Каспий аймағыньң экологиялық жағдайы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 2
Су ресурстарының экологиялық мәселелері 2
Жердегі су қоры 4
Қазақстанның су ресурстары 5
Судың сандық мөлшерінің сарқылуы мен ластану мәселелері 8
Судың эвтрофикациясы 13
Су тапшылығы мәселесін шешу 14
Қорытынды 16
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 17

Кіріспе

Қазақстанның су артериялары шамамен 85 мың өзендерден құралған. Ең
ірі су көздеріне: Ертіс, Есіл, Іле, Сырдария, Жайық Шу, Талас,
Асса өзендері жатады. Соңғы жылдары бірқатар көлдер жүйесінің кебуі
байқалып отыр. Бұл өзендер ағысының шектен тыс реттелуі мен олардың
деңгейінің табиғи ауытқуларына байланысты болып отыр.
Курстық жұмыста Қазақстандағы су тапшылығына қатысты басты аудандар
талданып көрсетілген. Сонымен қатар ең соңғы бөлімде суды үнемдеу жайында
ұсыныстар келтіріліп, бөлімдерге бөліп келтірілген. Бұл жұмыстан әлемдегі
мәселелер мен су ресурстарының шалдығатын “ауруларымен” таныс бола
аласыздар.

Су ресурстарының экологиялық мәселелері

Су - тіршіліктің қажетті шарты, тіршілік факторы.

Жердегі барлық су біртұтас. Олар атмосферамен, литосферамен қатар жеке
қабат гидросфераға бөлінеді. Ол тіршілік ортасы ретінде ерекше қасиеттермен
сиаатталады.
Судың қасиеттері. Биосферадагы маңызы процестерге әсерін анықтайтын
судың өзіне тән қасиеттері:
Табиғат ресурсы және зат ретіндегі сарқылмайтыны. Жердегі барлық ресурстар
жойылатьш, шашырайтын болса, ал су әр түрлі күйге: сұйық, газ тәрізді және
қатты күйге өтуіне байланысты мұндай жағдайға ұшырамайды. Су мұндай
қасиетке ие болатын бірден-бір ресурс.
Суға қату кезінде көлемінің артуы және сұйыққа өтуі
кезінде көлемінің кемуі тән.
Ең жоғарғы тығыздығы +4 0С-да байқалады. Табиғи және биологиялық
процестердің маңызды қасиеттері осыған байланысты болады. Мысалы, су
қоймаларының терең қатуының болмауы.
Жылу сыйымдылығының және жылу өткізгіштігінің жоғары болуы. Тек оң ғана
емес, теріс температурада да жеңіл газ тәріздес күйге өтуте қабілеттілігі.
Теріс температурада қатты күйден (мұз, қар).
Булану мен еру кезінде жылу сіңіріледі және будан конденсациялану мен
қату кезінде жылудың бөлініп шығуы тән.
Дисперсті ортада, мысалы, ұсақ саңылаулы топырақтар немесе биологиялық
құрылымдарда байланысқан немесе таралған күйге өтуі. Мұндай жағдайда судың
қасиеттері өте күшті өзгереді (қозғалғыштығы, тығыздығы, қату не булану
температурасы, беттік керілуі және т.б.). Бұлардың табиғи және
биологиялың жүйелердегі процестердің жүруі үшін маңызы зор.
Әмбебап еріткіш. Сондықтан, табиғатта абсолютті таза су жоқ.
Судың қалған және басқа да қасиеттері биосфералық
процестерге, тірі ағзалар мен олардың мекен ету орталарына
орасан зор әсер етеді.
Су атмосфераның оттегімен толығуының (фотосинтез процесінде) бірден-
бір көзі. Ол геологиялық (үлкен) және биологиялық (кіші) зат айналымдардағы
химиялық элементтер мен қосылыстардың миграциясының шарты болып табылады.
Қазіргі түсінік бойынша тіршілік суда пайда болған. Алғашқы кезеңдерде
тірі ағзалар судан өте әлсіз бөлінген еді. Кейін ағзалар тәуелсіз су
балансына өте бастады. Ағзалардың денесіндегі судың сапалық құрамы мен
ондағы судың мөлшерін белгілі бір деңгейде ұстап тұратын құрылымдар пайда
болды.
Қазіргі күнге дейін денесіндегі судың мөлшері қоршаған ортаның
ылғалдылығына тәуелді ағзалар (балдырлар) сақталған. Бірақ, қандай топқа
жатпасын денесіндегі судың мөлшері 50% кем болмайды. Адам ағзасындагы
судың үлесі 60%-ға жуық, бірақ жекеленген мүшелер мен ұлпаларда
ол 1% - 96%-ға дейін ауытқиды.

Судың көптеген биологиялық маңызды қасиеттері нашар зерттелген. Еріген
қар суының жақсы қасиеттерін адам ерте кезден байқаған. Мұндай су
өсімдіктердің тіршілік күшін арттырады, өнімділігінің артуына әкеледі. Тау
қабаттарының ұзақ өмір сүруі еріген қар суын пайдаланумен байланыстырылады.
Оттексіз су тірі ағзалардың өліміне әкеледі. Бірақ қыздыру арқылы
белгілі бір дәрежеде оттегінен айрылған суды қысқа уақыт аралығында
пайдалану өсімдіктердің өнімділігін арттырған.
Байланысқан күйге өткен су өзінің төменгі температураларға қатынасын
өзгертеді. Ол тек -15°С— 20°С қатады. Бұл өсімдікке қыстағы судың мөлшерін
ұстап тұра отырып, үсіп кетуден сақтауға мүмкіндік береді.

Жылу сыйымдылығының жоғары болуы және булану кезіндегі биологиялық
(өсімдіктердің транспирациясы, жануарлардың терлеуі) техникалық жүйелердегі
салқындатуы агент болып табылады. Ол планетаның шектен тыс ысып кетуінен
қорғаудың кепілі, ғаламдағы термодинамикалық дағдарыстың баламасы бола
тұрып, қоршаған ортаның жергілікті жылулық ластануының негізгі агенті болып
табылады.
Табиғи экожүйелердің тіршілігіндегі судың маңызы туралы онда түзілетін
өнімнің су сыйымдылығына қарап, қорытынды жасауға болады. Ол
транспирациялық коэффициент арқылы сипатталуы мүмкін.
Бидайдың бір тоннасын алуға 2500 т су, күрішке —
4560 т, мақтаға — 10000 т, сиыр етіне 30000 т су
жұмсалады.
Су адам үшін тек биологиялық қана емес, сонымен қатар, әлеуметтік те
фактор болып табылады. Биологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін
адамға тәулігіне 2—5 литр су қажет. Алғашқы кезде адам осы мөлшермен
қанағаттанған. Шаруашылық қызметіне өтуге байланысты қажетті судың мөлшері
арта түсті. Су шаруашылығын ұйымдастырудың қажеттілігі, мысалы, суармалы
егіншілікке байланысты туады.
Мәліметтерге қарағанда ертедегі өркениеттер су шаруашылығын
ұйымдастыра алмауы, суды дұрыс пайдалана алмауы себепті жойылып кеткен.
Су барлық дерлік технологиялық процесстердің бөлінбес элементі және
шарты болып табылады. Оған пайдалану жылдамдығының жоғары болуы тән.
Мысалы, 1 т болат өндіру үшін 30 т су, спиртке 300 т, целлюлозаға — 500 т,
синтетикалық талшықтарды алуға 5000 т су қажет. Қазір дүние жүзінде орташа
шамамен алғанда тәулігіне әр адамға шаққанда 1500—2000 литр су қолданылады.
Олардың ішіне 100—150 литр су тұрмыстық-коммуналдық қажеттіліктерге
жұмсалынады.
Жылдан-жылға судың бағасы артып барады. Кларктың (АҚШ) мәліметтері
бойынша соңғы 50 жылда мұнайдың бағасы 10 есе, ал тұрмыстың қажетті суға
шамамен 100 есе, ауыз суға 1000 есе артқан. Ауыз суды шыны бөтелкелерде
сату әдеттегі көрініске айналды. Табиғи таза су маңызды ұлттық байлық
көзіне айналып отыр.
Қазірдің өзінде су халықаралық қатынастардың шиеленісу себебіне
айналып отыр. Мысалы, Колумбия өзенінің суы үшін АҚШ пен Канада арасында,
Дунай өзенінің суын пайдалану үшін бірнеше мемлекеттер арасындағы
шиеленістердің тууы белгілі.

Жердегі су қоры

Жердегі судың әлемдік қоры орасан зор. Олар 1353985 мың км2. Егер
гидросферадагы барлық суды біртекті етіп Жер бетіне жайсақ оның қалыңдығы
шамамен 2,5 км болар еді. Әлемдік мұхит шегінде орташа тереңдік 3,96 км, ал
ең терең максималды тереңдік 11022 м (Мариан шұңғымасы).
Жердегі судың басым көп бөлігі тұзды су болып табылады. Ол жалпы
қордың 97,5% үлесін құрайды, бірақ тұщы судың көлемі де өте көп. Оның
мөлшері 35 млн. км2-ге тең.

Әлемдік мұхиттың деңгейінің өзгермелі жағдайында Жердің су балансы
төмендегідей болады. Планетаға түсетін жауын-шашын буланумен теңеседі. Екі
шама да 577000 км2жылына жуық. Мұхиттың булануы жауын-шашыннан 47000
км2жылына артық. Құрылықта кері заңдылық байқалады булану жауын-шашыннан
47000 км2жылына кем. Осы су өзен ағыстарымен мұхитқа
қайтарылады.
Қазіргі кезде әлемдік су балансы мұхит жағына қарай ығысқан. Соңгысы
судың буланған мөлшерінен жыл сайын 430—550 км2 артық алады. Осының
нәтижесінде мұхит деңгейі біртіндеи көтеріліп келеді (соңғы жүз жылда 15
г,м). Қосымша ылғалдың 75% мұхиттар мұздықтардың еруі, 18,5% жер асты
қорының пайдалануы, 7% көлдердің есебіаен алады.
Құрлықтағы жауын-шашынның толық буланбауы (47000 км) жылудың
жетіспеушілігі емес, экожүйенің реттеушілік рөліне байланысты болатынын
атап өту қажет.

Қазақстанның су ресурстары

Қазақстанның су артериялары шамамен 85 мың өзендерден құралған. Ең
ірі су көздеріне: Ертіс, Есіл, Іле, Сырдария, Жайық, Шу, Талас, Асса
өзендері жатады. Соңғы жылдары бірқатар көлдер жүйесінің кебуі байқалып
отыр. Бұл өзендер ағысының шектен тыс реттелуі мен олардың
деңгейінің табиғи ауытқуларына байланысты болып отыр. Экологиялық
жағынан ең қолайсыз жағдайда Қазақстанның басты су артериясы
Ертіс өзені қалып отыр. Оның сулары жоғары дәрежеде ауыр
металдармен ластанған. Негізгі ластаушы заттар мыс, шайынды
сулармен бірге келіп түседі.
Су қоймалары мен бассейіннің су ағыстарына түсетін негізгі
ластаушыларга иондық ағыс (28 мың тоннадан астам 1994 және 1995 ж. шамамен
23 мың тоннаға жуық), азотты органикалық қосылыстар (16 мың тоннаға жуық),
фосфор қосылыстары (1994 жылы 1,3 мың тоннадан астам, 1995 жылы 800 тонна),
цинк (42,6 және 24,9 т 1995) жатады.
Табиғи суларды ластайтын негізгі химиялық элементтердің барлығы дерлік
су ортасына өнеркәсіп орындарының шайынды суларымен келіп түседі.
Каспий аймағыньң экологиялық жағдайы. Бұл ауданның экологиялық
жағдайы Каспий теңізінің деңгейінің көтерілуіне және жағалаулық теңіз
жүйесінің антропогенді әсерге ұшырауына байланысты болады. Ғалымдардың
болжамдары бойынша теңіз деңгейінің көтерілуі жағалаулық сызығының 2400-
2700 км ұзарып, су астында қалған жерлерге тағы да 1,2—2,2 млн.
га қосылуына әкелуі мүмкін.
Су астында қалу қаупі әсіресе Каспийдің Солтүстік және
Солтүстік-Шығыс жағалауындағы мұнай кен орындарына төніп отыр. Су астында
қалу қаупі төніп отырған 43 мұнай кен орындарының 32-сі Атырау, ал 11-і
Маңғыстау облысында орналасқаи.
Каспий теңізі дүние жүзіндегі бекіре тарізді балықтардың оң ірі мекен
ету ортасы болып табылады. Сондықтан Каспий мәселесі тек мемлекетаралық
қана емес, ғаламдық мәселе болып табылады. Каспийдің биологиялық алуан
түрлілігін сақтау бүкіл әлемдік қауымдастықтың жұмысы. 1995 ж. Тегеранда
Каспий маңындағы мемлекеттердің өкілдерінің кездесуі өтті. Бұл кездесудің
мақсаты Каспий аймағының экологиялық тұрақтылығы мен оның ресурстарын
пайдалануды басқару концепциясын жасау болып табылады. Бірақ кез келген
экологиялық бағдарламаның іс жүзіне асуына, оның ірі мұнай-газды аймақ
ретінде маңызының артуы күрделендіреді.
Арал теңізінің экологиялық мәселелері. 60-жылдардан бастап Арал
теңізінің ауданы кеми бастайды. Суды ауыл шаруашылық дақылдарын суару үшін
қолдану Тянь-Шань тауларымен ағып келетін табиғи су ағысын 90%-дан астам
қысқартып жіберді. Су деңгейі 12-ден 2 м-ге түсіп кетті,
тұздылығы 2 еседен астам артты. Күн сайын 200 тонна тұз бен
құм желмен 300 км ара қашықтыққа таралады. Шөлдену, топырақтың тұздануы,
өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің қолайлы климаттың өзгеруі одан әрі
жалғасуда. Халықтың денсаулығы күрт төмендеп кетті.
Арал аймағының экологиялық жағдайы экономиканың дәстүрлі бағыттарының
дамуының мүмкін болмауына әкеліп, бірқатар әлеуметтік және саяси
мәселелерді туғызады.
Қоршаған ортаны бұза отырып, кез-келген қазіргі заманғы қоғам өзінің
болашағын жояды. Болашақ ұрпақтардың дамуы үшін экологиялық тұрақтылықты
сақтап қалу қажет. Экологиялық тұрақты болашақты сақтау үшін табиғи ортаның
жағдайын бақылап, өнеркәсіптік қалдықтарды нормалау мен алдын алу,
қалдықсыз және ресурстарды тиімді пайдаланатьн технологияларды жасап, іске
қосу керек.
Аралды сақтап қалу мүмкін бе? 30 жылдың ішінде Арал теңізі 640 км3
судан айрылды, судың тұздылығы 26—27 глитрге (бұрын 11—12) жетті. Судың
деңгейі 13 метрге төмендеи, су жағалаудан жүздеген километрге шегінді.
Кеуіп қалған теңіз түбінен құмды-тұзды дауылдар көтерілуде.
Арал теңізі Орта Азияның шөлді белдеуінде орналасқан. Көлемі бойынша
Арал дүние жүзінде ішкі су қоймаларының ішінде төртінші орында болған.
Теңіз Тұран ойпатында орналасқан. Қарақұм және Қызылқұм шөлдері Аралды
оңтүстік және шығыс жагынан қоршап жатыр. Судың орташа көлемі шамамен 1000
км3. Тереңдігі 20—25 м., ең үлкен тереңдігі 67 м. Жаздағы орташа
температура 24—26 0С, қыста 7—13,5 0С. Жылдық жауын-шашын мөлшері шамамен
100 мм.
Арал теңізінің су балансы бұрын жауын-шашынмен 5,9 км3, өзен ағысымен
54,8 км3 қамтамасыз етіліп отырды. Орташа булану 60,7 км3 .
Теңіз деңгейінің маусымдық ауытқуы 25 см, ал ғасырлық 3 м-ден аспаған.
Дүние жүзінің ірі тау жүйелері бұл орасан үлкен аумақтың өзендерінің
сулылығын қамтамасыз еткен. Аралдың су балансын Орта Азияның ірі өзендері
Амудария мен Сырдария ұстап тұрған.
60-жылдардан бастап суармалы жерлердің кеңеюіне байланысты Арал
теңізіне келетін өзендердің суы күрт кеміп кеткен: 1970 жылы 35,2 км3, ал
1980 жылы 10 км3. Барлық су суармалы жерлерге жұмсалды.
Арал теңізі табиги температура реттеуші ретінде ауа райына
үнемі әсер өтіп отырады. Теңіздің қолайлы әсері 300—400 км
ара қашықтықта байқалды. Бұл Хорезм облысында мақта өсірудің ең солтүстік
белдеуін жасауға мүмкіндік берді. Күн сайын айдың орташа айлық
температурасы 1,5—2"С-га төмендесе, маусымда 2°С-га артқан. Ауа райының
қаталдыгы Арал теңізінің тартылуына байланысты одан да қаталдана береді.
Аязсыз кезеңнің 170—180 күнге қысқаруы мақта өсіруді
қиындатады {мақтаның өсуіне 200—220 күн оң температура
қажет). Бұрын өзен суының минералдығы 0,3-0,5 гл болса, қазір ол
2,5 гл жеткен. Судың сапасының нашарлауы мен оның жетіспеуі өсімдіктер
жабынына ерекше әсер етті.
Бағалы орман, қамыс, өнімді жайылымдар мен шалғындықтар жойыла
бастады. Олар сортаң жерлерге айналған. 50 көл кеуіп кеткен.
Сырдария грунт суларының деңгейі төмендеп кеткен.
Балқаш көлінің экологиялық мәселелері. Ағынсыз Балқаш көлі Қарағанды
(Жезқазған), Жамбыл, Алматы (Талдықорган) облыстарымен шектесіп жатыр. 70-
жылдарда көлдің ауданы жылдық жауын-шашын мөлшеріне байланысты 17-ден 22
мың км2 дейін ауытқып отырған. Көлдің ұзындығы 605 км, ені шығыс бөлігінде
9—19 км, ал батысында 74 км-ге дейін жетеді. Шығыс жағында Балқаш Алакөл
көлдер жүйесімен, батыс бөлігі Бетпақ дала шөлімен, ал оңтүстік және
оңтүстік-шығыс жағы Шу-Іле және Іле Алатауымен шектесіп жатыр. Сонымен
қатар, Балқаш бассейніне Жоңғар және Күнгей Алатауы, Қалықтау, Нарат, Боро-
Хоро да кіреді. Балқаштың суының көлемі 112 км, ең үлкен тереңдігі 6 м.
Көлдің батыс бөлігіне Іле өзені, шығыс бөлігіне шағын
өзендер Қаратал, Ақсу, Лепсі келіп құяды. Балқаш — жартылай
тұщы көл. Сарыесік түбегі Балқашты батыс жәно шығыс бөліктерге
бөледі. Батыс бөлігіндегі су ірі Іле өзенінің келіп құюына байланысты тұщы
болған. Ол көлге жылдың су мөлшерінің 78,2% береді. Балқаштың
шығыс бөлігіне келіп құятын шағын өзендердің барлыгы қазір
толығымен дерлік суаруға және шаруашылық қажеттіліктерге
жұмсалады. Тек көктемгі су тасқыны кезінде және мұздықтардың
еруі кезінде ғана осы судың бір бөлігі өзендермен
Балқашқа келіп түседі.
Географтар бұл жерді Балқашқа келіп құятын Іле, Шу, Ақсу, Қаратал,
Леисі, Тентек, Көксу өзендеріне байланысты Жетісу деп аталған.
1967 жылы Іле өзенінде Қапшағай ГЭС-і салынды, ал 1970
жылы ірі Қапшағай су қоймасы іске қосылды. Шілік өзенін
бөгеу нәтижесінде Бартоғай су қоймасы жасалды. Балқаш
көлінің бассейнінің өзендерінен 1965—1986 жылдар аралығында
алынатын судың мөлшері 4,8-ден 5,6 км3жылына артқан. Соңғы
онжылдықта Балқаш көлінің деңгейі екі метрден астам төмендеп, су
бетінің ауданы 4,7 мың км2 кеміген. Көлдің тұщы бөлігіндегі судың
минералдылығы артып, судың минералдылығы, өндіріс орындары мен
коммуналдық шаруашылықтың шайынды сулары, суармалы жерлердің қайтымды-
дренаж суларының келіп түсуінің артуы нәтижесінде сумен қамтамасыз
ету, адамдардың демалу жағдайлары нашарлап, аурулар саны артып отыр.
Бүкіл жағалауда шөлдену процесі басталуы көлдің жағасындағы
қамыстар жойылып бара жатыр.
Балқаштағы су деңгейінің төмендеуі нәтижесінде ондатра өсіру
кәсіпшілігі құлдырап кетті. Бағалы балықтар аулау жылына 40 мыңнан 8 мың
центнерге дейін кеміп кетті. Оң жағалауларындағы тоғайлы ормандар жойыла
бастады.
Балқаштағы экологиялық жағдай Балқаш көлін сақтап қалу ғана емес,
бүкіл Балқаш-іле аймағының келешегін ойлауды талап етеді. Экология заңдарын
білу, дала мен өндіріс тепе-теңдікті қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Кіші өзендерді қорғау мәселесі. Республикамызда 8643 тұрақты және
уақытша су ағыстары белгілі. Олардың жалпы ұзындығы 123 мың км.
Қазақстанның өзендерінің ерекшелігі олардың біртекті таралмауында. Жер
бетіндегі су қорына әсіресе, Орталық және Батыс Қазақстан кедей.
Республикамыздың бүкіл жазық территориялары сирек өзен торымен сипатталады.
Ойыл және Нұра бассейнінде ол бар болғаны км2-ге шаққанда 0,13—0,022 км.
Шөлейт және Шөлді аудандарда езендер жоқ деуге болады. Қалың өзен торы Тянь-
Шань, Жоңғар Алатауы мен Кенді Алтайдың таулы және тау етегіндегі
аудандарында түзілген. Бірақ, осы таудың сулы өзендерінің өзін суаруға
пайдалануға байланысты халық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Суды ластайтын заттар мен эфтрофикациясы
Қоршаған ортаның химиялық ластануы туралы
Ехсеl - электрондық кесте
ЖАСТАР БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА ЖАЛПЫ ШОЛУ
Каспий теңізі-әлемдегі ең ірі тұйық су қоймасы
Азияның көлдеріне физикалық – географиялық сипаттама
Каспийдің экологиялық мәселелері және оларды шешудің қазіргі жағдайы
Каспий теңізінің экологиялық жағдайы туралы
Каспий теңізіне жалпы сипаттама
Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы
Пәндер