Экологиялық зерттеу және төлқұжат



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе 1
Экологияны зерттеу және оның мақсаты 2
Экологиялық зерттеу және төлқұжат 5
Қоршаған ортаға тигізілетін әсерді бағалау 8
Қорытынды 11
Қолданылған әдебиеттер 12

Кіріспе

Адамзат баласы тіршілік етуінің алғашқы кезеңінен бастап өздерінің
күнделікті тіршілік өміріне керекті заттарының бәрін биосферадан
компоненттерінен: жерден, судан өсімдіктер әлемінен, жануарлар дүниесінен,
жер қойнауынан алып келгені баршаға белгілі.
Биосфера барлық материалдық игіліктердің қайнар көзі. Оның байлықтары
(жер, ауа, су, өсімдік әлемі мен жануарлар дүниесі) ежелден бері қарай
адамзат баласының барлық мұқтаждықтарын өтеп келеді. Биосфераның бар сыйы
біздің қоғамымыздың жан-жақты дамуына үлес қосады, тіршіліктің негізгі
көзі. Биосфера – тіршілік тірегі,ол адамзат және ондағы қоғаммен тығыз
байланыста (биосфера-адам-қоғам).
Экологияны зерттеу және төлқұжаттау объектілерді; (территориялар,
тсрриториялық-өндірістік жүйелер жэне шаруашылық объектілер) табиғатты
қорғауға бағытталған іс-әрекетіне құжаттарға сүйене отырып экологиялық-
экономикалык сипаттама беру болып табылалы.
Осы мақсатта кәсіпорындарға (өндірістік бірлестіктерге),
территорияларға арналған экологиялық құжаттар үлгілері мен
төлқұжаттандыруды жүргізу әдісі жасалған (Т.А. Акимова, В.В. Хаскин, 1994).

Экологияны зерттеу және оның мақсаты

Зерттеудің мақсаты: қоғамның қызығуын қалыптастырудағы Қазақстан
биосферасының (жер, су, радиоэкологиялық жағдайы, және олардың биологиялық
химиялық ролін) көрсету.
Зерттеудің мөлшері – биологиялық және химиялық микро және макрожүйелер
мен оның уақытпен кеңістікке қатысты тіршілік тәуліктік маусымдық, жылдық
ырғағы.
Экология ғылымының негізгі зерттейтін бағыттары:
1. Ағзалардың бір-бірімен қарым-қатынастары мен айналаны қоршаған ортасы.
2. Биоценоз, экожүйелердегі уақыт пен кеңістікке байланысты туындайтын
өзгерістері.
3. Табиғат ресурстары оны тиімді пайдалану және қорғауды ғылыми-теориялық
негіздері.
4. Адам-биосфера-қоғам арқасындағы гармониялық байланыстарды реттеу.
5. Биосфера шегіндегі биологиялық заңдылықтардың тұрақтылығын сақтауды
қамсыздандыру.
6. Биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтаудың әлемдік неоэкологиялық
деңгейге көтеру болып есептелінеді.
Экология ғылымдарының пайда болуын, дамуын және осы кездегі жағдайын
бірнеше кезеңге бөлуге болады.
I-кезең (1707-1924). Бұл кезең ХVI-ғасырдың басы мен XVIII-ғасырдың
аяқ кезеңін қамтиды. К.Линней(1707-1778), А.Декандоль(1806-1893),
И.И.Лепехин (1740-1802), Н.А.Северцев (1824-1885), А.Н.Бекетов (1825-1902),
Ч.Дарвин (1809-1882), В.В.Докучаев (1846-1903) т.б. биосфера компоненттерін
зерттеуден; биологтар, химиктер,систематиктер өздерінің ғылыми еңбектерінде
экологиялық сипаттардағы ғылыми-теориялық зерттеулер жүргізіп экология
ғылымдарының дамуына үлестерін қосқаны туралы қолымызда ғылыми материалдар
бар. Осы уақытта Австрия мемлекетінің әлемге әйгілі табиғат зерттеушісі-
Дарвинист Эрнест Геккель 1866 жылы “Экология” терминін алғаш өзінің екі
томдық “Организмнің жалпы морфологиясы” атты еңбегінде жан-жақты ғылыми
түсінік берді. Ол 1863 жылы дүниеге келіп, 1934 жылы қайтыс болған ірі
ғылыми тұлға еді. Ол кезде оған тең келетін ғалым-биологтар, болмағанды.
Ұлы дат ғалымы аса данышпан білгір-ботаник Е.Варминг экология туралы
көптеген еңбектер жазды.
II-кезең (1924-1980). Экология ғылымдарының жеке ғылым ретінде қалыптасу
және даму кезеңі. Бұл кезең Э.Геккель, Е.Варминг, К.Мебиус т.б.ғалым-
биологтар Н.А.Северцов, М.А.Мензбир, Б.М.Житков, Н.П.Наумов,
Н.И.Калабуков, жан-жақты экологиялық зерттеулер жүргізді. Әсіресе
Г.Ф.Морозовтың “Орман туралы ілімі”, биолог-ғалымдар оны орман-тоғайын
зерттеушілерінің атасы деп атайды.
Бұдан кейін экология ғылымы дара ғылым деңгейіне көтеріліп өзінің
зерттеу салаларын, мақсат пен міндеттерін жетілдіре түсті. Әсіресе суларда
тіршілік ететін ағзалардың экологиясы жан-жақты зерттеліне түседі. Олардың
экологиясын зерттеуге өте үлкен үлес қосқандар Л.А.Зекеевич, Г.Г.Винберг,
Г.В.Никольский, Б.Г.Иоганзен болатын.Топырақта тіршілік ететін ағзалардың
экологиясын зерттеген ғалымдарда бар.
Александр Петрович Щенников, өзінің “Өсімдіктер экологиясы” жарыққа
шықты. Н.П.Наумовтың “Жануарлар экологиясы”, тағы басқа экология
проблемаларына арналған оқулықтар мен оқу құралдары жарық көрді. Олар
студенттердің экология ғылымынан нағыз білім алатын қайнар бұлағына айналып
отыр. Бұл оқулықтар күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ.
Ал кейінгі кезде Н.Чернова мен А.Былованың “Экология”, Н.Ф.Реймерстің
“Экология” және тағы басқа экологтардың аса бағалы ғылыми еңбектермен
оқулықтары жарық көрді.
III-кезең (1980-2000). Экология ғылымдарының өрлеу кезеңі. Осы кезде
экология – бүкіл әлемдік ғылымдар мен әлеуметтік, саяси, экономикалық,
нарықтық, жағдайлар мен мәселелер зерттейтін деңгейге жетті. Осыған
байланысты, экология ғылымының қолданбалы және адам экологиясы бағыттары
дами түсті. Экология жаңа қағидаларымен бөлімдерін ерекше түрде ғылыми-
зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Мысалы, аса ірі эколог-биолог А.М.Гильяров
“Популяциялық экологияны” жазып оны 1990 жылы жарыққа шығарды. Сонымен
бірге М.Захарченконың “Экологияның қазіргі проблемалары”(1995),
Н.Реймерстің “Экология” (1999),М.Бионың “Экология”(1996), С.Тлеубергенов
“Адамның экологиясы”(1996), Ж.Жатқанбаевтың “Экология терминдерінің
түсіндірме сөздігі”(2000) және тағы басқа эколог, химик-биолог ғалымдардың
еңбектерін атауға болады.
Биологиялық-экологиялық зерттеулер бағыты. Олардың бірнеше бағыттары
бар. Олар: аутэкология, демэкология, эйдэкология, синэкология, геоэкология,
архиэкология, қолданбалы экология, әлемдік экология, адам экологиясы,
нооэкология және тағы басқалар.
Аутэкология – жеке ағзалар арасындағы қарым-қатынастарды оның табиғи
ортасымен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді.
Демэкология – бір түрге жататын ағзалар “особьтар” тобы, оның табиғи
орта мен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді.
Экология ғылымының қолданатын әдістері. Олар: негізінен екеу болуы
мүмкін – Далалық және лабораториялық (эксперименттік).
Далалық зерттеу методикасын табиғи жағдайларда ғылыми-зерттеу
жұмыстарын жүргізген кезде қолданды.
Зерттеу объектілері – особь, популяция, түр және биогеоценоз,
фитоценоз, зооценоз, микробиоценоз, экожүйелері. Кез келген популяциялар
тобына экологиялық сипаттама беру үшін өсімдіктер физиологиясы, анатомиясы,
морфологиясы, биохимиясы, систематикасы, биологиясын зерттеуге арналған
әдістерді пайдаланады. Сондықтан да эколог-биолог ғалымдар ғылыми-теориялық
негіздерін, зерттеу әдістемелерін толық біліп, ғылыми-зерттеу жұмыстарына
пайдаланудың ең білімді маманы болу тиіс.

Экологиялық зерттеу және төлқұжат

Экологиялық төлқұжат - объектілердің немесе өнеркәсіп кәсіпорындарының
нормативті-техникалық құжатының жаңа түрі.
Кәсіпорынның экологиялық төлқұжатында көрсетілетін мәліметтер:
• кәсіпорында қолданылатын технологиялар;
• пайдаланылатын ресурстардың (шикізаттың, отынның, энсргияпың)
сандық және сапалық сипаттамалары;
• шығарылатын өнімнің сандық сипаттамасы;
• қоршаған ортаға тасталатын шығарындылардың (төгінділсрдің,
қалдықтардың) сандық және сапалық сипаттамалары;
• кәсіпорында қолданылатын технологияларды шетелдік және
отандық жақсы техлологиялармен салыстырудың нәтижелері.
Экологиялық төлқұжатта берілетін мәліметтер табиғатты қорғауга
бағытталған мынадай мәселелерді шешуте арналған:
• шығарылатын зиянды заттектердің (төгінді, қалдықтар) және
өнімнің қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығына тигізетін әсерін бағалаута
және табиғатты пайдалануға төленетін төлемнің мөлшерін анықтауға;
• қоршаған ортаға тасталатын зиянды заттектерге негізделіп кәсіпорын
үшін шекті рауалы шығарынды (төгінді) нормасын белгілеуге;
• кәсіпорынның табиғатты қорғау шараларын жобалаута және
олардың тиімділігін бағалауға;
• кәсіпорынды қайта құруға арналған жобаларды сараптауға;
• кәсіпорынның қоршаған табиғи ортаны қорғауға, ұтымды
пайдалануға бағытталған заңдарды сактауын бақылауға;
• табиғи және материалдық ресурстарды, энергияны және
қосымша өнімдерді тиімді пайдалануды жолға қоюға.
Жобаланған немесе жаңаша қайта құрылатын кәсіпорын үшін қажетті жобаны
дайындаган кезде жобалаушылар ұйымы экологиялык төлқұжатты да жасайды.
Экологиялық төлқұжат өзара келісілген негізгі өндіріс көрсеткіштері, ШРШ
жобалары, табиғатты пайдалануға рұқсат етілген құжаттар, ШРТ нормалары,
газды, суды тазалайтын қондырғылар мен ғимараттар, қалдықтарды утилдеу мен
қолдануға арналған аспаптар, мемлекеттік статистика мәліметтері, ластаушы
көздің тізімі және нормативтік-техникалық құжаттар туралы мәліметтерге
негізделіп құрылады. Экологиялық төлқұжат жергілікті әкімшіліктің жанындағы
қоршаган ортаны қорғау жөніндегі басқармалармен келісіледі, сосын кәсіпорын
басшысы бекітеді. Ол екі данада толтырылады: біреуі кәсіпорында, ал
екіншісі — жергілікті әкімшілік басқармасындағы табиғат қорғау бөлімінде
сақталады.
Төлқұжат күшінің сақталу мерзімі 5 жыл. Күші жойылғаннан кейін жыл
сайын жергілікті қоршаған ортаны қорғау органдары ұзартып отырады (егер де
төлқүжатта белгіленген нормадан ШРШ, ШРТ, шектік рауалы қалдықтар аспайтын
болса).
Экологиялық төлкұжаттың бірінші бөлімінде жалпы мәліметтердің ішінде
кәсіпорынға шекаралас объектілер де көрсетілген. Төлқұжатта кәсіпорынның
карта-схемасы келтіріледі, онда атмосфераны және жер асты суларын
ластайтын көздер, су алатын нүктелер, қалдықтарды сақтайтын орындар
белгіленеді жәие санитарлық қорғау аймағының, елді мекеннің,
өнеркәсіп зоналарының, ауылшаруашылыққа арналған жерлердің, көлік
жолдарының, дем алуга бағытталған зоналардың (санаторий, демалыс үйі,
қорықтар, мәдени есксрткіштер, мұражайлар, кинотеатрлар және басқалар)
шекаралары көрсетіледі.
Төлқүжаттың "Кәсіпорынды орналастыратын аймақтың қысқаша табиғаттық-
климаттық сипаттамасы деп аталатын екінші бөлімінде метеорологиялық және
ластаушы заттектердің таралуы жағдайын анықтайтын коэффициенттср туралы
мәліметтер және сумен қамтамасыз ететін көздер мен ақаба суларды
қабылдаушылардың (аталуы, коды, орналастыру жері, минималды ортаайлық
жұмсалу көлемі және су сапасының көрсеткіштері) сипаттамалары беріледі. Бұл
мәліметтерді Қазгидрометтен және қоршаған ортаны қорғау министрлігінен
алуға болады.
"Өндірістің қысқаша сипаттамасы, өнім туралы мәліметтер" бөлімінде
бастапқы шикізаттың түрі мен мөлшері және аралық өнімдер, өндірістік
бағдарлама, шығарылатын өнімнің түрлері мен көлемі туралы және басқа да
мәліметтер келтіріледі. Әр өндіріс түріне байланысты материалдық кіріс-
шығыстың теңдестік (баланс) сызбасы жасалады.
Атмосфераны ластайтын көздер сызбасы нөмірленеді, оны ксйін өзгертуге
болмайды. Егерде жаңа ластаушы көздер пайда болса, оған бұрынғы есептілікте
пайдаланылган нөмірлерден тыс басқа нөмір беріледі. Ластаушы көз жойылған
жағдайда оның нөмірі қайта қолданылмайды. Барлык ұйымдастырылған
атмосфералық ауаны ластайтын көздер 0001 -ден 5999-ға дейін, ал
ұйымдастырылмағандар - 6001-ден 9999-га дейін нөмірленеді.
"Өнімдер түріне байланысты энергетикальқ ресурстардың шығыны"
бөлімінде газ, көмір, басқа отындар түрінің шығыны, сонымсн қатар әр
өндірістерде өнімдср түріне байланысты жұмсалатын жылу энергиясы туралы
мәліметтер келтіріледі.
"Атмосфераға тасталатын шығарындылар туралы сипаттамалар" бөлімінде
шығарындылар, ШРШ-ның жобалык иормасына сәйкестіріп газ тазалайтын және
басқа да қондырғылар туралы мәліметтер беріледі.
"Кәсіпорыңдағы суды пайдалану, суды шығару және ақаба суды тазалау
жүйелерінің сипаттамалары туралы бөлімінде суды пайдалану мен шығарудың
теңдестік схемасымен байланысты мәліметтері, сумен қамтамасыздандыратын
кездердің сипаттамасы, сонымен қатар суды қолданушылар, ақаба сулар,
тазалау ғимараттары, су айналым жүйелері туралы барлық ақпарат толығымен
қарастырылады. Осы мәліметтерге сүйене отырып, әр ластаушы заттекке ШРТ
нормативі жасалады.
Төлкұжаттың "Кәсіпорында түзілетін қалдықтардың сипаттамасы" деген
бөлімінде келтірілетін мәліметтер - істегі классификаторға сәйкес
қалдықтардың нақты аталуы, олардың қауіптілік класы және мөлшері, негізгі
химиялық элементтер (қосылыстар) және өрттік-жарылу қауіптілігі (жану
қабілетгілігі, өздігімен тұтану, жарылу), агрегаттық күйі (шлак, үнтақ
тәрізді, ірі кесекті, ұсақты, сұйық, тұтқырлы және т. с.), ерігіштігі,
ылгалдылығы. Бұл бөлімде кәсіпорын тсрриториясында немесе сырт жерде
ұйымдастырылған оларды сақтайтын (көметін) орындардағы қалдықтардың
мөлшері; есеп беріліп отырған кезде сақталған жерден алынып пайдаланылған
қалдықтар көлемі; басқа мекемелерге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологияны бақылау, зерттеу
Әлеуметтік жоспарлау және жобалау негіздері
Алматы ТЭЦ - 3
Туристік формалдылықтар
Кәсіпкерлік туристік фирма жоспары
Қонақ үй номерлері жайғастыру қызметінің негізгі элементі
Қонақ үйдің негізгі қызмет үдерістерін басқару
Қонақ үйдің қоғамдық бөлімі.
Дәннің наубайханалық қасиеттерін бағалайтын көрсеткіштер
Қонақ үйдің инженерлік-техникалық қызметі.
Пәндер