Қоршаған ортаның ластануы және экономикалық құрылымы


МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ5
1 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ТАЛДАУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГIЗI6
1. 1 Қоршаған ортаның ластануы және экономикалық6
құрылымы6
1. 2 Ластағыш факторын салааралық баланс құрылымына енгiзудiң жолдары8
1. 2. 1 Өндiрiс жағдайындағы экологиялық анализ8
1. 2. 2 Кәсiпорынның шаруашылық қызметiнiң анализi10
1. 2. 3 Инвестициялық жобалар және экологиялық-экономикалық диагностика13
2 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ АХУАЛЫНДА ӨНДIРIС ӨНIМДЕРIНIҢ ЗАЛАЛЫН САЛААРАЛЫҚ МОДЕЛIНIҢ КӨМЕГIМЕН БАҒАЛАУ17
2. 1 Салааралық талдау есебiнiң қойылымы және мәнi17
2. 2 Салааралық баланстың статикалық моделiнiң шешiмi және талдау жолдары21
2. 3 Ластағыштардың әсерiнен салааралық баланстың өзгеруi29
ҚОРЫТЫНДЫ48
Қолданылған әдебиеттер тiзiмi50
КIРIСПЕ
Бүгiнгi таңда Қазақстан халқы үшін үлкен мәселе, ол қоршаған ортаны қорғау. Келер ұрпаққа таза ауа мен су қалдыру. Ғылыми-техникалық прогрестiң дамып тұрған кезiнде, табиғаттың пайдасы мен зиянкестi мәселелерiн ұмытпаған жөн. Өндiрiсi дамып келе жатқан мемлекетiмiздiң қоршаған ортасының ластануына да жол бермеуiмiз керек. Сол жол бермеудiң көптеген әдiстерiнiң бiрi, ол - қоршаған ортаның ластану деңгейiн салааралық модель арқылы талдау әдiсi.
Масштабты ластанудың ең негiзгi зиянкестiсi - химиялық ластану болып табылады. Оның iшiнде - аэрозольдық, газ күйiндегi, күнделiктi тұрмыста қолданып жүрген химиялық қоспасы бар әр түрлі ұнтақтар кiредi. Атмосферада көмiр қышқыл газдарын ұлғайтады. Осында процестердiң өсуi, планетадағы ортасына температураның ерiксiз көтерiлуiне әкеп соғады.
Салааралық талдаудың өзектiлiгiн, экономикалық жүйенiң, математикалық ақпараттың өңделуi мен жүйелеудiң қабылдануының маңыздылығын алғаш болып, ХХ ғасырда Василий Васильевич Леонтьев дәлелдеп шықты. Дүние жүзiлiк экономика ғылымы үшін, бұл тәсiл үлкен өзгерiс әкелдi, осы еңбегi үшін Нобель сыйының лауреаты аталды. 1988 жылы желтоқсан айында В. В. Леонтьев АҚШ азаматы бола тұра, СССР ғылым Академиясына мүше болып сайланды.
Көп салааралық анализдiң мәнi мен күшi, ол - экономикалық жүйелердi функциялау теориясының бiрiгуiнде, математикалық ақпаратты өңдеуде. Салааралық анализ пәнi, экономиканың көпсалалық балансының нағыз азық-түлiгi. Бұл көрсеткiштер бiр жүйеде болады, сонымен қатар экономиканы байланыстырушы құрылымдарына да мiнездемесi бола алды. Салааралық анализдiң математикалық моделi, көптеген экономикалық шамалардың бiр-бiрiне әсерiн, байланыстығын және альтернативтiлiгiн зерттейдi.
Салааралық анализдi математикалық модельдеу қазіргi кезде өндiрiстiң кез келген саласына қолдануға болады. Анализ мiндеттi түрде нақты ақпараттармен байланыстырылған жөн. Өнеркәсiптiң экономикалық жоғарылауын салааралық модель арқылы көрсету деген, ол барлық мәселесiн қамту, яғни шығын, пайда және қоршаған ортаға әсер ету деген сөз.
