Қонақтарға шектеулі қызмет ұсынатын кәсіпорын


КІРІСПЕ
1 ТАРАУ ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
- Қонақжайлық индустриясына жалпы сипаттама
- Қонақжайлық индустриясы дамуының қазіргі тенденциялары
- Мейрамхананың жіктелуі
2 ТАРАУ «АЛМАТЫ» ҚОНАҚ ҮЙІНІҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛДАУ
2. 1 «Алматы» қонақ үйінің шаруашылық жағдайына сипаттама
2. 2 «Алматы» қонақ үйінің экономикалық көрсеткіштеріне талдау
2. 3 «Алматы» қонақ үйіндегі қызметтерге жалпы сипаттама
3 ТАРАУ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ МЕЙРАМХАНА БИЗНЕСІНІҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
3. 1 Қазақстандағы туризмнің мейрамхана бизнесіне тигізетін ықпалы
3. 2 Алматы қаласындағы мейрамхана бизнесінің болашағы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
Қоғамның әлекметтік-экономикалық дамуындағы туризмнің мағыналығы келесі мәліметтермен сипатталады: ішкі және халықаралық туризмнің шығына әлемдік валдық ұлттық өнімнің 12% құрайды, жер шарының тұрғындарының үштен бір бөлігі қатысатын, жылда 1, 5 млрд. астам ішкі және халықаралық сапарлар тіркеледі; халықаралық туризм үлесін жылына жалпы әлемдік экспорттың 7% және әлемдік сауда қызметінің 25-30% құрайды; халықаралық туризмнің жыл сайынғы өсімі 4% құрайды, ал болашақта ол әлемдегі алдынғы қатарлы экспорт саласына айналады.
Туризм индустриясы тікелей кіріс әкеледі, бірақ туризмге кететін шығындар экономиканың көп деңгейін төмендетеді. Тек тікелей емес, сонымен қатар қосымша бос жұмыс орнын құрады, шетел валютасындағы түсім мен мемлекеттік бюджетті толтыруды қамтамасыз етеді, шағын және орта бизнеске көмек көрсетеді, сауда немесе өнеркәсіптік базадан басқа еш өнеркәсіптер орналаспаған аймақтардың экономикалық дамуына әсер ететін тауар және қызметтерді тұтыну нарығын кеңейтеді.
Қазақстанда туризм жүйесінде 1996 жылы 430 жекеменшік туристік компаниялар мен фирмалар жұмыс жасаған. Олардың қызметтерінің көлемі 3, 0 млрд. тенгені құраған. Қазақстанның шекарасына тыс шығу үшін 600 мың туристке жолдама сатылған, ол 2 млрд. тенгені құраған. Сыртан қабылданған туристтер саны 150 мың, қызмет көлемі 1, 0 млрд. тенге болған. Яғни, валюталық ресурсттарды сырқа шығару 130, 0 млн. АҚШ долларын құраған. Ол туризм инфрақұрылымының даму деңгейінің төменділігімен, республикалық объектілердің қонақ күтуге дайын еместігі және олар жайлы ақпараттардың жоқтығымен түсіндіріледі.
Сырттан келу туризмінің мезгілділігі: сырттан келу туризмі сәуір және қазан айлары аралығында белсендірек. Сонымен, жылдың 2 және 3 кварталдарына сырттан келу туризмінің жалпы ағынының 75% келеді.
Қазақстан Республикасында туристтерді орналастырудың 415 объектілері бар: олардың санаториялар - 42, санатория-профилакториялар - 15, профилакториялар - 12, демалыс үйлері - 30, туристтік базалар - 24, сауықтыру лагерлері - 13, қонақжайлы үйлер - 19, аңшылық үйлер - 15, демалыс зоналары - 32, қонақ үйлер саны - 213. Қонақ үйлердің көбі (195) Астана, Алматы қалаларында, Қарағанды, Шығыс және Оңтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан. Олардың 66% шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне жатқызылады(персонал саны 50 дейін), 29% - персонал саны 51-250 адам болып келетін орта кәсіпкелікке жатады, және тек 5% (9 қонақ үй) ғана персонал саны 250 адамнан асатын ірі ұйымдарға жатады.
Қонақ үйлердің жалпы санының 87% жеке меншікте, 9% коммуналды меншік еншісінде, 4% шетелдік қатысушылармен бірге білімді ұйымдар құрайды.
Маңызды қадам ретінде Қазақстанның Бүкіләлемдік Туризм Ұйымына енуін айтуға болады. БТҰның қарамағында Алматыда экотуризм бойынша халықаралық семинарлар өткен.
Мейрамхана бизнесі туризм индустриясынның маңызды орнын алады және АҚШ, Канада, Еуропа елдерінде көп табыс әкеледі. Туризмнің дамуымен Азия елдеріндегі мерамхана ісінің мүмкіндіктері кеңейеді.
Қонақжайлық - адамзат өркендеуіндегі қалыптасу түсініктерінің бірі. Көптеген елдерде әлі күнге дейін қонақты жақсы қарсы алу, ең жақсы тағамдарды ұсыну, егер қажет болса түнеуге орын беру дәстүрі бар.
Адамзат өркендеуінің дамуында белгілі бір себептерге байланысты алыс кеткен адамдарға қонақжайлық қызметін көрсету нақты индустрияға айналғанша адамдар санының көпшілігіне кәсіпке айналған.
Қонақ үй және мейрамхана кешені әлеуметтік сфераның маңызды элементі болып табылады, сонымен қатар халықтың өмірлік деңгейінің өсуіне сай қоғамдық өндірістің тиімділігінің жоғарлауында үлкен роль атқарады.
Жоғарыда айтылып кеткендерге байланысты Алматы қаласындағы мейрамхана бизнесі дамуының маңыздылығы жеткілікті үлкен, өйткені біздің қала ірі туристік орталық болып табылады және осында келген кезкелген туристтің қызметті, соның ішінде тамақтану қызметінде таңдауға құқығы бар. Бұл мейрамханалардың, олардың ұсынатын тағамдардың әртүрлігімен және баға мен қызмет көрсету сапалылығымен мәнерлену керек.
Жұмыстың мақсаты - Алматы қаласындағы мейрамхана бизнесінің сұрақтарын қарастыру. Осы сфера қызметінің даму мәселелері мен болашағын нарықтық қарым-қатынас жағдайында және маңыздылық көз қарасы бойынша қоғамдық тамақтану кәсіпорнының дамуын туризм индустриясының бөлінбейтін бөлігі ретінде қарастыру.
Қойылған мақсатты келесі жұмыс тапсырмалары нақтылайды:
- әлемдегі және Қазақстандағы тамақтану индустриясының құрылуының негізгі этаптарын оқып білу;
- мейрамхана ісі нарқындағы замани жағдайын анализдеу;
- қалада жұмыс істеп тұрған мейрамханаларға квалификация беру және олардың ұсынатын қызметтеріне зерттеу жүргізу;
- Алматы қаласындағы мейрамхана бизнесінің келешек дамуының мүмкіндіктері мен мәселелерін зерттеу;
Мейрамхана бизнесінің ұйымдастырушылық-экономикалық
механизмі, мейрамхана жұмысындағы туристтік өнімді құратын сервис сферасының кәсіпорны ретінде маркетинг пен менеджмент, олардың туристтерге қызмет көрсетумен айналысатын туристтік индустрияның басқа да кәсіпорындарымен өзара байланысы зерттеу құралы болып табылады.
Зерттеу объектілері ретінде Алматы қаласындағы туристік индустрияның кәсіпорындары, мейрамханалар, «Алматы» қонақ үйі таңдалған.
Отандық және шетелдік экономист-ғалымдардың басқару, маркетинг және менеджмент сұрақтары бойынша еңбектері, туристтік қызмет негізінің әлеуметтік-экономикалық концепциясы, мемлекеттік және аймақтық статистика материалдары, туристік фирма тізімінің алғашқы есебінің мәліметтері теориялық база және әдістемелік негіз болды. Зерттеу құралы ретінде жүйелік, затты-логикалық талдау, эксперттік бағалау әдістері, өлшеу теориясының, бастапқы ақпаратты статистикалық өңдеу элементтері қолданылды.
Зерттеу нәтижесінің ғылыми жаңалығы замани этаптағы Алматы қаласының мейрамхана бизнесінің даму болашағы мен мәселелерінің маңызды сұрақтары қарастырылғандығымен қорытындылады.
Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы басқарудың ұйымдастырушылық-экономикалық механизміне өтудегі мейрамхана қызметінің лицензиялау және сертификаттау, сапаны жақсарту бойынша нақты ұсыныстарымен сипатталады. Мейрамхана бизнесі сферасындағы нақтыланған және қосымша түсініктемелік аппарат осы саладағы қаржыгерлер мен болашақ менеджерлерді дайындау үшін, сондай-ақ туристік фирмалардың тәжірибелік қызметі үшін үлкен мәнге ие.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспе, үш бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыста төрт кестеден, екі сызбадан, бір диаграмма қолданылған.
І. Бөлім. Қонақжайлылық индустриясының даму тарихы
- Қонақжайлық индустриясына жалпы сипаттама
Қонақжайлылық индустриясын талдай отырып төмендегідей кезеңдерге, соның ішінде тарихи негізде адам қоғамының даму кезеңдерін қарастырамыз:
- Ежелгі ғасыр
- Орта ғасыр
- Жаңа дәуір
- Қазіргі ғасыр
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz