Ормандарға рекреациялық қысымның әсері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 3
Орман ресурстарын пайдалану мәселелері 4
Орманды пайдалану критерийлері 5
Ормандардың экологиялық маңызы 6
Ормандарға рекреациялық қысымның әсері 7
Орманың - қорғаның 9
Кеміргіштерге қарсы күрес керек 13
Қазақстан Республикасының орман қоры және оны пайдалану мәселесі 16
Қорытынды 23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 24

Кіріспе

Қазақстандағы орманның жалпы көлемі Қазорман жобасының мәліметі
бойынша 1998 жылы 24568,2 мың гектар болды. Соңғы жылдары саланы
қаржыландырудьң қысқаруы, орманды күтіп ұстаудың нашар ұйымдастырылуы
нәтижесінде орман шаруашылығының жағдайы күрт төмендеп кетті. 1997 жылдың
10 айында ірі өрттен 170 мың гектардан астам орман өртенді. Сонымен қатар,
кеміргіштер әрекеттері, адамзат тигізетін факторлар ормандардың күйін
төмендетіп отыр.
Қазақстандағы орманның жалпы көлемі Қазақстан территориясының 3,8%-ы
орманды жерлер алып жатыр. Қазақстан—2030 стратегиясында бұл көрсеткішті
5,1%-ке дейін көтеру жоспарланған. Мына курстық жұмыста осы мәселелер
барынша қарастырылады.

Орман ресурстарын пайдалану мәселелері

Қазақстанның табиғат жағдайлары алуан түрлі Қазақстан территориясы кең
байтақ жерді алып жатыр, Батыстан Шығысқа қарай 2,925 км (Каспий теңізі мен
Орал ойпаттарынан Алтайға дейін). Солтүстіктен Оңтүстікке қарай 1,600 км.
Батыс-Сібір жазығы мен Орал тауларының жоталарынан Тянь-Шань таулары мен
Қызылқұм шөліне дейін Қазақстанның жалпы ауданы (2,7 млн. шаршы км)
Франциядан бес есе артық. Бірнеше ландшафтық белдеулер мен белдеу
тармақтары бір-бірін алмастырады: орманды дала (6%), дала (28%), шөлейт
(18%), шөлді (40%).

Ормандардың экологиялық жүйе ретіндегі өзіне тән ерекшеліктері бар.
Біріншіден, адамның әсерінен көп өзгеріске ұшырамаған, табиғи күйде
сақталған экожүйелердің бірі; екіншіден, бұл жоғары өнімділікпен
сипатталатын, ағаш, детрит, гумус түрінде органикалық зат шоғырланған ең
қуатты жүйе; үшіншіден, ормандар тірі затқа тән функцияларды ашық
көрсететін күшті орта түзуші және ортаны тұрақтандырушы фактор;
төртіншіден, көптеген жануарлардың мекен ету ортасы; бесіншіден, орман
шаруашылықтың көптеген салалары үшін бағалы органикалық өнім мен шикізат
көзі болып табылады. Сонымен қатар, орманның санитарлық-гигиеналық тынығу,
стресс жағдайынан құтылуда, эстетикалық және экологиялық тәрбие берудегі
маңызы зор.
1992 жылы Рио-де-Жанейродағы БҰҰ-ның конференциясында Ормандарға
қатысты мәлімдеме принцинтерінде былай делінген: Ормандар атмосфераға
түсіп, парниктік эффектке әкелетін көміртегі мен сутегін сіңіретін қойма
болып табылады. Дүниежүзілік форумда мұндай құжаттың қабылдануы ғаламдық,
экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешудегі ормандардың
маңыздылығын көрсетеді.

Орманды пайдалану критерийлері

Дүние жүзіндегі ормандардың жалпы ауданы 4 млрдга-дан астам. Жалпы
ормандардың ішінен таза ормандарды жеке бөледі. Оған орманды алаңқайлар,
жолдар, шалғындықтар кірмейді. Таза ормандар шамамен 3 млрд.га-ды алып
жатыр. Бір адамға есептегенде жалпы орманды жерлер шамамен 0,8 га-дан
келеді.
Құрлықтың жалпы ауданына қатысты ормандар алып жатқан территориялардың
пайызбен көрсетілген шамасын ормандылық деп атайды. Дүние жүзі бойынша бұл
көрсеткіш 32,2%-ға тең (басқа мәліметтер бойынша 25%).
Өзінің тарихында адам шамамен 23 орманды аудандардағы ормандарды
жойған. Мұның нәтижесінде ормандылық бастапқы 75%-дан қазір 25—30%-ға дейін
кеміді. Ормандарды аудандарының кему процесі қазір де жалғасуда. Бұл
процесс тропиктік ормандар үшін өте қауіпті болып отыр.
Соңғы кезде, әсіресе, шаруашылық қызметтің әсері тимеген немесе әлсіз
болған ормандарды есепке алу мен қорғауға көп көңіл бөлінуде.
Аталған территориялардың дүниежүзілік шамасы 20%. Кейбір елдерде бұл
шама жоққа дерлік болса, Еуропа үшін жалпы ауданы бар болғаны 4%.
Дүние жүзінің ормандарында өсімдік массасының (биомасса) 1,65—1,96
триллион м3 (құрғақ масса) шоғырланған. Бұған барлық жер үсті (бұталар,
діңдер, жапырақтар) және жер асты (тамыр) массасы кіреді. Ағаш діңінің
ағашының жалпы массасы шамамен 50%. Ормандарды сипаттайтын маңызды
көрсеткіш ағаштың жылдық өсімі болып табылады.

Ормандардың экологиялық маңызы

Ормандардың экологиялық қызметін бағалауда олардың қоршаған ортаға
әсерінің екі түрін атап көрсетуге болады: биогеохимиялық (Вернадский
бойынша тірі заттың бірінші реттік қызметі) және механикалық немесе
физикалық (тірі заттың екінші ретті қызметі). Биогеохимиялық қызмет әртүрлі
физиологиялық ІІроцестердің (фотосинтез, минералдық қоректену,
транспирация, қоршаған ортаға әртүрлі ұшқыш заттарды бөліп шығару және
т.б.) жүзеге асуы арқылы көрінеді. Механикалық қызметі биомасса, оның
көлемі арқылы, сонымен қатар алып жатқан ауданы және негізінен бірлестіктің
іші мен одан тыс территорияда арнайы экоклиматты түзу, ауадағы заттарды
тұндыру қызметі арқылы көрінеді. Бірінші қызметі органикалық заттың түзілу
жылдамдығына (өнімділік) байланысты. Ұзақ өмір сүретін ағашты өсімдіктер
кіші мөлшердегі биомассаны түзуге қабілеттілігіне байланысты, ортаға әсер
ететін фактор болып табылады.
Ластанған атмосферада ағашты және көптеген көпжылдық өсімдіктердің
өмір сүру жасы қысқарады. Бұл ағзалардың созылмалы улануына және жасқа
байланысты токсиканттарға деген сезімталдықтың артуына да байланысты
болады.
Адам үшін жасалған ластаушы заттардың шекті рұқсат етілетін
концентрациясын (ЗЖЖК) көптеген өсімдіктерге қолдануға болмайды. Себебі,
өсімдік ағзасының сезімталдығы жоғары болады.
Атмосфераның ластануының ормандарға тигізетін зиянды әсерін кеміту
үшін орманда биологиялық іс-шаралар қолданылады. Оларға: өсімдіктердің
анағұрлым тұрақты түрлері мен формаларын (экотиптер) анықтау мен пайдалану,
топырақтың құнарлылығын арттыру (тыңайтқыштар, суару), фитоценоздарды
жылдам жаңарту, жаңа қолтұқымдарды шығару және т.б. жатады.

Ормандарға рекреациялық қысымның әсері

Рекреация ұғымы үйден тыс жерде адамдардың денсаулығы мен еңбекке
жарамдылығын қалпына келтіруді сипаттайды. Рекреациялық объект ретінде
ормандар мен ормандық ландшафттар кеңінен қолданылады.
Өнім негізінен ластаушы заттардың тікелей ағзаға әсерінен емес,
көбеюге мүмкіндік бермеуі арқылы әсер етеді. Қышқыл жауын-шашын мен оның
компоненттері әсіресе ормандарға орасан зор зиян келтіреді. Қышқыл жауын-
шашын өсімдіктерден биогендерді (әсресе кальций, магний, калий), қанттар,
ақуыздар, амин-қышқылдарын ығыстырып, зақымдайды. Олар қорғанышсыз
ұлпаларды зақымдап, ағзаға катогенді бактериялар мен саңырауқұлақтардың ену
мүмкіндігін арттырады. Мұндай әсердің нәтижесінде фитоценоздардың
өнімділігі төмендеп, кейде толық жойылып кетуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.
Қышқыл жауындардың өсімдіктер үшін зиянды әсері топырақ арқылы да
байқалады. Бұл әсер алюминий мен ауыр металдардың қозғалғыштығының артуы
нәтижесінде болады. Бос алюминий жас тамырларды зақымдайды. Оларда
инфекциялардың ену ошақтарын түзеді, ағаштардың уақытынан бұрын қартаюына
әкеледі.
Әсіресе қылқан жапырақты ормандар күшті зақымданады. Бұл ең алдымен
олардың қылқанының ұзақ (4—6 жыл) өмір сүруіне, ондағы улы заттардың
жиналуына байланысты.
Атмосфераның ластануына жоғары дәрежеде сезімталдығымен қыналар
сииатталады. Олар әдетте ең бірінші болып, экожүйеден жойылады және
қоршаған ортаның қолайсыз әсерінің индикаторы болып табылады.
Соңғы жылдарда ормандардың дәстүрлі ластаушылары мен озонның бірлескен
әсерінен зақымдануына көп көңіл бөлінуде. Озон негізінен фотохимиялық
смогтың өнімі болып табылады. Оның әсерінен хлорофилл тікелей және
хлорофилді тотығудан қорғайтьн маңызды агент С витаминнің шектен тыс
жұмсалуы арқылы бұзылады.
Орман өсіру ғылымының жеке бөлімі рекреациялық орман шаруашылығы
қалыптасқан. Оның міндеті жекеленген экожүйелердің (ормандардың типі)
рекреациялық бағасын анықтау, қысымды реттеу іс-шараларын жасау, экожүйелер
мен шаруашылыққа зиянын төмендету.
Рекреациялық ормандарға жасалатын зақымдануларды кеміту үшін
арнаулы іс-шаралар жүргізіледі:
- қысымды реттеу. Орманға келетін адамдардың белгілі бір саны
арқылы жүзеге асырылады;
- қысымның теріс әсерлерін кеміту. Жолдарды жасау, автокөлік
тұратын жер, демалатын орындарды белгілеу;
- демалушылар арасында тәрбиелік және түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Орманың - қорғаның

Дана халқымыз: "Ғұмыр жасыңды ұзартқың келсе — ағаш ек",—деп ұрпақтан
ұрпақка бекер айтып келе жаткан жоқ, Орманның адамзат тіршілігі үшін,
қоршаған ортаны жақсартудағы рөлі ерекше. Сондықтан Оңтүстік Қазақстанның
орманшылары өлкеміздің орман байлықтарын тиімді пайдалануды және молайтуды,
қорғауды басты парызымыз деп есептейді.
Қазір облыстың орман қоры жерінің жалпы көлемі — 3 миллион 39 мың
гектар, оның орманды өңірі — 1 миллион 515 мың гектар. Соңғысы облыс
аумағының 11,7 пайызы ғана. Мұнда шөл аймағында сексеуіл ормандарынан
бастап, өзендердің бойындағы әсем тоғайлар, тау өңіріндегі арша, жабайы
жеміс орман алқаптарына дейін кездеседі. Олардың бәрі де еліміздің
экономикасына аса қажетті, маңызы бар деп бағаланып, бірінші топқа
жатқызылған. Бұлардың қайсыбірі топырақты эрозиядан сақтап, құнарлылығын
қорғап, су көздерін сақтау, санитарлық-гигиеналық, сауықтыру қызметтерін
атқарады.
Өткен жылы республика Үкіметінің 10 ақпанындағы №198 қаулысымен орман
шаруашылығы жүйесінде реформа жүргізіліп, орман шаруашылығы кәсіпорындары
ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі 10 мемлекеттік мекемеге
айналды, шаруашылық жүргізуге құқығы бар "Оңтүстік орманы" республикалық
мемлекеттік кәсіпорыны мен оның 7 филиалы ұйымдастырылды.
2000-2002 жылдары облыс аумағын көгалдандыру мен орман алқаптарын
өсірудің негізгі бағыттарына сәйкес орман қорында 3750 гектар орманды
қалпына келтіру жұмыстары атқарылып, оның ішінде ағаш отырғызу 64 гектар,
сексеуіл ормандарын себу 670, табиғи ұрықтануға көмектесу шаралары 3016
гектар болып орындалды. 2530 гектар мәдени орман өсімдіктері мен балауса
ағаштар орманмен көмкерілген алқапқа ауыстырылды. Республикалық маңызы бар
автокөлік жолдарының бойындағы қорғаныш орман алқаптарының 456 км
аралығындағы жолақтарының қалпына келтірілуі үшін 324 мың дана әртүрлі ағаш
көшеттері берілді. Түркістан қаласының 1500 жылдығына қаланы көгалдандыруға
350 мың теңгенің сәндік және жеміс ағаштарының көшеттері тегін берілді.
Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетінің рұқсатымен басты
мақсатқа пайдалану есебінен 1,1 мың текше метр сексеуіл отыны дайындалды.
5274 гектар орман алкаптарьшда санитарлық жағдайда жақсарту максатында
іріктеп кесу жұмыстары жүргізіліп, 5,5 мың текше метр ағаш сүрегі отын
ретінде дайындалды.
Биыл да орман алқаптарын отырғызу 140 гектарда, сексеуіл ормандарын
себу 1400 гектарда жүргізілді. Орман тұқымбақтарында өсірілетін көшеттердің
түрлері көбейтіліп, олардың жалпы саны 2 миллион данаға жеткізілмек.
Орман өртіне жол бермеу мақсатында орман қорының телімдеріне 21
шлагбаум орнатылып, өрт қаупі маусымында келетін демалушыларды, туристерді
тіркеу, оларға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөнінде нұсқау беру,
санын реттеу қолға алынды. Барлық аудандарда әкімдердің орманды өрттен
қорғауды күшейту туралы шешімдері қабылданып, тұрғындар мен ұйымдарды өрт
сөндіруге жұмылдырудың оперативтік жоспарлары бекітілді.
Орманды өрттен қорғау жөнінде бірқатар шаралардың орындалуына
қарамастан, өткен жылы ауа райының өте құрғақ және ыстық болуына, қаражат
қиыншылықтарына байланысты 18 рет орман өртіне жол беріліп, 449 гектар
ормандық жерлер өртке шалынды. Келтірілген зиян мөлшері 655 мың теңге
болып, оның 27 мың теңгесі ғана өндірілді. Төрт өрттің материалдары
кінәлілер анықталып, жауапқа тартылу үшін ішкі істер органдарына берілді.
Өрттің негізгі себептері азаматтардың отты абайсыз пайдалануы мен ауыл
шаруашылығы мақсатында қамыстар мен шөптерді өртеуінен.
Соңғы жылдары орманды қорғау саласында көптеген проблемалар шешілмей
келеді. Жыл сайын республикалық бюджеттен өртке қарсы шараларды жүргізуге
қаржы жеткіліксіз бөлініп отыр.
Орман алқаптарында заңсыз ағаш кесушііге қарсы күрес жүргізіліп,
оларды орман заңнамасы бойынша материалдық жауапкершіліктерге тартуға беру
орманшыларымыздың төл міндеті болып отыр. Өткен жылы орман күзетінің
қызметкерлері 222 заңсыз ағаш кесу оқиғасын анықтады. Кесілген ағаш
сүрегінің көлемі 500 текше метр болса, келтірілген зиян мөлшері 439,3 мың
теңге болды. Оның өзі еркімен төленгені 259,6 мың теңге, қалған зиян
мөлшерін өндіруге істер сотқа берілді.
Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" жаңа
Кодексінің қабылданып, онда біздің саланың қызметкерлеріне көптеген баптар
бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік
жазалар қолдану құқықтары берілген. Бұл алдағы кезде табиғат заңдылығын
бұзушыларға қарсы күресте бізге үлкен көмегін тигізері сөзсіз.
Сыр тоғайы өзінің аңдарымен бағалы. Өткен жылы бір кезде тоғайларда
өмір сүріп, жойылып кеткен бұхара бұғысын қалпына келтіру мақсатында
халықаралық қордың көмегімен, ғалымдарымен бірлесіп, орман қорында оны
өсіретін питомник құрылысын бітірдік. Енді көбейтуге қажетті 5-6 бас бұғыны
бөлуге рұқсат беру шешілмей отыр. Тиісті жоғарғы орындар осыған өз
қолғабысын тигізсе, Сыр бойының табиғат байлығы молая түсер еді.
Өткен жылы біздің саладағы реформа барысында орман шаруашылығы
кәсіпорындарын орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік
мекемелер етіп, ал шаруашылық негізде республикалық мемлекеттік кәсіпорында
құрып, олардың міндеттерін белгілеуде сәтсіз қадамдар жасалған сияқты.
Өйткені, орман шаруашылығының білікті мамандарының барлығы мемлекеттік
мекемелерде қалды.
Ал басты мақсатқа пайдалану, санитарлық кесіктерді жүргізу, мәдени
орман өсімдікітсрін отырғызу, ағаш көшеттерін өсіру, орманның зиянкестері
мен ауруларына күрес жүргізу, өртке қарсы минералдық жолақтармен оларды
жаңалау шараларын орындау жұмыстары республикалық мемлекеттік кәсіпорынға
жүктелді. Аталған жұмыстарды тек қана сала мамандарының басшылығымен
бекітілген ережелер мен технологиялық тәртіпті сақтай отырып, сапалы әрі
нәтижелі, тиімді атқаруға болады.
Кездесіп отырған қиыншылықтарға қарамастан, басқарма қарауындағы
мекемелер мен "Оңтүстік орманы" мемлекеттік кәсіпорны, оның филиалдары
өлкеміздің байлығы — орман-тоғайды қорғап, молайта бермек.

Кеміргіштерге қарсы күрес керек

Қазақстан жерін Еуропа мен Азияға бөліп жатқан Жайық өзенінің бойы
жанына жай таптырар, ыстықта көлеңкесін, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орман ресурстарын пайдалану мәселелері туралы
Орман ресурстарын пайдалану мәселелері туралы
«ормандарға антропогенді әсер»
Орман ресурстары және мәселелері
ОРМАН РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Орман ресурстарын пайдалану мәселелері және олардың маңызы туралы
Орман ресурстарын пайдалану мәселелері және олардың маңызы
ОРМАНДАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ
Шалқар курорттық зонасының экологиялық жағдайлары
Ақмола облысының кейбір орман шаруашылықтарының экологиялық жағдайы
Пәндер