Азғыр ауылының экологиялық жағдайы алаңдатарлық мәселе



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қазақ тілі кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Арал, Семей экологиясы

Орындаған:
Дуйсенбиев Алибек

Тобы: НДБ – 04 – 8р

Тексерген: Монтаева А. М.

Алматы 2005
Соңғы кездерi бұқаралық ақпарат құралдары нашарлап бара жатқан экологиялық
ахуал туралы жиi айтуда. Бұл бiр ғана Қазақстан емес, бүкiл әлем елдерi
назарын аударып отырған күрделi проблемаға айналды.
Бiздiң жерiмiздiң қойнауы тек қазына, байлық емес, ол қазiр түрлi улы
газдар, күкiрттi сутегi және өзге де тiршiлiкке қауiптi химиялық
қосылыстарға да бай. Мұның барлығы адам денсаулығына керi әсерiн
тигiзуде. Уланған топырақта өскен өсiмдiк, онымен қоректенген жануар
айналып келгенде — адам азығы. Демек, адамзат өз өмiрiне қатерлi ортаны өзi
жасап отыр.
Елiмiзде жүргiзiлген экономикалық өзгерiстердiң барлығы экологиялық
жағдайды қорғау саясатынсыз iске асты. Осыдан келiп, Экономикадағы
экологиялық жендеттiк синдромы пайда болды. Кеңес Одағы тұсында Бiз
табиғаттан рақымшылық күтiп отырмаймыз. Оның бермегенiн тартып аламыз
деген солақай тұжырым жасалғаны белгiлi. Бұл адамзаттың қалыптасқан табиғи
жағдайларға қарсы шығып, оны өзiне бағындыру әрекетiнiң бастауы болды.
Мұның ақыры неге әкелгенi баршамызға аян.
Ғылыми-техникалық жетiстiктерiмiз бiр жағынан мақтаныш болғанымен,
оның да экологияға тигiзiп жатқан керi әсерi бар. Қырық жыл бойы Семейде
ядролық қару сыналуы, әлi де Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшып жатқан
зымырандардың айтарлықтай зардабы бар екенi баспасөз беттерiнде жиi айтылып
жүр. Қазақстандағы экологиялық жағдайдың төмендiгiнiң бiр көрiнiсi — Арал
теңiзiнiң тартылуы. Айдыны тартылған соң ғана Арал тағдыры – адам тағдыры
деп көңiл аудара бастадық. Өткен жылдан берi Арал теңiзi мен Сырдария
өзендерiнiң арналарын ретке келтiруде бiршама жұмыстар атқарылды. Бүгiнде
олардың тiршiлiгi қайтадан жанданып келедi. Алайда, бұрынғы деңгейге жету
үшiн әлi де көп уақыт қажет. Соңғы кезде бұл өңiрден экологиялық апатты
аймақ мәртебесiн алып тастау туралы мәселе көтерiлген. Арал апат аймағы
мәртебесi әзiрге күшiнде қалады деген материалда не жайында айтылатыны
тақырыбынан–ақ белгiлi. Журналист теңiз проблемасын жалаң түрде баяндамай,
бұл аймаққа бiр топ жауапты қызметтегi адамдардың келгенiн, Арал
экологиялық апат аймағынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау
туралы заңның күшiнде қалатыны мен оның кемшiн тұстарын да атап өтедi.
Автор жиi айтылатын Аралдың экологиялық жағдайын емес, аталған заңның әлi
де жұмыс iстейтiнiне басты назар аударған.
Теңiздiң тартылуы, жағадағы улы тұздардың ұшуы барша адамзатқа төнген
қауiп. Оның зардабын Қазақстан халқы ғана емес, көршi елдер де тарта
бастады. Осыдан келiп бұл проблеманы шешу жолға қойылды. Экологиялық,
экономикалық, әлеуметтiк факторларда жақсарту бағдарламалары қабылданды.
Олардың нәтижесi ендi байқалып келедi.
Автор материалында делегацияның Аралға келген сапарынан бастап,
жасаған қорытындысына дейiн түгел баяндауы әрi оны қарапайым тiлмен
көпшiлiкке жеткiзе бiлуi материалдың сапасын арттырған. Оқырман аталған
заңның әлi де күшiнде екенiн бiлiп қоймай, облыстың жалпы жағдайымен де
таныс болады. Оған дәлел Оңтүстiк Торғай ойпатынан табиғи газ өткiзiп,
Қызылорда қаласын көгiлдiр отынмен қамтамасыз ету осы өмiрге көп
жеңiлдiктер әкелдi деген ойы. (Пiрназар С. Арал апат аймағы мәртебесi өз
күшiнде қалады. ЕҚ., 27.02.04). Журналист айтар ойын, келтiрер
деректерiн бәрiн бiр-бiрiне сабақтастырып берген. Егер автор тек Аралдың
экологиялық жағдайын ғана жазса, ол ешкiмдi қызықтырмас едi. Себебi, бұл
туралы жиi айтылып та, жазылып та жүр. Ал бұл жерде әлеуметтiк
проблемаларды жазу арқылы оқырманның қызығушылығын туғызған.
Бүгiнде Арал теңiзiнiң арнасы көтерiлiп келедi. Алайда, бұл
Қазақстанның экологиялық проблемасы шешiлдi деген сөз емес. Көптеген өзен,
көлдердiң тартылып, орны сорға айналуда. Соның бiрi Балқаш көлi... Табиғатта
барлығы бiр – бiрiне байланыста. Сондықтан, өзендердiң тартылуы, жердiң
жағдайына әсер етпей қоймайды. Ал қазiргi таңда жердiң ахуалы қандай екенi
түсiнiктi. Оның құнарлығы төмендеп, топырақтың жел және су эррозиясына
ұшырап, ылғалдылығы жойылып, орнын тұз басуда. Ғалымдар 18 см құнарлы қабат
жасау үшiн табиғатқа жетi мың жыл уақыт керек екенiн дәлелдедi. Бiз болсақ
түрлi жұмыстар жүргiзiп, санаулы жылда оны бар нәрiнен айырдық. Ендi осы
олқылықтың орнын толтыру мақсатында жұмыс iстелуде. Соның бiрi Бүкiләлемдiк
Банкпен бiрлесе отырып, 2003 жылы Қуаң жерлердi басқару жобасының
қабылдануы. Осы жобаның аясында жердi органикалық, минералдық
тыңайтқыштармен байытып, шығымдылығын арттыру жұмыстары жүргiзiлуде.
Жердiң тозуы мен шөлге айналуы қазiргi кездегi жаһандық экологиялық
проблеманың бiрi болып саналады. Ғасырлар бойы қалыптасқан табиғи,
экологиялық, әлеуметтiк жағдайларды ескермей жер пайдалану жүйелерiн күшпен
енгiзудiң ақыры осыған әкелдi. Тың және тыңайған жерлердi игеру экологиялық
– биологиялық тепе-теңдiктiң бұзылуына себеп болды. Сол жылдары Қостанай,
Ақмола, Солтүстiк Қазақстан, Көкшетау және Павлодар облыстарында жыртылған
жердiң көлемi 600 мың шаршы км. асқан. Қазақстанның 26 млн. гектар тың
жерi игерiлiп, соның салдарынан.
8 млн. құнарлылығын жоғалтып, айналыстан шығарылды (Назарбаев Н
Көтерiлген тың – достық пен жасампаздықтың белгiсi ЕҚ., 07.02.04).
Осынша үлкен алқаптың соқаға тырналуынан келген зардаптың орны әлi толған
жоқ. Кейiнгi жылдары түрлi техногендi факторлардың әсерi онсыз да
құлдыраған жердiң жағдайына тiптен керi әсерiн тигiздi.
Жер бүгiнгi таңда негiзгi табыс көзiне айналып отыр. Сондықтан, оны
аяусыз пайдаланып, бойындағы бар нәрiн сатудамыз. Жыл сайын дақылдың бiр
түрiн ғана егу, оның iшiнде көбiнесе пайдасы мол болғандықтан мақта өсiру,
қажеттi мөлшерде тыңайтқыштар сеппеуiмiз де жердiң құнарлығын азайтуда.
Баспасөз беттерiнде жердiң экологиялық проблемасын көтерген
жарияланымдарда осы туралы да айтылған. Соның бiрi Егемен Қазақстан
газетiнiң 2004 жылғы 10 наурыздағы санында басылған Ауылды дамытуға
қажеттi қызмет деген мақала. Мұнда автор ауыспалы егiс жүйесiн енгiзудi,
сол арқылы мал азығы дақылдарын ұдайы егiп отыруды ұсынады. Сөйтiп, мал
басын өсiру, оны асылдандыру жұмыстары нақты нәтижелер берер едi дейдi.
Ауыспалы егiс жүйесiне көшу — әлемдiк тәжiрибеде пайдалылығын көрсеткен
әдiс. Тыңайған жер келесi маусымда мол түсiм беретiнi бәрiмiзге ақиқат.
Ендеше автордың ұсынысы өте орынды.
Сонымен қатар мақала авторы жаппай мақта екпей, бұршақ тұқымдас
дақылдарға көшу қажеттiгiн айтады. Бұл да орынды айтылған пiкiр. Себебi,
бұршақ егуден жерлерде құнарлылық артып, табиғи азот тынайтқышы молая
түседi (Осы материалдан). Автор агроном, яғни осы саланың маманы
болғандықтан оған жердiң жағдайы мен оны қалпына келтiру жолдары мәлiм.
Мақаланың тартымды шығуына бұл да ықпал еткен. Оқырманға берер мағлұмат,
кеңесi мол. Тек тақырыбы мақаланың мазмұнын аша алмаған. Автор Ауылды
дамытуға қажеттi қызмет — фермерлер үшiн арнайы дайындық курстарын ашу
керек екенiне қысқаша ғана тоқталған. Ал басты назарды жердiң қазiргi
ахуалына, оны шешудiң жолдарына аударған. Мақалда айтылар идея, ой құнды.
Мұнда айтылатын ауыспалы егiстiкке көшу жердiң тыңайуына ықпал ететiн
бiрден-бiр фактор. Адам қолы араласпаған жағдайда жер табиғи түрде тыңайып,
құнарлылығы артады. Шаруа ойдағыдай етiп өнiм алу үшiн әртүрлi химиялық
қосылыстарды пайдаланатыны анық. Ал олар бiржағынан пайдасы болса, екiншi
жағынан зиянды.
Осы орайда мына деректерге сүйенсек: 1993—2002 жылдары егiстiк
жерлерде жүргiзiлген мониторинг нәтижесiнде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі замаңғы экологиялық проблема
Арал теңізінің экологиясы жайында
Экономикадағы экологиялық жендеттiк синдромы
Радиэкология және биосфера
Жалпы экологияның қысқаша тарихы
Экологиялық білім және тәрбие бағыттары
Маңғыстау облысының ауыр металдармен ластануы
Жер ресурстарын пайдалану мәселесі
Батыс Қазақстан облысының топырақ картасы
Ғарышты игеру
Пәндер