Қазақстан Республикасы үшін экологиялық қауiпсiздiк мәселелерi мен жағдайлары бүгiнгi таңда маңызды орын алып тұр. Мемлекетiмiздiң тәуелсiздiгiмен бiрге жаңа экологиялық қауiпсiздiк жүйелерiн басқару да бой көтерiп келедi. Дұрыс басқару қоршаған ортаны қорғау мемлекеттiк саясатын уағыздап, табиғи ресурстарды рационалды пайдалану үшін өте қажет. Өкiнiшке орай Қазақстанда көптеген жылдар бойы өндiрiсте табиғи шикiзаттарды өндiргенде, қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды шығару көп мөлшерде болды.
Елiмiзде экологиялық қауiпсiздiктi және тұрақты экономикалық дамуымызды қамтамасыз ету мақсатымен, 2003 жылдың 3 желтоқсанында Президенттiң Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiк Концепциясы жарияланды. Бұл концепция қабылдағаннан бастап көптеген маңызды өзгерiстер болып жатыр. Қоршаған ортаны қорғау заңдылықтар негiзi құрылды. Бiрқатар халықаралық келiсiмдерге қол қойылды. Қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесi құрылды. Концепция қоршаған ортаны қорғау мониторингiнiң бiркелкi жүйесiмен iске асыруды ұсынады. Экологиялық қауiпсiздiк ол - халық қауіпсiздiгiнiң маңызды бiр бөлiгi.
Экологиялық қауіпсiздiк бағытында Мемлекеттiк саясаттың мақсаты, ол - табиғи жүйенi қолданудың қорғалуы. Адам өмiрiндегi ең маңызды жағдайларды ескере отырып, табиғатқа зиян тигiзбеу. Өндiрiстi дамытумен қатар ғылыми-техникалық зерттеулердi күшейту. Экологиялық қатердi болғызбау үшін халық шаруашылығын, өндiрiстi байланыстыра отырып, экологиялық-экономикалық талдаудың әдiстерiн пайдаланып, қоршаған ортаға шығарылатын ластағыштар деңгейiн салааралық модель арқылы талдау көрсету.
1 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ТАЛДАУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГIЗI
1. 1 Қоршаған ортаның ластануы және экономикалық құрылымы
Қоршаған ортаның ластануы-экономикалық қызметiнiң жанама өнiмi болып келедi. Ластану, сәйкесiнше әр саладағы технологиялық параметрлерден тәуелдi.
Қоршаған ортаның ластануы мынандай жағдайда болатынын ескерген жөн: ортада болып жатқан өзгерiстер - химиялық, механикалық, физикалық, биологиялық жағдайларға байланысты болатын табиғи немесе жасанды процесстердiң күрт төмендеуi, бұл биологиялық немесе техникалық объектiлерге байланысты. /1, 17 б/ Әр түрлі элементтердi әрекеттерге орынсыз қолданыс жасағандықтан, қоршаған ортаның ауасын залалдандырады.
Қоршаған ортаның ластануы - бұл сол ортаға әр түрлі қалдықтар мен зиянды заттардың шамадан тыс түсуi, адам ағзасына зиян болуымен қатар өсiмдiктер мен жануарларға да залалын тигiзбек. Әрине адамдардың әрекетiнен пайда болатын ластану мен табиғи ластанудың жiгiн ажырата бiлу керек. Табиғи ластануға қарағанда, жасанды ластанудың зияндылығы әлдеқайда жоғары.
Адамдардың әрекетiнен қоршаған ортаға түсетiн зиянды қалдықтарға тосқауыл керек, оны тазалау жұмысы дерлiктей емес. Осындай қалдықтардың салдарынан табиғаттағы микроорганизмдер үшін улы, күрделi органикалық заттардың әсерi бүлiнуiне әкеп соғады. Осындай кейбiр қалдықтардың қоршаған ортаға шамадан тыс тусуi экологиялық жүйенiң өзгеруi мен сапасына керi әсерiн тигiзуде. Адамдардың табиғатқа әсер етуi барлық жерде сезiлуде. Негiзгi биосфераны ластандырушылардың тiзiмiн ЮНЕСКО анықтап отыр. /2, 12 б/
Табиғат ортасын қоршаған табиғи ластағыштардың әрекет масштабтары. Қоршаған ортаны ластау масштабын аймақтық, әлемдiк, жергiлiктi деп бөлуге болады. Осы ластанудың үш түрi өзара тығыз байланысты. Жергiлiктi ластанудың жылдамдығы табиғи тазарту ластағыштар жылдамдығынан көп болып, одан аймақтық пен сандық өзгертулердiң жинақтау кезiндегi қоршаған ортаның әлемдiк өзгертулерiне себеп болса, онда жергiлiктi ластағыштар бастапқы болып табылады. Әлемдiк ластағыштар үшін негiзгi болып уақытша фактор табылады. Осындай процестердiң болуы атмосферадан ресурстардың табиғи қалыптасуының шектелуiне әкеледi. Мысалы, өнiм шығарушылар ауаны пайдалануда ластағыштарға тосқауыл болатын тәсiлдер пайдаланған. Соның iшiнде түтiн қалдықтары, ондағы токсикологиялық улы заттар ауамен араласады. Қазiргi кезде өндiрiсте биiк және аса биiк трубаларды бұрынғы тәсiл арқылы пайдалануда. Дегенмен, қалдықтардың ұлғаюына байланысты масштабтардың ластануы атмосфераның өзiн-өзi қалпына келтiруге кедергi болуда. /3, 14-21 б/
Қазiргi кездегi ластандырушы зиянды қалдықтар ондаған, жүздеген километрге жайылу үстiнде. Егер де өнеркәсiп ауданы ластануды тарататын нүкте болса, бiртiндеп ұлғая, бүкiл үлкен қаланы улаудың таратушысы болады да, топтық улаушы болып есептелiнедi. Оған тосқауыл болмаған жағдайда, бүкiл мемлекет атмосфераны ластаудың таратушысы болады. Қазiргi индустриалды өндiрiс әлемдiк масштабқа зиянын тигiзуде. Жылу энергиясында ауаға ластағыштарды шектеулi көлемде тастайды, мысалы, Солтүстiк Американың, Европаның және Азияның өнеркәсiптiк аудандарындағы ластағыштар ауамен, Жердiң су қабатымен араласып, одан бүкіл Жер бетiндегi үлкен кеңiстiктерiне жайылып, глобальды және аймақтық ластағыштарға айналады.
Қазiргi уақытта қоршаған ортаның антропогендiк әлемдiк ластағыш облысында бiрнеше проблемалар бар:
- ауаға техногендiк жылудың, көмiрқышқыл газ бен басқа да зиянды қоспалардың араласуымен байланысты болатын климаттың өзгеруi.
- жердiң озондық қабатының бұзылуы, оған атмосфералық фреонның, азот қышқылының және басқа қоспалардың түсуi.
- табиғаттық орта мен биосфераны радиоактивтi қалдықтармен, ауыр металлдармен ластау және содан болған экологиялық салдар.
4) теңiздердiң ластануына атмосфералық қалдықтары, өзен тұнбалары, су транспорттары бөлетiн улы заттардың әсерi.
1. 2 Ластағыш факторын салааралық баланс құрылымына енгiзудiң жолдары
Салааралық баланстың үлгiсi - "шығын-шығарылым" шатыраш кестенi және сәйкес келетiн қалыптамалық үлгiнi ұсыну болып табылады. /4, 21б/
Салааралық талдау-әр секторда шығарылымның деңгейiн сипаттайтын, сәйкесiнше, басқа сектордағы өндiрiстiк қызметiнiң деңгейiнiң арасындағы қарым-қатынасты көрсетедi. Салааралық әдiстiң күрделi варианттары: көп регионалды және динамикалық - әр түрлі товарлардың және қызметiнiң тұтынуы, шығарылымын кеңiстiктiктiк болуын түсіндiредi немесе уақыттың ағымының қысқаруын көрсетедi.
Ластағыш факторын салааралық баланс құрылымына енгiзудiң жолдарын келесi анализдер арқылы сипаттайық.
1. 2. 1 Өндiрiс жағдайындағы экологиялық анализ
Әлемдiк тәжiрибеде анализ бен есептi өндiрiстiк кәсiпорындарда екi үлкен құрамды бөлiкке бөлуге болады: қаржылық және басқарушылық. Қаржылық есеп нәтижелерi инвестициялардың болашағы көзқарасындағы сыртқы қолдану артықшылығынан есептелiнген. Басқарушы есеп әр кәсiпорынның iшкi жұмысы. Экологиялық анализ өзiне өндiрiстiк экологиялық бақылауды, материалды және энергетикалық ресурстарды тұтыну анализiн қосады. /5, 80б/ Өндiрiстiк экологиялық анализ жүйесiнiң iрi құрамды бөлiгi болып, кәсiпорынның қызметiнiң қаржылық және экономикалық көрсеткiшi табылады. Мұнда iшкi және сыртқы қаржылық талдау кiредi: /7, 135 б/
Кесте 1 - Өндiрiстiк экологиялық мониторинг
Өндiрiстiк экологиялық мониторинг. Өндiрiстiк экологиялық мониторингтiң жүйесi болып табиғатты пайдалану табылады. Бұл жүйенiң негiзгi мақсаты - әр түрлі жердiң (технологиялық, экономикалық, саяси), жағдайдың (штаттық, штаттық емес, авариялық сипатта) өзгеретiн өндiрiстiк, қаржылық, әлеуметтiк салдардан пайда болатын, елiктеуiш бағалаудан барлық деңгейiмен болатын ағымды және перспективалық жағдайдың басқару және пайдалану құрылымы арқылы пайда болуы. Өндiрiстiк экологиялық мониторингтiң мiндетiне жоғарғы деңгейдегi ақпараттың түсіндiруi мен бiрiктiруi, басқаруы, өңдеуi кiредi. Сонымен қатар, компания мониторингтiң iшкi жүйесiндегi антифискалды қызметтi атқарады. /6, 87-89б/ Өндiрiстiк экологиялық мониторингтiң жүйесiнiң экономикалық тиiмдiлiгiн бағалау үшін келесi ережелерге сүйенедi:
- тиiмдiлiктiң жалпы көрсеткiшi-өндiрген шығын мен алған нәтижелердiң қорытындысы.
- кәсiпорынның экологиялық қауіпсiздiк қызметiн ақпараттандыру.
- ақпаратты тиiмдi пайдаланудың нәтижесi болып, қоршаған ортаның көрсеткiштерiнде ластағыштарды болдырмау.
- техногендiк әсер зонасына енген, сондай-ақ ауыл адамдары мен кәсiпорын жұмысшылары үшін де, әлеуметтiк-гигиеналық мониторинг жүйесiнде ұзақ периодтағы ақпарат негiзгi болып табылады.
1. 2. 2 Кәсiпорынның шаруашылық қызметiнiң анализi
Бұл анализдiң мақсаты - бизнес жоспардың жұмыстарын жүзеге асырған кезде, қабылданатын жобаның перспективтi болуы қажет немесе одан мүлде бас тарту. Төменде кәсiпорынның шаруашылық қызметiнiң анализiнiң толық кестесi берiлген, яғни басқарушылық, қаржылық, арнайы анализ және өндiрiс анализi кiредi. /7, 156 б/
Кесте 2 - Кәсiпорынның шаруашылық қызметiнiң анализi
Негiзiнде анализ тар мағынада келесi бағыт бойынша жүзеге асырылады:
- капиталсалымдар объектiлерiнiң iрiктелуi мен анықталуы.
- капиталсалымдар көлемiнiң анықталуы
- қаржылық көздерiнiң анықталуы
- несиедегi қажеттiлiктiң анықталуы
Қаржылық анализ кәсiпорынның жылдық бухгалтерлiк есеп арқылы қолданылады. Кәсiпорынның бухгалтерлiк есебiне қоршаған ортаны қорғауға кеткен шығындар, ластағыштарға төлемдер, ресурстарды тұтынуымен байланысты шығындар кiредi. Басқарушылық шешiмдер талдамалы есептер негiзiнде болады Мысалы, қоршаған ортаны ластайтын заттарды төмендету үшін кәсiпорынның деңгейiн көтеру келесi арнайы анализдер арқылы iске асырылады:
- технологиялық;
- сапа жүйесiнiң талдауы;
- энергетикалық және материалды ағымдар талдауы;
- экологиялық талдау;
Экологиялық-экономикалық талдаудың әдiстерi. Бұл талдауда әр түрлі әдiстер қолданылады, яғни қаржылық анализдегi әдiстер. Қаржылық анализдегi әдiстерi балансты зерттеуге негiзделген. Қаржылық есеп оқытудың келесi әдiстерi бар:
- горизонталды талдау (әр позицияны алдыңғысымен салыстыру) ;
- вертикалды талдау (нәтижелiк қаржылық көрсеткiштердiң құрылымы анықталады; толығымен нәтижеге әр позиция әсерiн тигiзiледi) ;
- трендолық талдау (белгiлi уақыт мерзiмiнде әр есептiк позиция қадағаланады; әрбiр көрсеткiш бойынша тренд анықталады) ;
- қатынастық көрсеткiш талдауы (берiлген есептердiң қатынасы) ;
- салыстырмалы талдау (құрылымы әр түрлі кәсiпорындарды қатар қойып салыстыру) ;
- факторлы талдау (нәтижелiк көрсеткiштерге әсер ететiн әр түрлі талдаулар) .
Кәсiпорынның қызметiнде барлық осы әдiстер экологиялық-экономикалық талдауда қолданылады. Сонымен қатар көп өлшемдi талдаулар әдiстерi қолданылады: компоненттi және факторлы, кластерлi, регрессиялық қарым-қатынасты құру. Сол сияқты кәсiпорындағы қызметтердiң экологиялық-экономикалық әдiстерiнен материалды және энергетикалық баланстар құрылады. Материалды және энергетикалық талдау өзiне өндiрiс пен қоршаған орта арасындағы энергиялар мен бағалық ағымдарды қосады. Ол негiзiнде балансты құруда және сәйкесiнше технологиялық есептерде, сонымен қатар, қалдықтар пайда болған масштабтарды анықтауда негiз болады. Бұл талдау негiзгi компоненттер шикiзат пен материалдар, су, басымды ластағыш заттардың балансын құруда, сондай-ақ өндiрiстiң бөлек буындарына баға беру мен жалпы өндiрiстi бағалау болып табылады. Мұның артықшылығы қоршаған ортаға ластағыштарды тастауды түгендеу туралы есептердi талдау. Материалды және энергетикалық ағымдарды бағалаудың келесi мақсаттары бар:
- жеке материалды және энергетикалық ағымдардың визуализациясы;
- материалды және энергетикалық ағымдардың жүйесiн сәйкестендiру;
- бiртектi деректер базасын қолдау және өңдеу, сонымен қатар адамдарға ақпарат жеткiзу;
- ағымдар туралы сапалы ақпараттарды қолдау үшін жауапкершiлiктi анықтау;
- техникалық пен ұйымдастырушылық өңдеулер есебiнде материалды мен энергетикалық ағымдардың өзгертулерiн мақсатты түрде бақылау;
- керектi мақсаттармен сәйкес, материалды және энергетикалық ағымдардың бейiмделуi.
Кәсiпорында материалды және энергетикалық басқару жүйелерiн енгiзу - 3 түрлі ұйымдастырушылық деңгеймен қарастырылады. Бiрiншi деңгей - кәсiпорынның физикалық нақтылығы энергиялар мен заттардың ағымы, техникалық ғимараттар, құрылыстар. Екiншi деңгей - ақпараттық жүйенi қамтиды, яғни деректердi бағалау, өңдеу, сақтау мен есептеулермен байланысты болатын құбылыстар.
Үшiншi деңгей - ұйымдастыру немесе әлеуметтiк жүйе. Келесi материалды және энергетикалық ағымдардың менеджментiне бастапқы орынды енгiзу үшін, алдымен энергиялар мен заттар ағымын өңдеу қажет. /5, 85 б/
Кесте 3 - Қоршаған орта мен өндiрiс арасындағы материлды ағымдар
қосымша шикiзат негiзгi шикiзат пен
пен материал, М2 материал, М1
Өндiрiс
өндiрiс iшiндегi ағымдар
(цех, жұмысшы, жұмыс орны)
Атмосфераға ластағыш
Дайын өнiм
затты тастау
Өндiрiс қалдығы
Сарқынды су
Кесте 4 - Өндiрiс iшiндегi материалды ағымдар
Өндiрiс iшiндегi материалды ағымдар
шикiзат пен материалды ағымдар, М1, М2
өндiрiс қалдығы дайын өнiмнiң шығарылуы
Бұл жалпы ағымдар құрылымын сипаттайды және сандық ортадан тұрады, ағымдардан тұрады. Сандық орта деп функциялар мен орындар аталады, онда заттар ағымы мен энергия бiрiктiрiледi, ажыратылады немесе өңделедi. /7, 58-60 б/ Мысал ретiнде қоймалар, машиналар, фильтрлар, тазартқыш ғимараттарды қарастыруға болады. Сандық орталар өз кезегiнде сатылы болып келедi. Мысалы, сандық орталар болып барлық өндiрiс, өндiрiстiң жеке сфералары немесе жеке машиналар келедi. Ағымдар дегенiмiз сандық орталар арасындағы энергиялар мен заттардың қозғалуы. Ағым бiр материалдан, материалдар тобынан, не болмаса қалдықтардан тұрады. Кәсiпорынның ақпараттар жүйесi материалды және энергетикалық ағымдардан құралған көптеген мәлiметтерден тұрады. Материалды және энергетикалық ағымдардың жалпы ұйымдастырылуы келесi схема бойынша анықталады: /14, 170 б/
Кесте 5 - Материалды және энергетикалық ағымдарды бағалау
Келесi ағымдарды саралау
Құндылық ағымды сипаттауды есептеу
1-кезең Жеткiзушi Сатып алу мен тасу құнын
есепке ала отырып,
шығындар материал
бағасына сәйкес болады.
2 кезең Кәсiпорынға товардың енуi ғимаратты пайдалану мен сақтау шығындары,
3 кезең Өндiрiс өндiрiс бойынша ғимарат шығындары;
персоналмен байланысты шығындар
4 кезең Өнiм, яғни орау Қалдықтар ауа мен суды қалдықтардан
тазарту кезiндегi шығын
товардың шығуы пайдаға асыруды пайдаға асыру шығындары
орнату немесе сарқынды суды тастау
үшін жинақтау шығыны
пайдаға асыру
1. 2. 3 Инвестициялық жобалар және экологиялық-экономикалық диагностика
Инвестициялық жобалардың бағалауына формальды және формальды емес процедуралар кiредi, сонымен қатар формальды емес процедуралар инвестицияларды шешу және салымдарды альтернативтi таңдауда шешушi роль атқарады. Инвестициялық процессте инвестициялау вариантын таңдау үшін бiрнеше кезеңдерге бөлемiз: /6, 10 б/
Кесте 6. Инвестициялық вариантты таңдау
Уақытты есептемегендегi инвестициялық тиiмдiлiгiн бағалау бiрiншi жылдағы жойылған экономикалық көрсеткiштер немесе орташа инвестициялық кезеңдегi экономикалық көрсеткiштермен анықталады. Көбiнесе бағалаудың келесi әдiстерi бар:
- ағымды шығындар әдiсi. Бұл әдiс қолданған капиталға кеткен проценттердiң ағымды шығындарын қосады:
И=И п -И к (1)
мұндағы
И п - өндiрiстiк шығындар, яғни шикiзатқа, материалға, жөндеуге, отынға, тұтынуға, энергияға және басқаға кеткен шығындар;
И к - ағымды шығындардың капиталы, яғни амортизациялық алымдар мен капиталдық пайыздар.
Инвестициялардың экономикалық тиiмдiлiгiн негiздегенде, егер де өнiмдi өткiзу туралы ақпарат болмаса, онда анықталатын өнiмнiң көлемi салыстырмалы нәтижелерден шығады:
мұндағы
Х кр - ағымды шығындар тең болғандағы өнiмнiң көлемi;
S - өнiм бiрлiгiнiң өндiрiстiк таза шығындары.
Әдiстiң жетiспеушiлiгi - варианттар бойынша инвестициялық салымдардың тiкелей есептеулердiң жоқтығы.
- таза пайда әдiсi. Тиiмдiлiктiң критерийi келесi формуламен анықталады:
Ц*Х кр -S х -И к (3)
мұндағы
Ц- жобада қарастырылатын өнiм бiрлiгiнiң бағасы
Х кр - сату көлемi
Пайда алу үшін өнiм көлемiн есептеу керек, яғни:
Бұл әдiс орташа өсiмшелердi пайдалану үшін қолданылады.
- рентабельдiк әдiсi. Инвестициялық жобалардың тиiмдiлiгiн рентабельдiлiгi арқылы бағалау әдiсiнiң мәнi, қарастырылып отырған жобаның рентабельдiлiгiн инвестор қойған рентабельдiк шамамен салыстыруда болып табылады. Әр түрлі жобалардың варианттарын салыстыра отырып, неғұрылым рентабельдiлiгi эффективтi деп максималды мәнiн сипаттайды:
Орташа пайда
Рентаб= 100% (4)
Орташа қолданылған капитал
- қайтару мерзiмiнiң бағалау әдiсi (қайтару әдiсi, капиталды қайта төлеу әдiсi) ;
Жобаны жүзеге асыру барысында пайда арқылы капиталды қайтарым уақыт мерзiмi анықтайды:
Т ок =Инвест. капитал/орташа пайда (5)
Инвестор нормативтi мерзiмдi өзi белгiлейдi. Жоба минимум мерзiмде қайтарылса, тиiмдi болады. Уақыт факторын есепке алу үшін келесi әдiстердi қолданамыз:
- таза дисконтталған құн әдiсi. Бiрiншi жылға инвестицияланған кiрiстер мен шығыстар дисконтталады; кiрiс пен шығыстың пайыздық ставкаларының өсiмшесi тең болу қажет.
- соңғы қаржылық жағдай әдiсi. Инвестициялық кезеңнiң соңғы жылға инвестициялық шығыс пен таза пайда (түсім) дисконтталады; шығыс пен кiрiстiң пайыздық ставкаларының өсiмшесi әр түрлі болуы мүмкiн.
- өтелудiң динамикалық мерзiм әдiсi. Өтелу мерзiмi динамикада дисконттау бойынша есептеледi.
- iшкi проценттiк қойылым әдiсi. Капитал рыногында пайыздық қойылым өсiмшесi туралы ақпарат болмағанда ғана қолданылады.
Инвестициялық жобаны бағалау және iрiктеудiң формальды емес процедуралары
Шешiм қабылдауда инвестицияларда методикалық рекомендацияларға сәйкес болу керек:
- инвестордың мақсаты мен мiндеттерiне сәйкестiгi
- инвестордың қаржылық жағдайына сәйкестiгi
- жобаның қоғамдық мәнi
- инвестордың имиджына әсерi
- жобаның өтелу мерзiмi
- пайда
- жобаның экологиялық және қауіпсiздiк жағдайы
- жергiлiктi табиғатты қорғау органдарының заңдарына сәйкестiгi.
Жобаның ұзақ мерзiмдегi инвестициялық табиғатты қорғау жобаларының пайда болуына әкеп соғатын критерийлерi:
- қоршаған ортаға бағытталған өткiзудiң толықтығы, жобаны қосқанда;
- жылдамдығы;
- жинақталуы;
- қазіргi технологияға сәйкестiгi;
- басқару дәрежесi;
- ресурстарға қол жеткiзу;
- экономиканың аралас салаларымен байланысы;
- табиғатты қорғау жұмысының инфрақұрылымының жүзеге асырылуы;
- жаңа жұмыс орындарын даярлау және жұмысбастылықпен қамтамасыз ету;
10) потенциалды инвесторлардың қауіпсiздiгi;
11) экономикалық коньюктураны сипаттайтын басқа критерий;
Жобаны iрiктеу тәжiрибелiк бағалау әдiсi бойынша конкурстық негiзде өткiзiледi. Инвестициялық жобалар iрiктеудiң мiндеттi критерийлерi келесi топтарға бөлiнедi: мақсатты, сыртқы және экологиялық, кәсiпорынның жобасын жүзеге асырушы, коммерциялық, өндiрiстiк, нарықтық, ғылыми-техникалық өсу, жобаны өткiзу ерекшелiгiнiң регионалды критерийлерi.
Мақсатты критерий. Мақсатты критерийлердiң құрамы әлеуметтiк-экономикалық және экологиялық жағдайлармен анықталады.
Сыртқы және экологиялық критерийлер. Бұл критерийлер өзiне келесi мәселелердi қамтиды:
- жобаның құқықтық қамтамасыз етiлуi, табиғатты қорғау заңдылықтарына қайшы келмеуi.
- жобаға әсер ететiн перспективтi заңдар мен нормативтi-методикалық документтердiң өзгеруi.
- жобаны жүзеге асыруға әсер ететiн қоғамдық пiкiр.
- адамдар мен қоршаған ортаның компоненттерiне керi өнiмдердiң әсерi және өндiрiстiк процесстердiң нәтижесiнде болатын құбылыстар (керi, оң, нейтралды)
- халықтың жұмысбастылық деңгейiне жобаның әсерi.
- регионалды және мемлекеттiк экологиялық қорлар мен салық жеңiлдiктерiн пайдалану мүмкiндiктерi.
Жобаны жүзеге асыратын кәсiпорынның критерийi:
- қаржылық жағдайы мен тұрақтылық мәлiметi;
- қоршаған ортаны қорғаудың жоғарғы персоналдың болуы.
ғылыми-техникалық критерийi:
- ғылыми-техникалардың шешiмдердiң қолдану перспективалары;
- техникалық шешiмдердi қолдану жағдайы;
- мемлекеттiк, жергiлiктi, регионалды пiкiрдi сипаттайтын басқа ортаны қорғау жобаларына оң әсерi;
Жобаны өткiзу ерекшелiгiнiң регионалды критерийi.
Экономикалық және құқықтық федеральды негiзiнiң бiрлiгiне қарамастан, автономды бiлiм алу жергiлiктi регионалды актiлердi қолданады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz