ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ ТЕРРИТОРИЯЛАР ЭКОТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ ТЕРРИТОРИЯЛАРДЫҢ
ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
1. 1 Ерекше қорғалатын табиғи территориялардың (ЕҚТТ) негізгі
түсініктері 5
1. 2 Ерекше қорғалатын табиғи территориялардың құқықтық
реттелуі 10
1. 3 Табиғи қорғау қорын қалыптастырудың болашағы 12
2 ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ ТЕРРИТОРИЯЛАР ЭКОТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
2. 1 Экотуризмнің түсінігі мен түрлері 16
2. 2 Экотуризм дамуының әлемдік тәжірбиесі 20
- Қазақстанның экотуризм дамуындағы ресурстық потенциалы
2. 4 Қазақстандағы экотуризмді дамыту қиындықтары мен оны алдын-
алу шаралары 28
3 АҚСУ-ЖАБАҒЛЫ ҚОРЫҒЫ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АНАЛИЗІ
3. 1 Ақсу-Жабағлы қорығының тарихы 33
3. 2 Табиғи ортаны бағалау 38
3. 3 Ақсу-Жабағылы қорығының буферлік зоналарында экотуризмді
дамыту ерекшеліктері 47
- Экотуристік маршрутты құрастыру және оның калькуляциясын жасау 55
ҚОРЫТЫНДЫ 59
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 61
КІРІСПЕ
Соңғы екі мың жылдықта экотуризм жақсы дамуда және болашақта оның одан әрі дамуы күтілуде. Бұл негізінен адамдардың табиғи ортасы жақсы дамыған, ауаса мен суы таза демалуға ұмтылумен байланысты.
Экотуризмнің соңғы жылдары бүкіл әлемде қолдау тапқан туризмнің жаңа бағыты. Осыған байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымы 2002 жылды Халықараралық экотуризм жылы деп жариялаған.
Қазақстанда экотуризмді дамытудың үлкен мүмкіндігі бар. Оған негізінен аймақтың геополитикалық жағдайы, яғни халықаралық туристік және саудалық ағындардың осы территория арқылы өтуі, саяси тұрақтылық, елдегі көптеген табиғи ландшафтының, архитектуралық, тарихи-мәдени рекреациялық ресурстардың алуан түрлігі себеп.
Қазақстанда экотуризм дамуының негізі болып, көптеген елдердегі сияқты, ерекше табиғи жер бедері мен ерекше қорғалатын табиғи территориялар саналады.
Ерекше қорғалатын табиғи территориялар (ЕҚТТ) дегеніміз - белгілі бір аймаққа тән табиғи кешенді халық игілігіне жарату мақсатымен мемлекет тарапынан қорғалатын, ғылыми, тарихи, мәдени және эстетикалық мәні бар табиғат нысандары.
«Табиғат - ел байлығы», «Жері байдың - елі бай» деп халқымыз қазақ бекер айтпаған. Табиғат адамның ежелден бергі тіршілік етіп келген және мәңгілік мекен ете беретін алтын бесігі. Туған жер табиғаты-халқымыздың ұлттық мақтанышы. Сондықтанда табиғатты қорғау халық парызы, әр адамның алдында тұрған міндеті.
Берілген дипломдық жұмыстың негізгі-мақсаты ерекше қорғалатын табиғи территорияларда экотуризм дамыту ерекшеліктерін талдау, Қазақстан Республикасында экотуризмнің дамуына Ақсу-Жабғылы қорығы негізінде анализ жасау, Ақсу-Жабағылы қорығы мысалында маршрут жасап, оның калькуляциясын есептеу.
Дипломдық жұмыстың міндеттері-ерекше қорғалатын табиғи территориялардың негізгі түсініктемелеріне сипаттама беру; экотуризм түсінігін толықтай ашу және де берілген әдебиеттер мен жобалық жұмыстардан алынған материалдарды қолдана отырып, қорытынды жасау.
Дипломдық жұмыстың барысы негізгі 3 тараудан тұрады. Олар: кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімі.
Негізгі тарауда 3 бөлімненен тұрады. Бірінші бөлім ерекше қорғалатын табиғи территориялардың қазіргі жағдайлары деп аталады. Бұл бөлімде ерекше қорғалатын табиғи территориялардың негізгі түсініктемелеріне сипаттама беріліп, ерекше қорғалатын табиғи территориялардың құқықтық реттеуі мен табиғи қорық қордың болашағы туралы айтылған.
Екінші бөлім ерекше қорғалатын табиғи территориялар экотуризм дамуының негізі деп алынған. Бұл бөлімде экотуризм түсінігі мен түрлеріне және дамуының әлемдік тәжірибесіне сипаттама берілген. Осы бөлімде сондай-ақ, Қазақстанда экотуризм дамыту қиындықтары мен оны алдын-алу шараларына және елде экотуризмді дамытудағы ресурсттық потенциалға баға берілген.
Үшінші бөлім дипломдық жұмыстың негізгі бөлігі болып табылады. Бұнда Ақсу-Жабағлы қорығы іс-әрекетіне толық анализ жасалған. Айта кетер болсақ, ол қорық тарихы, тарихи ортаны бағалау, Ақсу-Жабағлының буферлік зоналарында экотуризмді дамыту туралы мәлімет берілген.
Осы бөлімде экотуристік маршрут құрастырылып, оның калькуляциясы жасалған.
Жалпы алғанда, экотуризм-экожүйенің тұтастығын бұзбайтын, жергілікті халыққа экономикалық жағдай жасайтын және де берілген аймақтың табиғи және мәдени-этникалық ерекшелігімен танысу мақсатында жасалатын саяхаттарды қосатың туризм түрі
- ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ ТЕРРИТОРИЯЛАРДЫҢ
ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
1. 1 Ерекше қорғалатын табиғи территориялардың негізгі түсініктері
«Табиғат - ел байлығы», «Жері байдың - елі бай» деп халқымыз қазақ бекер айтпаған. Табиғат адамның ежелден бергі тіршілік етіп келген және мәңгілік мекен ете беретін алтын бесігі. Жер қойнауының байлықтары топырақ, су, ауа, өсімдіктір мен жануарлар дүниесі - қашан да жер бетіндегі тіршіліктің қайнар көзі. Алайда, табиғат қазынасы сарқылмас қор емес. Оның адам игілігі үшін ұзақ мерзім пайдалану, өсіп-өнуі, артып отыруы адамның қамқорлығын керек етеді. Табиғат байлығын тиімді, дұрыс пайдалану дегеніміз-мүмкіндігінше оны рәсуа етпей, ыждағаттылықпен халық игілігіне асыру, қалпына келтірілетін түрлердің қайтадан көбейтілуіне жол ашу. Яғни, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, оны қорғау - өте күрделі жұмыс. Ол үшін ең алдымен адам мен табиғат арасындағы өзара қатынасты дұрыс шешу, табиғат байлығын «талай» бермей керісінше арттыру ісіне атсалысып, күтіп-баптау шараларын дұрыс жолға қою қажет.
Еліміздегі табиғи ресурстарды тиімді пайдалану-табиғатты қорғау ісімен тығыз байланысты. Табиғатты қорғау-табиғаттың өзіндік жағдайын сақтау және бұрынғы сипатын қайтадан қалпына келтіру арқылы табиғи ресурстарды ысырапсыз пайдалану үшін құрылған мемлекеттік жүйедегі қоғамдық шара. Оның басты міндеті -халық шаруашылығын шикізат,
энергиямен қамтамасыз ету және еңбекшілердің демалуын табиғат заңдарымен ұштастыру. Туған жер табиғаты-халқымыздың ұлттық мақтанышы. Сондықтанда табиғатты қорғау халық парызы, әр адамның алдында тұрған міндеті. Осы айтылған шараларды іске асыруда, яғни табиғат байлықтарын сақтап, оның қорын көбейтіп, болашақ ұрпаққа гүлденген, құлпырған және өзгертілмеген табыс ету жолында елімізде ерекше қорғалатын табиғи территориялар құрылды.
Ерекше қорғалатын табиғи территориялар (ЕҚТТ) дегеніміз - белгілі бір аймаққа тән табиғи кешенді халық игілігіне жарату мақсатымен мемлекет тарапынан қорғалатын, ғылыми, тарихи, мәдени және эстетикалық мәні бар табиғат нысандары. Қазіргі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы дамыған кезеңде түрлі шаруашылық әрекетін болжау үшін табиғатты эволюциялық және биологиялық заңдарды білу керек. Бұнда ерекше қорғалатын табиғи территориялық ұйымдардың маңызы зор .
Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи территориялар туралы» Заңына (1997 жыл) сәйкес мақсаттарына, қорғау режимдеріне және пайдалану ерекшеліктеріне қарай ЕҚТТ келесідей түрлерге бөлінеді: мемлекеттік табиғи қорықтар, табиғи қорықшалар, ұлттық табиғи парктер, табиғи парктер, табиғи ескерткіштер, дендрологиялық парктер және басқалар. ЕҚТТ нысандардың құндылығына қарай жергілікті және республикалық маңызы бар деп бөлінеді/1/. Қазіргі күні Қазақстанда республикалық деңгейде 10 мемлекеттік табиғи қорық, 57 қорықша, 10 ұлттық табиғи парк, 26 табиғи ескерткіштер, 7 мемлекеттік ботаникалық бақ, 3 мемлекеттік зоологиялық парк бар/2/.
Ал, енді ЕҚТТ-ның негізгі түсініктеріне тоқталайық.
Қорық - аумағында барлық табиғи кешен толығымен шаруашылыққа пайдаланудан алынған және өкімет қорғауында болатын жер немесе су кеңістігі, сондай-ақ типтік, сирек кездесетін және бірегей табиғи кешендерді бүкіл компоненттер жиынтығымен қоса сол қалпында сақтауға арналған, арнайы қорғау режимі бекітілген ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Қорықтың негізгі міндеті-табиғат кешенін (этолондық табиғи экожүйелерді), осы аумаққа тән организмдердің гендік қорын сақтау және қалпына келтіру, табиғи құрылыстардың даму заңдылықтарын ғылыми тұрғыда кеңінен зерттеу. Қорық аумағын шаруашылық мақсатта пайдалануға болмайды. Қорық-қорғалатын аумақ ғана емес, сонымен қатар табиғатты қорғау жөніндегі мемлекеттік ғылыми мекеме болып табылады. Мұнда жабайы хайуанаттарға санақ жүргізу әдістері, оларға әсер ететін факторлар анықталып, саны сиреп бара жатқан жануарлар мен қоры азайып кеткен өсімдіктердің түрлерін қалпына келтіру мәселесі терең зерттеледі. Қорықта табиғи ресурстарды сақтаудың жолдары белгіленеді. Қорықтарда ғылыми зерттеу жұмыстары жылдар бойы жүргізіледі. Табиғаттың қорғалатын бұл аймағы - ауа райы, топырағы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі арасында бірнеше жылдар бойы қалыптасқан биологиялық байланыстарды сақтайды/3/. Қорықтар-табиғат эталоны. Мұндағы орман-тоғай, жайқалған шабындық, аң-құс, айдын көлдер мүмкіндігінше сол бұрынғы әсем қалпында сақталуы тиіс. Біздің елімізде қорықтарды ұйымдастыру ісінің негізі өзінің арнасын 1921 жылы 16қыркүйекте В. И. Ленин қол қойған «Ескерткіштерді, бау-бақшаны және парктерді қорғау» туралы деректен алды/1/.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында 10 мемлекеттік қорық бар. Олар : Ақсу -Жабағлы, Алматы, Барсакелмес, Марқакөл, Наурызым, Үстірт, Алакөл, Батыс Алтай және Қаратау қорығы/2/.
Қорықша - жануарлардың, өсімдіктердің жеке түрлері, су, орман, жер нысандары қорғалатын және табиғи ресурстары шектеулі түрде пайдаланатын аумақ. Ол мемлекеттік табиғи қорының бір немесе бірнеше нысандарын сақтауға және толықтыруға арналады. Қорықша территориясында шаруашылық жұмыстары шектеулі түрде ғана жүргізіледі. Қорықшаның қорықтан айырмашылығы онда бүкіл табиғат кешені емес, оның тек бір бөлігі ғана қорғалады. Қорықшалар қорғалатын нысандарының құндылығына қарай жергілікті және республикалық мәндегі болып бөлінеді. Мысалы, зоологиялық қорықша- Қазақстанда тіршілік ететін жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлерін қорғау мақсатында ұйымдастырылған арнайы аумақтар. Бұл аумақтар шаруашылыққа пайдаланылмайды және мемлекет қорғауында болады. Ең алғаш ұйымдастырылған зоологиялық қорықша-Андасай қорықшасы. Елімізде республикалық мәні бар 44 зоологиялық қорықшалар бар.
Ботаникалық қорықша-Қазақстанда өсетін өсімдіктердің және бағалы түрлерін қорғау, байырғы қорын қалпына келтіру және экологиялық деңгейін сақтау үшін ұйымдастырылған шағын аумақтар. Бұларда шаруашылыққа пайдаланылмайды және мемлекет қорғауында болады. Ботаникалық қорықшаның сипатына байланысты бұнда орман кесудің барлық түрлеріне (санитарлықтан басқа), мал бағу, шөп ору сияқты адамның шаруашылық іс-әрекетіне жол берілмейді. Республикамызда жалпы көлемі 217 мың гектар болатын 16 ботаникалық қорықша бар/4/.
Геологиялық қорықшалар-сирек және ерекше геологиялық құрлымды жер бедерінің формалары бар ландшафтар территориясында ұйымдастырылады. Олардың қатарына флора мен фауна қалдықтарының қоры шоғырланған жерлер, үңгірлер, экзотикалық рельеф формаларының учаскілері жатады. Геологиялық қорықшалар территориясында қорғаудағы обьектер тұтастығын жоятын қазба және құрлыс жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады.
Үлкен маңызы бар қорықша-ландшафты қорықшалар. Бұларда барлық табиғи комплекстің қорғалуы қарастырылған. Бұл қорықшаларда шаруашылық іс - әрекеттің кей түрлері жүргізілуі мүмкін (шөп шабу, мал бағу) . Қорықшаның бұл түрі Қазақстанда айтарлықтай кең тараған/4/.
Табиғи парктер дегеніміз - құрамына адамның іс- әрекеті нәтижесінде аз бұзылған комплекстер, эстетикалық бағалығымен және рекреациялық пайдалануда жарамдылығымен ерекшеленетін типтік және табиғи ландшафтының айтарлықтай бөлігі кіретін, ерекше қорғалатын табиғи территориялардың категориясы. Қорғалатын нысанлары жергілікті мәнге ие. Республикалық мәнге ие болатын табиғи парктер ұлттық парктер қатарына қосылып ұлттық табиғи парктер деп аталады .
Ұлттық табиғи парктер деп - ЕҚТТ категориясын және аз бұзылған табиғи комплекстер мен экологиялық, ғылыми, рекреациялық құндылығы бар табиғи, тарихи-мәдени обьектерді айтамыз. Ұлттық табиғи парктер негізінен рекреациялық мақсатта, әсіресе, аз уақытты демалыс пен танымдық туризмде пайдалану қатаң бақыланады. Қорғау режимі - құрастырылған, дифференциональды болып келеді. Қазақстанда ұлттық табиғи парктер мен табиғи парктердің дамуы тек соңғы 10 жылдықта басталды. Бірінші ұлттық парк 1986 жылы құрылды. Қазіргі кезде 7 ұлттық табиғи парк бар: Алтын -Емел, Баянауыл, Бурабай, Қарқаралы, Қатон- Қарағай, Көкшетау, Іле - Алатау/4/.
«2005-2006 жылдары тағы 2 ұлттық парк «Жоңғар» (567, 4 мың га) және «Көлсай көлі» (161, 7 мың га) сияқты ұлттық парктер құрылады» деген болжам бар. Елдегі ерекше қорғалатын территориялардың бұл түрі негізінен елдің шығысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда және Орталық пен Солтүстік Қазақстанның таулы-орманды экожүйелерінде шоғырланған/5/.
Табиғи ескерткіштер дегеніміз - өзінің ғылыми, мәдени, экологиялы - эстетикалық, ғылыми-танымдық қасиетімен ерекшеленетін тірі емес табиғаттан пайда болған жеке табиғи обьектілер. Олар әрқашанда мемлекет қорғауында болады. Табиғи ескерткіштерге белгілі бір аймақтағы сирек кездесетін ағаштардың, бұталардың түрлері мен топтар, құрып бара жатқан өсімдіктердің жеке учаскілері, үңгірлер, сарқырамалар, жер асты суларының минералды көздері және тағы басқалар жатады. Барлық табиғи ескерткіштер экотуризм обьектісі болып табылады. Сондай-ақ «Табиғи ескерткіштер» категориясына экотуризмде үлкен қызығушылық тудыратын экзотикалық тау беткейлерін және табиғат апат процесстері мен құбылыстарының салдарын жатқызуға болады. Мысалы: Есік, Кіші және Үлкен Алматы өзендеріндегі селдің салдары /5/.
Мемлекеттік зоологиялық парк-жануарлар дүниесін молықтыруға, қорғауға және пайдалануға арналған, табиғат қорғау және ғылыми-зерттеу мекемелері мәртебесі бар және өңірлер бойынша сараланғанқорғау режиміндегіерекше қорғалатын аумақ.
Мемлекеттік зоологиялық парктерге әдетте елді мекендердің жерінен белгіленген тәртіппен тұрақты пайдалануға жер учаскілері беріледі. Мемлекеттік зоологиялық парктерде оның міндеттерін орындаумен байланысты емес және оларда ұсталатын жануарлардың жойылуына әкеліп соғуы мүмкін кез келген іс-әрекетке тыйым салынады. Зоологиялық парктер
Отандық және дүниежүзілік фаунадағы жануарлар коллекциясын қалыптастырыда және олардың сақталуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік зоологиялық парктер белгіленген тәртіп бойынша жануарлармен импорттық және экспорттық операцияларды, оларды зоологиялық саладағы басқа мекемелерге айырбастауды жүзеге асырады. Бұнда сондай-ақ, мал дәрігерлік және зоотехникалық қызмет, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарларға арналған питомниктер құрылады/6/.
Мемлекеттік ботаникалық бақ-өсімдіктер дүниесін қорғауға, молықтыруға және пайдалануға арналған, табиғат қорғау және ғылыми-зерттеу мекемелері мәртебесі бар және өңірлер бойынша сараланғанқорғау режиміндегіерекше қорғалатын аумақ.
Мемлекеттік ботаникалық бақтардың жергілікті және республикалық маңызы болуы мүмкін. Мемлекеттік ботаникалық бақтарға тұрақты пайдалану үшін белгіленген тәртіппен жер учаскілері беріледі. Мемлекеттік ботаникалар мынадай/6/:
- экспозициялық- өсімдіктерді егуге және оларды келушілерге көрсетуге арналған;
- ғылыми - ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған;
- қорықтық - табиғи өсімдіктердің бірегей, типтік және сирек кездесетін топтарын сақтауға арналған;
- қоғамдық - келушілерге қызмет көрсетуге арналған;
- әкімшілік және өндірістік шаруашылық өңірлерге бөлінеді.
Мемлекеттік ботаникалық бақтарда олардың міндеттерін орындау мен байланысты емес және оларда өсірілетін өсімдіктердің жойылуына әкеліп соғуы мүмкін кез келген іс-әректке тыйым салынады. Мемлекеттік ботаникалық бақтар отандық және дүниежүзлік флораның табиғи және мәдени өсімдіктер коллекциясын қалыптастырады және олардың сақталуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік ботаникалық бақтар өсімдіктерімен импорттық және экспорттық операцияларды жүргізуді, оларды ботаникалық басқа мекемелерге айырбастауды жүзеге асырады. Мемлекеттік ботаникалық бақтарда коллекциялық және эксперименттік учаскелер, гербарийлер, питомниктер және тұқым қорлары құрылады. Мемлекеттік ботаникалық бақтарды пайдалану ерекшеліктері: 1) мемлекеттік ботаникалық бақтар белгіленген тәртіппен ғылыми, мәдени-ағарту және оку мақсатында пайдаланылады. 2) мемлекеттік ботаникалық бақтардағы ғылыми зерттеулер табиғи флораның бағалы, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін және жерсіндірілген дақылды өсімдіктерді қолдан өсіру, тұқымын сұрыптау және көбейту саласында жүргізіледі.
Мемлекеттік дендрологиялық парк-табиғат қорғау мекемесінің мәртебесі бар және ағаш пен бұта тұқымдарын қорғауға, молықтыруға және пайдалануға арналған өңірлер бойынша сараланған қорғау режиміндегі ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Мемлекеттік дендрологиялық парктер мемлекеттік ботаникалық бақтар сияқты тәртіппен және нақ сондай шарттар мен ғылыми, мәдени, ағарту және оқу мақсаттарында пайдаланылады.
Теңіз айдынын қоса алғанда, дағдылы өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, әсіресе су құстары мекендейтін жер ретінде пайдаланылатын табиғи және жасанды су қоймалары халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар болып табылады. Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға мемлекеттік табиғи қорықтар мен мемлекеттік заказниктер кіреді не халықаралық маңызы бар ерекше қорғалатын жеке табиғи аумақтар ретінде бөлінеді. Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға негізінен су құстары мекендейтін жерді қорғау мен қалпына келтіруді қамтамасыз ететін қорық және заказник режимдері немесе шаруашылық қызметтің реттеленетін режимі белгіленеді. Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқапты қорғау мен пайдалану ерекшеліктері ол туралы осы мәселелер бойынша қолданылып жүрген халықаралық келісімдер ескеріле отырып бекітілген жеке ережемен белгіленіледі.
Ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе ғылыми жағынан ерекше құнды су қоймаларына ерекше қорғалатын құқықтық режиміндегі арнаулы нысаналы мақсаттағы немесе шаруашылық қызмет режимімен реттелетін су қоймалары жатады. Шаруашылық тұрғыдан ерекше құнды су қоймалары, шекаралық сулар, табиғи шипалы факторлары мен рекреациялық қасиеттері бар су қоймалары, ұзақ мерзімді перспективадағы ғылыми зерттеулер обьектілері болып табылатын су қоймалары, ықтимал сел қаупін төндіретін су қоймалары ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе ғылыми жағынан ерекше құнды су қоймалары болып табылады.
Ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе ғылыми жағынан ерекше құнды су қоймалары жергілікті және республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санаттарына жатады. Ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе ғылыми жағынан ерекше құнды су қоймаларын пайдалануға беруге ішінара шек қойылуы немесе толық тыйым салынуы мүмкін/6/.
1. 2 Ерекше қорғалатын табиғи территориялардың құқықтық реттелуі
Туризмнің әлемдік тәжірибесі көрсетіп отырғанай, әлемдік туризм нарығында маңызды орынды аса жоғары дамыған елдер қатарына жатпайтын да, бірақ өзіңдік мәдени құндылықтары мен табиғи мүмкіншіліктері бар көптеген елдер алып отыр. Олардың шартты дамудың негізі болып туризм облысының дамуындағы белсенді мемлекеттік саясат болып табылады.
Экологиялық туризм саласындағы мемлекеттік саясат арнайы формалар, тәсілдер және бағыттың жиынтығын құрайды. Экотуризм саласының дамуында экологиялық туризмді дамытудың мемлекеттік және облыстық бағдарламалары маңызды рөлді атқарады.
Республикалық, облыстық және жергілікті деңгейде экологиялық туризм саласында бір келкі саясатты жүргізу мемлекеттік атқарушы органдарының, яғни Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарды және қоршаған ортаны қорғау Министрлігі Сауда және Туризм Комитеті, Қазақстан Республикасының мәдениет, ақпарат және қоғамның келісім іс әрекетінің жоғары деңгейде жетілдіруін талап етеді.
Экологиялық туризм саласының тиімді басқарылуы негізінен қабылданған және де жаңа қабылданылатын заң актілері мен нормативті құжаттар қамтамасыз етеді.
Жаңадан қабылданатын заңдар немесе қабылданған заңдардың қайта қарастырылуы екі үлкен блокты қамтиды. Бірінші блок-экотуризм ресурстарын пайдалану, мәдени және тарихи ескерткіштерді қорғау, қаржыландыру, қаржы ағымын рационалды бөлу, қалпына келтіру және тағы басқа сұрақты қамтитын және экотуризмнің дамуының негізін қамтамасыз ететін заңдардың жетілдірілуі.
Екінші блок-экотуризм субьектісінің-туристік компания, фирма және тағы басқа-ішкі саясаты мен тиімді іс әрекеттерін қамтамасыз ететін құқықтық және нормативті базаларды өндеу және жетілдіру.
Бірінші блок бойынша Қазақстан Республикасының 2001 жылы қабылданған «Туристік іс әрекет туралы» заңына экотуризмді дамыту туралы баптарды қосу қажет. Әйтпесе жақын уақытта Қазақстанда экотуризмнің дамуына жағдай жасалуы жайында айту бос сөз/7/.
Саланың дамуына табиғи ресурстар мен олардың алуан түрлілігі негіз болатынын естен шығармайтын болсақ, онда экотуризм саласының жетілдірілуіндегі маңызды рөл табиғатты қорғау заңдылығының үлесіне тиетіні анық. Бұған негізінен Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи территорияларды қорғау» туралы Заңын жатқызамыз. Бұл заңға келесідей толықтырулар енгізу керек.
Экологиялық туризм позициялары Заңның «Ерекше қорғалатын табиғи территорияларды пайдалану» тарауында айтылу қажет. Және міндетті түрле мұнда ерекше қорғалатын табиғи территорияларды жалпы туризм үшін емес, ал оның экологиялық бағыттары үшін пайдалану керек екендігін айқын көрсету қажет. Бұнда сондай-ақ, белгілі бір ЕҚТТ-да экотуризмнің қандай түріне рұқсат берілетін анықтау керек. Бұл заңдылық келушілердің деңгейінің өсуіне және де эндемикті, реликтивті, құрып бара жатқан өсімдіктер мен сирек кездесетін жануарлардың қорғалуын қамтамасыз етеді.
Табиғатты қорғау заңдылығының саласында келесіні істеу керек/8/:
1) Заңдылық базаны ЕҚТТ мен Биологиялық алуан түрлілікті сақтау саласындағы халықаралық конференциялар мен қол қойылған халықаралық келісімдер негізінде жасау және жетілдіру керек;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz