Көрсеткіштер өндіру жылдары


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ3
1. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ӨНДІРІСІ6
1. 1. Қазақстан аумағындағы мұнай-газ кен орындарының экономикалық жағдайы6
1. 2. Шетел экономикасындағы мұнай өндірісінің жағдайы. 12
1. 3. Мемлекеттік бюджет және кәсіпорын бюджетін талдау. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні және ролі. 36
2. «Өзенмұнайгаз» ААҚ-ның өндірістік-шаруашылық қызметін талдау. 42
2. 1. «Өзенмұнайгаз» ААҚ-ның даму тарихы. 42
2. 2. Мұнай-газ өндірісіндегі кадрлар, еңбек өнімділігі және еңбек ақы. 50
2. 3. Мұнай-газ өнімдерінің өзіндік құны және бағалануы. 56
«Өзенмұнайгаз» ААҚ-ның мұнай және газ өндіруді дамыту жолдары74
3. 1 «Өзенмұнайгаз» ААҚ-ның 2001-2005 жылдарға даму жоспарының негізгі бағыттары. 74
3. 2 Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық бағдарламаны орындау. 78
ҚОРЫТЫНДЫ85
ӘДЕБИЕТТЕР86
АНДАТПА
Бұл дипломдық жұмыста 3 негізгі бөлім қарастырылған:
-нарықтық экономика жағдайларындағы мұнай және газ өндірудің тиімділігінің мағынасы;
-“Өзенмұнайгаз” ААҚ-ның өндірістік шаруашылық қызметін талдау;
-№2 МГӨБ-ның жылдық бюджетінің орындалуын талдау;
1-ші бөлімде Қазақстан экономикасындағы мұнай-газ өндіру, Қазақстан территориясындағы кен орындары және шетелдегі мұнай-газ өндірісінің жағдайы туралы жазылады.
2-ші бөлімде “Өзенмұнайгаз” ААҚ-ның тарихы, №2 МГӨБ-ның бюджетінің орындалуы, кәсіпорын шығындары, еңбекақы, баға құрылуы туралы жазылады.
3-ші бөлімде “Өзенмұнайгаз” ААҚ 2001-2005 жылдарға даму жоспарының негізгі бағыттары, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық бағдарламаны орындау туралы жазылады.
КІРІСПЕ
Мұнай және мұнай өнімдерінің қазіргі қоғамдағы алатын орны өте үлкен. Ғылыми-техникалық дамуды шикізаттың бұл түрінсіз елестетудің өзі қиын. Қазақстан үшін мұнай және оның мұнай кәсіпшіліктері үлкен мағынаға ие, себебі мұнда ұлттық экономиканың салаларының мұнай өнімдеріне деген сұраныстары ғана қанағаттандырылмайды, сонымен бірге мұнайдың белгілі бір бөлігі экспортқа кетеді, бұл валюта түсірудің негізгі көзі болып табылады. Мұнайды экспортқа шығарудан түсетін валюталық түсімдер арқылы, Қазақстан өзінің экономикасын нарықтық экономикаға қайта құруды негізінен аяқтады.
Сонымен қатар мұнайды өндіру, оны тасымалдау және өңдеу қоршаған ортаға әсерін тигізетін зиянды заттарды көп мөлшерде шығарумен де байланысты. Әсіресе бұл Солтүстік Каспий мұнай өнеркәсіптері үшін маңызды, себебі мұнда атмосфера, топырақ, жер асты суларынан басқа балыққа өте бай, соңғы жиырма жыл ішінде 2, 5 м деңгейге көтерілген материк ішілік тоған - Каспий теңізі де ластануда. Ластану тасымалдау кезінде зиянды заттардың теңіз бетіне түсуінен, сонымен бірге жауын-шашынның кетуінің нәтижесінен де болады.
Қазақстанды мұнай газ өнеркәсібіне енді экономикалық тоқыраудан алып шығатын қозғалтқыш ретінде қарау көзқарасы қалыптасқан.
Елдің 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы туралы Президенттің Қазақстан халқына жолдауында мұнай-газ саласының дамуы республиканың экономикалық өсуінің негізіне жатқызылған. Мұнай-газ сферасы экономиканың басқа сфераларының дамуына жағдай жасайды. Олардың қатарына отандық энергетикалық, тасымалдық, машина жасау, химия және мұнай химиясы, жеңіл өнеркәсіп, авто жолдарын салу және тағы басқа салалар жатады.
Көмірсутектің өте үлкен қорына ие. Қазақстанның дамуының жаңа сатысы негізінен осы мұнай-газ комплексінің дамуымен байланысты.
Республиканың мұнай-газ саласы негізінен төрт салаға бөлінеді: мұнай өндірітін, мұнай өңдейтін, газ өндірітін, газ өңдейтін. Бұл салалар өзара байланысты өндіру және өңдеу процесінде бірін-бірі толықтырады.
Барланған қордың көлемі бойынша әлемде біздің ел мұнай бойынша 12-орында, газ және конденсат бойынша 15-орында, ол өндіру деңгңйі бойынша 23-орында тұр. Қазақстанның үлесіне әлемдік мұнай қорының 1, 5 пайызы келеді, мұнайдың алынатын қоры -2, 2 миллиард тонна, конденсат 690 млн. тонна және 2 трлн. м3 газ қоры бар. Болжамдық ресурстар 13 млрд. тонна мұнайды құрайды.
Мұнайды өндіру экономиканың стратегиялық маңызды саласы ретінде елде ұзақ уақыт бойы дамудың тұрақты сипатын қамтамасыз етті.
Қазақстанның көптеген кен орындарының мұнайында парафин және меркаптан өте көп, бұл Қазақстандық мұнайдың көптеген бөлігін тасымалдауға және сақтауға, мұнай өнімдерін шығаруға жарамсыз етеді. Өндірілетін мұнай негізінен отандық мұнай өңдейтін зауыттырға өңдеуге емес, экспортқа кетеді. Мұнай және газды конденсатты экспорттаумен көмірсутектік шикізатты барлайтын және өндіретін біріккен және шетелдік мекемелер айналысады.
Жобалық экспорттың мұнай жолдарын енгізгеннен соң ішкі саудалық айналымдағы мұнай секторының үлесі күрт жоғарылайды. Ал мұнай және табиғи газдың өнімдерін экпорттауға келетін болсақ, экспорттың жалпы көлеміндегі олардың үлесі өте төмен, отандық мұнай өңдейтін зауыттырдағы жағдай экспорттық тасымалдың сипатын және ерекшеліктерін айқындайды. Осылайша табиғи және бағалық түрдегі жалпы мұнай және газды, конденсатты экспорттық тасымалдау осы саланың өнімдерінің басқа түрлеріне қарағанда өте жоғары, республиканың ішкі сауданың тепе-теңдігіне өте жоғары үлесі бар.
Сонымен қатар егемен елдің экономикалық тәуелсіздігі және тұрақтылығы экономиканың осы саласындағы жағдайға тікелей байланысты, себебі осы саланың дамуы ұлттық экономикадағы тиімді бағыт ретінде анықталған, ҚР басшылығына саланың кеңінен дамуы үшін қаржының жылдам құйылуын қамтамасыз етуді жүзеге асыру керек.
Менің дипломдық жұмысымның мақсаты мұнай және газ өндіретін кәсіпорындардың жылдық бюджетінің орындалуын және қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесін талдау. Кәсіпорынның жұмыс нәтижесінің табысы мен шығындарын есептеу және келер жылға бюджет құрастыруды үйрену. Кәсіпорынның қаржысын тиімді жұмсап, кәсіпорын жағдайын жақсарту.
1. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ӨНДІРІСІ
1. 1. Қазақстан аумағындағы мұнай-газ кен орындарының экономикалық жағдайы
Қазақстанның табысының 55 пайызы мұнай және газ өндірісіне байланысты. 2001 жылғы құрылған КТК экспорттық мүмкіншіліктерді көбейтті. Қазақстан индустриалды саясатты ұстанады және экономикалық өсіммен қамтмасыз етеді. Бұл саясат елдің экономикасын мұнай мен газға тәуелді етпейді, жеңіл өндіріс саласы арқылы дамуды ойластыруда.
Жердегі және теңіздегі мұнай қоры 9-млрд-тан 18 млрд баррельге дейін жетеді. Бұл Алжир мен катар қордларына тең. 2002 жылы қазақстанда мұнай өндіру көлемі күніне 1 млн брл болды. Қазіргі кезде газ көлемі 1844 млрд м3 - Қарашығанақ газ өндіру орны. Бұл газ қоры әлемдегі 20 орынды алады. Қазақстандағы мұнай өндіру қоры жыл сайын 16 пайызға өсіп отырады. 2003 жылғы маусымнан бастап өкімет теңіз мұнайын өндірудің жаңа бағдарламасын енгізді. 2004 жылы теңіз мұнайын өндіру орындары аукционда сатылады. 2010 жылға қарай мұнай өндіру көлемі күніне 2, 4 млн брл, ал 2015 жылға қарай 3, 6 млн брл-ге жетеді деп жоспарланады. Бұл жоспар еліміздің 3 ең ірі кен орындарында орындалатын болады. Олар: Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған. Теңіз мұнай кен орны әлемдегі ең терең жер болып есептеледі. Теңіз кен орнында күніне 285 мың брл құрайды. 2006 жылға қарай бұл көрсеткіш 450 мың брл дейін өседі. Қарашығанақ кен орнының қорының көлемі 2, 3 млрд брл мұнай және 454 млрд м3 газ құрайды. Бұл кен орны 40 жыл қызмет ете алады. Мұнда күніне 100мың брл мұнай өндіріледі.
Қашаған кен орны құрылу кезеңінде. Ол алғашқы мұнайын 2005 жылы күніне 100 мың брл мұнай беруден басталады. Бұл мұнай өндіру орны әлемдегі алғашқы орынды алатын Сауд Арабиясындағы Гхавардан кейінгі екінші орында тұрады деген болжам бар.
Мұнай тасымалына келетін болсақ Қазақстан мұнайы үш бағытта тасымалданады: Батыс, Солтүстік, Оңтүстік.
Батысқа бағытталған мұнай ктк арқылы тасымалданады, ал артық мұнай Каспий теңізі арқылы Азербайжанға баржамен жіберіледі. Солтүстікке бағытталған мұнай құбыр немесе темір жол арқылы тасымалданады. Оңтүстікке тасымалданатын мұнай Иран арқылы өтеді.
Қазақстан мұнайына Қытайда қызығушылық көрсеткендіктен және сұраныс болғандықтан шығысқа қарай құбыр салу ойластырылуда. Сонымен қатар Каспий теңізіне суасты құбырын салу жоспарланып отыр және бұл құбыр Баку-Тбилиси-Сейхан құбырына қосылуы мұмкін.
Газ құбырын салу жоспары дайындалып, талдану кезеңінде. Егер бұл құбыр салынған жағдайда Ресейге тасымалданатын Қазақстанның ең ірі және қажетті газ транзиті болады.
Жаңа жүз жылдыққа ұзақ мерзімді көзқараспен қарасақ энергетикалық нарықтың перспективасы өте жоғары болады.
Уақыт өте технологиялық прогресс адамзатқа көмірсутекті шикізат орнына жаңа бәсекелес табуы мүмкін. Ал қазіргі уақытта мұнай және газ алғашқы орындардың бірін алып, энергияға деген әлемдік қажеттілікті қамтамасыз етіп отыр. Мұнай өндіретін елдер әрқашанда фундамент ретінде қала береді. Демографиялық өсім, экономикалық даму негізгі энергия көздеріне деген сұранысты өсіріп отырады.
ОПЕК мамандарының бағалауы бойынша 2010 жылға дейінгі кезеңде әлемдік энергия құрылымы 40-41 пайыз деңгейінде болып, мұнай-газ энергия көздерінің кілті болады. Сұраныс пен ұсыныс балансы бойынша күтілетін әлемдік экономикалық өсім деңгейі 3, 4 пайызға өседі. Бұл мұнайға деген сұранысты өсіреді. Сонымен қатар ОПЕК-ке мүше емес елдер көмірсутек шикізатын өндіру көлемін ұлғайтады.
ОПЕК-ке мүше емес елдер 1998 жылы мұнай бағасы төмендеуіне байланысты азайып кеткен, баға өскен сайын олардың көлемі де тұрақты өспекші. Халықаралық мұнай компаниялары дүние жүзі региондарында мұнай өндірудің өзіндік құны жоғары кен орындарын инвестициялауға мүмкіндік алды.
Осындай региондардың біріне Қазақстан да кіреді. Қазақстан экономикасында мұнай-газ саласы өте маңызды орын алады. 1999 жылы мұнай саласындағы шетел инвестиция құрылымының үлесі 84 пайызды құрады. Республика табысының 40 пайыз үлесін мұнай саласы береді.
Алдағы бес жыл ішінде Қазақстан экспортқа 250 млн тонна мұнай шығаруды жоспарлауда. Бұл елді энергоресурстармен қамтамасыз ету және республика халқының жақсы дамуына үлкен әсер етеді. Мұнай-газ саласының негізгі бөлімдерінің даму бағыттарының негізгі тенденцияларын ескере отырып келесі түрде көрсетуге болады:
Көмірсутектердің қоры және ресурс болжамдары.
Дәлелденген мұнай және оның қорлары.
Қазіргі уақытта Қазақстан территориясында 202 мұнай-газ кен орындары анықталған . 1995 жылдың 1 қаңтардағы жағдайына қарағанда көмірсутек қорын келесі түрде көрсетуге болады.
Мұнай-2, 2 млрд тонна
Газ - 1, 8 трлн тонна
Конденсат- 690 млн тонна
Өндірістік категориялардағы мұнай қоры Қазақстанның алты әкімшілік облыстарында бары анықталған. 4 батыс облыстың үлесі 9 пайызға тең, бұлардың ішіне сонымен қатар Теңіз және Қарашығанақ кен орындары кіреді.
Өндірістік газдың негізгі қоры Қарашығанақ, Жаңатал және Имашев кен орындарымен байланысты.
Каспий теңізінің шельфінің болжам ресурстары.
Жоғарыда айтылған қордан басқа Қазақстан болжам ресурстарымен де қамтылған. 1997 жылы Каспий теңізіндегі геология-геофизикалық зерттеулердің региондық ізденіс этапы аяқталды. Қазіргі уақытта ОКИОК компаниясы Қашаған кен орнының қорын бағалау негізінде қазу жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар теңіз жағасында геофизикалық зерттеулер жүргізуде (Қазақстан-ЯННК проектісі) .
Қ. Сатпаев атындағы геологиялық институтының Каспий теңізі нің оңтүстік, солтүстік, орталық зоналарын зерттеу болжамдарының соңғы мәліметтері төмендегідей:
Мұнай- 8336 млн тонна
Газ- 518 млрд м3
Конденсат- 61 млн тонна
Бұл болжам Қашаған кен орнының ашылуына дейін айтылған.
Оңттүстік Маңғышлақ және бозашы территориясында “Маңғыстаумұнайгаз” ААҚ-да 15 кен орны игерілуде. Олардың ішінде 2 ірі мұнай-газ өндіретін Қаламқас және Жетібай кен орындары бар.
1998 жылы Қаламқас кен орны мұнай өндіру көлемін жоғарылату мақсатында зерттеулер жүргізілуде. 1998 жылы мұнай өндіру қосымша 1485 т құрады.
1-кесте Қаламқас кен орнында мұнай өндіру
Жетібай кен орны алдымен 44, 7 пайызға тең болды. Мұнай өндіру 1990 жылға дейін 1, 7 млн тоннаға жетті. 1991-1995 жылдар аралығында мұнай өндіру көлемі төмендеуі 200 млн тоннаға жетті. Әртүрлі зерттеулер жүргізіліп кешенді эмульсия әдісімен мұнай өндіріле бастады.
2-кесте Жетібай кен орнында мұнай өндіру
Жетібай кен орнында 01. 04. 03ж кезеңінде қосымша мұнай өндіру көлемі 620 мың тонна құрады. “Маңғыстаумұнайгаз” ААҚ жаңа технологиялар қолдану арқылы мұнай өндіру көлемін өсіруде.
Енді мұнай және газ өндірісін дамытудың негізгі мәселелеріне тоқтала кетсек энергетикалық ресурстарды пайдалану стратегиясын қарастыруымыз қажет. Энергетикалық ресурстарды пайдалану стратегиясына келесі элементтер кіреді.
1. Мықты әлемдік технологияны және ірі көлемде қаржы тарту үшін басты әлемдік мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді келісімге отыру. Ірі келісім шарттардың бірқатарына қол қойылды, басқалары дайындық сатысында.
2. Мұнай және газды экспорттау үшін, құбыр өткізгіштер жүйесін құру. Мұнайды өндіру және тасымалдау саласындағы келесі өзгерістер күтілуде, атап айтқанда; ТШО мұнайды Ақтау портына тасымалдау мақсатында Теңіз-Ақтау құбыр өткізгішінің жобасы құрылды.
3. отандық ресурстарды пайдалану бойынша стратегия әлемнің ірі елдерінің назарын Қазақстанға аударуға және оның әлемдік отын жеткізуші ретіндегі роліне бағытталған. Мұнай-газ өндірісінің дамуына инвестиция салатын елдер мен компаниялар қатарына АҚШ, Ресей, Қытай, Жапония, Батыс Европа мемлекеттерін кіргізуге болады. Бұл елдердің экономикалық қызығушылықтары тәуелсіз және Егемен Қазақстанның дамуына әсер етеді.
4. Шетелдік инвестиция тарту арқылы ішкі энергетикалық инфрақұрылымның құрылуына және дамуына, әртүрлі мәселелерді шешуге болады.
5. Стратегия бұл ресурстардан түсетін болашақтағы пайданы тиімді пайдалануды талап етеді. Болашақта стратегиялық ресурстарға қатаң бақылау қажет. Қазақстан мұнайшылары алдында кен орындарын өңдеудің тиімді жүйесін қолдану, бұрғылау жұмыстардың технологиясын жетілдіру, олардың технологиялық қамтылуын жақсарту, жаңа тәсілдеді енгізу, жетістікті технологиялық процестерді қолдану есебіне мұнайды өндірудің тиімділігін арттыру мәселесі тұр. Тасымал шығындарын қысқарту мақсатында мұнай өнімдерінің өндірісін тиімді орналастыру бойынша жұмыстарды жалғастыру. Еңбек өнімділігін 9-11% жоғарлату.
Мұнай қабатына әсер етудің жаңа тәсілдерін қолдануды кеңейту және осының есебінен мұнай өндіруді көбейту. Автоматтандырылған өндірісте мұнайды өндірудің меншікті салмағын 80-90% дейін жеткізу, бір ұңғыға қызмет көрсетуге кететін еңбек шығындарын 15-20% төмендету. Әрбір жыл өткен сайын шикізат ретіндегі мұнайдың мағынасы жоғарылауда. Мұнай кеніштері және оның қорлары шексіз болғандықтан мұнай кен орындарын игеру жүйесін жетілдіруге бағыталған шаралар жүргізіледі.
1. 2. Шетел экономикасындағы мұнай өндірісінің жағдайы.
Әлемдік нарықтағы мұнай және оның құны жайлы қарастыратын болсақ, мұнай нарығындағы жағдайды реттеп тұратын әлемдік геосаяси факторлар әрқашанда белгілі бір роль атқарып отырады. Шығыс елдерде әлемдік мұнай қорының 65%, әлемдік өндірудің 30% үлесіне ие. Ауғаныстан соғысы, Ирактағы кризис, Иран мен АҚШ-тың қарсыласуы, Алжир мен Сауд Аравиясындағы терроризм мұнай нарығына үлкен әсерін тигізеді.
Геосаяси мәселелер өте күрделі және терең болғандықтан оларды шешу үшін ұзақ уақыт қажет. Сондықтан әлемдегі тұрақсыз жағдай ұзаққа созылуы мүмкін.
Батыс аналитиктердің пікірінше Ресей өзіне шетел инвестициясын тарту арқылы әлемдік нарыққа өз мұнайын шығаруды ойластырды және үміттенді. Бірақ бұл ойлары жүзеге аспады. Ресей елі Каспийден Жерорта теңізіне және Сібірден Тынық мұхитына жеткізілетін мұнай тасымалдау құбырының құрылысын өте баяу орындауда.
АҚШ-тың энергия туралы ақпарат беретін әкімшілігі қысқа мерзімге нәтиже шығаруда 2004 жылы шілде айында мұнай нарығының сұраныс жағдайы 2004ж 2-ширек және 4-ширек аралығын қарастырып сұраныс көлемінің күніне 400-450 мың тонна өскенін көрсетті. Ал ОПЕК есептеуі бойынша бұл сұраныс көлемі күніне 530 мың тоннаға жеткен.
Мұнай ресурстарын бағалау мәселесі қызу талас үстінде. Энергия туралы ақпарат беретін әкімшіліктің пікірінше әлемдегі мұнай ресурстарының қалдығы 410 млрд тонн, 2004 жылы сәуір айында айтылған пікір бойынша әлемдік мұнай өндіру 2025 жылға дейін жылына 6, 3 млрд тоннаға, ал бағасы 35 доллар/баррельге өседі. ОПЕК елдерінің мұнай өндіру көлемі жылына 3, 07 млрд тоннаға өседі. ОПЕКке кірмейтін елдердің мұнай өндіру көлемі 2025 жылға қарай жылына 3, 23 млрд тоннаға өседі, ал қазір оның көлемі жылына 2, 5 млрд тонна.
АҚШ мұнайын өндіру және шикізат қорының базасы:қазіргі жағдайы және 2030 жылға дейінгі болжамы.
АҚШ территориясы мұнаймен қамтамсыз етуіне байланысты 5 ауданға бөлінеді: Шығыс жағалау, (Конектикут шт, Деавер, Колумбия округі, Флорида, Джорджия, Мэн Мериленд, Массачусетс, Нью-Гемпшир, Нью-Джерси, Нью-Йорк, Солт. Каралина, Пенсильвания, Род-Айленд, каролина, Вермонд, Виргиния) ; Орта Батыс (Иллинойс шт, Индиана, Айова, Канзас, Кентукки, Мичиган, Миннесота, Миссури, Небраска, Солт. Дакота, Огайо, Оклахома, Оңт. Дакота, Теннеси, Висконсин) ; Оңт. Шығыс жағалау (Техас шт, Луизиана, Алабама, Миссисипи, Арканзас, Нью-Мехико) ; Батыс жағалау (Аляска шт, Калифорния, Невада, Аризона) ; Таулы аудан (Колорадо шт, Юта, Айдахо, Монтана, Вайоминг ) . Бұл жинақтың негізгі критерийлері: мұнай-газ бассейіндерінің орналасуы, олардың шикізат базасы, мұнай өндірудің жағдайы, әдістері, мұнайжеткізу бағыттары мен көздері, мұнай транспорты және мұнай өңдейтін инфрақұрылымның болуы. Осы бес регионды кесте ретінде көрсетейік.
Шығыс жағалау. АҚШ-тың бұл аумағында Предаппалач мұнай-газ бассейіні орналасқан және онда 600 мұнай және 1000 газ кен орындары бар. Орталығында ең ірі мұнай-газ кен орны - Брадфорд орналасқан жіне оның қоры 100 млн тоннаға тең.
2002 жылы Предаппалач кен орнының мұнай өндіру көлемі 0, 8 млн. тонна, Флоридада -0, 6 млн. тонна болды. Соңғы 12 жыл ішінде АҚШ-тың Шығыс жағалауындағы мұнай өндіру көлемі 1, 7 млн. тоннадан 0, 3 млн тоннаға дейін төмендеді.
3-кесте АҚШ-тың Шығыс жағалауындағы мұнай өндіру.
Орталық батыс. Орталық батыс ауданға кіретін мұнай бассейіндері: Иллионой, Ішкі батыс, Мичиган, Уиллстон.
Уиллстон бассейінінде 2002 жылы мұнай өндіру көлемі 5, 2 млн тоннаны құрады, бұл көрсеткіш аудан бойынша мұнай өндірудің 18% құрайды. Қазргі кезде Уиллстон басеейінінде мұнай өндіру көлемі 53 млн тоннаға тең. 1992 -2002 жылдар арасында бұл көрсеткіш 46% өскен. (4 кесте)
Мұнай өндірудің негізгі бөлігі Ішкі батыс бассейінінде орналасқан, 2002 жылы мұнай өндіру 16, 6 млн тоннаға тең болды. Соның ішінде Оклахомада-11, 1 млн тонна, Канзаста-5, 5 млн тонна мұнай өндірілді. бұл көрсеткіш орталық батыс ауданның 60% құрайды.
Оңтүстік шығыс жағалаулары. Бұл жағалауда АҚШ-тың екі ірі мұнай өндіретін бассейіндері - Перм және Мексика орналасқан.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz