Орман экожүйесі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ2
НЕГІЗГІ БӨЛІМ3
1. Экожүйенің дамуы3
2. Орман экожүйесі4
3. Тұтастық және өзіндік қалпына келу5
4. Экожүйенің тұрақтылығы6
5. Экожүйенің дамуы мен ауысуы7
6. Орман шаруашылығы8
ҚОРЫТЫНДЫ11
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ12
КІРІСПЕ
«Экологиялық жүйе» немесе «экожүйе» термині ағылшын ғалымы А. Тенслимен ұсынылған болатын. Бұл 30-шы жылдардың аяғы 40-шы жылдардың басындағы кезең еді. Бірақ қазіргі күнге дейін көптеген ғалымдар арасында бұл ұғымның басқа да экологиялық ұғымдармен ұқсастықтары мен айырмашылықтары, басқа ұғымдардың бөлігі ретінде қарастырылуы туралы айтыстар жүріп жатыр. Жүйенің заңдылықтарын оқудағы негізгі маңыздылығы «организмдер - өлі табиғат». Оған планетамыздың барлық тірі организмдері кіреді. Мысалы, орман экожүйесіне барлық ағаштар, бұтақтар, шөптер, қыналар, саңырауқұлақтар, жануарлар мен микроорганизмдер, топырақ және оның мекендеушілері, қоршаған атмосферадағы газдар мен топырақты суларда еріген тұздар жатады.
Экология пәні бойынша жасалған берілген жұмыста орман экожүйесі қарастырылады. Оның қалпына келу қабілеті, бүтінділігі талданады. Және экожүйенің тұрақтылығы, өзіндік реттелуі орман тұрғысынан шешіліп, қорғау шаралары қолданылады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Экожүйенің дамуы
Нақты экожүйелерде заттар айналымы әдетте тұйықталмаған болып келеді, яғни заттардың бір бөлігі экржүйенің шекарасынан тыс кетеді, бір бөлігі сырттан келеді. Бірақ, жалпы алғанда, заттар айналымының принципі табиғатта жоғары орын алады. Ал, егер қарапайым экожүйелер күрделі экожүйелерге топтасуын, және соңына келгенде, биосфера деп аталатын жалпы планетарлық экожүйеге топтасуын ескерсек, онда бұл жерде заттар айналымының принципін толық көлемде көруге болады. Басқаша болуы мүмкін де емес. Өйткені жердегі өмір 3млрд. жыл бұрын пайда болды, және де егер осы заттар өмірі үшін қажетті тұйықталған ағым болмаса, олардың қорлары баяғыда таусылып және өмір өзінің тіршілігін доғарар еді. Ал бұл айналымның тұрақтылығы тірі организмдердің өздерінің тіршілігімен түсіндіріледі.
Кез-келген экожүйенің энергия көзі күн болып табылады. Бірақ жер бетіне түсетін күн энергиясының тек 1% шамасында өсімдіктермен фотосинтезге қолданылады, яғни органикалық заттардың құрылуы үшін. Осы энергияның кішкентай көлемінің маңызды бөлігі (50%-дан астамы) өсімдіктер тіршілігінің процесстеріне кетеді және маңызсыз таралып кетеді. Басқа бөлігі, үлкен шығындармен өсімдікті организмдердің есебінен тіршілік ететін тұтынушы орланизмдермен қолданылады. Сондықтан да, экожүйе арқылы энергияның үздіксіз ағыны өтеді, ол заттар айналымына қарағанда тұрақталған болып келмейді.
Экожүйе түбінде бізді қоршаған табиғат екенін түсінеміз. Әртүрлі экожүйе бір-бірінен нақты шекаралармен бөлінуі мүмкін, мысалы, орман экожүйесі және көл экожүйесі. Сондықтан экожүйені оқу - экологияның орталық бөлімі, ал олардың өздері - оның басты құралы деп түсінуге болады.
Жердің барлық экожүйелерінің жиыны, үш геосфера шегінде (литосфера, гидросфера және атмосфера), олармен тірі организмдер қатынаста болады, жердің ең ірі экологиялық жүйесін құрайды.
2. Орман экожүйесі
Ормандағы температураның тәуліктік ауытқулары өсімдіктермен және жоғары ылғалдылықпен түсіндіріледі. Орманды жерлерде жазық далаларға қарағанда жауын-шашын көбірек түседі, бірақ жауын-шашынның кішкентай мөлшерлерінде оның едәуір бөлігі орманды топырақ бетіне жетпей, ағаштардың және өсімдіктердің жапырақтарында қалып буланып кетеді.
Орман өсімдіктері жарыққа таласады. Күн сәулелерінің тек біраз бөлігі ғана топырақ бетіне жетеді, сондықтан орман өсімдіктері деңгейлі түрде өмір сүреді. Қаншалық деңгей төмен болса, соншалық көлеңке көтеретін түрлер басым болады. Жоғарғы деңгейлерде күнсүйгіш ағаштардың бұтақтары орналасқан: емендер, қайыңдар, ақ үйеңкілер, көк теректер, жөкелер. Төменгі - аз күнсүйгіш формалар: үйеңкілер, алма ағаштары, алмұрт ағаштары. Одан да төмен деңгейде бұталар өседі: шәңкіш, бүрген, итбүлдірген, тағы басқа. Мүктер мен шөпті өсімдіктер ең төменгі деңгейді құрайды - топырақты жамылғылар.
Өсімдіктер өмірінде саңырауқұлақтар мен бактериялар маңызды орын алады. Үлкен көлемінің, тез көбеюінің және жоғары химиялық қарқынының арқасында олар тамырлар мен топырақ арасында зат алмасу процесіне едәуір ықпал етеді. Орман өсімдіктерінің тамырлық жүйелері топырақ азотына бәсекеге түседі.
3. Тұтастық және өзіндік қалпына келу
Экожүйені құрайтын популяциялардың өмір сүруі мен тіршілігі көптеген биотикалық және абиотикплық факторлармен реттеледі. Өмірлік маңызды органикалық қосылыстар және химиялық элементтер заттар айналымын құрайды. Өсімдіктер ортадан минералды заттарды алады, сонымен қатар тыныс алу үшін оттегі және фотосинтез үшін көмірқышқыл алады. Атмосфераға сол процестер негізінде және сондай көлемде көмірқышқыл газын және оттегі бөледі. Өсімдіктердің органикалық және органикалық емес заттары экожүйенің барлық популяциясындағы организмдерді қоректендіреді. Бұл қосылыстардың химиялық элементтері экожүйеден шықпайды, қорек байланыстары арқылы олар редуценттерге дейін жетіп, бастапқы минералды қосылыстар және қарапайым молекулалар күйіне оралады. Жасыл өсімдіктерді қоректендіретін күн энергиясы биоценоздың барлық организмдерінің тіршілігін қамтамасыз етеді.
Осылайша, заттар ағымы мен энергиялар экожүйенің тұтастығын қамтамасыз етеді - яғни оның организмдерінің бір-бірімен және табиғат ортасымен байланысын. Экожүйенің өзіндік қалпына келудің негізгі шарттары болып келесілер табылады:
- ортада қоректің және энергияның бар болуы (автотроф үшін - күн энергиясы, хемотроф үшін - химиялық энергия) ;
- организмдердің көбеюге деген қабілеттілігі; организмдердің табиғат ортасының химиялық құрылымы мен физикалық қасиеттерін құруға қабілеттілігі (топырақ құрылымын, судың мөлдірлігін) .
4. Экожүйенің тұрақтылығы
Табиғат экожүйесі ұзақ уақыт тіршілік ете алады. Сыртқы факторлардың үлкен ауытқулары кезінде де ішкі параметрлер тұрақтылық сақтайды. Осылайша, егер орман үстінде жауын-шашын көлемі 30%-ға төмендесе, онда жасыл өсімдіктердің көлемі тек 15%-ға төмендеуі мүмкін, ал алғашқы консументтер саны тек 5%-ға азаюы мүмкін. Экожүйенің ішкі параметрлерін сақтау қабілеті тұрақтылық деп аталады. Жағымсыз шарттарға төтеп беру қабілеті организмдердің төзімділігіне, олардың кең диапозонды шарттарда көбею қасиетіне байланысты және байланысқан ортада қорек көздерін ауыстыру мүмкінділігмен күшейе түседі.
Түрлер құрамының кедейленуінен экожүйенің тұрақтылығы төмендейді. Ең тұрақтылар - өмірге байланысқан тропикалық ормандар (8000-нан астам өсімдіктер түрі), жеткілікті тұрақты ормандар, орташа сызықтар (2000 түр), азырақ тұрақтылар тундралық биоценоздар (500түр), аз тұрақты мұхиттық аралдар экожүйесі. Одан да аз тұрақтылар - жидектік баулар, ал егін далалары адам қарауынсыз мүлдем тіршілік ете алмайды, олар тез арам шөптерге душар болады және құрт-құмырсқалармен жойылады.
5. Экожүйенің дамуы мен ауысуы
Экожүйенің тұрақтылығы салыстырмалы, өйткені уақыт ағымымен байланысты сырттқы шарттар өзгереді, сонымен қатарбиоценоз организмдерінің арақатынасының сипаттамалары да өзгереді. Экожүйенің өзгеруінің циклдық және ілгерілемелі түрлері ажыратылады.
Циклдық ауысулар табиғаттағы периодтық өзгерістермен байланысты - тәуліктік, сезондық және көпжылдық. Шөлейт жылдар ылғалдымен ауысады, соған байланысты шөлге төзімді немесе ылғалға төзімді организмдер популяциясының көлемі де өзгереді.
Ілгерілемелі өзгерістер көбірек созылады, көбінесе бір биоценоздың басқасымен ауысуымен көрсетіледі. Олар келесі себептермен болуы мүмкін:
- экожүйенің организмдерінің тіршілігінің ықпалы арқасында табиғат ортасының ауысуымен; бұзылғаннан кейінгі түрлердің арасындағы тұрақты қарым-қатынастардың орнатылуымен;
Орман - ең тұрақты экожүйе, өйткені онда көптеген әртүрлі түрлер шоғырланған. Кейбір ағаштар тұрақты экожүйені көрсетпейді. Қардан, желден қорғауыш ретінде отырғызылған ағаштардан күтпеген жерден тауқымет күтуге болады - ағаштар құрт-құмырсқалармен жойылады. Олармен күресу үшін аса тұрақты биоценоз жасалу қажет екен - құстардың ұялануы мен қоректенуі үшін керекті бұтақтарды отырғызу, өз ретінде бұл құстар құрт-құмырсқалар санын орманда 40-70%-ға азайтады.
Экожүйенің дамуының басқа себебі, организмдердің ықпалының арқасында абиотикалық ортадан басқа, түрлер арасында тұрақты қарым-қатынас орнату болып табылады. Бұл фактордың өте мәнді жағдайлары бірқалыпты жағдайдан ауытқу кезінде туындауы мүмкін. Ол жағдайлар, мысалы, орман өртімен туындауы мүмкін.
6. Орман шаруашылығы
Орман табиғат ресурстарының маңыздыларының бірі болып табылады және көптеген функциялармен қамтамасыз етеді, өсімдік әлемінің ең продуктивті формациясын көрсетеді. Берілгендерге жүгінсек жылдық биомасса өсімінің 35% шамасында біздің планетамыздың ормандарының үлесіне түседі.
Оның қазіргі экономиканың дамуында алатын орны басымды - ол құрылыс материалдарының кең ассортиментінің негізгі жабдықтаушысы болып табылады, және де отынның бірден-бір көзі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz