Технологиялық құбыр жолы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың көкейкестілігі. Қазіргі кезде «КазТрансОйл» АҚ - қызметінің бас бағыты ішкі мұнайды еліміздің мұнай өңдейтін зауыттарына немесе экспорттық бағытта жақын алыс шет елдеріне тасымалдау болып табылатын Қазақстанның негізгі ірі мұнай тасымалдаушы компаниясы. Компания құбыр жолдары нарығында басты орын алады және алынатын барлық мұнайдың 70 пайызын тасымалдауды қамтамасыз етеді. «КазТрансОйл» мұнайды тасымалдаумен қатар республиканың құбыр жол жүйесі бойымен мұнайды жеткізуді орталықтан диспечерлік бақылау және басқару қызметтерін атқарады. Энергоресурстарды тексерілген қолрлары Каспий аймағында Қазақстан үшін дүниежүзілік мұнай нарығында өте қолайлы болумен қатар, мұнайгаз саласының дамуы үшін және оның одан әрі өсуі үшін сенімді негізі болды. Мұндай процесстер мекемелердің өздерінде және саланың өндірістік бірлестіктерінде де байқалады, ал олардың ішіндегі ірілері «КазТрансОйл» АҚ қосқанда отандық индустрияның флагманы болып табылады.

Магистралдық мұнай құбырлары мен су құбырларының дамыған желісінен басқа компания 39 насостық тасымалдау станцияларының жұмысын қадағалайды.

«КазТрансОйл» юрисдикциясы астындағы мұнай көлігінің инфрақұрылымына мұнай қоймасы, мұнайды құятын және ағызатын эстакадалар кіреді. Мұнапй қоймаларының резервуарлық жалпы көлемі 1200 мың куб. метр, ал мұнайды темір жол цистерналарына құю терминалдарының жалпы құаты 5 миллион тонна жылына, бұл сан жылдан жылға өсуде. Біренше жыл бұрын компания негізінен республиканың батыс аймақтарында орналасқан мұнай құятын темір жол эстакадаларын қолданған болса, онда 2000 жылы Қарағанды облысындағы Атасу мұнай құятын терминалы іске қосылды, ал 2002 жылы қарашада Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шағыр станциясындағы мұнай құятын темір жол эстакадасы іске қосылды. Бұл эстакада құмкөль мұнайын цистерналарға ең төменгі темір жол бағасыменжыл бойы құюды қамтамасыз етеді.

Алғашқыда мұнай өңдеуші зауыттар (МӨЗ) ірі кен орындарының жанында салынды. Бірақ ХХ ғасырдың ортасында жағдай өзгерді, және МӨЗ-ды алынған мұнай өнімдерінің едәуір бөлігін тұтынатын дамыған индустриалдық орталықтарға жақын сала бастады. Қазақстанда Шымкент және Павлодар мұнай өңдейтін зауыттар салынды, олардың іске қосылуы мұнай тасымалдау ағындарына өзгеріс енгізуді талап етті. Құбыр жолдары Омск, Павлодар, Шымкент және Шаржауды байланыстырды, мұнымен Батыс Сібірде алынатын шикізатпен оңтүстіктегі Қазақстан мен Түркмениядағы мұнай өңдейтін зауттарды қамтамасыз етуге мүмкіндік тудырды. Осылай осы күні де жұмыс жасап тұрған тармақталған мұнай көліктік инфрақұрылым біртіндеп құрылды.

1997 жылы сәуір айында жүз пайызды мемлекеттік акция пакетінен «Мұнай тасымалдайтын ұлттық компания «КазТрансОйл» жабық акционерлік қоғам ретінде ашылып, бірнеше өзгерістерден кейін қазір «КазМунайГаз» улттық компаниясының құрамына кіреді.

Дипломдық жұмыс мақсаты. Жұмыстың мақсаты Атырау мұнай-құбыр басқармасының мұнайды тасымалдаудағы экономикалық тиімділігін бағалау. Бұл мұнай көліктік схеманың іске асырылуы Қазақстан және Қытаймен бірге Ресейдің де құбыр жүйелерін жалғауға мүмкіндік береді, яғни үш жақтық іскерлік келісімнің өзара пайдалы келешегін болжайды. Компания жұмыс істеп тұрған мұнай көліктік бағыттарды да дамытуды жоспарлап отыр. Қазіргі кезде ең тиімді жобалардың бірі ретінде батыс сібір және қазақстан мұнайын оңтүстік аймақтарға Омск-Павлодар-Шымкент-Шаржоу магистралдық мұнай құбырымен тасымалдауды жаңартуды қарастыруда. «КазТрансОйл» өздерінің сыртқа шығаратын транзиттік мүмкіндіктері туралы ұсынысты Ресейдің, Өзбекстанның және Түркменстанның қызығушылық танытқан компанияларына жіберді, олар өз кезегінде бұл салада бірігіп қызмет атқаруға дайын екендіктерін айтып, және аз уақыт ішінде аталған ұсыныстар шынайы өзара пайдалы жоба болу үшін бұл мәселені зерттеуге кірісті.

Келесі тапсырамаларды шешкенде ғана мына мақсаттарға жетуге болады:

  • арнайы мұнай құбырлары жүйесін сенімділігі мен тиімділігін арттыру. Қазіргі қолда бар мұнай құбырларын тасымалдаудың бірыңғай жүйесіне кезең-кезеңмен интеграциялау;
  • арнайы мұнай құбырларының жұмыс істеп тұрған жүйелерін жаңғырту, арналы мұнай құбырлары жүйесінің өндірістік және технологиялық құрылымын жетілдіру;
  • мұнай тасымалдау компаниясының тиімділігін арттыру;
  • өндірістің қауіпсіздігін арттыру және экологиялық тазалығын қамтамасыз ету.

Ішкі құбыр жолдары нарығындағы алыңғы қатардағы орнына қарамастан «КазТрансОйл» АҚ жеткен жетістіктерге тоқталмай, экспорттық бағытты қоса алғанда тұтыну бағыттарын кеңейтуге тырысуда. Осылай келешегі мықты Қазақстан мұнайын Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің және Тынық мұхит аймақтарының нарығына экспортқа шығаруға мүмкіндік беретін Қытайға баратын мұнай құбырының құрылысы басталды. Бұл жобаны іске асырудың алғашқы сатысында 2003 жылы наурыз айында Кенкияк-Атырау тармағындағы құрылыс монтаждық жұмыстарын бастау болды.

Сонымен қатар, Құмкөл-Арал-Кенкияк аймағындағы ұзындығы 752 км және өткізу қабілеті жылына 7, 2 миллион тонна трансконтиненталдық құбыр жолының келесі кезегін тұрғызу қарастырылып отыр.

Келешекте ұзындығы 1000 км және өткізу қабілеті жылына 20 миллион тоннаға дейін Атасу-Алашанькоу құбыр жолының құрылысы да қарастырылуда. Бұл аймақ кейін Қазақстан-Қытай мұнай трансконтиненталдық жолының жүйесіне интеграцияланады.

Отандық экономикадағы көш басшылық позициялардан тыс компания беделді халықаралық танымға ие болды. 2003 жылы бірден екі халықаралық ұйым «КазТрансОйл» компаниясын қызметі жоғарғы әлемдік стандарттарға сай келетін Қазақстанның мұнай көліктік саладағы алға тартар өнеркәсіп деп белгіледі. «Trade leaders club» компанияға «Технологиялық сапа» сыйлығын, ал сапа бойынша «Arch of Europe» ХХІХ Халықаралық конференциясында акционерлік қоғам халықаралық жоғарғы «Бриллиант» сыйлығына ие болды.

1 Бөлім

1. 1. Атырау мұнай басқармасының (АМБ) қысқаша тарихы

Қазақстанның магистралдық құбыр жолы - өте ұзын және тармақталған, жоғарғы деңгейде механизмделген және автоматтандырылған гидравликалық жүйе. Ол қуатты насостық станциялармен, жолдармен және электрохимиялық қорғаныс, автоматика және телемеханика, технологиялық байланыс құрылымдарымен, өртке қарсы құрылғылармен, жеке жағдайларда жылыту пештерімен жабдықталған.

Қазақстаннның батысындағы ұзындығы 154 км алғашқы мұнай құбыры Ракуша-Доссор-Каспий революция кезеңіне дейін салынып, іске қосылған. 1934 жылы ұзындығы 830 км Каспий-Орск мұнай құбыры, 1966 жылы ұзындығы 141, 5 км Өзен-Жетібай-Ақтау мұнай құбыры іске қосылды. Әлемдегі ең алғашқы ұзындығы 1500 км ерекше ыстық трансконтинеталдық Өзен-Атырау-Самара мұнай құбыры 1968-1970 жж. Салынып, ал 1969 жылы тамызда ұзындығы 683 км Өзен-Атырау мұнай құбырының алғашқы кезегі іске қосылды.

Магистралдық Павлодар-Шымкент мұнай құбыры 1642 км -ге ұзатылған. Құрыш меридиан қысқа жолмен қара алтынның сібір кен орындарын Қазақстан мен Орта Азияның мұнай өңдейші зауыттарымен жалғады. Жаңа артерия бағалы өнімді тасымалдау жолын 2000 км-ге дейін қысқартты. Республиканың негізгі мұнай құбырлары өндірістік бірлестік балансында. Оңтүстіктік магистралдық өнім құбырлары ПО «Южнефтепровод» көне Гурьев және Маңғышлақ магистралдық мұнай құбырларының басқармалары және де Өзен-Құлсары-Атырау-Самара мұнай құбырының басқармасы негізінде құрылған.

1971 жылы Маңғыстау мұнайын Орал-Волгалық ағынға аударуға байланысты, және мұнай араластырудың бірлік технологиялық кешенінде жұмыс атқаратын мұнай құбырларының жұмысын су бөлімшелерінің басқармаларымен бақылау қажеттілігімен, және ең ірі Өзен-Құлсары-Атырау-Самара мұнай құбырының сенімді жұмысын қамтамасыз ету үшін ПО «Южнефтепровод» Шевченко қаласына аударылды.

Қазіргі кезде қазақ мұнайын тұтынушыларға тасымалдау және ресей мұнайын республиканың мұнай өңдеуші зауыттарына (МӨЗ) жеткізу 2 өндірістік бірлестіктермен мұнай құбырларының 3 технологиялық жүйелері бойынша іске асырылады:

  1. АҚ «Мангистаумунайгаз», «Эмбанефть», НГДУ «Каражанбастермнефть», «Тенгизнефтьгаз» өндіретін мұнайды Атырау қаласындағы МӨЗ-ға, және Ресейдегі МӨЗ-ға жеткізуді қамтамасыз ететін Батыс Қазақстан мұнай құбырлар жүйесі.
  2. АҚ «Актюбинскнефть» өндіретін мұнайды Орск МӨЗ-на тасымалдауға арналған мұнай құбырларының жүйесі.
  3. Батыс Сібір мұнайын Павлодар және Шымкент МӨЗ-на және Құмкөл мұнайын Ферғана және Чарджоу МӨЗ-на тасымалдауды қамтамасыз ететін Шығыс Қазақстан және Орта Азия мұнай құбырларының жүйесі.

1. 2. Мекемені құрудың ұйымдастырушылық құқықтық негізі

Атырау мұнай басқармасы (АМБ) ССРО мұнай өнеркәсібінің Министрлігінің №272 24 мамыр 1971 ж. бұйрығымен мұнай мен суды қабылдау, тасымалдау және жеткізу үшін құрылған. АМБ НТКН «КахзТрансОйл» батыс филиалы құрамына кіреді және өз әрекетін құрылымдық бірлік құқығымен іске асырады, өзіне қатысты жоғарғы бөлімше болып саналатын НТКН «КахзТрансОйл»-ға бағынады.

АМБ ішкі өндірістік шаруашылық есебі негізінде әрекет етеді, ақталмаған балансқа ие, өндірістік және қаржылық істер мәселелерінде мемлекеттік мекеме құқығына ие болады.

АМБ өз әрекетін экономикалық және әлеуметтік даму жоспары, мұнай мен суды тасымалдау келісімдері, капиталдық құрылыс пен капиталдық жөндеу келісімдері негізінде іске асырады.

АМБ өз әрекетін қожалықтағы басқарма бірлігі қағидасы, бір басқарма қағидасы негізінде іске асырады.

АМБ әрекетіне көрші мұнай құбырлары мен мұнай өндіруші басқармалардан мұнайды қабылдау, оны магистралдық мұнай құбырлары бойынша тасымалдау, мұнайды көрші аудандық мұнай құбырлық басқармалар мен мұнай өңдеуші мекемелерге тапсыру, және де мұнайды тұтынушыларға темір жол көлігімен жеткізу, қабылданған мұнайдың мөлшерлік және сапалық сақтығы, Волга суының Киган-Маңғышылақ технологиялық су жолымен тасымалдауды технологиялық қамсыздандыру, НТКН «КахзТрансОйл» батыс филиалы бөлімшелерін арнайы техникамен және көлікпен қамсыздандыру, құрылымдық бірліктерді материалдық-техникалық қорлармен қамсыздандыру, капиталдық құрылысты, магистралдық құбыр жолдарындағы жұмыскерлерді тамақпен қамсыздандыру жатады.

АМБ құрылымы НТКН «КахзТрансОйл»президентімен бекітіледі.

Атырау мұнай құбыры басқармасының негізгі мақсаты болып аз шығынмен мұнайды қабылдау, тасымалдау және жеткізу жоспарын орындау, Волга суын тасымалдауды қамтамасыз ету, тұтынушыларға құралдарды және материалдардыдұрыс тарату және сақтау, жұмысты қамтамасыз ету бойынша келісімдер мен жоспарлардың орындалуын қамтамасыз ету табылады.

АМБ Батыс филиалының тапсырмасы бойынша темір жол және автокөлік цистерналарына мұнайды құю бойынша қызмет көрсетуге келісімге отырады және келісім міндеттерінің орындалуына жауапкершілікте болады.

АМБ Батыс филиалының тапсырмасы бойынша бекітілген шектер негізінде су құбырларынан суды жіберуге келісімге отырады және оның орындалуына жауапкершілікте болады.

1. 3. Өндірістің негізгі және көмекші процессінің сипаттамасы

Магистралдық ыстық мұнай құбыры құрамына келесілер кіреді:

  1. Сызықтық бөлік: Ду 1000мм=697км, (Өзен-Атырау) Ду 700мм=745км, (Атырау-Самара)
  2. Өзен қаласындағы және Атырау қаласындағы негізгі насостық станциялар.
  3. Аралық насостық станциялар: Сай-Утесте (145км), Бейнеуде(322км), Құлсарыда (528км), Индерде (850км), Б. Шағанда (1133км), Б. Черниговкада (1270км) .
  4. Өзендегі, Сай-Утестегі, Бейнеудегі, Құлсарыдағы, Атыраудағы, Индердегі, Б. Шағандағы, Б. Черниговкадағы насостық станциялармен біріктірілген жылыту станциялары.
  5. 80, 242, 432, 615, 677, 770, 941, 999, 1076, 1225, 1380км-ге насостық станциясыз жұмыс істейтін жылыту станциялары.

АМБ-ғы өндірістің негізгі процессін орындайтындар:

  • МАС «Атырау»;
  • МАС 663км;
  • МАС «Индер»;
  • МАС «Макат»;
  • МАС «Марышы»;
  • СНП «Карманово»;
  • Басқару аппараты;
  • АҚБ - апаттық қалыпқа келтіру бөлімше;
  • ЖҚБ - жөндеу-құрылыстық басқармасы;
  • СТЖУ - суасты техникалық жұмыстар басқармасы;
  • МҚА - мұнай құбырын қолдану аумағы.

АМБ-ғы өндірістің көмекші процессін орындайтындар:

  • БӨҚ және АТ - бақылау өлшеуіш құралдар мен автоматика жзәне телемеханика;
  • ЭХҚ - электрохимиялық қорғаныс;
  • ӨҚБ - өндірістік қамсыздандыру базасы;
  • ОХЗ - орталық химиялықт зертхана;
  • ҚТО - қабылдау-тапсыру орны.

Мұнай айдаушы станциялар (МАС) мұнай құбырымен мұнайды қабылдау, жинау және тасымалдауға арналған құрылымдар мен құрылғылар кешені болып табылады.

МАС құрамына:

  • Насостық-күштік агрегаттары, майлау жүйелері, мұнайдыберу және суыту жүйелері бар насостық цех;
  • Резервуарлық парк;
  • Технологиялық құбыр жолы;
  • Сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, желдету, канализация, өрт сөндіру жүйелері;
  • Автоматика, телемеханика, байланыс, радиофикация, электр жабдықтау құрылғылары;
  • өндірістік тұрмыстық ғимараттар, құрылымдар;
  • жалпы тағайындалу құрылымдары кіреді.

«Атырау» мұнайайдаушы станциясы мұнайды дайындау, жылыту, есеп жүргізу, тасымалдау жұмыстарымен айналысады.

663 км МАС мұнайды «Атырау» МАС-на тасымалдайды.

«Индер» және «Карманово» МАС-ры мұнайды тасымалдап жылытады.

«Макат» және «Марышы» МАС-ры мұнайды жинау және оны «Атырау» МАС-на тасымалдау жұмысымен айналысады.

Жөндеу құрылыс басқармасы (ЖҚБ) - АМБ өндірістік өбъектілерін капиталдық жөндеу, құрылыс жүргізу, құрылыс монтаждық жұмыстарды ұйымдастыру, ЖҚ жұмыстарын қажетті материалмен қамтамасыз етумен айналысады.

Апаттық қалыпқа келтіру бөлімшесі (АҚБ) - апаттарды жою, олардан кейін құбыр жолдарын қалыпқа келтіру, тексеру, тазалағыш және диагностикалық механизмдерді іске қосумен айналысады.

Суасты техникалық жұмыстар аумағы (СТЖА) - су астындағы құбыр жолдарының аумағында апаттық, тексеру, бақылауды іске асыру.

Орталық химиялық зертхана (ОХЗ) - мұнайды химиялық талдау, «Атырау» МАС ағынды суларын бақылау, өнеркәсіптік аймақтың әуе ортасын бақылау, МАС-ң жылыту қызметі үшін химиялық реактивтерді дайындау жұмыстарын орындайды.

БӨҚ және АТ - өлшеу бақылау құралдарына өндірістік және жөндеу қызметін көрсету, келіп түскен ақпаратты жинау, автоматтық және телемеханикалық жүйелерді реттеу жұмыстарын орындайды.

ЭХҚ - мұнай құбырларын коррозияға қарсы шаралар кешенін орындайды.

ҚТО - мұнайды қабылдау және түсіруге темір жол және автокөліктерге қызмет көрсету орны.

1. 4. Мекеменің нарық жағдайында даму келешегі

Қазақстанда өндірілетін мұнайдың көлемі жылына 18 миллион тоннаны құрайды. Оның 9 миллион тоннасы біздің аймақ мұнай құбырларымен өтеді. Бірақ мекеменің мүмкіндіктері барлық 30 құрайды.

Себеп неде? Екі себеп бар:

  • біріншіден, шикізат жетіспеушілік, яғни біздің облыстың мұнай өдіретін зауыттары құбыр жолын толық қуатпен жұмыс істеу үшін қажетті мұнайды өндіре алмайды;
  • екіншіден, құбыр жол толық жұмыс істеген күннің өзінде, қазіргі кездегі негізгі тұтынушы Самара мұнай өңдейтін зауыты жеткізуге шектеу қойып отырғанда 12 млн. т. мұнайды қалай іске асыру, яғни қайда тасымалдау сұрағы туады.

Жалпы Атырау-Самара құбыр жолымен 9 млн. тонна және 3, 7 млн. тонна шамасындай жыл сайын темір жолымен жіберіліп отырады.

Бірақ келешек бар және аз емес.

Біріншіден, бұл Астрахань, Комсомольский, Кропоткин, арқылы Новороссийскке құбыр жолын салу.

Екіншіден, Қытайға құбыр жолды салу.

Үшіншіден, Иранға құбыр жолын жүргізу жобасын іске асыру мүмкіндігі.

Бұл бағыттарды орындау мекемеге және Қазақстанға қара және жерорта теңіз нарығына, қытай нарығына шығуға мүмкіндік береді, Иранның мұнайды тұтынуы немесе ол арқылы мұнайды тасымалдау зор келешекті болжайды.

Мұнай түрлері.

Мұнайдың құрылуы кезінде оның сапасына жер қабатының геологиялық құрамы, әртүрлі қоспалар, тереңдік, ылғалдылық сияқты өте көп факторлар ықпал етті. Сондықтан әр жерде өндірілетін мұнай да тығыздығы және химиялық құрамы бойынша әртүрлі.

Біздің аймақта өндірілетін мұнайды тенгиз, өзен, ембі (макат), мартышы мұнайы деп бөледі. Өзен мен тенгиз мұнайларының қоспасы батыс-қазақстандық мұнай деп аталатын мұнайды береді.

«КазТрансОйл» ЖАҚ-да бірінші жарты жылдық нәтижелер шығарылды. Қазақстандық мұнайды магистралдық құбыр жолдарымен экспортқа тасымалдауды тіркеу бойынша міндет атқарушы оператор бола отырып компания Атырау-Самара құбыр жолымен 7140, 9 мың тонна мұнайды тасымалдады. Одан басқа, 616 мың қазақстандық мұнай Ақтау порты арқылы Махачкала-Тихорецк-Новороссийск мұнай құбырымен жөнелту үшін жеткізілді. Мұнай жоғарғы нәтижелер 2001 жылы қазақстандық мұнайды экспортқа шығару кезіндегі біріңғай бағытты енгізу жүйесі арқылы алынды. Бірінші жарты жылда ай сайын 1200 мың тона мұнай «Самара» қабылдау-тапсыру орны арқылы тасымалданды. 2001 жылы мамыр айында экспорттық құбыр жолы қолданысқа алынған мезеттен бастап мұнайдың максималды көлемі - 1271, 9 мың тонна тасымалданды.

Құбыр арқылы мұнай тасымалдаудың технологиялық ерекшеліктері

Атырау облысындағы ЖАҚ «КазТрансОйл» Атырау және Құлсары мұнай басқармаларына бөлінеді.

  1. Атырау мұнай құбыры басқармасы (АМБ) .

АМБ бөлімшелері Атырау облысының Махамбет, Исатай, Индер аудандарында, Атырау қаласында, сондай-ақ Орал облысында да орналасқан.

АМБ қарамағына 22 өндіріс аймағы кіреді:

  • «Атырау» мұнай айдау станциясы (МАС) - Атырау қаласының өндіріс орны
  • «663км» МАС-ның өндіріс орны
  • «Карманово» МАС-ның өндіріс орны
  • «Мартыши» МАС-ның өндіріс орны. Исатай ауданы
  • «Индер» МАС-ның өндіріс орны. Индер ауданы
  • «Макат» МАС-ның өндіріс орны. Мақат ауданы
  • «Доссор» МАС-ның өндіріс орны
  • «Бек-беке» МАС-ның өндіріс орны
  • «Комсомольский» МАС-ның өндіріс орны
  • «Искине-эстакада» МАС-ның өндіріс орны

АМБ-ның бөлімшелері мұнайды қабылдау, сақтау, сондай-ақ 736, 85км созылған магистралдық мұнай құбырларымен мұнайды жөнелту сияқты жұмыстарды жүзеге асырады. Мұнайды Маңғышылақ аймағынан «Өзен-Атырау» құбыры арқылы ААҚ «КазақОйл Ембі», (теңгіз, Забурунье) жеткізсе, Атырау-Астрахань құбырымен кері қарай Құлсары МБ (Теңгіз) мен басқалары жеткізеді.

Атырау МБ-ның мұнай құбырлары мынадай бағыттарда жүргізілген.

  1. «Өзен-Атырау-Самара» - Ду 1000мм (2-3 жіптер) аумағы 615км-919км-304км; 615 км 100 метрдей Құлсарыға қарай; 919 км 100 метрдей Оралға қарай;
  2. «677 км - АМӨЗ» - Ду 400мм L-26км.
  3. «677 км - АМӨЗ» - Ду 500мм L-27, 3км (2 жіп 1979 ж енгізілген) .
  4. «677 км - АМӨЗ» - Ду 500мм L-26, 2км (3 жіп 1990ж енгізілген) .
  5. «677 км - АМӨЗ» - Ду 500мм L-25, 1км (4 жіп 1997 ж енгізілген) .
  6. «Мартыши-Атырау» Ду 500мм L-85, 6км.
  • 0-17 км Ду 500мм L-17км 1996ж. ;
  • 17-22 км Ду 500мм L-4, 3км 1997ж. енгізілген;
  • 22-46 км Ду 500мм L-24, 8км 1999ж. енгізілген;
  • 46-85, 5 км Ду 500мм L-39, 5км 1986ж. енгізілген;
  1. «Доссор - Мақат» Ду 200мм L-34, 3км 1991ж. енгізілген;
  2. «Комсомольск - Мақат» Ду 200мм L-47, 6км.
  • 0-3, 2 км Ду 200мм L-3, 2км 1998ж. енгізілген;
  • 3, 2-18 км Ду 200мм L-14, 8км 1996ж. енгізілген;
  • 18-27 км Ду 200мм L-9, 6км 1982ж. енгізілгн;
  • 27-37км Ду 200мм L-10км 1986ж. енгізілген;
  • 37-43 км Ду 200мм L-6км 1982ж. енгізілген;
  • 43-47 км Ду 200мм L-4км 1993ж. енгізілген;
  1. «Искине-эстакада» Ду 250мм L-18, 75м 1981ж. енгізілген;
  2. 2-ші жіптен қалған 697-757км: Ду 700мм L-60км 1978-1980 жж енгізілген.

АМБ-ның құрамына төменде келтірілген мұнай айдау станциялары кіреді (МАС) :

  1. Мұнай өнімдерін қыздыратын біріктірілген жылыту орны, резервуарлық паркі, құймалы т/ж эстакадасы бар «Атырау» МАС-ы
  2. Мұнай өнімдерін қыздыратын біріктірілген жылыту орны бар «Индер» МАС-ы
  3. Мұнай өнімдерін қыздыратын біріктірілген жылыту орны бар «663км» МАС-ы
  4. Резервуарлық паркі мен құймалы т/ж эстакадасы бар «Мақат» МАС-ы
  5. Резервуарлық паркі бар «Искине» МАС-ы
  6. Резервуарлық паркі бар «құймалы эстакада Искине» МАС-ы
  7. Резервуарлық паркі бар «Доссор» МАС-ы
  8. Бек-беке аралық станциясы бар «Комсомольск» МАС-ы
  9. Резервуарлық паркі бар «Мартыши» МАС-ы
  10. «Карманово» МАС-ы
  11. ВНС-5.

«Атырау» МАС-ы Атырау МБ-ның бөлімшесі болып есептеледі және де «Забрунье», «Мартыши», «Теңгіз», «Өзен» кен орындарынан келетін мұнайды тасымалдауды жүзеге асырады. «Атырау» МАС 2 өндіріс орнында орналасқан.

Бірінші өндіріс орны дәлірек айтқанда «Атырау» МАС, РСУ, БПО, ЦТТиСТ Атырау қаласының солтүстік батысында 4 км қашықтықта орналасқан. Бұл өндіріс орнын облыс орталығы Атырау қаласымен автокөлік даңғылы байланыстырып тұр.

Екінші дәрежелі қауіпті кәсіпорын бола тұра, зиянды қалдықтары бар (1-ші дәрежелі кәсіпорындар сияқты) болғандықтан «СНиП - 1-01. 001-94»-ке сәйкес нормативтік санитарлық қорғау зонасы өндіріс орнының сыртқы шекарасынан 1000 м арақашықтықта белгіленген. Санитарлық қорғау зонасының шекарасына түзету енгізудің нәтижесінде осы жылы (2003ж) «Атырау» МАС үшін 1440 м болды.

Амб-ны нелер құрайды? Олар:

  • Технологиялық резервуарлары бар резервуарлық парк
  • №1 және №4 магистралдық сорап (насос)
  • Қыздыру пештері немесе қазандығы
  • Теміржол эстакадасы
  • Мұнай өнімін қабылдау және жіберу
  • Мұнайды сақтау
  • Мұнай тұнбалары
  • Сусыздандыру немесе бу жіберу
  • Қоймалар
  • Қыздыру пештерінің жағар майларын сақтауға арналған орындар
  • От жағатын орын

«Атырау» МАС келесі технологиялық амалдарды жүзеге асырады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнайды тасымалдау
Мұнай құбыры топтарындағы мұнай тасмалдау технологиясы
Шымкент мұнай - өңдеу зауыты туралы ақпарат
Магистральдық мұнай және мұнай өнімдері құрылғыларының құрамы
Автоматты өрт сөндіру қондырғыларын жобалау
Резервуар паркінің құрамы
Мұнайдың реологиялық қасиеттері
Жаңажол кен орнының автоматтандырылуын жобалау
Жаңажол мұнай газ кешенінің автоматтандырылуын жобалау
Жобада ГНПС "Шымкент" жағдайында резервуар паркін автоматты басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz