ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚЫЗЫЛ КІТАП
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ӨСІМДІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ БИОХИМИЯСЫ
ЭКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
ТАҚЫРЫБЫ:
ӨСІМДІКТЕР МЕН ЖАНУАРЛАРДЫ ҚОРҒАУДА
ҚЫЗЫЛ КІТАПТЫҢ МАҢЫЗЫ
ТЕКСЕРГЕН: ҚОЙБАҒАРОВА Б.Х.
ОРЫНДАҒАН: ПАЗЫЛБЕКОВА М.
БАҒАСЫ:____________
АЛМАТЫ-2007
ЖОСПАРЫ:
1. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚЫЗЫЛ КІТАП
2. ҚЫЗЫЛ КІТАПТЫҢ ӨСІМДІКТЕР МЕН ЖАНУАРЛАРДЫ ҚОРҒАУДАҒЫ МАҢЫЗЫ
3. ЕЛІМІЗДІҢ ҚЫЗЫЛ КІТАБЫ
4. ЖАНУАРЛАРДЫҢ ЖОЙЫЛУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН НЕГІЗГІ ФАКТОР – ӘУЕСҚОЙ АҢШЫЛЫҚ.
5. ҚР ҚЫЗЫЛ КІТАБЫНА ЕНГЕН ӨСІМДІКТЕР МЕН ЖАНУАРЛАР.
6. ҚОРЫТЫНДЫ
7. ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ӨСІМДІКТЕР МЕН ЖАНУАРЛАРДЫ ҚОРҒАУДА
ҚЫЗЫЛ КІТАПТЫҢ МАҢЫЗЫ
Адам баласы жануарлар мен өсімдіктер туралы мәліметтерді, ғылыми
фактілерді саралап келіп, ендігі жерде оларды қорғау қажеттігі туралы
тоқтамға келді. Кейбір өркениетте елдерде жануарларды, өсімдіктерді,
ормандарды, өзен-көлдерді қорғау туралы мемлекет деңгейінде қүұжаттар
қабылдана бастады. Орыс патшасы І Петр Мәскеу маңындағы ормандар мен оның
қойнауындағы табиғат байлықтарының бәрін патша қазынасың деп жариялап,
жарлық шығарған. Тіптен, өзен бойынан 3 километр жерге дейінгі ағаш
кескендерді қатаң жазалаған.
Мұндай көзқарастар кейіннен басқа елдерде де қолдау тауып, Еуропа,
Ресей, Қытай, Үндістан, Жапон елдері табиғат қорғауға көп көңіл бөлген.
Кейбір мемлекеттерде қорықтар, ұлттық саябақтар құрылған. Осындай
шаралардың бірі – халықаралық табиғат қорғау ұйымы еді. Ол 1948 жылы
құрылды. Ұйымның мақсаты – дүние жүзіндегі сирек немесе құрып бара жатқан
аң мен құстарды және өсімдіктердің Қызыл кітабын ұйымдастыру болатын.
Оған дейін халықаралық Қара кітаптың тізімі жасалды. Оған жер бетінен
біржола құрып кеткен аңдар мен құстар енгізілді.
Қызыл кітап – (Red Data Book), халықаралық табиғат қорғау одағының
(ХТҚО) Қызыл кітабы - халықаралық дәрежедегі құжат. Қызыл кітапқа сирек
кездесетін, жылдан-жылға азайып, не жойылып бара жатқан, сондықтан да
айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері
тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас
кезінде қолға алынды. 1902 жылы Париж қаласында алғаш рет құстарды
қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 жылы ЮНЕСКО-ның
жанынан халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық
табиғат қорғау одағының Қызыл кітабы 1966 жылы тұңғыш рет 2 том болып
шықты. Оның бірінші томында сүтқоректілердің 211 түрі, екінші томына
құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары
тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды. 1966-1971
жылдары Қызыл кітапқа тіркелетін түрлер туралы мәліметтер қайта
толықтырылып, екінші басылымы, 1972 жылы үшінші басылымы жарияланды. 1978-
1980 жылдары төртінші басылымы 5 том болып жарық көрді. Оның бірінші томы –
сүтқоректілерге арналып, оған сүтқоректілердің 226 түрі мен 79 түр тармағы,
екінші томында құстардың 181 түрі мен 77 түр тармағы, үшінші томында
қосмекенділердің 41 және бауырымен жорғалаушылардың 105 түрі, төртінші том
балықтарға арналып, балықтардың 194 түрі, ал бесінші томы жоғары сатыдағы
өсімдіктердің түрлеріне арналып, 25 мың түрі тіркелді. 1980-жылдары бұрынғы
томдар негізінде Қызыл кітапң қайта шыға бастады. 1983-жылы шыққан Қызыл
кітапта омыртқасыз жануарлар туралы мол мәлімет берілген. Жойылу қаупі
төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан
өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Соның нәтижесінде, соңғы Қызыл
кітапқа тіркелген сүтқоректілердің 97, құстардың 39, қосмекенділер мен
бауырымен жорғалаушылардың 37 түрі дүниежүзілік зоологиялық парктерде
қолдан көбейтілген. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабын
шығаруға құстарды қорғау жөніндегі халықаралық кеңес, су құстарын
зерттейтін халықаралық бюро, жануарларды қорғау жөніндегі бүкіләлемдік
федерация т.б. ұйымдар қатысады. Қызыл кітапқа табиғат қорғаудың негізгі
іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады.
Қызыл кітап туралы пікірді ағылшын табиғат зерттеушісі Питер Скотт
айтқан болатын. 1963 жылы Халықаралық Қызыл кітаптың алғашқы басылымы, одан
соң 1966-1975 жылдар аралығында 5 томы жарық көрді. 1978 жылы КСРО-ның
Қызыл кітабы шықты. Қазақ КСР-ның алғашқы Қызыл кітабының жануарларға
арналған бөлігі 1978 жылы, ал 1981 жылы өсімдіктерге арналған бөлігі жарық
көрді.
Қазақстанның Қызыл кітабы содан бері 1991 және 1996 жылдары өңделіп,
қайта басылып, көпшілікке ұсынылды.
Шыққан Қорғалатын организмдер
жылдары
БалықтарҚосмекенділеБауырымен ҚұстарСүтқоректілӨсімдікте
р жорғалаушылар ер р
1978 4 1 8 4 8 31
1981 - - - - 306 -
1991 16 3 10 58 42 -
1996 16 3 10 56 40 506
Қызыл кітапті ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым
Академиясының бірнеше ғылыми зерттеу институттарының ғалымдары ұзақ жылдар
бойы еңбек етіп, ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастырды. Қызыл
кітапқа енетін әрбір түрге ғылыми түрде сипаттама беріліп, талқыға
салынды.
Одан соң жануарлар туралы қарар қабылданып отырды. Мұндай шараларды
ұйымдастыруда бұрынғы Зоологияң қазіргі Генеқорларң институтының
қызметкерлерінің де еңбегі зор.
Қызыл кітапқа белгілі бір түрді енгізу үшін ғалымдар әр жануарлардың,
не өсімдіктің бес санатын анықтаған. Осы санатқа сәйкес келген жағдайда
ғана ол түр Қызыл кітапқа енгізілген. Ол санаттар төмендегідей:
І санат – жойылып бара жатқандар. Олар туралы соңғы 50-жылда ешқандай
деректер жоқ. Мысалы, Қызыл қасқыр, қара күзен, қабылан, Қызылқұм арқары,
құдыр т.б.
ІІ санат – саны азайып бара жатқандар (жақын арада жойылып кетуі
мүмкін). Мысалы, Балқаш алабұғасы, сары құтан, жұпар, құлан, т.б.
ІІІ санат – сирек түрлері (қазір жойылып кету қаупі жоқ, бірақ өте
сирек кездесетіндер). Мысалы, қар барысы, сілеусін, жарқанат, бұлдырық,
қара тұрпан, қара ләйлек, т.б.
ІV санат – белгісіздер (толық зерттелмеген түрлер). Мысалы, шұбар
кесіртке, қара шұбар жылан, т.б.
V санат – қалпына келгендер (қорғау жұмыстары нәтижесінде қайта
көбейген түрлер). Мысалы, кіші аққу, көк құс, т.б.
Қызыл кітапқаң енгізілген жануарларды аулауға, өсімдіктерді жоюға
тыйым салынған. Қызыл кітапң - мемлекеттік құжат. Сондықтан оған енген жан-
жануарларды оқып-үйрену, білу – баршаның міндеті болып табылады.
Қызыл кітапқаң енген аң мен құстарды, өсімдіктерді біле отырып, біз
оны зерттеуші ғалымдарға көмектесеміз. Қызыл кітапң әрбір отбасы мен
мектептің кітап сөресінде тұруға тиісті. Сол арқылы біз оларды қорғауға
үлес қосатын боламыз.
Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің
тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік
303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы
мәліметтер келтірілген. Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16
түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда
Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының
нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы
да 50 түр анықталды.
Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін
пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен
өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге
табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер
етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер
мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды. Ғылыми-
техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті
құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды.
Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына
келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай
қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау
беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер.
Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің
құруына әкеп соғады. Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші бірегей және
ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы- орны қайта толмайтын
нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы
тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты
қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде
маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.
Қазіргі кезде адам табиғатқа немқұрайлы қарап, оны қорғап, аяламайды.
Астарына шетел көліктерін мінген қалталылар тек бір күндік қызық үшін
көптеген сирек кездесетін, тіпті жойылуға бара жатқан аңдарды атып, терісін
үйінің қабырғасына іліп қояды.Қоңыр күздің келуімен басталып, бүкіл
республика көлемінде кәсіпқой да, әуесқой да көптен асыға күтіп, қызығына
бөленген аңшылық маусымы, міне, қысқа аяқ басты. Бұл оларды құмар еткен
қатал табиғаттың дүлей күшімен арпалысатын түз жануарлары үшін өте ауыр
кезең. Міне, осындай қысылтаяң шақта тағыларға қарсы күресетін тағы бір
үлкен топ — ол қолына қару ұстаған аңшы ағайындар.
Қазір сол аңшылықтың пайдасынан зияны көп болып тұрған жоқ па? Түз
жануарлары қырылып бара жатыр емес пе? Қазақтың жері қаншама кең-байтақ
дегенімізбен оны мекен еткен құлан, қабылан, жолбарыс қайда? Осыдан он-ақ
жыл бұрын сайын далада миллиондап өріп жүрген ақбөкеннің қазір саны қанша?
Ақбөкенмен қоса, Қызыл кітапқа енген қарақұйрық пен тауешкінің, арқар мен
қар барысының да құрып бітетін күні де таяу қалғаны айқын болып қалды. Олай
дейтініміз, күні кешеге дейін тек жүйрік автокөлік мінген бес қаруы бойында
жүрген, аң атуға келгенде аяушылығы жоқ аңшылар енді дала жануарларының ең
қорғансыз кезеңі – қысқы уақытта моторлы қар шаналарына мініп қыратынды
шығарғандығы. Бұл түз тағылары үшін аса қауіпті болып тұр. Өйткені, бұрын
аяғы жетпей жүрген жүйрік аңға енді оңай қуып жететін болған
аңшысымақтардың шектен тыс аңқұмарлығы олардың түбіне жетпей қояр емес.
Рас, аңшылық қастерлі ұғым. Ол қаншама жылдар бойы атам қазақтың ұлы
кәсібі болған. Олай болатын болса, біздікі не жорық?
Бұл уәжге де дау жоқ. Кезінде адам баласы өз күнкөрісін аңшылықпен
бастаған, соның арқасында неше бір зауалды кезеңдерден өзін аман сақтап,
бүгінгі күнге жеткен. Бірақ оның бәрі өтті емес пе? Қазір аңшылықсыз-ақ
шаруашылықтың өзге дамыған түрлерімен өмір сүріп келеміз ғой. Яғни,
аңшылықтың заманы өткен жоқ па? Онда неге қолымызға мылтық ұстап, аңға
шығып, Аллатағаланың жаратқан бейкүнә жануарларын қыруды тоқтатпаймыз?
Қазір кім көрінген аңшы. Ауылда да, қалада да аң аулауға құмарлық
күшейіп барады. Қазақтың қолы билікке жетсе болды, қолына қару алатын
болды, әйтпесе, кішкене дүние бітіп, шыр байлағандардың бәрі қолына қымбат-
қымбат мылтық ұстап аңшы болып шыға келетінді шығарды. Аңшы болғанда
қандай? Қорықшылардың тілімен айтқанда браконьер, қазақшалағанда қаскүнем.
Олай демей, не дерсің? Егер оларың аң атқанда құмарына бір кіріп алса
болды, еш тоқтамайды, көзіне көрінгендерін қыра береді, қыра береді.
Өйткені, байырғы аңшылардай ішім-жемге емес, бұлар ермекке атады ғой.
Ауылдағысы да сол, қаладағысы да сол. Қаладағысы аңды қорғайтын мекеме
басшыларымен әмпей-жәмпей сыбайлас болып келеді. Бәрі сол байлықтың арқасы
ғой. Ал, ауылдағысы сол қаладан келгендерге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz