Өндіріс нысандары мен өндіріс құралдарын жобалау, салу және пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі мен қорғау бойынша қойылатын талаптар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

І
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 3
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі
мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін міндеттісақтандыру туралы Қазақстан Республикасының
Заңы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
ІІІ
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .

КІРІСПЕ
2005 жылғы 1 шілдеден бастап Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін
атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс
берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы
Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізіледі.
Жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті
сақтандырудың негізгі мақсаты, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру арқылы
еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезінде өмірі мен денсаулығына зиян
келтірген қызметкердің мүліктік мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып
табы
Бұл Заңды қабылдау Қазақстан Республикасының халықты әлеуметік қорғау
тұжырымдамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасында әлеуметтік
реформаларды одан әрі тереңдетудің 2005-2007 жылдарға арналған
бағдарламасында көзделген халықты әлеуметтік қорғаудың үш деңгейлі жүйесін
құру қажеттілігіне байланысты.лады.

2005 жылғы 1 шілдеден бастап Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін
атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс
берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы
Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізіледі
Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі
мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының Заңы
үшінші деңгейді енгізуді көздейді және әлеуметтік қатерлер басталған кезде
заңды сектор қызметкерлерін қосымша қорғау жүйесін құруға бағытталған.
Заң орындалу үшін 2005 жылғы 1 шілдеден бастап барлық жұмыс берушілер
(мемлекеттік мекемелерді қоспағанда) осы Заң қолданысқа енгізілген сәттен
бастап 30 жұмыс күн ішінде міндетті сақтандырудың осы түрі (сыныбы) бойынша
қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымымен жұмыс
берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын
жасасу қажет. Семинар: Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін
атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс
берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру
Үстіміздегі жылғы 24 маусымда, Алматы қаласы, Достық қонақ үйінің Алтын
Арна конференц-залы (Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 36, (Қонаев
көшесінің бұрышы)). Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде
оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-
құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасы
Заңының негізгі ережелерін түсіндіру, сондай-ақ халықтың ақпараттануын
арттыру мақсатында Алматы қаласында семинар өткізіледі. Семинардың жұмысына
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің,
Қазақстан финансистері қауымдастығының, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы
мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің,
сақтандыру ұйымдарының, жұмыс берушілердің мен бұқаралық ақпарат
құралдарының өкілдері қатысады.
Өндірісте орын алған қайғылы оқиға кезіндегі жұмыс берушінің міндеттері

 
login
password

Еңбек кодексіне сәйкес, өндірістегі қайғылы оқиға дегеніміз –
нәтижесінде жарақат, соққы алып, денсаулығына күрт өзгеріс әкелген, еңбекке
жарамдылығын азайтқан, немесе кәсіби ауруы мен өлімге әкелген, еңбектегі
қызметтік міндеттерін орындаудағы өндірістік қауіп пен зиянның жұмысшыға
әсер етуі.
 Өндірісте орын алған қайғылы оқиға кезіндегі жұмыс берушінің міндеті
төмендегідей: 
• денсаулық сақтау ұйымына жеткізу қажет болған жағдайда зардап шегушіге
алғашқы медициналық жәрдем көсетуді ұйымдастыру;
• қайғылы жағдай тудырған апатты жағдай мен факторлар әсерінің алдын алу
шараларын қабылдау;
• егер жағдай адам денсаулығы мен өміріне ешқандай қауіп төнбесе, ал
өндіріс процесін тоқтатпау апатқа әкеп соқпаса, қайғылы оқиға болған
орынды сол қалпында зерттеу басталғанға дейін сақтау (жабдықтар,
құрылғылар, механизмдердің жағдайы), сонымен қатар қайғылы оқиға орнын
суретке түсіру;
• зардап шегушінің жақындарына қайғылы оқиға туралы хабарлау және
Кодекспен, басқа да нормативтік құқықтық актілермен анықталған
мемлекеттік органдар мен ұйымдарға хабарлама жіберу;
• бөлімге сәйкес өндірістегі қайғылы оқиғаны зерттеуді және оларды
есепке алуды қамтамасыз ету;
• өндірістегі қайғылы оқиғаны зерттеу үшін оқиға болған орынға арнайы
зерттеу жөніндегі комиссия мүшелерін жіберу;
• өндірісте болған қайғылы оқиға мен кәсіби ауруды тіркеу, есепке алу
және сараптауды жүзеге асыру. 
Жұмыс беруші өндірісте болған қайғылы оқиға туралы, жедел, еңбек
жөніндегі мемлекеттік өкілетті органмен бекітілген форма бойынша
хабарлайды: 
• еңбек жөніндегі мемлекеттік өкілеттік органның мемлекеттік еңбек
инспекциясының аумақтық бөлімшесіне;
• қауіпті өндіріс нысандарында болған қайғылы оқиға кезінде ескерту мен
төтенше жағдайдың алдын алу жөніндегі жергілікті органдарға;
• кәсіби ауру немесе улану жағдайы туралы халықтың санитарлық-
эпидемиологиялық жағдайы саласындағы жергілікті мемлекеттік органға;
• жұмысшы өкілдеріне;
• жұмысшының өмірі мен денсаулығына зиян келгені үшін азаматтық-құқықтық
сақтандыруға келісім-шарт жасасқан сақтандыру ұйымына. 
Арнайы зерттеу туралы тарауға сәйкес жататын қайғылы оқиға болған
жағдайда жұмыс беруші төмендегілерге хабарлауы тиіс: 
• қайғылы оқиға болған жердегі құқыққорғау органына;
• өндірістік және ведомстволық бақылаудың өкілетті органдарына. 
Өндірістегі қайғылы оқиғаны зерттеу кезінде комиссияның талабы бойынша
жұмыс беруші өз қаражаты есебінен мыналарды қамтамасыз етеді: 
• техникалық септерді орындау, зертханалық зерттеулер, сынақтар және
басқа да эксперттік жұмыстар өткізу мен осы мақсаттарға маман-
эксперттерді жұмылдыру;
• оқиға болған жер мен бүлінген нысандарды суретке түсіру, жоспар,
эскиз, сызба құру;
• зерттеу жүргізуге қажетті көлік, қызметтік кеңістік, байланыс құралын,
арнайы киім, аяқ киім және жеке қорғаныс құралдарын беру;
• мыналар ұсынылуы тиіс: 
o жұмыс орны жағдайын, қауіпті және (немесе) зиянды өндріс
факторларын (жоспар, эскиз, сызба, қажет жағдайда – оқиға болған
жер суреті мен бейнематериалдары және т.б.) сипаттайтын
құжаттар;
o зардап шегушінің еңбек қауіпсіздігі мен қорғау бойынша білімін
тексерудегі инструктаждарды тіркеу және хаттама журналынан,
қайғылы оқиғаны көрген куәгерлері мен қызметтік тұлғалардан
алған сұраулар мен зардап шегушінің түсініктемелері, мамандардың
эксперттік қорытындылар көшірмелері;
o зертханалық зерттеулер мен эксперименттердің нәтижелері;
o зардап шегушінің денсаулығына келген зақымның аурлығы мен сипаты
туралы, оның өлімі туралы, ішімдік, анаша қабылдағаны немесе
улануы (уланбауы) туралы медициналық қорытынды;
o зардап шегушіге арнайы қорғаныс киімдері, аяқ киімдері мен басқа
да жеке қорғаныс құралдарының берілгенін анықтайтын құжаттардың
көшірмесі;
o мемлекеттік еңбек инспекторлары мен мемлекеттік бақылау
органдарының аумақтық органдарындағы қызметтік тұлғалардың сол
өндіріс орнында берген бұйрығының (егер қайғылы оқиға сол
органның бақылауындағы ұйымда немесе нысанда болса), сонымен
қатар еңбек қауіпсіздігі мен қорғау жөніндегі нормативтік
талаптардың бұзылуының алдын алу туралы қоғамдық еңбек
инспекторының бұйрығының көшірмесі;
o істі қарауға қатысты комиссияның қарауындағы басқа да құжаттар.

Еңбек қауіпсіздігі мен қорғауды ұйымдастыру

 
login
password

Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қауіпсіздігі дегеніміз – бұл еңбек қызметі
үдерісінде жұмысшының қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік факторларды
шектейтін кешенді шаралармен қамтамасыз ететін, жұмысшылардың қорғалған
жағдайы.
Еңбекті қорғау дегеніміз – бұл құқықтық, әлеуметтік-экономикалық,
ұйымдастырушылық-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдік-
профилактикалық, сауықтыру және юасқа да шаралар мен құралдарды қосқандағы
еңбек қызметі процесіндегі жұмысшының денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жүйесі.         
Еңбек қауіпсіздігі мен қорғау саласындағы нормативтік құқықтық
актілерді қабылдау 
• Еңбек қауіпсіздігі мен қорғау саласындағы нормативтік құқықтық
актілерді еңбек қызметі үдерісіндегі жұмысшылардың өмірі мен
денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық,
технологиялық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық, физикалық және
басқа да нормалар, ережелер, процедуралар мен критериилер бекітеді. 
• Еңбек қауіпсіздігі мен қорғау саласындағы нормативтік құқықтық
актілерді қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекіткен
тәртібімен, сәйкес мемлекеттік өкілетті органмен жүзеге асырылады. 
• Еңбек қауіпсіздігі мен қорғау бойынша нұсқаманы жасау және бекіту
еңбек жөніндегі мемлекеттік өкілетті органның бекіткен тәртібімен
жұмыс беруші арылы жүзеге асырылады.
Өндіріс нысандары мен өндіріс құралдарын жобалау, салу және пайдалану
кезінде еңбек қауіпсіздігі мен қорғау бойынша қойылатын талаптар:
• Еңбек қауіпсіздігі мен қорғау талаптарына жауап бермейтін өндіріс
ғимараттарын, жобалау, салу және жөндеу, машина, механизм, жабдықтарды
дайындауда құрастыру мен дайындау,технологияны жасау және пайдалануға
жол берілмейді. 
• Жаңа немесе жөнделген өндіріс нысандары, өндіріс құралдары немесе
басқа да өнім түрлері еңбек қауіпсіздігі мен қорғау талаптарына сай
келмесе пайдалануға берілмейді. 
• Өндірістік нысандар еңбек жөніндегі мемлекеттік өкілетті органмен
бекітілген тәртіп бойынша еңбек жағдайына байланысты міндетті мерзімді
аттестациядан өтуі тиіс. 
• Өндіріске тиісті нысанды пайдалануға қабылдау мемлекеттік еңбек
инспекторының міндетті қатысуымен қабылдау комиссиясында жасалады. 
Жұмыс орындарының қауіпсіздік талаптары: 
• Жұмыс орындары орналасқан ғимараттар еңбек қауіпсіздігі мен қорғау
талаптары мен олардың қызметтік міндетіне сәйкес орналастырылуы тиіс. 

• Жұмыс құрылғылары сол жабдық түріне бекітілген қауіпсіздік нормаларына
сәйкес келуі керек, ескерту белгісі болуы қажет және жұмыс орнында
жұмысшының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қорғаныс құрылғыларымен
жабдықталған болуы тиіс. 
• Жұмысшылардың апаттан шығатын жолдары мен шығу есіктері кез келген
уақытта ашық болуы керек және ашық ауаға немесе қауіпсіз аймаққа
жеткізуі қажет. 
• Қауіпті аймақтар анық белгімен көрсетілуі қажет. Егер жұмыс орындар
жұмысшыға қауіп төндіретін, құлайтын заттар орналасқан қауіпті аймақта
болса, мұндай орындар бөгде адамдардың кіруіне кедергі келтіретіндей
шектеулермен белгіленуі тиіс. Ұйым территориясы бойынша жаяу
жүргіншілер мен технологиялық көлік құралдары қауіпсіз жағдайда болуы
тиіс. 
• Жұмысшылардың қауіпті өндіріс орындарында жұмыс істеу үшін жеке
қорғаныс құралдары болуы керек, соның ішінде биікте, жерасты
жағдайында, ашық кеңістікте, теңіз қайраңы мен ішкі су қоймаларында. 
• Жұмыс орны орналасқан жерде жұмыс уақытында температура, жасанды және
табиғи жарықтығы, сонымен қатар кеңістіктің желдеуі еңбек
қауіпсіздігіне сәйкес келуі тиіс.
Жұмысшылар қауіпті еңбекке (шаң, газ және басқа да факторлар) тек
қауіпсіз еңбек жағдайы жұмыс берушімен жасалғанда ғана кірісе алады.
Қайғылы оқиғалар мен жұмысшы денсаулығына келген басқа да зақымдарды
зерттеу және есепке алу

 
login
password

Еңбек Кодексіне сәйкес зерттеу мен есепке алуға еңбектегі қызметіне
байланысты жұмысшы денсаулығына зақым келуі, еңбекке жарамсыз болуы немесе
мерт болуы сияқты жағдайлар жатады, сонымен қатар: 
• бастауыш кәсіби, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім алу
бағдарламарын іске асырушы оқу орындарында оқитын,  өндірістік
тәжірибеден өтуші тұлғалар;
• әскери қызметті өтеуге қатысы жоқ жұмыстарды орындауға жұмылдырылған
әскери қызметкерлер;
• соттың шешімімен еңбекке жұмылдырылған тұлғалар;
• әскериленген апатты-құтқару бөлігінің жеке құрамы, әскериленген күзет,
апат салдарын жоюшы адамзат өмірі мен мүлкін құтқару бойынша құралатын
ерікті команда мүшелері, апат, табиғи апаттың салдарын жоюдың жеке
құрамы.  Өндірісте болған өндірістік зақымдар мен
қызметтік міндеттерді атқаруға байланысты жұмысшы денсаулығының
зақымдануы, немесе жұмыс берушінің қалауымен өз ықыласымен жасаған
басқа да әрекеттер зерттеуге және есепке алынуға жатады, егер мына
кезеңде жасалса: 
• жұмыс орнын, өндіріс құралдарын, жеке қорғаныс құралдарын ретке
келтіріп, дайындау кезінде жұмыс уақытының соңы немесе басталуы
алдында;
• жұмыс уақытында жұмыс орнында немесе еңбек немесе жұмыс берушінің не
ұйымның қызметкер тұлғасының тапсырмасымен басқа міндеттерді орындауға
байланысты іссапар кезеңі немесе басқа орындарда болу кезеңі;
• қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік факторлардың әсері
нәтижесінде;
• жұмыс берушінің тапсырмасы бойынша жұмыс орнынан нысандар арасында
қозғалып жүрумен байланысты қызметтегі жұмысшыны бақылау жолындағы
жұмыс уақытында;
• еңбектегі қызметін орындау кезіндегі жұмыс берушінің көлігінде;
• жұмыс берушінің жазбаша келісімі негізінде қызметтік сапарларға
пайдалану құқындағы жеке көлігінде;
• жұмыс берушінің бұйрығымен өзінің немесе ұйым территориясында, сонымен
қатар жұмыс берушінің мүлкін қорғау кезінде немесе жұмыс берушінің
ықыласы бойынша жасалынған басқа да әрекеттер кезіндегі аталған
территорияларды болу кезеңінде. 
Зерттеу нәтижесі бойынша бекітілген мына
жағдайда болған оқиғалар өндірістік жарақат және жұмысшы денсаулығына
келген басқа да зақымдар ретінде рәсімделмейді: 
• жұмысшының қызметтік міндетін жатпайтын, жұмыс берушінің талаптарына
кірмейтін, зардап шегушінің өз ықыласымен жасалған жұмыстар мен басқа
да әрекеттер, сонымен бірге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша білімді тексеру тәртібі
Қазақстан Републикасының өндірістік нысандарын аттестаттау
Еңбекті қорғау пәнінен лекция тезистері
ҚР Еңбек кодексі, Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесі
Автожолаушылар мен су көлігінде тамақтануды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету
Құрылыс компаниясының кадрлық есебін жүргізетін автоматтандырылған жүйе құру
Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің талаптары
Қауіпті өндірістік объектілердегі, өндірістік қауіпсіздік туралы
Сауда бөлмелерінің түрлері және сауда бөлмелерін қызмет көрсетуге дайындау
Мұнай өңдеу процестеріндегі қауіпсіздік ережелері
Пәндер