Өнімді шығару мен өткізу шығындарын басқару және жоспарлау


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 7
1. КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК ӨНІМДІ ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Өнімді шығару мен өткізу шығындарының мәні және жіктелуі . . . 8
1. 2 Өнімнің өзіндік құнының құрамы мен құрылымы . . . 14
1. 3 Кәсіпорынның рентабельділігі және оның көрсеткіштерін анықтау . . . 27
2. ЖК «ДИЗАЙН МЕБЕЛЬДІҢ» ҚАРЖЫЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ БОЙЫНША ШЫҒЫНДАРЫНА ТАЛДАУ
2. 1 ЖК «Дизайн мебельдің» техникалық-экономикалық жағдайына
талдау . . . 38
2. 2 Өнімді шығаруға және өткізуге кеткен шығындарды талдау . . . 46
2. 3 Шығындар негізі бойынша табыстың оптималды көлемін анықтау . . . 55
3. КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК ӨНІМДІ ШЫҒАРУДА ОРЫН АЛҒАН МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
3. 1 Өнімді шығаруда болатын кедергілер мен мәселелер . . . 61
3. 2 Өнімді өткізуден көп табыс алу жолдары . . . 66
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 72
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 74
ҚОСЫМШАЛАР . . . 76
КІРІСПЕ
Нарықтық экономикаға көшу кезінде кәсіпорындардың экономикалық және құқықтық жауапкершіліктері артады, сөйтіп шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық тұрақтылығы мен бәсекелестік қабілеттілігінің жоғары болуының маңыздылығына зор көңіл бөлінеді. Сондықтан кәсіпорындардың негізгі мақсаты - пайданы максимизациялау, өндірістің тиімділігін көтеру, өзін-өзі қаржыландыру және өзін-өзі өтеуді қамтамыз ету болып табылады. Өнімді шығару және өткізу шығындарын аса тиімді басқарағашынша жоғарыдағы көрсетілген мақсаттарға жету мүмкін емес.
Соңғы жылдары шикізат, материал, отын, энергияның қымбаттауына, несие проценттерінің жоғары болуы, жарнама, маркетингтік шығындардың өсуіне байланысты өндірістік шығындардың өсуі байқалды.
Нарықтық жағдай өнімді шығару және өткізу шығындарын басқаруды жетілдіру, экономикамыздың ерекшеліктерін ескере отырып шетел тәжірибесін қолдануды, халықаралық стандарттарға жақындауды талап етеді. Сөйтіп кәсіпорындар бәсекелестікке төтеп береді және пайданы молайту, шығындарды төмендету арқылы рентабельді жұмыс істеуді қамтамасыз етеді.
Өнімнің өзіндік құны - өндіріс процесі кезінде қолданылатын табиғи ресурстар, шикізат, материалдар, отын, энергия, негізгі қорлар, еңбек ресурстары, басқа да өнімді шығару мен өткізу шығындарының ақшалай көрсеткіші болып табылады. Олардың орны өнімді өткізуден түскен қаржылардың есебінен өндірістің әр циклінде толтырылып тұрады.
Берілген дипломдық жұмыстың мақсаты теориялық және тәжиребелік материалдар негізінде, сонымен қатар құжаттарды талдаудың негізінде, кәсіпкерлік қызмет ортасында нарықтық өзгеруде өнімді шығару және өткізу шығындарының экономикалық мәні, ЖК «Дизайн мебельдің» шығындарын талдау механизмі, сонымен қатар кәсіпкердің табысын жоғарлату бағыты мен шығындарды азайту жолдары қарастырылған.
1. КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК ӨНІМДІ ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Өнімді шығару мен өткізу шығындарының мәні және жіктелуі
Кәсіпорын өндіріс процесінде экономикалық мазмұны мен мәні, мақсатына байланысты әр түрлі шығындарды жұмсайды. Олар өнімді шығару, өткізу шығындары, өндірісті жетілдіру мен кеңейтуге байланысты болатын шығындар, жұмысшылардың әр түрлі әлеуметтік-экономикалық қажеттеліктерін қанағаттандыруға қарастырылған шығындар және тағы басқалары. Өнімді шығару, өткізу шығындары өнімнің өзіндік құнының формасын қабылдайды.
Шығындар дегеніміз - өнімді шығару, өткізу шығындарының, сауда делдалдарының қызметтеріне байланысты шығындардың, басқа да өндірістік емес іс-әрекеттерді қаржыландыруға байланысты болатын шығындар жиынтығының ақшалай формадағы көрінісі.
Жоспарлау, есеп жүргізу және калькуляциялау мақсатында шығындар келесідей түрде жіктеледі:
- өндіріс түрі бойынша - негізгі және қосалқы;
- өнім түрі бойынша - бөлек бұйымдар, біртекті бұйымдардың тобы, тапсырыс, қайта жасалған өнім, жұмыс, қызмет;
- шығындардың пайда болу орнына байланысты - бөлімдегі, өндірістегі, цехтағы, шаруашылық есеп беру бөлімшесі;
- құрамы мен экономикалық мазмұны бойынша - шығындар баптары мен шығындар элементтері;
- өнімнің өзіндік құнына шығындарды жатқызу әдістері бойынша - тікелей және жанама;
- өндіріске қатысу дәрежесіне байланысты - негізгі және үстеме;
- өндіріс көлемінің өзгеруіне қатысты тәуелділігіне байланысты - пропорционалды және пропорционалды емес;
- өнімнің өзіндік құнына қарастыру уақытысына байланысты - ағымдағы шығындар, болашақ кезеңдердің шығындары және алдағы шығындар;
- шығындардың біртектілік дәрежесіне байланысты - элементтік және кешендік.
Тәжірибе жүзінде шығындарды мақсатты басқару оларды элементтер мен баптарға жіктеу арқылы жүргізіледі.
Шығындарды экономикалық элементтер арқылы топтастыру барлық шығарылған өнім түрлеріне смета құру үшін, өзіндік құнның төмендеуін жоспарлау үшін, шығындардың құрылымын анықтау үшін, айналыс құралдарын мөлшерлеу үшін қолданылады. Мұның тағы бір негізгі ерекшелігі - шығындардың пайда болу орны есепке алынбайды және шығындар экономикалық мазмұны бойынша түрлерге бөлінеді.
Өнеркәсіптің барлық салаларында өнімді шығару, өткізу шығындары келесідей экономикалық элементтерге бөлінеді:
- материалдық шығындар;
- еңбекақы шығындары;
- сақтандыру шығындар;
- негізгі қорлардың тозу құнын есептеу шығындары;
- басқа шығындар;
Өндірілген өнімнің бір данасына кеткен шығындарды есептеу барысында экономикалық элементтер бойынша топталған шығындар қолданылағашды. Өйткені көптеген шығындарды өнімнің түрлеріне жатқызу мүмкін емес. Өнімнің бір данасына кететін шығындарды есепету барысында шығындарды баптар бойынша топтастыру қолданылады. Шығындарды баптар бойынша топтастыру кезінде шығындардың пайда болу орны мен мақсатты жұмсалуына байланысты түрлерге бөлу қолданылады. Мұндай топтастыру өнімнің әр түріне бөлек өзіндік құнды есептеу барысында қолданылады. Сол сияқты, ол өндірістің цехтары мен бөлімдерінде пайда болатын шығындарға есеп жүргізу және жоспарлау кезінде пайдаланылады.
Өнімді шығару, өткізу шығындарының баптары, олардың құрамы ме құрылымы, есептеу тәсілдері мен әдістері өндіріс түрлеріне байланысты әр салада әр түрлі есептелінеді. Шығындарды жоспарлау және калькуляциялау кезінде өнімнің пайда болған саласында қолданылатын әдістемелік нұсқаулар арқылы шығындарды анықтайды. Бухгалтерлік есеп стандартына сай өнімді шығару, өткізу шығындарын баптар бойынша топтастырылған кезде олар төменде көрсетілген элементтерге бөлінеді:
- Материалдар.
- Еңбекақы.
- Сақтандыру төлемдері.
- Үстеме шығындары.
- “Материалдар” шығындар бабында мыналар көрсетіледі:
- шығарылған өнімнің құрамына кіретін негізгі материалдар. Олар өнімді шығару кезінде ең қажетті элементтердің бірі болып табылады. Бұл шығындар бабына тасымалдау шығындары да кіргізіледі;
- өнімді шығаруге қажетті саиып алынатын материалдар. Бұл материалдар қолайлы технологиялық процесті қамтамасыз ету мен өнімді сақтау үшін, шаруашылық және өндірістік қажеттеліктерді қарастыру мақсатында қолданылады (құралдарға және негізгі қорға кірмейтін басқа да еңбек құралдарына жіктемелер, бақылау жүргізу, жөндеу) .
- табиғи шикізат (шаруашылық су жүйесін қолдануға байланысты төлемдер, табиғи шикізат ресурстарын барлауға, қорғауға, пайдалануды ұйымдастыруға қажетті мамандандырылған ұйымдарға төлейтін төлемдер), мамандандырылған ұйымдар тарапынан жүргізілетін жерді қайта өңдеу шығындары;
- жартылай дайын өнім, өнімді шығаруге байланысты қосымша жұмыстар құрастыру;
- орталық қоймаға дейін қорларды жеткізуге байланысты басқа тұлғалардың атқаратын тасымалдау қызметтері (шикізаттарды, материалдарды, жартылай дайын өнімді қоймаға жеткізуге байланысты шығындар) .
- технологиялық мақсатта жұмсалатын отын. Ол кәсіпорынның ішінде өндірілуі немесе сырттан алып келінуі де мүмкін.
Өнімнің өзіндік құнына кіретін материалдық шығындарының қатарынан қайтарылмалы қалдықтардың құны алынып тасталынады. Қайтарылмалы қалдықтар дегеніміз - шикізат пен материалдардың дайын өнімге айналу барысында пайда болатын материалдар мен шикізаттардың қалдықтары болып табылады. Олар өздерінің тұтынушылық қасиетін физикалық және химиялық, жартылай немесе толық түрде жоғалтады.
2. “Еңбекақы” шығындар бабында негізгі өндірісте жұмыс істейтін жұмысшыларға төленетін еңбекақы, белгілі бір өндірістік нәтижелерге жетуіне байланысты сыйлықтар, ынталандырушы және орнын толтыру төлемдері кіреді. Сол сияқты, бұл бапқа бағалардың көтерілуіне байланысты және табыстың индекстелуіне сәйкес оның орнын толтыру шығындары, бала көтеруіне байланысты әйелдерге берілетін төлемдер, негізгі өндірісте жұмыс істейтін, бірақ кісәпорынның жұмысшылар штатынан тыс тұлғалардың еңбекақысын төлеуге байланысты шығындар кіреді.
Еңбекақы шығындарына мыналар кіреді:
- нақты жұмсалған жұмыстар үшін еңбекақы төлемдері. Ол субъектінің еңбекақыны төлеу жүйесін таңдауына байланысты тарифтік мөлшерлеме немесе қызметкерлік айлық түрінде төленуі мүмкін;
- ынталандыру сипатындағы төлемдер: өндірістік нәтижелер бойынша сыйлықтар, жыл соңындағы өндірістік жетістіктерге байланысты берілетін сыйақылар, тарифтік мөлшерлемеге қосылатын ақшалай қаражаттар;
- жұмыс тәртібіне және еңбек жағдайларына байланысты орын толтыру шығындары: түнгі уақытта жұмыс істегені үшін, қосымша жұмыс, көп сменалық жұмыс, бірнеше кәсіп түрімен айналысқаны үшін, қызмет көрсету көлемін кеңейткені және денсаулыққа зиян еңбек орнында жұмыс істегені үшін төлем түрінде беріледі;
- заңдарда қарастырылған жұмыс істемейтін күндерге берілетін төлемдер;
- демалыс күндеріне және демалысты қолданбаған күндерге жұмысшыларға берілетін төлемдер;
- заңдарға сәйкес, бір ұйымда көп жыл істеген жұмысшыларға төленетін төлемдер;
- еңбек қабілеттігін уақытша жоғалтқан жұмысшыларға төленетін төлемдер.
3. “Сақтандыру” төлемдері бабына заңдарға сәйкес зейнетақы қорына және әлеуметтік сақтандыруға төленетін төлемдер кіреді.
4. “Үстеме” шығындары - өндірісті басқаруға және өндіріске қызмет көрсетуге байланысты шығындардың жиынтығы болып табылады. Әр цехтың шығындары сол цехта өндірілген өнімнің өзіндік құнына қосылады. Бұл шығындардың жалпы сипаттамалары:
- олар кешендік сипатта болады, яғни бұл бап шығындардың экономикалық элементтерінің барлық жиынтығынан тұрады;
- екі немесе одан да көп өнімді шығару барсында бұл шығындар тікелей өнімнің құнына кірмейді, ол дайын өнім мен аяқталмаған өндіріс құнына жанама түрде енгізіледі.
Жоғарыда аталған шығындар баптарының жиынтығы өнімді шығару, өткізу шығындарының толық өзіндік құнын құрайды.
Жеке өндірілген өнім түрлерінің өзіндік құнға жатқызу тәсіліне байланысты тікелей және жанама болып бөлінеді.
Тікелей шығындар дегеніміз - жеке өнімдер түрін өндірген кезде өндірілген өнімнің өзіндік құнына бөгетсіз, тікелей жатқызылатын шығындар. Мысалы, шикізаттар мен негізгі материалдар, тағы сол сияқтылар.
Жанама шығындар - жеке бір өнімнің шығындарына жатқызылағашды, өйткені олар кәсіпорынның жалпы іс-әрекетімен байланысты болады. Барлық өндірілген өнім арасында шартты түрде пропорционалды бөлінеді. Мысалы, негізгі өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы.
Өндіріс процесіне қатысу дәрежесіне байланысты шығындар негізгі және үстеме болып бөлінеді. Негізгі шығындар өндіріс процесімен тікелей байланысты, ал үстеме шығындар өндірісті басқарумен байланысты.
Өндіріс көлемінің өзгеруіне қатысты тәуелділігіне байланысты шығындар пропорционалды және пропорционалды емес болып бөлінеді.
Пропорционалды шығындар қатарына өндіріс көлемінің ұлғаюына байланысты өсетін шығындарды жатқызамыз. Мысалы, шикізат, негізгі материалдар, отын шығындары технологиялық мақсатта қолданылатын энергия, тағы басқа да шығындар.
Пропорционалды емес шығындар өндіріс көлемі азайған немесе көбейген кезде айтарлықтай өзгермейтін шығындар. Мысалы, жарықтандыру, отын шығындары, құрылыстар мен ғимараттардың тозу құны т. б.
Шығынға жатқызылу уақытысына байланысты ағымдағы, болашақ кезеңнің шығындары және алдағы шығындар.
Ағымдағы шығындар дегеніміз - есептік кезенде пайда болатын және сол есептік кезеңде өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындар. Болашақ кезеңнің шығындары есептік кезеңде пайда болады, бірақ өндірілген өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындар. Болашақ кезеңнің шығындары есептік кезеңде пайда болады, бірақ өндірілген өнімнің өзіндік құнына біртіндеп келесі кезеңдерде жатқызылады. Алдағы кезеңнің шығындары өндірілген өнімнің ағымдағы шығындарына жатқызылады, бірақ сол шығындардың өздері кейінірек пайда болады. Мұндай әдістің негізгі себебі шығындарды өзіндік құнға бірқалыпты жіберу болып табылады. Мысалы, жұмысшылардың демалыстарын төлеуге арналған резервтер, құрылғыларға жөндеу жүргізу байланысты резервтер, тағы басқалары.
Шығындардың біртектілік дәрежесіне байланысты элементтік және кешендік болып бөлінеді.
Кешендік шығындар дегеніміз - көп элементті баптардан тұратын шығындарды айтамыз. Мұнда өндірістік, шаруашылық, коммерциялық және басқа да шығындар қамтылады. Шығындарды осындай тәсілмен бөлу өнімнің жаңа түрлерінің өзіндік құнын есептеу кезінде пайдаланылады.
1. 2 Өнімнің өзіндік құнының құрамы мен құрылымы
Өнімнің өзіндік құнына кіретін өнімді (жұмысты, қызметті) шығару, өткізу шығындарының құрамы, өндіріс процесінде пайдаланылған табиғи ресурстардың, материалдардың, отынның, энергияның, негізігі қорлардың, еңбек ресурстарының және тағы басқа өнімді шығару мен өткізу шығындар жиынтығының ақшалай көрінісі болып табылады. Бұл шығындар өндірістік өзіндік құнды қалыптастырады, яғни олар өндіріс өнімнің толық өзіндік құны құрайды.
Өнімнің өзіндік құнына мыналар кіреді:
- өндірісті меңгеруге және дайындауға байланысты шығындар;
- өнімді шығаруге байланысты тікелей шығындар;
- еңбекақыны төлеуге байланысты шығындар;
- табиғи шикізатты пайдалануға байланысты шығындар;
- өнім сапасын арттырумен, технологияны жетілдірумен және өндірісті ұйымдастырумен байланысты жинақтық сипаттағы шығындар;
- өндіріс процесіне қызмет көрсетуге (ағымдағы, орта және қаржылық жөндеу) байланысты шығындар;
- техника қауіпсіздігін және қалыпты еңбек жағдайын қамтамасыз етуге байланысты шығындар;
- еңбек күшін жинауға және ұйымдастыруға кеткен шығындар;
- табиғи қорын пайдалануға және қалпында ұстауға байланысты шығындар;
- мамандарды даярлау мен қайта даярлау шығындары;
- жұмысшыларды тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін алып баруға байланысты тасымалдау шығындары;
- еңбек туралы заңдарға сәйкес төлемдер;
- сақтандыруға арналған төлемдер;
- кәсіпорынның мүліктерін, жұмысшылардың өмірін сақтандыруға байланысты төлемдер;
- қысқа мерзімді банк несиелері бойынша өсімді төлеу;
- кепілдемелік қызмет көрсету шығындары;
- өнімді өткізу (қаптау, сақтау, тасымалдау) шығындары;
- материалдық және материалдық емес активтер бойынша тозу құны;
- ақаулар бойынша шығындар.
Бұл шығындардың көлемі өнімді шығаруге қажетті ресурстардың бағасына, оларды пайдалану технологиясына тәуелді. Өндіріс ресурстарының бағасы кәсіпорынның іс-әрекетіне байланысты емес. Ол нарықта қалыптасқан сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде анықталады. Осылайша, өндіріс шығындары құрылуының технологиялық тұрғылары кәсіпорын үшін өте маңызды болып келеді. Ол бір жағынан тартылған ресурстардың санын, ал екінші жағынан сапалық қасиеттерін есепке алады. Кәсіпорын тек технологиялық жағынан да тиімді әдістерді анықтап қолдануға тырысады.
Пайда болу орнына байланысты кәсіпорын шығындары цехтық, өндірістік және толық өзіндік құн болып бөлінеді.
Цехтық өзіндік құн - цехтық өнімді шығаруге байланысты барлық шығындардың жиынтығы болып табылады.
Өндірістік өзіндік құн - өндірістік және басқару шығындарының (кәсіпорынды басқаратын менеджерлердің жалақысы) жиынтығы болып табылады. Мұнда өндірістік емес шығындар да қарастырылады (материалдық құндылықтардың құртылуы, ақаулардан жоғалту) .
Толық өзіндік құн өнімді шығару мен өткізу шығындарынан тұрады немесе өндірістік өзіндік құн мен өндірістен тыс шығындардан тұрады (басқа жақтан сатып алынған ыдыстың құны, өнімді өткізумен айналысатын ұйымдарға келісім-шарт бойынша төлемдер) .
Мақсатына байланысты (жоспарлау, талдау, басқару т. с. с. ) өзіндік құнның келесі түрлері анықталады: жалпы өзіндік құн, тауардың немесе өткізілген өнімнің өзіндік құны салыстырмалы өнімнің өзіндік құны, өнімнің бір данасының өзіндік құны т. с. с. Өзіндік құн жоспарлы, есептік және нақты болып бөлінеді.
Жоспарлық өзіндік құн шығындардың максималды рұқсат етілетін көлемін көрсетеді. Мұнда тек техника мен өндірісті ұйымдастырудың белгілі бір деңгейіне тән кәсіпорынға қажетті шығындарды қарастырады. Жоспарлық өзіндік құнды есептеу кезінде еңбек шығындарының, материал, энергия шығындарының және негізгі капиталдың белсенді бөлігін пайдаланудағы прогрессивті жоспарлар нормасы қолданылады.
Есептік өзіндік құн өндіріске ғылыми-техникалық жаңалықты енгізу барысындағы техникалық және экономикалық есептеулер жүргізу қолданылады.
Нақты өзіндік құн өнімді шығару мен өткізу шығындарының нақты сомасын көрсетеді. Өндіріс процесі жақсы дамыған кәсіпорындарда ағымдағы өзіндік құн жоспарлы өзіндік құннан төмен болуы керек. Материалдық және еңбек шығындарының негізгі капиталын тиімді пайдалану үшін экономика тәртібі құрылады. Есептік өзіндік құн жоспарлы өзіндік құннан жоғары болуы кәсіпорын жұмысының нашарлауы кезінде байқалады.
Жоғары айтылғандарды есепке ала отырып шығындарды өзіндік құнға жатқызудың келесідей негізгі қағидаларын атап шығуға болады.
Экономиканың барлық салаларындағы өзіндік құнды есептеу және өзіндік құнның құрамын анықтау әдісі өнімді шығару мен өткізу шығындарының құрамы атты ереженің әдістемелік нұсқауларына сай жүргізілуі керек. Егер де бұл әдістер басқа ведомствалық нормативтік актілерге қайшы келсе, онда бұл әдістер шығындар құрамы туралы ережеге сай жүргізілуі тиіс.
Шығындардың өндірістік мақсатта бағытталуы. Бұл қағиданың барлық маңыздылығын біле отырып, көптеген кәсіпорындар әлеуметтік, мәдени шаралардың шығындарын өнімді шығару шығындарына аударады.
Шығындардың өндіріс іс-әрекетіне тиістілігі. Бұл қағида бойынша, өндірістің барлық шығындары кәсіпорын мүддесіне жасалуы тиіс. Егер де кәсіпорын өндірістік сипатта шығын жасаса, бірақ бұл шығын басқа мекемеге тән болса, онда бұл шығындарды осы кәсіпорынның өзіндік құнына жатқызу тиіс емес.
Салық салу мақсатында шығындарға түзетулер енгізу.
Шығындар ағымдағы және ұзақ мерзімді деп бөлінеді. Мұндай бөлу өнімнің өзіндік құнын анықтаудағы алғы шарттардың бірі болып табылады.
Шығындарды өзіндік құнға жатқызудың төлем факторінен тәуелсіздігі. Бұл қағидаға сәйкес, өткізілген өнім үшін келген төлемнің түсу уақытысына қарамастан, өнімді шығару мен өткізу шығындарын өзіндік құнға пайда болған уақытында жатқызу керек.
Басқаша айтқанда, өнімнің өзіндік құнын есептеген кезде төлем факторына қарағанда тауар факторының маңызы зор.
Шығындарды құжаттау қағидасы. Өнімнің өзіндік құнына шығындарды жатқызу құжатсыз немесе дұрыс толтырылмаған құжаттар бойынша жүргізілмейді.
Өнімнің өзіндік құнына тек ережеде көрсетілген шығындар ғана жатқызылады.
Өнімді шығару мен өткізу шығындарын басқару және жоспарлау. Кәсіпорын үлкен жетістіктерге жету үшін өнімді шығару мен өткізу шығындарын басқару керек. Бұл кәсіпорын үшін ең күрделі және аумақты процесс. Өнімді шығару мен өткізу шығындарын басқару ол барлық өндірістік процестерді қамтиды. Яғни, өнімді шығару мен өткізу шығындарын басқару кәсіпорынды басқарудың маңызды бір элементі болып табылады.
Өнімнің өзіндік құнын басқару дегеніміз - барлық өндіріс пен өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнын қалыптастыру, өнімнің өзіндік құнын төмендету тәсілдерін бақылау және оның төмендету жолдарын анықтау.
Өнімнің өзіндік құнын басқарудың негізгі элементтері мыналар:
· болжау, жоспарлау, шығындарды мөлшерлеу, калькуляциялау, есеп беру, талдау, бақылау
Өнімнің өзіндік құнын басқару элементтері және олардың өзара байланысы - кәсіпорында өндірілетін барлық өнімнің өзіндік құнын анықтау барысында өндіріс шығындарының сметасы құрастырылады. Ол арқылы өндіріс шығындарының экономикалық элементтері бойынша барлық өндіріс шығындарының жиынтығы анықтауға болады. Өндіріс шығындарының сметасында өнімді шығару мен өткізуге қажетті негізгі және көмекші өндірістің барлық шығындары кіргізіледі. Бұл сметаға кәсіпорындардағы тауарлы немесе жалпы өнімнің құрамына кірмейтін өз кәсіпорнына немесе басқа да кәсіпорындарға көрсететін өндірістік емес сипаттағы қызметтердің (құрылыс, күрделі жөндеу, т. с. с. ) шығындары да жатқызылады.
өнімнің жеке түрлері бойынша өзіндік құн калькуляциялау арқылы анықталады. Калькуляцияның келесідей түрлері бар: жоспарлы, жобалық-сметалық, есептік.
Жоспарлы калькуляциялау - бір дана өнімді шығару үшін кететін шығындарды баптар бойынша есептеу. Ол өнімнің барлық түрлеріне есептелінеді. Есептеу барысында еңбек және өндіріс құралдары шығындарының прогрессивті мөлшерлері қолданылады. Бұл мөлшерлер өндірісті басқару тәжірибесінде өндіріс шығындарының төмендету жолдарын және өзіндік құнды төмендету арқылы пайданы молайту тәсілдерін анықтау мақсатындағы салыстыру эталоны ретінде қолданылады.
Жобалық-сметалық калькуляциялау өнімнің қайтадан игерілетін түрлеріне немесе жоспарда қарастырылған өнімнің өзіндік құнын есептеу кезінде пайдаланылады.
Есептік калькуляциялау кәсіпорынның бухгалтерлік қызметтері арқылы құрастырылады. Ол шығындардың нақты деңгейін көрсетеді. Есептік калькуляциялау есептік жылдағы мәліметтерді жоспарлы жылмен салыстыру үшін, өндірістегі әр түрлі ресурстардың тиімді пайдалануына қаржылық бақылау жасау үшін қолданылады.
Шығындар баптарының құрамы мен құрылымы өндірістің салалық ерекшеліктеріне және қолданылатын бухгалтерлік есептердің әдістеріне сәйкес жасалады.
Калькуляциялау кезінде өнімнің шығындары өнімнің стандартты немесе техникалық жағдайына сәйкес бірлікпен анықталады. Ол өнімнің натуралды түріндегі мөлшерін анықтау үшін қолданылады. (т, кг, см, т. с. с. )
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz