Инвестициялық жоба объектілері


Нарық жағдайында инвестициялық жобаларды басқаруды талдау
(«КазТрансОйл» АҚ мысалында)
Мазмұны
Кіріспе . . . 5
1. Инвестициялық жобаларды басқарудың экономикалық теориялық негізі
1. 1 Инвестициялық жоба және оның тиімділігі . . . 9
1. 2. Инвестициялық жобалардың мәні мен объектілері . . . 11
1. 3. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау көрсеткіштері мен критериялары . . . 17
1. 4. Кәсіпорындағы инвестициялық жобалардың жіктелуі . . . 22
2. Кәсіпорындарындағы инвестициялық жобалардың қызметін талдау («КазТрансОйл» АҚ мысалында)
2. 1. Инвестициялық жобаларды басқару тиімділігі және кәсіпорынның инвестициялық жағдайын талдау . . . 29
2. 2. . Кәсіпорынның инвестициялық қызметіне сипаттама . . . 51
2. 3 «КазТрансОйл» АҚ- ның инвестициялық жобасының экономикалық тиімділігін талдау . . . 57
3. Қазақстандағы инвестициялық жобаларды басқару және мұнай саласындағы инвестицияны пайдалануды жетілдіру
3. 1. «КазТрансОйл» АҚ -да инвестициялық жобаны іске асыруда қазіргі заманғы жүйені қолдану . . . 66
3. 2 . Инвестициялық жобаларды мемлекеттік басқару және оның ерекшеліктері . . . 69
3. 3 . Шетелдік инвестициялық жобаларды Қазақстан экономикасына тартудың жолдары мен бағыттары . . . 74
Қорытынды . . . 78
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 81
Қосымшалар. . . . 83
Кіріспе
Қазақстан Республикасының мұнай және газ ресурстарын шығаруды игеру есебінен үлкен даму перспективасы бар. Әлемнің мұнай державаларының ішінде барланған мұнай қорларының көлемі бойынша 13 орын, газ және конденсат бойынша 15 орынды алады. Қазіргі және болашақ уақытта өнім шығаруды көтерудің негізгі бастауы болып Батыс Қазақстан табылады. Каспий шелфінде жаңа бастаулар есебінен өнім шығаруды көтеру алдағы 10-15 жылда ұлттық экономикада мұнай және газ саласындағы басым ролді сақтайды.
Жоғарыда айтылғандай, негізгі қорлар Батыс Қазақстан территориясында орналасқан, ал мұнай қорларын өнеркәсіпте меңгеру үшін аса ірілері Қарағанды мен Қызылорда облыстарында орналасқан. Қызылорда облысындағы Құмкөл жерінің ашылуы мұнай өнеркәсібінде стратегиялық маңызды үлкейтеді. Құмкөл жерін игеру мүнай-химияны дамытуда шынайы перспективалармен мұнайды қайта өңдеу өнеркәсіп аймағында дамуға түрткі болды.
Қазақстан аймақтарындағы мұнай және газ потенциалының экономикалық даму динамикасының талдауы жаңа жерлерде шикізат қорларын алуға дайындалған сомалы көлем, геология-барлау зерттеулер сатысында түрған мұнай және газ құрылымы жөніндегі болжам, сонымен қатар ескі жерлердегі кешеніндегі қорларды көбейту жөніндегі алғышарттар толық сеніммен анықтауға рұқсат беру жақын және алыс шетелдердің мұнай және газ саласына өздерінің капиталдарын салуға біздің республика көз тартатын мемлекеттердің қатарына тұруына жеткілікті негіз болып табылады.
Сондықтан мұнай саласындағы инвестициялық жобаларды басқару - өндірістік қызметтің нәтижесінде пайда (табыс) құралатын немесе өндірістік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік және интеллектілік құндылықтардың барлық түрлеріне, капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға мерзімді жұмсалымы.
Инвестор, өзінің өндірістік капиталының көлемін - өндірістік негізгі қорлар мен айналым қорларын молайтуға бағыттайды. Инвестор бағалы кағаздардан дивидент алу аркылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады.
Қазақстан Республикасындағы «Мұнай саласындағы тікелей инвестицияларды мемлекеттік қорғау» Заңы бойынша тікелей инвестициялар - республиканың тәуелсіздік кепілдігіне байланысты және арнайы техникалық көмек пен грантқа арналған инвестиция түрлері. Әрбір өндірістік іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі инвестициялық операциялар болып табылады, яғни жобаларды іске асырудағы жіберілген ақша - қаражаттары туралы операция. Коммерциялық тәжірибеде мұндай инвестициялар мыналарға жұмсалады: табиғи активтерге инвестициялар, ақша активтеріне инвестициялар, материалдық емес активтерге инвестициялар.
Инвестициялық іс-әрекеттердің субыектілеріне инвесторлар (инвестициялық іс-әрекет жүргізетін жеке және заңды тұлғалар), тапсырыс берушілер , жұмысты орындаушылар инвестициялық іс-әрекеттің обыектілеріне қолдаушылар сонымен бірге жетекшілер, заңды тұлғалар (банкілер қамтамасыздандыру ұйымдары, инвестициялық қорлар) және басқа да инвестициялык процестің қатысушылары жатады. Тапсырыс берушілерге -инвесторлар және басқа да инвестициялық инвестициялық жобаны іске асырушы жеке және заңды тұлғалар жатады. Қазақстан Республикасында кәсіпорындардың инвестициялык іс-әрекеттері: «Нақты иывестицияларды мемлекетті қолдау туралы», Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар «Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Салықтар және бюджетке міндетті түрдегі төлемдер туралы», «Шетел инвестициялары туралы» Заңдар мен және де «Банкроттық жайлы», «Бағалы қағаздар марығы жайлы», «Қазақстандағы инвестициялық қорлар жайлы» Заңдар мен т. б. да актілермен реттеледі.
Мұнай саласындағы тікелей инвестицияларды - кәсіпкерлік қызметтің нәтижесінде пайда құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік және интеллектік құндылықтардың барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.
Мұнай саласындағы инвестициялушы елдерге шетелден басқару және техникалық тәжірибелер алуға мүмкіндік береді. Бұндай технология беру артықшылығы капитал ағынының келуінен де басым түседі.
Инвестиция әлемдік экономика және оның жүрегі халықаралық бизнеске елеулі әсер етеді. Экономикалық көзқарас және кәсіпорындар тарапынан оған мыналар жатады:
- өзі үшін тұрақты нарықты тікелей қамтамасыз ету;
- өзінің ішкі нарығын құру, оның кейбір секторлары басқа елдердеорналасуы мүмкін; өз мүддесін аймақтық және кең ауқымды халықаралык қатынастарға енгізу.
Экономиканың қай саласында болсын қаржысыз дамымайды. Оны табу, толықтыру мүмкіндіктері түрліше қиындықтар кездестіруде. Ел экономикасын дамытуда ішкі қаржының маңызды екені белгілі, бірақ, ол жеткіліксіз болып отыр. Осыған байланысты шетел қаржыларын тарту басты мақсатқа айаналуда. Алдағы уақыттарда шетелдік инвестицияларды тиімді пайдалану жолдары тұрақты іске айнала бастады.
Қазақстандағы саясат шетел капиталын көбірек тартуға бағытталған.
Инвестициялық саясатты дұрыс шешу, кәсіпорындардың дамуына жағдай жасау, республикамыздың халқын жұмысқа орналастырумен, олардың хал-ахуалының жақсаруымен тығыз байланысты. Отандық өндірісті дамытуға керекті инвестиция табу - еңбекке орналасу дәрежесін көтереді, калаларда жұмысқа орналасуға мүмкіндік туады.
Дипломдық жұмыс кіріспе, қорытынды және үш бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде инвестиция, инвестицияны пайдалану, инвестиция түрлері мен маңыздылығы жан- жақты қарастырылады, екінші бөлімде мысалға алынып отырған кәсіпорын қызметіне, капиталды пайдалану жағдайына талдау жүргізіледі, үшінші бөлімде инвестициялық жобалардың еліміздің элеуметтік- экономикалық дамуына қосқан үлесі және оның әлемдік шаруашылықта бөлінуі туралы қарастырылады. Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі өзінің өндірістік-экономикалық потенциялын сақтау және ары қарай дамыту. Кәсіпорынның бұл саладағы іс-әрекеті - инвестициялық іс әрекет деп аталады. Қаіақстан Республикасының «Нақты инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдау туралы» Заңы бойынша инвестициялық іс-әрекетке инвестицияларды атқаруға байланысты кәсіпкершілік іс-әрекет жатады. Инвестициялық жобаларды іске асыруда болатын белгісіздік жағайлары мен тәуекелшілдік аяқ астынан болатын құбылыстар. Инвестициялық жобаға қатысушылардың инвестицияға тәуекелшілдіктің әсер етуін тоқтататын екі жолы бар: әртүрлі тәуекелшілдіктерден қамсыздандыру, тәуекелшілдікті бақылау мүмкіндіктерін анықтау. Инвестициялық жобаны іске асыру барысында, шаруашылық жағдайларында, экономикалық заңдылықтарда толассыз өзгерістер болып тұрады. Сондықтан да инвестициялық инвестициялық жобаны іске асыру схемасында осындай өзгерістерді инвестициялық инвестициялық жобаны орындау жағдайындағы ақпарат. Инвестициялык жобалардың тиімділігін анықтау және бағалауды, материалдық және заңды түрде тікелей жауап беретін инвесторлар жүргізеді. Қазақстан Республмкасында инвестициялық жобалардың тиімділігін аныктаудың методикасы мен әдістері, меншіік формасына карамастан, Россияда жасалынған және 31 март 1999 жылы бекітілген, инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтау және оларды қаржыландыруға таңдап алу жайлы Методикалық нұсқауларды қолдану арқылы негізделеді.
Дипломдық жұмысты жазу барысында мынадай авторлардың әдебиеттері қолданылды: В. В. Бочаров, «Инвестиционная деятелыносты», А. М. Сейтказиева «Инвестиционная деятелыность предприятия».
1. Инвестициялық жобаларды басқарудың экономикалық теориялық негізі.
1. 1 Инвестициялық жоба және оның тиімділігі.
Инвестициялық жоба -белгілі стандарттармен бнлгіленіп бекітілген және Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес капитал салымдарын мерзімі мен көлемін жүзеге асырудың негізінде жасақталған экономикалық мән мақсаттағы жобалық сметалық құжат болып табылады. Сонымен қатар жүзеге аспақшы инвестицияның толық тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасының «Капитал салымдары формасындағы инвестициялық қызмет туралы» заңының өзгерістеріне сай приоритетті инвестициялық жоба түсінігі енгізіледі, яғни мемлекет үкіметінің бекіткен Қазақстан Республиксының заңнамаларына сәйкес капитал салымының жалпы көлемі.
Жоғарыдағы заңнамаларды реттеп отыратын тағы бір түсіну:
- инвестициялық жобаны жүзеге асыру мерзімі- инвестициялық жобаны қаржыландыру күнінен бастап, жобаның соңғы күніне дейін, амортизациялық аударымдар мен жинақталған таза пайданың арасындағы айырмашылық пен инвестициялық шығындардың көлемі өскен кезде орын алады;
- инвестициялық жобаның тиімділігі- жобаға қатысушылырдың қызығушылығы мен жобаның мақсатқа сай орындалуын көрсететін категория. Инвестициялық жоба белгілі логиканы қажет етеді:
- Әрбір инвестициялық жоба ақша ағымдарымен, ақша шығындары элементерінен құралады(Net Cash Outflow) (Cash Flow)
- Көп жағдайда талдау жылдар бойынша жасалады, бірақта оның мерзіміне ешқандай шектелер қойылмайды. Талдау кезеңдер бойынша әртүрлі ұзақтықта жүргізілуі мүмкін. (ай, тоқсан, жыл ж. т. б. ) .
Алайда, мұндай жағдайда ақша ағымдарының элементтерінің орналасуы мен пайыздық ставкаларды ескеру қажет.
Барлық капитал салымдары жылдың аяғвнда жүзеге асырылады. Барлық ағша салымдары есепті жылға тәуелді.
Диконттау коэффициентін пайдалану тәсілдердің көмегімен салынған инвестициялық жобаны жүзеге асыру негізінде бағалау үшін қолданылады, яғни инвестициялық салым кезеңмен сәкес келуі керек. Жобаны талдау мен бағалау әдістерін қолданған кезде есептемелер мен болжамдық бағалауларды көбейтуді айрықша қарап өткен жөн. Көбейтулер критерилар мен мақсатқа сай инвестициялық жобалар параметрін анықтайды.
Инвестициялық жобаны іске асыруда жобаның ұйымдық экономикалық іске асырылуын жіті қадағалап отыру тиіс, яғни жобаның іске асырылуына байланысты шығындардың көлемін анықтау, олардың қатысушыларын анықтау т. с. с
Сызба. 1. 1 Инвестициялық жобаны қаржыландыру көздері.
Инвестициялық жобаны қаржыландыру түрінде инвестициялық қызмет келесідегідей түрде болуы мүмкін:
- қаржыландырудың ішкі көздері;
- қаржыландырудың сыртқы көздері
Капитал салымдарын дәстүрлі қаржыландыру негізінен ішкі қаржыландыру көздері бойынша жүзеге асырылады:
- таза пайданы бөлу;
- амортизациялық аударымдар;
- инвестициялық жобаны жүзеге асыру кезіндегі ақша құралдары
Олар инвестицияны инвестициялау жалғасып жатқан кезде, жаңа қорлардың енуімен және жалпы жағдайда амортизациялық өндірістік қорлар мен пайданы іске қосқан жағдайда жүреді. Ақша қаражаттарын пайдалану жобаны өзін өзі қаржыландыру деп аталады.
Инвестициялық қаржыландырудың сыртқы көздері үшке бөлінеді: субсидиялар - халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарды қоса алғанда барлық жеке меншік формада қызмет көрсетуші ұйыдардан туске төлемақы, тұрақты көзделмеген бюджет қаражатынан бөлінген ақша құралдары:
- қарызға алынған ақша қаражаттары, белгілі бір мерзім ішінде қайтарылып берілетін ақша құралдары
- Мүлік түрінде қарызға немесе жалғаалынған қаражаттар Бұл қаражаттарды қайтару мерзімі келісім шарт негізінде жүзеге асырылады.
Инвестициялық жобаларды іске асыруда болатын белгісіздік жағайлары мен тәуекелшілдік аяқ астынан болатын құбылыстар. Инвестициялық жобаға қатысушылардың инвестицияға тәуекелшілдіктің әсер етуін тоқтататын екі жолы бар: әртүрлі тәуекелшілдіктерден қамсыздандыру, тәуекелшілдікті бақылау мүмкіндіктерін анықтау. Инвестициялық жобаны іске асыру барысында, шаруашылық жағдайларында, экономикалық заңдылықтарда толассыз өзгерістер болып тұрады. Сондықтан да инвестициялық инвестициялық жобаны іске асыру схемасында осындай өзгерістерді инвестициялық инвестициялық жобаны орындау жағдайындағы ақпаратты қадағалап отыруды көрсету қажет.
Инвестициялық жоба тиімділігін арттырудың басты құралы техникалық прогрес болып табылады. Жаңа техниканы ендіру оны экономикалық тиімділігн анықтау қажеттілігін қарастырады және оның пайдалы тиімділігінің ескісімен салыстырғанда мына көрсеткіштермен айқындалмақ; машина станоктың қуаты мен өнімділігі, ондағы деталдары дәл өңдеу және т. б. Сондай -ақ, пайдалы тиімділігінің басты элементі еңбек қауіпсіздігі, қызмет жасаудың ыңайылығы, еңбек тиімділігін арттыру және оны жеңілдету болып табылады.
Кәсіпорын тәжірибесінде жаңа техниканы таңдау мүмкіндігі жоғарыда көрсетілген көрсеткіштермен ғана шектелмейді, онда өндірілген өнімнің бағасы өзіндік құны бойынша да жағдайлар ескеріледі. Инвестициялык ахуал капитал салымының тәуекелдік дәрежесін анықтайтын және оны тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін саяси экономикалық, әлеуметтік және басқа да факторлар жиынтығы. Ең бастысы шетел иевестициялары үшін тартымды инвестициялық ахуал туғызу үшін, тұрақты және болашағы бар шетел инвесторларын табу және оның капиталын басымдылықты салалар, өндірістер, қызмет түрлеріне бағыттау қажет.
Қазақстан экономикасы үшін жақын арадағы он жыл мерзімге шетел инвестициясына деген сұранысты негіздеу, шетел инвесторлары үшін инвестициялық қауіпті азайту, олардың құқығын қорғау және инвестициялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тікелей және портфелыдік инвестиция келу ушін ынталандыру, оларды пайдаланудың құқықтық негізін жасау керек. Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан экономикасына шетел инвестициясының тек қана тікелей, портфелыдік инвестиция, несие және үкімет заемі түрінде келу көлемі 10 млрд доллардан асты. Жарияланған деректер бойынша инвестиция қүрылымының 49 пайызын -тікелей шетелдік тікелей инвестиция, 1 пайызын портфелыдік, 28 пайызын несиелер, 22 пайызын халықаралык қаржы ұйымдарының заемы құрады. Тікелей инвестицияның 60 пайызы, мұнай өңдеуге, 5 пайызы газ саласына, 10 пайызы түсі металлургияға салынды.
1. 2. Инвестициялық жобалардың мәні мен объектілері.
Инвестиция - Қазақстан экономикасының нарықтық экнонмикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде “Жалпы капиталдық салымдар” деген түсінік қолданылатын, осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың кеңеюі мен техникалық қайта (өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық-мәдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салынымдар) жұмсалынатын барлық қаржылық құралдар түсіндіріледі.
Инвестициялар ақша құралдары, мақастты банкілік салымдар, пайлар, акциялар және де басқа құнды қағаздар, технологиялар, машиналар, қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектісіне салынатын интеллектуалды бағалықтар, несиелер кез-келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде анықталады және осының бәрі - пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге жету мақстаында. Осы тұрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге жақын келеді. Келтірілген анықтамалар нарықтық және жоспарлық жүйелерде инвестициялық жобалардың мәнін түсінудегі айырмашылықты көрсетеді. Ресурстардың бөлінуі әкімшілік жүйесі жағдайында меншіктің бір түрімен жүзеге асатындықтан, инвестицияландырудың қаржылық және басқа түрлерінің бар екендігін отандық эконоимкалық ғылым қарастырмады. Жоспарлық экономика жағдайына инвестициялар ағымдағы шығындардан тек бір уақыттық сипатымен ғана айырықшаланатан залал ретінде көрінеді. Жалпы инвестициялық жобалардың жіктелуі:
Инвестициялар нақты инвестициялық жобалар және қаржы инвестициялық жобалар болып бөлінеді.
Нақты инвестициялық жобалар - капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрылысқа және т. б. жұмсалымы.
Қаржы инвестицияларық жобалар - мемлекеттен, басқа да кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған.
Сызба 1. 2 Жалпы инвестициялық жобалардың жіктелуі.
Бірінші жағдайда инвестор, өзінің өндірістік капиталының көлемін -өндірістік негізгі қорлар мен айналым қорларын ұлғайтады. Екінші жағдайда инвестор бағалы қағаздардан дивиденд алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады.
Сонымен қатар, инвестициялар тікелей және жанама болып бөлінеді.
Қазақстан Республикасындағы «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қорғау»
Заңы бойынша тікелей инвестициялар - республиканың тәуелсіздіккепілділігіне байланысты және арнайы техникалық көмек пен грантқа арналған инвестициялардан басқа барлық инвестиция түрлері.
Жанама инвестициялар -қоржындағы инвестициялар, басқаша айтқанда құнды қағаздар мен мүліктік бағалы заттар. Инвестициялық қоржынға кіретін бағалы қағаздар олардың атқарымдық мақсатына қарай ірі банкілердің инвестициялық қоржынына жетекші ролыге ие болып отырған меншікті инвестицияларға және қайталама өтімді резервтер дейтінге, яғни өтімді активтерге ең алдымен мемлекеттік міндеттемелерге бөлінеді.
Инвестициялық жобалардың негізгі түрлері әрбір кәсіпорынның іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі инвестициялық операциялар болып табылады, яғни жобаларды іске асырудағы жіберілген ақша қаражаттары жайлы операция. Инвестициялық капитал жобаларының түрлері:
Сызба 1. 3. Инвестициялық жоба бағытындағы капитал жобаларының жіктелуі.
Ақша активтеріне -басқа да жеке және заңды тұлғалардан ақша қаражатын алуға болатын құқық жатады. Мысалы, банкіде -депозиттер, облигациялар, акциялар несиелер, қарыздар, кепілдіктер т. б.
Материалдық емес активтерге -кәсіпорындардың жұмысшыларының қайта жеке оқыту және біліктіліктерін жоғарылату арқылы, сауда белгілерін жасау тапқыштық патенттер мен лицензия алу, сонымен қатар жерді қолдануға құқық алу арқылы алынған құндылықтар жатады. /5/
Нақты активтерге байланысты инвестициялар мынадай топтарға бөлінеді:
Тиімділікті арттыруға бағытталған инвестициялық жобалар:
Олардың негізгі мақсаты -жабдықтарды ауыстыру, персоналды оқыту және өндіріс қуаттарын өндірістің тиімді жағдайы бар аймақтарға қарай ауыстыру арқылы кәсіпорынның шығындарын азайтуға жағдай жасау.
Өндірісті кеңейтуге бағытталған инвестициялық жобалар: Негізгі мақсаты -өндіріс орындарының нарыққа тауар шығару қабілеттілігін кеңейту. Жаңа өндіріс орындарын ашуға бағытталған инвестициялар. Жаңа өнімдер, тауарлар шығара алатын жаңа кәсіпорындар салуға бағытталады. Мемлекеттік басқару ұйымдарының талаптарын орындауға бағытталған инвестициялық жобалар:
Бұл инвестициялар кәсіпорындардың, мемлекеттік ұйымдардың экологилық стандарттар, өнімнің қауіпсіздігі және басқа да жағдайларға байланысты талаптарын орындауға мәжбүр болған жағдайында қолданылады. Инвестициялардың бұл сыныптамасы тәуекелшілдік деңгейімен байланысты. Инвестициялардың түрлері мен тәуекелшілдік деңгейі төменгі кестеде көрсетілген. /8/
Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі өзінің өндірістік-экономикалық потенциялын сақтау және ары қарай дамыту. Кәсіпорынның бұл саладағы іс-әрекеті - инвестициялық іс әрекет деп аталады. Қазақстан Республикасының «Нақты инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдау туралы» Заңы бойынша инвестициялық іс-әрекетке инвестицияларды атқаруға байланысты кәсіпкершілік іс-әрекет жатады.
Инвестициялық іс-әрекеттердің субъектілеріне инвесторлар (инвестициялық іс-әрекетті жүргізетін жеке және заңды тұлғалар), тапсырыс берушілер, жұмысты орындаушылар, инвестициялық іс-әрекеттің объектілерін қолданушылар, ге жеткізушілер, заңды тұлғалар (банкілер, қамсыздандыру ұйымдары, инвестициялық қорлар) және басқа да инвестициялық процестің қатысушылары жатады. Тапсырыс берушілерге - инвесторлар және басқа да инвестициялық инвестициялық жобаны іске асырушы жеке және заңды тұлғалар жатады.
Қазақстан Республикасында кәсіпорындардың инвестициялық іс-әрекеттері «Нақты инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдау туралы», Қазақстан Республикасы президентінің заң күші бар «Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Шетел инвестициялары туралы» Заңдармен, тағы басқа да нормативтік актілермен реттеледі.
Жоспарланған, іске асырылған инвестициялар инвестициялық жобалар формасын қабылдайды. Инвестициялық жоба - капиталдарын ұлғайту мақсатымен экономиканың әртүрлі салалары мен сфераларына құюға бағытталған, жоспарланған және орындалатын шаралар жиынтығы.
Инвестиция деңгейі қоғамның ұлттық табысының көлеміне ықпал етеді, ұлттық экономиканың көптеген макро-пропорциялары инвестиция қозғалысына тәуелді. Кейнсияндық теория бойынша инвестиция мен жинақ ахуалы (яғни көзі немесе инвестиция резервуары) әр түрлі процестер мен жағдайлар арқылы анықталады. Ел аумағындағы инвестициялар (күтделі қаржы) ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін анықтайды. Жаңа кәсіпорындар құрылысы, үй тұрғызу, жол салу соларға байланысты жаңа жұмыс орнын жасау инвестициялық процестерге немесе капиталдың құрылуына тәуелді.
Инвестиция көзі - жинақ, жинақты бір шаруашылық агенті жүргізіп, ал инвестицияны басқа адамдар немесе шаруашылық етуші субъектілер жүргізуі мүмкін.
Инвестиция мынадай факторларға тәуелді:
Біріншіден, инвестиция процесі күтіліп отырған пайда нормасына немесе күрделі қаржылық рентабелыділігіне тәуелді. Егер инвестордың пікірінше рентабелділік төмен болса, онда қаржыландыру жүзеге аспайды.
Екіншіден, (мұның өзі бірінші жағдаймен байланысты) инвестор шешім қабылдау кезінде күрделі қаржының алыернативті мүмкіндіктерін есепке алады және мұндағы шешуші фактор процент ставкасының деңгейі болады. Инвестор ақшасын жаңа зауыт, фабрика құрылысына жұмсауы мүмкін, немесе ақша ресурстарын банкке орналастыруы да ықтимал. Егер процент нормасы күтіліп отырған пайда нормасынан жоғары болса, инвестиция жүзеге аспайды, керісінше, егер процент нормасы күтіліп отырған пайда нормасынан төмен болса, кәсіпкерлер күрделі қаржыны іске қосады.
Үшіншіден, инвестиция сол елдегі немесе аймақтағы салық салудың деңгейі мен ахуалына тәуелді. Салық деңгейінің жоғары болуы инвестицияны ынталандырмайды, сонымен қатар салықтың қандай ставкасы жоғары немесе төмен деп үзілді-кесілді айтуға да болмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz