ЖҮРЕК АУРУЛАРЫ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қаныш Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық университеті

Еңбек және тіршілік қауіпсіздік кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

Жүрек ауруының алдын-алу шаралары

Тексерген: Мед. ғыл. доктары

Тезекбаева Ж

Орындаған:

Мамандығы:

Топ:

Алматы 2004

Мазмүны

КІРІСПЕ2

1. Беймаза жүрек3

1. 1. Қан айналу жүйесі - жүрек3

1. 2 Жүрек қалай жұмыс істейді5

2. ЖҮРЕК АУРУЛАРЫ7

2. 1 Жүрек - қан тамыр аурулары7

2. 2 Жүректің ишемиялық ауруы9

3. Жүрек ауруының алдын-алу шаралары14

3. 1 Өмір бойы сақтауды қажет ететін ережелер14

3. 2 Өсімдіктермен емдеу19

3. 3 Тахикардия кезіндегі көмек20

3. 4 Валеологиялық жаттығуларды жүргізу жолдары. 20

ҚОРЫТЫНДЫ21

Қолданған әдебиеттер:22

КІРІСПЕ

Бұл курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде жүректің құрылысы, оның адам ағзасында алатын орны және жұмыс істеу принциптері қарастырылған. Екінші бөлімінде, Жүрек ауруының түрлері, оның пайда болу шарттары қарастылыған. Үшінші бөлімінде, жүрек ауруының алдын-алу шаралары. Онымен күресі жолдары және өмір бойы сақтауды қажет ететін ережелер қарастырылған.

Соңғы жылдары, әсіресе кейінгі он жыл ішінде дүниежүзінің барлық елдерінде сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы халық денсаулығының тым нашарлап кетуіне байланысты, және адамдардың тіршілік ету мерзімінің қысқаруына сәйкес - адамдардың денсаулығына көп көңіл бөліне бастады. “Денсаулық” - зор байлық дейді қазақ. Ол - адам символы.

Дүниежүзілік медицина ғылымдарының ұлы өкілдері, денсаулық адамзат баласына тартқан ең үлкен сыйы деп түсіндіреді.

1. Беймаза жүрек

1. 1. Қан айналу жүйесі - жүрек

Адам ағзасының іс әрекетін реттеуші басты жүйенің бірі - қан айналу жүйесі болып табылады. Бұл жүйе бұлшық етті “насостан” тұрады. - жүректен және көптеген қан тамырлар жүйесінен (сала, көк және қылтамырлардан, олардың бойымен қан ағымдары жылжиды) .

Қан дененің барлық мүшелері мен ұлпаларының арасында тасымал жұмысын атқарады. Оның көмегімен дененің барлық аймақтарына қоректік затар мен оттегі жеткізіліп, одан көмірқышқыл газ мен зат алмасу өнімдері және улы заттар шығарылып отырады.

Қанның құрамы

Қан сұйықтықтан (плазмадан) тұрады, оның негізгі бөлігін тірі жасушалық су құрайды: қызыл денешік (эритроциттердің), ақ денешік (лейкоциттердің) және толық емес жасушалар - қан пластиналары.

Эритроциттер ағза үшін өте қажетті, себебі олар оттегін тасымалдайды. Эритроциттерде ерекше темір мен ақ уыздың қоспалары бар, оны гемоглобин деп атайды. Гемоглобиннің басты қасиетті - оттегімен қосыла алу қасиеті және оны ұлпалар мен мүшелерге бере алу қасиеті.

Ағзада лейкоциттер де айтарлықтай маңызды роль атқарады. Олар аурумен күреседі, ағзаға түскен ауру тудыратын бактерияларды жояды және қанда арнайы заттар - антиденелерді өндіреді. Антиденелер ағза үшін өте пайдалы, себебі олар адам ағзасын кейбір зиянды ауруларға төзімді етеді.

Тромбоциттер қанды ұйытады. Ол жарақаттанған кезде өте пайдалы (кесіп кеткен жағдайда немесе қан тамыр зақымданған кезде) . Қанның ұюының нәтижесінде жарақат орнында ұйығын (тромб) қан пайда болады, ол зақымдалған қан тамыр саңылауын бекітеді де, қан ағысын тоқтатады.

Қан қозғалысы жүрек арқылы жүзеге асырылады. Ол өкпе аралықтарында, диафрагманың бұлшық ет пластьинасында орналасады.

Жүрек - біртұтас мүше, ол бұлшық ет қабырғасымен екі бөлікке оң және сол жақ бөліктерге бөлінеді, оның әрбір бөлігі жүрекшеден және қарыншадан тұрады; олардың арасында клапандар (құлақшалар) - есік қызметін атқаратын саңылау бар.

Жүрек насос секілді жұмыс жасайды. Жүректің жиырылу қызметін - систола деп атайды. Қалыпты жағдайда ересек адамның жүрегі шамамен минутына 65-80 рет жиырылады. Жасы 11-12 дегі балаларда одан жиірірек болады: минутына 75-85 рет соғады (жиырылады) .

Жүректің жиырылу жиілігін тамырдың (көбіне білектегі) соғуыны қарай анықтауға болады.

1. 2 Жүрек қалай жұмыс істейді

Әуелі жүрекшелер жиырылады. Оның әр қайсысы өзінің қарыншасына бір белгілі өлшемде қан жібереді (10-12 жастағы балаларда бұл өлшем шамамен 50 гр құрайды ) . Кейін қарыншалар жиырылады. Бұл кезде жүрекше мен қарынша аралықтарындағы құлақшалар (клапандар) жабылып қалады да, қанжы кейіг қарай өткізбей тастайды.

Оң жақ жиырылған кезде өкпе сала тамырларының қақпақшалары ашылады да қан кіші қан айналу шеңберімен өкпеге қарай жылжиды, онда ол оттегіне қанығып алып, қан өкпе көк тамыры арқылы жүрекке қайта оралады (оның сол жақ қарыншасына) .

Осыған ұқсас құбылысты біз сол жақ қарыншаның жиырылуы кезінде байқаймыз. Тек бұл кезде қан ортаға құйылады.

Қарынша жиырылған соң жүрек бұлшықеттері босаңсиды, жүректің бұндай күйін диастола деп атайды. Диастола систолаға қарағанда екі есе ұзағарақ болады, ол жүрек бұлшықеттеріне тынығып алуына мүмкіндік береді . Тыныштық кезінде аорта мен өкпе сала тамырларының қақпақшалары жабылып қанды қайтадан қарыншаға өткізбейді. Жүректің әрбір жиырылысы (систола) кезінде мықты аорта мен өзге де сала тамырқабырғалары созылып, жаңа қан порциясын қабылдап жатады. Нәтижесінде мұнда қысым көтеріледі. Босаңсу кезінде (диастолада) - керісінше, сала тамырдың қысымына түседі.

Сала тамырдың систолық (максимальды) және диастолық (минимальды) қысым деңгейі адамның жүрек қан тамыр жүйесінің қызметімен тікелей байланысты болады. Дені сау, денсаулығы мықты ересек адамдарда қалыпты қан қысымы орташа есеппен сынап бағанасымен 120/75 мм құрайды (яғни, систола кезінде 120, дистолада 75) . 11-12 жастағы балалардың қалыпты, орташа қан қысымы 100/60 болады.

Мүшелерге қан сала тамырлары арқылы келіп түседі. Сала тамырлар белгілі бір мүшелерге енген кезде, олар одан ұсағырақ бірнеше майда тамырларға тармақтала бастайды (артерияларға), олар соңында өте майда шаштан да жұқа қан тамырларға ыдырайды. Адам ағзасында бірнеше миллиардтаған қан тамырлар бар. Бірақ олардың барлығы да ылғи белсенді жұмыс жасап тұрмайды. Мысалы, адам жатқан немесе отырған жағдайда, қан тамырлардың тек қана 5 проценті ашық болады, олар қаңқа бұлшық еттерін байлап, қаптап жатқан қан тамырлар. Ал ол белсенді физикалық іс әрекетке қосылған кезде бұлшықеттердің қанмен қанығуы күшейедіде, қылтамырлар жүйісі толығымен ашылады. Қылтамырларда қан жасушаның тіршілігі үшін қажетті қоректік заттар мен оттегін береді де, олардан көмірқышқыл газ мен зат алмасудың басқа өнімдерін алып шығады. Сонан соң қан артқа жүрекке қарай жылжиды, бірақ та көк тамырлар арқылы: әуелі кіші (мұнда қан қылтамырлардан жиналады), кейін майда көк тамырлардың қосылуынан пайда болған ірі көк тамырлар арқылы қозғалады.

Ең ұлкен көк тамырлар арқылы (жоғарғы және төменгі) қан бойында көмірқышқыл газы мен зат алмасу өнімінің қалдығы бар, оң жақ жүрекшеге келіп құяды. Ол жақтан ол қайтадан өкпеге кету үшін оң жақ қарыншаға ағады. Осылайша қан ағза бойымен түгелдей айналып өтеді.

Тыныштық күйде ересек дамның жүрегі минутына 5 литр қан айдайды. Оның қызметі орталықпен бақыланып отырады, ол жүректің өзінің ішінді болады. Адам ұйқыға кеткен кезде де жұмысын тоқтатпайды, тіпті оны ағзадан сыртқа алған кезде де (мысалы егер жүрек қажетті жағдай жасамаса) жұмысын қалыпты жасай береді.

Адам физикалық күшті көп қажет ететін жұмысты істесе немесе жүйкені жұқартатын жұмысты көп жасаса, жүректің басқаруына жүйке жүйесі мен гормондар қосылады. Нәтижесінде жүрек жиылысының жиілігі артады (кейде минутына 200-ге дейін, кейде одан да жоғары болуы мүмкін), сала тамыр қысымы жоғарылайды, ал қан айналымы жылдамдылығы 3-5 есеге дейін артады.

Жүйке жүйесі де қан айналым жүйесін басқарады. қан тамырларын жуандатып немесе керісінше кішірейтіп, жүйке жүйесі сала тамыр қысымын қалыпқа келтіріп отырады, яғни жүрекке түсетін ауырлықты азайтып оны басты қауіптіліктен-жарылудан сақтайды.

2. ЖҮРЕК АУРУЛАРЫ

2. 1 Жүрек - қан тамыр аурулары

Үлкен адамдардың әңгімесінен бұрын соңды жүрек-қан тамыр аурулары: порок, гипертония, атеросклероз, инфарк, инсульт жайлы естігенбіз… Бұл аталған аурулар өзге ауруларға қарағанда өте жиі кездеседі, яғни адам өлімі жиі жүрек ауруларынан туындайтындығы анықталды (жүрек аурулары өзге аурулар ішінде бірінші орында тұр) . Бұрын-соңды жүрек-қан тамыр аурулары жасы ұлғайған адамдардың сырқаты деп есептеген. Ал соңғы кездерде ол жас адамдарда да жиі кездеседі.

Осылайша ревматизм кезінде жүрек пен қан тамыр қақпақшалары жиі зақымданады. Егер де жүректің қақпақшасы зақымдалса, дұрыс жабылмаған қақпақша саңылаулары арқылы қайтадан жүрек алды бөлігіне өтіп кетеді: егер де аорта қақпақшалары зақымдалса - қарыншаға қарай өтеді. Қақпақшалардың тұтастығының бұзылуынан қан айналымы бұзылады. Мұндай кезде жұректің қабынуы туралы айтады.

Ревматизмді тудыратын инфекция таңдай миндальдарында орналасады. Сол себептен ангинадан сақ болу керек және шынығу керек.

Жүрек жиырылу жиілігі мен сала тамыр қысымының өзгеруі (әсіресе жоғарылауы) - ол денсаулықтың бұзылғандығына дәлел бола алады. Мұндай кезде дәрігерлерге көрінбеуге болмайды. Себебі жүрек жиырылысының жиілігі тек қана жүрек ауруы кезінде ғана байқалып қоймайды, сонымен қатар басқа да өзге аурулардың белгісі болуы мүмкін (тұмау, ангина, өкпе қабынуы т. б. ) . Жалпы ағзаға физикалық күш көп түссе де тамыр, соғуы жиілейді. Бірақ та бұны кәдімгі құбылыс деп қабылдауға да болады. Себебі ағзаға көп күш түскенде оған көп оттегі және қоректік зат қажет болады, ал оған ол үшін тек қана жедел “көліктік қызмет” қажет. Ағзаға, сонымен қатар, жоғары сала тамырлық қысым қан тамырларының тегіс бұлшық еттерінің кернеуінен пайда болады. Мұндай құбылыс жасөспірім кезде жиі байқалады. Оны былайша “жасөспірімдік гипертония” деп атайды.

Егер жасөспірім дұрыс өмір салтын ұстанатын болса, ол жас өсе келе кетеді. Ал ұстанбаса қысымның жоғарылауы гипертониялық ауруға әкеп соғуы мүмкін, ол кезде мұнан да күрделі ауруға ұшырауы мүмкін, мысалы атерлсклерозға. Бұл ауру кезінде сала тамыр қабырғаларында майлы теңбілдер (холестеринді) пайда болады, ол әуелі қантамырдың саңлауларының тарылуының таралуына әкеп соғады, ал кейін ол мүлдем бітеліп қалуы мүмкін.

Егер де мұндай құбылыс жүрек қан тамырларында кездессе, жүректің бұлшық еттері жайылады да - инфаркт пайда болады. Егерде мидың қан тамырлары бітелетін болса, қан басқа құйылып кетеді (инсульт) .

Келешекте ондай ауруда аулақ болу үшін бала кезден келесі ережелерді орындау керек.

2. 2 Жүректің ишемиялық ауруы

Жүректің ишемиялық ауруына стенокардияны, миокард инфарктін және инфарктен кейінгі кардиосклерозды жатқызады. Осылардың ішінде өте жиі кездесетіні - стенокардия. Стенокардияны бұдан 200 жыл бұрын ағылшын дәрігері Геберден анықтап, жазған болатын.

Бұл кеселдің негізгі клиникалық синдромы - жүрек маңының ауыруы. Ауыру төстің артынан басталып, сол жақ қолға, иыққа, жауырынға, бұғанаға, мойынның және төменгі сол жақ бөліктеріне және сол жақ құлаққа ауысады. Кейде оң жақ бөліктерге, эпигастральды аймаққа ауысуы мүмкін.

Қысып, күйдіріп ауыртады немесе жансыздану сезімі білінеді.

Ауыру психо-эмоциональды немесе денеге түскен салмақтан туындайды, кейін ол жай тыныштық кезінде де пайда болуы мүмкін. Оның ұзақтығы бірнеше секундтан 10-15 минутқа созылады. Ауыруы тұрақты емес, көбінесе ұстама тәрізді болады. Қарқындылығына қарай науқас өзіне түскен салмақты тоқтатуы мүмкін, бірақ ұстама өткеннен кейін науқас бұрынғы әдеттегі қалпымен өмір сүре береді.

Ауруды денеге салмақ түсіруді тоқтату арқылы, ия болмаса тілдің астына нитроглицерин қойып қабылдау арқылы басуға болады. Нитроглицерин тез, яғни 2-5 минуттан кейін әсер ете бастайды.

Психо-эмоциональдық немесе физикалық салмақ әсерінен көбіне атеросклеротикалық тұрғыдан өзгерген коронарлы қан тамырлары тарылып, түйіледі. Зақымданбаған қан тамырлардың түйілуі сирек кездеседі. Екінші жағынан алғанда, денеге түскен салмақтан жүрек бұлшық етінің оттегіне қажеттілігі артады, яғни оттегіне қажеттілік пен коронарлы артериялардың оны жеткізу мүмкіндігінің арасында сәйкессіздік пайда болады.

Стенокардия тұрақты және тұрақсыз деп екіге бөлінеді. әдетте емделушілер тұрақты стенокардия ұстамасы кезінде қандай белсенділіктің туындайтынын өте нақты айта алады. Ұстамалар бір-біріне ұқсас. Олардың ұзақтығы көп емес, әдетте 10 минуттан аспайды және ұстамалардығ бәрі біртекті келеді, яғни жиілігі, қарқындылығы, ұзақтығы, ауыру сипаты, аурудың туындау тәртібі, нитроглицеринге қажеттілігі ұқсас болып келеді.

Оның негізінде - жүрек бұлшық етіне келетін қан ағысының өсу мүмкіндігін коронарлық артериялар кеңістігінің айқын тарылуы салдарынан артериялық қысымның жоғарылағанда және жүректің жиырылуы жиілеген кезде жүрек бұлшық етіне оттегі қажеттілігін қанағаттандыра алмауы жатыр.

Егер емделушіде стенокардияның аяқ астынан ол үшін әдетке айналған симптомдық кешендері пайда болса, мысалы ұстамалардың қарқындылығы немесе ұзықтығы артса, оледәір аз салмақ кезінде де немесе тыныштықтада пайда болса, бұған ауаның жетіспеушілігі қосылса, стенокардия тұрақсыз болады.

Стенокардия сипатының өзгеру себебіне жүрек бұлшық етеріндегі оттегіне қажетліктің артуы, артериялық қсымның жоғарылауы, тахиаритмияның дамуы жатады.

Тұрақты емес стенокардия тобына мына жатқызуға болады:

  • алғаш пайда болған стеноркардия;
  • бір айға дейін болмаған стенокардия, бұған стенокардия ұзақ үзілістен (айлар жылдар ) кейін жүрек бұлшық еті инфарктінен кейін және ортакоронарлық жалғастыру (шунтттау) отасынан кейін қайта пайда болған жағдайларды жатқызуға болады.
  • үдей бастайтын стенокардия: бұған физикалық салмаққа төзімділігі күшейе бастауы; аурыратын аумақтың және тарылуының ұлғаюы; ұстамалар ұзақтығының артуы; тыныштықтағы стенокрадияның пайда болуы; нитроглицеринді қолданудың немесе салмақ түсіруді тоқтатудың әсерінң нашарлауы; стеонокардиямен қабаттаса жүретін ентігу, тамыр соғу ырғағының бұзылуы, әлсіздік, үрейлену сезімі және т. б. симптомдардың пайда болуы жатады. Осы жағдайлардың бәрі 4 апта мерзімге созылады деп есептеледі, бұдан кейін олар тұрақсыз стенокардия ретінді қарастырылмайды.
  • Ерекше стенокардия (вариантты, вазаспастикалық, принцметалдық) көбіне жас адамдарда байқалады.

Осы стенокардияның негізінде көбіне “таза” интактылық вазоспазм, яғни коронарлық тамырлардың зақымданбаған атеросклерозы жатыр. “Тұрақты емес стенокардияның” барлық варианттарының ішінде бірнеше сағат және күні бойы тез күшейе түсетін стенокардия өте-мөте қауіпті.

  • стенокардия және жүрек бұлшықеті инфарктісі мен стенокардия арасындағы аралық ауыр ұстамалардың пайда болуы.

“Тұрақты емес стенокардияға” шалдыққан науқасты арнайы ауруханаға шұғыл жатқызу қажет.

Жүректің ишемиялық ауруларын емдеудің қазіргі тәсілдеріне мынадай шаралардың бүтіндей кешені жатады:

  • ем-дәрулік тамақ:

- денедегі артық салмақты азайту;

  • шылым шегуден және спирттік ішімдіктерден бас тарту;
  • антиангиеальды дәрілер, антиагренаттар, антиоксиданттар, липидтік құрамды түзету, психофармакологиялық әсер етулер сияқты дәрі-дәрмектік терапиялар.

Ангинозды ұстама пайда болған кезде науқас денедегі салмақты бірден тоқтатуы тиіс, егер бұл жүрген кезде пайда болса, жүруді тоқтату керек.

Ангинозды ұстаманы оқшаулау тіл астына немесе ингаляция түрінде тағайындалатын нитраттардың тез әсер ететін түрлерінің көмегімен жүзеге асырылады.

Сублингвальды қабылдау үшін 0. 5-1. 0 нитроглицерин немесе изосорбит динитрат қолданылады. Егер алғашқы мөлшердің антиангинальдық әсері жеткіліксіз болса, препаратты әрбір 4-5 минут сайын қабылдайды.

Нитраттардың аэрозольдық түрі жақсы, оқшаулағыш әсер береді.

Изокет-аэрозоль-ерітінді ауыз қуысына шашыратылады, әсері тіл астына салынатын түймедаққа қарағанда тез болады.

Ұстаманы басу үшін 30 секунд аралықпен 1-3 ингаляция жасайды. Еегр 5 минут ішінде әсері білінбесе, ингляцияны қайталау керек.

Нитроглицериннен изокет аэрозольдың ерекшелігі оның әсері ұзақ уақытқа созылады.

Нитраттарды қабылдағаннан кейін 20 минут ішінде басыла қоймайтын ангиоздық ауыруларға көктамыр ішіне енігзуге арналған наркотикалық анальгетиктерді қолданады. Бұрын нитроглицерин қабылдап көрмеген науқастарда, әсіресе жас адамдарда препаратқа жоғары сезімтелдық жиі кездесетінін ескеру керек. Мұны қателесіп нитраттың жақпағаны деп түсіну мүмкін.

Нитроглицеринге жоғары сезімталдық юастың ауыруы түрінде білінеді, кейде нитроглицериннің церебральдық көктамырларға шамадан тыс кіруінен шыдатпайтындай қатты ауыру байқалады. Бастың қатты ауыруын азайту үшін қолданылатын бірнеше тәсілдер бар. Біріншіден, тілдің астына бүтін түймедақты емес, оның жартысын салады. Екіншіден, нитроглицеринді валиолмен бірге берсе организмге жағымдылығы біртіндеп жақсара бастайды.

Егер ұстеме пайда болған сәтте тез әсер ететін нитроглицериннің жоғарыда көрсетілген түрлері жоқ болса, онда оның ұзақ әсер ететін түрлерін (сустак, нитрат, нитросорбид және т. б. ) сублингвальды түрде қолдануға болады, ал әсер етуін тездету үшін оларды шайнап ішеді. Антиангинальдық әсер ету пайда болғаннан кейін мөлшердің шамадан асып кетуіне және артериялық қысымның түсіп кетуіне жол бермеу үшін оларды жұтып ішу арқылы қабылдайды.

Стенокардиямен ауыратын науқастарды емдеу амбулаториялық-емханалық жағдайда жүргізіледі, бірақ қажет болған жағдайда ауруханаға жатқызылады.

Ұзаққа созылған және ауыр ұстамалардан кейін коронарлы қанмен қамтамасыз етудің күйін, ұстаманың зардаптарын, бұдан әрі қандай ем жүргізу керектігін анықтау үшін және мұндай кезде мүмкін болатын асқынуларға, соның ішінде жүрек бұлшық етінің инфарктіге жол бермеу үшін, міндетті түрде элекрокардиограммалық зерттеу жүргізіледі.

3. Жүрек ауруының алдын-алу шаралары

3. 1 Өмір бойы сақтауды қажет ететін ережелер

Келешекте жоғарыда көрсетілген аурулардан аулақ болу үшін бала кезден келесі ережелерді орындау керек.

  1. Ашушаң болмау, себебі ол қан тамырлардың бітелуінің бірден бір жолы, сонымен қатар ол сала тамыр қысымын арттырады, яғни жүрек бұлшықеті мен өзге ағзалардың қан айналымын нашарлатады.
  2. Шамадан тыс физикалық үшпен айналыспау (бар күшін салып жүгірмеу, тым ауыр зат көтермеу) . Ағзаға көп күш түскенде жүректің жиырылу жиілігі минутына 200-ден асады. Бұл жүрек бұлшықетінің шаршауына және оның жиырылуы мүмкіндігінің төмендеуіне әкеп соғады.
  3. Көбірек қозғалу керек. Егер де адам аз қозғалып көп тамақ ішсе жүрек бұлшықеті әлсіреуі мүмкін . жүрекке қалыпты, ағзаға шмадан тыс көп күш түсірмейтін шынығулар пайдалы, тамыр соғысы 130-дан аспауы керек.
  4. Жұмсақ төсекке ұйықтамау, себебі ол қан ағымын тежейді және алмасу процесі баяулайды - атеросклероз ауруы туындауы мүмкін, яғни қан тамырлар қабрғасы жуандап, саңылауы таралуы мүмкін.
  5. Ешқашан шылым шекпеу, спирттік ішімдік ішпеу. Алкоголь жүрек соғысын жиілетіп, жүректі әлсіретеді; нәтижесінде жүрек бұлшықетіндегі қан айналым бұзылады. Шылым шегу кезінде қан тамыр тарылады, яғни атеросклероз ауоуының туындауына толық мүмкіндік болады.
  6. Дұрыс тамақтану керек. Көп майлы тағамдар жеуге болмайды (сары май, майлы шұжық, май т. б. ) және құрамында холестериндері көп тағамдар да жеуге болмайды (жұмыртқа, бекіре балығының уылдырығы, бөтеге т. б. ) . тәтті тағам жеуден де бас тартқан жөн, оның орнына көбірек көкеніс, жеміс-жидек жеген дұрыс, олар А, С, Е дәрумендеріне және минералды заттарға бай болады (кальцийге, магнийге, мыс пен темірге, йодқа) . Ол қан тамырлар жұмысын жақсартады және оның қабырғасына зиянды заттар жиналмайды.

Күн ысыған соң көптеген адамдардың жүрегі минутына 60-70 реттің орнына 80 рет соға бастайды. Бұндай ахуалды дәрігерлер “тахикардия ” (грекше жылдам жүрек деп атайды) .

Маусымдық тахикардия тек орта белде мен солтүстіктің тұрғындарында болады. Оңтүстікте және экваторлық ендікте тұратындар үшін бұндай қауіп жоқ: тропик жағдайында ұзақ қысқа суықтардан ыстық жазға ауысуға байланысты ағзада сілкіністер болмайды. Сіз бен біз болсақ тахикардиядан жазда ғана емес, жылдың кез-келген мезгілінде ыстық аймақтарға демалысқа барада сақтануға тиіспіз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тыныс алу жүйесінің аурулары
Қанайналым жүйесі ауруларының қауіп факторларының маңыздылығы
Қан айналымы
Жұқпалы емес аурулар
Жүрек қабының қабынуы
Жүрек қан-тамыр жүйесі аурулары
Қан тамырлар жүйесінің аурулары
Жүрек қан тамырлар жүйесінің аурулары
Жүрек қан тамырлар жүйесі
Жүрек қантамыр жүйесін тексеру әдістері туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz