Газды өндіруді жоғарылату және ілеспе мұнайлы газды өндіру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

АҢДАТПА

Бұл дипломдық жобада 3 негiзгi бөлiм қарастырылған:

-Нарықтық экономика жағдайларында мұнай және газ өндiрудiң тиiмдiлiгiнiң мағынасы;

-“Өзенмұнайгаз” ААҚ өндiрiстiк шаруашылық қызметiн талдау;

-“Өзенмұнайгаз” ААҚ мұнай және газ өндiру тиiмдiлiгiн жетiлдiру жолдары.

1-шi бөлiмде мұнай мен газдың шығу тарихы және оларды өндiрудiң тиiмдiлiгi туралы жазылады.

Ал 2-шi бөлiмде “Өзенмұнайгаз” ААҚ-ң даму тарихы, ұйымдастыру құрлымы, жұмысшылардың еңбек ақысы және негiзгi технико-экономикалық көрсеткiштерiне талдау жасалған.

3-шi бөлiмде “Өзенмұнайгаз” ААҚ-ның даму бағыттары, қаржылық салымдар және жоспарлардың орындалуы, шикiзат базаларының жағдайы туралы сөз болады.

АННОТАЦИЯ

Этот дипломный проект состоит из трех основных частей:

- Значение эффективности добычи нефти и газа в условиях рыночной экономики;

- Анализ пройзводственно-хозяйственной деятельности ОАО «Озенмунайгаз»;

- Пути развития эффективности добычи нефти и газа ОАО «Озенмунайгаз»;

В 1-ой части написаны об происхождение нефти и газа и эффекктивность добычи нефти и газа.

В 2-ой части написаны об история развития ОАО «Озенмунайгаз», структура управления, зарплата рабочих и дан анализ технико- экономических показателей.

В 3-й части написаны пути развития ОАО «Озенмунайгаз», финансовые вложения и исполнение проектов, состояние сыръевых баз.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ7

1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЛАРЫНДА МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ӨНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІНІҢ МАҒЫНАСЫ9

1. 1 Мұнай және газдың шығуының негізгі сатылары9

1. 2 Мұнай және газ өндірісінің одан әрі дамуының негізгі мәселелері14

1. 3 Мұнайгаз өндірісінің экономикалық тиімділігін бағалау15

1. 4 Мұнайгаз барлау жұмыстарының жалпы және салыстырмалы тиімділігін бағалау тәсілі18

2 «ӨЗЕНМҰНАЙГАЗ» ААҚ - НЫҢ ӨНДІРІСТІК - ШАРУАШЫЛЫҚ20

ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ21

2. 1 «Өзенмұнайгаз » ААҚ - ның даму тарихы21

2. 2 «Өзенмұнайгаз» ААҚ-ның ұйымдастыру сипаттамалары22

2. 3 Мұнайгаз өндірісіндегі кадрлар, еңбек өнімділiгі және еңбек ақы31

2. 4 Мұнай - газ өнімдерінің өзіндік құны және олардың баға құрауы38

2. 5 «Өзенмұнайгаз» ААҚ -ның өндіретін негізгі өнімдері және

оларды тасымалдау, экспорттау . . .

2. 6 «Өзенмұнайгаз» ААҚ-ның 2002 жылғы негізгі техникалық экономикалық көрсеткіштерін талдау және көрсеткіштерді есептеу52

3 «ӨЗЕНМҰНАЙГАЗ» ААҚ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ӨНДІРУ ТИІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ60

3. 1 «Өзенмұнайгаз» ААҚ-ның 2001-2005 жылдарға даму жоспарының негізгі бағыттары60

3. 2 «Өзенмұнайгаз» ААҚ қаржылық салымдары және күрделі құрылыс бойынша жоспардың орындалуы. 62

3. 3 «ӨМГ» ААҚ шикізат кенінің жағдайы65

3. 4 Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық бағдарламаны орындау65

ҚОРЫТЫНДЫ68

ӘДЕБИЕТТЕР70

КІРІСПЕ

Мұнай және мұнай өнімдерінің қазіргі қоғамдағы алатын орны өте үлкен. Ғылыми-техникалық дамуды шикізаттың бұл түрінсіз елестетудің өзі қиын. Қазақстан үшін мұнай және оның мұнай кәсіпшіліктері үлкен мағынаға ие, себебі мұнда ұлттық экономиканың салаларының мұнай өнімдеріне деген сұраныстары ғана қанағаттандырылмайды, сонымен бірге мұнайдың белгілі бір бөлігі экспортқа кетеді, бұл валюта түсірудің негізгі көзі болып табылады. Мұнайды экоспортқа шығарудан түсетін валюталық түсімдер арқылы, Қазақстан өзінің экономикасын нарықтық экономикаға қайта құруды негізінен аяқтады.

Сонымен қатар мұнайды өндіру, оны тасымалдау және өңдеу қоршаған ортаға әсерін тигізетін зиянды заттарды көп мөлшерде шығарумен де байланысты. Әсіресе бұл Солтүстік Каспий мұнай өнеркәсіптері үшін маңызды, себебі мұнда атмосфера, топырақ, жер асты суларынан басқа балыққа өте бай, соңғы жиырма жыл ішінде 2, 5 м деңгейге көтерілген материк ішілік тоған - Каспий теңізі де ластануда. Ластану тасымалдау кезінде зиянды заттардың теңіз бетіне түсуінен, сонымен бірге жауын - шашынның зиянды заттарды мұнай өнеркәсіптерінің территориясынан шайып кетуінің нәтижесінен де болады.

Қазақстанды мұнай газ өнеркәсібіне енді экономикалық тоқыраудан алып шығатын қозғалтқыш ретінде қарау көзқарасы қалыптасқан.

Елдің 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы туралы Президенттің Қазақстан халқына жолдауында мұнайгаз саласының дамуы республиканың экономикалық өсуінің негізіне жатқызылған. Мұнайгаз сферасы экономиканың басқа сфераларының дамуына жағдай жасайды. Олардың қатарына отандық энергетикалық, тасмалдық машина жасау, химия және мұнай химиясы, жеңіл өнеркәсіп, авто жолдарын салу және тағы басқа салалар жатады.

Көмірсутектің өте үлкен қорына ие Қазақстанның дамуының жаңа сатысы негізінен осы мұнайгаз комплексінің дамуымен байланы

Республиканың мұнайгаз саласы негізгі төрт салаға бөлінеді: мұнай өндіретін, мұнай өңдейтін, газ өндіретін, газ өңдейтін. Бұл салалар өзара байланысты және өндіру және өңдеу процесінде бірін-бірі толықтырады.

Барланған қордың көлемі бойынша әлемде біздің ел мұнай бойынша 12-орында, газ және конденсат бойынша 15-орында, ол өндіру деңгейі бойынша 23-орында тұр. Қазақстанның үлесіне әлемдік мұнай қорының 1, 5 проценті келеді, мұнайдың алынатын қоры - 2, 2 миллиард тонна, конденсат 690 млн. тонна және 2 трлн. метр куб газ қоры бар. Болжамдық ресурстар 13 млрд. тонна мұнайды құрайды.

Мұнайды өндіру экономиканың стратегиялық маңызды саласы ретінде елде ұзақ уақыт бойы дамудың тұрақты сипатын қамтамасыз етті.

Қазақстанның көптеген кен орындарының мұнайында парафин және меркаптан өте көп, бұл Қазақстандық мұнайдың көптеген бөлігін тасымалдауға және сақтауға, мұнай өнімдерін шығаруға жарамсыз етеді.

Өндірілетін мұнай негізінен отандық мұнай өңдейтін зауыттарға өңдеуге емес, экспортқа кетеді.

Мұнай және газды конденсатты экспорттаумен көмірсутектік шикізатты барлайтын және өндіретін біріккен және шетелдік мекемелер айналысады.

Жобалық экспорттың мұнай жолдарын енгізгеннен соң ішкі саудалық айналымдағы мұнай секторының үлесі күрт жоғарылайды. Ал мұнай және табиғи газдың өнімдерін экспорттауға келетін болсақ, экспорттың жалпы көлеміндегі олардың үлесі өте төмен, себебі отандық мұнай өңдейтін зауыттардағы жағдай экспорттық тасымалдың сипатын және ерекшеліктерін айқындайды.

Осылайша табиғи және бағалық түрдегі жалпы мұнай және газды, конденсатты экспорттық тасымалдау осы саланың өнімдерінің басқа түрлеріне қарағанда өте жоғары, республиканың ішкі сауданың тепе-теңдігінде өте жоғары үлесі бар.

Сонымен қатар егемен елдің экономикалық тәуелсіздігі және тұрақтылығы экономиканың осы саласындағы жағдайға тікелей байланысты, себебі осы саланың дамуы ұлттық экономикадағы тиімді бағыт ретінде анықталған, ҚР басшылығына саланың кеңінен дамуы үшін қаржының жылдам құйылуын қамтамасыз етуді жүзеге асыру керек.

Менің дипломдық жұмысымның мақсаты мұнай және газ өндірудің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдарын анықтау.

1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЛАРЫНДА МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ӨНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІНІҢ МАҒЫНАСЫ

  1. Мұнай және газдың шығуының негізгі сатылары

Мұнай ертеден белгілі. Оның тарихы адамзаттың мәдени дамуымен бірге, яғни бірнеше мыңжылдық бұрын басталды. Таяу Шығыста, ал солтүстікте - Африканың шығыс бөлігінде, Албанияда, Италияда және оны өндіру туралы мәліметтер көне гректік және көне римдік тарихшылардың, философтың, медиктердің, архитекторлардың еңбектерінде баяндалады - Геродоттың (490-425 б. з. д. ), Аристотель (384-322б. з. д. ), Диодор (90-21б. з. д. ), Страбон (64-24б. з. д. ), Ұлы Пленейдің (23-79б. з. ), т. б.

Археологиялық мәліметтер көрсетіп отырғандай Вавилонда б. з. д. V ғасырда тұтқырлы ауыр мұнай желім ретінде қолданылған.

Ефраттың жағалауын қазған кезде археологтар б. з. д. мыңдаған жылдар бұрын ондағы адамдардың мұнайды «білгендігін» және оны әртүрлі мақсаттарға, мысалы отын ретінде, жарықтандыру үшін, қолданылғанын анықтады.

Б. з. д. ІV ғасырға жататын ұлы грек медигі Гиппократтың жазбаларында мұнайдың әртүрлі заттармен қосындысынан жасалатын дәрілердің рецептері сақталған.

Мұнай сонымен қатар әскери мақсаттарға да қолданылған. Б. з. д. 331-жылы Александр Македонский қырық мың әскермен Вавилон қабырғасына жақындаған кезде Дарий әскері қолынан қабырғасының биіктігінен шабуылдаушыларға мұнай сіңдірілген, тұтатылған мақтаны лақтырған. Мұндай жағдайларды көптеген елдің жылнамашылары жазып баяндаған.

ХVІІІ ғасырдың ортасына дейін мұнай қандай да бір өңдеуінсіз қолданылған, ал 1745жылы Федор Прядунов Ухта өзенінің бойында мұнайды айдауға арналған әлемдегі бірінші қондырғыны құрды. Тазаланған мұнайды Мәскеуге және басқа да қалаларға жеткізген, онда мұнайды өсімдік майымен араластырып жарықтандыруға қолданылған.

Бұдан оншақты жыл өткеннен соң 1823 жылы Кавказ қаласы Моздокте ағалы- інілі Василий, Герасим, Макар Дубининдер мұнайды өңдеудегі маңызды техникалық мәселені шешті, олар мұнайдан екі сұйықты алды: біреуі ашық, ол жарықтандыруға қолданылады, ал қарасы - қалдық ретінде болды. Ашық сұйықты әртүрлі атпен атады. Қазіргі кезде бұл сұйықты керосин деп атайды. Орыс шеберлерінің жұмыстары мұнай өңдейтін өнеркәсіптердің одан әрі дамуына негіз болды. Бұдан он жыл өткеннен соң1832 жылы Германияда неміс Селиг смолалы шиферден «фотоген» алды. Англияда оны мұнайдан 1848 жылы бөліп шығарды. Ал Америкада мұнайды айдауды 1854 жылы бастады, ал «фотогенді» 1850 жылы алды, оның сапасы Дубининдіктердікіне қарағанда нашар еді.

Егер де мұнайды қолдану оны тек сұйық жанғыш және отын ретінде қолданумен шектесе, онда мұнай әледік мағынаға ие болмас еді.

Көптеген елдердің химиктерінің ашқан жаңалықтары мұнайдың және оның өнімдерінің адамзат өмірінде маңызды роль алуына көмектесті. Өткен ғасырдың зерттеулері Ю. Либих, Ф. Веллер бензин қосылыстарын зерттеп білуге негіз жасады. Сонымен бірге Либих органикалық заттарды талдау тәсілін ашты. Осылайша «қара алтынның» өндірісте пайдалануға жол салынды.

Мұнайдың қасиеттері мен құрылымын өте мұқият зерттегеннен кейін химиктер одан керосиннен басқа литрин, дизелдік отын әртүрлі майлар және т. б. мұнай өнімдерін алуды үйренді. Бұл заттардың әрқайсысы белгілі бір температурада мұнайдан қайнап бөлінетін көмірсутектер қоспасы болып табылады.

Мұнай қандай элементтерден тұрады? Оның негізгі басты компоненті көміртегі, ол мұнайдың 83 тен 87% дейін құрайды. Екінші орында сутегі, оның құрамы тербелмелi 12-14% аралығында. Мұнайдың құрамындағы үшінші орын гетороэлементтер тобы, оған жататындар: оттегі, азот, күкірт.

Бұлардың жалпы құрамы 5-8% құрауы мүмкін. Мұнайда сонымен қатар өте аз мөлшерде фосфор, ваннадий, никель, темір, аллюминий, кальций, марганец, маргани, барий, хром, кобальт, малибден, бор және т. б. (барлығы 44) элементтер кездеседі.

Көміртегі және сутегі мұнай мен газдан көптеген қосылыстар тобы-көмірсутегі ретінде болады. Көмірсутегі үш үлкен топқа бөлінеді: парафинді, немесе қаныққан, ал химияда көбінесе алкандардың атымен бөлінеді:нафтенді немесе полиэтиленді, ароматты. Парафинді көмірсутектер ортақ формулаға ие С n Н 2n+2. Бұл топтық бірінші мүшесі-газдар: метан СН 4 , этан - С 2 Н 6 , пропан С 3 Н 8 , бутан С 4 Н 10 .

Көміртектің аталғандардың саны 5 тен 15 дейінгі көмірсутектен - сұйық, ал одан жоғары болса - қатты.

Мұнай фракциясының ішіндегі жеңілі - бензин. ХІХ ғасырдың аяғына дейін бензин ешқандай қолданысқа ие болмаған. Оның мұнайды айдағанда алынатын 10-15% ғана сырнау өндірісінде қолданған. Жүздеген жылдар бойына ол мұнайды өңдегенде шығатын ең зиянды қалдық ретінде белгілі болған. Мұнай өнеркәсібінің басшылары оны жасырын түрде теңізге лақтыруға әрекет жасады. Бірақ бұл балықшылыққа зиянын тигізді, өрт тудырды, сондықтан бұған қатаң түрде тиым салынды.

Д. И. Менделеевтің және В. В. Макарниковтың жұмыстары арқылы мазуттан минералды майлау майларын шығару мүмкін болды. Осы 70-жылдары дайындалған орыс майлары әлемдік рынокты тездетіп жаулап алды.

Мұнайды тұтынудың күрт жоғарылауының екінші себебі ішкі жану қозғалтқыштарын жердегі, судағы, ауадағы тасымал үшін кеңінен қоланылуында болып табылады. Біріншімен салыстырғанда екінші дүние жүзілік соғысы «моторлар соғысы» болды. Онда 40 миллион автомобильдер, 150 мың танклер, 200 мың самолеттер қатысты.

Мұнайды содан соң газды тұтынудың жоғарлауының үшінші себебі олардың басқа жоғары энергия көздерімен салыстырғандағы жоғары тиімділігі. Әлі күнге дейін сұйық жанғыш тасымалдың әсеріндегі және ауадағы түрі үшін таптырмайтын энергия көзі. Табиғи газды үлкен қалалар үшін энергия және жылу көзі ретінде қалай ауыстыруға болады?

Соғыстан соңғы жылдары мұнай және көмірсутектік газдарға деген сұраныс көбейді, олар өндірістің тұтастай бір саласы - мұнай химиясы үшін шикізат ретінде алынды, ал мұнай химиясынсыз қазіргі кездегі техникалық прогресті елестету мүмкін емес. Мұнайды өндіру мен пайдалану өскен сайын оның шығуының мәселелеріне қызығушылық танытуда.

Мұнайдың шығуының ғылыми түсініктемелері қандай? Әрине, мұны түсіну үшін уақыт бойынша мұнайдың шығуы туралы қандай түсініктер болды және соңында кімдікі дұрыс болғанын зерттеп білу қажет.

Ұлы орыс ғұламасы М. Б. Ломоносов мұнай жерасты жылжуының әсер етуінен торфа қалдықтарынан түзілді деп ойлады. Бірақ та мұнайдың шығуының мәселелеріне деген нақты қызығушылық мұнай кеніштерін қандай және қалай іздеу керек деген сұрақ туындағанда, ХIХ ғасырдың екінші жартысында ғана туындады. Осы уақытқа Л. Лекердің жұмыстары және К. Энглер мен Г. Гефнльдің де жұмыстары жатқызылады. Осылайша мұнайдың органикалық шығу тегі туралы гипотеза қалыптасты.

Ұлы орыс химигі Д. И. Менделеев 1877 жылы мұнайдың шығуының органикалық емес теориясын ұсынды. Ол мұнайдың түзілуі терең жерасты қабатында судың ауыр металдардың карбиттеріне әсер етуі нәтижесінде болады деп ойлады. Бұл реакциялар кезінде корбиттер көміртегісімен судың сутегісі көміртегіні береді, ол газ тәрізді күйінде жерасты қабатының жарықтары арқылы жоғарғы қабаттарға көтеріледі. Мұнда өте төмен температурада сұйық көмірсутектердің буы конденсацияланады, олар өз кезегінде кеніштің қабаттарында мұнайды құрады.

Бірақ бұл теория соңынан белгілі болған көптеген фактілерді түсіндіре алмады.

Мұнайдың шығуы туралы ілімге орыс геолог-мұнайшыларының атасы, мұнайдың органикалық заттан құралуының теориясын құрған академик И. М. Губкин зор үлесін қосты. Губкин 1932 жылы «Мұнай туралы ілім» еңбегін жазды. Онда кеңестiк геолог-мұнайшылардың мектебін құрушы мұнайдың биогендік шығуын таратып, тереңдете түсіндірген.

Оның еңбектері теорияның дамуына және кадрларға ғылыми негіз ретінде қызмет атқарады.

Сонымен қатар ол жаңа мұнайгаз кен орындарын болжауға және ашуға көптеген еңбек сіңірген, Қазақстанда, Батыс сібірде Түркменстанда, Өзбекстанда т. б елдерде.

Бүгінгі таңда көптеген отандық және шетелдік ғылымдар мұнайдың органикалық шығу теориясына тоқталған. Ғылыми техникалық революция жетістіктері арқылы көптеген континенттер мен әлемнің ірі аралдарында, теңіздердің жағалық бөліктерінде газ бен мұнайдың таралуы жайлы мәліметтерді алу мүмкін болды. Осы көп қырлы мәліметтерді және ғалымдардың көптеген еңбектерін қолдану мұнай және көмірсутекті газдардың миграциялық шығуының теориясын құруға көмектесті. Органикалық заттан мұнайдың құрылуына әкелетін барлық негізгі табиғи процестердің толықтай және қазіргі сипатын екі ірі геохимик-мұнайшылар Б. Тиссо және Д. Вельте жасады. Олар бұл тақырыпқа геохимиктер ретінде ғана емес сонымен бірге геологтар ретінде де келеді. Сондықтан олар органикалық заттың құрылуын және аккумуициясын тек қана қарастырмайды, сонымен бірге оның керосинге, содан соң мұнай және газға айналу процесін зерттейді. Мұнай және газдың түзілуі, оларды зерттеу тәсілдерін қарастырады. Мұнайгаз түзілу процесін бастапқы сатыдағы биологиялық активтілік, температура, қысым сияқты факторлар бақылайды. Биогендік этап ішінде органикалық зат көптеген өзгеріске ұшырайды, ол өзгерістер оның құрамында, физика-химиялық қасиетінде де болады.

Түзілген заттың көп бөлігін калийде еритін қосылыстар құрады, сонымен қатар онда өте аз мөлшерде органикалық еріткіштерде ерімейтін кероген де болады.

Өткізілген эксперименттер, табиғи объектілерді зерттеу мәліметтері, сонымен қатар химиялық процестердің кинетикасының теориялық негізі мұнайгаз түзілуі процесінің кинетикасының математикалық моделін құруға мүмкіндік береді. Мұнда негізгі рольді үш фактор алады: алғашқы органикалық заттың құрамы, температура және уақыт. Бұл моделдің дұрыстығы әртүрлі табиғи мәліметтермен расталады. Мұнда көптеген кеңестiк және шетелдік ғалымдардың көзқарастары бірігеді.

Жиырма жылға жуық уақыт ішінде көптеген әлемдік мұнай, газ, геологиялық конгрестерде мұнайдың органикалық емес шығуы туралы ойлар талқыланды. Сонымен қатар органикалық геохимия бойынша алты конгресс өткізілді. Фундаментальды ғылымдардың жетістігі және іздеу жұмыстарын кеңейту негізінде бұл теория өте үлкен негіздемеге ие болуда. Ол қазіргі кездегі әлемдегі белгілі болған 35000 мұнай және газ кен орындарының пайда болуын ғана емес, сонымен бірге теңіздердің, мұхиттардың, вулкандардың геологиясын зерттеуден алынған көп қырлы геологиялы-геохимиялық мәліметті де түсіндіреді, ол сонымен бірге ғаламшалар (планеталар), каметалар, жұлдыздар, т. б. ғарыш денелері туралы барлық информацияны ғана емес, сонымен бірге мұнай және газды іздеу тәжірибесін де қаруландыруы қажет.

  1. Мұнай және газ өндірісінің одан әрі дамуының негізгі мәселелері

Қазақстан табиғи және энергетикалық ресурстарға өте бай. Біздің елдің территориясында бізді мұнайлы елдердің бірінші ондығына шығаратын мұнай және газ кен орындары бар.

Қазақстанда сонымен бірге көмірдің, алтынның, басқа да шикiзаттардың ірі қорлары бар. Бізде күннің және желдің энергиясын қолдану жоғары. Осыған қарамастан көптеген жылдар ішінде біз өзіміздің ішкі сұранысымызды қамтамасыз ете алмай отырмыз. Бұл кеңес дәуiрiнде кезеңінде құрылған тарату жүйесінің және біздегі қажет инфрақұрылымның әсерінен болуда.

Энергетикалық ресурстарды пайдалану стратегиясына келесі элементтер кіреді:

1) Мықты әлемдік технологияны және ірі көлемдегі қаржы тарту үшін басты әлемдік мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді келісімге отыру. Ірі келісім шарттардың бірқатарына қол қойылды, басқалары дайындық сатысында;

2) Мұнай және газды экспорттау үшін құбыр өткізгіштер жүйесін құру. Мұнайды өндіру және тасымалдау саласында келесі өзгерістер күтілуде, атап айтқанда, ТШО мұнайды Ақтау портына тасымалдау мақсатында Тенгиз - Ақтау құбыр өткізгішінің жобасы құрылды;

3) Отындық ресурстарды пайдалану бойынша стратегия әлемнің ірі елдерінің назарын Қазақстанға аударуға және оның әлемдік отын жеткізушісі ретіндегі роліне бағытталған. Мұнай газ өнер кәсібінің дамуына инвестиция салатын елдер мен компаниялар қатарына АҚШ, Ресей, Қытай, Жапония, Батыс Европа мемлекеттерін кіргізуге болады. Бұл елдердің экономикалық қызығушылықтары тәуелсіз және Егемен Қазақстанның дамуына әсер етеді;

4) Шетелдік инвестиция тарту арқылы ішкі энергетикалық инфрақұрылымның құрылуына және дамуына, әртүрлі мәселелерді шешуге болады;

5 ) Стратегия бұл ресурстардан түсетін болашақтағы пайданы тиімді падалануды талап етеді. Болашақта стратегиялық ресурстарға қатаң бақылау қажет. Қазақстан мұнайшылары алдында кен орындарын өңдеудің тиімді жүйесін қолдану, бұрғылау жұмыстардың технологиясын жетілдіру, олардың технологиялық қамтылуын жақсарту, қабаттың қазіргі кездегі тәсілдерді енгізу, жетiстiктi технологиялық процестерді қолдану есебіне мұнайды өндірудің тиімділігін арттыру мәселесі тұр. Тасымал шығындарын қысқарту мақсатында мұнай өнімдерi өндірісін тиімді орналастыру бойынша жұмыстарды жалғастыру. Еңбек өнімділігін 9-11% жоғарылату. Газды өндіруді жоғарылату және ілеспе мұнайлы газды өндіру.

Мұнай қабатына әсер етудің жаңа тәсілдерін қолдануды кеңейту және осының есебінен мұнайды алуды көбейту. Автоматтандырылған өндірісте мұнайды өндірудің меншікті салмағын 80-90% дейін жеткізу, бір ұңғыға қызмет көрсетуге кететін еңбек шығындарын 15-20% төмендету. Әрбір жыл өткен сайын шикізат ретіндегі мұнайдың мағынасы жоғарылауда. Мұнай кеніштері және оның қорлары шексіз болғандықтан мұнай кен орындарын игеру жүйесін жетілдіруге бағытталған шаралар жүргізіледі.

Қойылған тапсырмаларға «Өзенмұнайгаз» ААҚ байланысты жұмыстың келесі бағыттарына бақылау жүргізіледі:

а) ұңғылардың, әсіресе жоғары дебиттілердің тоқтап қалуының алдын алу;

б) геологиялық-техникалық шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;

в) ұңғылардың және өндірістегі обьектілердің сенімді электрқамтылуын қамтамасыз ету;

г) ЖАЗ әсері арқылы түптік аймақтарды термоөндіру;

д) ұңғылардың ағымдық жөндеу аралық кезеңін көбейту;

е) сұйықты таңдауды интенсификациялау.

1. 3 Мұнайгаз өндірісінің экономикалық тиімділігін бағалау

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маңғыстау мұнай-газ кешенінің даму кезеңдері.Қазақстан мұнай-газ кешенінің келешектегі болжамы
Қазақстанның мұнай-газ потенциалы
Қазақстанның мұнай және газ өнеркәсібіне жалпы сипаттама
Төменгі карбон жыныс қабатының максималды анықталғаны қалыңдығы 308 метр
Жаңажол кен орны жайында
Құмкөл кен орнының игеру тарихы
Октябрьск мұнай кен орны
Мұнай ілеспе газын алу
Газдандыру және магистралды және таратушы газ құбырларының техникалық жайкүйi
Мұнай және газдың технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz