ТЕКТОНИКАЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР


ЖОСПАР
КІРІСПЕ2
1. ЖЕР СІЛКІНУДІ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ3
2. ЖЕР СІЛКІНУІНІҢ ЖЕР БЕТІНДЕГІ ТАРАҒАН АЙМАҚТАРЫ5
3. ЖЕР СІЛКІНУІН БОЛЖАУ МЕН ОҒАН ҚАРСЫ ТҰРАРЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС САЛУ6
4. ТЕХНОГЕНДІК ЖЕР СІЛКІНУ9
5. ТЕКТОНИКАЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР10
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ13
КІРІСПЕ
Жер сілкінісі деп жер қойнауындағы жыныстардың орнынан жылжуынан туған кенет және жойқын шайқалыстарды айтады. Геофизиканың жер сілкінуін зерттейтін саласы сейсмология (грекше «сейсма» - сілкіну, шайқалу) дейді. Сейсмология нәтижесінде ғалымдар жердің ішкі құрылысын анықтады. Сейсмикалық толқындарды қолдан тудыру арқылы геофизиктер жеке аймақтардың астыңғы ішкі құрылымдарын толық анықтай алатын болды.
Жер сілкінуі - табиғаттың өте бір қаһарлы да, қауіпті да көрінісі және жер қойнауында жойқын энергия қорының, оның дүлей күшінің айғағы. Әйгілі ғұлама А. Гумбольдт жер сілкінудің әсерін мынадай жолдармен сипаттаған болатын: «Бұл құбылыстан құрлықтың мызғымас қимылсыз күйіне туғаннан бергі сеніміміз жоғалғанын қайтерсің . . . Жай түскендей қас қаққанша аяқ астымыз шайқалып, табиғаттың дүлей күші қаһарын көрсеткенде бұрынғы сенімімізден түк те қалмайды».
Әлемде жыл сайын мыңдаған жер сілкінуі өтеді, дегенмен осылардың тек екеу-үшеуі ғана мекендерді қиратып, он мыңдаған адамдарды құрбандыққа шалатын ең күшті жер сілкінуге жатады.
Мұхит жағалауы сілкінген шақта мұхиттарда жойқын цунами (жапонша шығанақ толқыны) толқындары пайда болады. Лиссабон жер сілкінуінен мұхитта биіктігі 26 м толқын көтеріліп, жағадан 15 км-ге шейінгі тұста толқын «жалап» өткен. Портта тұрған 300 кемені толқын жағаға доптай лақтырып, талқанын шығарған. Чили жер сілкінуінен туған цунами Тынық мұхитты сағатына 1000км жылдамдықпен кесіп өтіп, 2-3 дүркін Жапон аралдарына соғылды.
Сонымен, жер сілкіну дегеніміз не? Жер бетінде ол тік немесе көлбеу бағыттағы дүмпу ретінде байқалады. Кейінгісі-жер қойнауындағы бір ошақта кенеттен болған жыныс массасының жылжуынан өршіген серпімдік шайқалыстың дүмпуі. Жыныс жылжуы ошақтан өтетін тектоникалық жарықтарда болады. Мысалы: Армениядағы алғашқы жойқын сілкінуден соң 1989 жыл бойында бірнеше рет күші әжептәуір сілкінулер байқалды. Осындай қайталау дүмпулерді афтершоктар (ағылшынша «афтер» - соңғы, кейінгі. «шок» - соққы) дейді.
Жер сілкіну тек жарық бойындағы қозғалыстан тумайды. Ол жанартаулардың атқылауынан, карстың үңгір, қуыстарының төбесінің опырылуынан, адамның инженерлік әрекетерінен де туады. Кейінгісін техногендік сілкіну дейді.
Тектоникалық ығысуға қарағанда жер сілкінудің күші де, аумағы да шамалы. Жанартаулардың атқылауы алдындағы магманың кратерге қарай көтерілуінен, содан пайда болған қысыммен байланысты жер сілкінеді. Ендеше, вулканды өлкелердегі жер сілкінуіне қарап, жанартаудың атқылауын күні бұрын болжауға болады. Осылайша 1975 және 1984 жылдары Камчаткадағы Плоский Толбачик пен Ключевская жанартауларының атқылау мезгілі дұрыс болжалынды.
1. ЖЕР СІЛКІНУДІ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Сейсмологияда алдымен қолданылатын түсініктер мынадай: гипоцентр (фокусы) жер сілкіну болған жер қойнауындағы оның ошағын атайды да, эпицентр деп сілкіну толқынының жер бетіне шыққан түсін айтады. Сілкіну күші бірдей тұстарды қосатын сызықты изосейста деп, оның сілкіну күші ең жоғары сызықпен шектелгенін плейстосейстік (латынша «плейсто»-ең жоғарғы) аймақ деп атайды.
Эпицентрдегі сілкіну күші оның ошағының тереңдігіне байланысты: ошағы терең болған сайын күші шамалы; ал неғұрлым ошағы терең, күші басым болса, соғұрлым эпицентрдің аумағы кең. Мұндай жер сілкіну көбінесе тік бағытта тарайды, дегенмен оның жазық бағыттағы құрамы да болады. Мысалы, 1902 жылы Андижанда сілкінуден кейін құлпытас бағаналар сағат тілінің айналу бағытымен 7°-ке орнынан бұрылыпты. Жер шайқалуын сейсмикалық толқындар дейді. Олар қума, көлденең және беткі түрлерге ажыратылады. Қума толқындар сейсмо сәулесінің бойымен тарап, өзі әсер еткен ортаны алма-кезек қысып, созады. Көлденең толқын сейсмо сәулесіне көлденең тараған синусоида құрады да, өзі өткен заттың пішінін өзгертеді, көлемі бұрынғы күйінде қалады. Беткі толқын алдыңғы толқындардың толқындардың жер бетінде өзгеруінен пайда болады.
Жер сілкінуін сейсмограф деген аспаппен өлшеп, тіркейді. Олардың барлығы маятникке негізделген. Басқаша айтсақ олар іргесінің тербелуіне қарамастан, қашанда болсын өз бағытын өзгерпейтін тіркеуіш зат. Іргетасына ол серіппемен бекітіледі. Тіктеуіштің кейбірі тік бағытта, енді бірі жазық бағытта тербеледі. Тербелісті жарық немесе электр сигналына аударып, оларды дәл бір жылдамдықпен айналатын барабан бетіндегі қағазға түсіріп отырады.
Рихтер шкаласы:
1 балл - топырақ дірілдегенін тек аспаптар ғана сезеді.
2 балл - тек тып-тыныш жатқан адам ғана сезеді.
3 балл - кейбір адамдар ғана байқап қалады, төбедегі шам шайқалады.
4 балл - көптеген адамдар байқайды, есік-әйнектер дірілдейді, ыдыс-аяқ сыңғырлайды.
5 балл - асулы тұрған бұйымдар шайқалады, төбенің сылақтары түседі, әйнек сылдырлайды.
6 балл - қабырға сылақтарында жарықшақтар пайда болады.
7 балл - кейбір үй-жайлар бұзылады, қабырғаларда, мұржаларда жарықшақтар пайда болады, жеке кесектер құлап түседі, ылғалды топырақтарда жарықшалар көрінеді.
8 балл - үй-ғимараттардың қабырғалары жарылып, бағана, мұржа, корзиндер құлайды. Тау бетінде көлденеңі бірнеше см жарықшақтар түзіліп, беткейлер опырылып, көшеді.
9 балл - қабырғалар, төбелер құлайды, кейбір үй-мекендер қирайды. Тау беткейі құлап, төмен сырғиды, грунтта ені 10 см-ден астам жарықшақтар пайда болады.
10 балл - ғимараттар құлайды, беткейлер құлап, сырғиды, грунтта 1 м-ге жететін орлар қазылады. Өзен аңғарларында бөгеттер тұрып, көлдер пайда болады.
11 балл - үй-құрылыстар түгелдей қирайды. Жер бетінде айғыздаған жарықтар, жар-кемерлер қаптайды, тау бөктерлері опырылады.
12 балл - өлкенің жер бедері өзгереді, алып опырықтар мен сырғымалар пайда болады, өзен аңғарларының ағыс жолы өзгереді, олардың бойында сарқырамалар, апан-көлдер туады.
2. ЖЕР СІЛКІНУІНІҢ ЖЕР БЕТІНДЕГІ ТАРАҒАН АЙМАҚТАРЫ
Жер сілкінулер жер бетіне біркелкі тарамайтыны адамға әлдеқашан белгілі. Жер сілкінулі құрлықта көбінесе таулы аймақтарда орын алған.
Жер сілкінулерінің эпицентрлерін картаға түсіргенде олардың екі белдеуде тарамайтынын көреміз. Бірінші белдеу Тынық мұхиттың барлық жағаларының құрсауын алып жатыр. Сондықтан оны Тынық мұхит шығыршығы деп атайды. Екінші Альпі-Гималай белдеуі. Жерорта теңізінің батыс шетінен басталып, Шығыс Азияға шейін жетеді. Кейінгі тұста бұл белдеу Индонезия аймағында Тынық мұхит шеңберімен түйіседі.
Тынық мұхит шығыршығында әсіресе құрлық шегіндегі терең науаларды бойлап аралдар доғасына (батысында) немесе Америка материктерінің астына қарай құлаған өте терең тектоникалық жарықшақтар көзге түседі. Ол жарықшақтарды солардың бойымен тараған терең сейсмофокалды жер сілкіну ошақтарынан білеміз. Осындай терең және еңкіш тараған сейсмоактивті жарықшақтарды 1938 жылы жапон сейсмологі К. Вадати анықтады. 1946 жылы академик А. Н. Заварицкий осы жарықшақтардың бетінде Тынық мұхиттың «отты сақинасы» деп аталған жанартау белдеуі орын тепкенін көрсетті. Кейінірек (1949 жылы) сейсмофокалды белдеулерді американ сейсмологы Х. Беньоф толық сипаттағаннан кейін олар көпшілік қауымға әбден таныс болды. Бұларды қазір осы ғалымдардың құрметіне Вадати-Беньоф-Заварицкий белдеуі деп атайды.
Жер қабығының керіліп, материктерде рифті жүйелер пайда болған аймақтарда да жер сілкіну байқалады. Олардың ең белгілілері-Байқал, Шығыс Африка, Шығыс Қытай рифт жүйелері. Мұнда жер сілкіну күшті, кейде зор апатты болады.
3. ЖЕР СІЛКІНУІН БОЛЖАУ МЕН ОҒАН ҚАРСЫ ТҰРАРЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС САЛУ
Жер сілкінуді болжау мақсаты - оның болатын орнын, күшін, мезгілін күн ілгері біліп, елге алдын ала хабарлау. Орны мен күшін анықтау оншалық қиынға соқпайды, ал мезгілін болжау қиын, әзірге шешімі табылмай тұрған күрделі мәселе. Жерасты түнегінің қимылы бұлыңғыр. Оның үстіне сілкіну сиқы да әр түрлі, ол ондаған, жүздеген жылдар бойы астыртын дайындалып келіп, төбеден ұрған жайдай қапылыста соғады.
Алдымен дүмпу бұрын жер сілкіну болған жерлерде қайталанады, оның үстіне өткен кездегі сілкіну неғұрлым күшті және жиі болса, соғұрлым келешекте де осы аудандар қауіпті деп саналады. Сілкіну ошағы әрдайым кейінгі геологиялық дәуірлерде және қазіргі мерзімдерде де қозғалуға әзір тектоникалық жарықшақтарды бойлап отырады. Әсіресе, олардың екі қанаты, кереғар бағытта ығысқан, бірнеше жарықтардың түйіскен ұштары қауіпті деп саналады. Сонымен алдағы жер сілкінуді болжау үшін сейсмологиялық жайлармен қоса геологиялық, өте-мөте тектоникалық нышандарды ескеру керек. Осы параметрлермен қоса дүмпу кезінде ғана босанатын булығу өз энергиясын ғасырлар бойы жинайды. Ендеше, жер сілкіну әжептәуір мезгіл өткеннен кейін ғана қайталанады. Оны тіркеп, статикалық жолмен есептейді. Кейінгі тәсілден білетініміз, орасан зор жер сілкіну әрбір жүз жылда бір қайталанатын көрінеді. Әр аймақтың жер сілкіну күші мен қайталануын тіркеп, аймақтың сейсмикалық жайының картасы жасалады. Онда бір жыл арасындағы күші бір класқа жататын дүмпулердің жиілік санын көрсетеді. Тектоникалық жарықтың бұрын дүмпу байқалмаған тұстары ең қауіпті деп саналады. Кейде жер сілкіну эпицентрінің осындай бір «дүмпу саңлауына» қарай көшіп отыратыны байқалады. Осылайша 1978 жылы Орта Азиядағы Алай аңғарында өткен жер сілкіну алты сағат бұрын болжап айтылды. Осы тәсілді қазірде американ зерттеушілері қолданып жүр.
Қазіргі кезде жер сілкінуден толық сақтана алмаймыз. Ендеше қолымыздан келгені жер сілкіну қаупі бар аудандарда үй-жайды, басқа құрылыстарды жобалаған және салған шақта олардың қирамайтын болуын ойластыруымыз керек. Шайқалуға төзетін комплекстерге мыналар жатады: темір-бетонды құрсаулар салу, үйдің төбелерін жеңілдетіп жабу, балкон, карниз, қалпақша секілді қабырғадан сырт шығып тұрған ауыр тетіктерді салмау.
Дегенмен ғылым алдында күн тәртібінен түспей сақталып отырған міндет-жер сілкінетін уақытты күні бұрын болжау. Бұл ең күрделі, талайдың басын ауыртатын іс. Оны әзірше кейбір нышандарға қарап қана жобалаймыз. Қазіргі күнде мамандарға жүзден артық жер сілкінуді алдын ала білдіретін табиғи көріністер бар. Дей тұрсақ та жердің терең қойнауында не болып жатқанын білу оңай шаруа емес.
Солардың бірі қазіргі тектоникалық қозғалыстарға ұшырауынан жер бедерінің төмен не жоғары қарай жылжуын, соның салдарынан еңкіштігінің өзгеруін ұдайы бақылап, өлшеп отыру. Мысалы, 1964 жылдың маусымында Жапонияда өткен жер сілкінуінің алдында одан бұрын үнемі төмен қарай ылдилап отырған жер беті кілт көтерілді. Сілкіну біткеннен соң жер қайтадан төменге майысып келеді. Жер бетінің ноклономер деген аспаппен өлшенеді.
Қуатты жер сілкінудің алдында баяу сілкінулердің-алдыңғы форшоктардың (ағылшынша фор-алғашқы) саны жиілейді. Соларды тіркей келе 1975 жылдың ақпанында Қытайдың Ляонин провинциясында және 1976 жылы Италияның Фриули облысында болатын жер сілкінулер алдын ала халыққа жарияланып, талай жан ажалдан, қауіп-қасіреттен аман қалды. Бұл тәсілмен жер сілкінуін бірнеше минөттен жүздеген күнге дейін алдын ала болжауға болады.
Жер сілкіну алдында қума толқынның жылдамдығы, яғни оның көлденең толқынның жылдамдығымен арақатынасы кемиді (14%-ке дейін) . Бұл құбылысты алғаш рет ашқан Кеңес зерттеушілері еді. Олар Тәжікстанның Гарм өлкесінде жер сілкінуден екі-төрт апта бұрын жаңағы ара қатынастың 12-14%-ке кемігенін көрсетті. Кейін осы тәсілді американдар қолданып, 1973 жылдың тамызында Нью-Йорк штатында болған 2, 5 магнитуда дүмпуді екі тәулік бұрын болжады. Мұның өзі сілкіну алдында тау жыныс қасиеттерінің өзгеруін тап басып білудің арқасында болған.
4. ТЕХНОГЕНДІК ЖЕР СІЛКІНУ
Кейінгі кезде қоғамның инженерлік әрекетінен де жер сілкінуі өршитіні байқалды. Алдымен бұл құбылыс ірі су қоймаларын салумен байланысты. Қазір де сейсмологтарға осындай пайда болған 30-дан артық жер сілкіну белгілі. Американдар тіпті су қоймасын салсаң оған қосымша жер сілкінуін де иемденесін деген мәтел де шығарды. Мұндай жер сілкінуі Тәжікстанда дүние жүзіндегі ең ірі қатарынан 2 (Нүрек және Рогун) су қоймасын салудан пайда болды. Олар суға тола басталысымен-ақ сейсмикалық соққылар жиіледі. Оның үстіне Рогун бөгеті әлі де қимылы бар тектоникалық жарық үстінен тұрғызылғаны анықталды.
Су қоймаларынан басқа жер сілкінуіне оның қойнауынан көптеген мұнай мен газды, суды алу немесе керісінше, оның қойнауына су айдау себеп болады. Ташкент қаласының тура астынан 1956 жылдан бері 9 скважина мен минералды сулар ағызып алынды. Оның үстіне қала екі тектоникалық жарықтың түйіскен жерінде орналасқан. Айтқандай-ақ, 1966 жылы жер сілкінуі өтті. Жер сілкінудің жер астынан су алудың салдарынан болатындығына нақтылы дәлел-жер сілкіну алдында Ташкент астында гидростатикалық арын (қысым) 15 кг/см²-қа төмендеген.
Техногендік жерсілкінудің себебі - сұйық (не газ) алғаннан жыныс кесектерінің өзара тарту күші бәсеңдейді де сілкіну соққысынан жыныс жарылады. Немесе грунт арасы суға толады, ол серіппелі болғандықтан шамалы жер сілкінуіне қосымша дем береді.
5. ТЕКТОНИКАЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР
Біздің мәңгілік тірек-таянышымыз - әншейінде тастай мықты дейтін жер қабығы жас баланың миындай үнемі қозғалып, тербелуде. Бұдан 2, 5 мың жыл бұрын Пифагор былай деген: «Берік жер теңізге көмілген, теңіз құрлыққа ауысқан. Теңіз жәндіктерінің қабыршақтары мұхиттан алыс жатыр, ал зәкір тау басынан табылған . . . Жазықтар көтеріліп тауға айналған».
Жер қабығының үнемі төмен не жоғары баяу тербелуін ғасырлық қозғалыстар деп атайды. Солтүстік Еуропа халықтары мұндай тербелістерді ерте заманнан-ақ байқаған. Балтық теңізінің жағалауларындағы кемелер тоқтайтын гавандар біртіндеп тайыздап, порт құрылыстары теңіз жиегінен алыстай беретінді. Сол сияқты жағдай Жаңа Жер аралдарының жиегінен де көптен бері байқалып жүр. Ендеше, табаны көтерілуіне байланысты бұл өлкелерде теңіздер кейін шегінгені. Ал 1977 жылдан бері қарай Каспий теңізінің деңгейі 1, 74 м-ге көтерілді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz