты екі транскрипцияны бөліп алу қажет /5/.

Автордың ойы бойынша, қоршаған табиғи ортасы - бұл шын өмір сүру ортасы - ол адаммен өзгертілмеген, немесе аз өзгертіліп, «адамдандырылған» түрлендірген табиғат болып табылады. Осы ұғымының мағынасына өзінің бүкіл шынайы компоненттерімен табиғат пен тікелей өмір мен тіршіліктің сферасы ретінде адамды қоршаған орта кіргізіледі.

Адамды қоршаған орта - бұл жалпы қоршаған ортаға қарағанда көбірек тар ұғым, өйткені соңғысы адамға әсер ететін табиғи факторлары ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік факторлардың интегральді жиынтығы болып табылады.

Осыған қарап, қоршаған орта ретінде біз сыртқы материалдық шындығының элементтерінің кешенін түсінеміз, олар адамға және барлық тірі организмдеріне тікелей әсер етіп, тікелей өзара байланыстағы қарым-қатынаста болады. Бұл өзара байланысты 1-ші суретте көруге болады.

1-сурет - «Қоғам-табиғат» экожүйесінің өзара қарым-қатынас схемасы

Адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы индустриальді дәуірдің дамуымен баяндалатын. Индустриализацияның нақты сипаты - шынайы табиғи ортаға деструктивті техногендік әсер етуі болып табылады, ал бұл ақырында, оның бұзылуына әкеліп соқтырды. Осы проблеманы зерттейтін көптеген ғалымдарының ойы бойынша, жерде өмір сүретін адамдарының санының өсуі, сонымен қатар, өнеркәсіптік өндірістің артуы, әр түрлі табиғи байлықтарын тұтынуы және қоғамының «өмір сүруінің» қалдықтарының көлемінің артуы қоршаған ортаның сапалық күйінің нашарлауының негізгі факторлары болып табылады (2-сурет) .

Қоғамның өндірістік іс-әрекеттің қарқынды процесінде қажетті табиғи байлықтарын табиғаттан нақты алуы жүзеге асырылады, осының арқасында қоғам өзінің қажеттіліктерін өтейді, бірақ та, сонымен қатар, қоршаған ортаға шығарылатын өнеркәсіптік, тұрмыстық қалдықтарының өсуі болады. Ластауыштарының әсер етуі арқасында табиғаттың және оның компоненттерінің қалыпты әрекет етуі бұзылады, ал бұл өз кезегінде, тек сапалық көрсеткіштерінде ғана емес, сандық көрсеткіштерінде көрінеді. Өйткені адамның кез келген өндірістік іс-әрекеті қоршаған ортаның өзгертуіне әкелетін процестерімен байланысты, яғни биосфераның нақты күйінің өзгеруі, тіршілік ету ортасындағы химиялық құрамының және химиялық элементтерінің биогоехимиялық айналымының бұзылуы болады. Және де өндірістік іс-әрекеті кезіндегі пайда болған қоғам мен табиғат арасындағы заттар мен энергияның жаңа алмасуы биологиялық емес, техногендік сипатта болады.

Көпшілік білетіндей, заттарының биотикалық айналымы өзінің тұйықтығымен сипатталады. Ал жаңа антропогенді заттар мен энергияның алмасуы принципиальді өзінің тұйық еместігімен ерекшеленеді, және де ол сызықты, ашық сипатта болады, сондықтан осы оны экологиялық аяқталмаған деп көрсетеді, өйткені, өндірістік процесінің басында табиғи байлықтары пайдаланылады, ал шығысында - өндірістік және тұрмыстық қалдықтары. Және де осы алып көлеміндегі өндіріс қалдықтары өндіріске қайта түсетін бастапқы заттарына шірімейді, және де олар биотикалық заттар алмасуындағыдай депонирленбейді, жай ластаушылар ретінде қоршаған ортаға теріс әсер етеді.

Нәтижесінде, биогеохимиялық циклдары жаймен, бірақ өзгермейтіндей және үзіліссіз бұзылады, биогеохимиялық циклдары, атмосфераның, судың, топырақтың шынайы табиғи химиялық құрамы өзгереді. Критикалық мәндеріне жеткенде және биосфераның қайта жаңғырту мүмкіншілігінің азаюы кезінде экологиялық, экономикалық және әлеуметтік проблемалары шиеленісе бастайды.

Қоршаған орта күрделі жүйе болғандықтан және оның сапасы көптеген құрамдас бөліктерден құрылатындықтан, кейбір авторлары «сапа» деген ұғымының мағынасын қоршаған ортаның жеке элементттеріне - атмосфераға, суға, топыраққа ашып көрсетеді. Бұл, ең алдымен, қоршаған ортаны ластау табиғаттың өзінен шығады да, ластау түрлерімен ерекшеленеді, яғни, адамның өмір сүруіне ең бірінші әсер ететін газ тәріздес шығыстар, ағымды сулар, қатты қалдықтары. Осылай, атмосфераның сапасы деп «адамдарға, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне және де материалдар, конструкциялар мен жалпы қоршаған ортаға әсер ететін физикалық, химиялық және биологиялық факторлардың әсер ету дәрежесін анықтайтын атмосфераның қасиеттерінің жиынтығы» /6/; судың сапасы деп «пайдалану мақсаттарына байланысты оның жарамдылығын анықтайтын судың қасиеттерінің жиынтығы» /7/; топырақтың сапасы деп «топырақтың құнарлылығын анықтайтын оның қасиеттерінің жиынтығы» /8/.

Авторлардың кейбіреулері «адамды қоршаған ортаның сапасы» ұғымын «өмірдің сапасымен» тең қояды, соңғысын «адамның жеке және қоғамдық денсаулығының кешенін, яғни, адамның өмір сүру ортасының оның қажеттіліктеріне сәйкес келуін қамтамасыз ететін шарттарының жиынтығы» /9/. Бұл тәсіл мынандай маңызды нәрсені аңғарады - қоршаған ортаның сапасы өмір сүру деңгейінің критерийі болып табылады.

«Қоршаған ортаның сапасы» деген ұғымының мағынасындағы орталық сұрағы - қоршаған ортаның белгілі бір анықталған қажеттіліктерін қанағаттандыру, қойылатын талаптарға қоршаған ортаның сәйкес келу дәрежесі. Бұрын келтірілген анықтамалырының келесідей кемшілігі бар: олар не экологиялық талаптарды (экологиялық тепе-теңдік), не адамдардың қажеттіліктерін (халықтың денсаулығы және т. с. с. ) қарастырады.

Эколого-экономикалық және әлеуметтік процестерін жоспарлау мен басқару жеке және қоғамдық талаптарының оптимальді құрылымын құру принциптері мен факторларында негізделеді, өйткені бұл көрсеткіштері қоршаған ортаның сапасының өзгеру интенсивтілігіне қатты әсер етеді.

Қоршаған ортаны қанағаттандыратындай адамдардың және де территориялардың эколого-экономикалық дамуына қойылатын талаптарына байланысты, қоршаған ортаның сапасын оқудың келесі аспектілерін ерекше атап көрсетеді:

- табиғи, объективті әлемінің өмір сүрудің, адамзаттың тіршілік етуінің, адамның өмірінің нақты ортасының нақты белгілері мен шарттары;

- экологиялық, қоршаған ортаның тірі организмдерінің, табиғи объектілерінің және жүйелерінің талаптарына сәйкес келуін аңғартады;

- ғылыми-техникалық және өндірістік аспектілері ғылыми-техникалық прогрестің мен өндірістік-технологиялық процестің талаптарымен анықталады;

- экономикалық, материалдық-техникалық жүйелері мен халықтың денсаулығына тигізілетін зиянын мінездейді де, қоршаған табиғи ортасының және табиғи байлықтарының деградациясының дәрежесін бағалайды.

Біздің көзімізше, «қоршаған ортаның сапасы» деген ұғымын ең толық ашатын келесі трактовка болып табылады: «қоршаған ортаның сапасы» - бұл объективті бар қасиеттері мен характеристикалардың жиынтығы, олар табиғи объектілерінің (ауаның, судың, топырақтың, өсімдіктер және жануарлар әлемінің, озон қабаты мен климатының) кешендік экологиялық бағалауын жүзеге асыруға, олардың өзгеру жылдамдығы мен дәрежесін жорамалдауға мүмкіндік береді және де адамның техногендік әсеріне қарсы тұра алу мен бейімделу мүмкіншілігі бар.

Осылайша, осы күндері қазіргі уақыттың шарттарында, табиғат қорғау іс-әрекеттерінің формаларының жақсаруымен бірге қоршаған ортаны қорғау мақсаттары нақты дәлденуі қажет. Қоғамға әдеттегі сандық түрдегі есептерді (жеке табиғи объектілерін қорғау, белгілі табиғат байлықтарын рациональді пайдалану) шешуден бірте-бірте өзінің табиғатпен өзара қарым-қатынасының негізгі проблемаларын шешуге өту керек, ал осы қоршаған ортаның сапасын қамтамасыз етуі керек. Яғни, шын және адаммен түрлендірілген экожүйелерінің олардың табиғаттың ішіндегі, адам мен табиғат арасындағы тұрақты заттар мен энергияның алмасуы, өмірді қайта жанғырту, ғылыми-техникалық прогрестің дамуы мүмкіншілігі толық көлемінде сақталатындай күйін қолдау керек.

1. 2 Қоршаған ортаның сапасын бағалаудың әдістемелік бағыттары

Қоршаған орта - бұл өте күрделі жүйе, оның сапасы көптеген құрамдас элементтерінің жиынтығынан құрылады. Осыған байланысты, қоршаған ортасының күйін білу, ортасының сапасын бағалау мүмкіндігі мен осыдан шығатын оны жақсарту әдісінің ерекше маңызды мәні бар.

Қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесіндегі ең маңызды элементі сандық бағалау болып табылады, өйткені қандай да бір объектіні басқару үшін, оның параметрлерін өлшеуге оқып үйрену керек.

«Қоршаған ортаның сапасы» деген ұғымының өзінде қоршаған ортаның күйі туралы хабар алуға мүмкіндік беретін сандық өлшемі жоқ. Қоршаған ортаның күйін мінездейтін абстрактілі эмоциональдік көрсеткіштерді пайдалану проблемаларды шешпейді және де субъективті факторды есептемей, әр түрлі территорияларда қоршаған ортаның күйінің динамикасын салыстырмалы түрдегі талдауды жүзеге асыру мүмкіншілігін бермейді. Ол үшін қоршаған ортаның сапасының сандық көрсеткіштері керек, ал олар алдыңа қойылған мақсаттарына байланысты әр түрлі болуы мүмкін.

Қоршаған ортаның сапасын жалпы бағалауды орнатудың бір әдісі зерттелетін ортасының белгілі бір компонентасының қасиеттеріне белсенді әсер ететін қоршаған ортаның жеке факторларын нормалары мен нормативтерімен бағалауды салыстыру болып табылады:

- қоршаған ортаның сапасының нормативтері, олар қоршаған ортаны ластайтын зиянды заттарының шеткі рұқсат етілген концентрациясы формасындағы нормативтері және оған зиянды физикалық әсер етулерінің шеткі рұқсат етілген деңгейлерінің нормативтері;

- қоршаған ортаға зиянды әсер етулерінің шеткі рұқсат етілген нормативтері, олар шеткі рұқсат етілген шығыстарын, белгілі бір қайнар көздері үшін белгіленген тастамаларын реттеуі арқылы табиғатқа әсер етулерінің шеткі көлемдерін анықтайды;

- табиғи ресурстарын пайдалану нормативтері, табиғи ресурстарының өздігінен қалпына келуін ескеріп, олардың қорының азаюын болдырмайтын мақсаттарда орнатылады, яғни табиғи ресурстарын пайдалану және қалдықтарды шығаруына шектерді қою;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу ережелері
Табиғатты пайдалану экономикасы туралы ақпарат
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру жүйесі
Табиғи қорларды бағалау
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы
ОҚЫТУ САПАСЫН АРТТЫРУДА БІЛІМДІ БАҚЫЛАУ МЕН БАҒАЛАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУ
Мал шаруашылығындағы сақтық шаралар
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПАРАДИГМА НЕГІЗІНДЕ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қоршаған ортаның мониторингі. Қоршаған ортаның жағдайын бақылау үшін экологиялық мониторингті ұйымдастырудың негізгі жолдары
Оку нәтижелерін бағалау және бакылау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz