Пайдаланылатын шикізат ресурстары


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . .
- НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МАТЕРИАЛДЫҚ РЕСУРСТАР
(ҚОРЛАР) ЖӘНЕ МАТЕРИАЛДАҚ ЖАҒЫНАН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ . . .
1. 1 Материалдық ресурстар туралы түсінік, олардың құрамы мен құрылымы
1. 2 Кәсіпорындарды матераилдық жағынан қамтамасыз етудің мәні, міндеттері мен функциялары
1. 3 Материалдық жағынан қамтамасыз етуді жоспарлау үшін жабдықтау жөніндегі шаруашылық байланыстарды ұйымдастыру
1. 4 Материалдық жағынан қамтамасыз ету жүйелерін жетілдірудің негізгі бағыттары
- «БАЛҚАШТҮСТІМЕТ» ӨБ-нің ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНЕ
ТАЛДАУ
2. 1 Кәсіпорынның даму тарихы
2. 2 Басқарманың ұйымдық құрылымы
2. 3 Өнім өндіру көлеміне жасалған талдау
2. 4 Еңбек ресурстарын пайдалануға жасалған талдау
2. 5 Материалдық ресурстарды пайдалануға жасалған талдау
2. 6 Өндіріске және өнімнің өзіндік құнына жұмсалатын шығындарға
жасалған талдау
3 МАТЕРИАЛДЫҚ ЖАҒЫНАН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ БАСҚАРУ
3. 1 Кәсіпорынның материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуіне
жасалаған талдау
- Запастарды (қосалқы қорлар) басқарудың және тиімді
пайдаланудың проблемалары
- Кәсіпорындағы материалдық жағынан қамтамасыз ету
жүйелерін толық жетілдіру
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Кез келген экономиканың өзегін өндіріс құрайды. Өндіріссіз тұтыну болуы мүмкін емес, дәлірек айтқанда кәсіпорын өнімдер шығарады, жұмыстарды орындайды және қызметтер көрсетеді, яғни ұлттық байлықты тұтынуға және көбейтуге негіз қалайды.
Мемлекеттің экономикасын бір-бірімен және мемлекетпен өзара өндірістік, кооперативтік, коммерциялық және басқадай тығыз байланыстағы барлық мүмкін деген кәсіпорындардың жиынтығы ретінде қарастыруға болады. [1]
Бүкіл экономиканың саулығы және мемлекеттің индустриялдық қуаты кәсіпорындардың қаншалықты тиімді жұмыс істеп тұрғанына, олардың қаржы жағдайы қандай дәрежеде екеніне байланысты. Егерде мемлекеттегі шаруашылықты басқарудың бүкіл жүйесін схема түрінде келтірсек, онда оның негізі кәсіпорын болып табылады. Мемлекеттік аймақтық, ведомстволық басқармалар кәсіпорындар деңгейінде атқарылатын процесстер турасында алғанда, тек содан кейінгі екінші құбылыс ретінде қарастырылуы мүмкін.
Шаруашылық басқару жүйесіндегі кез келген өзгеріс кәсіпорындардың қызметіне пайдалы болмаса түкке тұрғысыз боп есептеледі. Кәсіпорындарды басқарудың кез келген формасы мемлекеттің экономикасында маңызды роль атқарады. Макроэкономикалық тұрғыдан қарағанда кәсіпорындар төмендегі жағдайларға негіз болып табылады:
1. Ұлттық табысты, жалпы ішкі өнімді, жалпы ұлттық өнімді көбейтуге.
- Бүкіл мемлекеттің өмір сүру мүмкіндігіне және оның өз функцияларын атқаруына. Бұл мемлекеттік бюджеттің едәуір бөлігі салықтар мен кәсіпорындардан жиналатын алымдардан түзілетіндігіне байланысты;
3. Мемлекеттің қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге;
4. Жай және кеңейтілген ұдайы өндіріске;
- Ұлттық ғылымды дамытуға және ғылыми-техникалық прогресті (НТП) жеделдетуге:
- Елдегі бұқара халықтың барлық тобының материалдық игілігін арттыруға;
- Медицинаны, білімі мен мәдениетті дамытуға;
- Жұмыспен қамту проблемаларын шешуге;
- Көптеген әлеуметтік проблемаларды шешуге.
Кәсіпорын бұл ролін тек тиімді жұмыс істеп тұрған жағдайда ғана
атқара алады.
Қоғамдық өндірісті дамытудың бүкіл тарихы мынаған көз жеткізді және мынаны дәлелдеп берді. Ол бойынша ең тиімді кәсіпорындар өркениетті нарық жағдайында жұмыс істей алады екен, себебі оларға әр түрлі меншік түрлері тән, оларда дұрыс бәсекелестік бар, экономикада демонополизация, еркін баға құру, дамыған нарықтық инфрақұрылым бар, өндірушілерге қарағанда тұтынушыларда артықшылықтар бар және басқа да қажетті атрибуттар бар. [5]
Тарихтан КСРО-ның және өзара экономикалық көмектің (СЭВ) басқа да елдерінің тәжірибесі көрсеткендей, жоспарлы және әкімшілік-әміршілік экономика кәсіпорындардың тиімді жұмыс істеуіне қажетті жағдайлар жасай алмады, бұған бәрінен бұрын кәсіпкерлік қызметте еркін іс-әрекет бәсекелестігінің жоқтығы, несие-қаржы қатынастарының дамымай қалуы, мемлекеттің кәсіпорындар жұмысына шектен тыс араласуы және басқа да жағдайлар себеп.
Жоспарлы экономика жағдайында кәсіпорынның негізгі мақсаты жылдық жоспарда белгіленген белгілі бір номенклатурадағы өнімді шығару болды. Ал жылдық жоспар өз кезегінде бесжылдық жоспарға негізделді. Осы жоспар бойынша кәсіпорындарға қажетті ресурстар мен бәсекелес жабдықтаушылар жеткізілді, сонымен бірге өнімдерді тұтынушылар да көрсетілді, яғни кәсіпорындар қандай ресурстар алатынын, оны қандай кәсіпорындардан алатынын және қай уақытқа дейін алатынын алдын ала білді, олар өз өнімдерін кімге жөнелтетінін және қандай бағамен өткізетінін де алдын ала білді.
Егерде кәсіпорындардың жұмыс жағдайын осы тұрғыдан қарастырсақ, олар тамаша өмір сүрген сияқты, себебі кәсіпорындарға өнімді қайдан алып, қайда өткізуге бас ауыртудың қажеті жоқ - барлығын госплан мен госснабтың басшылығымен мемлекет шешті.
Жоспарлы экономика жағдайында кәсіпорындар төмендегі схема бойынша жұмыс істеді:
Бұл схема бойынша негіз болып ресурстар саналады: атап айтқанда олар өнім шығару көлемін шектеуші болып табылады. Сөйтіп, жоспарлы экономика жағдайында кәсіпорындардағы өнім шығару көлемі негізінен мемлекеттің кәсіпорындарды қажетті ресурстармен қамтамасыз ету мүмкіндігіне байланысты (тәуелді) болды.
Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты «Қазақмыс» корпорациясындағы «Балқаштүстімет» ӨБ-дегі кәсіпорындарды материалдық жағынан қамтамасыз етудің қалыптасқан түрлері мен әдістерін зерттеу және өндірісті метариалдық жағынан қамтамасыз ету жүйелерінің неғұрлым тиімді (оңтайлы) жұмыс істеуіне резервтер (қосымша қорлар) іздестіру болып табылады. Сондай-ақ, мына бағыттардағы мәселелерді шешуді қарастыратын кәсіпорын саясатын жетілдіру қажет:
- кәсіпорынның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- материалдық ресурстармен жабдықтаушылармен байланыстарды ұйымдастыру;
- өнімдердің әр алуандығының ең жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету;
- өндірісті материалдық жағынан қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру.
Материалдармен қамтамасыз етуді талдауға арналған ақпарат көздеріне
мыналар жатады: материалдық-техникалық жабдықтау жоспары, тапсырыстар, шикізаттармен, материалдармен жабдықтау туралы келісім-шарттар, материалдық-техникалық жабдықтау басқармасының (УМТС) оперативті мәліметтері, материалдық ресурстардың түскені, жұмсалғаны және қалдығы туралы талдау-есептің мәліметтері.
1
НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ МАТЕРИАЛДЫҚ ЖАҒЫНАН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
1. 1 Материалдық ресурстар туралы түсінік, олардың құрамы мен құрылымы
Кәсіпорындардың құрамына мынадай ресурстар кіреді:
- Техникалық ресурстар (өндірістік жабдықтар, керек-жарақтар, қосымша материалдар және тағы да басқа. ) .
- Технологиялық ресурстар (технологиялық әдістердің қозғалыста болатындығы, бәсекеге қабілетті идеялардың болуы және т. б. ) ;
- Кадрлар ресурстары (жұмыскерлердің біліктілік, демографиялық құрамы және т. б. ) ;
- Алқаптық ресурстар (пространственные) (өндірістік жайлардың, кәсіпорындар аумағының, коммуникациясының, кеңейту мүмкіндігінің сипаты және т. б. ) ;
- Ақпараттық ресурстар (кәсіпорынның өзі туралы және сыртқы ортасы туралы қолда бар ақпараттардың сипаты, олардың анықтығын, дәлдігін арттырудың мүмкіндігі) ;
- Қаржы ресурстары (активтердің жағдайы, өтімділігі, несиелік жолдардың болуы және т. б. ) .
Осы аталған ресурс түрлерінің әрқайсысы кәсіпорындардың
мақсаттарына жету мүмкіндігінің жиынтығы. Кәсіпорындар қызметінің мазмұны мен сипаты оның дамуының сыртқы және ішкі жағдайларымен анықталады. Сыртқы жағдайларға мыналар жатады: шаруашылық жүргізудің (басқарудың) қабылданған жүйесі (нарықтық, орталықтандырылған - жоспарлы, аралас), оның құқықтық (заңдық) негізі, мемлекеттік реттеу дәрежесі.
Ішкі факторлар өзінің әсер ету сипаты бойынша едәуір көп, кәсіпорындардың қызметіне ықпал ету дәрежесі бойынша оларды үш топқа бөлуге болады:
- Өндірісті ресурстармен қамтамасыз ету факторлары. Оларға өндіргіш факторлар жатады (үйлер, құрылыс ғұмараттары, жабдықтар, транспорт құралдары, шикізат, отын материалдары, электр энергиясы, жұмыс күші және т. б. ) ;
- Экономикалық дамудың, еңбек пен өндірісті ұйымдастырудың, біліктілікті арттырудың, инновацияның керекті деңгейін қамтамасыз ететін факторлар;
- Кәсіпорындардың өндірістік-шаруашылық қызметінің коммерциялық тиімділігін қамтамасыз ететін факторлар (маркетинг, жарнама және т. б. ) .
Кәсіпорындар жұмысының нәтижелілігі айтарлықтай дәрежеде олардың шикізатпен және материалдармен немесе материалдық ресурстармен қаншалықты қамтамасыз етілгеніне байланысты.
Барлық материалдық ресурстар шартты түрде шикізаттық және отын-энергетикалық деп бөлінеді. Шикізаттық ресурстар өнеркәсіптік өнімдерді өндіру үшін пайдаланатын еңбек заттарының жиынтығы болып саналады.
Шикізатты оны өндіруге және қайта өңдеуге шығындалған, және оның әсерінен белгілі бір өзгерістер жасалған қандай да бір еңбек нысаны деп түсінуге болады.
Шикізатқа әдетте өндіруші өнеркәсіптердің өнімдерін (кен, мұнай, құм, ұсақ тас) және ауылшаруашылық өнімдерін (астық, картоп, қызылша) жатқызады, ал материалдарға - өңдеуші өнеркәсіптердің өнімдерін (күкіртті және түсті металлдар, цемент, ұн, жіп) жатқызады.
Негізгі және қосалқы материалдар болып бөлінеді. Негізгі деп табиғи түрде дайын өнімнің құрамына кіріп, оның материалдық негізін құрайтын материалдарды атайды. Қосалқы материалдар дайын өнімнің құрамына кірмейді, тек оның түзілуіне мүмкіндік туғызады.
Отын мен энергия өздерінің экономикалық табиғатында қосалқы материалдарға жатады, алайда маңыздылығының күшіне қарай олар ресурстардың дербес тобына бөлінеді. Потенциалдық және нақты отын-энергетика ресурстары (ОЭР) болып бөлінеді, потенциалдық ОЭР - бұл тұтастай республикада, сонда немесе басқа бір экономикалық ауданда, бар барлық отын мен энергия түрлері запастарының көлемі.
Нақты (ОЭР) отын-энергетика ресурстары кең мағынада - бұл ел экономикасында пайдаланылатын барлық энергия түрлерінің жиынтығы. Ал неғұрлым «тар» мағынада отын-энергетика ресурстары деп мыналарды түсінуге болады:
- Табиғи отын-энергетика ресурстары (табиғи отын) көмір, тақта тас (сланец), тарф (шым тезек), мұнай, жер асты газы, ағаш отын, табиғи механикалық энергия; табиғи отын көздері - күн, жер асты нары және термальды сулар;
- Отындарды өңдеу арқылы алынған өнімдер (кокс, брикеттер, мұнай өнімдері, жасанды газдар, байытылған көмір, оның қалдықтары және т. б. ) ;
- Негізінен технологиялық процесстер кезінде алынатын екінші энергетикалық ресурстар (отын қалдықтары, жанатын және ыстық газдар, өңделген газ, өндіріс өнімдерінің физикалық жылуы және т. б. ) .
Халық шаруашылығы тұтынатын барлық шикізат түрлері экономикалық тұрғыдан алғанда, екі үлкен топқа бөлінеді:
- Өнеркәсіпте өндірілетін және ең алдымен ауыр индустрия салалары тұтынатын өнеркәсіп шикізаты;
- Ауылшаруашылығы салаларында өндірілетін және негізінде жеңіл тамақ өнеркәсібі тұтынатын ауылшаруашылық шикізаты.
Өнеркәсіп шикізаты, өз кезегінде, екі шағын топқа бөлінеді:
минералдардан түзілген шикізат (минералдық шикізат), яғни жер қыртысынан (қойнауынан) алынған шикізат;
жасанды шикізат, яғни жасанды жолмен алынған шикізат, материалдар, минералдардан түзілген (пайда болған) табиғи шикізаттың ең көп түрі бар тобы. Ол өнеркәсіптің минералдық шикізат базасын құрайды және қара, түсті металлургия, отын және электр энергетикасы, т. б. өнеркәсіптің негізгі салаларының дамуын анықтайды. Өнеркәсіптің минералдық шикізат базасы - бұл геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде анықталған жер қойнауындағы минералдық шикізаттар ресурстары. Сөйтіп, минералдың шикізат базасының негізі болып анықталған пайдалы қазбалар кен орындары табылады.
Ғылыми мен техниканың қазіргідей дамыған деңгейінде жер қойнауынан мейлінше тиімді өндіріліп алынған және өнеркәсіптік өндірісте пайдаланылған минералдық шикізат ресурстары пайдалы қазбалар деп аталады.
Өнеркәсіпте пайдаланылатын пайдалы қазбаларды үш топқа бөлуге болады:
- Жаңғыш пайдалы қазбалар (көмір, жаңғыш тақта тастар, шым тезек, мұнай, табиғи газ) ;
- Минералды пайдалы қазбалар (қара, түсті, бағалы және сирек металлдар) ;
- Металл емес пайдалы қазбалар (химия өнеркәсібіне арналған шикізат, құрылыс материалдары, қара металлургияға арналған металл емес шикізат) .
Экономикалық тұрғыдан алғанда кез келген кен орны ең алдымен
пайдалы қазбалардың сапасымен және оның запас қорымен сипатталады. Барланған және зерттелген дәрежесі бойынша пайдалы қазбалар кен орындарындағы запастар үш категорияға (санатқа) бөлінеді:
А - анықталған запастар
В - ықтимал запастар
С - болуы мүмкін запастар
А категориялы запастар - бұлар толығымен зерттелген, барланған және өндіруге дайындалған, олар кәсіпорынның пайдаға асыру жұмыстарына (эксплуатациялық), сондай-ақ кәсіпорынды жобалау және құрылысын салу жұмыстарына арналған.
В категориялы запастар - бұлар геологиялық зерттеулерге негізделген, біршама барланған және тау кені орындарымен, бұрғылау скважиналарымен картаға түсірілген. Олар тау кен кәсіпорындарының жүрделі құрылыстарын жобалауға негіз ретінде алынуы мүмкін.
С категориялы запастар аз зерттелген, геологиялық барлау жұмыстарын мұқият жүргізудің көмегімен анықтауды қажет етеді, олар тау кен өнеркәсібін дамытудың перспективалық жоспарын жасауға және геологиялық барлау жұмыстарын жоспарлауға пайдаланылады.
Сонымен қатар, пайдалы қазбалар кен орындарының запастары үш топқа бөлінеді: геологиялық және өнеркәсіптік. Өз кезегінде геологиялық запастар баланстық және баланстан тыс болып бөлінеді.
Баланстық запастар - ғылым мен техниканың қазіргі даму деңгейінде жер қойнауынан жеткілікті дәрежеде тиімді өндіріліп алынатын запастар.
Баланстан тыс - ғылым мен техниканың қазіргі даму деңгейінде экономикалық тұрғыдан алғанда жер қойнауынан қазып алу тиімсіз болатын запастар.
Өнеркәсіптік запастар - бұлар эксплуатациялық немесе жобалық шығындарды алып тастағандағы баланстық запастар. Эксплуатациялық шығындар неғұрлым аз болса, баланстық запастар соғұрлым көп шығарылады, пайдалы қазбалар кен орны соншалықты тиімді пайдаланылатын болады.
Пайдалы қазбалардың кез келген кен орнының экономикалық маңызы болады. Ең үздігін анықтау үшін оларға экономикалық бағалау жүргізіледі. Оның алдында геологиялық және технологиялық бағалау жасалады.
Геологиялық бағалауға кен орны туралы жалпы мәліметтер, ауданның геологиялық сипаттамасы және кен орнының геологиялық құрылысы кіреді.
Геологиялық бағалау негізінде геологиялық запастар, пайдалы қазбалардың сапасы, кен орнының орналасуының геологиялық жағдайы, кен шығатын орынның тереңдігі, топырақ қабатының қуаты және басқалар анықталады.
Технологиялық бағалау кен шығатын орынның технологиялық мүмкіндігін, қазбалардың өндіруге болатын көлемін, аршу, дайындау әдістерін анықтау үшін және т. б. жасалады.
Кен орындарына экономикалық бағалау геологиялық және технологиялық бағалау мәліметтерінің негізінде жасалады және сол немесе басқа кен орнын пайдалану кезінде мынадай көрсеткіштер анықталады:
- жалпы және үлестік күрделі қаржылар;
- өнімді өндіруге, байытуға және сатуға жұмсалатын шығындар;
- түсімділік (пайдалылық) индексі;
- еңбек өнімділігі;
- пайда және рентабельдік (тиімділік) ;
- өзін анықтау мерзімі;
- таза дисконтталған табыс (вексель есепке алынған кіріс) .
Түрі мен құрылымы бойынша пайда болуына және пайдалану
мүмкіндігіне қарай, пайдалы қолданылуының салаларына және мерзіміне және ұдайы өндірілуіне қарай шикізат базасы потенциалды және пайдаланылатын, биологиялық, литосфералық, гидрологиялық және атмосфералық, минералдық және биохимиялық, бірінші және екінші, отындық шикізат базасы және импортталатын шикізат, қысқа -, орта -, және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Шикізат базасы және оның құрамдас бөліктері 1 - суретте ықшамдалған түрде берілді.
Потенциалды шикізат базасына жер қойнауының байлығы және оларды пайдаланудың технологиялық мүмкіндіктері мен қажетті қуаты әлі де анықталмаған немесе жоқ болған қоршаған ортадағы ресурстар жатады. Оның құрамына өнеркәсіптік, қоғамдық және жеке пайдаланудан қалған, ештеме дайындалмайтын қалдықтар кіреді, себебі оларды пайдаланудың өндірістік әдістері жоқ.
Тұтыну қасиеті және пайда болу ортасы бойынша барлық табиғи шикізаттардың түрлері және ауыл шаруашылығының (егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы, шабындық өсіру мен омарта шаруашылығы), орман шаруашылығының сығынды өнімдері, сондай-ақ өзен және теңіздегі балық шаруашылығы өнімдері биохимиялық шикізат базасына жатады.
Кен және кен емес қазба байлықтар литосфералық шикізат базасын түзейді (құрайды) . Жер астындағы және жер бетіндегі, ішкі және теңіз сулары, сондай-ақ ауа мен оның заттық құрамдас бөлшектері минералдық шикізат базасының құрамына кіреді. Пайда болуына байланысты шикізаттарды (өндіру, өңдеу және қалдықтарды дайындау) бірінші және екінші (қайталама) шикізат базалары деп бөлуге болады, өңдеуші кәсіпорындар аталған классификациядағы шикізаттар мен материалдардың барлық түрлерін пайдаланады.
Шикізаттар экономикалық мақсаты бойынша (еңбек түріне, дайын өнім), өндірісітк процесстегі ролі бойынша (негізгі, қосалқы), алу әдісі бойынша (өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық және басқалар), өндіру мезгілі бойынша (маусымдық, маусымдық емес) бір жүйеге келтіріледі.
Сонымен қоса, өңдейтін кәсіпорынға түсетін шикізат бірінші және екінші шикізат ресурстарына бөлінеді.
Потенциалдық шикізат базасы
Алғашқы шикізат (өндіру, дайындау, пайдалану)
Шығындар, қалдықтар, жанама өнімдер
Екінші шикізат (дайындама, өңдеу, пайдалану)
Шығындар, қалдықтар, жанама өнімдер
Бірінші немесе екінші шикізатты экспорттау
Бірінші немесе екінші шикізатты экспорттау
- сурет- Шикізат базасы және оның құрамдас бөліктері1. 2 Кәсіпорындарды материалдық жағынан қамтамасыз етудің мәні, міндеттері мен функциялары
Жылдам дами беретін ғылыми-техникалық революциясының нәтижелерін пайдалану, экономиканы дамытудың жинақтылығы, мамандандыруды тереңдету және қоғамдық еңбек кооперациясын кеңейту, бір мезгілде халықтың игілігін арттыра отырып материалдық-техникалық база құрудың негізгі байланысы нарықтық экономиканың маңызды ерекшеліктері болып табылады. Осыған байланысты тарату процесстерін жоспарлау және ұйымдастыру жүйесінде және өндірістің қаржы айналымында елеулі өзгерістер орын алды: өнімдерді таратудың және айырбастаудың салааралық функциялары едәуір күшейді және өндірістің қаржы айналымы саласын басқаруда ұйымдастырушылық және методологиялық бірлікті әрі қарай нығайту қажеттігі едәуір байқалды.
Халық шаруашылығының барлық салаларының материалдық ресурстарға деген сұранысын анықтау тәсілі, негізінен ұзақ мерзімді перспективаға, түпкілікті өзгерді, бұдан ғылыми негізделген нормативтік базаның ролі едәуір артты.
Жоспарлаудың баланстық әдісіне негізінде жаңа талаптар туындады, бұл материалдық баланстар жүйесінің және олардың аумақтық, салалық және халық шаруашылық резервтердегі салааралық және тиімді баланс аралық негізгі байланысын бұдан да гөрі толығырақ өзара үйлестіру үшін туындады.
Өндірісті материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудің жинақтылығына қойылатын талаптар көбейді (көбінесе шикізаттардың, материалдардың, отын мен жабдықтардың прогрессивті түрлеріне), өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктерді шапшаң енгізуге байланысты өндірістің динамикалық жағдайына толығырақ сәйкес келетін жабдықтаудың икемді формаларын дамыту қажеттігі өсті.
Өндіріс қаржысының айналымы саласының өзіне техникалық прогресс жасауға, жабдықтау және сату органдарының материалдық-техникалық базаларын қайта жарақтандыруға, қаржы айналымы саласындағы кәсіпорындарда еңбек өнімділігін шұғыл көтеруге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы жоғары механикаландырылған және автоматтандырылған қойма кешендерін құруға және қоймаларды өнімдермен жабдықтауды уақытында оны өндірістік тұтыну циклымен тікелей байланыстыруға негізінен жаңа тәсіл қолдану қажет болды.
Экономикалық-математикалық аппараттарды, қазіргі заманғы электронды-есептеу және ұйымдық техникаларды қолдана отырып, жабдықтауды және сатуды басқарудың ғылыми әдіс-тәсілдерін енгізуге қойылатын талаптар анағұрлым өсті.
Бірлестіктің өндірістік бірліктерін, цехтарын материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді басқару кәсіпорындар мен ұйымдарды жабдықтауды ұйымдастырудың құрамдас бөлігі болып табылады.
Зауыт ішіндегі жабдықтау процессіне өндірістік бөлімшелердің материалдық құндылықтарды босату жоспары, оларға шикізатты, материалдарды, сатып алынған бұйымдарды жеткізуді ұйымдастыру және беру кіреді, сонымен бірге материалдық ресурстар шығынын есепке алу, оларды пайдалануды бақылау және талдау жасау кіреді.
Зауытішілік жабдықтауды жоспарлау, негізінде, өндірістің материалдармен қоректенуін лимиттеу жолымен жүзеге асырылады. Цехтарды жабдықтауды лимиттеу материалдарға, сатып алынған бұйымдарға деген нақты мұқтаждықты аяқталмаған өндірістің көлемі мен құрылымын ескере отырып анықтауға мүмкіндік жасайды.
Есептеу кезінде жоспарланған мерзімге арналған өнім шығару жөніндегі өндірістік тапсырмаға және әрбір номенклатуралық позиция бойынша өткен мерзімдегі жоспардың нақты іс жүзіндегі орындалысына сүйене қажет. Бұл жағдайда материалдардың жоспарланған және нақты қағаз жүзіндегі қалдығы ескеріледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz