Қазақстан және Орта Азияға Аралдың маңызы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1.Кіріспе
2. Қазақстан және Орта Азияға Аралдың маңызы
3. Қарағандының экологиясы
4. Жезқазған-Балқаш өңірінің экологиясы
5.Алапаттың зардабын аластатайық
6.Қорытынды

Кіріспе
Халық санының өсуіне ауызсуға деген сұраныстың өсуі , азық-түлік
және энергоресурстарды өндірудің қоршаған ортаға тигізетін әсері жылдан
жылға ушығып барады . Әсіресе технологиялардың қарыштап дамуы бізге жаңа
белестер ашады , және оларды пайданана білуіміз де маңызды .
Киоттық протоколға Қазақстан 1999 жылы қосылды . Кәзіргі кезде ЕС ,
Жапония және Канада барлық талаптар орындады . Ал Америка Құрама Штаттары
қөмір қышқыл газының 27% шығара отырып , алдында Киото протоколындағы
талаптарды алғашында орындауға уәде беріп , бірақ соңында өз уәдесіннен
айнып қалды . Киото протоколына сәйкес дамушы елдерге қөмір қышқыл газының
мөлшерін шектемейді .

Қазақстан және Орта Азияға Аралдың маңызы.
Қазақстан және Орта Азия аумағына келер болсақ , онда бұл жерде
минералды шикізат пен жағармайдың мол қоры орналасуымен қатар ауыз судың
тапшылығы өте қатты сезіледі .
Сол себептен сол аумақтың халық шаруашылығының сушаруашылығының
мәселелерін шешу болып табылады .
Қазақстан және Орта Азияны қоса алғанда шамамен 50-60 млн. га жуық
табиғи суармалы жерлер бар. Ал су ресурстары тек 8-10 млн. га жерді ғана
суаруға жетеді . Бұндай жағдайда суармалы егіншіліктің ең тиімді даму
жолдарын таңдап алу мен қатар ол экожүйенің бұзылу процесіне әкелмеуі керек
.
Бұл пролемаға терең үңілер болсақ онда тікелей Арал теңізінің
тағдырына әкелетінін көреміз. Егер еш әрекет жасмасақ , соңғы зерттеулерге
сенер болсақ онда 2010 ж. Арал теңізі мүлдем жоғалады . Нәтижесінде жаңадан
пайда болған Аралқұм шөлі кәзіргі Қызылқұм және Қарақұм шөлдерімен қосылып
ақырында Ұлы Сахара шөлінен асып түспесе кем соқпайтын деңгейге жетеді . Ал
Сахараның өзі 150-200 мың жыл бұрын көк орай қаптаған жасыл желек болған.
Аралға құятын екі үлкен өзенді бөгеуі жылдық ағыны 1980 ж. 60 км3-тан кәзір
4 км3-қа болды. Сол себептен Сырдария өзені теңізге жетпей , құмға сіңіп
кетеді . Ал Амударияға келсек ол Аралға тек қыс айларында ғана жіңішке
атыраппен жетеді. Соның кесірінен акваториясы яғни аумағы 13 шейін
қысқарды , ал жағалау жиегі кейбір жерлерде 90 км. , ал су көлемі 60%-ға
азайды . Сол себептен судың орташа тұздылығы 2,5 есе өскен , және ол жерде
тірі ағзаға өмір сүру мүмкін емес. Арал теңізінің құрғаған түбінен шаң
аралас тұз жел тұрғанда өте үлкен аумақтарға тарайды . Мәселен осы уақыттың
өзінде жыл сайын шамамен 50-60 млн.т. тұз ауаға көтеріліп көптеген километр
қашықтыққа тарап мақта және күріш егінінеде жетеді. Жапон ғалымдарының
айтуынша ол тұз солтүстік мұзды мұхитта Арктикадада табылған. Арал ТМД
аумағындағы шаң мен тозаңның ең шығарушысы болып отыр. Экологиялық
деградация онсызда қатал континентті климатты Арал жағалауын каталдандыра
түсті.
Мұндай нәтижелерге қлай жеттік? Суармалы жерлер керекті инженерлік
жағынан яғни суару желілерімен қамтамасыздандырылмаған , эффективті дренаж
жүйелері жоқ. Сол себептен , жердің тұзданып кетпеу үшін суару мөлшерін
көбейтуге тура келеді. Көп өнім алу үшін жерге көп мөлшерде тыңайтқыш
енгізеді – 1 га-ға 600 кг , ал улыхимикаттарды пайдаланудың шекті мөлшері
15-20 есе көп . Осындай жағдайда жерді шаю судың шетен тыс минералдануына
әкеп соқтырады , сонымен қатар токсикалық заттарменде қанығады . Мұндай
сулар көп мөлшерде Амудария мен Сырдарияға тасталады да, оның төмен
ағысындағылар суды суаруға, тұрмыста қолданады, бұл аумақта адам тұрмысы
үшін өте ауыр жағдаймен қоса эпидемиологиялық ақуаты да мәз емес . Арал
теңізінің құрғауына келер болсақ біздің ғалымдар бір ауыздан суармалы
егістікке кететін су мөлшерін азайту. Бірақ маған Н. Бабактың айтқан
пікірі ұнады. Ол кісінің ойынша Каспийдің суын қанша пайдалансада ол
құрғамайды және оған су жеткілікті мөлшерде келмейді. Бұдан шығар қорытынды
Каспий мен Арал арасында жерасты өзені бар, ол Аралдың суын Каспийге құяды.
Жоғарыдағыда айтылып өткендей Н.Бабак мәселені былай шешуді жөн көрді.
Жер қыртысын толық зерттеп , Каспий ағатын жерасты өзендерін бөгеу.
Амудария мен Сырдария өзендерінен суару үшін алатын су мөлшерін қысқарту.
Иртыш - Арал каналын салған жөн.
Каспийден Аралға су тартуды ешқашан болдырмау
Қарағандының экологиясы.
Қарағанды облысы – Қазақстандағы экологиялық жағынан ең ластанған,
өнеркəсіптік өндіріс орындары көп шоғырланған ірі өнеркəсіп орталығы. Бұл
өңірдегі өндіргіш күштердің даму барысы көптеген жылдардан бері экологиялық
зардаптар ескерілмей іске асырылды. Соның салдарынан облыстың атмосфералық
ауасы бұзылды. Мəселен, тұрақты көздерден атмосфераға тарайтын ластанған
заттар жылына бір миллион тоннадан асады. Ал бұл жалпы республикадағы
барлық қалдықтардың үштен бірі деген сөз. Негізгі ластаушы көздер
Теміртауда Испат-Кармет АТАҚ (жылына 361,5 мың тонна), Жезқазғанда
Қазақмыс АҚ (жылына 138,4 мың тонна), Балқашта Балқашмыс АҚ (жылына
299,4 мың тонна, сол сияқты Қарағандыдағы энергетикалық кəсіпорындардың өзі
жылына 96,2 мың тонна ластандыратын қоспа таратады.
Қала маңына орналасқан ГРЭС-1, N3 ЖЭО жəне Қаражал ЖЭО-ның күлі мен түтіні
бұрқырап мазаны алуда, сол сияқты Ақжал байыту фабрикасының, Қайрақты,
Жамбыл, Қарағайлы Ақшатау кеніштерінің қалдықтары да бұрқырап, желге ұшып
жатыр. Бұларда қауіптілігі 1-3 класты қорғасын, мырыш, берилий, висмут жəне
радионуклидті флотация қалдықтары көп. Тозаңданып аспанға ұшудың салдарынан
мұндай заттар маңайын да шаңдатып жібереді. Бұған қоса атмосфералық ауаны
автокөліктер де ластандырып, одан шығатын тастанды қалдықтар жылына 110 мың
тонна көлемінде зиянды заттар таратса, оның ішінде 200-ге жуық əртүрлі
қоспа бар екендігі анықталғаны баршаға мəлім.
Бүгінгі таңда су ресурстарын қорғап, ұтымды пайдалануда да проблема көп.
Облыстың жалпы жылдық су ресурсы 3,4млрд. текше метрге жуықтайды. Оның жыл
сайын 2-2,3 миллиард текше метрі пайдаланылады. Негізгі су көздері Нұра
өзені, оның Шерубай-Нұра жəне Соқыр құймалары, Ертіс-Қарағанды каналы,
Қаракеңгір жəне Жезді өзендері, Балқаш көлдері болып табылады. Облыс
суларының сапалық жағынан жақсаруына кері əсерін тигізіп отырған
кəсіпорындар Испат-Кармет ААҚ, Карбид АҚ, Қазақмыс АҚ, Балқаш АҚ,
Облсуканал су-канал шаруашылығы басқармасы, Қарағандырезинотехника АҚ,
энергетика, көмір өнеркəсібі мен ауыл шаруашылығы кəсіпорындары.
Облыстағы жер ресурстары да қиын жағдайда. 854 мың гектар жер азып-
тозған, жел эрозиясына ұшыраған. Оның басты себебінің бірі- жерді қорғайтын
орман алқабының қанағаттанғысыз жағдайы. Жер ресурстарын ғана емес, жалпы
қоршаған ортаға зиянын тигізетін негізгі ластану көздерінің бірі –
кəсіпорындардың өндірістік қызметі процесінде жəне тұрғындардың тұрмыс-
тіршілігінде пайда болған қалдықтар. Облыста тұрмыстық қатты қалдықтардың
өте көп болуы да біраз проблемалар туғызуда. Сонымен қатар қоршаған орта
мен адам денсаулығына ықпал ететін проблеманың бірі –қазылып, кен өндіріліп
алынған соң қалып кеткен, жабылмай аузы ашық қалған радиациялық қауіпті кен
орындары мен карьерлер мəселесі. Бұлар Шет ауданындағы Ақшатау елді мекені,
Ақтоғай ауданындағы тастап кеткен геологиялық қазба орындары (Октябрь,
Майтас, Қызыларай, Қызыл, Аномалия-8, Тасарал).
Республикамыздың басқа облыстары Қарағанды облысындағыдай техногенді
ауыртпалықты бастан кешіріп отырған жоқ. Мұнда Сарышаған ракеталық
полигоны, Семей ядролық полигоны жəне Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшатын
ракета тасығыштардан бөлініп түсетін бөліктердің құлау ауданы- бəрі бар.
Облыста радиациялық қауіпсіздік мақсатымен кəсіпорындарда өңделген
ионды сəуле көздері бар жерлерде қалдықтарды көму проблемасы басты орында.
Бұл көрсеткіш облыстағы экология жəне табиғат қорғау мəселесіне,
экологиялық проблемаларды шешу жолдарына арналған. Онда Балқаш,Теміртау,
Қарағандының экологиялық проблемалары туралы қамтылған. Көрсеткіш мазмұны
бес бөлім бойынша құрылған, Жезқазған-Балқаш өңірінің экологиясы, Қарағанды
облысының радиактивтік қалдықтарымен ластануы, облыстың су көздері,
қалдықтарды өндіру проблемасы, өңірдің экологиялық орталықтары.

Жезқазған-Балқаш өңірінің экологиясы
Жезқазған өңірі кең-байтақ еліміздің дəл орталығында орналасқан жəне
республикамыздың халықаралық маңызы бар түсті металлургия орталығы.
Қазақстанның ірі мыс, полиметалл, марганец, сирек жəне шашыранды металдар
өндіретін кен орындары осында. Халық жиі қоныстанған мəдени аймақтар кен
өндірісі орталықтарының маңына шоғырланған.
Жеқазған өңірі - ел ерте қоныстанған аймақ. Тарихи деректер ертедегі
металлургия мен суғару жүйелерінің, кесене мен сарайлардың маңын мекендеген
тайпалардың шаруашылығы мен мəдениетінің жоғары болғандығын көрсетеді.
Жезқазған территориясының қойнауы пайдалы қазбаларға өте бай. Ол жер
көлемінің үлкендігіне, жердің күрделі геологиялық құрлысына байланысты.
Өлкенің шикізат қоры ертеден белгілі болған. Біздің жыл санауымыздан 40-10
мың жыл бұрын осы өңірде мыс кен орындары игеріле бастаған еді. Қола
дəуірінде мыстан басқа қалайы, алтын, күміс балқытылып, өңделген. Оны
жергілікті жердің жер, су аттарынан байқауға болады.
Қазіргі кезде игеріліп отырған минералды шикізат көзі өте көп. Солардың
ішіндегі ең маңыздылары мыс, темір, марганец, полиметалдар, вольфрам,
молибден, ванадий жəне құрылыс материалдары. Бұл өңір мыс кенінің қоры
жөнінен Қазақстан Республикасындағы ең маңызды аймақ. Өлкенің мыс кендері
кембрийге дейігі заманнан бастап, кейінгі палеозойдың пермь дəуіріне дейін
жиналған тау жыныстарымен байланысты.
Бүгінгі таңда саналы тіршілік иелерін ғаламдық деңгейде алаңдататын
өзекті жəйттің бірі - қоршаған ортаны қорғау мəселесі. адамдардың
салырттығы мен бейқамдығынан бастау алған экологиялық күрделі ахуалды
табиғи қалпына қайыра түсіру осы саладағы ғалымдар мен мамандары соңғы
жылдары терең толғандырып келеді. Өндірістің дамуы мен өнеркəсіп
орындарының ұлғаюы, техниканы пайдаланушылар санының өсуі секілді өркениет
үрдісімен үндес шаруалар екінші жағынан табиғатты тамылжыған күйде
қалдыруға кері əсерін тигізуде.
Өзіміздің мысты өлкеде осындай ойды онға, сананы санға бөлетін
салмақты əрі түйінді шаруаларды оңтайлы шешуде жүзеге асырылып жатқан
шаралардың бар екені де күмəнсіз. Жезқазған қаласының жер ауданы бүгінгі
күнге 859872 гектарды құрайды, оның 683775 гектары қаладан тысқары аумақ.
Жалпы жер көлемі ауылшаруашылығына арналғаны- 831701 гектар, өнеркəсіп,
көлік жəне байланыс құрылымдарына қатыстысы- 14513 гектар, су қоры 8644
гектар болып бөлінеді. Тіршіліктің тіні - Табиғат-Ананың тамылжыған тамаша
қалпын сақтауға барша адамзат жан-тəнімен ықыласты екендігі күмəнсіз.
Алайда, өндірістің өркендеуі, одан туындайтын экологиялық қиындықтар, басқа
да себептер мен салдарлар қоршаған ортаның кескін-келбетіне елеулі зиянын
тигізіп келеді.
Экологиялық апат мəселесі қазір бар əлемді толғандырып отыр. Балқаш
тағдыры алаңдатқалы да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арал мәселесі
Экология жəне табиғат қорғау мəселесі
Теңіз деңгейінің ауытқуы мен денивеляциясы
АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ ҚАЗІРГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ
Еуразияның физикалық географиялық сипаттамасы
Оғыздар
Қазақстан территориясын табиғи. географиялық зерттеу
Балқаштың экологиялық проблемалары
Азияның туристік орталықтары: Индонезия
Мадагаскар және Ұлыбритания аралдарына салыстырмалы физикалық-географиялық сипаттама
Пәндер