Ақжар мұнай кен орнын игеру әрекетіне бөлінген территория


АНДАТПА
«Ақжар мұнай кен орнының технологиялық сипаты» - деп аталатын дипломдық жоба Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы территориясында орналасқан Ақжар кен орнына қатысты мәліметтер, соның ішінде, әкімшілік - территориялық бөлінуі, географиялық орналасуы, геологиялық құрылымы, Ақжар кенорнының зерттелуі, мұнайлылығы және мұнайдың физикалық - химиялық сипаты, игеруге дайындау және игеру және нормативтік шаралары, Ақжар кен орнын игерудің экономикалық сипаттамасы қарастырылған.
Дипломдық жоба мұнай және газ өндірісіне қатысты факультеттерде оқитын студенттерге, Қазақстанның жер асты қазба байлықтарын зерттеумен айналысатын мамандарға, сол сияқты көпшілікке тиімді материал ретінде ұсынылады.
АННОТАЦИЯ
Дипломный проект “Технико-экономическое обоснование разработки месторождения Акжар” составлен по материалам собранных с нефтяного месторождения Акжар расположенного в Байганинском районе Актюбинской области. В проекте расмотренно административно-территориальное, географическое расположение изученность нефтяного месторождения. Также его нефтеносность и физическое-химическое свойство нефти подготовка эксплуатации и разработка месторождении. В экономической части проекта рассчитаны все технико-экономические показатели по разработки месторождении.
Дипломный проект предлагается как полезный материал студентам факультетов связанных с нефтяной отраслью, специалистам изучающих полезные ископаемые Казахстана.
МАЗМҰНЫ
К І Р І С П Е6
1 Ақжар мұнай кенорнының технологиялық сипаты8
1. 1 Ақжар кенорнының геологиялық құрылымы9
1. 1. 1 Географиялық және әкімшілік жағдайы9
1. 1. 2 Ақжар кен орнының зерттелуінің тарихы10
1. 1. 3 Геологиялық -стратиграфиялық кескін және геологиялық құрылымның ерекшеліктері11
1. 1. 4 Акжар кенорнының мұнайлылығы және мұнайдың физикалық - химиялық сипаты15
1. 1. 5 Мұнай қорлары және кен орынды өнеркәсіпті игеруге дайындау16
1. 1. 6 Техтоника17
1. 1. 7 Топырақ жамылғысы19
1. 1. 8 Су ресурстары20
1. 2 Кен орнын барлауға дейінгі бағдарлама20
1. 3 Кенорнын игеруді жоспарлау21
1. 3. 1 Игерудің объектілерін белгілеу21
1. 3. 2 Кен орнын пайдалану тәртіптемесі24
1. 3. 3 Мұнай өндірудің динамикасы24
1. 3. 4 Эксплуатациялық бұрғылау бағдарламасы26
1. 4 Жер бетіндегі құрылыстың жобасы26
1. 4. 1 Пайдаланушы ұңғыма сағалардың құрылысы26
1. 4. 2 Мұнай мен газды жинау жүйесі және өлшеуіш қондырғылар26
1. 4. 3 Мұнайды дайындау қондырғысы (МДҚ) 27
1. 4. 4 Қабат қысымын ұстап тұру жүйесі28
1. 4. 5 Сыртқы коммуникациялар28
1. 4. 6 Мұнай өндірудің технологиясы29
2 Экономикалық сипаттамасы32
2. 1 Өндіріс шығындары және өнімнің өзіндік құны. 32
2. 1. 1 Мұнай және газды өндірудің өзіндік құны33
2. 1. 2 Өндірілетін өнімнің өзіндік құны35
2. 1. 3 Өндіріс шығындары төмендеуінің негізгі бағыттары37
2. 2 Ақжар кенорнын игерудің экономикалық болжамы38
3 Қоршаған орта мен еңбекті қорғау60
3. 1 Жалпы ереже60
3. 2 Үстіңгі қабатының ластануынан қорғау61
3. 2. 1 Кәсіпорынның қатты қалдықтары61
3. 2. 2 Үстіңгі қабатты ластанудан қорғау шаралары62
3. 2. 3 Қатты қалдықтарды орналастыру үшін төленетін төлемді есептеу63
3. 3 Ауа алабының күйі65
3. 3. 1 Атмосфераны ластаудан қорғау66
3. 3. 2 Зиянды заттардың шығарылу көздерін түгендеу66
3. 4 Радиациялық ахуал және олдарды бағалаудың критерийлері67
3. 4. 1 Радиацияның қауіпсіздік шаралары69
3. 5 Су ресурстарын қорғау70
3. 5. 1 Судың физикалық - химиялық құрамы70
3. 5. 2 Сулардың ластануы72
3. 5. 3 Жерасты сулары72
3. 5. 4 Жерасты суларын қорғау жөніндегі ұсыныстары73
3. 6 Қауіпті геоэкологиялық процесс74
3. 7 Топырақтың мұнай өнімдерімен ластануы75
3. 7. 1 Ақжар кенорнының топырағын қорғау шаралары77
3. 7. 2 Жер қойнауын қорғау шаралары77
3. 8 Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы78
3. 8. 1 Өнеркәсіптік объектінің төтенше жағдайларды жекелеу және жоюға дайындықты қамтамасыз ету79
3. 8. 2 Ақжар кенорнында апаттың пайда болуына және өршуіне әсер ететін негізгі факторлар мен себептер79
3. 8. 3 Апаттың тәуекелін азайтуға қолданылатын шаралар81
3. 8. 4 Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі техникалық шешімдер83
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы85
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі87
К І Р І С П Е
Әлемдегі кез-келген мемлекеттің өмір сүру деңгейі минералды ресурстарды рациональды түрде тиімді пайдалана білуіне тікелей байланысты. Дегенмен, әлемнің барлық елдері осы мүмкіндікті толық пайдалана алмай отыр.
Қазақстан табиғи ресурстардың ең үлкен потенциалына ие. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев жер асты табиғат байлықтарын игеру еліміздің гүлденуі мен көркеюі еліміздің экономикалық дамуының, өсіп өркендеп өркениетті елдер қатарына енудегі ең басым бағыттарының бірі ретінде атап өтті. Бұл ой барлық басымдықтардың ішінде қызыл сызықпен белгіленіп ерекшеленеді. Ол өзінің Қазақстан халқына жолдауындағы (2001 жыл, көкек) жолдауында:
Біздің стратегиямыздың басты элементтерінің бірі: «ұлттық тәуелсіздігімізді және еліміздің кең-байтақ территориясының тұтастығын қорғаудың сенімді негізігі көзі болып табылатын бай табиғи ресурстарымызды игеру.
Экономикалық басымдылық: «Біздің энергетикалық және басқа табиғи байлықтарымызды игеру жалғасатын болады. Оның мақсаты - тек экономикалық өсуге ықпал ететін экспорттан пайда табу ғана емес, сонымен қатар еліміздің саяси тұрғыдағы тұрақтылығын, сол сияқты ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады».
Бүгінгі таңда еліміздегі мұнай, көмір, қара және түсті металл рудалары, фосфориттер республикамыздың ұзақ мерзімді қажеттілігін қамтамасыз ете алады. Қазақстанның жер асты байлығы ТМД елдеріндегі мұнайдың жалпы запас қорынан 60%, вольфрамның, 50%, қорғасынның, 40% мырыш пен мыстың, 30% бокситтің, 25% фосфориттің, 15% темір рудасының, 10% жоғары көмірдің, 90% хромның запас қоры болып табылады. Алтын запасынан еліміз әлемдегі елдердің ішінде алтыншы орынды иемденсе, алтынның рудадағы құрамы жағынан ЮАР-дан кейін екінші орында.
Қазақстан мұнай және газ қорының запасы жағынан әлемдегі алдыңғы қатарлы орындарда. Мамандардың бағамдауы бойынша Батыс қазақстандық аймақтағы, соның ішінде Каспий жағалауы жақын арада әлемдегі ең ірі мұнай өндіруші және жеткізуші бола алады. Зерттеу нәтижелері бойынша Каспий теңізі қайраңындағы мұнай қорының запасы 7 млрд. т. газ немесе 22, 5 трлн. м куб. құрайды.
Осы жұмыстың негізгі тақырыбы болып отырған Ақжар кен орны Каспий маңы ойпатының тұз күмбезді ауданында орналасқандықтан бұл геологиялық аймақтың ауданына шөгінді жабындылары жоғары бөлігінің құрылымы мен құрылысының ерекшеліктерімен сипатталады. Ақжар мұнай кен орнын игеру әрекетіне бөлінген территория.
Дипломдық жоба Ақтөбе облысы Байғанин ауданындағы Ақжар кен орны туралы толық мәліметтермен таныстыра отырып экономикалық тұрғыдан негіздеме беру арқылы дайындалған. Ақжар мұнай кен орнын өндірістік игерудің қысқа және ұзақ мерзімділігі Қазақстан Республикасының мүдделігіне сәйкес жүргізіліп отыр.
Техникалық-экономикалық негіздеменің мақсаты - Ақжар мұнай кен орнын игеру және пайдалануға дайындау бойынша инвестицияның тиімділігін талдау болып табылады.
Ақжар кен орнының өндірістік қабаттарын бұрғылау үшін мұнай компаниясы кенішті өндірістік жағынан игеру және оны дайындау жұмыстарын кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл жобаға салынатын инвестиция көлемі пайдаланылатын объектілердің түрлері мен мұнай өндірісі кешенінің негізгі элементтерінің шығындарына байланысты болады. Мұнай және газды өндірудің өзіндік құнын қалыптастыру органикалық геологиялық барлаудың, мұнай кенорындарын игерудің, ұңғыларды пайдалану мен мұнай кәсіпшілігінің шаруашылығының күрделі және көпжақты үдерістердің кешенімен байланысты қарастырылған.
Дипломдық жобаның жаңалығы. Рентабельдікті қамтамасыз ететін өндірілген өнімнің жылдық көлемін анықтау және инвестициялық жобаның пайдалылығын барлық деңгейде талдау жолдарын ұсыну болып табылады.
1 Ақжар мұнай кенорнының технологиялық сипаты
Әкімшілік бөлінуі жағынан Ақжар алаңы Байғанин ауданы Ақтөбе облысы Қазақстан Республикасының құрамына кіреді.
Ақжар кенорнының ауданы халықтың ең төменгі тығыздығымен сипатталады. Ақжар және Жем сияқты барлық қоныстанған пункттер кен орнынан 15-20километр қашықтықтағы Ембі өзенінің жазығында орналасқан. Бұлақтыкөл кеңшары ғана солтүстікке қарай 7 км қашықтықта орналасқан. Байғанин ауданының орталығы Қарауыл-Келді, алаңнан солтүстік - батысқа қарай 90-100км қашықтықта орналасқан. Ақтөбе - Атырау бағытында жақын арадағы теміржол станциясы болып табылады, . Ұзаққа созылған өңдеуден кейін уақытша тоқтатылған Шұбарқұдық және Жақсымай мұнай кәсіпшіліктері солтүстікке қарай 125-135км қашықтықта орналасқан, ал жұмыс істеп тұрған Кеңқияқ және Жаңажол мұнай кәсіпшіліктері солтүстік - шығысқа қарай 60 - 70км қашықтықта орналасқан. Жақын арадағы іс-әрекеттегі мұнай құбыры Жаңажол кәсіпшілігінің аумағында орналасқан. Кен орны барлық қоныстанған аудандармен жақсы қара жолдар арқылы байланысқан. Байғанин, Кеңқияқ және Қарауыл-Келді сияқты ірі аудандары Ақтөбе облыстық орталығымен әуе жолдары арқылы байланысқан.
Жақын арадағы әуежай Ақтөбе қаласының облыс орталығында орналасқан. Мұнда үнемі Алматы, Астана, Атырау, Москва қалаларына рейстер жасалынып тұрады.
Ақтөбе облысы Қазақстанның өнеркәсіптік дамыған аумақтарының бірі болып табылады. Аумақта ең ірі экспорттық бейімделген кәсіпорындар - ААҚ «СНПС - Ақтөбемұнайгаз», «Феррохром», «Донской ГОК», «Ақтөберентген», «Хромдық қосылыстардың Ақтөбе заводы» жақын жатқан және алыс жатқан шетелдердің нарықтарында белгілі.
Қарастырылып жатқан ауданда Бақтыбай, Қаратөбе, Көкжиде, Алибек мола, Синельниковское, Жаңажол және т. б. мұнай және газ кенорындары өндірілді. Солтүстік - шығысқа қарай 60км қашықтықта МГӨБ «Кенқияқмұнай» орын алған. Одан Атырау - Орск (кенорнынан солтүстік - батысқа қарай 1000 км қашықтықта) негізгі құбырының N 6 ОАС -на дейін құбыр салынды.
Пайдалы қазбаларына мұнай мен газдан басқа сенондық (Ақтөбе жырасы) құрылыс материалдары (құмдар, суглиналар, өте қатты құм тастар) кіреді. Сенондық саздар жақын маңындағы кенорындарды өндіруге арналған бұрғы ерітінділерін дайындау үшін қолданылуы мүмкін.
Жергілікті халқының саны 24, 7 мың адам. Айналысатын кәсібі - мал шаруашылығы, яғни шөлейтті далалы жерлер жайылымға ыңғайлы.
1. 1 Ақжар кенорнының геологиялық құрылымы
1. 1. 1 Географиялық және әкімшілік жағдайы
Әкімшілік бөлінуі жағынан Ақжар алаңы Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысының Байғанин ауданында орналасқан. АИ N 1549 ( мұнай) сериясының жер қойнауын пайдалану құқығының лицензиясына ие. Геологиялық бұрмағы бойынша Ақжар кенорнының бұрыштық нүктесінің координаторы төмендегідей:
Кесте 1 - Ақжар кенорнының бұрыштық нүктесінің координаторы
- 48°09′ 30" 56°32′ 47"
8. 48°08′ 08" 56° 35′ 56"
- 48°09′ 24" 56°33′ 35"
9. 48°07′ 45" 56° 35′ 00"
- 48° 09′14" 56°33′45"
10. 48°06′ 45" 56° 34′ 45"
- 48° 09′17" 56°34′ 30"
11. 48°07′ 10" 56° 34′ 45"
- 48° 08′ 46" 56°34′ 32"
12. 48°07′ 17" 56° 34′ 10"
- 48° 09 ′06" 56°33′ 35"
13. 48°07′ 32" 56° 34′ 12"
- 48° 09′ 13" 56°32′ 28"
14. 48°07′ 25" 56° 34′ 45"
- 48° 08′ 03" 56°35′19"
15. 48°07′ 40" 56° 34′ 45"
Геологиялық кескіннің жалпы ауданы 3, 807 км2. Аудан екі оңаша бірдей көлемді (1 және 2) участкілерден тұрады. Географиялық жағдайда Орал асты үстіртінің шегінде орналасқан, шығыста Мұғаджар таулары (Ақжар блогынан батысқа қарай 130- 40 км. ) Каспий маңы ойпатының арасында орналасқан тау алды жазықтықтың бөлігі болып табылады. Территория Ақжар учаскесінен (тура бағытпен ≈ 10км-де оңтүстік-шығыс бағытында ағып жатқан Ембі өзеніне бағытталған су ағары бар жыраларға бөлінген әлсіз төбешіктелген шөлейтті дала болып табылады. Ақжар ауданы шығыс және оңтүстік-шығысқа қарай Ақжар сайына еңкейген. Бұл сайдың тік солтүстік - шығыс және жатық оңтүстік - батыс беткейлері бар (1, 5 -2, 0 км-дей) .
Солтүстік жағында жыраның оң жақ беткейі сенондық саздардан құрылған. Бұл сазбалшықтар барлау жұмыстары және құрылымды - іздеуші ұңғылар үшін сазды ерітіндіні дайындау үшін қолданылады.
6-7км қашықтықты оңтүстік - батыс бағытында жазықты Құрсай сайы қиып өтеді де, оңтүстігінде Бүкембай құмдарымен аяқталады. Алаңнан шығысқа қарай Мойынқұм құмды шағын массив орналасқан.
Аудандағы бедерінің абсолютті белгілері (+160) - (+210) м деңгейде тербеледі, ал бедерінің салыстырмалы артықшылығы 60 - 70м құрайды.
Бұл аумақ ауа температурасының тәуліктік және маусымдық тербелістердің үлкен амплитудасының қатаң континентті климатымен сипатталады.
Қысы қоңыр салқын және қары аз жауады. Ең суық ай - қаңтар (қаңтардың оташа температурасы -14° С), көбінесе жауын - шашын көп мөлшерде күздің соңғы жартысында түседі.
Жазы ыстық, құрғақ, жауын - шашын жылы кезеңдерде аз түседі (100 - 150мм-ден аз) . Температура +30 - +40° С-қа көтеріледі.
Орогидрографиялық жүйе әлсіз дамыған. Ақжар ауданының орталығында ағынсыз Қоскөл көлін санамағанда, жалпы ауданда үнемі болатын су ағындары жоқ.
Көлдің сулары көктемдегі еріген сулардан тұщы болады, ыстық кезеңдері тартылмайды және Ақжар мұнай өндіру кәсіпорнының техникалық қажеттіліктеріне пайдаланылуы мүмкін.
Ақжарсай сайы суға көктемде ғана толады.
Қатаң климаттық жағдайлары өсімдікке және жануарлар әлемінің кедейлігіне және біркелкілігіне үлкен әсерін тигізеді. Ағаш өсімдіктері өте аз. Қоныстанған пункттерде көкөніс шаруашылығы дамыған.
Жыртқыш аңдардан қасқыр және түлкілер кездеседі. Қояндар мен тышқандардың түрлері өте көп. Үй жануарларынан ірі малдар, қой, түйе, жылқы өсіріледі.
1. 1. 2 Ақжар кен орнының зерттелуінің тарихы
Қазіргі кезде белгілі тұз күмбезді Ақжар құрылымының орнында 1950 жылдары шағын гравитациялық ауытқу анықталды.
Гравиметриялық зерттеулерден кейін жүргізілген геологиялық түсіру жұмыстары тұз күмбезінің барын анықтай алмады. Ақжар тұзды күмбез құрылымының нақты ашылуы 1960жылы МОВ сейсмикалық жұмыстары іске асырылғаннан кейін болды.
1961 жылы ІV -ІV аймақтың кескініндегі құрылымдық - іздеуші ұңғыларды бұрғылау кезінде сейсмикалық барлаудың деректері расталды және Ақжар мұнай кен орны ашылды. Содан кейін Ақжар ауданын қарқынды зерделеу басталды. МОВ, КМПВ, МРНП сейсмикалық жұмыстары Ақжар құрылымының аумағында тұз үстіндегі кешенінің деформациялық ерекшеліктері туралы көріністерін айқындауға мүмкіндік берді.
Аудандағы сейсмикалық зерттеулер мен тұзды күмбездің тереңдігін картаға түсірумен қатар, құрылымдық геологиялық түсірулер жүргізілді. Бұл түсіру күмбездің дөңестелген бөлігін ғана емес, сонымен қатар оған жалғанған күмбез аралық депрессияны да қамтыды. Алынған төрттік беттің геологиялық картасы құрылымдық - іздеуші бұрғылауға негіз болды. Бұл жұмыстың нәтижелері бойынша, сондай-ақ аудандық профилдік қиылысулардағы құрылымдық бұрғылаудың берілгендері бойынша Ақжар мұнай кен орны ашылды деуге болады. Оңтүстік - шығыс қанатының юра горизонтында және солтүстік қанатының төменгі борлы горизонтындағы мұнай кеніштері контурланды. Бұл Ақжар құрылымын терең іздестіріп бұрғылауына дайындауға мүмкіндік берді.
Ақжар алаңында арт және төменгі триас мұнай бергіш қабаттарын анықтау және күмбездің геологиялық құрылысының кейбір бөлшектерін айқындау мақсатымен барлаудың аяқталу сатысында құрылымдық және іздестіріп бұрғылау жұмыстары өткізілді.
Терең іздеуші (1, 2, 3, 4, 7) және барлау (5, 6, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27) ұңғымаларын бұрғылау жұмыстары және сынау жұмыстары триас, юра және төменгі бор өнімді қабаттарының өнеркәсіптік мұнай бергіштігін белгілеуге мүмкіндік берді. 1966 жылы геологиялық барлау жұмыстарының барлық мәліметтері өңделді, мұнай қоры саналды және ГКЗ СССР мен бекітілді. Жоғарыда айтылған құрылымды дайындау және зерттеу, мұнай кеніштерін зерделеу үшін өткізілген және кен орынды өнеркәсіптік игеруге дайындау үшін толығымен қолданылған жұмыстардан басқа, Ақжар алаңында өте терең перспективалық құрылымдарды аудандық, тематикалық, алаңдық сейсмикалық зерттеулер өткізілді.
80-ші жылдары Ақжар аумағында табиғи шайырлар мен жоғары тұтқырлы мұнайды іздеу жұмыстары өткізілді. Бұл жұмыстар Ақжар күмбезінің альб шөгінділерінде табиғи шайырының кен орнын табуға мүмкіндік берді.
90-шы жылдары кен орнында алдын-ала барлау жұмыстары өткізілді және табиғи шайырдың қорлары саналды.
1. 1. 3 Геологиялық -стратиграфиялық кескін және геологиялық құрылымның ерекшеліктері
Ақжар мұнай кен орнының ауданы өзіне - Ақжар тұз күмбезді құрылымын сыйдырады және ол 12, 3 х 8, 9км өлшеміне тең болады. Тұз үсті мұнай кенорны тұз күмбезді құрылымының территориясынан кіші болып келеді.
Орографиялық жағдайда Ақжар ауданы шығыстағы Мұғаджар таулары мен батыста Каспий маңы ойпатының арасындағы Орал асты үстіртінің шағын учаскесінде орналасқан.
Геморфологиялық жағынан бұл аз төмпешіктелген шөлейтті дала, яғни бұл дала Ембі өзенінің бағытына қарай су ағыны бар жоталы жүйемен бөлінген. Ақжар ауданының шекараларында жер бедерінің абсолютті белгілері +160м-ден +230м шегінде тербеледі, яғни ұзындығының артықшылығы 60-70м құрайды. Бұл жер бедерінің шағын бөлшектенуін көрсетеді. Ақжар ауданынан шығыс және оңтүстік-шығысқа қарай Мойынқұм құмдарының массиві, ал оңтүстікке қарай Бөкембай құмдары орналасқан. Ақжар кен орны Каспий маңы ойпатының тұз күмбезді ауданында орналасқандықтан бұл геологиялық аймақтың ауданына шөгінді жабындылары жоғары бөлігінің құрылымы мен құрылысының ерекшеліктері тиесілі.
Бұл аймақтың бөлігі ірі шөгінді жабындылардың бар болуымен сипатталады (8 - 9 км) . Бұл жабу кунгур гидрохимиялық шөгінділерімен 2 қалыңдыққа бөлінген: тұз үстіндегі және тұз астындағы қалыңдықтар.
Гидрохимиялық шөгінділерден жоғары орналасқан ойыстың шығыс ернеу маңының литологиялық-стратиграфиялық тілігінің сипаты ойыстың басқа бөлшектерінің бір жасты қалыңдығына жақын.
Тұз үстіндегі кешенінде жоғары пермдік, төменгі триас, юра, мел, палеоген шөгінділері жақсы зерттелген және стратиграфиялық жеткілікті дәрежеде негізделген. Литологиялық олар терригендік - кесекті ( континентальді және теңіздік), аз мөлшерде карбонатты шөгінділер ретінде көрсетілген.
Жоғары тұз үстіңгі қалыңдықтың құрылысы дисгармониялық галокинетикалық деформациялармен шартталған Каспий маңы ойпатының шығыс күмбездердегі тұзды өзектерінің қалыптасуының негізгі кезеңі ертедегі триастың басында аяқталды. Сондықтан жиі-жиі тікелей күмбездің тұзды өзектердің апикалды бөліктерінің бетінде триас, сирек, юра немесе бор жасының терригендік шөгінділері орналасқан. Ойпаттың үлкен бөлігінде юра және бор қалыңдықтары деформацияланған, төрттікке дейінгі бетінің геологиялық картасында анық байқалады. Тұзды күмбезді техтоникасымен жаратылған жергілікті құрылымдардың арасында оң - тұзды белдіктер, тұзды күмбездер, тұзды штоктар, түбірсіз күмбезаралық құрылымдар, теріс-күмбезаралық депрессиялар, ауытқымалы белсенді мулдалар, тұндырылған төбе үстіндегі мулдаларға бөлінген. Ақжар тұзды күмбезінен басқа, мынадай тұз күмбезді дөңестер белгілі: Құрсай, Тасшы, Байғанин, Шоқыркөл, Илеймесаймақ, Бұлақтыкөл, Солтүстік Мойынқұм және т. б.
Аймақтық жағдайда тұз бетіндегі техтоникалық және құрылымдық сұлбада Құрсай, Илеймесаймақ, Қоздысай, Бозоба, Уанқарағанды тұз күмбезді құрылымдардың тұзды өзектері, сонымен қатар Ақжар тұзды күмбезінің өзегі тұзды тізбегінің жоғары бөлігінің кампаны болып табылатыны көрінеді. Бұл тізбектер Каспий маңы ойпатының шығыс бортына субпараллельді бағдарланған. Ойпаттың шығыс ернеу маңындағы тұз үстіндегі тілігінде жыныс коллекторлары және қабат - флюидоупорлар горизонттары, яғни көмірсутектер жиналуының қалыптасуына қолайлы жағдайлар бар. Ақжарға тектес жақын Қаратөбе тұз үстіндегі кен орны оңтүстікке қарай 80-км-де орналасқан, тұз үсті күмбезінің оңтүстікке қарай Кеңқияқ -Мортун тобы солтүстік - шығысқа қарай 70км-де орналасқан.
Стратиграфия және литология - Ақжар ауданының шегіндегі тұз кешені әртүрлі құрылымдық жағдайларда іздеу және барлау ұңғымаларымен өтті. Тұз үстіндегі қалыңдықтың өнімді бөлігі барлық стратиграфиялық бөлімшелермен көрсетілген, қысқаша стратиграфиялық және литологиялық сипаттамасы төменде келтірілген:
Палеозой шөгінділері Пермь жүйесінің төменгі және жоғарғы бөлімдерімен көрсетілген төменгі Пермь -Р1, кунгур ярусы - Р 1 кд - бұл өте ескі шөгінділер болып табылады. Олардың тұз үстіндегі кен құрылымы мен қалыптасуының ерекшеліктеріне тікелей қатынасы бар. Кунгур ярусы 2 таңбалық емес қалдықтармен көрсетілген. Төменгі - галогенді қалыңдық ангидрит және терригенді жыныс қабатшалары бар тас тұзынан құрылған (негізінен төменгі бөлігінде) . Тіліктің жоғарғы бөлігі - сульфатты - терригенді текше ақ кристалды гипс қосындысынан тұратын аргиллит қабатшасы бар ангидриттер ретінде көрінеді. Гидрохимиялық шөгінділер қабаттың қайта бөлу нәтижесінде қатты деформацияланған, сондықтан галогенді қабатының қалыңдығы бірнеше ондық метрден күмбезаралық депрессияларды 3, 5 мың метрге дейін күмбездегі тұзды өзекшенің жоғары орналасқан бөлігінде тербеледі. Сульфатты - терригенді текшенің қалыңдығы 4 метрден 29 метрге дейін тербеледі.
Жоғары Пермь - Р2, татар ярусы - Р2 t күмбезаралық депрессиялардың терең бөліктерінде ғана емес, сонымен қатар тұзды өзектерінің ірі беткейлерінің жақын маңында анықталған. Жоғары пермдік шөгінділер барлық ярустармен (татар, Қазан, Уфа) көрсетілген. Тұз үстіндегі мұнайкенінің шегінде іздеуші және барлаушы ұңғылар тек қана татар ярусының шөгінділерін ашты, ал тұзды күмбезінің оңтүстік- ығыс тік беткей маңында - қазан ярусының жоғары бөлігі ашылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz