Ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаның ластануы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАРЫ

Кіріспе 3
І Табиғат ресурстары және оларды тиімді пайдаланудың жалпы сипаттамасы 4
1.1 Табиғат ресурстарының қазіргі жағдайы және олардың жіктелуі 4
1.2 Ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаның ластануы 8
іі Қазақстанның қазба байлықтары 12
2.1 Қазақстан жерінде кездесетін сирек металдарды тиімді пайдалану 12
2.2 Оңтүстік Қазақстан облысының табиғат ресурстарын пайдалануды жақсарту
жолдары 19
Қорытынды 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 29

Кіріспе

Табиғат ресурстарының сарқылу мәселесі жылдан-жылға өзекті мәселеге
айналып келеді. Бұл олардың мөлшерінің шектеулілігіне және оларды
пайдаланудың артуына байланысты. Қазіргі кезде табиғатта миллиондаған
жылдар барысында жиналған жанғыш қазба байлықтар бір жылда жағылады.
Ғалымдардың жасаған болжамдарының біреуіне сүйенсек, жанғыш отындарды
пайдаланудың қазіргі жылдамдығы сақталса, онда барланған мұнай қоры шамамен
30—40 жылға, газ — 40—50 жылға, көмір — 70—80 жылға жетеді. Ластануды
жүйенің тепе-теңдігін бұзатын кез-келген агент ретінде бағалауға болады.
Бұл курстық жұмыста Қазақстанның табиғи қорлары, оның әлемдегі алатын орны
барынша сипатталып, жеткілікті деңгейде нақты материалдар мен есептерге
сүйенген бөлімдер жазылған. Сонымен қатар, табиғи ресурстарының құрамына
кіретін өсімдік ресурстары, жануарлар дүниесі, су ресурстары мен топырақ
ресурстары жайлы мәліметтер келтірілген. Менің ойымша, бұл курстық жұмыстан
Қазақстанның табиғи ресурстары жайлы білгісі келетіндер көп мәлімет ала
алады.

І Табиғат ресурстары және оларды тиімді пайдаланудың жалпы сипаттамасы

1.1 Табиғат ресурстарының қазіргі жағдайы және олардың жіктелуі

Табиғат ресурстарына адам пайдаланылатын және материалдық игіліктерді
жасау үшін қолданылатын табиғат объектілері жатады. Табиғат ресурстарымен
қатар табиғат жағдайлары ұғымын да қарастырамыз. Олардың табиғат
ресуртарынан ерекшелігі — олар адамның өмірі мен қызметіне әсер етеді,
бірақ берілген кезеңде материалдық өндіріске қатыспайды.
Табиғат ресурстары мен табиғат жағдайларының арасындағы шекара нақты
емес. Мысалы, ауа егер бұрын тек табиғат жағдайы болса, қазір жағдай және
ресурс болып табылады.

1-сурет. Сарқылуына байланысты табиғат ресурстарының жіктелуі
Ресурстардың жіктелуі. Табиғат ресурстарын бірнеше белгілері бойынша
жіктейді, олар атмосфералық, су, өсімдіктер, жануарлар, топырақ, қазба
байлықтар, энергетикалық және т.б. болып бөлінеді. Ең жиі қолданылатын
жіктелу ресурстардың сарқылу жылдамдығы немесе қалпына келуіне байланысты
болады.
Ресурстардың сарқылуы бойынша жіктелуінің маңызы — ол адамды анағұрлым
приоритет ресурстарды пайдалануға бағыттайды. Оларға ең алдымен
сарқылмайтын ресурстар жатады. Бұл ресурстарды пайдаланудың қоршаған ортаға
тигізетін зиянды әсері айтарлықтай болмайды. Адам оларды толық пайдалануға
мүмкіндік беретін жолдарын жасауы қажет. Екіншіден, қалпына келетін
ресурстарды пайдаланудың болашағы бар. Мысалы, өсімдіктер, жануарлар.
Сарқылатын ресурстарға жақын кезеңде немесе болашақта қорының сарқылу
қаупі төніп тұрған заттар жатады. Бұларға ең алдымен қазба байлықтар мен
тірі табиғат ресурстары жатады. Ресурстардың сарқылуы салыстырмалы ұғым.
Сарқылмайтын ресурстарға шексіз ұзақ уақыт пайдалануға болатын
ресурстар жатады. Мысалы, күн энергиясы, жел, теңіздің толуы мен қайту
энергиялары. Бұл жағдайда да сарқылмайтын ұғымы мен салыстырмалы түрде
айтылады. Себебі, әрбір ресурс үшін пайдаланудың шегі болады. Мысалы,
белгілі бір мөлшерден артық күн энергиясын пайдалану жер маңындағы
кеңістіктің температурасының артуына әкеліп, термодинамикалық дағдарысты
туғызуы мүмкін.
Ресурстардың ішінен судың орны ерекше. Су ластану нәтижесінде уақытша
(сапалық жағынан) сарқылады, бірақ сандық жағынан сарқылмайтын ресурс.
Жердегі су қорының мөлшері өзгермейді, ал оның жеке сфералар (мұхит,
құрылық, атмосфера) немесе түрлері (сұйық, қатты, бу тәрізді) арасында
таралуы әр түрлі болуы мүмкін.
Табиғат ресурстарының сарқылу мәселесі жылдан-жылға өзекті мәселеге
айналып келеді. Бұл олардың мөлшерінің шектеулілігіне және оларды
пайдаланудың артуына байланысты.
Б. Скиннердің (1989) мәліметтері бойынша халық санының қазіргі өту
жылдамдығы жылына 1,7% болған жағдайда ресурстарды пайдалану бip 41 жыл
сайын екі еселену керек. Бірақ, мысалы, алтын өндіру жылына 4%-ға артып
отырса, оның екі еселену периоды 18 жыл, минералдық ресурстардың қолданылуы
орташа шамамен жылына 7%-ға артып отырады, ал екі еселену периоды 10 жыл
болып отыр. Адамзат қоғамы көмірді 800 жылдан бері өндіріп келеді, бірақ,
оның жартысы соңғы 30 жылда өндірілген. Көміртегінің қосылыстарынан тұратын
ресурстарды пайдалану жылдамдығы ерекше назар аударады. Себебі, олар
энергия мен көптеген азық-түлік алудың негізгі көзі болып табылады. Сонымен
қатар, оларды пайдалану ғаламдық мәселелер: парниктік эффект, қышқылдық
жаңбырлар және т.б. туғызатын атмосфераның ластануымен тығыз байланысты.
Қазіргі кезде табиғатта миллиондаған жылдар барысында жиналған жанғыш
қазба байлықтар бір жылда жағылады. Ғалымдардың жасаған болжамдарының
біреуіне сүйенсек, жанғыш отындарды пайдаланудың қазіргі жылдамдығы
сақталса, онда барланған мұнай қоры шамамен 30—40 жылға, газ — 40—50 жылға,
көмір — 70—80 жылға жетеді.
Ең көп пайдаланылатын металдарға қатысты (темір мен алюминий) Б.
Скиннер былай дейді: темір қолданылу мөлшері бойынша қазір бірінші орында
(алюминийден кейін). Оны пайдаланудың қиындықтары, олардың негізгі
массасының мөлшері аз қосылыстарда болуына байланысты. Экологиялық тұрғыдан
темірді қорыту күкіртті ангидрид пен көміртегінің қостотығымен
ластандырылады. Көмірқышқыл газымен ластану негізінде технологиялық
процесте кокстың пайдаланылуымен байланысты.
Алюминийді қорыту өндірістің энергия сыйымдылығының жоғары болуымен
сипатталады. 1 т металл алу үшін 7 т көмір жанғанда бөлінетін энергияға тең
энергия қажет. Сонымен қатар, алюминий өндірілетін негізгі шикізат —
бокситтің қоры шектеулі. Ол басқа химиялық элементтердің шайылуы
нәтижесінде тропиктік топырақтарда түзіледі. Алюминийді нифелин мен сазды
топырақтан алуға болады. Бірақ, бұл шикізаттардан металды бөліп алу өте көп
мөлшерде энергияны қажет ететіндіктен экономикалық тұрғыдан тиімсіз.

1.2 Ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаның ластануы

Қоршаған ортаның ластануы дегенде біз оған тән емес агенттердің енуі
немесе бар заттардың концентрациясының (химиялық, физикалық, биологиялық)
артуын, санның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз.
Ластандырушы заттарға тек улы заттар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға
қажет заттың оптималды концентрациядан артық болуы да жатады.
Ластануды жүйенің тепе-теңдігін бұзатын кез-келген агент ретінде
бағалауға болады.
Ластану әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі:
• шығу тегі бойынша:
• табиғи және жасанды (антропогенді);
• пайда болу көзіне байланысты:
а) өндірістік, ауыл шаруашылық, транспорттық және т.б.;
ә) нүктелік (өнеркәсіп орнының құбыры), объектілі (өнеркәсіп орны),
шашыраған (егістік танабы, бүкіл экожүйе), трансгрессивті (басқа аймақтар
мен мемлекеттерден енетін);
• әсер ететіп ауқымына байланысты: ғаламдық, аймақтық, жергілікті:
• қоршаған ортаның элементтері бойынша: атмосфера, топырақ, гидросфера
және оның әртүрлі құрам бөліктері (әлемдік мұхит, тұщы су, жер асты сулары,
өзен сулары және т.б.);
• әсер ететін жерге байланысты: қала ортасы, ауыл шаруашылық ортасы,
өнеркәсіп орындарының ішінде, пәтер ішінде және т.б.;
• әсер ету сипатына байланысты: химиялық (химиялық заттар мен
элементтер), физикалық (радиоактивті, радиациялық жылулық, шу,
электромагниттік), физико-химиялық (аэрозолдер), биологиялық
(микробиологиялық және т.б.);
• әсер етудің периодтылығына байланысты: бірінші ретті (өнеркәсіп
орындарының қалдықтары), екінші ретті (смогты құбылыстардың өнімдері);
• тұрақтылық дәрежесі бойынша: өте тұрақты — жүз және мың жыл тұратын
(азот, оттегі, аргон және басқа инертті газдар), тұрақты — 5—25 жыл
(көмірқышқыл газы, метан, фреондар), тұрақсыз (су буы, көміртегі тотығы,
күкіртті газ, күкіртсутек, азоттың қостотығы, озон қабатындағы фреон).
Неғұрлым ластаушы зат тұрақты болса, оның қоршаған ортада жиналу
эффекті жоғары. Кез келген ластаушы затты үш параметрі бойынша бағалауға
болады: қоршаған ортаға түсетін көлеміне, улылығына және тұрақтылық
дәрежесіне қарай. Мысалы, көмірқышқыл газының қолайсыз эффектісін оның
қоршаған ортаға түсетін көлеміне және ұзақ сақталу уақытына, олай болса
оның жинақталуы және осыған байланысты парниктік эффекттің пайда болуын
қамтамасыз етеді.
Өндірілетін ресурстардың тек 2—3%-ы ғана пайдалы өнім ретінде
қолданылады, ал калғаны қалдықтар (бос жыныс, шлактар және т.б.).
Адам қызметінің көңіл аударарлық нәтижесіне қоршаған ортаға оған тән
емес, тірі ағзалар үшін бөтен (ксенобиотиктер) заттардың шығарылуы жатады.
Табиғатта 2 мыңдай бейорганикалық және шамамен 2 млн. органикалық
қосылыстар бар. Адам қазір 8 млн.-нан астам қосылыстарды синтездей алады.
Жыл сайын олардың саны бірнеше мыңға артып отырады. Жер бетіндегі адам
мекен етпейтін кеңістіктің болуы (құрылыстың жалпы ауданы 149 млн. км2
болса, мұндай жерлердің үлесіне шамамен 48 млн. км2 тиеді) қазіргі
дағдарыстың ғаламдық сипатын жоққа шығармайды. Бұл ең алдымен атмосфера
мен судың қозғалғыштығына байланысты. Мысалы, мұнайлы қабықшамен әлемдік
мұхиттың бетінің 15—25% ластанған. Қазіргі кезде атомдық двигательдер мен
радиоактивті қалдықтардың көмілуі нәтижесінде әлемдік мұхиттың радиоактивті
ластануы зор қауіп төндіріп отыр.
Табиғат ресурстарын пайдалану жылулық ластанумен, яғни жер маңы
кеңістігінде қосымша энергияның жиналуымен байланысты.
Биосфераның жылулық балансының бұзылуын атмосфераның шаңдануының
артуы, өсімдік жабынының булануының өзгеруі, топырақ пен су қоймаларының
бетінен ластануының өзгеруі қамтамасыз етеді. Мұнайлы қабықша булануды
20—30%-ға тежейді. Нәтижеде ғалымдардың болжауы бойынша ауаның орташа
жылдық температурасы 1—3°С-ға артады. Ал мұның өзі биосфераның
термодинамикалық немесе жылулық дағдарыс жағдайына өтуіне әкеліп соқтыруы
мүмкін.
Табиғат қорғау дегеніміз табиғат ресурстарын пайдалану барысында
оны тиімді жолдарын іздеу, қайта түлету, сол сияқты бүліну, ластану
жолдарына қарсы бағытталған халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық
ауқымдағы іс-шаралар жатады.
Әрбір мемлекеттің, ұлттың табиғат қорғау барысында ежелден
қалыптасқан салт-дәстүрлері бар. Оларды негізін қалаушы ата-
бабаларымыздың ой-өрісінен туындаған аңыздар мен ақиқаттар — өмір
тәжірибелері.
Табиғат ресурстарын қорғаудың негізгі бағыттарын білу әрбір
азаматтың міндеті болып саналады, сонда ғана біз туған өлкеміздің табиғатын
өз қалпында сақтап қалуға үлес қосамыз. Табиғат ресурстарын қорғауды жүзеге
асыру үшін оның негізгі бағыттарын, заңдарын, ұстанымдарын білу әрбір
азаматтың борышы болып саналады. Біздің елімізде табиғат ресурстарын қорғау
мемлекеттік заңдармен қорғалады.

іі Қазақстанның қазба байлықтары

2.1 Қазақстан жерінде кездесетін сирек металдарды тиімді пайдалану

Қазақстан минералдық pecypcтapғa өте бай. Қазақстан дүние жүзінің 186
елінің ішінде вольфрам, қорғасын және барийдің қоры бойынша бірінші орында,
хромит, күміс және цинк бойынша екінші, марганец және молибиден — үшінші,
мыс — төртінші, уран — бесінші, алтын — алтыншы, темір кені — жетінші,
қалайы мен никель — сегізінші, көмір мен табиғи газ — тоғызыншы, мұнай
бойынша он үшінші орында. Қазақстан жерінде хромиттің әлемдік қорының үштен
бір, уран мен марганецтің төрттен бір бөлігі, темір кенінің оннан бір
бөлігі орналасқан.
Қазақстанда барланған тас көмір және қоңыр көмірдің қоры 200 млрд.
тоннадан астам. Көмір бассейндеріне Қарағанды, Екібастұз, Майкөбен, Обаған,
Жіліншік, Теңіз-Қорғалжын, Шу, Іле (Қалжат), Төменгі Іле (Оңтүстік-Балқаш)
және Орал-Каспий (Жайық-Жем) жатады.
Қазір Қазақстан көмірсулардың қоры бойынша дүние жүзіндегі ірі
елдердің бірі болып табылады. Мұнайдың барланған қорының көлемі бойынша 12-
орында, газ бен газды конденсат — 15-ші, мұнай өндіру — 23-орында.
Қазақстанның үлесіне барланған әлемдік мұнай қорының 2%-ына дейін (Каспий
шельфін қоспағанда) келеді. 200-ден астам мұнай мен газ кен орындарының
өндірілетін қоры 2,2 млрд, тонна, конденсат — шамамен 700 млн. тоннаны
құрайды. Еліміздің болжанып отырған мұнай ресурстары шамамен 13 млрд.
тонна.
Қазақстанның жер қыртысы мұнай мен табиғи газдарға бай. Каспий маңы
ойпаты, Каспий теңізінің жағалауын қоса алғанда мұнай қоры 7 млрд. тонна.
Бүл мұнай өндірісін жыл сайын 50—100 млн.
Хромит кендері Қостанайдағы Жетіқарада, Құндыбайда, Аққарғада,
Ақтауда, Семейде табылған.
Ванадий кендері Қаратау мен Жабағылтауда табылған. Кендегі ванадийдің
мөлшері шамамен 1% және молибден 0,22 %. Кеннің сапасы жоғары емес. Ванадий
бар кендер Шыңғыс тауларында, Бетпақдалада, Кіндіктаста, Теріскей Алатауы
мен Жезқазған аймағында кездеседі.
Титан кендері Қостанайда, Көкшетауда, Ақмола мен Ақтөбе облыстарында
барланған. Ұлытау, Оңтүстік Алтайда және Жезқазған облысындағы қоры
белгілі.
Қазақстан түсті, бағалы және сирек металдардың көптүрлілігімен,
байлығымен сипатталады.
Алюминий кендерінің ішінде бокситтер ерекше орын алады. Келешегі бар
аудандарға Сарыарқаның батысы мен солтүстігі, Торғай ойпаты, Сырдария
өзенінің бассейні, Каспий маңы және Арал маңы ойпаты. Аманкелді, Обаған,
Жоғарғы Тобыл, Теңіз, Тасқал және Шаған, Мұғалжар, Шымкент қаласының
маңындағы кен орындарын атауға болады.
Алюминий шикізатының бокситтен басқа түрлері де барланған. Никель және
кобальт кендері Ақтөбе, Қостанай, Жезқазған, Қарағанды, Павлодар, Семей
және Жамбыл облыстарында таралған. Ақтөбедегі Кемпірсай бассейнінде никель
кен орындарының 30-ның ішінен 14-і жұмыс істейді. Жоғары сапалы никель
кенінің үлкен қоры Қостанай облысындағы Аққарға мен Ақтауда шоғырланған.
Силикатты никель кендері Кемпірсайдан басқа Семей және Жезқазған
облыстарында ашылған. Олардан металлургиялық өңдеу барысында кобальт та
алынады.
Мыс кендері Қазақстанның көптеген территорияларында таралған. Кенді
Алтай тауларынан бастап республикамыздың батыс шекараларына дейін мыс
кендері барланған. Мыстың ірі кен орындары Сарыарқада, Жетісу, Жоңғар
Алатауында, Шыңғыс және Мұғалжар тауларында, Батыс Торғайда, Теңіз
ойпаңында, Ақтөбе маңында, Маңғыстауда, Атбасар-Терісаққанда, Солтүстік
Қазақстанда, Балқаш маңында, Тарбағатай, Сәуір тауларында және т.б.
орналасқан. Дүние жүзіне белгілі мыс кен орындары Қоңырат, Бозшакөл, Саяқ,
Жыланды, Ақтоғай, Жезкент, Шиелісай және т.б. еліміздің ұлттық байлығы
болып табылады.
Мысты кендерден, сонымен қатар, қорғасын, цинк, молибден, күкірт және
т.б. компоненттер алынады.
Қорғасын-мырыш (полиметалл) кендері Кенді Алтайда, Сарыарқада, Қаратау
мен Жоңғар Алатауында таралған. Олардың негізінде ірі тау-кен байыту және
металлургиялық кәсіпорындар Лениногорскіде, Зыряновскіде, Өскеменде,
Текеліде, Шымкентте, Қарағайлыда, Кентауда және т.б. жұмыс істейді.
Полиметалл кендерінің құрамында қорғасын мен мырыш немесе мыс пен
мырыш немесе қорғасын мен мыс немесе тек мырыш болады.
Сарыарқада Атасу типіндегі полиметалл кендері Қарағанды және Жезқазған
облыстарында орналасқан. Комплексті, қосымша комноненттері бар кен орындары
Балқаштың солтүстігінде орналасқан. Бірнеше полиметалл кендерінен біреуі
ғана — Ақжол іске қосылған, Қаратауда Ащысайдан басқа Аралтау, Ақсоран,
Байжансай кен орындары бар. Жоңғар Алатауында Текелі, Көксу, Суықтөбе,
Орталық Суықтөбе және т.б. кен орындары барланып, іске қосылған.
Шу мен Іле тауында да полиметалл кен орындары табылған.
Алтын мен күміс ертеден Қазақстанның шығысы мен солтүстүгінде
өндіріліп келеді. Солтүстікте Ақсу, Майқайың, Жусалы, Жаңғабыл, Төртқұдық
және т.б. кен орындары, Шығыста — Қалба алтынды ауданы, Оңтүстік
Қазақстанда, Жоңғар Алатауы мен Шу және Іле тауларында табылған.
Көкшетау жақын жылдары негізгі алтын өндіруші аймаққа айналады.
Өндірілетін алтын мөлшерін қазіргі кезде жылына 10—15-тен 100-120 тоннаға
дейін арттыруға болады.
Сирек металлдар Қазақстан жерінде кеңінен таралған Вольфрам мен
молибденнің өнеркәсіптік кен орындары Сарыарқада (Байназар, Ақман, Шалқия,
Саран, Батыстау және т.б.), Таулы Алтайда (Көкпал, Шындығатай), Іле
Алатауында ашылған. Солтүстік Балқаш кен орындарында (Қоңырат, Бозшакөл,
Саяқ) жене Қаратаудың ванадийлі кен орындарында әр түрлі мөлшерде молибден
қоры бар.
Тантал-ниобий кендері Қалба мен Мұғалжарда таралған. Комплексті ниобий
кендері Семей және Көкшетау облыстарының гранитті шөгінділерінен табылған.
Цирконий Сарыарқаның батысы мен солтүстігінде, Торғай ойпатында, Арал
маңы мен Мұғалжарда таралған.
Висмут қорғасынды, мырышты және мыс кендерінде кездеседі. Сурьманың
бірден бір кен орны (Торғай) Ақмола облысында орналасқан.
Мышьяктың негізгі қоры алтын кен орындарында орналасқан.
Кадмий Кенді Алтайда, Сарыарқа мен Қаратауда таралған. Оның қоры
қорғасынды-мырышты, мысты-мырышты кен орындарында орналасқан. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экология мен табиғат ресурстарын басқаруды талдауды реттеу
Қазақстандағы экологиялық проблемалар және тұрақты дамуға өтудің алғы шарттары
Табиғи ресурстардың классификациясы Кейбір қоршаған ортаны ластаушы заттардың тірі организмдерге әсері туралы ақпарат
Қоршаған ортаны құқықтық қорғау»
Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістері
Табиғатты пайдалануды басқарудың теориялық негіздері
Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаттары
ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ
Нарық қатынастары жағдайындағы мемлекетіміздегі табиғат пайдалану құқығының пайда болу негізі болып табылатын қоршаған ортаға экологиялық бақылауды құқықтық қамтамасыз ету мǝселелерін ашып көрсету жǝне кешенді зерттеу
Ресурстардың жіктелуі
Пәндер