Жерге және жан - жануарларға сынақтардың әсері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Жаратылыстану факультеті.

Қазақстан табиғатын қорғау.

Тексерген: ______________

Орындаған: ______________

Қазақстан Республикасы

Жоспар

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... . 3

І-тарау. Қазақстанның жер шарында орналасуы. ... ... ... ... ... ... 5

1. Қазақстанның табиғи-ресурстық потенциялы. ... ... ... ... 7
2. Қазақстанның құрлықтары мен сулары.

ІІ-тарау.Қазақстанның экологиялық жағдайы. ... ... .

2.1. Семей полигоны. ... ... ... ... ... ... ... ..

ІІІ-тарау. Қоршаған ортаның жай күйінің өзгеруі мен 2030 бағдарламасына сай
жұмыстар орындау. ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Қорытынды.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

КІРІСПЕ.

Әй, табиғат!!!
Шеберсің –ау, шеберсің!
Көрмегенді көрсетерсің, берерсің !
Ұлан- ғайыр байлығыңа місе етпей,
Аш көзденген адамдерға не дерсің ?!
Айың - анау, күнің-мынау, жер міне !
Жетпей жатыр –ау адамдар енді не?!
Табиғаттқа таласпаңдар ағайын !
Асырайды ол сені де, мені де!.
- М.Мақатаев жырлағандай Қазақстан Республикасы жері, шикізаты, пайдалы
қазбалары қаншама Қазақстанда сан-алуан қазбалық кен байлықтар бар.
Менделеев таблицасының 105 элементінің 99 Қазақстанда табылған, оның 70-
нің мөлшері анықталған, қазір 60 өндіріледі.
Қай халықтың болса да өзіне тиеселі уайымы бар: біреудің халқы аз,
біреудің жері аз, бір халық бір халыққа бодан, бодан болып жүр. Бір кезде
ұлы мемлекеттілігі болған ұйғырлар, бүгінде ұйғырыстан мемлекетінің
жоқтығынан қайғырады. Кейбір халық өз ішінде түрлі дінге бөлініп кеткеніне
уайым шегеді. Американдық ақ нәсілдер жақын 50-жылда екінші жарты шардың
бәрі қара нәсілділер болады деп қайғырады.
Бірақ бар халыққа ортақ бір уайым бар. Оны өркениетке жету жолында
адамзат өзі туындатты. Ол - экология. Экология жердің азғындауы, ауа мен
судың ластануы, қоқыстың көбеюі, радиация, Семей полигоны, Чернобль
авариясы, жерімізде бүгінгі күнге дейін жалғасып жатқан сынақтар, Аралдың
суалуы, орманның өртенуі, тағы сол секілді проблемалар.
Экологиялық бұзылу санамызды қажытты, рухты азғындатты, экология
кесірінен адамдарда ауыру көбейді.
Көп жыл бойы қазақ жерінің көпшілік бөлігінде ядролық қалдықтарды
(сынау) жетілдіру үшін және ядролық реакцияны өндірісте қолдану
қажеттілігіне байланысты жүздеген ядролық сынақтардың болғаны барлығымызға
белгілі. Сол кездердегі сынақ өткен аймақтардағы радиоэкологиялық жағдай
екінші орынға қойылған еді. Негізгі сынақтардың көп болған жері Семей
полигоны, кейін ол жерлер жабылғаннан кейін ол жерлерді және оған жақын
аймақтарды ауыл шаруашылық қажеттілігіне пайдаланып келді. Көп уақытқа
дейін сынақтың жан-жануарларға және адамдарға әсері ескерілмеген еді.
Ауырудың көбейіп кетуіне байланысты соңғы 10-жылдықта осы аймақтардағы
радиоэкологиялық жағдай зерттеліп жатыр. 1986 жылғы Чернобль апатының әсері
байқалған. Жерге және жан-жануарларға сынақтардың әсері. Ол кездегі жасанды
радинуклидтердің бөлінуімен байланысты.

Қазақстан жерінің көпшілік бөлігінің радинуклидтермен ластануы көп
факторларға байланысты болып отыр.

Біріншіден көп жылдар бойы Семей өңірінде арнайы өтілген ядролық
сынақтармен байланысты. Сол сынақ кезінде бөлінген радинуклидтер
Қазақстанның барлық териториясына ауа, жер астысулары және т.б. жолдармен
таралған. Екіншіден уран өндірісі кезінде және т.б. изатоптары бар рудалар,
көмір т.б. өнімдердің өндірілуі процестердің оның құрамындағы
радинуклидтердің алыс-жақын аймақтарға таралуымен байланысты. Сол сияқты
Чернобль апаты 1986 ж болған кезде, бөлінген радинуклидтердің Қазақстан
жеріне жеткендігі туралы деректер бар. Радионуклидтермен ластанған аймақты
зерттеген кезде, ол радионуклидтердің қай уақытта қандай сынақ немесе
өндіріс процессі кезінде пайда болғанын білу қажет болады. Бұл жағдайларды
білу радионуклидтердің белгілі бір уақыттан бастап қалай таралғанын,
бастапқы кезде оның мөлшері қай жерде қанша болғанын, анықтауға болады.

Осы мәселелерді зерттеу Қазақстан аймағы үшін және оған шекаралас
жатқан басқа да мемлекеттер үшін маңызы өте зор болып табылады.

І-тарау. Қазақстанның жер шарында орналасуы.

Қазақстан, Евразия құрылығының түкпіріндегі, Орталық Азияда орналасқан.
Оның территориясы - 2.717.300 ш.км.(1.049.150. sq. miles). Ауданы жағынан
Қазақстан дүние жүзінде 9- шы орында (Ресей, Қытай, АҚШ, Аргентина,
Бразилия, Канада, Үндістан және Австралиядан кейін). Қазақстанның ауданы
европадағы 12 мемлекеттің ауданынан да үлкен.
Қазақстанның : Қытай-1460 км, Қырғызстан-980 км, Түркменстан-380 км,
¤збекстан 320 км, Ресей 6467 км мемлекеттерімен шекарасы бар. Барлық
шекарасының ұзындығы – 12187 км.
Қазақстанның территориясының мұхиттардан алыс жатуы және ауданының
үлкендігі оның климатына қатты сер етеді. Республиканың климаты күрт
континенталды.
Қаңтардың орташа температурасы -19 дан -4 градус С-ге дейін,
шілденің орташа температурасы +19 до +26 С. Қыстың ең суық күндері ауаның
температурасы –45 С-ге дейін түседі, жазда +40 С-қа көтеріледі.
Халқының саны –15,672 млн.(01.01.1998 ж.). Халқының тығыздығы – 1 ш.км – 6
адам. Астанасы – Астана (1997 ж. 10 желтоқсаннан бастап). Астана халқының
саны 271 мың адам. Қазақстанда –14 обылыс бар (05.05.97). Алматы жєне
Ленинск қалаларының ерекше статусы бар. 84 қала, 160 аудан, 10 қала
аудандары, 195 қалашық, 2150 ауылдық округтар бар.
Адам саны жағынан Қазақстан қалалары төмендегідей бөлінеді:
300 - 400 мың тұрғындары бар қалалар (Қарағанды, Шымкент, Павлодар, Тараз,
Өскемен), 200-280 мың тұрғындары бар қалалар (Орал, Теміртау, Қостанай,
Ақтөбе), 110-160 мың тұрғындары бар қалалар (Жезқазған, Экібастұз,
Қызылорда, Ақтау, Көкшетау, Талдықорған). 50 мыңға дейін тұғындары бар
қалалар саны өте көп.
Геолого-экономикалық есептеулердің арқасында Республикаға
экономикалық маңызы зор салалар: көмір, мұнай, мыс, темір, қорғасын, мырыш,
хром, алтын, марганец болып табылады.
Транспорт және коммуникация.
Қазақстанның евроазиялық құрылығының ортасында орналасуы көп
мемлекттер үшін, транспорттық және коммуникациялық жағынан керекті болып
отыр. Республиканың транспорттық және коммуникациялық комплексі темір жол,
әуе, теңіз жолдары, труба құбырлары, автомобиль жолдары және
телекоммуникациялық жүйелер (системалар) арқылы іске асырылады.

Қазақстан темір жолдарының жалпы ұзындығы 14,5 мың. км. Тауарларының
көбі темір жолмен тасылады. Автомобиль жолдарының ұзындығы 83,3 мың. км.
Оның 17,7 мың км. – республикалық маңызы бар жолдар.
Қазақстан кеме жолдары Каспий теңізі арқылы өтеді. Негізгі теңіз
порттары Ақтау және Баутино, солар арқылы Қазақстан Иран мен Азербайжанға
тікелей шығады.
Сонымен қоса Қазақстан Ұлы жібек жолы болып есептеледі
Мемлекеттік тіл – қазақ тілі, бірақ Ұлт аралық қарым-қатынас тілі орыс тілі
қолданылады.

1.1. Табиғи - ресурстық потенциалы.

Қазақстанда сан-алуан қазбалық кен байлықтар бар. Менделеев
таблицасының 105 элементінің 99 Қазақстанда табылған, оның 70-нің мөлшері
анықталған, қазір 60 өндіріледі.
Қазіргі уақытта 1225 түрлі минералдарды қамтитын 493 кен қазба
орындары анықталған. Қазақстан зерттелген қоры жағынан: мырыштан,
вольфрамнан и баритан –бірінші орында, күміс, қорғасын жєне хромитан-екінші
орында, мыс пен флюориттан – үшінші орында, молибденнен төртінші орында,
алтыннан –алтыншы орынды алады. Ал СНГ мемлекеттерінің ішінде Қазақстан
хром мен қорғасыннан – бірінші орын; мұнай, күміс, мыс, марганец, цинк,
никель және фосфордан –екінші орын; газ, көмір, алтын және қалайыдан –
үшінші орында.
Күміс, хромит, қорғасын және мырыш өндіру жағынан республика бірінші
орын, мұнай, көмір, мыс, никель және фосфат өндіруден екінші орын, алтын
өндіруден үшінші орында.
Қазақстанның батысында мұнай мен газдың өте үлкен қорлары бар
болғандықтан, еліміз дүниедегі мұнай мен газды көп өндірушілердің қатарына
жатады. Торғай аймағының оңтүстігінен ашылған жаңа мұнай қорлары
республиканың мұнай өндіру саласының болашағын одан әрі арттырады.
Қазақстанда мұнай мен газдың ірі қорлары бар. Тек Каспий теңізінде 3-
3,5 милиарт тонна мұнай, 22,5миллиард куб газ бар екендігі анықталды.
ТМД елдерінің ішінде хромиттің 90%, вольфрам 60%, цинк пен жездің 40%,
бокситтің 30%, фосфориттің 25%, темір рудаларының15%, көмірдің 10% -ті
өндіріледі. Алтын сапасы жөнінде еліміз әлемде 2-ші орында. Қазақстанның
жер асты байлығының көптігі өндіруші салалардың тез дамуына алып келді.

2. Қазақстанның құрлықтары мен сулары.

Қазақстанда – 8,5 мың үлкен және кіші өзендер бар. Жеті өзеннің
ұзындығы 100 км асады. Ең ірілері – Орал, Ембі Каспий теңізіне құяды, Сыр-
Дария өзінің суын Арал теңізіне апарады, Ертіс, Есіл және Тобыл өзендері
Респуликаны қиып өтіп, солтүстік мұзды мұхитқа барады.
Қазақстанда – 48000 үлкенді және кішілі көлдер бар. Олардың ішінде ең
үлкендері – Арал , Балхаш, Зайсан, Алакөл, Теңіз. Каспидің солтүстігі мен
шығысының жартысынан көбі Қазақстанға қарайды. Каспидің қазақстанға
қарайтын жағалауының ұзындығы 2340 км.
Қазақстанның басты өзендері – Ертіс, Іле, Сырдария, Жайық, олардың
ластануы өзге елдерден бізге жетуі мүмкін, ол көптеген қиындық туғызады,
бұны реттеу үшін халықаралық шешімдер мен келісімдер керек.
Қазақстан жерінің 26% жазық даладан тұрады. 167 млн.га жерін құм (44%),
(14%) шөлейт жерлер алып жатыр. Ал ормандары – 21 млн.га.
Қазақстан жерінде сүт қоректілердің 155 түрі кездеседі, 480 түрлі құстар,
балықтың 150 түрі, дәрі- дәрмек жасайтын өсімдіктердің 250 түрлері
кездеседі. Қазақстанның оңтүстігінде басқа еш жерде жоқ жусан шөбі өседі.
Жердің ластанудың бірнеше түрі бар: олар тұздану, сорлану, қуаңдану,
эрозияға ұшырау, тапталу, мұнай төгілу, қоқыстар мен өндіріс қалдықтарының
ашықтан-ашық жатуы, олдардың бір күндері бүлінуі т.с.с. жерге қонған
радинуклидтердің әсерінен жер бетінің тозуы.
Тың көтеру кезіндегі жіберілген қателіктер қаншама. Қазір сол жерлердің
көпшілігі не жайылмға, не болмаса егіске жарамсыз болып қалды емес пе.
Қазақстанда жер көп деп дәл бүгінгі таңда бүкіл дүние жүзі көз алартып отыр
емс пе. Болашақта Қазақстаның жері қандай болады, бір сәт көз жіберіп оймен
көрейік ші. Егер дәл осы жағдайлар қайталана берсе, бүкіл қазақстан жері
шөлейтке айналып кетпесіне кім кепіл.
Біздің еліміздің барлық жерінің 66,7% қуаңшылыққа ұшыраған, оның ішінде
92,5 млн гектар тұзды және сорлаған жер, 26,7млн гектар эрозияға ұшыраған,
24,1 млн гектар жер тапталу нәтижесінде жарамсызданған. Барлық жайылымды
жерлердің 75% шөлді және шөлейті аймаққа орналасқан. Жерімізде 20 милярд
тонна өндіріс қалдықтары жатыр, олар жыл сайын 1 милярд тоннаға көбеюде.
Олардың көбісі Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қолстанай, Павлодар облыстарында
жиналған.

ІІ-тарау. Қазақстан экологиялық жағдайы.

Тәуелсіздік алғанға дейінгі мерзімде Республиканың көп жері әскери
базаларға, сынақ алаңдарына, космодромға айналғаны белгілі. Оның кейбірі
бүгінгі таңда да қазіргі заманғы қару жарақты сынау алаңдары болып жалғасып
келеді. Соның нәтижесінде жердің, ауаның, жер беті, жер асты сулары
бүлініп жануарлар мен өсімдік әлемі азғындауға табиғи ресурстардың азаюы,
экожүйенің бұзылуы, қуаңдану процестері мен биологиялық және лондшафттық
әртүрліліктің, жоғалуы секілді орны толмас кемшіліктер пайда болады.
Республикамыздың негізгі уайымдары деп мыналарды айтамыз:
- Су ресурстарының тапшылығы мен су көздерінің өндірістік
қалдықтармен ластануы.
- Өндірістік орталықтар мен мұнайлы аймақтардағы атмосфералық
ауаның ластануы.
- Қоршаған ортаның өндірістік және тұрмыстық қалдықтар мен
ластануы.
- Жайылымдық және егістік жерлердің азғындауы.
- Арал теңізі мен Балқаш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Семей ядролық полигонның алғашқы жүргізілуі
Радиациялық ластанудың көздері
Ұлттық экология мәселелерін шешу жолдары
Семей ядролық полигон сынақтарының зардабы
Семей полигоны және қоршаған орта
Радиация
Семейдегі ядролық полигон сынақтары және оның зардаптары
Қазақстандағы радиациялық жағдай
Қоршаған ортаның және адамның табиғатқа тигізетін зияны мен факторлары
Адам денсаулығы және радиация
Пәндер