Семей полигоны және қоршаған орта



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
(ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
т. Рысқұлов атындағы Қазақ Мемлекеттік УНИВЕРСИТЕТІ

Курстық жұмыс
Тақырыбы: “Семей полигоны және қоршаған орта”

Орындаған:

Қабылдаған:

Алматы 2007

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3
2 Негізгі бөлім 4
2.1 Семей полигоны: қырық жылға созылған қасірет 4
2.2 Полигон және қоршаған орта 11
2.3 XXI ғасыр ядролық қарудан тазаруды талап етеді 16
Қорытынды 21
Пайдаланылған әдебиеттер 23

Кіріспе

Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі - радиациялық ластану
болып қалып отыр. Радиоактивті ластанумен күресу тек алдын алу сипатында
ғана болады. Себебі табиғи ортаның мұндай ластануын нейтралдайтын
биологиялық ыдырату әдістері де, басқа механизмдері де жоқ. Қоректік тізбек
бойынша тарала отырып (өсімдіктерден жануарларға) радиоактивті заттар азық-
түлік өнімдерімен бірге адам ағзасына түсіп, адам денсаулығына зиянды
мөлшерге дейін жиналуы мүмкін.
Қазақстан территориясында қуатты ядролық сынақтардың ең көп мөлшері
жасалды. Семей Полигонында 1949 жылдан 1989 жылға дейін 470 ядролық
жарылыс, оның 90-ы ауада, 354-і жер астында және 26-сы жер бетінде
жүргізілген.
Олар Қазақстан жерінің біраз бөлігінің радиациялық ластануына әкелді,
Шығыс Қазақстан тұрғындары Хиросима-Нагасаки мен Чернобыльдан кейінгі ең
үлкен иондаушы дозасын алған. Радиациялық әсерге байланысты туған аурулар
туралы мәліметтер 1989 жылға дейін құпия сақталып келді. Ресми емес
көздердің мәлеметеріне сүйенсек лейкемиядан қайтыс болғандар саны ондаған
мың адамды құрайды.
Қазақстан территориясында радиациялық ластану себептеріне мыналар
жатады: Семей ядролық полигонында жасалған жұмыстардың салдары,
радиоактивті материалдарды пайдаланатын атомдық өнеркәсіп орындары,
ғаламдық жауындар, халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатында жасалған
жер асты ядролық жарылыстар, табиғи радиоактивтілік, радиоактивті
қалдықтар.
Семей ядролық полигоны 1995 жылы Шығыс Қазақстан облысының орталық
бөлігіндегі жүргізілген программа, спектрографиялық суреттер жер бетіндегі
цезий – 137 активтілігі 65-100 мкмсағ. болғанын көрсетті. Кейбір жерлерде
120-500 мкмсағ. байқалған. Зайсан көлінің Оңтүстік Батыс жағалауында цезий
– 137 радиациялық фоны 120-150 мкмсағ. құраған. Стронций – 90 ең көп
мөлшері Сарыөзен жылғасы мен Мұржық тауларының етегінде Мұржық және
Дегелең аймағында байқалған.
Бұрын жүргізілген ядролық жарылыстар табиғи сулардың, тек ядролық
полигон зонасында ғана емес, оған жақын жатқан территорияларда да
қалыптасуына теріс әсер етеді.

2 Негізгі бөлім

2.1 Семей полигоны: қырық жылға созылған қасірет

Семей ядролық полигонын ашу туралы шешімді КСРО Министрлер Кеңесі
шешімімен 1947 жылғы 21 тамызда қабылдады. 1948 жылдың шілде айында
полигонға әскер бөлімдері мен құрылысшылар келе бастайды. Осы кезден бастап
Мәскеу – 400 деп аталған қала салу жұмысы аса құпия жағдайда кең ауқыммен
жүргізіледі. Тез уақытта лабораториялық-эксперименттік, өндірістік
базалардың корпустары бой көтереді. Алынған жердің, мекендердің көпшілігіне
тәжірибе жасалатын хайуанаттар әкелінеді. Алаңға әскери форма киген адам
кейпі, сонымен бірге, азық-түлік салынған жәшіктер қойылады. Мұның бәрі
ядролық жарылыстың қуатын зерттеу үшін дайындалған болатын.
1949 жылғы 29 тамыз күні Семей ядролық полигонында алғашқы жарылыс
жасалды. Бұл эксперимент үшін Кремльдің алдында Л.Берия жауап беретін
болды. Ол екі түрлі тізім дайындап қойды: біріншісі, сақшыларды орденмен
марапаттауға ұсыну туралы, ал екіншісі, сәтсіз болған жағдайда, ату туралы
еді.
Осы күннен бастап КСРО әскери-өнеркәсіп кешені Қазақстан тұрғындарына
қарсы жарияланбаған соғысты бастап кетті. Бұл ядролық қасіреттің басы еді,
ол қырық жылдан астам уақытқа созылды. Қазақстан аумағында барлық жиынтық
қуаты 50 мегатоннадан асатын 470 ядролық жарылыс жасалды.
Полигонда алғашқы он төрт жылда уран, сутегі және плутон бомбаларын
жару ашық ауада және жер үстінде жүргізілді. Осы кезеңде қауіпсіздік
шаралары қолданылмады, медициналық зерттеулер жүргізілмеді. Полигонға жақын
орналасқан тұрғындардың арасында жүрек-тамыр, онкология аурулары, лейкоз
орталық жүйке жүйесінің бұзылу оқиғалары жиі кездесті. Өлім көбейді.
Медицина қызметкерлеріне радиацияға байланысты ауырған аурулардың диагнозын
қоюға тыйым салынды. Семей қаласында сол кездегі ең жаңа жарақтармен
жабдықталған аурухана ашылды. Ол Бруцеллезге қарсы төртінші диспансер деп
аталды. Мұнда науқас адамдарды емдеген жоқ, ғылым және келешек ұрпақ үшін
қажет деген желеумен радиацияның тірі организмге тигізген әсерін зерттеді.
Кейін де бұл диспансер жұмыс істей берді, бірақ, Радиациялық медицина
және экология ғылыми зерттеу институты деп аталды.
Сондай-ақ, полигонды Семей – 21 деп те атаған. Оған қоса қаланың
Курчатов деген екінші аты да бар болатын. Отандық ғылымға орасан зор үлес
қосқан аса дарынды ғалым-физик Курчатовтың есімі қалаға 1974 жылы берілді.
Полигонның негізгі қаласы Курчатовта Қорғаныс министрлігінің,
КСРО Жалпы машина жасау министрлігінің ірі-ірі ғылыми-зерттеу орындары,
бұрғышылардың, шахта құрылысшыларының, геологтардың, монтажшылардың
өндірістік негіздері шоғырланған болатын.
Полигон аумағында КСРО Жалпы машина жасау министрлігінің
экспирименттік өз базасы болған. Ол 1972 жылдан бері зерттеу және
эксперименттік жұмыстар жүргізді. Полигон мүдделері үшін орасан зор ғылыми
және техникалық мүмкіндіктер жасалған: онда әскери-өнеркәсіп кешенінің 31
ғылыми-зертеу және конструкторлық институты, ғылым мен өндіріс саласының
осындай тағы да 29 институты қызмет еткені түрлі басылымдардан белгілі.
Солардың бірі басты “Тәжірибелік алаң”. Осы алаңда 1963 жылға дейін
ауада және жер бетінде ядролық сынақтар өткізілген. Бұл жердің радиация
балсенділігінің деңгейі өте жоғары. Сол сияқты тағы бір тәжірибелі алаң –
“Дегелең”. 1949 жылғы алғашқы ядролық жарылысқа дейін бұл жер мал жайылымы
болатын. 1984 жылы ол жерде жер асты ядролық жарылысы жасалды.
Осындай тағы бір тәжирибе алаңы “Балапан” деп аталған. Ондағы
скважиналарда, құдықтарда Невададағы сияқты жер асты жарылыстары болған.
1963 жылға дейін жыл сайын әртүрлі диапазонда иондық радиацияға ұшырамаған
Семей облысында бірде-бір аудан қалған жоқ.
Семейе көршілес Өскемен, Павлодар, Қарағанды облыстарының да кейбір
аудандары осы полигонның зардабын шекті. Семей өңірінің елі мен жерін
аяусыз улап, тіршілігін тұл еткен атом апатынан бүгінгі таңда бүкіл әлем
хабардар.
Семей полигонының кіндігі Абыралы ауданының – “Дегелең” тауы. Бұл
полигон Абай ауданынан 90 шақырым, сол ауданның ұжымшарларына 30-35
шақырым, ал фермаларға 10-20 шақырым. Сынақ орталығы Абыралы ауданының
аумағында болғанымен көршілес Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауданы да 50-
ші жылдардың ортасында жасалған орасан зор ядролық жарылыстар нәтижесінде
орны толмас қасіреі бар кеселге ұшырады. 1949 жылғы 29 тамыздан 1953 жылдың
12 тамызына дейінгі ядролық қаруды ашық сынау кезінде жақын жердегі ауылдың
тұрғындарына не әскери басшылар, не облыс басшылары ескертіп, ядролық
сынақтың зияндылығын айтып, ешқашан алдын-ала сақтандырмаған. Мұндай
әрекетті тіпті тірі адамға тәжірибе ретінде жүргізілген сынақ деуге де
болады. Өйткені, термоядролық бомбаны сынар алдында қоныс аударғандарға,
көшірілмей жақын қалған ауылдың адамдарына, аудан орталығында әдейі
қалдырылған қырық адамға да аудан, облыс, әскер басшыларының біреуі де өте
зиянды соғыс қаруын сынаймыз деп тіс жарып айтпаған. Жаңа Семей, Абыралы,
Абай, Егіндібұлақ, Қарқаралы және Семей қаласының тұрғындарына басшылар мен
әскери адамдар тек уақытша бірнеше күндік әскери жаттығу болады деп
хабарландырған. Тіпті Семейден көмекке барған дәрігерлердің өздеріне де
шындықты айтпаған.
1987 жылы қуаты 20 килотоннадан 150 килотоннаға дейін жететін он
сегіз жарылыс жасалды. 1989 жылы 12 ақпанда қуаты 90 килотонна жарылыс
болды. Бұл жолы радиоактивті газдар ағыны полигонға тікелей жақын жатқан
аудандарды айтпағанның өзінде, Семей қаласында радиация мөлшері 450
микрорентгенге жетті.
1989 жылдың 20 ақпанында СОКП Орталық Комитетіне Семей қаласы
аумағындағы ядролық полигон туралы жедел хат жіберілді. Көп кешікпей Олжас
Сүлейменовтың Семей полигонында ядролық сынақтарды тоқтату үшін “Невада-
Семей” антиядролық халықаралық қозғалысы ұйымдастырылды. Осы қозғалыстың
нақты жетістіктерінің бірі – ол өте қысқа мерзім ішінде халықтың бас
көтеруі арқасында Семей полигонындағы ядролық жарылыстың санын азайтуға
көмектесті: кейін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың 1991 жылғы 29 тамыздағы жарлығымен полигонның мәңгілік жабылуы
қазақ халқын мойнындағы қасірет қарғыбауынан айырды.
Семей полигоны Қазақстан жеріне, халқына материалдық, әлеуметтік-
экономикалық қанша зиян келтіргені әлі күнге дейін есептелген жоқ.
Семейдегі қырық жылдық ядролық сынақ қоршаған орта мен ондағы
тұрғылықты халықтың денсаулығына орны толмас зиянын тигізді. Аурулардың,
өлім-жітімнің (әсіресе, балалар, әйелдер, ересек адамдар арасында) деңгейі
бұл өлкеде басқа аймақтармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Семей аймағы
тұрғындарының денсаулығына және қоршаған орта объектілеріне ықпал ету
дәрежесі, радиациялық бөліктерге бөлінген шектер мына кестеде көрсетілген:

Аймақтарды бөлу Тұрғындарға әсер Облыс, аудан елді
ету дозасы мекендері
(микрорентген)
Төтенше радиациялық 100 Семей облысы: Абай,
ықпал ету аймағы Бесқарағай, Жаңасемей
аудандары.
Радиациялық ықпал 30-100 Бесқарағай, Жаңасемей
аудандары, Абай және
Абыралы аудандарының бір
бөлігі.
Радиациялық ықпалы 7-35 Семей, Курчатов қалалары,
жоғары аймақ Шұбыртау, Жаңа Шульба,
Бородулиха, Шар, Жарма,
Аягөз аудандары.

Радиоактивті тозаң жер қыртысын, топырақты, өсімдіктерді, су көздерін
ластады. Жер асты сулары, өсімдік жоғалуда. Сынақтар өткізілген кезеңнің
зиянды әсері адамдардың екінші және үшінші ұрпақтарына ауыр зардабын
тигізуде.
Облыстық онкологиялық диспансерден алынған мәліметтерге қарасақ,
“Семей облысы бойынша 1975 жылдан 1990 жылға дейінгі мерзімде жас
балалардың ауруға шалдығуы алты есе, ал өлімі төрт есе дерлік артқан.
Әсіресе, жаңа туған және бір жас шамасындағы сәбилер өлімі өте жоғары, 36
пайыз құрайды”.
Семей полигонының адам денсаулығына зияндылығы туралы Семей
медициналық институтының ғалымдары Н.Сағымбаев, Ғ.Ысқақовтар жасаған
тұжырымдарында ең басты факті, қатерлі ісік ауруларының Семей аймағында
басқа өңірлермен салыстырғанда 30 пайыздан асып кеткендігі, ол адам
қазасының 1,4 есе артқандығы айтылады. Соған қарамастан қырық жыл бойына
мемлекет полигонға жақын жатқан бірқатар аудан тұрғындарының әлеуметтік
жағдайын жақсартуға ешқандай қаржы бөлмей келген.
Полигон жабылып, ядролық сынақтар жасау тоқтатылғанымен жергілікті
халықтың азап шегуі одан әрі жалғасуда. Республикадағы қазіргі экономикалық
қиыншылықтарға байланысты зардап шеккен жұртшылыққа қамқорлық көрсету
мәселесі практикалық тұрғыдан шешімін таппай отыр.
Қатерлі ісіктердің қатарына ақ қан (лейкоз) ауруы да жататыны
белгілі. Осының салдарынан қан азаю ауруы, әсіресе, балалардың 65-70
пайызында кездеседі.
Семей өңіріндегі тұрғындарының қатерлі ісікпен ауырғандары мен
өлгендерінің 100 мың адамға шаққандағы көрсеткіші төмендегідей:
Ауру түрлері Ауырғандардың Өлгендердің
көрсеткіштері (мың адам)көрсеткіштері (мың адам)
1990, 1989, 1988 1990, 1989, 1988
Қатерлі ісікпен 203,9 196,4 191,4 112,8 149,8 109,8
ауырғандардың саны,
соның ішінде әртүрлі
рак ауруларымен
ауырғандар және
өлгендер
а) тыныс жүйесінің 34,9 34,8 31,8 24,1 39,7 20,4
рагі
ә) асқазан рагі 28,8 24,1 25,6 18,0 20,7 20,0
б) қылтамақ рагі 20,6 20,4 21,4 14,6 20,9 15,9

Семей полигонының ықпалы мен себеп-салдары облыс, қала тұрғындары
арасындағы көші-қон мәселесіне де қатты әсер етті. 1990 жылғы статистикалық
мәлімет бойынша (кеңестік әскер қатарынан, түрмеден келгендерді және тағы
басқаларды қоса есептегенде) 32,4 мың адам Семей облысына келген екен,
сонымен бірге, 37,8 мың адам тұрғылықты жерін ауыстырған. Басқа елге көшіп
кетушілердің басым көпшілігі тұрәылықты емес халықтан тұрады. Тек 1990 жылы
облыстан 18,9 мың адам қоныс аударса, 12,8 мың адам көшіп келді. Семей
облысынан басқа республикаларға 8,5 мың адам (оның 5,1 мыңы – орыстар, 0,6
мыңы – украиндықтар, 0,5 мыңы – қазақтар, 0,2 мыңы – татарлар, 1,3 мыңы –
немістер) көшті. Облыс аумағына шет елден және басқа облыстардан 5,3 мың
адам (оның 3,4 – орыс, 0,6 – қазақ, 0,3 – украиндықтар, 0,2 – татар, 0,3 –
неміс халқы) көшіп келген.
Көшіп-қонушылардың басым көпшілігі еңбек жасындағыларды құрайды.
Қалалық жерге келгендердің 80 пайызы еңбек жасындағылар, ауылдық жерге
көшіп келген адамдардың 75 пайызы – еңбек жасындағылар. Қаладан көшіп
кеткендердің 73 пайызы, ауылдан кеткендердің 75 пайызы еңбек жасындағылар.
Олардың ішіндегі 16-29 жастағылары қаладан кеткендердің – 59 пайызын және
ауылдан кеткендердің – 58 пайызын құрайды.
Ауылдық жердегі әлеуметтік-тұрмыстық, экономикалық жағдайдың төмен
болуы, жұмыссыздық, мектепке дейінгі балаларға арналған орындардың
жабылуына және тағыда басқа мекен-жайлардың жойылуына байланысты ауыл
адамдары талай жыл мекендеген орындарын тастап, қалаға бет алған. Әсіресе,
осындай келеңсіз жағдай жастар арасында басым.
1990 жылдардағы көші-қон дәрежесінің осыншалық, сандық сипат алуы
кейінгі жылдардағы қала экономикасының тұралап қалуына себепкер болды. Жаңа
экономикалық саясатқа енуде мұндай дағдарыстың республиканың барлық жеріне
тән екендігі белгілі, алайда оның Семей қаласындағы сипаты барынша күрделі
жағдайда екендігі өкінішті-ақ.

2.2 Полигон және қоршаған орта

Адам өзін қоршаған ортамен бірге өсіп, біте қайнап келеді, өзі де осы
табиғаттың бір бұтағы болып саналады. Біз адам - әлеуметтік ақиқат иесі
дейміз, бірақ оның биологиялық тұрғыдан табиғатын толық танымаймыз немесе
оны қайта құрсақ дейміз. Қоршаған орта: ауа, су, жер, ормандар сау болса
ғана адамдардың өзі де сау болады.
Адам – Жердегі биологиялық түрлердің ең жасы. Жер адам пайда болудан
миллиардтаған жыл бұрын жаратылған және, бәлкім, адам бір-бірімен және
табиғатпен бейбіт өмір сүруді үйренбесе, адамзат өліп кеткен жағдайда, жер
сонша уақыт тіршілік ете алады. Бірақта біз ғасырлар бойы және мыңдаған
жылдардан бері табиғатты пайдалану ұранын басшылыққа алып келеміз, яғни
табиғатқа қарама-қарсы бағытта тәрбиеленіп келдік.
Табиғатпен жарастықта өмір сүру үшін, оның заңдарын үйрену керек және
оны бұзбаған жөн, адам өркениетін қоршаған әлемге аса сақтықпен қарап
отырып, одан өз орнын табуға тиіс.
Қоршаған ортаны “қайта пішу” жөніндегі желөкпе жобаларды және ойланбай
істелген әрекеттердің зардаптарын кім білмейді? Аралдың апатты таяздауы,
Байкалдың ластануы, ұлан-ғайыр Қарақалпақстан жерінің тұз бен батпаққа
айналуы, су электр станцияларын салған кезде орасан үлкен аудандардың су
астында қалуы – бұл тек белгілі мысалдар ғана. Өзімізді қоршаған ортаны
осынша ғаламат өзгеріске душар ету, өкінішке орай, адамның жаңа табиғи-
климаттық және өндірістік жағдайға бейімделуіндегі экологиялық және
әлеуметтік мәселелерді шеше алмайды. Алайда қоршаған ортаға зорлықпен
жасалған өзгерістердің ішіндегі ең ауыры Семей аймағында болған өзгеріс. Ол
ешбір ақылға симайтын апат.
Полигонгың ондаған жылдар бойы атқарған белсенді қызметі кезінде
айналаның - топырақтың, атмосфераның, судың радиоактивті газ-тозаңдармен,
азық-түліктің радионуклидтермен ластануы туралы ауыз ашпайтын әдет берік
қалыптасқан болатын, ядролық сынақтардың қоршаған ортаға әсері туралы
болжам теріске шығарылды. Ал бұл бағытта ешбір зерттеулер мақсаткерлікпен
жүргізілген жоқ. Тек облыстағы жекелеген салалардың ведомствалық бақылауы
мен шешімдері кейбір мәліметтер берді.
Шаруашылықтардың байырғы өрістерінде жайылып жүрген және полигонға
таяу жерлерден су ішетін малдың еті мен сүтіндегі радионуклидтердің барлығы
мөлшерден ондаған есе асып түсті.
Жер астындағы дүмпулерді алайық. Жер астындағы ядролық жарылыстан
туған сейсмикалық қозғалыс күші зарядтың қуатына және сынақ алаңының
геологиялық жағдайына байланысты.
Невада полигонында жер қабаттары туфтар деп аталатын қуыстары көп
жыныстардан тұрады. Олар жарылыс толқындарының сейсмикалық энергиясын
сіңіріп алады да, жердің сілкінуі онша қатты болмайды.
Семей полигонының алаңдары гранит деп аталатын тектес жақпартастардан
тұрады. Граниттің сейсмикалық тербелістерді сіңіру қасиеті төмен. Сондықтан
мұндағы жерасты жарылыстары айтарлықтай тербелістер туғызады. Қашықтықтары
мен қуаттары бірдей жарылыстардың Невада полигонындағы сейсмикалық тербеліс
күші Семейден 3-4 есе төмен. Жер астындағы әрбір жарылыс, олардың саны аз
емес – 343 жердің қыртысын қозғалысқа түсіреді.
Ғасырлар бойы терең тыныштықта, бейне бір ұйқыда жатқан жер қабаттары
жер асты ядродлық күшті жарылыстардан қозғалысқа келіп, олардың ежелгі
(аналық) құрылыстары бұзылады.
Жер астындағы ядролық жарылыстар салдарынан тау жыныстары жарылады,
уатылады жаңа қуыстар пайда болады, ежелгі құрылымдар өзгеріске түседі,
мұның өзі ежелден келе жатқан тау шоқыларының шөгінуіне, немесе опырылып
төмен түсуіне әкеп соғады, жер қабаттарының ғасырлар бойы бекінген бейнесі
өзгереді.
Бітімі жағынан қатты тау жыныстарының құрылымы өзгереді, кейбір жер
асты жарықтары үзіледі, бітеліп қалады, екіншілері бағытын, орнын
өзгертеді, жаңа әлсіз аймақтар немесе жаңа жарықтар пайда болады. Міне,
сондықтан жер астындағы судың табиғи ағыны зақымданып, бағыты өзгеріп
кетеді немесе құрып қалады.
Полигонға іргелес аудандардың шаруашылықтарында осындай суы тартылған
құдықтар әрбір жарылыс сайын пайда болып отырады. Соңғы жылдары поселкелер
мен малды сумен қамтамасыз етіп тұрған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Семей полигоны аймағында кездесетін ұзақ өмір сүретін радионуклеотидтердің таралу заңдылықтары
Экология жəне табиғат қорғау мəселесі
Адамзат үшін ядролық сынақтың салдарлары
Қоршаған ортаның экологиясын бақылау
Қазақстан және Орта Азияға Аралдың маңызы
Қазақстандағы экологиялық проблемалар
Семей полигонының инфрақұрылымы
Қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігін жасау
Қазақстанның ядроға қарсы бастамасы
Семей ядролық полигонының экологиялық проблемалары
Пәндер