Байқоңыр космодромының көлемі 6717 шарлы шақырым



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.И.СӘТПАЕВ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Құрылыс, сәулет және экология институты

Қолданбалы экология кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Өндіріс қалдықтарын өңдеу мен қайта
пайдалануға арналған арнайы полигондар

Тексерген: Тажбеков Н.И.
Орындаған: Баймуналова А.С.
Мамандығы:
170440
Тобы: ИЗОС-03-1к

Алматы, 2007
Мазмұны

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Байқоңыр космодромының биосфераға әсері қандай?
2. Қазақстан территориясындағы әскери полигондардың биосфераға әсері.
3. Балқаштағы болашақ атом электр станциясы туралы не білеміз?
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Дүние жүзіндегі ең үлкен проблемалардың бірі – адамның тұрмыс қажетімен
байланысты пайда болатын қоқыспен өндіріс негізінде пайда болған
қалдықтардың шамадан тыс болуы бәрімізге жаңалық емес.
Көне заманда тау жыныстарынан темірді ажырату кезінде керексіз
топырақты өндірістен шығару үлкен қиындық туғызатын. Қазіргі кезде адамның
қоғамдық қызметітым шапшаң қарқынмен өрістеп келеді, міне сондықтан да
қоқыстармен қалдықтардың мөлшері де өсіп отыр. Бірақ бұрын, мәселен,
өнеркәсіп дәуірінің алдында, қалдықтардың көбі органикалық заттар болатын.
Әдетте, олар аз уақыт арасында бактериялар мен қарапайым саңырауқұлақтардың
әрекетінен ыдырап химиялық элементтерге немесе қарапайым қосылыстарға
айналатын.
Енді өнеркәсіптің кей түрлері ауаны, суды және топырақты тез арада
ыдырамайтын берік қосылыстардан тұратын заттармен қарқынды түрде ластауда.
Бұл заттардың ғұмыры тым ұзақ себебі оларға әсер ететін бактериялардың
түрлері тым аз, ал олардың көп мөлшерде жиналуы табиғи бірлестіктерге де,
адамның денсаулығына да қауіпті.
Биосферада ауыр жүк болып түсетін бұл заттардың көлемі де, сапасы да
әртүрлі. Жылына ондап, жүздеп пайда болатын сан қилы өнеркәсіп орындарында,
өнім алу процесі кезінде, мыңдаған түрлі қалдықтар пайда болады. Олардың
қасиеті мен адамға және биосфераға тигізер әсері, әрине, толық зерттеуден
өтіп үлгермейді. Халық санының өсуі мен өнеркәсіптің шапшың өркендеуіне
байланысты қалдықтардың көлемі де тез ұлғаюда.
Қазіргі уақытта биосфераның ыдырату мүмкіндігі оған түсетін қоспалардың
көлеміне сай емес. Сондықтан да мыңдаған химиялық заттар еш кедергісіз
ауаны, суды, топырақты әрі қарай уландыруда. Адам бұл мәселе жөніндегі
өзінің көзқарасын түпкілікті өзгертіп, қалдықтарды тазарту мәселесін
биосфера міндетіне жүктеуден босату керек. Әрине, қалдықтардан тазартып
және оларды қауіпсіздендіру ірі техникалық жабдықтар мен көп қаражат
жұмсауды қажет етеді.
Байқоңыр космодромының биосфераға әсері қандай?
Байқоңыр космодромы қазақ жеріндегі ең үлкен және өте күрделі
инженерлік құрылыс. Мұндай инженерлік кешенді адамзат баласы бұрын-соңды
жасаған емес. Бұл ғажап құрылыста космос корабльдерін, космос станцияларын,
зымырандарды, зымыран-тасымалдаушыларды сынау, космос кеңістігін зерттеу
үшін кең көлемде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Байқоңыр космодромындай құрылыс жер шарында жоқ. Сондықтан Байқоңыр
космодромы дүниежүзі халықтарының назарын аударып, алаңдатып отыр. Ол тек
космос корабльдері мен зымырандарды космос кеңістігіне ұшырау мақсатына
жасалған емес. Сонымен қатар, әскери қару-жарақтардың жаңа түрлерін сынау
мақсатын да көздейді. Байқоңыр космодромы әскери ғылыми-техникалық орталық
болып есептеледі.
Космодромда өнеркәсіп және шаруашылық орындары шоғырланған. Олар да
космос кнңістігін зерттеуге атсалысады. Мұнда космосқа ұшырылатын космос
корабльдерінің, зымырандардың, зымыран-тасымалдаушылардың бөлшектері
жиналып, космосқа ұшырылып отырады. Космосқа ұшқан космос корабльдерінің
ұшатын бағыты белгіленіп, ұшу жылдамдығы анықталады. Онда зымырандардың
бағытын және жылдамдығын анықтайтын электронды есептеу орталығы бар.
Космодром 1957 жылы Байқоңыр қалассында салынған. Бұл қалада қазіргі
кезде 60 мың халық тұрады. Космодромда 9 зымыран ұшыру кешені, 15 зымыран
ұшырататын қондырғылар бар. Ресейдің барлық космосқа ұшқан корабльдері мен
зымырандары осы Байқоңыр космодромынан ұшырылған. Зымырандарды отынмен
қамтамасыз ететін 3станция, космонавтардың денсаулығын бақылайтын
медициналық орталық, 1-класқа жататын екі аэродром, сұйық оттек, сұйық азот
өндіретін завод, электр жылу жүйесі, газ құбырлыэлектр станциясы, 470
шақырым теміржол, 1280 шақырым автокөлік жүретін магистрал, электр, жылу,
сумен қамтамасыз ететін жүйелері бар. Космодромның құрылысы алғашқы кезде
тым құпия болған. Салынған жүйелер мен құрылыстар объектілерді жасырын
түрде жүргізілген. Қазақ елінің жерге деген билігі жоқ болатын.
Байқоңыр космодромы Қазақстанның оңтүстік-батысында, яғни Қызылорда
облысының территориясындаорналасқан. Бұл аймақтың ауа райы өте құбылмалы
келеді. Қысы суық, жаз айлары ыстық, жауын-шашын 90-150 мм-дей аз жауады.
Сол себептен ауа райы ылғалсыз болып келеді де, құрғақшылық жиі-жиі болып
тұрады. Жер бедері жазық, тау-тастар жоқ. Тек қана құм белестері мен
көшпелі құмдар көп кездеседі. Өсімдік әлемі онща көп емес. Орман – тоғай
бұл аймақта өспейді. Өсімдіктердің систематикалық түрлері де өте аз.
Көпшілік өсімдіктер ботаника тілімен айтқанда – эфемерлер. Көктем айларында
құлпырып өсіп, жер-көкті жасыл түске бөліпқызыл-жасылды бәйшешектер атып,
ұрық береді де, жаз айлары туысымен олар тіршілігін жойып қурап қалады.
Дегенмен мал жайылатын жайылымдар бұл аймақта көп. Шөбі шүйгін, жұғымды
келеді. Малдар тез арада қоңданып кетеді. Ол жайылымдар космодром салынуына
байланысты түгелімен жойылып кеткен. Малға азық болатын шөптердің барлығы
қурап, уланып біткен.
Байқоңыр космодромының көлемі 6717 шарлы шақырым. Ол солтүстікке қарай
75 шақырым, ал батыстан шығысқа қарай 90 шақырым қашықтыққа созылып жатыр.
Байқоңыр космодромын салуға байланысты 20000 гектар жер шаруашылық
айналымынан шығып қалған. Ол жерлер не егін егуге, не бау-бақша өсіруге, не
мал жаюға жарамайды. Мұнда бұрынғы кезде малдар қысы-жазы өз аяғымен
жайылып жата беретін еді. Зымырандардың қатты дыбысы малдардың, адамдардың
зәресін алады. Сондықтан да малдар бұл жақта қайдан өссін. Шу – экологиялық
факторлардың ішіндегі ең бастысы. Адам ағзасына, малдарға айырықша әсер
етеді.
Бұл аймақта ерсілі-қарсылы соққан жел көп болады. Кейбір күндері, күшті
дауыл тұрып, жердің үстіңгі қабатындағы топырақтарды ұшіріпәкетіп, қара
боран туғызады. Осындай қара боранды күндер бір жылдың ішінде 20-25 күн
болады. Ал космодром орнағаннан кейін бұл аймақтың ауа-райы мүлдем бұзылып
кетті. Ауа-райының мөлшерден тыс өзгеруін кейбіреулер Арал теңізінің
тартылуынан деп есептейді. Өйткені космодром Арал теңізіне жақын жерге
орналасқан. Қашықтығы 70 шақырымдай жер.
Байқоңыр космодромының айналаны қоршаған ортаға ерекше әсер ететіні
кейінгі кезде ғана байқала бастады. Соңғы кезде космодром орналасқан жердің
ауа-райын, табиғи биологиялық ресурстарын жан-жақты зерттегенде, космодром
айналаны қоршаған ортаға айырықша әсер ететіні байқалады. Ол туралы
қолымызда бірнеше ғылыми деректер бар. Мысалы, Қарағанды облысының
экологиясын зерттейтін ғылым-экологтардың жүргізген жұмыстарының
қорытындыларына қарағандакосмос корабльдері, космос зымырандары космос
кеңістігіне ұшып кеткеннен кейін, жаз айларында 5-8 күн бойы күшті жел
тұрып, қара боран соғатыны байқалады. Мұндай құбылысты Жезді ауданының
жергілікті тұрғындары да растайды. Ал қыста зымырандар космосқа ұшып
кеткеннен кейін 2-3 күн бойы қарлы боран соғатыны белгілі болды. Бұл
аймақта жылына 40-50 күн бойы күшті жел тұратыны анықталды. Мұндай
құбылыстар космодром орнамай тұрған уақытта болмағанын жергілікті тұрғындар
растап отыр.
Қандай болмасын, ұшырылған космос корабльдері мен оларды космос
кеңістігіне шығарушы зымырандар айналаны қоршаған табиғи ортаға елеулі
өзгерістер енгізетіні кейінгі кезде айқындала түсті. Ол өзгерістерді
арнаулы түрде жүргізілген зерттеулер анықтап берді. Ол өзгерістер
тқмендегідей:
1. Ұшырылған космос корабльдері және басқадай космостық аппараттар
табиғи жолмен ғасырлар бойы қалыптасқан ауа режимін тқтенше түрде бұзіп
жіберетіні белгілі болды;
2. Космос корабльдерін тасымалдайтын зымырандардың пайдаланатын
отындары улы (радиоактивті) қосылыстардан тұратын болғандықтан, айналаны
қоршаған ортаның мөлшерден тыс улануына әкеп соғады;
3. Космос кеңістігіне ұшырылған зымырандар өсімдік әлеміне жануарлар
дүниесіне айырықша әсер ететінін арнаулы түрде жүргізілген ғылыми-зерттеу
жұмыстары толығымен дәлелдеді. Биосферадағытірі ағзалардың тіршілік ететін
табиғи ортасы кенет бұзылып, өзгерістер, олардың ішінде өте қауіпті
мутациялық (секірмелі) өзгеріс туатыны байқалды.
4. Жер бетінде зымырандардың жұмыстан шыққан бөлшектері құлап түсіп,
оны ластайды (ол бөлшектерде де радиоактивті қосылыстар бар). Ол жер не
егін егуге, не мал жаюға жарамай қалады.
Байқоңыр космодромынан ұшырылған космос корабльдерінің қалдықтарының
жерге түсетін аймақтары алдын ала белгіленген. Ол Жезді және Ұлытау
аудандары территорияларының 10 пайызын қамтиды. Өйткені зымырандар осы
көрсетілген аудандардың территорияларының үстін басып ұшады.
Зымырандарға жағылатын отын улы (радиоактивті) және усыз қосылыстардан
тұрады:
а) Усыз отынның негізгі компоненті – сұйық күйіндегі (радиоактивті)
оттек пен Т-1 маркалы кәресін, сонымен бірге сұйық оттек және сұйық
күйіндегі (радиоактивті) сутек болады.
ә) Өте улы зымыран отынның құрамында – улы тотықтандырғаш типіне
жататын (радиоактивті) самин және (радиоактивті) меланж болады. Сонымен
қатар, симметриялы емес радиоактивті – диметил гидразин (гептил) бар. Осы
аталған компоненттер 1-кластағы өте улы қосылыстардың қатарына жатады. Бұл
улы заттар адамзат баласының тіршілігін, өсімдік әлемін, жануарлар дүниесін
айырықша уландырады. Олар биосферадағы барлық тіршілік иелерін жойып
жіберуі де мүмкін.
1957 жылғы 1 қазан айынан 1999 жылғы 21 қаңтарға дейін, яғни 42 жыл
ішінде, Байқоңыр космодромынан 1129 зымыран 1115 басқадай космос кеңістігін
зерттейтін аппараттар ұшырылған. Осы көрсетілгендердің бәрі Қазақстан
Республикасының экономикасына айырықша үлес қосады деп кейбір орыс
зерттеушілері даурығады. Мұның бәрі, шын мәнісінде, бос сөз екенін өмірдің
өзі көрсетіп келеді.
Ұлы конструктор (зымыран жасау жөніндегі әлемге әйгілі С.П.Королевтің)
басшылығымен алғаш рет космос кеңістігіне ұшып шыққан ұшқыш-космонавт
Ю.А.Гагарин 1961 жылы көкек айының 12 күні Восток аттыкосмос кораблімен
жер шарын 87 минут ішінде айналып шықты. Оның биіктікке көтерілген мөлшері
270 шақырым еді. Бұл геостационарлық орбита болатын. Планета аралық
зымырандарды ұшыру тек қана Байқоңыр космодромында сынақтан өткізіледі.
Оның алдында 1957 жылы тамыздың 21күні космос кеңістігіне алғаш рет жер
серігі үшырылған болатын. Ол ұзақ уақыт геостационарлық орбитада ұшып жүрді
де, кейіннен ұшу үрдісін тоқтатқан соң, әуеде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Байқоңыр космодромының биосфераға әсері қандай?
Байқоңыр космодромының биосфераға әсері
Байқоңыр космодромы туралы шолу
БАЙҚОҢЫР КОМПЛЕКС ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯНДЫ ӘСЕРІ
Байқоңыр космодромы және оның Қазақстан биосферасына әсері
Байқоңыр ғарыш аймағын зерттеуде гаж технологиясын қолдану
Қоршаған ортаның радиациялық ластануы
Байқоңыр болашағы
Апатты аймақтар
“Байқоңыр өңіріндегі космодром маңайындағы радиациялық заттардың бөлінуі”
Пәндер