Бизнес - жоспардың қаржылық тарауын талдау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛIГI
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
“Экономика және менеджмент” факультетi
Бибігүл
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: Нарық жағдайындағы бизнес-жоспар
Мамандығы: “Экономика”
Мамандануы: “ ”
Қорғауға жiберiлдi
Кафедра меңгерушiсi
Ғылыми жетекшiсi:
Э.ғ.к., доцент
оқытушы
________ Қалдыбаев Е.К.
Алматы 2005 ж.
МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ 2
1-ТАРАУ. БИЗНЕС-ЖОСПАР: КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУ 6
1.1 Нарық жағдайында бизнес-жоспар құру қажеттілігі және оның маңызы 6
1.2 Бизнес-жоспардың құрылымы 10
1.3 Қазіргі таңдағы бизнес-жоспарлау концепциялары 16
2-ТАРАУ. БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ АСПЕКТІСІН ТАЛДАУ 21
2.1 Қаржылық жоспарлау – кәсіпорынның қаржылық ресурстарын басқару құралы
ретінде 21
2.2 Кәсiпорынның қаржылық жағдайын бағалау және болжау әдiстемесi 25
2.3 Бизнес-жоспардың қаржылық тарауын талдау 31
3-ТАРАУ. СҮТ ӨНІМДЕРІ ӨНДІРІСІН КЕҢЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ МЫСАЛЫНДА БИЗНЕС-ЖОСПАР
ҚҰРУ 39
ҚОРЫТЫНДЫ 62
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 65
КIРIСПЕ
Әрбiр кәсiпкер өз қызметiн бастамай тұрып болашақта қажет болатын
қаржылық, материалдық, интеллектуалдық ресурстар және оларды алу көздерi
туралы анық түсiнiгi болу керек, сонымен бiрге компания қызметiнде осы
ресурстардың пайдаланылу тиiмдiлiгiн есептеу қажет. Өз қызметiн дәл
ұйымдастыра бiлмесе, нарық жадайы туралы үнемi ақпараттық қамтамасыз
етусiз, өзiнiң және бәсекелестерiнiң нарықтағы жағдайын салмақтамаса, өз
болашағы мен мүмкiндiктерiн талдамаса бiрде-бiр жетекшi тұрақты табысқа
жетпейдi.
Нарықтық экономика жағдайында бизнес-жоспарлау- бұл кәсiпкерлiктiң
барлық түрлерiнде қолданылатын жұмысшы құрал. Ал бизнес-жоспар- үнемi
жүйелi түрде жаңарып отыратын құжат. Оған компания iшiнде және нарықта
болып жатқан өзгерiстерге қарай өзгерiстер мен түзетулер енгiзiлiп отырады.
Нарықтық экономика жетекшiлерге өте үлкен талаптар қояды. Бұл
бәсекенiң күшеюiмен, демек, қабылдаған және жүзеге асыратын шешiмдерi,
жоспарлары, идеялары үшiн жауапкершiлiктiң де артуымен түсiндiрiледi.
Жетекшi алдында үнемi таңдама тұрады: не өзiнiң жеке басының
жауапкершiлiгiн және тәуекелдi арттыру қажет пе, не оларды серiктестер
арасында бөлiп-таратқан дұрыс па. Әрине бұл шешiмдердiң әрқайсысының
өздерiнiң жақсы және жаман жақтары бар, соларды салмақтап, дұрыс шешiм
қабылдау өте қиын, өйткенi кез-келген шешiм салдарын сандық-сапалық дәл
өлшеу көбiнесе мүмкiн болмайды.
Кез-келген типтегi идеялар мен жобалардың жүзеге асырылу дәрежесiн
арттырудың құралы - жоспарлау болып табылады. Кез-келген күрделi проблеманы
неғұрлым қарапайым бөлiктерге бөлiп, содан кейiн оларды тереңiрек қарастыру
арқылы жүзеге асыру ықтималдығын анықтауға болады. Осы әдiс бизнес-
жоспарлаудың негiзiн құрайды. Бизнес-жоспарлау процесi өте күрделi және
еңбек сыйымдылығы да мол процесс, сондықтан оны дұрыс құру үшiн
экономикалық бiлiм, тәжiрибе, бiлiктiлiк, дағды қажет.
Әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей, көптеген компаниялар сыртқы
факторларлың әсерiн дұрыс болжай алмағандықтан және өз мүмкiндiктерiн дұрыс
бағалай алмағандықтан үлкен зиян шегiп жатады. Жоспарлау, сондай-ақ,
серiктестер мен инвесторларға компанияның таңдап алған жолының дұрыс
екендiгiн дәлелдеу үшiн, көрсету үшiн қажет, ал ол үшiн жоқ дегенде оларды
өз жоспарларымен таныстыру керек. Әрине потенциалдық инвесторлар мен
серiктестердi олармен дер кезiнде және толық мөлшерде есеп айрысу
мүмкiндiктерi мен кепiлдiктерi, сондай-ақ өздерiне келетiн пайда ғана
қызықтыратын болады. Бизнес бойынша серiктестердi бизнес мақсаты, осы
мақсаттың өз мүдделерiмен үйлесiмдiлiгi қызықтырады, ал потенциалдық сатып
алушылар мен клиенттердi компания қызметi қаншалықты олардың бизнесiне әсер
етедi және мүдделер қарама-қайшылығын болдырмас үшiн қандай шаралар
қабылдау керектiгi қызықтырады. Несие берушiлер басты назарды берген
қарызды компанияның дер кезiнде және толық мөлшердi қайтару
қабiлеттiлiгiне, қарыз бойынша қойылған кепiлдеменiң құнына аударады.
Сондықтан бизнес-жоспар барлық проблеманы жобаға қатысушылар көзқарасынан
және әр түрлi вариантта бiрден қарастырады.
Әдетте бизнес-жоспар жобаның жүзеге асыру мүмкiндiгi әбден
зерттелгеннен кейiн, оның өмiр сүру қабiлеттiлiгi анықталғаннан соң және
бағалау зерттеулерi жүргiзiлiп, оны жүзеге асыруға болады деген соңғы шешiм
қабылданғаннан кейiн ғана құрылады. Одан ары қарай жобаның мақсаттары мен
кәсiпорынның мақсаттары қалай ұштасады, және жобаны жүзеге асыру барысында
және нәтижесiнде серiктестердiң, несие берушiлердiң, инвесторлардың
мүдделерi қалай сақталады деген сияқты мәселелер анықталады.
Бизнес-жоспар оған қызығушылық танытқан тұлғаға iстiң дәл мәнiсi
жайлы, оған қатысу дәрежесi және одан келетiн пайда туралы дәл ақпарат
беруi керек. Ол жаңа өнiм өндiрудi немес оны елеулi модификациялауды
көздеген бiрнеше компаниялардың қызметiн үйлестiретiн белсендi құрал болуы
керек.
Дағдарыстық экономика жағдайында кез-келген кәсiпкер қарыз құралдарын
тарту қажеттiлiгімен кезiгедi, өйткенi кең көлемде қызметтi жүзеге асыру
үшiн әдетте кәсiпорындардың меншiктi құралдары жеткiлiктi бола бермейдi.
Тап осы кезде бизнес-жоспар және бизнес-ұсыныс жасалады. Бұл, бiрiншiден,
қолда бар ресурстарды маңызды проблемаларды шешуге жұмылдыруға мүмкiндiк
бередi, екiншiден, кәсiпкерде өз бизнесiн жоспарламау нәтижесiнде жiберген
қателерiн жөндеуге не ресурсы, не уақыты болмай қалуы мүмкiн. Оған қоса,
дағдарыс жағдайында бизнестiң табыстылығы емес, ең алдымен оның өмiр
сүргiштiк қабiлетi, яғни ұзақ мерзiмдегi оның активтерi мен
мiндеттемелерiнiң арақатынасы бiрiншi орындағы маңызды проблема болады.
Ресурстар алға қойылған мақсатқа бағытталған және мейлiнше тиiмдi
пайдаланылған жағдайда ғана компания нарықта өз орнын сақтап қалады және
табысқа жетедi, ал бұған бизнес-жоспарды құру және енгiзу мүмкiндiк бередi.
Сонымен, бизнес-жоспарлаудың қазiргi нарық жағдайында компаниялар
қызметiн табысты жүзеге асырудағы маңыздылығын ескерек отырып, бұл
тақырыптың өзектiлiгiн байқауға болады.
Дипломдық жұмыстың алға қойған мақсаты- бизнес-жоспардың, әсiресе оның
қаржылық бөлiгiнiң маңызын, құрылу қағидаларын, әдiстемесін талдау болып
табылады.
Зерттеу объектiсi ретiнде “Жiгер” жауапкершiлiгi шектеулi
серiктестiгiнiң сүт өнiмдерiн құю жобасы алынды.
Алға қойылған мақсатқа қол жеткiзу үшiн мынадай мiндеттер қойылды:
• Бизнес-жоспарлаудың компания бизнесiнiң табыстылығы үшiн маңызын
айқындау;
• Бизнес-жоспардың құрылымын зерттеу;
• Қаржылық жоспарлаудың негiзгi әдiстерi мен тәсiлдерiн қарастыру;
• Нақты кәсiпорын мысалында бизнес-жоспарды құру арқылы бизнес-жоспардың
iс жүзiнде қалай жұмыс iстейтiндiгiн көрсету.
1-ТАРАУ. БИЗНЕС-ЖОСПАР: КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУ
1.1 Нарық жағдайында бизнес-жоспар құру қажеттілігі және оның маңызы
Бизнес-жоспар инвестицияны негіздейтін қорытынды құжаттардың бірі, ол
жоспарланған өнім номенклатурасы және өнім шығару көлемі туралы, өнім
өткізу және шикізат базасының сипаттамасы туралы, жер, энергетика және
еңбек ресурстары туралы деректерді қамтиды, сондай-ақ, қарастырылатын
жобаның коммерциялық, бюджеттік және экономикалық тиімділігі туралы көрініс
береді және ең біріншіден, жобаның инвесторлары үшін салынатын
инвестицияның тиімділігін негіздейді.
Бизнес-жоспар интеллектуалдық меншік объектісі, коммерциялық құпия
пәні болып табылады және сәйкес қорғауды қажет етеді.
Қазіргі нарықтық қатынастардың дамуы жағдайындағы экономикалық жағдай
кәсіпорындарға ішкі фирмалық жоспарлауға жаңа тәсілдеме қолдануды талап
етеді. Жоспарлау болашақта әрекет етуді көздейтін кез-келген ұйымға қажет.
Кәсіпорындар барынша тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік беретіндей жоспарлау
нысандары мен модельдерін іздеуге мәжбүр болады. Мұндай шешімдерге қол
жеткізудің оптималды варианты - бизнес-жоспар болып табылады.
Бизнестің табысты дамуының шешуші элементі – сауатты басқару және
жоспарлау. Жоспарлау - табысқа қол жеткізудің қажетті шарты, алайда ол
жеткіліксіз. Өздерінің іс-әрекеттерін жоспралайтын көптеген кәсіпорындар
сәтсіздікке ұшырады, сондықтан жоспарлаудың өзіне де ұтымды көзқараспен
қарау керек.
Жоспарлау – болашақта, белгілі бір уақыт мерзімінде болатын
оқиғалардың барынша нақты сандық сипаттамасы. Әрине, бизнес дамыған сайын,
уақыт өтісімен ақпарат та өзгереді, өйткені экономикалық жағдайлар
өзгеріске ұшырайды. Алайда бизнесті қоршаған ортаның өзгерісі ақпаратқа
өзгерістер әкелгенімен, жоспарлау - қажетсіз күш-жігер мен уақыт жоғалту
деп санауға болмайды. Егер жоспарлау дұрыс жүргізіліп, болып жатқан
оқиғаларға сәйкес келсе, ол бизнесмен үшін бизнесті қоршаған орта туралы
ақпарат алуға, өзінің бизнесінің әлсіз және күшті жақтарын сезінуге,
қоршаған ортаның бизнеске тигізетін әсерін бағалауға мүмкіндік беретін
құрал бола алады. Сонымен қоса, бизнес-жоспар банктерге салынған
инвестицияның пайдалану тиімділігін бақылауды күшейтуге және мүмкін болатын
проблемаларды алдын-ала айқындауға мүмкіндік беретін маңызды құжат. Дұрыс
құрылған бизнес-жоспар келесі сұраққа жауап беруге көмектесу керек: “Бұл
жобаға қаражат салуға тұра ма және ол жұмсалған күш пен қаражатты
ақтайтындай табыс әкеле ме?”
Бизнес-жоспар коммерциялық кәсіпорынның барлық негізгі аспектілерін
қамтитын құжат, ол алда тұрған мүмкін болатын проблемаларды талдайды, осы
проблемаларды шешу тәсілдерін анықтайды.
Сонымен, бизнес-жоспар – бұл бизнестегі қол жеткізуді көздеген
мақсаттың қағаз жүзіндегі жазылған моделі және осы алға қойған мақсаттарға
қол жеткізу үшін барлық ресурстарды тиімді пайдалануға жағдай жасайтын
құрал.
Жақсы құрылған бизнес-жоспар - жоспарланған іс-әрекеттердің схемасы.
Ол бизнестің болашақ жай-күйін айқындауға көмектеседі. Алға қойылған
мақсаттарды белгілеуден бастап, ол мақсаттарға қол жеткізуге қажетті барлық
ресурстар мен кезеңдерді қамтиды.
Бизнес-жоспарды құру өнерін меңгеру бүгінде келесі себептерге
байланысты қажет:
Экономикаға қазір кәсіпкерлердің жаңа ұрпағы келіп жатыр, олардың көпшілігі
бұрын коммерциялық құрылымдарды басқарып көрген емес, сондықтан нарықтық
экономика жағдайында оларды күтетін проблемалардың барлық шеңберін олар
алдын-ала көріп біле алмайды;
Шаруашылық проблемалар үнемі өзгеріп тұрады және тәжірибелі жетекшілердің
алдында болашақтағы шараларын жаңаша көзқараспен қарау қажеттілігін
тудырады.
Инвестиция алу және экономиканы көтеру үшін инвесторларға жоспарлардың
өміршеңдігін және тиімділігін дәлелдеу керек;
Бизнес-жоспардың мақсаты – кәсіпорын басқармасына келесі негізгі
міндеттерді шешуге көмектесу:
болашақ өткізу нарығының сыйымдылығын және даму перспективасын айқындау;
осы нарыққа қажетті өнімді өндіруге қажетті шығындарды бағалау және оларды
товарды қолайлы бағамен сатудан түсетін түсіммен салыстыру арқылы
жоспарланған істің табыстылығын анықтау;
өнімді өткізу алдында кездесуі мүмкін кедергілерді алдын ала айқындау;
өндіріс көлемінің көтерілуі мен құлдырауын анықтауға мүмкіндік беретін
бақылау көрсеткіштерін анықтау.
Бизнес-жоспар – қазіргі нарықтық экономикада кәсіпкерлік көлеміне,
қызмет ету өрісіне және формасына байланыссыз қолданылатын менеджменттің
арнайы құралы.
Батыс елдермен салыстырғанда Қазақстандағы іскерлік жоспарлаудың
бірқатар ерекшелігі бар. Қазақстандық заңдылық бойынша қазіргі кезде бизнес-
жоспарды құру міндетті емес. Ол көптеген қазақстандық кәсіпорындар үшін
жаңа құжат. Бизнес-жоспарды құруға кіріспес бұрын, ең алдымен, қажетті
ақпарат кешенімен жабдықталып алу керек.
Бизнес-жоспардың қажеттілігін дәлелдейтін бірнеше аргумент:
1. Бизнес-жоспар құру арқылы бизнесменге басты назарды айналысқалы отырған
ісіне шоғырландыруға мүмкіндік береді, бұл жекелеген ұсақ аспектілерге
көңіл аудармауға жағдай жасайды. “Бизнес әлеміне ұшпас” бұрын, кәсіпкер өз
бизнесіне әсер ететін барлық маңызды шарттарды көзден таса қалдырып алмас
үшін, болашақтағы іс-әрекетін қоршаған ортамен үйлестіріп қарастыруы керек.
2. Бизнес-жоспар жаңа кәсіпкерлік идеяны нақты бағалауға көмектеседі. Егер
бизнес-жоспар жақсы құрылса, ол идеяның жүзеге асырылуына негіз болады.
3. Бизнес-жоспар істі жүргізуге көмектесетін құрал болып табылады.
Кәсіпорынды жоспарсыз басқару машинаны құралсыз жөндеумен тең. Жоспардың
болмағанынан болғаны жақсы.
4. Бизнес-жоспар фирманың бизнес-идеяларын фирмадан тыс тұлғаларға
жеткізеді, бұл қаржыландыру көздерін тарту немесе бірлескен кәсіпорын құру
үшін қажет.
Инвесторлар, банкирлер, потенциалдық серіктестер келесі деректерді
білгісі келеді:
• Сізге қанша ақша қажет?
• Ол сізге қашан қажет болады?
• Қаражат сізге не үшін қажет?
• Оны сіз қайтара аласыз ба және қашан қайтарып бере аласыз?
Сіздің жоспарыңыз осы сұрақтарға жауап бере алуы керек.
5. Бизнес-жоспар құру арқылы жүзеге асырылған істер жоспарсыз оқиғаларға
жауап беру арқылы жүзеге асырғанға қарағанда табысқа әкеледі. Өйткені
бизнес-жоспар басты мақсатқа зер салуды, соған қол жеткізу үшін қажетті
мінеттерге басты назарды шоғырландыруға мүмкіндік береді.
1.2 Бизнес-жоспардың құрылымы
Бизнес-жоспардың құрылымы оның мазмұнының ұқсастығына қарамастан ол әр
елде, әр салада әртүрлi құрылады. Алайда халықаралық деңгейде жасалатын
инвестициялық жобаларды құру ЮНИДО–ның ұсынған стандарттары бойынша
жүргiзiледi. Соның құрылымын қарастырайық. Негiзгi тараулар келесiдей:
1. Жобаның қысқаша сипаттамасы (мақсаттар мен бизнес стратегиясын анықтау
). Құрал-жабдықты қою және орналастыру мерзiмдерi;
2. Жобаның алғышарттары және идеясы;
3. Нарықты талдау және маркетинг концепциясы (баға белгiлеу стратегиясы).
Нарықтағы сұранысты бағалау;
4. Жобаның орналасуы, құрылыс учаскесi және қоршаған орта;
5. Техникалық жобалау және технология. Жобаның базалық технологиясы;
6. Өндiрiстi ұйымдастыру және басқару. Өндiрiстiк процесс. Өндiрiс көлемi.
Өнiмнiң стандарттары мен технологиясы;
7. Қаржылық жоспар және инвестиция тиiмдiлiгiн бағалау. Қаржылық бағалау
негiзi (INPUT);
8. Жобаның ел экологиясына және экономикасына тигiзетiн әсерiн анықтау.
Ендi осы тараулардың әрқайсысына қысқаша түсiнiктеме берiейiк.
1. Жобаның қысқаша сипаттамасы.
Бұл тарауда жобаны ұсынып отырған компания туралы, оның
құрылтайшылары, атқаратын қызмет түрлерi, заңгерлiк тiркелген және
орналасқан жерi, ұйымдастырушылық-құқықтық формасы, жарғылық қорының
мөлшерi, құрылтайшылық құжаттарында келтiрiлетiн бiрқатар маңызды деректер
берiледi. Сондай-ақ жобаның қатысушыларына, ұсынылып отырған инвстициялық
жобаға қысқаша сипаттама берiледi. Жобаны жүзеге асыру мерзiмi, оның құны
және қаржыландыру көздерi, жобаны жүзеге асыру кестесi т.с.с. мәлiметтер
осы тарауда көрсетiледi.
Қажеттi ақша құралдарына деген қажеттiлiктi 2 бағанға бөлiп көрсеткен
дұрыс: ақша құралдарын қолдану және оларды қаржыландыру көздерi. Бұл екi
көрсеткiш арасындағы айырмашылық қажеттi ақша құралдарының мөлшерiн анықтап
қана бермейдi, сонымен қатар жетпей тұрған қаржы ресурстарының пайдалану
бағытын анықтайды. Қаржыландыру мен қарыз құралдарын қайтару формаларына
ерекше көңiл бөлу қажет. Потенциалдық инвесторларға салынған қарыз
құралдарының формасының және шамасының инвестициялық тәуекелдi толық
ақтайтындығына көз жеткiзу керек.
2. Жобаның алғышарттары және идеясы.
Бұл тарауда ұсынылып отырған жобаны жүзеге асыру үшiн қажеттi
алғышарттар қарастырылады. Компанияның бизнесiне қатысты қазiргi және
потенциалдық мүмкiндiктердi келтiрiп, оларды қалай жүзеге асыру ниетiн
көрсету керек. Жобаның басты идеясы қысқа әрi айқын түрде тұжырымдалуы
керек. Сондай-ақ, жобаны жүзеге асырудағы компанияның алдына қойған мақсаты
негiзделедi. Бұл бизнес-жоспардың ең бастапқы негiзiн құрайды. Өйткенi
потенциалдық инвесторлар үшiн қазiргi және болашақтағы бизнестiң соңғы
нәтижесiн нақты сандық көрсеткiшпен бейнелеу керек. Қаншалықты ұсынылып
отырған товар немесе қызмет түрiнiң бизнестегi компанияның мақсаттарына қол
жеткiзуге жағдай жасайтындығы туралы айту керек.
Мақсат дегенiмiз-белгiлi бiр уақыт аралығында қол жеткiзудi көздеп
отырған қызмет нәтижесi. Мiндет - бiрқатар сандық және сапалық
параметрлермен сипатталатын, берiлген уақыт мерзiмi iшiнде қол жеткiзiлетiн
қажеттi қызмет нәтижесi.
Компанияның бизнес-жоба алдында қойған мақсаттары оның қол жеткiзудi
көздеп отырған жетiстiктерi ретiнде белгiлi бiр иерархиялық тiзбекте болуы
мүмкiн, немесе басымдықты мақсат бөлiнiп көрсетiлуi мүмкiн, немесе компания
қызметiнiң әр бағыты бойынша жеке-жеке мақсаттар тармағы берiлуi мүмкiн.
Мұндай мақсаттарға, мысалы, мыналар жатады:
- өнiм өткiзу көлемiн белгiлi бiр нақты деңгейге жеткiзу;
- өнiмнiң бiр бiрлiгiне шаққандағы шығындарды нақты бiр шамаға төмендету;
- өнiмнiң сапасын белгiлi бiр нақты деңгейге көтеру;
- белгiлi бiр нақты мөлшерде таза пайда мөлшерiн алу;
- компанияның нарықтағы үлесiн белгiлi бiр нақты процентке арттыру.
Осы тарауда сондай-ақ, өндiрiлетiн өнiм ассортиментi, жобаның жүзеге
асырылатын жерi, экономикалық тиiмдiлiгi, оның заңгерлiк рәсiмделуi,
мемлекеттiң жүргiзiп отырған жалпы экономикалық саясатпен үйлесiмдiлiгi
туралы қысқаша мағлұматтар берiледi.
3. Нарықты талдау және маркетинг концепциясы.
Бұл тарау потенциалдық инвесторларға компанияның нарықтағы жағдайды
жақсы бiлетiндiгiн көрсетуге бағытталған: нарық сыйымдылығы, ондағы негiзгi
бәсекелестер туралы ақпарат, маркетинг тәсiлдерi, және т.б.
Маркетинг жоспары фирма қызметiн iшкi ұймдастыру үшiн, сондай-ақ
серiктестер және инвесторлармен келiссөздер жүргiзу кезiнде қажеттi құрал
болып табылады.
Бизнес-жоспардың бұл тарауы болашақ серiктестермен өзара арақатынастар
негiзiн қалыптастырады, оның мақсаты-товарды бөлiп-тарату схемасы туралы,
баға белгiлеу мен өткiзудi ынталандыру әдiстерi туралы анық көрiнiс беру.
Бұл тарауда, сондай-ақ компанияның қолданатын баға белгiлеу
стратегиясы, нарықтың мақсатты сегменттерiн таңдау, сату болжамдары,
товарды бөлiп-тарату схемасы, клиенттерге сатудан кейiн де қызмет көрсету,
жарнама, нарықтағы сұранысты зерттеу нәтижелерi, дайын өнiмдi немесе
товарды өткiзу каналдары туралы ақпарат берiледi. Сонымен қатар компанияның
товарды нарыққа жылжытуда, тасымалдауда, өткiзудi ынталандыруда
қолданылатын маркетингтiк тәсiлдерi көрсетiледi. Жалпы маркетингтiк
концепциясына сипаттама берiледi.
Компания бұл тарауда потенциалдық инвесторларға өзiнiң нарықтағы
алатын үлесiн және ролiн көрсетуi керек. Жобаны жүзеге асыру нәтижесiнде
өндiрiлетiн товар немесе қызметтi өткiзу тұрғысында қолданатын маркетингтiк
әдiстер мен тәсiлдер кешенi және бәсекелестермен күресу техникасы қажеттi
нарық үлесiн жаулап алуға және нақты уақыт мезетiне өткiзу көлемiн нақты
сандық шамаға жеткiзудi қамтамасыз ете алатындығын дәлелдеуi керек.
4. Жобаның орналасуы, құрылыс учаскесi және қоршаған орта.
Бұл тарауда жобаны жүзеге асыру үшiн жердi таңдау туралы шешiмдi
қабылдау негiзделедi. Өнiмдi өндiру iсi жүзеге асырылатын құрылыс үйлерi,
жер учаскелерi қандай қағидаға сүйенiп алынғаны көрсетiледi.
5. Техникалық жобалау және технология.
Бұл тарауда жоба шеңберiнде қарастырылған ұсынылып отырған товар
немесе қызмет өндiрудiң технологиясы мен техникалық сипаттамалары
келтiрiледi. Жобаның базалық технологиясы, оның артықшылықтары мен
кемшiлiктерi көрсетiледi.
Таңдап алынған құралдардың техникалық сипаттамасы, оларды өндiрушiлер
туралы, құрал-жабдықтың жұмыс iстеу режимi, техникалық-технологиялық линия
жұмысы туралы мағлұматтар берiледi.
6. Өндiрiстi ұйымдастыру және басқару.
Ұйымдастырушылық жоспар және менеджмент-бұл фирманың iскерлiк кестесi,
қызметiнiң хұқықтық қамтамысз ету сұрақтыры, кәсiпорында басқаруды
ұйымдастыру, персоналды басқаруды ұйымдастыру, компанияның құрылымдық
бөлiмшелерi мен қызметтерiнiң өзара қызметiн үйлестiру.
Iскерлiк кесте- бизнес-жоспардың қажеттi бөлiгi. Мұнда өнiмдi өндiру,
нарықты талдау, сатуларды ұйымдастыру сияқты шешушi iс-әрекеттердiң уақыт
кестесiн бекiту қажет. Iстi табыстылыққа жеткiзетiн мейлiнше маңызды
тапсырмаларды, оқиғаларды жазуға болады. Бизнес-жоспардың шешушi оқиғалары
болып мыналар табылуы мүмкiн: шикiзат пен материалдарға тапсырыс беру;
дизайнды дайындау; товардың бiрiншi көрмесiн ұйымдастыру; өндiрiстiң
басталуы; алғашқы тапсырыстың түсуi; алғашқы сату; алғашқы шоттар бойынша
есеп айрысу және т.с.с.
Басқару құрылымын қалыптастыруда мынаны есте ұстаған жөн:
ұйымдастырушылық құрылымды қалыптастырудың техникалық шешiм қабылдаудын
ерекшелiгi сол, компания қызметiнiң барлық кезеңiнде адам факторы маңызды
роль атқарады. Жеке-дара және топтық мүдделер, тәжiрибе және дәстүр,
жетекшiлер мен мамандардың бiлiктiлiк және әлеуметтiк-психологиялық
сипаттамаларын жобаны құрудың алғашқы кезеңдерiнде ескеру қажет. Егер
компания көлемi жағынан өте үлкен болмаса, шешушi мамандар мен жетекшiлердi
компанияны басқару құрылымын қалптастыру шығармашылық процесiне тарту
ұжымның тиiмдi жұмыс iстеуiне кепiлдiк бередi.
Сондай-ақ, бұл тарауда өндiрiс процесiн ұйымдастыру ерекшелiктерi,
өндiрiс көлемi, шығарылатын дайын өнiмнiң стандарттары мен технологиясы
туралы ақпарат берiледi.

негiзi (INPUT).
Қаржылық жоспарлаудың негiзгi мiндетi ағымдық және ұзақ мерзiмдi
сипаттағы қаржылық ресурстарға деген қажеттiлiктi анықтау болып табылады.
Бұл жұмыс компанияның қолда бар экономикалық потенциалын анықтаудан, яғни
оның шамасын, активтерiнiң көлемiн және олардың қаржылану көздерiн
анықтаудан басталады.
Қаржылық жоспарлаудың объектiлерi болып мыналар табылады: өнiмдi
өткiзуден түскен түсiм; пайданың қалыптасуы және қолданылуы; Шығындарды
жабу көздерi; бюджетпен, банктермен, сақтандыру және инвестициялық
компаниялармен арадағы қарым-қатынастар.
Жылдық қаржылық жоспардың табыс бөлiгiнде жоспарланған пайда, әр
тоқсанға есептелген тозу құны, баланстан шығарылған мүлiктi сатудан түскен
түсiмдер және т.с.с. табыстар көрiнiс тапса, шығындар бөлiгiнде-салықтық
төлемдер, несие үшiн төленетiн проценттер, сақтандыру шығындары, таза
пайданы қорлануға жұмсау, резервтiк қорлар бейнеленедi.
Кез-келген экономикалық есептеулер нәтижесi компанияны қоршаған
ортадағы көптеген факторлардың әсерiнен өзгеруi мүмкiн екендiгi белгiлi,
яғни алуан түрлi iшкi және сыртқы тәуекелдер болады. Сондықтан қаржылық
жоспарды құру кезiнде жасалатын есептеулер бiрқатар шарттарға сүйенiп
жүргiзiледi. Экономика математика сияқты дәл ғылым емес, абстрактiлi ғылым
екенi белгiлi, сондықтан кез-келген экономикалық құбылысты қатып қалған дәл
формула арқылы бағалау дұрыс емес, сондықтан экономикалық есептердi шешу
кезiнде математикалық әдiстердi қолдану бiрқатар пайымдауларға негiзделедi.
Осы пайымдаулар ЮНИДО ұсыныстарында INPUT деп аталады. Ол жобаның
негiзделген мынадай параметрлерiн қамтиды: өнiмнiң бағасы, салық ставкасы,
инфляция деңгейi, несие бойынша проценттiк ставка, дисконттау ставкасы,
оптимистiк және пессимистiк варианттар бойынша өндiрiстiң көлемi, тұрақты
және өзгермелi шығындар арақатынасы, жарнама шығындарының мөлшерi, жөндеу
шығындарының мөлшерi, амортизация ставкасы және т.с.с.
8. Жобаның ел экологиясына және экономикасына тигiзетiн әсерiн
анықтау. Бұл тарауда ұсынылып отырған жобаның ел экономикасы және
экологиясына тигiзетiн әсерi негiзделедi. Яғни жобаның барлық қатысушылар
үшiн әкелетiн пайдасы қарастырылады, жобаны жүзеге асыру шешiмiн қабылдаған
потенциалдық инвесторларға келетiн ұтыс дәлелденедi.
Сондай-ақ, жобаның қоршаған ортаға әкелетiн салдары көрсетiледi. Егер
өндiрiстiң табиғатқа терiс салдары болса, оларды жою немесе керi салдарын
мейлiнше төмендету шаралары, бұл шараларды қаржыландыру көлемi сияқты
мәселелер де осы тарауда бейнеленедi.
1.3 Қазіргі таңдағы бизнес-жоспарлау концепциялары
Бизнес-жоспарлау процесін ұйымдастырудың “оптималдық конструкцияға
негізделген” жаңа концепциясын қарастырайық.
Кәсіпорын табысын анықтайтын барлық факторлар классикалық түрде 2-ге
бөлінеді: ішкі (оларға кәсіпорын әсер ете алады) және сыртқы (кәсіпорынның
ішкі ортасы). Сыртқы факторлар құрамынан үшінші типті факторды бөліп
көрсетуге болады: кәсіпорын шектеулі түрде әсер ете алатын сыртқы
факторлар. Бұл, мысалы, локалды нарық сегментіндегі бағалар, егер компания
онда айтарлықтай үлес алса. Ішкі факторлар да біртектес емес: біреулерін
ауыртпашылықсыз өзгертуге болады (мысалы, қор немесе аванстық төлем
деңгейі), ал енді басқаларының өзгерісі үлкен әлеуметтік шығындармен немесе
үлкен ақшалай шығындармен байланысты (жұмыскерлер саны мен жалақының
төмендеуі, ішкі құрылымдардың өзгерісі).
Жаңа шарттарға бейімделген бизнес-процесстер және бизнес-процедуралар
(бизнес-жоспарлау, бюджеттеу, бухгалтерлік және басқарушы есеп және т.с.с)
ішкі факторларды қолдану кезінде компания сыртқы жағымсыз факторларға төтеп
бере алатындай және ішкі жағымды факторларды табыс алу үшін барынша тиімді
пайдалана алатындай нәтиже алу керек.
Бизнес-жоспарлау бұл жерде шешуші роль атқарады, өйткені ол барлық
ішкі және сыртқы орта факторларын, кәсіпорынның барлық ресурстарын бір ғана
құжатта – бизнес-жоспарда біріктіреді.
Саланың реструктуризациясы мен ырықтануынан кейін әсер ете бастайтын
қосымша елеулі факторларды төмендегідей жіктеуге болады:
А) қосымша сырт факторлар:
Кәсіпорын шығаратын өнім нарығы (мысалы, энергия нарығы);
Компания ресурстарының жаңа нарықтары (мысалы, энергия жөндеу нарығы);
Капитал нарығы (инвестиция, несие);
Кәсіпорынның жекелеген бөлімшелерінің бөлініп шығуы, басқа бизнес-
бірліктермен бірігу мүмкіндіктері мен қаупі;
Б) қосымша ішкі факторлар:
Кәсіпорын иелерінің, акционерлердің талаптарының қатаңдауы – жоғары
тасбытылықты және қаржылық тұрақтылықты талап ету, осыған байланысты
кәсіпорынның ішкі орта факторларының өзгеруі;
Кәсіпорын менеджментіне белсенді маневр жасау үшін кеңістіктің кеңеюі
(ырықтандыру арқасында) – барлық ішкі факторларды қамтиды, соның ішінде
баға белгілеуді де.
Бизнес-жоспарлау жүйелері мен теорияларының барлығы, ең алдымен,
бәсекелік ортада қызмет ететін кәсіпорындарға негізделген, сондықтан әр
түрлі дәрежеде барлық факторларды ескереді. Алайда кәсіпорынның қызмет
ететін саласының ерекшелігіне байланысты бір сала үшін елеулі маңызды
факторлар енді бір сала үшін онша маңызды болмауы мүмкін, сондықтан бизнес-
жоспарлау кезінде ішкі және сыртқы факторлардың салалық ерекшеліктері
ескерілу керек.
Қазіргі кездегі бизнес-жоспарлау концепцияларының көпшілігі тұрғысынан
қарағанда, бизнес-жоспар – бәрін жасауға болатын “пластилин” тәрізді (яғни
кең шеңберде ішкі факторлар мен ресурстарды өзгертуге болады).
Бұл көзқарасқа қарама-қайшы, технологиялық интеграцияланған
компаниялар (энергетика, отын өнеркәсібі, металлургия) – бұл қатаң
бөлшектерден тұратын конструкция сияқты. Бұл бөлшектер – цехтар, заводтар,
электр станциялары, транспорттық жүйелер – “қатаң” бірліктер, олар
стандарттық сападағы бірнеше өнім түрлерін шығаруға бағытталған. Олардағы
персонал саны, өндірістік процесс, шығындардың айтарлықтай бөлігі, бөлімдер
мен қызметтердің ішкі құрылымы – бұлардың барлығы қолда бар технологияға
қатаң бейімделген және көпшілік жағдайда тек технология өзгерген кезде ғана
өзгереді.
Сондықтан технологиялық интеграцияланған компанияның нарықтық
жағдайлардың өзгерістеріне бейімделуінің (сондай-ақ саяси және әлеуметтік
жағдай өзгерістеріне) басты тәсілдерінің бірі – жеке құрамдас бөліктерден
компанияның өміршеңдігін қамтамасыз ете алатындай конструкция құру. Қосылу,
бірігіу, жұту, акция бумасын сатып алу, басқару функциялары, тиімсіз
“бөліктерді” компания құрамынан ажырату, оларды сату, филиалдар мен
жекелеген заңды тұлғаларға лауазым беру, бөліктер арасында құралдарды қайта
бөлу, жалпы өткізу құрылымдары, ішкі трансферттік бағалар – бұлардың
барлығы интеграцияланған компаниялардың қолданатын әдістері.
Сәйкесінше, мұндай компаниялардағы бизнес-жоспарлау, бір жағынан, ескі
дәстүрлі функцияларды атқаруы керек:
оптималды маркетингтік саясатты және оны жүзеге асыру үшін қажетті
шығындарды анықтау;
өндірістік бағдарламаны анықтау (нарықтағы жағдай мен ұзақ мерзімді
маркетингтік саясатқа байланысты – күрделі құрылыс, сондай-ақ, өндірістік
бағдарламаның “тар” жерлерінен – техникалық қайта жарақтандыру);
персоналды басқару (жұмыскер саны, жалақы, қайта оқыту, біліктілікті
арттыру, ынталандыру - өндірістік және инвестициялық бағдарламаға қарай);
шығындарды оптимизациялау, соның ішінде шығындарды басқару (өндірстік,
инвстциялық және еңбек ақы шығындарына қарай);
компания қаржысын оптимизациялау (бюджет, қарызды басқару, салық және несие
саясаты, пайданы жұмсау).
Сонымен қатар, бизнес-жоспардың ескі дәстүрлі функцияларына жаңаларын
қосуға болады:
бұрыннан қалыптасқан құрылымның және ондағы әр құрамдас бөліктің
тиімділігін бағалау (қызмет түріне байланысты, трансферттік баға
белгілеуге, синергия әсерін бағалау әдістеріне негізделген);
құрылымды жетілдіру жоспары (соның ішінде капиталды басқару);
құрылымға төтенше “шабуыл” (жұту, акция бумасын сатып алу, мемлекеттік
антимонополиялық органдардың қысымы) жасауларға төтеп беру жоспары.
Сөйтіп, технологиялық интеграцияланған компаниядағы бизнес-жоспралауды
2 деңгейде қарастыруға болады:
жекелеген құрамдас “бөліктер” деңгейінде – компанияның жекелеген бизнес-
бірліктерінің бизнес-жоспарлары (филиалдар, өкілеттіктер, тәуелді және
басқаратын компаниялары);
компания деңгейі – осы “бөліктермен” не істеу керек және қалай – бұл
процесті бизнес-конструкциялау деп атауға болады.
Сонымен, бизнес-жоспарлауды жетілдіру келесі негізгі қадамдарды
қамтиды:
А) жекелеген “бөліктер” үшін стандартты:
шағын (тек аса маңызды ақпарат),
талдауға болатын (сонымен бір мезгілде, қазіргі кезде орын алған
тенденцияларды, артықшылықтарды және проблемаларды айқындайтын),
функционалдық (проблемалар мен шешімдерді басқару блоктарына негізделген),
өзара үйлесімді бизнес-жоспарларды құру.
Бұл жердегі “бизнес-контрукциялау” түсінігі “корпоративтік басқару”
түсінігіне жақын, бірақ бизнес-контрукциялау нақты есептеу әдістерін,
соларға негізделген жоспарлар мен стратегияларды біртұтас құжат – бизнес-
жоспарға сыйғызып береді, ал корпоративтік басқару – бұл компания
менеджерлерінің осы жоспарды жүзеге асыру механизмі.
Бизнес-жоспарлаудың мұндай жүйесі қызмет түрлеріне және трансферттік
баға белгілеу бойынша жіктелген логикалық түсінікті механизмді талап етеді.
Сонымен қоса, әр бөліктің жалпы құрылымға әкелетін синергия әсерін
бағалаудың математикалық әдістері қажет. Мұндай математикалық–экономикалық
қиыншылықтар – бизнес-конструкциялаудың кемшіліктерінің бірі.
Компаниялардың барлығы үшін бірдей пайдалануға келетін бизнес-жоспарың
типтік моделін құру мүмкін емес. Сондықтан тек қана бәсеке ғана бизнес-
жоспарды құру әдістерін, модельдерін және бағдарламалық өнімдерін
жетілдіруге ықпал ете алады. Мұндай процесті мысалы, қазірде бухгалтерлік
есеп үшін жазылған компьютерлік бағдарламалар нарығында байқауға болады.
Керісінше, кез келген шектеулер бизнес-жоспарлау әдістерін және теориясын
жетілдіру процесін тежейді.
2-ТАРАУ. БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ АСПЕКТІСІН ТАЛДАУ

ретінде

Ағымдық қаржылық қызметтi бақылау компанияның жедел жоспарының
көмегiмен жүргiзiледi. Ақша құралдарының шығындарының орындалуын және
мерзiмiн, сондай-ақ олардың қаржыландыру көздерiн жедел бақылау үшiн төлем
күнтiзбесi құрылады. Ақшалай түсiмдер мен шығындардың баптары уақыт
аралықтарына қарай (ай, тоқсан, декада) және балансты түрде құрылады.
Жоспарланған шығындардың күтiлген түсiмдерден асуы компанияның өзiне алған
мiндеттемелерi бойынша есеп айрысудың мүмкiн еместiгiн бiлдiредi. Бұл
жағдайда шығындардың бiр бөлiгiн немесе болашақ кезеңдерге ауыстыру керек,
немесе компания шотына тез арада ақша түсiмдерiнiң түсуiн қамтамасыз ету
керек.
Компанияның төлем қабiлеттiлiгiнiң бiр жағы - касса арқылы компанияның
жұмыскерлерiне қолма-қол ақша төлемдерiн жүзеге асыру. Осыған байланысты
жоспарланған еңбек ақы қорының деректерiнiң негiзiнде, материалдық
ресурстарды сату туралы ақпарат негiзiнде, табыс салығының сомасы туралы
деректер, жалақы төлеу күнтiзбесi және т.б. негiзiнде кассалық жоспар
құрылады.
Сайып келгенде компанияның дамуы әрқашан оның қаржылық жағдайын
жақсартуға, сәйкесiнше жоспарланған табыстар шамасын алуға бағытталған.
Көрсеткiштердi ағымдық талдау баланс пен қаржылық нәтижелер есебiн құру
үшiн негiз болып табылады.
Қаржылық жоспарлау барлық жоспар түрлерiн бiрiктiредi: маркетинг,
өндiрiс, материалдық-техникалық жабдықтау, өткiзу, техникалық даму. Бұл
алынған және көзделген көрсеткiштердi сыйымды және түсiнуге жеңiл формада
бейнелеуге көмектеседi. Мұндай форма болып компанияның балансы табылады.
Баланс активтерi олардың белгiлi бiр мерзiмдегi орналасу құрамы және
шамасы туралы ақпарат бередi. Олар алынған және болашақта алуға көзделген
құралдарды көрсетедi (жобалық баланс).
Баланс пассивтерi, немесе “капитал мен мiндеттемелер” компанияның
активтерiн жабуға арналған және белгiлi бiр мезгiлге мақсатты қолданылуы,
мерзiмi, қаржыландыру көздерi бойынша бөлiнiп таратылған құралдарын
көрсетедi.
Компанияның қаржыландыру көздерiнiң және пассив баптарын
қалыптастырудың құрылымы қарапайым. Барлық құрал көздерi қысқа және ұзақ
мерзiмдi болып бөлiнедi, соңғылары (аванстық капитал) өз кезегiнде
меншiктi және қарыздық болып бөлiнедi. Меншiктi капитал негiзiнен
компаниялардың қорланған жарғылық қорында, резервтерде (резервтiк, қосылған
капитал және жинақталған пайда) шоғырланады.
Ағымдық шаруашылық қызметтi және оның нәтижелерiн тексерудi жүзеге
асыру үшiн пайдалар мен залалдар туралы есептiк форма қолданылады, және бұл
жағдайда “жоспарлық көрсеткiштер” және “есептiк көрсеткiштер” графалары
енгiзiледi.
Қаржылық қызмет компанияның қызмет етуiнiң барлық аспектiлерiн қамтиды:
өндiрiс, өткiзу, негiзгi және айналым қорларының ұдайы өндiрiсi. Ол
өндiрiстi үздiксiз қалыпты деңгейде жүргiзiп тұруды және өнiмнiң ұдайы
өндiрiсiн қамтамасыз ететеiн ақшалай табыстарды қалыптастыруға бағытталған.
Қаржылық жұмысты ұйымдастыру сырт мекемелермен өзара қарым-қатынас
негiзiнде құрылады: банктер, сақтандыру ұйымдары, бюджет және т.б.
компаниялар. Оның табысы өндiрiстiк және ұдайы өндiрiстiк циклға қызмет
көрсетудi ұйымдастыруға, өз мiндеттемелерi бойынша сыртқы ұйымдармен дер
кезiнде және дұрыс есеп айрысуға байланысты. Басқаша сөзбен айтқанда,
компания тұрақты қаржылық жағдай жағдайында серiктес ретiнде де, капиталды
салатын объект ретiнде де сенiмдi бола алады.
Тұрақты қаржылық жағдай компанияның бүкiл өндiрiстiк-шаруашылық қызмет
процесiнде қалыптасады және компанияның активтерi мен пассивтерiнiң
шамасына, негiзгi және айнлалым капиталының салыстырмалы шамасына,
кредиторлық және дебиторлық қарыздарының шамасына, меншiктi және қарыз
құралдарының жағдайына, салық жүйесi мен саяси жағдайға, т.с.с. көптеген
факторларға байланысты болады.
Нарықтық қатынастар жағдайында компания өз проблемаларын өз бетiнше,
яғни серiктестер мен несие берушiлер көмегiнсiз шешуi мүмкiн емес.
Сондықтан компанияның бизнес бойынша серiктес және несие алушы объект
ретiндегi тартымдылығы бiрқатар сапалық және сандық көрсеткiштер кешенi
арқылы анықталады.
Талдау тәжiрибесiнде мыналар бағаланады: компанияның мүлкi, қаржылық
жағдайы және қаржылық-шаруашылық қызметi. Компания мүлiгiн бағалау кезiнде
келесi көрсеткiштер есептеледi: негiзгi құралдардың шамасы және олардың
жалпы актив сомасындағы үлесi, тозу, жаңару және шығу коэффициентi және
т.с.с.
Компанияның даму процеснiде өткiзу көлемiнiң, өнiм сапасының, нарық
конънктурасының өзгерiсiнiң әсерiнен құралдар құрылымы мен олардың
қаржылану көздерiнiң құрылымы да өзгерiске ұшырайды. Бұл өзгерiстер
динамикасын талдау үшiн қаржылық есептiк және көлденең талдау әдiстерi
қолданылады.
Инвестициялық институттар, банктер, несие берушiлер капиталды неғұрлым
пайдалы орналастыруға тырысады, ол үшiн олар көп күш-жiгер және шығын
жұмсайды. Мұндай сыртқы агенттер үшiн алғашқы ақпарат болып компаниялардың
ресми жариялайтын есептiк деректерi, ұсынған бизнес-жоспарлары және
инвестициялық жобалары табылады.
Бұл құжаттардың мазмұны болашақта табыс алу тұрғысынан компания
қызметiн талдауға мүмкiндiк бередi. Несие берушi мен бизнес серiктесiнiң
қызығушылық дәрежесi компанияның шынайы қаржылық жағдайына ғана байланысты
емес, сондай-ақ жоспарлау сапасына да, яғни құралдар мен күш-жiгердi
қажеттi бағытта жұмсау қабiлетiне байланысты. Бұл мақсатқа қол жеткiзу
құралы-қаржылық жоспар.
Есептiк құжаттарды, олардың негiзгi көресткiштерiн талдау белгiлi бiр
уақыт мезетiндегi компанияның құралдары мен мiндеттемелерiн көрсетедi.
Уақыт өтiсiмен көрсеткiштер топтарында өзгерiстер болау мүмкiн. Айта кету
керек, компания жұмысының жақсаруы немесе нашарлауы әрқашанда
көрсеткiштердiң өзгерiстерiне сай келе бермейдi. Бұл көбiнесе қабылданған
есеп айрысу алгоритмдерiне және уақыт факторына байланысты болады. Мысалы,
қаржылық нәтиже компанияның есеп жүргiзу саясатында қабылданған
амортизацияны есептеу әдiсiне және запастарды бағалау әдiстерiне байланысты
болады. Сондықтан ұзақ мерзiмге жоспарлау кәсiпкердiң алғашқыда жоспарлаған
пайда мөлшерiн ала алмай қалу қаупiн жоғарылатады.
2.2 Кәсiпорынның қаржылық жағдайын бағалау және болжау әдiстемесi
Қаржылық жағдайды бағалаудың негiзгi мiндетi-компанияның өз iшкi
қажеттiлiктерiн өтеу және сыртқы агенттер алдындағы қаржылық
мiндеттемелерiн орындау қабiлетiн айқындау.
Төлем қабiлеттiлiгi-бұл компанияның кредиторлары тарапынан қойылған
қаржылық талаптарды орындай алу қабiлетi. Бұған төлеу мерзiмi алдын-ала
белгiлi ұзақ мерзiмдi қарыз құралдары кiрмейдi. Сөйтiп, компанияның төлем
қабiлеттiлiгi бар деп септеледi, егер ол барлық өзiнiң қысқа мерзiмдi
мiндеттемелерi бойынша есеп айрыса алса және өзiнiң өндiрiстiк қызметiн
үздiксiз жүргiзе алса.
Инфляция кезiнде компанияның қаржылық тұрақтылығы дегенiмiз-
компанияның ақша құралдарын тиiмдi қолана отырып, үздiксiз өндiрiс және
өткiзу процестерiн жүзеге асыра алу қабiлетi, сондай-ақ өз қызметiн кеңейту
және жаңарту шығындарын қаржыландыра алу қабiлетi.
Компанияның қаржылық-шаруашылық қызметiнiң әрқилы көрсеткiштерi
арасындағы өзара байланыстылық пен тәуекелдiлiктi айқындау оның қаржылық
есебiн талдау жолымен жүргiзiледi. Талдау нәтижелерi қызығушылық танытып
отырған тұлғаларға және ұйымдарға компанияның өткен және ағымдық жылғы
қаржылық жағдайын бағалау негiзiнде басқару шешiмдерiн қабылдауға
мүмкiндiк бередi.
Қаржылық есептi талдаудың маңызды тәсiлдерiнiң бiрi- есеп формаларын
“оқу” және ондағы келтiрiлген абсолюттiк шамаларды зерттеу. Есептi “оқу”
(немесе онымен танысу) құралдарды тартудың негiзгi көздерi, оларды салудың
негiзгi бағыттары, есептiк мерзiмде алынған пайданың негiзгi көздерi,
қолданылатын есеп жүргiзу әдiстерi мен ондағы өзгерiстер, компанияның
ұйымдастырушылық құрылымы және оның қызметiнiң негiзгi бағыттары,
дивидендтiк саясаты туралы белгiлi бiр қорытындылар жасауға мүмкiндiк
бередi.
Алайда бұл ақпарат, оның басқару шешiмдерiн қабылдау үшiн маңыздылығына
қарамастан, компания қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерiнiң динамикасын
көрсетпейдi. Ол үшiн уақыт аралығындағы деректердi салыстыру әдiсi
қолданылады, соның iшiнде:
• Соңғы екi жыл үшiн абсолюттiк және салыстырмалы көрсеткiштердiң
ауытқуларын есепке алғандағы кестелердi салыстыру;
• Көрсеткiштердiң салыстырмалы ауытқуларының бiрнеше жылғы мөлшерiн
баланстық жылға проценттiк қатынасын есептеу;
• Бiрнеше жыл үшiн жекелеген көрсеткiштердiң жалпы қорытынды
көрсеткшiтке проценттiк қатынасын есептеу.
Қаржылық есептi талдаудың кең тараған тәсiлдерiнiң бiрi- арнайы
коэффициенттердi есептеу. Бұл коэффициенттердi есептеу жекелеген есеп
баптары арасындағы арақатынастың болуына негiзделген. Қаржылық-жедел
көресткiштер деп аталатын бұл коэффициенттер экономистер үшiн өте маңызды:
бiрiншiден, шешiм қабылдау үшiн қажеттi қаржылық есептi қолданушыларға
мәлiметтер бередi; екiншiден, шаруашылық жүйесiндегi бұл есептiк бiрлiктiң
жағдайын және оның өзгеру беталысын тереңiрек бағалауға мүмкiндiк бередi.
Коэффициенттердiң үлкен артықшылығы сол, олар есептiк материалдарына
инфляцияның тигiзетiн әсерiн көрсете алады.
Аталмыш әдiс өте қарапайым және жедел, сондықтан да оны қолдану
ыңғайлы. Оның мәнi қаржылық есеп деректерi бойынша есептелген
коэффициенттердi жалпы қабылданған стандарттық коэффициенттермен, сала
бойынша орташа нормалармен немесе компанияның бұрынғы жылдары бойынша
есептелген осындай көрсеткiштерiмен салыстыруда.
Компанияның қаржылық жағдайын бағалау үшiн бағдар ретiнде есептелген
өтiмдiлiк коэффициенттерi табылады. Мысалы, жалпы өтiмдiлiк коэффициентi
компанияның өтiмдi (ағымдық) активтерiнiң қысқа мерзiмдi мiндеттемелерiн
қаншалықты жабатындығы туралы мәлiмет бередi.
Бұл коэффициенттен басқа компанияның төлем қабiлеттiлiгi абсолюттiк
өтiмдiлiк (ақша құралдарының қысқа мерзiмдiк мiндеттемелерге қатынасы) және
тез өтiмдiлiк коэффициенттерiмен (ақша құралдарының, жоғары өтiмдi құнды
қағздардың және дебиторлық қарыздың қысқа мерзiмдi мiндеттемелерге
қатынасы) сипатталады.
Қаржылық теорияда жалпы өтiмдiлiк коэффициентiнiң шамасы 1,5-2,
абсолюттiк өтiмдiлiк коэффициентiнiң шамасы 0,05-0,2 тез өтiмдiлiк
коэффициентiнiң шамасы 0,5-1 аралығында болғаны дұрыс деп саналады. Алайда
бұл көрсеткiштер барлық компаниялар үшiн қатып қалған стандарт емес,
өйткенi экономиканың әр саласының, қызмет түрiнiң өз ерекшелiктерi бар,
сондай-ақ компанияның активтерi мен пассивтерiнiң құрамы мен құрылымында да
ерекшелiктер көп, сондықтан көрсеткiштердiң жоғарыда келтiрiлген шамалары
жалпы бағдар ретiнде ғана қызмет ете алады.
Егер компания несие мен қарызды қолданатын болса, сәйкесінше оның ұзақ
мерзiмде сыртқы ортадан тәуелдiлiгi артады. Ұзақ мерзiмдiк болашақтағы
қаржылық жағдайды меншiктi капиталдың шоғырлану коэффициентi (60%-тен кем
емес) және меншiктi капитал мен қарыз капиталының арақатынасы коэффициентi
сипаттайды.
Қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижелiлiгiн бағалау сапалық
көрсеткiштермен бейнеленедi. Оларға, мысалы, имидж, өткiзу нарығының
кеңдiгi, экспортқа өнiм өндiру және т.б. жатады.
Сандық көрсеткiштер-бұл өнiмдi өткiзуден түскен пайданың жоспарланған
қарқынын, ресурстардың пайдалану тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету. Соңғысы
компания қызметiне жұмсалған шығындардың әр 1 теңгесiне шаққандағы
өткiзiлген өнiм көлемiн сипаттайды. Қажет болған жағдайда дәйектiрек дара
көрсеткiштер де есептеледi, мысалы, қор қайтарымдылығы, өндiрiстiк
запастардың айналымдылығы, еңбек өнiмдiлiгi және т.с.с.
Кәсiпорын қызметiнiң тиiмдiлiгiн көрсететiн негiзгi сандық көрсеткiш-
бұл өнiм рентабельдiлiгi. Үлкен қаржылық салым кезiнде рентабельдiлiк
уақытша төмендеуi мүмкiн. Ал болашақта рентабельдiлiк жоғарылауы керек,
бiрақ ағымдық жағдай осы өнiмге салынған капитал құрылымына, яғни меншiктi
капитал мен қарыз капиталының арақатынасына байланысты болады. Ол үшiн
авансталған және меншiктi капиталдың рентабельдiлiгi көрсеткiшi
қолданылады.
Компанияның қаржылық жағдайын болжауда кең қолданылатын негiзгi екi
әдiстi қарастырайық:
1. Э.Альтманның көп факторлық моделi;
2. төлем қабiлеттiлiгi көрсеткiштерiн болжау.
Өткен ғасырдың 60-шы жылдары батыс экономисi Э.Альтман 33 банкротқа
ұшыраған компанияның жағдайын зерттеп, олардың деректерiн осындай саладағы
жағдайы ұқсас кәсiпорындардың төлем қабiлеттiлiгi көрсеткiштерiмен
салыстырды. Зерттеу нәтижесiнде ғалым банкроттық ықтималдығына қатты әсер
ететiн 5 көрсеткiштi айқындап, олардың әрқайсысының салмақтық
коэффициенттерiн есептеп шығарды. Соның нәтижесiнде бес факторлық модель
алынды:
Z=3.3K1 + 1K2 + 0.6K3 + 1.4K4 +1.2K5,
Мұндағы:
К1=Жиынтық пайдаБарлық активтер сомасы
К2=Өнiмдi өткiзуден түскен таза түсiмБарлық актив сомасы
К3=Акциялардың нарықтық құнықарыз құралдарының көлемi
К4=Бөлiнбеген пайдаБарлық активтер сомасы
К5=Меншiктi айналым құралдарыБарлық актив сомасы
Егер нәтижесi 1,8-ден төмен болса, фирманың банкротқа ұшырау ықтималдығы
өте жоғары, егер 1,81-2,7 аралығында болса-ол жоғары емес, егер Z=3 және
одан жоғары болса-өте төмен.
Бұл модельдi қолдану кезiнде бiр жылға банкроттық ықтималдығын есептеу
дәлдiгi- 90%, екi жылға- 70%, үш жылға- 50%-тi құрайды.
Компанияның банкротқа ұшырау ықтималдығын болжаудың бес факторлық
моделi 6 iрi ресейлiк компаниялардың қаржылық тұрақтылығын анықтау үшiн
қолданылды, олардың iшiнде Сургутнефтегаз, Лангепас, Юганснефтегаз
компаниялары бар. Бұл кәсiпорындардың барлығының тұрақтылығы 3-тен жоғары
болып шықты, бұл оларға тiкелей шетелдiк капитал тартуға мүмкiндiк бердi.
Қазiргi кезде Э.Альтманның моделiнiң компьютерлiк версиясы жасалып,
көптеген компаниялардың қаржылық тұрақтылығын болжауда табысты қолданылып
жүр.
Компанияның қаржылық тұрақтылығын болжаудың екiншi әдiсi төлем қабiлетi
төмен компанияның қанағаттанарлық емес баланс құрылымын анықтау үшiн
бекiтiлген критерийлер жүйесiне негiзделген.
Бұл жүйе келесi коэффициенттердi қамтиды: ағымдық өтiмдiлiк, меншiктi
құралдардың жеткiлiктiлiгi, төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру.
Ағымдық өтiмдiлiк коэффициентi коммерциялық ұйымның шаруашылық қызметiн
жүргiзу және қысқа мерзiмдiк мiндеттемелердi дер кезiнде орындау үшiн
өтiмдi құралдармен қамтамасыз етiлу деңгейiн сипаттайды. Ол келесi формула
бойынша анықталады:
Кл=Ағымдық айналым құралдарыҚысқа мерзiмдiк мiндеттемелер
Меншiктi құралдардың жеткiлiктiлiгi коэффициентi компанияның қаржылық
тұрақтылығын қамтамасыз ету үшiн қажеттi меншiктi құралдармен қамтамасыз
етiлу дәрежесiн көрсетедi және келесi формула бойынша анықталады:
Кос=Меншiктi айналым құралдарыАғымдық айналым құралдары
Төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру коэффициентi ағымдық өтiмдiлiк
коэффициентiнiң есептiк мөлшерiн оның бекiтiлген мөлшерiне қатынасы арқылы
анықталады және компанияның белгiлi бiр уақыт кезеңiнде төлем қабiлетiн
жоғалту немесе қалпына келтiру қабiлетiн көрсетедi. Ол келесi формула
бойынша анықталады:
К3=К1ф + Пв(у) Т*(К1ф-К1н) К1норм
Мұндағы:
К1ф- ағымдық өтiмдiлiк коэффициентiнiң есептiк мерзiм соңындағы нақты
шамасы;
Пв(у)- команияның төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру үшiн бекiтiлген
уақыт, (аймен берiлген);
Т- есептiк мерзiмнiң басындағы ағымдық өтiмдiлiк коэффициентiнiң
шамасы;
К1норм- ағымдық өтiмдiлiк коэффициентiнiң нормативтiк шамасы (К1норм=2)
Егер қарастырылған коэффициенттердiң шамасы олардың нормативтiк
мөлшерiнен төмен болса компанияның балансының құрылымы қанағаттанарлықсыз,
төлем қабiлеттiлiгi жоқ деген тұжырым жасауға негiз бар.
Келтiрiлген көрсеткiштер компанияның ағымдық және болжамдық
баланстарының негiзiнде есептеледi. Бухгалтерлiк баланс құру негiзiнде
ағымдық активтер мен ағымдық пассивтердiң басым бөлiгiнiң өнiмдi өткiзуден
түсiмнен тiкелей пропорционалды тәуелдiлiгi жатыр. Болжамдық балансты құру
үшiн компанияның өткен мерзiмдердегi қызметi және жағдайы туралы ақпаратты
үнемi жинақтап отыру керек, бұл оның даму беталысын анықтауға мүмкiндiк
бередi.
2.3 Бизнес-жоспардың қаржылық тарауын талдау
Қаржылық жоспарлау iшкi фирмалық жоспарлаудың құрамдас бөлiгi болып
табылдаы. Ол- нақты түрде бизнес-жоспардың сәйкес тарауларын құру, оның
мақсаты алдыңғы тараулардағы келтiрiлген мәлiметтердi қорытындылау және
олардың құндық шамаларын бейнелеу. Бизнес-жоспардың өзiн ағымдық жоспарлау
емес, болашақтағы болатын iс-шаралардың жоспары ретiнде сипаттауға болады.
Нарықтық шаруашылықта кез-келген кәсiпорынның өз қызметiн бизнес-жоспарды
құрудан бастайтыны белгiлi. Бизнес-жоспарды, әсiресе оның қаржылық бөлiгiн
құру қажеттiлiгi кәсiпорын алдында тұрған мiндеттермен түсiндiрiледi, ол
қажеттi ақша құралдарын жұмылдыру үшiн де қажет:
фирма коммерциялық банктерден несие алу үшiн тапсырыс беру кезiнде;
ақшалай формада қосымша капитал тарту үшiн құнды қағаздар эмиссиясының
проспектiлерiн құру кезiнде;
шетелдiк инвестицияларды тарту кезiнде.
Сайып келгенде бизнес-жоспардың қаржылық тарауы инвестициялық процестiң
кез-келген қатысушысына қажет және негiзiнен соларға бағытталады, яғни
банктер мен инвесторларға, қаржы менеджерлерi мен кәсiпкерлерге, кәсiпорын
жұмыскерлерiне және т.б. қолданушыларға. Бизнесжоспарды, әсiресе оның
қаржылық тарауын құру кезiнде фирма басқармасы мiндеттi түрде қатысуы тиiс,
бұл шетел инвесторларының ережесiне айналған мiндеттi талап. Алайда,
бизнес-жоспрадың қаржылық тарауында негiзiнен кәсiпкерлiк қызметтiң
мақсаттары мен мiндеттерi айқындалады, ал оларға қол жеткiзу тәсiлдерi
басқы тарауларда келтiрiледi, яғни оларда жобаның негiзiн құрайтын товарлар
мен қызмет түрлерi негiзделедi, өткiзу нарықтары бағаланады, бәсекелестер
туралы мәлiметтер келтiрiледi, маркетинг және өндiрiс жоспары құрылады.
Бизнес-жоспардың қаржылық тарауы “қаржылық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz