Елді мекендер жері
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 2
1 Жер құқығының қайнар көздерінің түсінігі 2
2 Жер құқығы қайнар көздерінің жүйесі 4
3 Жер бағасын айқындау 10
Қорытынды 12
Әдебиеттер: 13
Кіріспе
Жер ең негізгі табиғат байлығы. Ол барлық тіршілік көзі және өмір сүру
ортасы. Қазір адамдар өздеріне керек қоректік заттардың 88%-ін егістік
жерлерден, 10%-ін ормандар мен жайылымдардан, 2%-ін теңіз бен мұхит
суларынан алады. Жер қорын қорғау және тиімді пайдалану сондықтан да ең
негізгі, ешқашан маңызын жоймайтын өзекті мәселе.
Қазақстан жер ауданы жөнінен әлемдегі тоғызыншы мемлекет. Оның жалпы
жер ауданы 271,7 млн.га, оның ішінде ауылшаруашылық жерлері 222,3 млн.га.
жерді пайдалану бағыттрына қарап: ауыл шаруашылық жерлері, елді мекендер
орналасқан жерлер, өндіріс, қатынас, байланыс, қорғаныс, табиғат қорғау,
денсаулық сақтау, демалыс, курорттар, қорықтар, тарихи және мәдени маңызы
бар жерлер, орман қорының жерлері, мемлекеттік қордағы жерлер болып
бөлінеді.
Құрылыс, жол салу, жер қойнауын барлау, пайдалы қазбаларды өндіру,
қалдықтарды орналастыру нәтижесінде бүлінген жерлерді қалпына келтіру
(рекультивация) республикамыздың жер қорын едәуір жақсартады.
Жер қоры халқымыздың ең басты ұлттық байлығы, сондықтан оның құндылығы
ақшалай бағаланып ұлттық байлықтың құрамында есептеледі. Жер иеленуге,
пайдалануға жалға беріледі, жер несиеге кепілдік болады, жер
пайдаланушылардан салық т.б. төлемдер алынады осының барлығының шамасын
анықтау негізінде жердің құндылығы - экономикалық бағалау жатады.
1 Жер құқығының қайнар көздерінің түсінігі
Жер туралы нормативтік құқықтық актілердің түрлерін әртүрлі негіздер
бойынша бөлуге болады. Ең алдымен, жер-құқықтық актілер иерархиялық
бағыныстылығы бойынша конституциялық, жер туралы заңнамалық және заңға
сәйкес актілер деп бөлінеді.
Конституциядан өзге нормативтік құқықтық актілердің заңды күші
келесідей тәртіп бойынша анықталады:
Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдар;
Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары және Қазақстан
Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар жарлықтары;
Қазақстан Республикасының кодекстері, заңдары және Қазақстан
Республикасы Президентінің заң күші бар жарлықтары;
Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтары;
Қазақстан Республикасы Парламентінің нормативтік қаулылары;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары;
Министрлердің нормативтік бұйрықтары; мемлекеттік комитеттердің
нормативтік қаулылары, басқа да орталық органдардың нормативтік бұйрықтары,
қаулылары;
Мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік шешімдері.
Төменгі деңгейдегі кез келген нормативтік акт жоғары деңгейдегі
нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмеуі тиіс.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау
комиссиясының нормативтік қаулылары бұл иерархиядан тыс тұрады
(Нормативтік құқықтық актілер туралы заңның 4-бабы).
Әртүрлі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің нормаларында қарама-
қайшылық болған жағдайда, жоғары деңгейдегі актілердің нормалары әрекет
етеді.
Бір деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің нормаларында қарама-
қайшылық болған жағдайда, кейінірек қабылданған актілердің нормалары әрекет
етеді (Нормативтік құқықтық актілер туралы заңның 6-бабы).
Жер туралы заңнаманың нормалары конституциялық нормаларға қайшы
келмеуі тиіс. Мысалы, Жер кодексінің мемлекеттік және жеке меншік туралы
нормалары Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабының нормаларына
қайшы келмеуі тиіс, ал Қазақстан Республикасы Үкіметінің табиғи
ресурстарға, соның ішінде, жер ресурстарына меншік мәселесі жөніндегі
қаулылары Қазақстан Республикасының Жер кодексіне қайшы келмеуі тиіс.
Жер құқығы қатысушылардың жүріс-тұрысынан көрініс табатын жер
қатынастарын реттеуге бағытталғандықтан, оның нормалары осы саланың
міндеттері мен қағидаларына сәйкес басқарушы, құқық орнықтырушы,
міндеттеуші, ұсынушы, тыйым салушы және ескертуші элементтерге ие. Бұл
элементтер гипотеза, диспозиция түрінде жиі, ал санкция түрінде сирек
көрініс табады. Және ескере өтетін бір жайт, нақты бір норма оны бөлудің
негізінде әртүрлі элементті білдіруі мүмкін.
Жер қатынастарына қатысушылардың жүріс-тұрысының басқарушы ережелеріне
мемлекеттік басқару органдарының құқықтары мен міндеттері жатады.
Мысалы, мұндай ережелер Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-
қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару
туралы заңының 2-тарауында ( Мемлекеттік органдардың жер қатынастары
саласынадғы құзыреті) және сәйкес нормаларында көрініс тапқан.
Ұсынушы нормалар субъектілердің белгілі бір мәселелерді шешу үшін
бірқатар оң әрекеттерді өз қалауымен жүзеге асыру мүмкіндігін білдіреді.
Мысалы, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 51-бабының 3-тармағына
сәйкес, бөлінетін жер учаскесінің бөлігімен мәміле жасалған кезде бұл бөлік
белгіленген тәртіппен алдын-ала дербес жер учаскесі болып бөлініп
шығарылуға тиіс. Қазақстан Республикасы жер кодексінің 84-бабының 1-
тармағына сәйкес, жер учаскесі мемлекеттік қажеттіктер үшін немесе жеке
меншік иесінің не жер пайдаланушының келісімімен құны тең басқа жер
учаскесін беру арқылы алып қойылуы мүмкін.
Құқық орнықтырушы нормалар жер қатынастарының барлық қатысушыларының
құқықтары мен міндеттерін орнықтырады. Мысалға, Қазақстан Республикасы Жер
кодексінің 34-бабының 4-тармағына сәйкес, жер учаскесінің меншік иелері мен
жер пайдаланушылар жер пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Жер
кодексінде және басқа да заңшығарушы актілерінде көзделген негіздер,
жағдайлар және шекте жүзеге асырады.
Құқық орнықтырушы нормалар құқық беруші және міндеттеуші нормалармен
тығыз байланыста болады. Бұл Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 102-
бабынан айқын көрініс табады. Аталған бапқа сәйкес, өзіндік қосалқы
шаруашылыққа, бағбандыққа және саяжай құрылысына арналған жер учаскелерінің
меншік иесі болып табылатын азаматтар ортақ мүдделері үшін Қазақстан
Республикасының заң актілерінде құқықтық жағдайы белгіленетін жай
серіктестіктерге, бағбандық немесе өзге де тұтыну кооперативтеріне бірігуге
құқылы.
1995 жылғы 22-желтоқсандағы Жер туралы Жарлық және 2001 жылғы 24-
қаңтардағы Жер туралы заң өзіндік қосалқы шаруашылық иелерінің жай
серіктестіктерге бірігу құқығын қарастырмаған. Қазіргі кезде Жер кодексімен
өзіндік қосалқы шаруашылық иелерінің құқықтары біршама кеңейтілген. Бұл
оларға өзіндік қосалқы шаруашылықты бау-бақша мен саяжай құрылысының иелері
ретінде ұйымдаса отырып жүргізуге мүмкіндік берді.
Ескертуші нормалар — бұл құқықбұзушылықтарды болдырмау және жою
мақсаттарында құқықтық бұйрықтарда ресми бекітілген әсер ету шаралары.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 94-бабы осы мақсатты көздейді. Осы
бапқа сәйкес, Кодекстің 92-бабында көзделген жағдайда жер учаскесін алып
қою туралы талап-арыз меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға талап-арыз
қойылғанға дейін кемінде бір жыл бұрын учаскені мақсаты бойынша пайдалану
қажеттігі туралы жазбаша ескерту жасалғаннан кейін және осы уақыт ішінде
жер учаскесінің меншік иесі не жер пайдаланушы учаскені мақсаты бойынша
пайдалану жөнінде қажетті шаралар қолданбаған жағдайда ғана берілуі мүмкін.
Жер кодексінің 93-бабында көзделген жағдайда жер учаскесін алып қою
туралы талап-арыз Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар
туралы заңдарында көзделген жазалау шаралары қолданылғаннан, талап-арыз
беруден кемінде үш ай бұрын меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға
Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын жою қажеттігі туралы жазбаша
ескерту жасалғаннан кейін ғана және осы мерзім ішінде меншік иесі немесе
жер пайдаланушы учаскені пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы
заңдарының бұзылуын жоймаған жағдайда берілуі мүмкін.
Егер меншік иесінің немесе жер пайдаланушының Қазақстан
Республикасының заңдарын бұзуы учаскені нысаналы мақсатқа сай
пайдаланбауында болса, алып қою туралы талап-арыз бергенге дейін жер
ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган учаскенің меншік иесінің
немесе жер пайдаланушының өтініші бойынша жер учаскесінің нысаналы мақсатын
өзгерту туралы мәселені қарауға міндетті. Бұл жағдайда учаскенің нысаналы
мақсатын өзгерту туралы мәселе оң шешілмеген кезде ғана талап-арыз берілуі
мүмкін.
Жер қатынастары субъектілерінің өздеріне тиесілі құқықтарды жүзеге
асыруы табиғи ресурс ретіндегі жерге және қоршаған ортаның өзге де
объектілеріне, сондай-ақ басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне
зиян келтірмеуі тиіс (ҚР ЖК 6-б. 3-т.).
Тыйым салу заң шығарушының ойынша қауіпті, зиянды немесе қажетсіз
әрекеттерге қатысты қолданылады. Мысалы, нормативтен артық радиоактивті
ластануға ұшыраған немесе тұрғын халықтың өмірі мен денсаулығына өзге де
түрде қатер төндіретін жер учаскелері меншікке, тұрақты немесе уақытша жер
пайдалануға берілмейді (ҚР ЖК 143-б. 1-т.).
2 Жер құқығы қайнар көздерінің жүйесі
Жер құқығы қайнар көздерінің жүйесі олардың Қазақстан Республикасы
билік органдарының құқық шығарушылық құзыреттілігіне және бағыныстылығына
қатысты бөлінуін білдіреді.
Жоғарыда атап өткеніміздей, бұл жүйеде Қазақстан Республикасының
Конституциясы ерекше орынды иеленген.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, Қазақстан
Республикасында қолданылатын құқық болып Конституцияның, соған сәйкес
заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың
халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика
Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының
нормалары табылады.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады
және бірдей қорғалады. Жер құқығы үшін Конституцияның экологиялық
қатынастарды реттейтін нормаларының да маңызы зор. Оларға келесі ережелер
жатады: Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және
табиғат байлықтарын ұқыптап пайдалануға міндетті (38-бап); Мемлекет адамның
өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп
қояды. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен
жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауаптылыққа әкеп
соғады (31-бап); Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам
игілігіне де қызмет етуге тиіс. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік
иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау
кепілдіктері заңмен белгіленеді (6-бап); Әркім Қазақстан Республикасының
Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын,
бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеуге міндетті (34-бап).
Конституция бүкіл республика аумағында міндетті күшке ие заңдар,
жарлықтар және өкімдер шығара алатын мемлекеттік билік органдарының жүйесін
анықтайды. Мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті Конституцияның және
заңдардың негізінде және оларды орындау мақсатында жарлықтар, өкімдер және
заң күшіне ие жарлықтар шығарады. Мұндай заңдардың қатарынан 1995 жылғы 22-
желтоқсандағы Жер туралы Жарлықты, 1996 жылғы 27-қаңтардағы Жер қойнауы
және жер қойнауын пайдалану туралы Жарлықты атауға болады.1
Жер-құқықтық нормалар Қазақстан Республикасының Парламенті
қабылдайтын заң шығару актілерінен көрініс табады.
Заңға сәйкес актілердің басым көпшілігін Қазақстан Республикасы
Президентінің 1995 жылғы 22-желтоқсандағы Жер туралы Жарлығын2 және оның
жер құқығы қатынастарына қатысты басқа да жарлықтарын орындау мақсатында
Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдады.
Бұл және басқа да жер-құқықтық актілер белгілі бір кезектілікпен, жер
қатынастарын құқықтық реттеуді жетілдіру қажеттіктерін ескере отырып
қабылданды. Бұл актілерде республикадағы нарықтық қатынастарды дамыту
қажеттіктері мен өндіріс күштерінің жаңа жағдайлары ескерілді.
Жер құқығы қайнар көздерінің ерекше сипаты болып оларда субъект пен
объект бойынша жекелеген құқықтық реттеумен қатар жүйеленген кешенді және
жеке құқықтық нормалар бар. Сол себепті де, оларды жер құқығының негізгі
және қосымша қайнар көздері деп бөлуге болады. Жер құқығының негізгі қайнар
көздеріне Қазақстан Республикасының Жер кодексі жатады.
Қазақстан Республикасының Жер кодексі 2003 жылғы 20-маусымда
қабылданды. Кодекс 5 бөлімнен, 21 тараудан, 170 баптан, тұрады және Жер
туралы заңмен салыстырғанда мұнда 46 бап артық.
1-бөлім. Негізгі ережелер екі тараудан тұрады. 1-тарау — Жалпы
ережелер; 2-тарау — Мемлекеттік органдардың жер қатынастары саласындағы
құзыреті.
2-бөлім. Жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқығы және өзге де заттық
құқықтар. Бұл бөлім жеті тараудан тұрады: 3-тарау — Жерге меншік құқығы; 4-
тарау — Жер пайдалану құқығы; 5-тарау — Жер учаскесі — меншік құқығының,
жер пайдалану құқығының және өзге де заттық құқықтардың объектісі ретінде;
6-тарау — Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер
учаскелерін пайдалану кезіндегі құқықтары мен міндеттері; 7-тарау —
Сервитуттар; 8-тарау — Жер учаскесі мен жер пайдалану құқығын кепілге салу;
9-тарау — Жер учаскесіне меншік құқығын, жер пайдалану құқығын және өзге де
заттық құқықтарды тоқтату.
3-бөлім. Жер санаттары. Бұл бөлім жеті тарауды қамтиды: 10-тарау —
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер; 11-тарау — Елді мекендер жері; 12-тарау
— Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығынан өзге
мақсатқа арналған жер; 13-тарау — Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың
жері, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер; 14-тарау —
Орман қорының жері; 15-тарау — Су қорының жері; 16-тарау — Босалқы жер.
4-бөлім. Жерді қорғау, мемлекеттік бақылау, жерге орналастыру,
мониторинг және жер кадастры. Бұл бөлім үш тараудан тұрады: 17-тарау —
Жерді қорғау; 18-тарау — Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау;
19-тарау — Жерге орналастыру, жер кадастры және жер мониторингі.
5-бөлім. Жер заңдарының орындалуын қамтамасыз ету және қорытынды
ережелер. Бұл бөлім екі тарауды қамтиды: 20-тарау — Меншік құқығы мен жер
пайдалану құқығын қорғау және шығынды өтеу; 21-тарау — Қорытынды және
өтпелі ережелер.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 23-желтоқсандағы
Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы Жарлығы.1 Бұл Жарлықтың нормалары жеке
меншік пен жер пайдаланудағы жер учаскесіне қатысты құқықтың міндеттемелер
бойынша және борышқордың банкроттығы бойынша тоқтатылуы туралы нормалармен
байланысты.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17-маусымдағы Салық және
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Кодексі (Салық
кодексі)2 — жер құқығының негізгі қайнар көзі, жерге орналастыру, жердің
құнарлығын арттыру, оларды қорғау және аумақты әлеуметтік-мәдени дамыту
үшін бюджеттің кірістерін қалыптастыру және жерлерді ұтымды пайдалануды
экономикалық әдістермен қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл заңның құрылымы
жалпы бөлім мен ерекше бөлімнен, 18 бөлімнен, 101 тараудан, 568 баптан
тұрады. Жер қатынастарына реттеуге бағытталған тараулары төмендегідей:
10-бөлім. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық төлету.
12-бөлім. Жер салығы.
14-бөлім. Мүлік салығы. Оның ішінде: 65-тарау. Шаруа (фермер)
қожалықтары үшін арнайы салықтық режим; 81-тарау. Жер учаскелерін
пайдаланған үшін төлем; 86-тарау. Ерекше қорғалатын аумақтарды пайдаланған
үшін төлем.
16-бөлім. Басқа да міндетті төлемдер.
Жер құқығының қосымша қайнар көздеріне, мысалы, Қазақстан Республикасы
Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 1730 Мемлекеттік қызмет
туралы Жарлығын 3 атауға болады. Бұл Жарлық тұрмыс жағдайын жақсартуды
қажет ететін мемлекеттік қызметшілер үшін жеке тұрғын үй құрылысы
мақсатында жер учаскесін тегін беруді көздейді (26-бап).
Азаматтық заңнаманың кейбір нормаларын жер туралы заңнаманың
нормаларынан ажырату мақсатында қарастырып өткен жөн. Мысалы, Қазақстан
Республикасының Азаматтық Кодексінің (жалпы бөлім) 188-бабына сәйкес,
меншік иесі өзінің иелігіндегі мүлікке қатысты өз қалауымен кез келген
әрекеттерді, соның ішінде, бұл мүлікті басқа тұлғаларға беруді жүзеге асыра
алады. Бұл дегеніміз, жер учаскесін жеке және мемлекеттік емес заңды
тұлғалардың меншік объектісі ретінде басқа тұлғаларға, соның ішінде,
шетелдік азаматтарға беруге болады. Ал жер заңдарына сәйкес мұндай әрекетке
тыйым салынады, себебі, шетелдік тұлға ауыл шаруашылығы мақсатындағы
жерлердің жер учаскесінің меншік иесі бола алмайды (ҚР ЖК 97-бап). Бұл
ереже Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің аталған 188-бабының 4-
тармағына да сәйкес келеді. Оған сәйкес, меншік иесінің өз талаптарын
жүзеге асыруы мемлекет пен басқа тұлғалардың құқықтар мен заңмен қорғалатын
мүдделерін бұзбауға тиіс. Құқықтар мен заңды мүдделерді бұзу басқа да
нысандармен қоса меншік иесінің өз жағдайын асыра пайдалануынан көрініс
табуы мүмкін.
ҚР АК 188-бабының 5-тармағына сәйкес мүлікке қатысты меншік құқығы
аталған кодексте көзделген жағдайлар бойынша ғана күштеп тоқтатылуы мүмкін.
Азаматтық кодекстің мұндай ережесі азаматтық заңнамамен реттелетін заттық
құқықтарға ғана таралады, яғни, бұл норманың жер-мүліктік қатынастарына
қатысы жоқ. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабы жер учаскесін
мемлекеттік қажеттіктер үшін алып қоюдың немесе сатып алудың келесі
негіздерін көздейді:
халықаралық міндеттемелер;
қорғаныс қажетіне, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға, сауықтыру,
рекреациялық және тарихи-мәдени мақсатқа арнап жер беру;
учаскенің астынан пайдалы қазбалардың кен орнының (кең таралғандардан
басқа) табылуы;
жол салу, электр тарату, байланыс желілері мен магистральды құбырларды
тарату, сондай-ақ осы объектілерді орналастырудың басқа мүмкін нұсқалары
болмаған кезде мемлекеттік маңызы бар басқа да объектілер салу;
құлау (қирау) қаупі бар апатты және ескірген үйлерді бұзу;
қалалар мен өзге де елді мекендердің жоспарлары, аумақты аймақтарға
бөлу схемалары және белгіленген тәртіппен бекітілген өзге де қала құрылысы
немесе жерге орналастыру құжаттамасы.
Егер меншік иесі немесе жер пайдаланушы өздерінен жер учаскесін
мемлекеттік қажеттіктер үшін сатып алу туралы шешіммен келіспесе не сатып
алынатын жер учаскесі үшін төленетін баға немесе сатып алудың басқа да
жағдайлары туралы онымен келісімге қол жеткізілмесе, сатып алу туралы шешім
қабылдаған атқарушы орган сотқа жер учаскесін сатып алу туралы талап-арыз
бере алады.
Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе,
мұндай талап-арыз учаскенің меншік иесіне немесе жер пайдаланушысына ҚР ЖК-
нің 85-бабы 2-тармағында аталған хабарлама жіберілген кезден бастап бір жыл
өткен соң, бірақ екі жылдан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz