Алматы ауасының ластануын зерттеу


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе2

1-тарау. Алматы қалалық экожүйесінің экологиялық жағдайы3

1. 1 Алматы қаласының физика-географиялық сипаттамасы3

1. 2 Бақылау бекеттерінің сипаттамасы7

2-тарау. Алматы ауасының ластануын зерттеу11

2. 2 Алматы атмосферасының ластау көздері11

2. 2 Атмосфералық ауаның ластану деңгейінің сипаттамасы17

Қорытынды21

Қолданылған әдебиеттер тізімі24

Кіріспе

Алматы қаласы еліміздегі ең ірі мегаполис болып табылады. Тау баурайында орналасқан, жел соқпайтын, климаты ыстық, қалада фотохимиялық реакциялар тез жүріп, ауадағы неше түрлі лас компоненттер оңтүстік астана тұрғындарының денсаулығына айтарлықтай зиянын тигізіп отырғаны жасырын емес. Қала әкімшілігі ауа атмосферасын тазарту үшін «Таза ауа - жанға дауа» бағдарламасын жасап, оны бір қатар халықаралық форумдарда қорғап, европалық комиссия осының негізінде «Қала ауа бассейінің ластануы» атты екі жарлық бағдарлама бойынша қайтарымсыз бір миллион евро грант бөлген болатын. Бағдарлама ТАСИС бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады. Осының нәтижесінде өткен жылдан бастап қалада елімізде ең қатаң экологиялық ереже қолданылып, қалаға этил бензинін әкелуге тиым салынды.

Оңтүстік астанамыз Алматыда тұрмыстық қатты қалдықтарды жою үлкен проблемаға айналуда. Қаладағы жалғыз қоқыс полигонына (Алматы облысы, Қарасай ауданы) жылына 1млн. м 3 -тан астам қалдық тасталады. Сонымен қатар, территорияларда стихиялы қоқыстардың құрылғаны байқалады. Одан басқа, Алматыда зиянды қалдықтарды көметін арнайы полигон жоқ. Көгалдар кесіп тастау, отау қаупіне әрқашанда төнуде. Бүгінгі күні қалады ағаштар мен көшеттер отырғызылуда, стихиялы қоқыстар жойылуда. Тұрмыстық қатты қалдықтардың проблемасын шешу үшін қалалық қоқыс өңдеу станциясының реконструкциясы аяқталады, аудандық қоқыс жинақтау станциялары ашылады. Тұрмыстық қатты қалдықтар проектісін басқаруды іске асыру үшін инвестициялар тартылуда. Ерекше қорғауға алынған табиғи аймақтардың жүйесі құрылуда (сонымен қатар «Медеу» және «Баум тоғайы» парктері) .

1-тарау. Алматы қалалық экожүйесінің экологиялық жағдайы

1. 1 Алматы қаласының физика-географиялық сипаттамасы

Қазақстан Республикасының оңтүстік астанасы - Алматы қаласы өзінің физика-географиялық және табиғи-климаттық сипаттамасы уникалды болып, экологиялық ерекшелігін территориясында түрлендіріп келеді.

Алматы Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік тау етегінде, Үлкен Алматы және Кіші Алматы өзендерінің аралығында орналасқан. Алматы жер шарындағы осындай ғажап «биіктік» орын алған біраз қалаларының біріне жатады. Теңіз деңгейінен Алматы қаласының ең солтүстік нүктесі 670 метр биіктікте белгі алып, ал ең аласа нүктесі 970 метрде орналасқан. Оның табиғи-климаттық жағдайының әртүрлілігі осындай ғажап қаланың тігінен орналасуына байланысты. Қатал солтүстік және ыссы оңтүстік табиғи зоналары Алматы қаласында қосылған сияқты. Сібір аққайыңы мен Тань-Шань шыршасы, жүзім сабағы мен шабдал көршілесіп тұр.

Барлық табиғи белдеулер-солтүстік шекарадан асатын шөлейт даладан оңтүстіктен асатын мұздыққа дейін қалалық картада белгіленген.

Қаланың климаты континенталды болып келеді және тау-алқап циркуляциясының ықпалымен сипатталады. Желдің барлық бағытында қала «аэродинамикалық көлеңке» атауында болып шығады, жыл бойы 95%-дан астам толық штилді күндер бақыланады, штилдің жазда қайталануы 45%, ал қыста 70%. Қыс мезгілінде қала үстінде температурасы қуатты және ұзаққа созылған инверсиялары пайда болады. Тұманның пайда болуы атмосфералық ауа қабатының вертикалды араласуын болғызбайды. Қоспаның тарқауына аласа қайнар көздердің лақтыруынан климаттық ерекшеліктер қолайсыз жағдайлар жасайды, зиянды заттектер атмосфералық жер қыртысының қабатында жиналады.

Күрделі ландшафттық-географиялық шарттар қала келбетінің жаңа жоспарын анықтайды. Қаланың белгілі бөлігін тұрғын массивы алып жатыр. Қаланың орта бөлігінде барлық мәдени тұрмысқа тағайындалған мекемелердің 70%-ы орналасқан. Райымбек көшесінен солтүстігіне қарай өнеркәсіп және кіші этажды құрылыстар басым келеді. Қала жоғары сейсмикалық және қауіпті сел зонасында орналасқан.

Алматы қаласының қоршаған ортаның экологиялық жағдайы ауаның ластану деңгейі бойынша табиғатты қорғау шараларының дамуына қарамастан республикамыздың қолайсыз қалаларының біріне жатады. Алматы қаласы дүние жүзіндегі ең лас 10 қалалардың ішіне кіреді. Алматы қаласының атмосфераға шығаратын зиянды заттектерінің мөлшері және олардың топырақ құрамындағы мөлшері Өскемен қаласынан кейін екінші орында. Егер бұрын жүздеген өндірістік өнеркәсіптер түтіндесе, қазір олардың орнын жүз мыңдаған автокөліктер алады. Автокөліктердің 60%-ы тиімсіз пайдаланады (бір жүргізушіні ғана тасиды), қалалық АЗС-тар жанармай маркасын көтеру үшін экологиялық зиян қорғасын қоспаларын пайдаланады. Жүйелі түрде көмір тотықтары мен формальдегидтердің рұқсат етілген концентрациялары жоғарылайды. Көп мөлшерде азот диоксиді, фенол, шаң, күкірт қоспалары және басқа улы заттектер кездеседі. Орта есеппен жылына қала атмосферасына газ және шаң түрінде 180 мың тонна зиянды заттектер шығарылады.

Атмосферада жылына бір тұрғын адамға 35 кг зиянды заттектер келеді. Ауада зиянды заттектердің концентрациясы шекті рұқсат етілген нормалардан әлдеқайда асады. Ауада қорғасын, кадмий, хром, азот диоксиді, фенол, күшән және формальдегид көп кездеседі. Осы жылдың басында ауадағы шаң рұқсат етілген нормадан 1, 4-1, 8 есе, фенол - 1, 4-1, 8 есе, формальдегид - 1, 8 есе, көмір оксиді - 1, 1 есе асып кетті.

Кесте 1 - Тұрғылықты жердің ауасында зиянды заттардың шекті рауалы концентрациясының мөлшері

Ластаушы қоспалардың аталуы
Шекті рауалы концентрациялар, мг/м 3
Максималды бір жолдық (ШРК м. б. )
Орта тәуліктік (ШРК о. т. )
Ластаушы қоспалардың аталуы: 1
Шекті рауалы концентрациялар, мг/м3: 2
3
Ластаушы қоспалардың аталуы: Шаң
Шекті рауалы концентрациялар, мг/м3: 0, 5
0, 15
Ластаушы қоспалардың аталуы: Күкірт диоксиді
Шекті рауалы концентрациялар, мг/м3: 0, 5
0, 05
Ластаушы қоспалардың аталуы: Көмір оксиді
Шекті рауалы концентрациялар, мг/м3: 5
3
Ластаушы қоспалардың аталуы: Азот диоксиді
Шекті рауалы концентрациялар, мг/м3: 0, 085
0, 04
Ластаушы қоспалардың аталуы: Азот оксиді
Шекті рауалы концентрациялар, мг/м3: 0, 4
0, 06
Ластаушы қоспалардың аталуы: Формальдегид
Шекті рауалы концентрациялар, мг/м3: 0, 035
0, 003
Ластаушы қоспалардың аталуы: Фенол
Шекті рауалы концентрациялар, мг/м3: 0, 01
0, 003
Ластаушы қоспалардың аталуы: Бенз(а) пирен
Шекті рауалы концентрациялар, мг/м3:
0, 1 мкг/м 3
Ластаушы қоспалардың аталуы: Кадмий
Шекті рауалы концентрациялар, мг/м3:
0, 3 мкг/м 3
Ластаушы қоспалардың аталуы: Мыс
Шекті рауалы концентрациялар, мг/м3:
2, 0 мкг/м 3
Ластаушы қоспалардың аталуы: Никель
Шекті рауалы концентрациялар, мг/м3:
1, 0 мкг/м 3
Ластаушы қоспалардың аталуы: Қорғасын
Шекті рауалы концентрациялар, мг/м3:
0, 3 мкг/м 3
Ластаушы қоспалардың аталуы: Мырыш
Шекті рауалы концентрациялар, мг/м3:
50, 0 мкг/м 3

Күзде және көктемде күкіртті газ концентрациялары, қыста - көмір тотықтарының жоғарылуы Алматы қаласына тән құбылыс. Өндірістік өнеркәсіптерінің шығарындылары мен автокөліктер шығаратын газ құрамында азот тотықтарының концентрациялары болады. Былтыр газ және шаң түрінде 170 мың тонна зиянды заттектер қала атмосферасына шығарылды. Олардың үлкен бөлігі жылжымалы көздерінің үлесіне тиеді. Қоспалар ылғалданған жағдайда одан да уытты заттектер пайда болады. Тез арада күкіртті газдың күкіртті ангидридке дейін, ал одан ары қарай күкірт қышқылының пайда болуына дейін тотығу реакциясы жүреді. Қала ауасының ластануы көп мөлшерде тұмшаның пайда болуы - өнеркәсіптер, автокөліктер мен ауа райының өзгеруінен жүздеген тонна зиянды заттектерді алып келеді (қорғасын, көмір тотықтары) .

Қаланың экологиялық жағдайын құрайтын элементтер комплексінде қорғасын, күміс, сынап, күшән, берилий, ванадий, кадмий, мыс, мырыш, молибден және қалайы көп мөлшерде кездеседі.

Қала территориясында экологиялық қиыншылықтарды бақылау үшін мына комплексті көрсеткіштер (топырақ пен қардың ластануы, шаңды шығарындылар, өнеркәсіп шығарындыларының құрамы) арқылы қаланың бес ауданның әртүрлі металдармен ластану интенсивтілігі белсенді: оңтүстік бөлігінде минималды көрсеткіштен орташаға дейін, орталық және солтүстік бөліктерінде жоғары және өндіріс зонасында максималды болатынына көз жетті. Қаланың оңтүстік бөлігінде бұл үлкен трассалардың қиылысуы мен өндірістік зоналарда орналасқан өнеркәсіптердің шығарындыларымен байланысты. Қаланың солтүстік бөлігіндегі аудандар Белинский көшесі мен Сейфуллин даңғылының арасында және Сүйінбай көшесінің бойыда орналасқан. Қаланың таза аудандары оңтүстік бөлігінде - Ботаникалық бақ, Академиялық қала, ҚазҰУ территориялары болып саналады.

Алматы қаласының атмосфералық ауасының экологиялық жағдайы 2005 жылдың 1-ші жартысы бойынша жоғары атмосфераның ластану индексімен (АЛИ) сипатталады. Шаң - 1, 3 ШРК, формальдегид - 7, 5 ШРК, азот диоксиді - 1, 5 ШРК, фенол - 2, 0 ШРК, көмір оксиді - 1, 0 ШРК. Қалған ингридиенттер бойынша АЛИ 0, 3-0, 4 шамасында.

Көп мөлшерде шаңдалған аудандар ТЭЦ-1 - 2, 0 ШРК, плодоконсервный зауытының маңы - 1, 3 ШРК, автомагистраль маңы (Райымбек даңғылы, Сейфуллин, Тимирязев көшелері) - 1, 4. Плодоконсервный зауытының маңында азот диоксидінің мөлшері - 2, 5 ШРК, автомагистраль маңында (Райымбек, Сейфуллин, Рысқұлов даңғылдары) - 2, 6 ШРК, «Айнабұлақ 3» ықшам ауданында және ТЭЦ-1 - 1, 5 ШРК. Формальдегид бойынша көп ластанған аудандарға ТЭЦ-1 маңындағы автомагистральдар (6, 7 ШРК), Райымбек даңғылы мен плодоконсервный зауытының маңы (3, 3 ШРК) . Фенол мөлшері 1, 3 ШРК «Айнабұлақ 3» ықшам ауданында, ТЭЦ-1 маңындағы автомагистральде - 2, 3 ШРК. Райымбек, Сейфуллин, Тимирязев көшелерінің бойында қоспалардың мөлшері - 1, 8 ШРК, ҚазҰТУ маңында - 1, 0 ШРК. Ауада күкірт диоксиді мен азот оксидінің мөлшері нормадан сәл ғана асқан.

Алматыда SO 4 2 -ның ( ТЭЦ, пештердің шығарындысы ) Алматы 1, аэропорт, Кіші Алматы маңайында (Медеу жақта), АХБК айналасында, ВАЗ жақта, ал HCO 3 -тің концентрациялары АХБК, «Асфальтобетон» ұйымының маңында белгіленді. Атмосфераның жерге жақын қабатында 7-12 мк Р/ч дейін өсіп, табиғи фоннан оның деңгейі жоғары болуда.

Атмосфералық ауаның ортажылдық ластану динамикасының деңгейі 1990-2000 жылдары ШРК бойынша 3-ші кестеде көрсетілген, ал атмосфераның ортажылдық ластану динамикасының деңгейі 1995-2001 жылдары ШРШ бойынша 1- суретте көрсетілген.

Сурет 1 1993- 2002 жылдары атмосфераның ортажылдық ластану динамикасының деңгейі

1. 2 Бақылау бекеттерінің сипаттамасы

Атмосфералық ауаның ластану деңгейін бақылау қоршаған ортаның температурасына тәуелді болмай жылдың кез-келген мезгілінде өткізіледі. Үш бақылау бағдарламасы орнатылады: толық, толық емес, қысқартылған. Толық бағдарлама бойынша бақылау қажетті ақпараттар алу мен ортатәуліктік концентрацияларды сағат 1, 7, 13, 19 жергілікті уақыт бойынша өлшеу. Толық бағдарлама бойынша бақылау атмосфералық ауада шаң, күкіртті газ, көмір тотықтары, азот тотықтары және әртүрлі қоспаларды өлшеу үшін қолданады. Толық емес бақылау бағдарламасы бойынша зерттеулер сағат 7, 13, 19 өткізіледі.

Қысқартылған бақылау бағдарламасы бойынша сағат 7 мен 13 зерттеулер өткізіледі. Қысқартылған бақылаулар температура -45 0 С - ден төмен аймақтарда өткізіледі.

Қолайсыз метеожағдайлар кезінде сынама алу тәулік бойы әр үш сағат сайын алыну керек.

Өндірістік өнеркәсіптер орналасқан жерлерде бақылауларды өткізу үшін кең бағдарлама бойынша әрдайым болатын және арнаулы әдістер қолданады. Ауа сынамасы желдің бағыты бойынша шығарынды көзден 0, 2-0, 5, 1, 2, 3, 4, 6, 8, 10, 15 және 20 км аралықта алынады.

Факел астында сынама алу жер бетінен 1, 5 м биіктікте 20-30 минут аралығында, сынама алу ортасындағы интервал 10 минут болу керек

Алматы қаласының ауасын 10-20 тұрақты бекеттер бақылау керек. Ал оның орнына ауаның ластану деңгейін 3 стационарлы бекеттер (№1, №5, № 9, №12, № 16) бақылайды. Казгидрометтің қаржы мөлшерінің жетпеуінен қалада көп жылғы бақылау орындары жұмыстарын тоқтатты. Бүгінгі күні қала әкімшілік апараты қалалық аймақты қорғау ұйымымен бірігіп, қаржы табу жоспарын іске асыруда.

Бақылау мәліметтерін талдау нәтижесінде Алматы қаласының ауа бассейнінде формальдегид, шаң, көмір оксиді, азот диоксиді және фенол концентрациялары бар екені анықталды.

Атмосфералық ауада зиянды заттардың шоғырлануына әкелген таралуға қолайсыз метеожағдайлар - жылы, құрғақ және желсіз ауа- райы, тұман. Бөлек қоспалармен ластанатын атмосфералық ауа бассейіні деңгейінің сипаттамасы төменде берілген.

Қалқымалы заттар (шаң) . 5 бақылау бекеттерінде шаңның мөлшері ШРК-дан асады. Ең жоғарғы мәндер №5 бекетте (плодоконсервный зауытының маңы) -1, 3-5, 7 ШРК және №12 бекетте (автомагистраль, ТЭЦ-1) -1, 2-3, 2 ШРК-ға тең. Басқа бекеттерде ШРК 1, 1-ден 2, 6-ға дейін өзгерді.

Күкірт диоксиді. Күкірт диоксидінің орта тәуліктік концентрациясы санитарлық нормадан асқан жоқ.

Азот диоксиді. Ең жоғары орташа тәуліктік мәндер №9 және №2 бекеттерінде белгіленген. Бұл жерде азот диоксидінің концентрациясы 1, 0-1, 7 ШРК шамасында болды. Басқа бекеттерде нормадан тыс концентрация белгіленген жоқ.

Формальдегид. Атмосферада формальдегидтің құрамы 1, 7 ШРК-дан 12, 3 ШРК-ға дейін өсті. №9 және №12 бекеттерде формальдегидтің жоғары концентрациялары белгіленді. Олар 12, 3 ШРК және 8, 0 ШРК -ға тең болды.

Фенол. Атмосфераның фенолмен ластануында үлкен өзгерістер белгіленген жоқ 1, 7-2, 0 ШРК.

Бұрыңғы жылдары ірі өндіріс орындарының атмосфераның ауасын ластаудағы үлесі жоғары болса, бүгінгі күні олар тоқтап тұрғанымен шағын мекемелердің көбеюі салдарынан ауа құрамының ластануы көбеймесе азайған жоқ : пеш жағу, салярка жағу, нан пісіретін мекемелер, СТО, АЗС, диірмендер т. б.

Сурет 2 - 2005 жылдың бірінші жартыжылдықта Алматы қаласының метеоорталығының бақылаулар мәліметі бойынша радиациялық гамма - фон

бақылау уақыты
Гамма -фонның мәні, мкЗВ/сағ
орташа мәні
максималды мәні
минималды мәні
бақылау уақыты: қаңтар
Гамма -фонның мәні, мкЗВ/сағ: 0, 13
0, 16
0, 09
бақылау уақыты: ақпан
Гамма -фонның мәні, мкЗВ/сағ: 0, 13
0, 18
0, 09
бақылау уақыты: наурыз
Гамма -фонның мәні, мкЗВ/сағ: 0, 14
0, 17
0, 11
бақылау уақыты: сәуір
Гамма -фонның мәні, мкЗВ/сағ: 0, 14
0, 17
0, 10
бақылау уақыты: мамыр
Гамма -фонның мәні, мкЗВ/сағ: 0, 15
0, 18
0, 11
бақылау уақыты: маусым
Гамма -фонның мәні, мкЗВ/сағ: 0, 15
0, 19
0, 12
бақылау уақыты: 1- жартыжылдық
Гамма -фонның мәні, мкЗВ/сағ: 0, 14
0, 18
0, 10

Сурет 2- Алматы қаласының бақылау бекеттерінің орналасуы

Кесте 3 - Алматы қаласының 2005 жылдың 1 тоқсаны бойынша ауа бассейінінің ластануы

бекет нөмірі
Қоспалар аталуы
Орташа концентрация
Максималды концентрация

ШРК-дан астын қоспалар концентрациясы

% мөлшерінде

ИЗА
мг/м 3

ШРК-ң

жоғар-лауы

мг/м 3

ШРК-ң

жоғарылауы

бекет нөмірі: 1
Қоспалар аталуы: Қалқымалылар
Орташа концентрация: 0, 20
Максималды концентрация: 1, 3
ШРК-дан астын қоспалар концентрациясы% мөлшерінде: 0, 7
ИЗА: 1, 4
4
1, 32
бекет нөмірі:
Қоспалар аталуы: Күкірт диоксиді
Орташа концентрация: 0, 024
Максималды концентрация: 0, 5
ШРК-дан астын қоспалар концентрациясы% мөлшерінде: 0, 297
ИЗА: 0, 6
0
0, 48
бекет нөмірі: Көмір оксиді
Қоспалар аталуы: 2, 7
Орташа концентрация: 0, 9
Максималды концентрация: 12
ШРК-дан астын қоспалар концентрациясы% мөлшерінде: 2, 4
ИЗА: 9
0, 91
бекет нөмірі: Азот диоксиді
Қоспалар аталуы: 0, 063
Орташа концентрация: 1, 6
Максималды концентрация: 0, 80
ШРК-дан астын қоспалар концентрациясы% мөлшерінде: 9, 4
ИЗА: 18
1, 79
бекет нөмірі: фенол
Қоспалар аталуы: 0, 003
Орташа концентрация: 0, 9
Максималды концентрация: 0, 014
ШРК-дан астын қоспалар концентрациясы% мөлшерінде: 1, 4
ИЗА: 0, 8
0, 83
бекет нөмірі: формальдегид
Қоспалар аталуы: 0, 022
Орташа концентрация: 7, 3
Максималды концентрация: 0, 014
ШРК-дан астын қоспалар концентрациясы% мөлшерінде: 0, 4
ИЗА: 14
13, 3
бекет нөмірі: ИЗА 5
Қоспалар аталуы:
Орташа концентрация:
Максималды концентрация:
ШРК-дан астын қоспалар концентрациясы% мөлшерінде:
ИЗА:

3

18, 1

8

бекет нөмірі: 12
Қоспалар аталуы: қалқымалылыр
Орташа концентрация: 0, 23
Максималды концентрация: 1, 5
ШРК-дан астын қоспалар концентрациясы% мөлшерінде: 0, 7
ИЗА: 1, 4
3
1, 53
бекет нөмірі:
Қоспалар аталуы: Күкірт диоксиді
Орташа концентрация: 0, 023
Максималды концентрация: 0, 5
ШРК-дан астын қоспалар концентрациясы% мөлшерінде: 0, 109
ИЗА: 0, 2
0
0, 45
бекет нөмірі:
Қоспалар аталуы: Көмір оксиді
Орташа концентрация: 3, 9
Максималды концентрация: 1, 3
ШРК-дан астын қоспалар концентрациясы% мөлшерінде: 12
ИЗА: 2, 4
19
1, 26
бекет нөмірі:
Қоспалар аталуы: Азот диоксиді
Орташа концентрация: 0, 068
Максималды концентрация: 1, 7
ШРК-дан астын қоспалар концентрациясы% мөлшерінде: 0, 22
ИЗА: 2, 6
25
1, 97
бекет нөмірі:
Қоспалар аталуы: фенол
Орташа концентрация: 0, 003
Максималды концентрация: 1, 0
ШРК-дан астын қоспалар концентрациясы% мөлшерінде: 0, 013
ИЗА: 1, 3
1, 0
1, 00
бекет нөмірі:
Қоспалар аталуы: формальдегид
Орташа концентрация: 0, 025
Максималды концентрация: 8, 5
ШРК-дан астын қоспалар концентрациясы% мөлшерінде: 0, 062
ИЗА: 1, 8
21
16, 0
бекет нөмірі:
Қоспалар аталуы: ИЗА 5
Орташа концентрация:
Максималды концентрация:
ШРК-дан астын қоспалар концентрациясы% мөлшерінде:
ИЗА:

7

21, 8

4

бекет нөмірі: 25
Қоспалар аталуы: қалқымалылар
Орташа концентрация: 0, 14
Максималды концентрация: 1, 0
ШРК-дан астын қоспалар концентрациясы% мөлшерінде: 0, 6
ИЗА: 1, 2
2
0, 95
бекет нөмірі:
Қоспалар аталуы: Күкірт диоксиді
Орташа концентрация: 0, 027
Максималды концентрация: 0, 5
ШРК-дан астын қоспалар концентрациясы% мөлшерінде: 0, 169
ИЗА: 0, 3
0
0, 54
бекет нөмірі:
Қоспалар аталуы: Көмір оксиді
Орташа концентрация: 2, 8
Максималды концентрация: 0, 9
ШРК-дан астын қоспалар концентрациясы% мөлшерінде: 17
ИЗА: 3, 4
10
0, 94
бекет нөмірі:
Қоспалар аталуы: Азот диоксиді
Орташа концентрация: 0, 048
Максималды концентрация: 1, 2
ШРК-дан астын қоспалар концентрациясы% мөлшерінде: 0, 23
ИЗА: 2, 7
10
1, 27
бекет нөмірі:
Қоспалар аталуы: фенол
Орташа концентрация: 0, 002
Максималды концентрация: 0, 7
ШРК-дан астын қоспалар концентрациясы% мөлшерінде: 0, 014
ИЗА: 1, 4
0, 5
0, 63
бекет нөмірі:
Қоспалар аталуы: формальдегид
Орташа концентрация: 0, 020
Максималды концентрация: 6, 7
ШРК-дан астын қоспалар концентрациясы% мөлшерінде: 0, 053
ИЗА: 1, 5
15
11, 9
бекет нөмірі:
Қоспалар аталуы: ИЗА 5
Орташа концентрация:
Максималды концентрация:
ШРК-дан астын қоспалар концентрациясы% мөлшерінде:
ИЗА:
3

2-тарау. Алматы ауасының ластануын зерттеу

2. 2 Алматы атмосферасының ластау көздері

Атмосфералық ауа - түрлі газдардың қоспасы. Оның құрамында 78, 08% азот, 20, 9% оттегі, 0, 93% аргон, 0, 03% көмірқышқыл газы бар. Ал қалған 0, 01% неон, гелий, метан, радион, ксенон, т. б. газдардың үлесіне тиеді. Жер бетінде оттексіз тіршілік жоқ. Ол жасыл өсімдіктердің тіршілік әрекеттері нәтижесінде түзіледі. Өсімдіктер су мен көмір қышқылынан фотосинтез процесі кезінде оттекті бөледі. Ал басқа барлық тірі организмдер оттекті тек пайдаланушылар болып есептеледі. Көмірқышқыл газы атмосфераға тірі организмдердің тыныс алуы, отын түрлерінің жануы, органикалық заттардың ыдырауы мен шіруі кезінде бөлінеді. Ауаның құрамындағы көмірқышқыл газы мөлшерінің көбеюі адам мен жануарлар организміне зиянды әсер етеді.

Табиғат үшін атмосфералық ауаның маңызы ерекше және әртүрлі. Атмосфера тірі организмдерге зиян әсер ететін Күннің ультракүлгін сәулелерінің көп бөлігін ұстап қалады.

Өндірістің қарқындап дамуына және отын түрлерінің кең масштабта жағылуына байланысты атмосферадағы бос оттектің қоры азайып, ал көмірқышқыл газының мөлшері жоғарылауда. Адамзат қоғамында адам баласы отты ең алғаш рет қолданған күннен бастап осы күнге дейін түрлі жану процестерінде 273 млрд. тонна оттегі жұмсаған болса, соның 246 млрд. тоннасы, яғни (90 %- ға жуығы) соңғы жарты ғасырда ғана жұмсалған.

Алматы қаласында қазіргі индустриялы өркениетке тән барлық экологиялық проблемалары шоғырланған. Қаланың экологиялық жағдайы өте нашар, ауаның улану жағдайы жоғары. 1, 5 млн. тұрғылықты халқы бар өндірістік потенциалы үлкен Алматы қаласы қарқынды көлік ағындарымен ерекшелінеді. Бұл қаланың экологиялық жағдайының қиындауына әкеліп соғады. Қала территориясы ерекше табиғи шартта орналасқандықтан мұнда ауаның қозғалуына кедергілер көп болып, экологиялық жағдайының одан әрі қиындауына әкеледі. Қала территориясында барлық техногендік қалдықтардың 70%-ы қалып отырады. Түтіндер мен газды қоспалардың зиянды әсері басқа ауа-райы жағдайларына қарағанда тұмша мен тұман кезінде тез өседі. Тұмша деп кейде тұман жоқ кезінде де ауаның өте лас күйін айтады. Ауаның жерге жақын қабаты жиі әртүрлі газдармен ластанады, әсіресе автокөліктердің шығарынды газдарымен. Бұл шығарынды газдар фотохимиялық процестер нәтижесінде күннің радиациялық сәулелердің әсерінен аэрозольдерге дейін өзгереді. Бұл жағдайда аэрлзольдер көру қабілетін төмендетеді. Күкіртті газдың тұман тамшыларына еруі күкіртті қышқыл аэрозольдерінің пайда болуына әкеледі.

Соңғысы күкіртті газға қарағанда үлкен уыттылықпен ерекшеленеді. Мұндай жағдайда төмен ластаушы көздері ретінде жылжымалы көлік жолдары мен тұрақтарға жататынына назар аудару керек. Ал мұнда мемлекеттік органдарымен отынды жағу кезінде құрал жабдықтардың қуаты 300 ккал/сағатынан артық болған жағдайда ғана ластаушы көздер тіркеледі.

Қала атмосфералық ауасының ластану деңгейінің динамикасын салыстыру үшін 2001-2005 жылдарға арналған РГП «Казгидрометтің» мәліметтері кесте 2 келтірілген. Кесте 2 бойынша атмосфералық ауаның ластану динамикасының тенденциясы өсуде екенін көруге болады. 2001 жылдың екінші жарты жылдықтың атмосфераның ластану индексі 13, 12-ден 2005 жылдың бірінші жарты жылдықтың 18, 5-ке дейін өскенін байқауға болады. ШРК - дан асу 80% автокөлік қозғалтқыш өнімдерінің жануынан болады. Сонымен қатар ШРК мөлшерінен асуына жылуэнергетиканың стационарлы көздері үлесін тигізеді.

Алматы қаласының 2001-2005 жылдарындағы атмосфералық ауаның ортажылдық ластану деңгейінің сипаттамасы 4-кестеде келтірілген.

Кесте 4 - Алматы қаласының атмосфералық ауаның ластану деңгейінің динамикасы

Ингредиенттер: Ингредиенттер
2001 ж: 2001 ж
2002 ж: 2002 ж
2003 ж: 2003 ж
2004 ж: 2004 ж
2005ж: 2005ж
Ингредиенттер:

Шаң 0, 89 0, 97 1, 6 1, 16 1, 27

Күкірт диоксиді 0, 20 0, 27 0, 38 0, 29 0, 49

Көмір оксиді 0, 82 0, 78 1, 10 0, 76 1, 02

Азот диоксиді 2, 31 2, 50 2, 69 2, 67 1, 68

Азот оксиді 0, 3 0, 2 0, 5 0, 5 0, 2

Фенол 0, 53 0, 49 0, 63 0, 51 0, 79

Формальдегид 8, 57 6, 93 5, 69 9, 93 13, 73

ИЗА 13, 12 11, 6 11, 27 15, 03 18, 50

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өскемен қаласының атмосфералық ауасына автокөліктерден бөлінетін газдардың тигізетін әсеріне баға беру
Атмосфераның ластаушы көздері
Шымкент қаласының атмосфералық ауасының ластануы
Қоршаған орта жағдайының мониторингі
Атмосфераның ластануы және қоршаған ортаға әсерін бағалау
Алматы қаласының ауа басейнінің сапасын бақылауды басқару және ұйымдастыру
Жезқазған қаласының ластану жағдайы
Ауаның ластануын талдау әдістері
Өскемен қаласының қоршаған ортаға әсерін бағалау
Атмосфера құрамы және ластану проблемалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz